Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет55/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65

 

Литература 

1.

 



М.А.,  Пинская  Формирующее  оценивание:  оценивание  в  классе. 

Учебное пособие. – Москва: Логос, 2010. –С. 10. 

2.

 

Шакиров Р. Х., Буркитова А. А., Дудкина О. И. Оценивание учебных 



достижений  учащихся.  Методическое  руководство.  -  Бишкек:  «Билим»,  2012.  – 

С.18. 


3.

 

Сухомлинский  В.А.  Как  формировать  у  воспитанника  радость 



познания. Антология  гуманной  педагогики.  –  Москва: Издательский  Дом Шалвы 

Амонашвили, 2005. –  С.237. 



 

 

Толыкбаева Гульнур Сериковна, информатика пәні мұғалімі, №3 Күршім 

гимназиясы, ШҚО  



 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ 

 

12  жылдық  білім  беру  барлық  ұлттық  білім  беру  жүйесіндегі  реформа,  ол 

«жылдам  дамушы  ортада  өмір  сүруге  қабілетті,  өзіндік  дамуға  даяр,  өзін  таныта 

алатын  және  өзі  үшін  де  қоғам  үшін  де  бар  мүмкіндігін  пайдаланатын  жоғары 

білімді  шығармашыл,  құзыретті  тұлға  қалыптастыруды  және  дамытуды»  алдын 

ала  болжайды  Қазақстан  Республикасында  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру 

Тұжырымдамасының  жобасы).  Қазіргі  өмір  талабына  сай  компьютерлік 

сауаттылықты  жылдам  дамыта  отырып,  педагогикалық,  психологиялық 

әдістемелік  бастапқы  дайындықты  қалыптастырмайынша,  балалар  өз  білім 

деңгейін  көтере  алмайды.    Сол  себепті  информатика  пәнін  бастауыш  сыныптан 

бастап енгізу қажеттілігі туындайтыны, бастауыш сыныптарға информатика пәнін 

енгізудің  маңыздылығы  баяндалады.    Сонымен  қатар    ғалымдардың,  практик  – 

мұғалімдердің  пікірінше,  бұл  курсты  бастауыш  сыныптарда  оқытуға  негізгі  

факторлары, Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйене отырып,  бастауыш 

сыныптағы  информатиканың  пропедевтикалық  курсының  негізгі  бағыттары 

көрсетіледі. 

Қазіргі  заман  мектеп  оқушыларын  құбылмалы  әлемге  бейімдеуге,  өзінің 

жеке  өмірінде  болашақ  кәсіптік  әрекетті  тануға  мүмкіндік  беретін  өзгерістерді 

талап етеді. 

Оқушылар  информатика  пәнін  жеңіл  және  тез  меңгеруде,  олардың  қазіргі 

өмір  ағымына  деген  көзқарастарының  жан-жақты    жоғары  дәрежеде  дамуына 

байланысты,  енді  информатика  пәнін  тіпті  1-сыныптан  бастап  енгізуге  болады 

деген пікірлер ұсынылуда. 

Информатикалық  қоғамда  балаларды  жұмыс  істеуге  дайындау  үшін 

алдымен  логикалық ойлауға,  талдау жасай  білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету 

керек.  Психологтардың  айтуы  бойынша,  баланың  негізгі  логикалық  ойлауы  5-11 

жаста қалыптасады. 


476 

 

Мектепте  информатиканы  оқыту  дара  бағдарламамен  жүзеге  асуда.  Ал 



бастауышта  бұл  дара  пән  ретінде  емес,  орыс,  қазақ  тілдері  мен  математикаға 

қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің  негізгі мазмұны төмендегідей: 

-

 

Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы



-

 

Мазмұнды  логикалық  тапсырмаларды  мақсатты  түрде  енгізу, 



дидактикалық  ойындар  мен  дәстүрлі  емес  мақсаттарды  биік  деңгейде  шеше 

білуге үйрету

Жаңа  ақпараттық  технологияның  жылдан-жылға  кең  құлаш  жайып  дамуы 

адам  қызметінің  барлық  салаларына  енуіне  орай,  жас  ұрпақты  компьютерлік 

техниканы  пайдалану  үшін  даярлауда,  олардың  компьютерлерге  деген  оң 

көзқарасын  қалыптастырумен  қатар,  оқушылардың  сыныпта  және  сыныптан  тыс 

оқу 


қызметін 

компьютер 

арқылы 

ұйымдастыру 



«Қазақстан 

2030»  


бағдарламасында  көрсетілгендей  көкейкесті  мәселелердің  бірі.  Бұл  мәселелер 

бойынша  тәжірибелер  жинақталуда.  Қазірден  бастап  балаларды  кішкентайынан 

өздерін  қоршаған  ортамен  жан-жақты  таныстыру,  олардың  логикалық  ой  өрісін 

шығармашылық  жағынан  дамыту,  сөйлеу  және  жүріс-тұрыс  мәдениеттілігін 

арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып 

отыр.  Осы  мәселелердің  әртүрлі  жолдары  қарастырылып,  басқа  шет 

мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып: 

-

 



бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану; 

-

 



бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту; 

-

 



мектептерде  балаларға  арналған  информатика  үйірмелерін  ұйымдастыру 

арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде. 

Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас 

жеткіншектердің  компьютерлік  сауатты,  әрі  компьютерлік  мәдениетті  болып 

өсуіне жол ашады. 

Ғылым  мен  техниканың  жылдан-жылға  кең  өріс  алып,  жедел  қарқынмен 

дамуы,  білімнің  негізі  болып  табылатын  –  бастауыш  мектепке  де  өз  әсерін 

тигізуде.  Сондықтан  бастауыш  білім  жүйесіне  басты  мақсат  -  әрбір  оқушыны 

информатика  ғылымының  алғашқы  фундаментальді  білім  негіздерімен  

таныстыру,  өз  бетімен  жұмысын  арттыру  мен  шығармашылық  қабілеттерін 

дамытуда    жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  және  оның  тиімді  

әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын 

басқа  пәндермен    үйлестіре  отырып    түпкілікті  және  саналы  түрде  меңгеруге 

қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. 

Жаңа  ақпараттық  технологияның  басты  тиімділігі  –  бұл  мұғалімге 

бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық 

байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке 

қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа 

ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе  

бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен    шұғылдануға,  ізденуге,  өз 

жұмысының  нәтижесін  көріп,  өз-  өзіне  сын  көзбен  қарауына  және  жеткен 

жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.  

Информатика пәні 1-сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен 

оқытып,  осы  пәнге  деген  бала  қызығушылығын  арттыратын  түрлі  оқыту 

бағдарламалары,  әсіресе  қазақ  мектептері  үшін  өте  тапшы.  Сондықтан  бастауыш 


477 

 

сынып  оқушыларына  информатика  сабағын  жүргізудің  тиімді  жолдарын 



қарастырып,  оны  нақты  материалдармен  теориялық  және  практикалық  жағынан  

байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 

Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.  

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап 

оқытуға  болатындығы  және  оның  тиімділігі  дүниежүзілік  тәрбие  негізінде 

дәлелденіп отыр. 

Ғалымдардың,  практик  –  мұғалімдердің  пікірінше,  бұл  курсты  бастауыш 

сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар: 

-

 

бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу; 



-

 

ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту; 



-

 

бастауыш 



мектеп 

оқушыларының 

ақпараттық 

мәдениетін 

қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау. 

Ресей  ғылымдарының  соңғы  зерттеулеріне  сүйенсек  бастауыш  сыныптағы 

информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей: 

1.

 



Қолданушылық. Мұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, 

ойындық  және  бастауыштағы  пәндер  мазмұнына  құралған  жаттықтырушы 

бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты 

қолданушылардың  пікірінше,  баланың  компьютерлік  сауаттылықты  меңгеруі  – 

бұл  сабақта  және  сабақтан  тыс  кезде  компьютерді  өз  қажетіне  қарай  еркін 

пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.  

Қолданушылық  бағыттары  пропедивтикалық  информатиканы  меңгеру 

нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:  

-

 

оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу; 



-

 

программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды 



пайдалану; 

-

 



программамен  жұмыс  істеуге  машықтану,  программаны  енгізу, 

керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу. 

2.

 



Ақпаратты  -  логикалық.  Бұл  бағыт  бойынша  оқыту  біріншіден, 

оқушылардың  қоршаған  ортаның  элементтерін  танып,  оларды  ажырата  білу 

қабілеттерін  дамытса,  екіншіден,  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерімен  қатар 

байқағыштығын  зейінін,  берілген  тапсырманы  орындаудың  оңтайлы,  тиімді 

жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, 

ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады.  

3.

 

Бағыт  бойынша  оқытудың  жаңа  әдіс  –  тәсілдерін  қолдану  арқылы 



баланың  кішкентай  кезінен  дүниеге  өзіндік  көзқарастарының  қалыптасуына  жол 

ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты 

– оқушы зерттеуші есебінде. 

4.

 



Дәстүрлі  курсқа  информатика  элементтерін  қосу.  Ғылымдардың 

зерттеулері  бойынша,  оқу  процесінің  тиімділігін  арттыруда  ақпараттық 

технологиялардың  рөлі  зор.  Бүгінгі  күні  психологтар  мен  педагогтар  оқу 

процесінің  тиімділігін  арттырудың  негізгі  тәсілі  ретінде  төмендегі  шарттарды 

ұсынады.: 

1.

 



Проблемалық оқытуды қолдану; 

2.

 



Алгоритмдік оқыту; 

3.

 



Оқытуды ақпараттандыру

478 

 

4.



 

Пәнаралық кіріктіру. 

Информатика  пәні  баланың  техника  құлағында  ойлап  отырған  өз 

замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік 

негізі  5  компоненттен  тұрады.  Олар:  мақсат,  мазмұн,  әдістер,  қажетті  құрал 

жабдық  пен  оқыту  формасы.  Информатика  үшін  қазір  әдістерінің  жолдары 

жаңаруда. 

Бастауыш  сыныптарда  информатика  курсының  мақсатын  төмендегідей 

сипаттауға болады: 

1.

 



Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі; 

2.

 



Ойды логикалы түрде дамыту; 

3.

 



Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік; 

4.

 



Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу. 

Бастауыш  сыныптарда    бала  үшін  оқудың  негізгі  саласы    ойын  болып 

табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына 

да,  тәрбиесіне  де  әсер  етеді.  Сонымен  бірге  әртүрлі  педагогикалық  мәселелерді 

шешуге  көмектеседі.  Информатиканы  ойын  әдістемелері  негізінде    өткізу  өте 

пайдалы.  Себебі  бұл  өзіне  барлық  жұмыс  түрлерін  қосып  баланың 

шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой - өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді. 

Адамның  тұлғалық  қалыптасуы  –  үздіксіз  және  күрделі  процесс.  Ол  білім 

алудың  белгілі  бір  сатысымен  шектелмейді.  Бүгінгі  таңда  демек  болашақта  да  

білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі 

білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек 

қана  негізі.  Мұнан  шығатын  қорытынды  –  оқушыларды  үздіксіз  білім  алуға 

дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.   

 

Әдебиеттер 

 

1.

 



«Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал. 

2.

 



М.М. Безруких, С.П.Ефимова, «Знаете ли вы своего ученика?» 

3.

 



Е.Ы.Бидайбеков, Ж.К.Нұрбекова, А.Е. Сағымбаева. «Информатикадан 

оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал – Алматы, 2003. 

4.

 

Ш.Т.Шекербекова,  А.Е.Сағымбаева.  «Информатика»    әдістемелік 



құрал. – Алматы, 2005. 

 

 

Тоқтасынова  Бақыт  Рамияновна,  бастауыш  сынып  мұғалімі,  Жарсу  орта 

мектебі, Зайсан ауданы, ШҚО 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ 

 

Бастауыш  мектеп  –  оқушы    тұлғасы    мен  санасының    дамуы    қуатты  

жүретін,    ерекше    құнды,    қайталанбас    кезеңі    болып    табылады.  Сондықтан  

бастауыш    білім  –  үздіксіз      білім    берудің    басқышы,  білім    негізінің    іргетасы. 

Бастауыш    мектеп    балаға    белгілі    бір    білім    беріп    қана    қоймай,  оны    жалпы  

дамыту,    яғни    сөйлеу,    оқу,    қоршаған    орта    жөнінде  дұрыс    көзқарас  



479 

 

қалыптастыру,    жағдайды    обьективті    түрде    бақылап,  талдау    жасауға    үйрету,  



ойын    дұрыс    айтуға,    салыстыра    білуге,    дәлелдеуге,  сөйлеу    мәдениетіне  

үйретеді. 

        Осы    орайда,    егеменді    еліміздің    білім    беру    жүйесінде    әлемдік    деңгейге  

жету    үшін    жасалынып    жатқан    талпыныстар    оқытудың    әр    түрлі    әдіс  – 

тәсілдерін  қолдана  отырып,  терең  білімді, ізденімпаз, барлық  іс - әрекеттерінде  

шығармашылық  бағыт ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  

жеке  тұлға  тәрбиелеу  ісіне   ерекше  мән  берілуде. Демек,  мектептегі  оқыту  

үрдісі    оқушының    танымдық    қызығушылығын    арттырып,    шығармашылық  

әрекеттерін  дамытуына  жол  ашуы  қажет. 

Мұғалім мен оқушының бірлесіп еңбек ету арқылы жоғарғы нәтижеге жетуі, 

оқу  үрдісін  жетілдіруді  қамтамасыз  етеді.  Міне  сондықтан,  мұғалім  өзінің 

педагогикалық үрдістегі жетекшілік рөлін іске асыра отырып, әрқашан оқушының 

іс-әрекеттің субъектісі болуын ықпал етуге міндетті. 

Бүгінгі  күні  бастауыш  сынып  мұғалімі  оқушылардың  алдында  іс-әрекеттің 

мақсатын  ашып,  оны  түсінуге  ықпал  етуі,  білім  мазмұнының  түсінікті  болуын 

қамтамасыз  етуі,  жетекші  идеялардың  көкейтестілігіне  көңіл  бөлуі,  білімнің 

құндылығын  ашуы,  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  бірте-бірте  күрделендіріп, 

осыған  сәйкес  оқушыларды  қажетті  іс-әрекет  амалдарын,  танымдық  біліктерімен 

қаруландыруы  тиіс.  Сонымен  қатар  бастауыш  сынып  мұғалімі  оқушылар  іс-

әрекетінің  дұрыс,  тиімді  ұйымдастырылуына  ықпал  етеді,  қиындықтарды  алдын-

ала байқап, оны  жеңуге  көмектеседі, нәтижені  бақылап, талдайды, оқушылардың 

жетістіктерін мадақтайды. 

Оқу    үрдісіндегі    іс-әрекеттің    білімдік    сипаты    оқушыға    танымдық  

қызығушылықтағы    өзінің  және    ұжымның    жеткен    жетістіктерін    көруге  

мүмкіндік  береді. Өзін-өзі  байқау, өзінің  жетістіктерін  басқалармен  салыстыру  

танымдық  қызығушылықты  орнықтырады, оқушы  өз  жетістіктерінің  нәтижесін  

көреді.  

Танымдық  тапсырмаларды  орындауда  оқушы  жағынан  көрінетін 

мақсаттылық, белсенділік, саналылық қалыптасудың берік негізі болып табылады: 

ойлау әрекеті жанданады (шешу, логикалық талқылау, топшылау); 



білімнің көкейтестілігі (жетекші идеялар, айғақтайтын фактілер); 

қажетті  амалдар  таңдалып  алынады,  түрлі  біліктер  тәжірибеден  өтеді, 



әртүрлі жолдар шешімін тауып, нәтижелері таңдалынады. 

Оқушыларды    шығармашылық    жұмысқа      баулып,    олардың   

белсенділіктерін,  қызығушылықтарын арттыра  түсу  үшін, ана тілі сабақтарында  

әртүрлі  әдіс – тәсілдерді  қолдануға  болады. Олар мынандай: 

- тақырыпты  мазмұнына  қарай  жинақтау. 

- арнаулы  бір тақырыпта   пікірталас  тудыру. 

- логикалық  ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген  тапсырмаларды  шешу. 

(Сөзжұмбақ, құрастырмалы  ойындар) 

-  берілген    тапсырмаларды    түрлендіру    бағытындағы    жұмыс.(Мәтін    мазмұнын  

өңдеу,  шығарма, шағын  әңгіме  мәтінін  құру т.б.) 

- әңгіменің  ұқсастығын  салыстыру,  бөліктерге  бөлу, ат  қойғызу. 

- қиялдау  арқылы  сурет  салғызу,  ролге  бөліп  оқыту. 

- ұнатқан кейіпкеріне мінездеме  беру. 


480 

 

- ой шапшаңдығын,  сөз  байлығын  дамытуда  өлең  шумақтарын  құрастыру. 



Мұғалім  жаңа  материалды  өткенде,  ең  алдымен  оқушылардың  оған 

қызығуын (жағымды мотивін) туғызудан бастайды, содан соң материал мазмұнын 

түсінуге  көмектесетін  оқу  жұмысының  тиісті  тәсілдерін  үйренуге,  өз  жұмысын 

қалай  орындап  жатқанын  өздері  бақылап  отыруға  дағдыландыруы  тиіс.  Жаңа 

материалға дейін алғашқы мотивті туғызу үшін ек нәрсені іске асыру керек:  

  -  оқушы  санасына  жаңа  тақырыпты  не  үшін  оқып  үйренудің  қажеттігі  мен 

маңызын  жеткізе  білу  керек.  Мысалы,  оның  келесі  тақырыптағы  теориялық 

материалды  түсіну  үшін  немесе  нақты  практикалық  істерді.  (еңбек,  басқалармен 

қарым-қатынас жасау, дербес білім алу т.б.) орындауға керек болатынына сендіру 

қажет; 


   - өтілетін жаңа материал бойынша оқушы өзі үшін екі қорытынды жасауы тиіс.  

Біріншіден,  ол  жаңа  материалды  оқып  үйренудің  не  үшін  керектігін, 

екіншіден,  сол  материалды  оқып-үйрену  үшін  қандай  білім  мен  дағды  керектігін 

сезінуге тиіс. Оқушыларға тақырыптың мазмұнына байланысты берілетін білімнің 

қоғамдық  мәні  мен  қажеттігін  көрсетумен  қатар,  оларға  білімдерін  күнделікті 

өмірде,  практикада  қолдануға  болатынын  аңғартып  отыру  пайдалы.  Мысалы,  тіл 

сабағында оқушыларға  адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауына,  сөйлеу 

тілі  міндеттерді  атқаратынын  байқау  қажет:  әр  адам  өз  ойын  дәл  айтуы,  сөзбен 

біреуді  сендір, өз  пікірін  дәлелді  қорғау, әртүрлі жағдайда түрліше сөйлесу  және 

ойды  жазу.  Бұларды  іске  асыруда  тіл  байлығын,  грамматикалық  ережелерді, 

мәнерлеп  сөйлеуді,  сауатты  жазуды  қолдана  білу  керек  екенін  оқушылардың 

ұққаны жөн. Оны оқушыларға әртүрлі адамдарға (ресми адамдарға, жолдастарына, 

туыстарына  т.б.)  хат  жаздыру  арқылы  тексеруге  болады.  Мұғалім  сабақта 

оқушыларға  өзіндік  жұмыстың  міндетін,  оны  орындаумен  бақылау  тәсілдерін 

үйрету  үшін  арайы  жаттығулар  беріп  отырғаны  дұрыс.  Мысалы,  оқушылардың 

математикадан  бір  есепті  шығарудың  әртүрлі  жолдарын  ұйымдастыруды 

(іздестіруі),  оларды  бір-бірімен  салыстырып,  ең  ұтымдысын  таңдап  алуы  қажет 

сияқты.  

Мұғалім  оқушыларға:  «Біз  қандай  мақсат  көздедік?»,  «Бұл  жұмысты 

орындау  үшін  қандай  тәсілдерді  қолдандық?»,  «Қолданған  тәсілдің  дұрыс  екенін 

қалай  білесің?»,  «Жұмыстың  нәтижесі  қандай  болмақ?»,  «Өз  жұмысыңның 

сапасын қалай тексере аласың?» -  деген сиқты сұрақтар беріп, олардың өздігінен 

істеп  жатқан  жұмысының  саналығы  мен  орындау  сапасын  өздеріне  байқатуға 

болады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін олардың оқу 

әрекетінің  әрбір  тәсілін  (міндет  қою,  тәсілдерді  қолдану,  өзін-өзі  бағалау)  жеке-

жеке  бағалап,  ескертулер  жасап  отыру  орынды.  Осы  мақсатта  оқушылардан: 

«Алдыңда  қандай  міндет  тұр?»,  «Жұмысты  орындау  үшін  қандай  тәсіл 

қолданасың?»,  «Өзіңді-өзің  қалай  бақылайсың?»  деген  сұрақтарға  жауап  беруді 

талап ету керек.  

Оқушылардың  өздік  жұмысын  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптар 

мынадай:  

жұмыстың  көлемін  шамадан  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға  көңіл 



аудару; 

-  оқушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс 

ұштастыра білу; 


481 

 

-  оқушылардың  дербестігін  арттырып,  өзіндік  білім  алу  қабілетін  жүйелі 



түрде дамыту; 

-  өзіндік 

жұмыстың 

мазмұнына 

күнделікті 

өмірден 


алынған 

материалдарды, хабарларды енгізу; 

-  оқушыларды табиғат пен қоғам дамуына жалпы заңдылықтарын, сонымен 

қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; 

-  оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; 

-  оқушылардың  оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр 

уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; 

-  оқушыларды  өздігінен  дербес  жұмыс  істеу,  еңбек  ету  дағдысын 

қалыптастыру. 

Қорыта  келгенде,  қазіргі  кездегі  басты  мақсат  –  оқушыларға  жан-жақты 

білім  беріп  қана  қоймай,  олардың  өздігінен  білім  алуға  құштарлығын, 

ізденімпаздығын  қалыптастыру.  Оқушылардың  өздігінен  ойланып,  танымдық  іс-

әрекетін жетілдіруде, білімді тиянақты алу дағдыларын қалыптастыруда бастауыш 

сынып мұғалімнің жоғары дәрежеде жетекшілік ете білуінің мәні зор. 



 

Әдебиеттер 

 

1. 


Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелері.  – 

Алматы, 2013. – Б. 448. 

2. Дәулетбекова Ж.Т. Оқушылардың оқу  мотивтері – сапалы  білім  негізі.  

Алматы – 2000. 

3.

  

Есмаханбетова  Ш.  Оқушылардың  танымдық  іс  -  әрекетін 



қалыптастыру, Оқу әдістемелік құрал. Алматы – 2002. 

4. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или  

как  интересно преподавать: учебн. пособие. –Алматы, 2010. 

5. Мейір Ж., Игенбаева Б. Креативтік тәрбие: оқу құралы.-Астана: Фолиант, 

2009.- Б. 192. 

 

 

Траиспаева  Айжан  Айтказиновна,  Маяковский  атындағы  орта  мектебі, 

Қалбатау ауылы, ШҚО  



 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ 

ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 



халқына  Жолдауында  «Бәсеке  басы  білім,  ел  басқаратын  болашақ  жастардың 

білімділігі  мен  біліктілігінде»  деген.  Ендеше,  ұстаздар  қауымы  ел  басқаратын 

болашақ  жастардың  білімін  қамтамасыз  ету  керек.  Сондықтан  да  мектептегі  оқу 

үрдісінің  барысы  әр  түрлі  педагогикалық  әдіс  –  тәсілдермен  жүйелі  түрде 

оқушылардың  шығармашылық  ойларын  дамытып,  ғылыми  көзқарасы  мен 

белсенділігін арттырады. 



482 

 

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр 



боларлықтай  ұрпақ  оқыту,  тәрбиелеу  ісін  жаңа  сапалық  өзгерістер  деңгейіне 

көтеруді  талап  етіп  отыр.  Мектеп  құрылымында  болып  жатқан  өзгерістер,  білім 

беру  мақсаттарының  алмасуы,  оның  дамытушылық  сипаттарының  бекітілуі, 

көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық 

бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. 

 Қазіргі  кезде  біздің  республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып, 

әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу 

–  тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Білім  негізі 

бастауыш  мектепте  берілетіні  анық.  Сондықтан  да  бастауыш  сынып  мұғалімі 

бағдарлама  көлемінде  ғана  білім  беріп  қоймай,  пәндер  арқылы  баланың  жан  – 

жақты  дамуын  қамтамасыз  етуі  керек.  Күн  тәртібінде  қойылып  отырған  күрделі 

мәселелердің  ішінде  жас  ұрпаққа  білім  беруді  әлемдік  деңгейге  жеткізу  үлкен 

орын  алады.  Сондай  қоғамдағы  түрлі  бағыттағы  өзгерістердің  бірі  –  12  жылдық 

оқыту  моделі.  Кезінде  Елбасы  «21  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 

тығырыққа  тірелері  анық»  деп  айтқан  болатын.  Егемен  еліміздің  әлемдік  білім 

кеңістігіне  кірігуі,  Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне 

көшуі, білім беру жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған соны өзгерістердің 

көрінісі болып отыр.  

Бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалылығын  тәрбиелеу  үшін,  ең 

алдымен  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың  мәні  зор.  Ал  сол 

шығармашылық қабілеттерді дамытудың көптеген әдістері мен тәсілдері бар. Енді 

соларға көңіл аударайық.  

Шығармашылық  қабілеттер  әр  бастауыш  сынып  оқушысының  бойында 

болады.  Бірі  есепке  жүйрік  болса,  екіншісі  тілге  бай,  ал  енді  біреулері  сурет 

салғанды  тәуір  көреді.  Олардың  қабілеттерінің  құрылымы  да,  оны  құрайтын 

компоненттер де әр түрлі болып келеді. Мысалға: математикалық қабілеті басым 

балаларда  ойлау  операциялары  тез,  дәл  болады  да,  бейнелеу  өнеріне  қабілетті 

балаларда  нақты  заттардың  бөліктерінің  ара  қатынасын  жылдам  анықтай  білу 

сияқты  белгілер  басым  болады.  Музыкаға  қабілетті  бала  есту,  ритмді  түсіну, 

сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.   

 Бастауыш сыныпта көп берілмейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының 

бірі-  ӨЛЕҢ  ЖАЗҒЫЗУҒА  баулу.  Бұл  жұмысты  1-сыныпта  әліппеден  кейінгі 

кезеңнен-ақ  бастаған  жөн.  Ол  үшін  оқушыларға  ең  алдымен  ұйқас  сөздің  мәнін 

түсіндіріп,  өлеңдердегі  ұйқастарды  табуға  тапсырма  беріледі.  Сонан  кеійн  ғана 

алдымен  жеке  дыбыстар,  сосын  буындар,  одан  кейін  берілген  жол  арқылы  ұйқас 

жасау үйретіледі. Мысалы:  

1) у-у-у сыныпта жақсы оқу.  

2) – ға,-ға,-ға бардым ауылға.  

3) Ауылға барамын, Төлдерді бағамын.  

  Осы  тәртіппен  үйретіле  бастаған  бұл  жұмыс  кейіннен  күрделене  түседі.  

4)  өлеңнің  бірінші  жолын  беріп,  қалған  2,  3,  4-жолдарын  ұйқастарды  ескере 

отырып, 


балалардың 

өздеріне 

жалғастыру 

ұсынылады.  

Әрине, бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі 

қолданып  отырған  жөн.  2,  3,  4  сыныптарда  оқушылар  өлең  шығаруға  төселіп 

алады. 


483 

 

Оқушыларды  шығармашылыққа  үйретудің  тағы  бір  жолы  -  ӘҢГІМЕ, 



ЕРТЕГІЛЕР  жазғызу.  Бұл  жұмысты  төмендегідей  бастаған  жөн.  Сынып 

оқушыларына  қағаз  таратылып  беріледі.  Оларға  сұрақтарға  жауап  жазатын  орын 

қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылады. 1-сұраққа жауапты өзі жазады

сосын жауабын көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған балаға береді. 

2-сұраққа жауапты сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең 

соңғы  сұраққа  жауап  жазылып  біткенде,  жұмыс  жиналып  алынады  да,  жалпы 

сынып алдында оқылады. Сұрақтар келесідей болуы мүмкін:  

1. Ол кім? (не?)  

2. Ол қандай?  

3. Қайда барды?  

4. Кімді (нені) кездестірді?  

5. Оқиға немен аяқталды?  

6. Не түралы сөйлесті?  

7. Әрі қарай не болды?  

Осы  тәріздес  жұмыстар  баланың  қиялын  шарықтатып,  шығармашылығын 

дамытуға ықпал етендігіне көз жеткізуге болады.  

Оқушылардың  қызығушылық  туғызатын  шығармашылық  жұмыстардың 

бірі-  МҮСІНДЕУ.  Оқып  отырған  шығармадағы  өзіне  ұнаған  кейіпкерлердің 

мүсінін жасатқызу арқылы, интуиция, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей 

жағдайға  әкелуге  болады.  Бұл  жұмыстарды  топтарда  ұйымдастырған  қолайлы. 

Шығарма  ең  алдымен  оқылады,  бөліктерге  бөлінеді.  Сосын  бір  үзіндіні 

композиция түрінде ермексаздан бейнелеу тапсырылады. Жұмыс аяқталған соң, әр 

топ  өз  композициясы  арқылы  не  айтқылары  келгендерін  түсіндіріп  береді.  Бұл 

жұмыстар 

баланың 

шығармашылығын 

дамытып, 

оның 


мінез-құлқын, 

жаупкершілігін тәрбиелейді.   

Келесі жұмыс түрі- ДРАМАЛАУ. Драмалау қоршаған ортадан, оқиғадан өз 

көрген білгендерін, көңіл-күйлерін, алған әсерлерін білдіруге асығып тұратын кіші 

жастағы  оқушыларға  өте  жақын.  Бұл  туралы  Л.С.Выготский  “…драма  басқа 

шығармашылық  жұмыстарға  қарағанда  балаға  жақындау,  өйткені  ол  ойынмен 

тікелей байланысты, оның тұлға бойында шығармашылықтың әр түрлі элементтері 

бар”,-  деген. Шығарманың  кейіпкерін  сахналау  үшін  оны  түсіну,  оның  образына 

ене білу қажет. Ол баладан үлкен саналылықты талап етеді. 

Бұл  жұмыс  арқылы  бала  өмірлік  тәжірибе  жинақтайды,  өмірге  деген 

көзқарасы  қалыптасады.  Драмалауға  сабақта  аз  уақыт  бөлінеді.  Ол  кезде 

оқушылар  сыныпта  қажетті  реквизиттер  әзірлейді,  рөлдерін  бөледі,  дайындық 

жасайды. Көріністің өзі 10-15 минуттай уақыт алады. Соңынан ұйымдастырылған 

пікірталаста  кімнің  қалай  ойнағандары,  қандай  кемшіліктер  жібергендері 

талқыланады. Араларынан жақсы “ойнай” алатын “актерлер” де шығып жатады.  

Баланың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  ЖҰМБАҚТАР  және 

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРМЕН  жұмысты  жаңаша  ұйымдастырудың  көп  көмегі  тиуі 

мүмкін.  ЖҰМБАҚТАР-  көркем  миниатюра.  Оларды  салыстыру  арқылы  пайда 

болатын  образдар  беріледі. Сондықтан  оларды  шешу  кезінде баланың  логикалық 

ойы дамиды.  



484 

 

Бастауыш  сыныптардың  “Әдебиеттік  оқу”  оқулықтарында  берілген  мақал-



мәтелдерді  бала  шығармашылығын  дамытатындай  етіп  пайдаланудың  мәні  зор, 

бұл жанрымен жұмыс төмендегідей ұйымдастырылады:  

1. Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.  

2. Керісінше, мақал-мәтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау.  

3. Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айтқызу.  

4. Мақалдың мағынасын ашатын суреттер жинау.  

5. “Халық даналығын ұмытқан жоқсың ба?” түріндегі ойын.  

  Келесі  жұмыс  түрін  де  балалар  өте  қызықты  орындайды.  Тақтаға  сюжетті 

сурет іліп қоямын. Мысалға: “Қалың орман. Айнала жап-жасыл. Өзен ағып жатыр. 

Жағасында  балық  аулап  отырған  адам  бейнеленген.  Өзенде  үйрек,  қаздар  жүзіп 

жүр.”   

Осы суретке қарап отырып, мақалдар айту тапсырылады. Сонда:  

• Сулы жер- нулы жер.  

• Еңбек етсең, емерсің.  

• Еңбек ер атандырады.  

• Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.  

• Табиғат –туған анаң,  т.б. мақалдарды балалар естеріне түсірді.  

Бұл  тапсырманы  орындау  арқылы  сөздің  құдіретін  түсіну,  мақалға  деген 

қызығушылығын  ояту,  оларды  пайдалана  білу  сияқты  педагогикалық-

психологиялық міндеттер шешіледі.  

 Бастауыш  сынып  оқушыларының  бойындағы  шығармашылық  қабілеттерді 

дамыту  зерттеу  әрекетімен  тікелей  байланысты.  Шығармашылық  пен  зерттеу 

арқылы  оқыту  барысында  болатын  үдерісті  –  шығармашылық  ізденушілік  деп 

атайды. Ал шығармашылық ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты. 

Егерде  баламен  жұмыс  істеуде  мұғалім  балалардың  шығармашылыққа 

қызығушылығын  тудырса  –  бала  зерттеу  арқылы  көпке  қол  жеткізе  алады. 

Оқушылардың  зерттеу  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың  түрлері  көп  және  олар 

шығармашылық  жұмыстың  ерекшеліктеріне  қарай  қолданылады.  Қарапайым 

жаттығуларға тоқталып өтейік:  

• “Әлемге бөтен көзбен қарау”  

• “Басқа кейіпкер атынан әңгіме құру”  

• “Оқиғаның соңын пайдаланып, әңгіме құру ”  

- “ … Сөйтіп біз өз машинамызды таба алмадық”.  

- “… Ит Әсетке қарай жүгіріп, оның бетін жалап алды”.  

- “… мысық Динаның қолында ұйықтап қалды”.  

Бала  шығармашылығын  тек  әдебиеттік  оқу,  қазақ  тілі  сабақтарында  ғана 

дамытуға  болады  деу,  дұрыс  емес.  Кез-келген  сабақта  баланың  бойындағы 

қабілеттерді  дамыту басты мақсат болуға тиісті. Әсіресе бейнелеу өнері, еңбекке 

баулу  сабақтарында  балалар  шығармашылықтың  түрлі-  түрлі  қырларын  көрсете 

түседі. Мысал келтіре кетсек, бейнелеу өнері сабағында келесідей тапсырмаларды 

қолдануға болады:  

•  портретті  ойлап  тап  та,  жинап  ал  –  шарты  :  мұғалім  көз,  мұрын,  ауыз, 

құлақ, шаш үлгілері салынған карточкаларды тақтаға іліп қояды, ал оқушылар сол 

үлгілерге  қарап  отырып  ойлап  тапқан  адам  бейнесін  құрастырады.  

•  Аңдардың  бейнесін  құрастыр  –  шарты:  мұғалім  әр  балаға  аңдар  немесе 


485 

 

жануарлар бейнеленген суреттерді дене мүшелерін бөлек қиып таратып береді, ал 



оқушы сол бөліктерді құрастыру керек.  

• Ізін тап – шарты: тақтаға түрлі адамның, жануарлар мен аңдардың, құстар 

мен қосмекенділердің суреттерін іліп қояды да солардың іздерін дәптерлеріңе сал, 

деп тапсырма береді.  

Әрине, 

баланың 


шығармашылығын, 

шығармашылық 

қабілеттерін 

дамытатын  жаттығулар  мен  тапсырмалар,  әдістер  мен  тәсілдер  сан  алуан.  Сабақ 

құрылымына  шығармашылық  пен  зерттеуді  ендіру  және  қолдана  алу  әр 

мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты.  Бастауыш  сынып  оқушысы  ермексаз 

тәріздес,  қандай  пішінге  келтірсең,  сол  қалыпта  ары  қарай  орта  буынға  кетеді. 

Баланың  шығармашыл  не  болмаса  қалыпты,  басқалардан  ешбір  айырмашылығы 

жоқ  тұлға  болары  біздер,  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  қолында.  Ертеңгі 

күннің  бүгінгіден  гөрі  нұрлырақ  болуына  ықпал  ететін,  адамзат  қоғамын  алға 

апаратын күш – білім. Демек, қай елдің болсын өсіп - өркендеуі оның ұлттық білім 

жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, бұл 

мақсатты жүзеге асыру, ең алдымен ұстаздарға байланысты, ол үшін мұғалім жан-

жақты  және  кәсіптік  даярлығы  мол  болуы  керек.  Бала  тумасынан  жаман 

болмайды,  жаман  тәрбиеші  болуы  ғана  мүмкін.  Бала  жаны  нәзік,  ойы  адал, 

сезімтал  да  толқымалы.  Сол  нәзік  жанды  майыстырып  алмай,  адал  ойға  дақ 

салмай, толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеу ата-ана мен мұғалімге байланысты.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет