Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет52/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65

 

Литература 

 

1) Закон Республики Казахстан «Об образовании»



 

от 27 июля 2007 года  

2)  Антонова  С.  Ю.    Управление  учебно-исследовательской  деятельностью 

старшеклассников в современных социокультурных условиях. – Б.: 2009. 

3) Арцев М. Н. Учебно - исследовательская работа учащихся//Завуч. - 2005. - 

№6.  


4)  Громова  Т.В.  Организация  исследовательской  деятельности//  Практика 

административной работы в школе. - 2006. - № 7. - С. 49-53. 

5) Копанева Г.А. Организация исследовательской деятельности учащихся в 

многопрофильной гимназии//Завуч. - 2006. - № 6. - С. 47-52. 



450 

 

6)  Лебедева  С.  А.,  Тарасов  С.  В.  Организация  исследовательской 



деятельности  в гимназии//Практика  административной  работы  в школе.  –  2003. - 

№ 7. – С. 41-44. 

7)  Поддьяков  А.Н.  Методологические  основы  изучения  и  развития 

исследовательской деятельности//Школьные технологии.-2006.- № 3. –С. 85-90. 

8)  Файн  Т.  А.  Исследовательский  подход  в  обучении//Практика 

административной работы в школе. - 2003. - №5 - С. 14 – 23. 

9) Шеленкова Н.Ю. Организация исследовательской деятельности учащихся 

в школьном научном обществе//Завуч. – 2005. - №5. - С. 82-87. 



 

 

Сагиева    Гулмира    Маушановна,  бастауыш    сынып    мұғалімі,    Шілікты 

орта мектебі, ШҚО 

 

 

БАСТАУЫШ  СЫНЫПТАРДА  ОҚУШЫ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 

МЕН ҒЫЛЫМИ  ІЗДЕНІСКЕ  БАУЛУДЫҢ  АЛҒЫ  ШАРТТАРЫ 

 

Бүгінгі таңда білім саласының  алдында жүйелі дайындалып берген білімді, 

дағдыларды  меңгеретін,  қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық  бағытта  жұмыс 

істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлға 

қалыптастыру  міндеті  тұр.  Бұл  әрине  оқушылардың    шығармашылық  ғылыми 

зерттеу  әрекетін  дамытудың  маңызды  мәселе  екендігін  дәлелдейді.  Жалпы 

оқушылардың  шығармашылық  ғылыми  зерттеу  әрекеті  ғылыми-педагогикалық 

проблема  ретінде  едәуір  зерттелген.  Б.Д.Эльконин    шығармашылыққа  мынадай 

анықтама береді:  «Шығармашылық-бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық жаңадан 

жасалған  нәрсе,  бұрынғы  нәрселердің  механикалық  қайталануы  емес  өзінің 

сонылығымен,  біртумалығымен  ерекшеленетін  болса,  өзін-өзі  куәландыратын, 

дәлелдейтін  болса,онда  бұл  нәрсені  туғызған  шығармашылық  акт  туралы  сөз 

қозғауға  болады»  [1,  б.144].  Шығармашылық  әрекет-оқушыны  өз  жеке 

шығырмашылық бағытын таңдау қажеттілігін және шығармашылық өнім, нәтиже 

туғызуға 

бағытталған 

жауапкершілігін 

қамтитын 

әрекет. 

«Қазақтан 

Республикасының  2015  жылға дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасының» 

басты  мақсаты  оқушылардың  талдау,  синтездеу,  әрі  логикалық  ойлау  қабілетін 

дамыту,  яғни  оқушылардың  сабақ  бойы  ой  еңбегімен  шұғылдануын  қамтамасыз 

ету,  оқушыны  ізденуге,  өз  бетімен  қорытынды  жасауға  үйрету  болып  отыр. 

Дарынды балаларды тану-нақты бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ 

үрдіс.  Дарындылықты  қандай  да  бір  әдіспен  анықтау  мүмкін  емес  (мысалы 

сынақтан  өткізу).  Дарынды  баланы  тәрбие  берумен  оқыту  барысында,  біртіндеп 

сатылап анықтап аламыз. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен 

шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу 

тәжірибесі  ең  тиімді  болып  есептеледі  [4,  б.55].  Зерттеушілік,  ізденушілік-бала 

табиғатына  тән  құбылыс.  Білуге  деген  құштарлық,  бақылауға  тырысушылық 

тәжірибеден  өткізуге  дайын  тұру,  әлем  туралы  жаңа  мәлімет  жинауға  

талпынушылық  қасиеттер  балаға  тән  дәстүрлі  мінез.  Оқушының  өзіндік  зерттеу 

әрекеті  өзіндік  талабын  қанағаттандыруға  ықпал  етеді.  Сондықтан  оқушыны 

ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып 


451 

 

оқушының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиетттерді іздеп табуға,оқып танысуға 



деген  құштарлығы  басым  болады.  Баланы  ізденушілікке  баулу  оған  зерттеу 

дағдысын игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды  міндеті болып саналады. 

Дарынды  бала  қойылған  проблеманы  тұтастай  көре  біліп,  оған  байланысты  

болмыс  сырларын  көптеп  шешуге,  белгісіз  нәрселерге  зер  салып,  қызығады, 

түсініксіз нәрсені білуге ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп,ой әрекетімен 

шұғылдануға  бейім  болады.  Қазіргі  оқытушының  басты  қызметі–білім  беру  мен 

жеке  тұлға  тәрбиесін  сабақтастыру  болса  оқушылармен  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізу  арқылы  оларды  өзін-өзі  дамыту,  шығармашылық, 

ізденімпаздық 

қасиеттерін 

қалыптастырады.Сондықтан 

мұғалім 


оқушы 

қабілеттерін, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында заман талабына 

сай, жаңа технология қолдану арқылы жұмыс жасау керек деп есептеймін. Соның 

ішінде,бастауыш  сынып  оқушысына  ғаламтормен  жұмыс  жасауды  үйретіп,  өз 

бетімен  сауалнама,  сұхбаттасуларды  жүргізіп,оларды  видеоға  түсіріп,  оларға 

талдау  жасалуын,  нәтижесі  бойынша  қорытынды  жасай  білуін  қадағалау  керек.   

Қай жұмысты болсын қызығушылықпен, ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық. 

Ал  біздің  кішкентай  білгірлерімізді  қызықтыру,  ынталандыру  өз  қолымызда. 

Қазіргі таңда оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін оқушыны неге 

үйрету керек, қалай үйрету керек, әлде оны өзі үйрене ала ма? 

Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін: 

-мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет; 

-зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру; 

-зерттеу кезеңдері мен әдіс-тәсілдерін айқындап алу; 

-зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу; 

-шығармашылық  жаттығу,тапсырмалардың  мазмұнын  оқушылардың  жас 

ерекшелігіне, қызығушылығына сай таңдау; 

-оқушы жетістігін мадақтап, көтермелеу керек. 

«Тағы  бір  ескере  кететін  жайт,  бұл  жұмысқа  баланың  өз  ынтасы, 

қызығушылығы  болуы  керек,  ол  болмаған  жағдайда,  ұстазының  нұсқауымен,өз 

қалауынсыз  жасалған  жұмыс  ешқашан  нәтиже  бермейді.  Оған  қоса,басқа 

пәндерден үлгерімі де нашарлап, бала психикасына да теріс әсерін тигізеді»-дейді 

мамандар.  Баланың  бойындағы  қабілетін  дамытуда    ата-ана,  ұстаздардың  рөлі 

маңызды. Себебі, педагогикалық шеберлік  - даналықты жүрекпен ұға білу болып 

табылады.  Сонымен,  психолог  маманның  сөзіне  сүйенсек,  бастауыш  буын 

оқушысы  ғылымға  өз  үлесін  қоса  алады,    егер  оның  жұмысы  өз  қызығушылығы 

арқылы басталып, сол  арқылы  нәтиже шығарса. Яғни, талабы  бар  бала ғылымды 

да қабылдай  алады. Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушыларды ғылыми 

жұмысқа  тартуға  мақсат  тұтамын.  Оқу  тәрбие  бағытындағы  барлық  өзгерістерді 

қамтып,озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл 

бағытта  оқушыларды  шығармашылық  іс  -  әрекетке  баулитын,  таным 

белсенділіктерін    арттыратын  түрлері  қажет-ақ.  Солардың  бірі–оқушылармен 

жүргізілетінін ғылыми орталық аясындағы зерттеу жұмыстары болмақ. Сонымен, 

жобаның  тиімділігі-көзбен  көріп,  құлақпен  естіп,  есте  сақтай  отырып,  оқушыны 

ізденіске,  іскерлік  пен  танымдық  ынтаға,шығармашылық  қабілетті  жетілдіру 

арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше  білуге,  тапқырлыққа,  жаңа  ғылыми  ізденіске 

жетелеуде  [2,  б.4-6].  Қазір  бой  жарыстыратын  заман  емес,  ой  жарыстыратын 


452 

 

заман. Расымен  де, бүгінгі  күннің  басты  капиталы-білім  екені  сөзсіз. Оның  берік 



негізі мектеп қабырғасынан бастау алатыны да ақиқат. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын 

саналы,  жан-жақты,білмекке  құштар  етіп  тәрбиелеуге  мектептің  маңызы  зор.  Ал 

оның негізін қалаушы бастауыш сынып. 

 Тақырыпты таңдау ережесі 

- Ең бастысы әрі дұрыс, әрі қызық, әрі келісімді тақырып табу керек

-Тақырып қол жетімді болу керек; 

-Тақырып балалардың жас ерекшеліктеріне сай болу керек. 

Зерттеу тақырыбын қалай таңдау керек? 

Сол кезде мен оқушыларыма мынадай сұрақтар қойдым. 

- Сені ең қызықтыратын не? 

- Немен шұғылданғың келеді? 

- Мақтан ететін қандай тұстарың бар? 

Осы  сұрақтар  төңірегінде  әңгімелесу  барысында,  балалар  барлық  сала 

қызықтырады деп жауап беріп, зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға қиналды. 

Сондықтан да, оларға жалпыланған үлгі тақырыптар ұсынуға тура келді.Мәселен: 

1.Менің туған өлкем. 2.Табиғат өз үйің. 3. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдары. 

4.Қазақстанның  пайдалы  қазбалары.  5.  Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері.Осындай 

жалпыланған  үлгі  тақырыптар  негізінде  оқушылар  жеке,нақты  тақырып  белгілеп 

алуға болады.Бұл бір тәсіл. 

Екінші  тәсіл:  өзіміз  де  бір  арнайы  тақырып  беруіміз  мүмкін.Былтырғы оқу 

жылындағы    ғылыми  жобаға  жинақталған  материалдар  жеткілікті  болғандықтан, 

оның үстіне өзіміздің ауылымыздан шыққан «Шілікті қорғаны». 

Үшінші  «Алтын  адам»  деген  тақырыпты  қорғады. Жұмыс  нәтижелі  болды. 

Оқушы  ауданнан  бірінші  орынды  иеленді.  Ең  бастысы  әрі  дұрыс,  әрі  қызық,  әрі 

келісімді тақырып табу керек. Оқытушы бір арнайы тақырып беруі де мүмкін. 

Егер тақырыпты өзің таңдасаң: 

-онда тақырып өзіңе қызық болғаны абзал: 

-онда  тақырып  алдағы  уақыттағы  оқуға  немесе  жұмыстарға  тиімді  ,яғни 

«пайдалы болғаны жөн». 

-онда  тақырып  бұрынғы  жазылған  немесе  оқыған  тақырыптармен 

байланысты болғаны жеңілдетеді. 

-онда тақырыбың келісімді болу керек. 

Зерттеу жұмысын жүргізу бастауыш сынып оқушыларының төмендегідей іс-

әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады: 

-өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу; 

-іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану; 

-өз ойын ашық айту; 

-өз бетімен қорытынды жасау; 

-өзі үшін жаңалық ашу 

-қызығушылығын қанағаттандыру 

Демек 


оқушы 

өз 


бетінше 

жұмыс 


жасауды 

үйреніп,зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі. 

Жұмыстарды  жүргізу  барысында  оқушыларды  көп  ізденуге,  зерттеуді 

үйретуге  ұмтылдыру  керек.  Кез-келген  тақырып  бойынша  ең  алдымен  сол 

тақырыптың  тарихына  көп  көңіл  бөлуді  қадағалау  керек.  Себебі,  шығу  тарихын 


453 

 

зерттеп  алмай  кез-келген  дүниенің    сырын  түсіну    мүмкін  емес.  Осыдан  кейін 



тақырып  бойынша  жан-жақты  зерттеулер  жүргізіп,  бар  қыр-сырын  ұғыну 

керек,ғалымдардың осы тақырып төңірегінде жүргізген зерттеулерін талдау керек. 

Сонымен  қоса  тақырыпқа  сай  қызықты  деректер  жинақтайды.  Осы  жұмыстарды 

жүргізіп  болған  соң  өз  тарапымыздан  қандай  жұмыс  жасау  керектігін 

(сауалнама,сұхбат,тәжірибе,  т.с.с.)  айқындап  алып  соған  кірісемізде  нәтижесі 

бойынша  талдау,  анализ  жасап,  қорытынды  шығару  керек.  Осы  жұмыстардың 

барлығын  орындау  кезінде  «зерттеуші»  оқушылардың  ата-аналарымен  тығыз 

байланыс  жасау  қажет.  Бұл  да  өте  қажет,  себебі  ата-ананың  қолдауы  баланы  

«қанағаттандырады». Ата-аналардың да пікірі екі жақты болады. Біреуі әріпті енді 

танып,  мектеп  тынысына  енді  ғана  үйренген  балаға  ауырлау  болады.  Көздеген 

нәтижеге  көз  жеткізе  алмаса,  баламыздың  көңіліне  қаяу  түседі  дейді.  Екіншісі 

«баланың  жастайынан  білмекке  құштар  болса,болашақта  өзіне  пайдасын  тигізеді 

дейді.  Қолынан  келіп  жатса,біз  оның  бетін  қақпаймыз»,-дейді  кейбір  ата-ана. 

Ізденуші  оқушылар  өз  тақырыбының  ерекшеліктерін,  өзектілігін,  маңыздылығын 

сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп 

отырады.  Ізденіс  барысында  оқушыларға  шығармашылық  мүмкіндіктер  беріледі. 

Оқушылар  дүниетанымының  мүмкіндігіне  қарай,  ғылыми  түрде  тапсырмалар 

беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейтестілігін, 

шығармашылық  аясын  айқындады,  осы  міндеттер  бойынша  оқушылармен 

қосымша ізденуге жағдай жасай алады. 

Қорғау барысында мынадай нәтижеге жетеді. 

-оқушылар өз бетімен ізденуге ұмтылады; 

-кітапханадан қажетті материалдарды іздей білуге үйренеді; 

-оқушылар жинаған ақпараттарды жүйелеуді үйренеді. 

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар: 

-әр деңгейлік сұрақ қойып,оларға жауап беруді үйренді; 

-шығарма мен мазмұндамадан басқа ізденіс жазу түрлері бар екенін үйренді; 

-оқушылар бұған қоса,нәтижелі зерттеу жүргізу үшін үлкен дайындық қажет 

екендігін түсінді; 

-аудитория алдында сөйлеп үйренді; 

-қозғаған тақырыбын берілген уақытқа сыйғызып қорғауға үйренді; 

-жауапкершілікті сезіне біледі; 

-басқа оқушылардың қызығушылығы пайда болды. 

Ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын 

ұйымдастыру, 

дамыту-оқушы 

шығармашылығын  қалыптастырудың  нақты  жолдарының  бірі  екенін  де  естен 

шығармау  қажет.  Бұл  жұмыс  заманауи  ақпараттық  технологияларды  қолдана 

отырып,  қажетті  бағдарлы  базаларға  еніп,  деректер  қорымен  жұмыс  жасауды 

қамтамасыз  етеді  [3,  б.4-6].  Қазіргі  оқытушының  басты  қызметі-білім  беру  мен 

жеке  тұлға  тәрбиесін  сабақтастыру  болса,оқушылармен  ғылыми-зерттеу 

жұмыстырын  жүргізу  арқылы  олардың  өзін-өзі  дамыту,  шығармашылық, 

ізденімпаздық  қасиеттерін  қалыптастырады.  Сондықтан  мұғалім  оқушының 

қабілеттерін  дамыту,  талантты  балалардың  талабын  ұшқырлау  барысында  заман 

талабына сай, жаңа технология қолдану арқылы жұмыс жасау керек. 



 

Әдебиеттер 

454 

 

1.



 

Әбілхасымова 

А, 

Омарова.Р. 



Мұғалімдердің 

 

танымдық  



ізденімпаздығын  қалыптастыру.Алматы   Ғылым. 2003.  

2.

 



Жексенбаева    Ү.Б.  Оқушылардың    ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 

ұйымдастыру. 2006. 

3.

 

Ибрагимова      К.  Бастауыш    сынып    оқушыларын    шығармашылыққа  



баулу. №1, 2010. 

 

 

Садыкова  Кульмира  Сагымовна,  бастауыш    сынып    мұғалімі,    Оралхан 

Бөкей атындағы №44 мектеп –лицейі, Өскемен қаласы 

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗДІК   ҚОРЫН, ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

 

Бастауыш  мектепте  оқытылатын  әр  пәннің  оқушы  тілін  дамытуға  қосар 

үлесі  бар,  дегенмен  өзім  бастауыш  сыныпта  ана  тілнен  бергендіктен,  бұл  үлкен 

міндетті  жүзеге  асыруда  «Ана  тілі»  пәнінің  атқаратын  қызметі  ерекше    зор. 

Оқушылардың  таза,  жатық,  түсінікті  сөйлеуін  қалыптастыру  –  осы  пәннің 

міндеттерінің  бастысы.  Жалпы,  ана  тілі  сабағы  арқылы  жазу  мен  сөйлеу 

мәдениетінің алғышарты қаланады. 

Тілдің негізгі элементі-сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз-тілдің құрамының 

ішіндегі  ең  тұрақты,  талай  ғасырлар  бойы  өмір  сүріп  келе  жатқан,  жалпы 

күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы. 

Тілдің  негізгі  сөздік  қоры  -  тілдің  сөздік  құрамының  ең  тұрақты  бөлігі. 

Сөздік  қор  тілдегі  сөздерді  ғасырлар  бойы  сақтай  отырып,  тілдегі    жаңа  туынды 

сөздер мен жаңа мағынаның  жасалуына ұйытқы  болады. Сөздердің  негізгі  сөздік 

қорда  кең  қолданылуы  мен  ұзақ  сақталуы  олардың  сөз  жасау  қабілетін  дамыта 

түседі.  Сөздік  қордың  тіл  бірлігін  сақтап,  көне  дәуір  әдеби  ескерткіштерін 

ұғынуға,  тануға  мүмкіндік  тудырады.        Біздің  ана  тіліміз,  қасиетті  қазақ  тілі 

өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере 

алатын аса бай, оралымды сұлу тіл.  

Бүкіл  оқыту  барысында  оқушының  тілін  дамытып,  сөз  байлығын  арттыру- 

ең  маңызды  жұмыстардың  бірі.  Бұл  әрине  бастауыш  сыныптан  бастап 

оқушылармен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады. 

Тілдің  дамуы  оның  сана-сезімінің,  ой-өрісінің  басқа  да  психологиялық 

үрдістің жетіле түсуіне негіз болады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  сөздік  қорын  байытуда  сөздерді 

үйретудегі ұстанымдары: 

- сөздің оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстылығын ескерту; 

- үйретілген сөздің жеңілділігі; 

- бастауыш сынып оқушыларының ұғымына сөз мағынасының сай келуі. 

- сөздерді оқытылатын тақырыптармен байланысты таңдап алу; 

- сөздердің мағыналық ерекшеліктерін ескерту

- сөздердің тәрбиелік,ізгілік ұғымына сәйкестілігін есепке алу және т.б. 

Сөйлеуге  байланысты  мынадай  талаптар  қойылады:  мазмұнды  сөйлеу,  дәл 

сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу. 


455 

 

Сөздік  қорының  ең  маңызды  міндеті  оқушылардың  ауызекі  сөйлеуде 



қолданылатын  сөздер  қорын  толықтыратын  сөздікті  белсенді  ету.  Жаңа  сөздерді 

есте сақтаудың тәсілдері мен жаттығулары да бар. Олар мыналар: 

- тақтаға сөз жазып, оны буынға бөлу; 

- сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар( 

жаттығу жұмыстары); 

- жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу; 

- жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар 

( әңгіме эссе, мазмұндама,шығарма т.б) жүргізу; 

- орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу; 

- Сөздік жасату.(түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздер,оқушы 

сөздігі т.б.); 

Оқушылардың  тілін  дамыту  мақсатын  шешуде  біріншіден,  оқушылардың 

меңгерген  сөзі,  сөз  байлығы  қаншалықты  дәрежеде  екендігін;  екіншіден,  сөз 

байлығының, сөз қорының аз болуының себебін, өзіндік ерекшелігін; үшіншіден, 

тілін  байыту  мен  дамытуда  тиімді  әдіс-тәсілдерін  алдын  ала  анықтап  белгілеу 

керек. 


Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады: 

-  қоршаған  ортаны  байқату,  аңғарту  (  табиғатпен,адамдардың  қоғамдық 

және өндірістік еңбегімен таныстыру); 

- үлкендермен қарым-қатынас әңгіме өткізу,кездесу ұйымдастыру; 

- арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу. 

- сыныпта және сыныптан тыс оқу (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) 

барысында т.б. жағдайларда. 

Сабақ  үстінде  жаңа  сөз  үйретілумен  қатар  сол  сөзді  дұрыс  қолданудың 

қажеттілігі  туралы  мұғалім  тарапынан  ескертіліп,  ана  тілінің  ұлылығы,  байлығы 

туралы мәселе кешенді қарастырылғанда ғана оң шешімін таппақ. 

Бастауыш  мектепте  ана  тілі  сабағында  сөздік  қорды  дамыту  жұмыстары 

түрлі  әдіс  -  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асады:  сұрақ  -  жауап;  әңгімелесу;  түсіндіру; 

зерттеу; түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы. 

Сабақ сайын өтілген тақырып ауқымына қарай кем дегенде екі - үш сөзден 

болсын оқушының лексикалық минимумы артып отырады. Және барлық үйренген 

сөзі күнделікті өмірде белсенді қолданыла бермеуі мүмкін. Көнерген сөздер (зат, 

киім - кешек, салт - дәстүр, музыкалық аспаптар, ай, жыл, қару - жарақ атаулары), 

кәсіби  сөздер  тағы  басқа  қажеттілік  болмаса,  үнемі  белсенді  қолданысқа  түсе 

бермейді.  Осыдан  келіп  сөздік  қордағы  сөздерді  белсенді  және  белсенді  емес 

сөздер деп қарастыру қажеттігі туындайды. 

Тіл  байлығын  арттырып,  оқушылардың  сөйлеу  тілін  жетілдіруде 

мәтіндермен  жұмыс  жүргізу  аса  маңызды.  Көркем  мәтінге  тақырыптық  талдау 

жасап, негізгі ойын анықтау, кейіпкерлердің іс  - әрекетіне баға беру, сол арқылы 

оқушы  танымын  кеңейтіп,  тәрбиелік  жағына  көңіл  бөлу  –  бастауыш  сынып 

бағдарламасында  ескерілетін  жайт.  Алайда,  көркем  мәтінді  оқыған  соң,  талдаған 

тұста сөздік жұмысын жүргізу одан әрі оқушының барынша дұрыс түсініп, барлық 

талдауларға еркін қатысуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмыстары жүйелі жүріп, 

оны  дұрыс  меңгеруі  үшін  әр  оқушыда  жеке  сөздік  дәптер  болуы  керек.  Мұғалім 



456 

 

оқушылардың  дәптеріне  төмендегідей  кесте  сызып  беріп,  оның  тұрақты 



толтырылуы талап етілсе құба - құп. 

Тек  дәптерге  жазғызып  қою  жеткіліксіз.  Енді  танысқан  сөзді  санада 

тұрақтандыру үшін жаңа сөзбен түрлі жұмыстар жүргізіледі: 

 



мүмкіндік болса, заттың өзін көрсету; 

 



суретін көрсету; 

 



синониммен түсіндіру; 

 



антонимдері арқылы түсіндіру; 

 



мұғалімнің жалпы түсініктеме беруі т. б. 

Мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркестерді үйрету барысында да оқушының 

тіл  байлығы  артады.  Үйренгендерін  ұмытып  қалмауы  үшін  оны  сөздік  дәптеріне 

жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау 

жұмыстарын  алуға  болады.  Мақал  -  мәтелдерді  қаншалықты  білетінін  анықтау 

үшін  әрі  мейлінше  көп  меңгерулері  үшін  осы  бағытта  сайыс  сабақтар 

ұйымдастырылады. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрізді сайыстар оқушының 

тіл  байлығының  артуына  ғана  емес,  ой  -  өрісінің,  танымының  артуына  ықпал 

етпек. 

Оқушының  тілін  байыту  жұмыстары  тіл  мәдениетімен  тығыз  байланысты 



екені  белгілі.  Тіл  мәдениеті  бойынша  бастауыш  сынып  оқушыларына  мына 

талаптар қойылады: 

- сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу; 

- орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу; 

- ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу; 

- шамасы жеткенше ертегі, әңгіме жаза білу т. б. 

Тіл  дамытудағы  өнімді  тәсілдердің  бірі  –  шығармашылық  тапсырмалар. 

Мұндай  тапсыр  малар  –  тіл  мәдениеті  талаптарын  жүзеге  асыруда  аса  тиімді. 

Оның түрлері: 

 



шығарма, әңгіме жазу; 

 



сурет бойынша әңгіме жазу; 

 



икемі бар балаларға өлең шумақтарын жазғызу; 

 



ертегі жазу; 

 



көркем шығарма оқу; 

 



сайыс, рөлдік ойындарға қатыстыру; 

 



әркімнің қабілетіне қарай деңгейлік жеке тапсырмалар беру; 

 



сөзжұмбақтар құрастыру; 

 



газет - журнал шығарту; 

 



балаларға арналған басылымдардағы сөзжұмбақ, ребустарды шешкізу; 

 



жұмбақтар құрастырту; 

 



хат жаздыру; 

 



белгілі бір шығармаға қысқаша пікір жаздыру т. б. 

Оқушының  сөздік  қорын  арттырып,  сөйлеу  тілін  байытуда  сыныптан  тыс 

оқуға  да  үлкен  талап  қойылады.  Сыныптан  тыс  оқу  мектеп  бағдарламасында 

арнайы  ескеріледі,  міндетті  шығармалар  тізімі  беріледі,  сағат  саны  көрсетіледі. 

Әйтсе  де,  тек  көрсетілген  тізіммен  шектеліп  қалмай,  сабақ  үстінде  үйде  оқып 


457 

 

келуге  оқушыларға  қызықты  әңгімелер  мен  ертегілер  ұсынылса,  бұл  біріншіден, 



нақты мақсатқа жетуге, екіншіден, оқушылардың одан әрі де көркем шығарманы 

өз бетімен қызығушылық танытып оқуына септігін тигізеді. Оқылған шығарманы 

тексеріп, сараптаудың жолдары көп; 

 



түсінгенін әңгімелету; 

 



сұрақтарға жауап бергізу; 

 



кейбір үзінділерді жатқа айтқызу; 

 



оқыған  кітабы  бойынша  таныс  емес  сөздерін  сөздік  дәптеріне  жазып 

отыруға дағдыландыру; 

 

кейіпкерлер іс - әрекетіне баға бергізу; 



 

әңгімелердің ұқсастығын салыстыру; 



 

ең соңында сол шығармаға ұқсатып әңгіме жаздыртып көру т. б. 



Мұғалім  осындай  жұмыстарды  атқарту  арқылы  оқушылардың  өздігінен 

кітап  оқуына  бағыт  береді.  Көркем  шығармамен  жұмыс  –  оқушының  тілін 

байытудың  ең  тиімді  жолы.  Көркем  шығарманы  көп  оқу  арқылы  оқушының 

танымы  артып  қана қоймайды, ойын  жүйелі  жеткізуді, байланыстырып  сөйлеуді, 

тілдің  орфоэпиялық,  орфографиялық  нормаларын  дұрыс  меңгеруді  үйренеді. 

Алайда,  көркем  шығармамен  жұмыс  істеу  барысында  есте  ұстайтын  жайт: 

шығарманың  оқушының  жас  ерекшелігіне  сай  болуы,  мазмұнының  қызықты 

болуы,  тәрбиелік  мәнінің  зор  болуы,  оқушыны  жалықтыратындай  тым  көлемді 

болмауы. 

Сонымен  бірге  ана  тілі  сабағында  өтілген  материалды  бекіту  үшін 

оқушының  ауызша  сөйлеу  мүмкіндігін  арттыруға  назар  аударған  дұрыс.  Мұның 

төте  жолы  –  түрлі  рөлдік  ойындар.  Ондай  ойындар  оқушының  тілін,  еске  сақтау 

қабілеттерін  арттырады,  зейінін  шоғырландыруға  көмек  көрсетеді.  Нәтижесінде 

сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына осы ойынның жәрдемі тиетінін түсінеді. 

Сабақ  үдерісінде  мұғалімнің  басшылығымен  мұндай  жұмыстар  жүзеге 

асырылып, жүйелі орындалып отырса: 

- оқушының сөздік қоры мен тілін байытуға ықпал етеді; 

- ауызша және жазбаша тіл мәдениеті талаптарын меңгереді; 

- сауатты жазуға үйретеді; 

- оқушы өз бетімен шығармашылықпен айналысуға үйренеді. 

Қорыта келгенде, мақала көлемінде  оқушының тіл байлығын арттып, сөздік 

қорын  дамытуға  жәрдемі  тиетін  әдіс  -  тәсілдер  мен  іс  -  әрекет  түрлері 

қарастырылды.  Осындай  жұмыстар  жүйелі  жүргізіліп  отырса,  кез  келген 

мұғалімнің  мақсатына  жететіні  даусыз.    «Біздің  заманымыз  –  жазу 

заманы....Сөздің  жүйесін  қиысын  келтіріп  жаза  білуге,сөз  қандай  орынды  қалай 

өзгеріліп,  қалайша  бір-біріне  қиындасып,жалғасатын  жүйесін  білу  керек» 

болғандықтан  «қазақ  бастауыш  мектебінде  басқа  білімдермен  қатар  қазақ  тілінің 

дыбыс, сөз, сөйлем, жүйелерін де үйрету керек» - деп А.Байтрсынов айтқандай әр 

сабақты    шығармашылықпен  жүргізіп,  тілден  сырлы  сазды   табайық.Оқушыны 

субъект  ретінде  қалыптастыруда  оның  сөздік  қорын,  тіл  байлығын  дамытып 

оқытуды өне бойы өмір серік етіп алғанымыз жөн. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет