Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет41/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65

Әдебиеттер 

1.Цукерман    Г.А.  Инновации  в  мировой  педагогике.-Рига:  Эксперимент, 

2008. -187б.    

2. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жыл. 

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

3.Рысбекова А. Танымдық белсенділікті арттыру шаралары.-Алматы: Рауан, 

2007. - 245 б. 

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым 

«Назарбаев Зияткерлік мектебі » ДББҰ, 2012.- 36 б. 

 

 

Жәнібекова Тілеукеш Искаковна, директор, №6 «Күншуақ» бала бақша – 



бөбекжайы, Өскемен қаласы   

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫМЕН  СУБЪЕКТ  

ТРЕНИНГІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жалпы  психикалық  дамуы,  әлеуметтік 



ортаға  бейімделу  мүмкіндіктері,  мектептегі  оқуға  психологиялық  тұрғыдан  даяр 

болуы  олардың  қарым-қатынас  генезисі  бойынша  жасына  лайық  қарым-қатынас 

формасының қалыптасуымен тікелей байланысты болады.  

Сондықтан  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ересек  адаммен,  басқа 

балалармен  қарым-қатынас  формасының  жасына  сәйкес  параметрлерінің 

қалыптасып,  дамуы  мақсат-бағдарлы,  жедел  ұйымдастырылатын  коррекциялық-

дамытушы әдіс-құралдардың жүйесін қолдануды қажет етеді.  

Ал  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қарым-қатынас  формасын 

коммуникативті  іс-әрекеттің  тиімділігін  көрсететін  дағдылар.  Онда  қарым-

қатынасты  дамыту  үшін  әр  түрлі  тренингтік  сабақтар,  оның  құрылым 

компоненттері,  әдіс-тәсілдері  қарастырылды.  Алайда    тәжірибеде  қатаң  ескеруді 

керек  ететін,  тренингтік  сабақтарды  тиімді  ұйымдастырудағы  жекелей  мәселелер 

шешілуі қажет.  

Тренингтік  сабақтарды  ұйымдастырып  өткізудің  жалпы  шарттарын 

сақтаумен  қатар,  жас  ерекшелік  идеологиялық,  әлеуметтік  және  ұлттық 

ғылымдарының мәселеге қатысты негіздері мен өз тәжірибемізді саралай отырып 

мектеп жасына дейінгі қазақ балаларының қарым-қатынасын жетілдіруге арналған 

тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастырудың жағдайларын құрастырдық. Мұнда 

ең  алдымен  тренингтік  сабақтардың  басты  принциптеріне  сүйендік.  Өткізудің 

тәртіптері жасалды.  

-Тренингтік  сабақтардың  барысы  балалардың  бәсекелестік  емес,  жарыстық 

сипаттағы  ойындар  болуы  қатаң  ескерілді.  Бұл  әрбір  тапсырма,  ойын  топтың  іс-

әрекеттің  негізінде  балалардың  бір-бірінен  үйренуіне,  бірнеше  рет  көріп,  байқап, 

дағдылануына 

мүмкіндік 

береді. 


Сондықтан 

балалардың 

жарысудағы 

белсенділігін қолдап,қоштап отырдық. 

-  Әрбір  тренингтік  сабақтың  жағымды  эмоциялық  фонда  жүргізілуін 

қамтамасыз ету керек. Ол үшін балалардың қимыл-қозғалысына, жүріс-тұрысына 

еркіндік  беріледі,  оның  күлуі,  дауысын  қатты  шығарып,  белсенділік  танытуы 


349 

 

қалыпты  болып  саналады.  Ал,  керісінше,  дәстүрлі  оқыту  атрибуттары  орнынан 



тұрып сөйлеу, қозғалмай, тік отыру, дауысты қатты шығармау т. с. с. - тренингтік 

сабақтар үшін тиімсіз, адекватты емес болады. 

Адамның  жеке  басының  даму  заңдылықтары  өз  халқының 



құндылықтарына,  мәдениетіне  байланысты.  Ал  тренингтік  сабақтардың  барысы 

балалардың өзін-өзі тануын, білуін, адекватты бағалауын мақсат етеді. Тек сонда 

ғана  қарым-қатынасты  жетілдіру  мүмкін  болмақ.  Олай  болса  бұл  жағдайлар 

қиылысуынан  шыққан  тәртіп,  тренингте  балалардың  өз  мәдениетіне, 

құндылықтарына  орай  материалдарды  қолдану.  Осы  контексте  ұлттық  ойындар, 

ғасырлар  қойнауынан  аршып,  әкеле  жатқан  қазақ  ертегі,  аңыз-метафоралары 

тренингтің құрамына кіреді. 

Сонымен  қатар  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  тренингтік  сабақтарды 

ұйымдастырып,  өткізуде:  балалардың  тренингтік  тобын  құру  және  тренингтік 

сабақтарды  өткізу  жағдайларына;  Қарым-қатынасты  жетілдірудегі  тренингтік 

бағдарламаның,  сценарийлердің  мазмұнына;  Тренинг  жүргізуші  позицияларына 

басты назар аударылды. 

Бірінші аспект бойынша жасалатын шараларға тоқталайық. 

Тренингтік  сабақтар  балалардың  үйреншікті  іс-әрекет  аймағында 

(балабақша  тобында)  жүргізілді.  Сабақтар  бөлек,  әдейілеп  ыңғайластырылған 

бөлмеде  өтті.  Бөлменің  балалардың  еркін  қозғалуына,  ойнауына,  барлығының 

дөңгелене,  қысылмай  отыруына  және  бөлменің  осыдан  кейін  бір  жартысы  бос 

тұруына мүмкіндік болатындай етіп таңдалынып алынды.  

Әдістеме педагогқа ұсынылды. Педагог белгілі бір кесте бойынша баланың 

қарым-қатынас  жасау  ерекшеліктеріне  қатысты  сұрақтардың  ұсынылған 

жауаптарын таңбалап отырды. 

“Біз де” қазақ балаларының ежелден ойнайтын ойыны. Балалардың ақыл-ой 

лабильдігін, яғни үйренуге, дағдылануға қабілеті құрал болды. 

Педагог  балаларға  қарсы  қарап  отырып  бір  әңгіме  айта  бастайды.  Әңгіме 

желісі бойынша балалар қосылатын кез болса,  олар “біз де” деп қол көтереді. 

Балалардың қосылуы ыңғайсыз сәтке дәл келіп қалса, олардың ”біз де” деп 

қалуы  қате  болып  саналады.  Бұл  ойыннан  үзінді.  Сол  аралықта  үзінді  әрбір 

баланың  жіберген  қате  жауаптары  ескеріліп,  жоғары  лабильділік  үйренуге, 

дағдылануға  өте  қабілеттілік,  орта  лабильділік  төменгі  лабильділік  үйренуге, 

дағдылануға ниет қоймаушылық, қандай іс-әрекетте де болымсыз ғана жетістікке 

ие болу деңгейлері тағайындалды. 

1-блок  балалардың  коммуникативтілік  дағдылары  мен  біліктерін  дамытуға, 

өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін қателіктерді талдауға негізделген. 

Бұл  блок  бойынша  балалардың  вербалды  және  вербалды  емес  коммуникациясы 

қатар  қарастырылады.  Блок  бойынша  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  балалармен 

сергіту,  рөлдік  ойындар  қолданылды.  Ойындар  вербалды  және  вербалды  емес 

құралдарды белсендендіруге бағытталған. 

Сергіту  ойындарын  басқаша  қыздыру  жаттығулары  деп  те  атайды.  Бұл 

ойындар балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын 

мақсатқа  бағытталды.  Балалардың  ойынын  ғана  қыздырып  қоймай,  вербалды 

белсенділіктерін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  жаттығу  түрлері  -  жаңылтпаштар. 

Сонымен  қатар  сергіту  эффектісі  үшін  қазақтың  ұлттық  ойындары: 


350 

 

“Тауқырайдан”, “Бұғнай”, “Сиқырлы таяқ”, “Жаңылма”, “Тақыл-тұқыл”, “Мысық 



пен  тышқан”,  “Қас  қағым”,  “Сұрақ-жауаптар”,  “Қостаймын,  қарсымын, 

толықтырамын” қолданылды. 

Төменде  осы  ойындардың  өту барысына қысқаша  тоқталып  кетейік. 

 “Бұғнай” - тренинг жүргізуші ер балаларды молдасын құрғызып, қыздарды 

бір тізерлеп отырғызады да, өзі барлық балаларды 1-бұғнай, 2-бұғнай, 3-бұғнай т. 

с.  с.  санап  шығады  да,  кенеттен  “пәленше  бұғнай”  -  деп  шақыра  қалады.  Аты 

аталған  “бұғнай”  орнынан  атып  турады  да,  бірден  келесі  біреуін  шақырады. 

Әдетте  кейбір  балалар  тұра  алмай,    ал  кейбір  сақ  отырған  балалар  аты  аталмай 

тұрып кететін жағдайлар болады. Ойын әрбір “бұғнай” шақырылғанша ойналады. 

Бұл  ойынның  қыздыру  эфектісімен  қоса  диагностикалық,  социометриялық  мәні 

бар. Тренинг жүргізуші, біздің жүмыс, аты аталынған, аталынбай қалған, бірнеше 

рет  аталынған  балаларды  тіркеп  отырды.  Онан  соң  балалар  өздеріде  ойын 

барысында қандай ой, сезім болғанын ортаға салып, талдады. 

Рөлдік-сюжеттік  ойындар  тренингтік  сабақтардың  өзегі  іспетті.  Мұндай 

ойындар  біздің  зерттеуде  коррекциялау  (түзету)  мақсатын  көздемейді.  Біз 

гуманистік  бағыттағы  ғалымдар  көзқарасына  сәйкес,  психологиялық  ойындар 

арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат еттік. 

Рөлдік-сюжеттік  ойындардың  психологиялық  әсерімен  балада:    өз-өзіне 

деген  сенімінің  бекуі;  этикалық  және  адамгершілік  негізінде  мінез-құлық,  жүріс-

тұрыстың  меңгерілуі:  қарым-қатынас  дағдылары  мен  біліктерінің  дамуы 

болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі. 

Рөлдік  ойындар  міндетті  түрде  топтық,  талдаумен    аяқталады.  Талдау  2 

бағытта  жүргізіледі:  қарым-қатынас  жағдайының  құрамын  балалардың  толық  та, 

адекватты  түсінуін    қамтамасыз  ету;  коммуникативті  іс-әрекет  механизмдерін 

біліп, түсінуге, дағды-лануға мүмкіндік беру. 

Біз  рөлдік  ойндардың  2  түрін-импровизациялық  және  сюжеттік  түрлерін 

қолдандық.  Импровизациялық  ойындардың  мазмұны  балалардың  өздерінің 

үйреншікті  өмір  жағдайларынан,  қарым-қатынас  сферасынан  алынып  отырды. 

Мұнда 

тек 


алдын-ала 

рольдер 


мен 

позициялар 

бөлініп 

беріледі. 

Импровизацияланатын  ситуациялардың  ең  қарапайымы  таңдалынды.  Ал  басты 

назар әрбір баланың импровизациялауға қабілетін, яғни спонтанды түрде оның кез 

келген  рольді  ойнап,сол  роль  тұрғыдан  диалог  құра  алуы  мен  вербалды  емес 

коммуникацияны  қабылдап,  меңгеруі  талданып,  зерттеледі.  Импровизациялық 

ойындардың  арасынан  ұзақ  даярлықты  қажет  етпейтін,  тренинг  барысында 

өрістейтін  түрлері  қолданылды.  Бірақ  мұндағы  басты  талап  ойын  мазмұны 

балалардың  қарым-қатынас  саласындағы  мәселелерге  бағытталынуы.  Алдыңғы 

диогностикалық  зерттеулер  мен  диагностикалық  ойындар  нәтижесіне  жүгіне 

отырып  импровизациялық  ойын  мазмұны  құрастырылды.  Біз  “Айгүл  бүгін 

балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келген екен”, “Мамасы мен Болат дүкенге 

келді”,  “Сәуле  үйде  отырғанда  есік  қағылды”,  “Саматпен  оның  досы  Дәурен 

телефонмен  сөйлесіп  отыр”,  «Канатгүлге  көшеде  бір  бейтаныс  аға  аты-жөнін, 

үйінің мекен-жайын сұрады”, “Гүлнар мен Эльвира ойнап жүріп ренжісіп қалды” 

т.  с.  с.  балалардың  жас  ерекшеліктеріне,  қарым-қатынас  қажеттіліктеріне  және 

тренинг  мақсатына  орай  тақырыптар  бойынша  спонтанды  түрде  бір  оқиғалар 

ойналып отырды. 



351 

 

 “Айгүл  бүгін  балабақшаға  өзінің  ең  әдемі  қуыршағын  алып  келген  екен” 



ойынның мазмұнын алып көрсетелік. Тренинг жүргізуші алдын-ала Айгүлдің өзіне 

ғана,  кім  сұраса  да,  қалай  сұраса  да  қуыршағын  ешкімге  бермеуін  тапсырды.  Ол 

үшін  Айгүл  балалардың  әрқайсысының  өтінішіне нақты, тура жауап  беруі  керек. 

Ал  балаларға  жүргізуші  бар  мүмкіндіктерін  пайдаланып  қуыршақты  сұрап  алып, 

ойнауларына  бағдар  берді.  Бұл  ойын  барысында  балалар  бірін-бірі  түсінуге, 

тыңдауға,  қарсы  жауап  таба  алуға,  сендіруге,    иландыруға,  сыйлауға,  өтініш 

айтуға, сөзін өткізе  алуға үйренеді. 

Рөлдік-импровизациялық ойындардың әсерін талдау “кілттері”: 

1)  қарым-қатынас  кұралдарының  қолданылуы,  сөздік  қор,  ым-ишара,  (ара-

қашықтық) дистанция, интонация (дауыс ырғағы); 

2)  қарым-қатынас  біліктері  мен  дағдылары,өзара  келісімге  келу,қысым 

жасау, манипуляцияның көрінісі; 

3) 

өзара 


әрекеттестік,өзара 

қатынас 


позициялары-“тепе-тендік”, 

“жоғарыдан”  қарау, “төменнен”  қарау болды. 

Сюжеттік-рөлдік  ойындар  өзара  байланысты  позициялардың  негізінде 

жинақталды.  Біз  “Ойыншықтар  сөйлейді”,  “Аңдардың  әңгімесі”,  “Әжесінің 

еркесі”,  “Қызғаншақ  бала”  ойындарының  желісін  құрдық.  Енді  осы    ойындарға  

қысқаша сипаттама  берейік. 

1. “Ойыншықтар сөйлейді”. Бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан 

бір-біреуден  қолдарына  алып,  соның  рөлінде,  соның  атынан  өзінің  ренжігенде, 

қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені 

армандайтынын ортаға салды. 

2.  “Аңдардың  әнгімесі”  -  әрбір  бала  бір-бір  ойыншық  аңның  рольінде  қу 

түлкі, ашулы арыстан, қорқақ қоян, аңқау қасқыр,батыр қоян, кекшіл кірпі, маңғаз 

жираф т. т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады. 

3.  “Әжесінің  Еркесі”  -  бұл  ойынға  мынандай  кейіпкерлер  қатысты:  Ерке, 

әжесі,  мамасы,  ағасы,  інісі  бірге  ойнайтын  құрбысы  -  Айдана.  Қалған  балалар 

талдау  жасауда  белсенді  болу  үшін  әрбір  кейіпкердің  сөйлеген  сөздерін, 

қылықтарын  байқап,  бақылап,  аңғарып  отырды.  Ойын  сюжеті  (желісі):  “Ерке 

әжесінің  баласымын  деп,  көбіне  әжесімен  қарым-қатынас  жасайды.  Мамасын 

тыңдамай,өз айтқанын оларға орындатпай қоймайды. Ағасы мен інісі  бір-бірімен 

өте тату. Бірақ Ерке олармен де тату ойнай алмай, дауласып, тентек бола береді. 

Айдана құрбысы Еркенің қылықтарына қынжылып жүреді. Бір кездері Ерке әжесі, 

мамасы, ағасы, інісі, құрбысы танымастай өзгереді. 

Бұл  ойын  Р.  Шапбаеваның  “Әжесінің  қызы”  (А.  Байғазы  1987)  әңгімесі 

бойынша құрылды. 

4.  “Қызғаншақ  бала”  ойынының  балаларға  тақырыбы  беріліп,  өздерінің 

“режиссерлік”, қоюшылық қабілеттеріне орай ойын мазмұ-нын жасау ұсынылды. 

Сюжеттік-рөлдік ойын кезінде тренинг жүргізуші байқап, бақылап отырды, 

ойын барысына төмендегі  кесте бойынша талдау жасалды. 

Біздің  бұл  қарастырғанымыз  тренингтік  бағдарламаның  1-ші  блогына 

қатысты болғанды. 

Енді  тренингтік  сабақтарға  балалардың  жаңа  қарым-қатынас  дағдыларын, 

біліктерін бекітуге арналған этапты (кезеңді) енгіземіз. 



352 

 

Бұл  этапта  (кезеңде)  әрбір  баланың  өзіндік  ішкі  потенциалы, 



коммуникативті  іс-әрекетке  деген  ішкі  ресурсы  анықталынды.  Тренингтік 

бағдарламаның  бұл  бөлігі  2-блокты  құрайды.  Бұл  блок  балаларға  тренингтің 

жасаған  әсерін,  яғни  балалар  топтарының  жоғары  ұйымдасушылық  көрсетуін, 

әрбір  баланың  коммуникативтілік  деңгейін  ғана  анықтап  қоймайды.  Сонымен 

қатар  ол  өзіндік  бір  диагностикалық  тәсіл  болады.  Әрбір  баланың  қарым-

қатынасының  жетілуі,  белгілі  бір  коммуникативті  дағдылар  мен  біліктердің 

қалыптасып, дамуы белгілі болды. 

2-блоктың  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арналған  тапсырмалары 

шығармашылық  негізде  болады.  Онда  балаларға  қойылым  қою,  ертегі  құрастыру 

сияқты  драматизациялау  тапсырмалары  берілді.  Сонымен  қатар  ойын-пікірталас 

да осы блоктың құрамында. 

“Үнсіз”  спектакльді  екі  шағын  топ  балалары  ойнайды.  Бірінші  шағын  топ 

балалар  біріне-бірі  қарамай,  әрқайсысы  басқа  бір  топтағы  құрбысының  рөлінде 

ойнай  береді.  Екінші  шағын  топ  балалары    олардан  өздерінің  бейнесін    тауып 

алулары  қажет.  10  минуттан    соң  екінші  кіші  топ    осы  тапсырманы  орындайды.  

Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:  

1)

 

қимыл-қозғалыс  -  өзінен  басқаларға  бағытталса  -  баланың  теріс, 



жағымсыз деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары. 

2)

 



қимыл  қозғалыс  -  өзіне  қарай  бағытталса,  баланың  ұнататын,  оңды 

ситуациялары, адам бойындағы қылықтары. 

3)

 

ашықтықты,  тұйықтықты  бейнелейтін  қимыл  қозғалыстар  болады 



(Л.А.Петровская). 

И.Плотникстың ертегі құрастыру әдістемесінің негізінде қазақ ертегілерінің 

бірі  “жаңаша  құрастырылды”.  Мұны  түсіндіреміз:  тренинг  жүргізуші  бір  ертегі 

бастайды: “баяғыда бір А мен Б болыпты”. Оларда  С болмапты. Бірде  Д жағдайы 

болыпты т.с.с бұл ертегінің желісі басталады. Балалар бұл ертегіні “өңдеп”, яғни 

кейіпкерлердің  нақтылап  алады  да,  қатарынан  бір-бір  сөйлем  қосып,  аяқталған 

ертегіні шығарды. 

Балалардың қарым-қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтардың 

базалық  әдісі  -  ойын  пікірталас  болды.  Оның  негізінде  тренинг  жүргізушінің 

балаларымен, балалардың өзара қарым-қатынасы жатады.  

Сондықтан  пікірталас  контекстінен  тысқары  қарым-қатынасқа  дағдылану 

мүмкін  емес.  Балалардың  жас  ерекшелігі  ескеріліп  пікірталас  ойын  формасында 

өтті.  Басқаша  айтқанда  пікірталас  барысы  қарым-қатынасқа  ойын  арқылы 

оқытумен  сипатталады.  Ойын  пікірталасының  құндылығы  оның  әрбір  баланың 

өзін-өзі  көрсетуін  талап  ете  отырып,  бір-бірін,  ересектерді  тыңдауға,  әңгіме 

мазмұнына назар аудару біліктерін дамытып, әңгімені толықтыруға, пікір айтуға, 

сұрақ  қоюға,  суырып  салушылыққа  дағдылануға  мүмкіндік  беретіндігінде. 

“Қандай сөздерге мен қуанамын?” тренинг жүргізуші тақырып сұраған балаларға 

айтып,  сол  сөздерді  іздестіруге  кіріседі.  Біреуі:  “рахмет”  деген  сөз  деп  қосса, 

жүргізуші  оны  ары  қарай  тиянақтай  түседі.  Ол  сөзді  қалай  әдемі  айтуға  болады? 

Жауаптардың  жиынтығы:  асықпай.  Адамға  жақындап  келіп,  бетіне  тура  қарап 

айту  керек.  Адамның  есімін  атап  барып  “рахмет”  деп  айту  керек.  Адамды 

қуантатындай етіп айту керек. Осылайша пікірталас жалғаса берді. 


353 

 

Сонымен  мектеп  жасына  дейінгі  қазақ  балаларының  қарым-қатынасын  



жетілдіруде  тренингтік  жолмен  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  мол.  Мұнда,  ең 

бастысы, балалардың әлеументтену ерекшеліктерінің негізінде баланың отбасына, 

ана-тіліне,  ұлттық-мәдени  құндылықтарына  қатынасы,  психикалық  дамуға  әсер 

етудің шаралары жүзеге асырылуы керек. 



 

 

Жеткенбаева Рымкуль Толеубаевна, аға оқытушы, ФАО «НЦПК «Өрлеу» 

по Карагандинской области  



 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-

ӘРЕКЕТ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПА ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ 

 

Қазіргі  таңда  біздің  елде  білім  беру  саясатында  маңызды  өзгерістер  болып 



жатыр.  Білім  берудегі  инновациялық  үрдістер  «...мемлекеттің  инновациялық 

дамуы,  оның  бәсекеге  қабілеттілігін  нығайту  үшін  негіз...»  ретінде 

қарастырылады. Бұл үрдіс педагогикалық теория мен практикадағы өзгерістермен 

анықталады.  Осыған  орай  мектепке  дейінгі  ұйымның  (МДҰ)  стратегиялық 

бағыттарының бірі - инновациялық іс-әрекеттің дамуы деп айтуға болады. Педагог 

үшін  -  бұл  кәсіби  шеберліктің  өсуі,  кәсіби  рефлексияға  қабілеттілігін 

қалыптастыру,  зертеу  іс-әрекетін  іске  асыру  білігі,  балалар  үшін  -  білімдерінің 

сапасының  арттырылуы.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім  беру  үрдісінің 

мазмұны  мен  ұйымдастырылуын  жақсарту,  мектепке  дейінгі  білім  берудің 

сапасын  арттырудың  маңызды  жағдайы  болып  табылады.  Осы  үрдістің 

прогрессивтік  өзгертілуінің  тенденциялары  мектепке  дейінгі  білім  берудің 

жаңартылған  нормативтік-құқықтық  базасының  мазмұны,  педагогикалық  ғылым 

мен  практиканың  заманауи  жетістіктерімен  анықталған.  Білім  беру  үрдісі  мен 

оның  инновациялары  іс-әрекеттермен  өзара  алмасудың  ерекше  аясын  құрады. 

Сонымен  бірге  әр  қатысушының  іс-әрекеті  осы  әрекеттесуде  туындайтын 

мазмұнды тікелей жаңғыртады [1]. 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  білім  беру  үрдісінің  мәні  мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты,  «Білім  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңының  талаптарына 

сәйкес  білім  беру  бағдарламаларын  («Алғашқы  қадам»,  «Зерек  бала»,  «Біз 

мектепке барамыз») іске асыру керектігі мен мүмкіндігінде қарастырылады.  

Білім  беру  үрдісінің  сапасы  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтерінің  кәсіби 

және біліктілік деңгейіне байланысты болып келеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен 

оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының  енгізілуі  тәрбиешілердің 

білім  беру  іс-әрекетінде  кіріктіруді,  жобалауды  талап  етеді.  Бұл  міндетті  мектеп 

жасына  дейінгі  баланың  дамуындағы  заманауи  тенденцияларына  сәйкес,  жаңа 

білім  беру  технологиялары  бойынша  оқыған  кәсіби  дайындықтан  өткен 

тәрбиешілер  ғана  орындай  алады.  Әрине  педагогикалық  кадрларының  соның 

ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу педагогының дайындығы, заманауи талаптарға 

жауап  беруіне  керек,  өйткені  бұл  болашақ  ұрпақтың  білім  мен  тәрбиелеуінің 

арттырылуын қалыптастыратын бірінші білім беру деңгейі [2].  


354 

 

Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласы  әр  түрлі  сипаттағы,  бағыт  мен 



маңыздылықтағы инновациялардың көптеген санымен ерекшеленеді, мемлекеттік 

үлкен немесе кіші реформалары өтуде, оқытудың ұйымдастырылуына, мазмұнына, 

әдіснамасына, технологияларына жаңалықтар енгізілуде.  

Әрбір  мектепке  дейінгі  ұйымның  жұмысына  жаңа  идеялар  мен 

технологияларды енгізбей мектепке дейінгі білім беру жүйесін реформалау мүмкін 

емес.  Инновациялар  бала  тұлғасына  оның  қабілеттіліктерінің  дамуына 

бағытталған, педагогикалық практикада қолданатын жаңа әдістерді, формаларды, 

құралдар  мен  технологияларды  анықтайды.  Педагогикалық  инновациялар 

тәрбиелеу мен оқытудың үдерістерін өзгертіп жетілдіреді [3]. 

Инновациялық  өзгерістер  жүйелі  сипатқа  иеленеді.  Бүгінгі  таңда  баланың 

дербестігі  мен  оның  отбасының  сұраныстарына  бағытталған  тәрбиелеу  мен 

оқытудың  вариативтілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  мектепке  дейінгі 

ұйымның  жаңа  түрлері,  жаңа  білім  беру  бағдарламалары  жасалуда.  Қалау  мен 

шынайы нәтиже арасындағы қарама-қайшылық болған жағдайда, қандайда болсын 

проблеманы  шешу  керек  кезде  инновациялар  қажеттілігі  туындайды.  Проблема 

инновациялардың қайнары болып табылады. Проблеманы шешу – жүйені өзгерту, 

оны қалауға сәйкестендіру дегенді білдіреді. Егерде өзгерістер сапалы сипатқа ие 

болса,  сонда  проблеманы  шешу  нәтижесінде  білім  беру  жүйесі  дамиды. 

Жаңашылдықтың өзектілік дәрежесі практикалық проблеманың мыңыздылығымен 

анықталады. Инновациялық іс-әрекеттің жалпы мақсаты – білім берудің ең жоғары 

нәтижесіне жетудегі білім беру ұйымының педагогикалық жүйесінің қабілеттілігін 

жақсарту [3].  

Мектепке дейінгі ұйымның практикасында жобалау әдісі белсенді енгізіліп 

жатқан  инновациялық  технологиялардың  бірі  болып  табылады.  Жобалау  әдісі  – 

бар білімдерді қолдану мен жаңа білімдерге иеленуге бағытталған технология [4]. 

Тәрбиелеу-оқыту үдерісін жоспарлаудағы әлеуметтік-ойындық технологиялар осы 

әдісті енгізудің түрткісі болды.  

Жобалау әдісінің қазіргі кезеңдегі негізгі бағыты мен нені танып білем? Не 

білемін?  Бұл  не  үшін  керек?  және  мен  бұл  білімді  қайда  пайдаланамын?  деген 

сауалдарға  жауап  іздейді.  Жобалау  әдісінің  негізіне  баланың  танымдық 

дағдыларын  дамыту  өзінің  алған  білімін  пайдалана  білу,  ақпараттық  кеңістікте 

бағыт ала білу және сын тұрғысынан ойлауды дамыту жүзеге асады [4].  

Жобалау  әдісі  баланың  жастық  және  жеке  ерекшеліктері,  балалық 

қажеттіліктерден  туындайтын  әдіс,  педагогикалық  үдерісте  баланың  субъекттік 

позициясын  өзектедіретін  педагогикалық  технология  болып  табылады.  Бұл 

педагогикалық  үдерісті  балабақшаның  қабырғасынан  айналадағы  әлемге 

шығаратын  жобалардың  біразі.  Жобалау  іс-әрекеті  «атқарушыны»  емес 

«әрекетшілді»  тәрбиелеуге,  тұлғаның  еріктік  сапаларын,  серіктес  әрекеттестіктің 

дағдыларын  дамытуға,  іс-әрекеттің  әр  түрін  кіріктіру,  әр  түрлі  үйлесімде 

қолдануды көптеген мүмкіндік беретін білімді игерудің түрі болып табылады.  

Зерттеулер  көрсеткендей  жобалау  іс-әрекеті  баланың  өзіндік  танымдық  іс-

әрекеттерінің белсендірілуіне; қоршаған ортаны баламен игеруіне оны жан-жақты 

зерттеуіне,  шығармашылық  қабілеттіліктердің  дамуына;  талдау  мен  жалпылау 

дағдыларының дамуына; сөз, ойлау, зейін, елестің дамуына ықпал етеді.  



355 

 

Балалардың  мектепке  дейінгі  жаста  әлем  туралы  жаңа  мәліметтерді  білуге 



ұмтылысы,  қоршаған  ортаны  танып  білуге  деген  талпынысы,  бақылау  жасауға, 

өздігінен  ізденуге  әрекет  етуі  ол-табиғи  қалыпты  жағдай.  Әрбір  дені  сау  бала 

туылғаннан – әр нәрсені «зерттеп» білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. 

Баланың  ішкі  сезімі  әлемді  түсінуді,  қоршаған  ортаны  танып  білуді  қалайды. 

Осындай  ішкі  ынта-ықылас  зерттеу  жасауға  түрткі  болып,  баланың  психикалық 

және өзіндік дербес дамуына жағдай жасайды [5]. 

Жобалау  іс-әрекетіндегі  үрдісте  мектеп  жасына  дейінгі  бала  стандартпен 

қарастырылған  интегративтік  сапаларға  иеленеді.  Сонымен  қатар,  оқытудың 

дамытушы 

әдісі 


ретінде 

жобалау 


іс-әрекетін 

қолдану 


педагогтердің 

креативтілігінің дамуына, олардың кәсіби құзіреттіліктерінің арттырылуына ықпал 

етеді. Білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінде жобалау  іс-әрекетінің  ерекшелігі 

бала өз бетімен мақсатты, проблеманы тұжырымдай алмайды, қоршаған ортадағы 

қарама-қайшылықтарды  таба  алмайды.  Жобалау  іс-әрекетіне  қатысу  мектеп 

жасына  дейінгі  баланың  ішкі  белсенділігін,  проблеманы  бөлу  қабілеттілігін, 

мақсат қоюды, білімді табуды, нәтижеге жетуді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ең 

алдымен  кәсіби  шеберліктің,  шығармашылық  әлеуеттің  арттырылуы,  талдау  мен 

жобалау  білігі.  Жобалау  іс-әрекет  барысында  жобаны  әзірлеу  мен  іске  асырумен 

ғана  емес  сонымен  қатар  рефлексиямен  айналысатын  кәсіби-педагогикалық 

қауымдастық  құрылады.  Алынған  нәтижелерді  талдау  мен  бағалау,  оларды  түпкі 

оймен  салыстыру,  жобалау  іс  әрекетінің  әрі  қарай  дамуының  жолын  көруге 

мүмкіндік береді [6].  

Мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  жұмыста  жобалау  технологиясын 

қолдану  баланың  өздігінен  бағалауының  арттырылуына  ықпал  етеді.  Жобаға 

қатыса отырып бала топтағы құрдастарының арасында өзін мәнді екенін сезінеді, 

ортақ іске қосқан үлесін көреді, өзінің жетістіктеріне қуанады [7].  

Сонымен,  білім  беру  үрдісінде  жобалау  іс-әрекетін  дамыту  бойынша 

басқару  әрекетін  ұйымдастыру  педагогикалық  ұжымның  бірігуіне  ықпал  етеді, 

кәсіби-тұлғалық  құзіреттіліктерді  арттырады,  білім  берудегі  жаңашылдықтарға 

педагогтердің қатынасы өзгереді, кәсіби табысқа жету мен өздігінен іске асу үшін 

жағдай жасайды, креативтілікті дамытады, сенімділікті қалыптастырады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет