Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ


Дайте мне собаку. – Give me a dog



Pdf көрінісі
бет58/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65

Дайте мне собаку. – Give me a dog.  Ребёнок должен подойти к столу и дать 

учителю собаку.  



Дайте мне кролика. – Give me a rabbit. Ребёнок даёт кролика.  

В  следующий  раз  можно  предложить  детям  самим  попросить  игрушку. 

Конечно, по-английски.  

Постоянно  обращаем  внимание  на  то,  что  все  животные  разного  цвета.  В 

сущности,  на  цветовых  решениях  построена  методика  обучения  чтению.  Это 

понятно  сразу, как только возьмёте книгу в руки. 

Поэтому, можно разыграть легенды о том, почему собака (dog) коричневая 

(brown)  –  не  умывалась,  кролик  (rabbit)  синий  (blue)  –  замёрз,  лягушка  (frog

красная  (red)  –  прищемила  лапку  и  т.  д.  Обратите  внимание  -  включается  самая 

долговременная эмоциональная память.  

Следующий приём – мы просим:  

“Give me a brown dog (Дайте мне коричневую собаку). 

 Give  me  a  blue  rabbit  and  a  red  frog  (Дайте  мне  синего  кролика  и 

красную лягушку)”.  

И,  безусловно,  не  забываем,  что  у  нас  есть  книга,  где  мы  систематически 

выполняем задания. 

 Экспозиция  на  столе  учителя  должна  время  от  времени  меняться.  Там 

может появиться одежда, затем продукты питания, школьные принадлежности.  

При непосредственной форме общения на занятиях по английскому языку у 

учащихся развиваются  умения, связанные с организацией учебной деятельности: 

слушать учителя и собеседника, работать в разных режимах, взаимодействуя друг 

с  другом,  контролировать  свои  действия  и  действия  других  учащихся.  А  также 

умения,  связанные  с  интеллектуальными  процессами:  наблюдать  языковые 

явления – в речи учителя, сравнивать и сопоставлять их в иностранном и в родном 

языках,  выделять  главное,  основное  при  восприятии  на  слух  речевого 

высказывания.  Кроме  того,  на  занятиях  по  иностранному  языку  у  учащихся 

развиваются  творческие  способности  в  различных  областях  предметно-

практической  деятельности,  актуальной  для  детей  младшего  школьного 

возраста.[4,с.28]  

Эффективность  формирования  коммуникативной  успешности  у  младших 

школьников повышается при включении их в учебное общение на основе создания 

ситуации успеха. Испытывая чувство успеха в коммуникативной деятельности на 

занятиях по иностранному языку, обучаемый переживает радость, эмоциональный 

подъем.  Переживание  успеха  в  учебном  общении  внушает  ему  уверенность  в 


504 

 

собственных  силах;  повышается  самооценка,  появляется  желание  вновь 



достигнуть  хороших  результатов  деятельности,  чтобы  еще  раз  пережить  радость 

успеха.  

Таким  образом,  ситуация  успеха  на  занятиях  по  иностранному  языку 

выполняет  функцию  коммуникативно-развивающей  среды,  которая  определяется 

как  особое  состояние  актов  общения  младшего  школьника  с  одноклассниками  и 

учителем. 



 

Литература 

1.

 



Кьелл  Рудестам Kjell  Erik  Rudestam. Experiental  Groups  in  Theory  and 

Practice Monterey, Calif.: Brooks/Cole, 1982. 

2.

 

Титова Е.В., Слободинов Л. Г. Метод аудиовизуального совмещения и 



интегрального чтения. г.Ульяновск, Ульяновский государственный университет. 

3.

 



Громова Е. А. Эмоциональная память и её механизмы. М: 1980. 

4.

 



Гришанова  И.А.  Актуализация  ситуации  успеха  при  обучении 

иностранному языку младших школьников//Иностранные языки в школе. – 2007. -

№8. - С.28. 

 

 

Мусабекова Гульнара Амангельдиновна, Оралбекова Альмира Оралбековна, 

ағылшын тілі  пән мұғалімдері, Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназиясы, 

Өскемен қ. 

 

ШЕТ ТІЛІН ЕРТЕ ЖАСТАН ОҚЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ 

ТАЛАПТАР 

 

Ерте  жастан  шет  тілін  оқытудағы  қойылатын  негізгі  талаптарды  көрсету, 

талап  қою  арқылы  тиімді  әдіс-тәсілді    айқындау  және  ерте  жастан  шет  тілін 

меңгеруге  қол жеткізу жолдарын көрсету, шетел тілін оқытуға қойылатын негізгі 

талаптарды  теориялық  тұрғыдан  сараптау,    шет  тілін    ерте  жастан          оқытудың 

тиімділігін дәлелдеу мақсаты тұр. Мектеп мұғалімдеріне практикалық ұсыныстар 

да  енгізілген. 

Қазақстан  мектептерінде  шет  тілін  ерте  жастан  оқытуға  қойылатын  негізгі 

талаптар  қандай?  Бастауыш  сынып,  соның  ішінде  1-сыныптан  ағылшын  тілін 

енгізуде  басты  назарда  нені  ұстау  қажет,  қандай  жағдайлар  қалыс  қалып  жатыр, 

жалпы  білім  алудың  алғашқы  сатысында  отырған  бірінші  сыныптықтарға  шет 

тілін оқытудың  қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану тиімді?- деген  сұрақтарға 

жауап беру  мақсатында   осы мақала ұсынылады. 

  Бастауыш  сынып  оқушылары  -  олар  сенгіш,  ашық  мінезді,  тәртіпті  және 

айтқанды  екі  етпейтін  орындаушылар.  Дамудың  осы  кезеңінде  қарым-қатынас 

жасау  жалпы  қабылданған  ережелер  мен  нормалар  негізін  меңгеру  арқылы 

жүргізіледі.  Алғашкы  түсініктердің  басым  көпшілігі  эмоция  негізінде  қалыптаса 

бастайды.  

Оқушылардың  осы  санаттағы  жас  ерекшеліктері  «Ағылшын  тілі»  пәніне 

деген үлкен қызығушылық танытатындығын қамтамасыз етеді.  Бастауыш сынып 

оқушылары  барлық  жаңалықтарды  білуге  құштар.  Олар  ешбір  қиындықсыз 


505 

 

ағылшын  тіліндегі  шағын  материалдарды  есте  сақтайды  және  айта  алады.  



Ағылшын  тілін  үйрену  баланың  ой-өрісін  кеңейтуге,  тіл  арқылы  басқа  елді-

мекенді, оның халқы мен мәдениетін тануға көмектеседі.   

Шет тілін ерте жастан үйретуде осы ерекшеліктерді ескере отырып оқушыға 

жалпыға  бірдей  қалыптасқан,  дәстүрлі  әдістермен  әлемдік  деңгейдегі  озық 

технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып 

білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының міндеті. 

Бүлдіршіндердің  шет  тілін  өте  тез  қабылдайтынын  және  есте  сақтау 

қабілеттерінің жоғары болатынын ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларына 

шет  тілін меңгертуде әр баланың психологиясына ауыртпалық түсірмейтіндей  әр 

түрлі  әдіс  тәсілдерді  тиімді  қолдана  білсең  ғана  сапалы  білім  бере  алатынымыз 

анық.  

    Жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Шетел тілі қазіргі заман 



талабына  сай  көптеген  мектептерде  1-сыныптан  бастап  жүргізілуде.  Бұл  оқушы 

бойында  ертеден  бастап  ұлтаралық,  мәдениетаралық  бірлестікке  дайындықтың 

қалыптасуына  ықпал  етеді.  Шетел  тілін  бастауыш  мектептен  бастап  оқытудың 

артықшылығы  әрбір  баланың  психологиялық  ойлауына,  шет  тілі  сөзіне  көңіл 

аударуына,  түсінуіне  оң  әсер  ететіндігі,  сонан  соң  негізгі  мектепте  білімін  берік 

нығайтып,  білім  сапасын  арттырып,  шетел  тілінде  қарым-қатынасқа  түсіп  ерте 

мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.  

  Ағылшын  тілін  үйретудің  бастапқы  кезеңінде  оқу  ойындарының  тілдік-

фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық,  рөлдік  және  динамикалық  түрлерін 

міндетті түрде пайдаланған жөн. 

Бүгінгі  күнге  дейінгі  жүргізілген  сабақтар    қорытындысы  бойынша 

оқушылардың  ағылшын  тілі  пәніне  деген  қызығушылығы  байқалуда.  Ағылшын 

тілі  сабақтарында  оқушылардың  білім-біліктілік,  танымдық,  коммуникативтік 

құзыреттілігін  қалыптастыруда ойын  элементтерін  қолдануға болады. Ойын  әдісі 

арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, 

көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының  жауабын тыңдап, оны толықтыруға, 

жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған 

және  де  үздік  әдіспен  ұйымдастырылған  ойын  практикалық,  тәрбиелік  және 

дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.  

 Біздің  ойымызша,  жалпы  оқушыда  нәтижелі  білім  беруге  көшу  мынадай 

жүйелі тапсырмалар негізінде қамтылады:  

 - бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;  

 - құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;  

 -  мұғалім  оқушыға  ұқсастықтар  мен  қайшылықтарды  өз  беттерімен 

салыстыруға,қорытуға,түйіндеуге жағдай туғызады;  

 - нақты сұрақтар қояды, тапсырмаларды бірігіп орындайды. 

Бұл білім алудың алғашқы сатысында да жүре береді. 

Білім  мазмұнын  жаңарту  арқылы  келешекте  кез-  келген  ортаға    бейімделе 

алатын,  көптілді  меңгерген,  Қазақстанның  әлемдік  білім  кеңістігіне    кіруіне 

барынша жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 

    Елбасы  жолдауында  кез-келген  орта  білім  беретін    мектеп  балаларының 

ең  жоғарғы  деңгейдегі  шет  тілін  оқып  үйренуіне  жағдай  жасайтындай  дәрежеге 

қол жеткізуіміз керек делінген [2].   


506 

 

  Инновациялық технология бүгінгі күні еліміздегі орта мектепте білім алып 



жатқан  оқушылардың  барлығымен  тілдесуге  мүмкіндік  беріп  отыр.  «Адам 

өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ»-деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды 

ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды. 

  Бастауыш  сынып  барлық  білімнің  қалануының  негізі.  Бастауыш  сынып 

оқушыларына  нені  үйретсең  соны  санасына  сіңіретін  нағыз  қабылдау  жасында 

болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Бастауыш 

сынып  оқушыларының  тілі  толық  дамып  жетілмегендіктен  әрине,  ағылшын  тілі 

басында  қиынырақ  сезілгенімен,  соңына  келе  біртіндеп  қалыптасып,  жатық,  әрі 

әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ 

жүгін алып жүре алмайтындықтан, балаларды ағылшын  тілінен жалықпауы үшін 

көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен тәрбиелеу қажет. 

 Ағылшын тілін тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің физилогиялық, 

психологиялық  қызмет  көздерінің  мол  екені  баршамаызға  мәлім.  Жас 

өспірімдердің: тез қабылдауы; еліктеуге бейімділігі; қиялының әртүрлілігі; ойлау, 

ауызша  сөйлеу  іскерлігінің  дамуы;  танымдық  іс-әрекеттерінің  дамуы;  есте 

сақтауы;  қызығушылық  қасиетінің  молдғы  мен  әртүрлілігі;  жан-жақты 

тәрбилееуге  бейімділігі;  еліктеуіш  қасиетінің  басым  болуы;  іс-әрекетті  ойын 

түріндегі тез қабылдауы.               

ХХІ  ғасыр  мектебі  түбірлі  өзгерістерді  талап  етіп  отыр.    Оқушы  әлемдегі 

жан-жақты  дамыған,  шығармашылықпен,  өз  бетінше  оқи  алатын  тұлға  ретінде 

көрсете алуы тиіс. Осыған орай қазіргі таңдағы оқушы тек бір тілді емес, бірнеше 

тілдерді меңгеруі тиіс. 

Мұғалімге қойылатын талап – мұғалім тұлғасының даралығы.  

Болашақ бастауыш сыныптың шетел тілі мұғалімінің әрбір сабағы басынан 

аяғына  дейін   балаға  деген  мейірімге  толы  болуы  керек.  Осы  бағытта 

Ш.А.Амонашвили:  «Мектептегі  әрбір  күн,  әрбір  сабақ  мұғалім  тарапынан 

оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімнен тілдесуі бала бойына 

қуаныш  пен  өмірге  деген  құлшыныс  беру  керек»  [4]  деген  екен.  Сондықтан  да 

әрбір ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты ояту, ой ашардан басталады. Яғни, 

мұғалім  кішкене  балаларға  жымиып,  оқушылармен  жылы   амандасып,  хал-

жағдайларын  сұраумен  басталып,  өз  иелігіндегі  45  минуттық  құзіреттілігін  өзі 

сезініп, балаларды да өзіне тарта білуі керек.     Сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс 

ұйымдастырылуы,  оқушылар  алдындағы  тақырыптың  дұрыс  таңдап  алынуы 

білімдік  және  тәрбиелік  мақсаттармен  қатар  сабақтың  нақты  тапсырмаларын 

ұтымды  жүргізіп  пайдалануына  әсер  етеді.  Бұл  талаптар  сабақ  жоспары  мен 

тақырыптық  жоспардың  жүйелі  жасалынуына  байланысты.  Әрине  оқу-тәрбие 

жұмысындағы нәтижеліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, 

шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. 

  Балаларды  тілге  үйретуде  сабақ  жеңіл,  қарапайым  және  қызықты  болуы 

қажет,  ол  үшін  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерін  дұрыс  пайдалана  білу  керек. 

Бастапқы кезде хормен, жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс 

ұйымдастырып,  көрнекі  құралдарды  пайдалану  қажет.  1-сынып  оқушыларына 

аудио-визуалдық материалды тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет. 

Келесі талап: шет тіліне үйрете отырып тұлғаны тәрбиелеу жұмысын қатар 

жүргізе алу.                


507 

 

Шетел  тілі-үлкен  тәрбиелік  диапазон.  Ол  оқушылардың  жан-дүниесін 



байытады, ой-өрісін кеңейтеді, көркемдік талғамын кеңейтеді, көркемдік талғамын 

тәрбиелейді,  халықаралық  достыққа,  мәдениетке  тәрбиелейді.    Санасы  жетіліп, 

елжандылық  рухы  оянып,  сана-сезімі  жетіліп,  даралық  қабілеттері  де  даму 

үстіндегі  бүлдіршінді  елінің  патриоты  етіп  шығару  ол  ағылшын  тілі 

мұғалімдерінің үлесіндеде бар. 

Шет ел тілін жүргізуші мұғалімге қойылатын талаптар: 

-

 

ағылшын тілін үйренуші оқушының тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын 



ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал ете 

алу;  


-

 

ағылшын 



тілінің 

практикалық 

бағытына 

басымдылық 

берілетіндіктен,    білімді  өмірде  қолданудың  маңызы  жайында  оқушы 

түсінігі дамыту; 

-

 

танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптастыру; 



-

 

проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсіндіру 



Бұл  пәнді  оқытудың  барлық  кезеңіне  қойылатын    талап    инновациялық 

технологияларды тиімді қолдану. Кез-келген технология білім берудің мақсатынан 

бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне 

енетін  барлық  компоненттің  біртұтас  ортақ  мүддеге  бірлесе  қызмет  етуінің 

тиянақталған жолы болып саналады. 

Ағылшын  тілін  үйрету  барысында  көбінесе  әндерді  қолданамыз.  Себебі 

оқулыққа қосымша ретінде берілген аудио қосымша-дискіде берілген  әндер тілдік 

қарым-қатынас  құралы  ретінде  жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестерінен  құралып,  оны 

әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең 

тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып 

үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін 

қояды.  Әнмен  жұмыс  барысында  оқушының  көңіл  күйі  көтеріліп,  тілге  деген 

қызығушылығы арта түседі. 

Сабақ барысындағы жас ерекшелігіне сай таңдап алынған, мұғалім ұсынған  

басқа  да  әндер  қолданылады.  Мұғалімнің  артистік  қасиеттерінің  болу  немесе  

соған бейімделуі шарт.              

АКТ-ны қолдана білуі және сабақта кең көлемде қолдануы қажет. Интернет 

мүмкіндіктері  мен  қорларын  қолдану  арқылы  ақпараттық  білім  беру  кеңістігіне 

ене алу- талаптардың бірі.              

 Сонымен  қатар,  электронды  оқулықтарды  да  пайдалану.  Сабақта 

электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін 

арттыруға,  ізденісін  ұлғайтуға,  танымдық  көзқарасын  қалыптастыруға,  өзіндік 

жұмыстарды  тез  орындап  машықтануына  негіздейді.  Электрондық  оқулықта 

тәжірибелер  мен  басты  кейіпкерлердің  өмірі,  анықтамалық  сөздік,  әр  тарау 

бойынша  тестік  сұрақтар  бар.  Бұл  мәлімет  оқушылардың  өзіндік  ізденісін 

тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру білу және 

ол  үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізу қажет. 

 1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану. 

 2. Сабақты түрлендіріп өткізу 



508 

 

 3.  Сабақта  оқушылар  өздері  жасаған  суреттер,  схемаларды  пайдалануға 



мүмкіндік беру. 

 4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану. 

 5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету 

 Бастысы  сапалы  білім  және  саналы  тәрбие  беру  барысында  оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттерін  ақыл-ой  белсенділігін  және  ағылшын  тілін  ерте 

бастап  нәтижелі  оқытуда  сыныптан  тыс,  дәстүрден  тыс  жұмыс  түрлерін  жасай 

білу.          

Оқыту  процессінің  негізгі  міндеті:  көру  арқылы, есте сақтау, оқуға үйрету, 

түсінуге үйрету арқылы, сұрақ қоюға, жауап беруге үйрету арқылы, оқушы білімін 

дамыту.  Ол  үшін  әрбір  сабақты  дидактикалық  көрнекіліктер  мен  ойын 

элементтерін  қолдану  яғни  оқушы  көріп  қолмен  ұстап,  өзі  сезініп  жүрегіне 

қабылдау керек.  

 Бастапқы  кезеңде  шетел  тілін  оқытудағы  бір  негізгі  аспект  ол  ойын 

элементтерін  тиімді  пайдалану  болып  табылады.  Ойын  арқылы  бала  қоғамдық 

тәжірибені меңгереді, соңдықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын 

қолдануға болатынын сабақтың мазмұнында, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес 

тандау керек.  

Даму-шығармашылық  жұмыс.  Бұл-дамудан  кейінгі  даму.  Дамыту  үшін 

әртүрлі әдістерді қажет етеді.  

Мұғалім  –  ол  қиялы  шексіз  адам,  оқушы  оны  еріксіз  шығармашылық 

жұмыстарға итермелейді, ал бала соны «қажет етеді».  

 Қажеттіліктен:  1)  ертеңгіліктер,  рольдык  ойындар,  дәстүрден  тыс 

жұмыстар, тілдер мерекесі, пәндік апталықтар.  

 2) Интернет арқылы жоба жазу.  

 3) Жазғы лагерь жұмысын құру.  

 4)  Халықаралық  мұғалімдерге  арналған  ACCELS,  IREX  шығармашылық 

жұмыстарға қатысу.  

Бастауыш  сынып  оқушыларына  ағылшын  тілін  үйреткенде  басты  төрт  

дағдыны  үйретеміз. Олар:  тыңдау,  оқу,  сөйлеу  және  жазу.    Бірінші  сыныпта  осы 

төрт  дағдыны  қалыптастыру  сақталған,  ал  мектепке  дейінгі  сыныптарда  жазу 

дағдысы  болмайды,  олар  қайталап,  жаттап,  ойыншықтарды  бейнелеп,  әртүрлі 

ойындар  меңгереді. Оқытуда  жаңа технологияларды қолданып, мысалы әндерді 

бірге орындауға, тексттерді тыңдатуға т.б. қолданылса, көзбен көріп үйренген есте 

көп сақталады. 

 Ағылшын  тілі  сабағында  қолданылатын  әдіс-тәсілдерге  қойылатын  

талаптар: 

-  оқушы  қызығушылығын  арттыру  үшін  тілді  қарым-қатынас  әрекетінде 

қолдану қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау; 

- оқушы тұлғасын толығымен оқу үдерісіне тарту; 

-  оқушының  тілдік,  когнитивті,  шығармашылық  қасиеттерін  ояту, 

ынталандыру,  оқушының  оқу  үдерісінің  басты  тұлғасы  ретінде  белсенділігін 

арттыру; 

-  сабақта  алуан  түрлі  жұмыс  түрлерін,  яғни  жеке,  жұп,  топ,  ұжым 

жұмыстарын ұйымдастыру; 



509 

 

-  сабақта  алуан  түрлі  көрнекілектерді,  оның  ішінде  техникалық  (үнтаспа, 



компьютер, 

бейнефильмдер), 

техникалық 

емес 


құралдарды 

(суреттер, 

аплиациялар,  альбомдар,  сызбалар,  кестелер,  сөзжұмбақтар)  кеңінен  қолдану, 

әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану; 

-  сабақта  жаңа  педагогикалық  технлогияларды  (жою  әдісін  және  т.б.) 

пайдалану.  

Біз  бастауыш  сыныптың  өзінде-ақ  ағылшын  тілі  сабағында  оқушыларға 

төмендегідей жоба тапсырмаларын береді [9]. 

Мысалы,  «Менің  жанұям»,  «Менің  күн  тәртібім»,  «Менің  досым»  тамақ, 

тағы  сол  сияқты  тақырыптарын  өткен  кезде,  оқушылар  сауланамалр  жүргізіп, 

коллаж даярлап, жобаларын сабақта қорғайды.  

Төменде сауалнама жүргізудің нысаны беріліп отыр: 

А) Сен сыныптасыңнан оның жанұясы туралы сұра: 

Аты-жөні   

 

Жасы  


 

Мамандығы 

 

 

Жұмыс  орны, 



оқу орны 

Қызығушылығы 

 

 

 



 

 

 



 Ә) Сен сыныптасыңнан оның досы туралы сұра: 

Аты-жөні   

 

Жасы  


 

Мамандығы 

 

 

Жұмыс  орны, 



оқу орны 

Қызығушылығы 

 

 

 



 

 

 



 Көрнекіліктер қолдану  талабы. 

 Бастауыш  сыныпта  ағылшын  тілін  ерте  жастан  оқытуда  көрнекілік 

құралдарының рөлі өте зор, себебі олар оқыту мақсатында аз уақыт ішінде тиімді 

жетудің көзі болып табылады. Оқу материалдарын жылдам қабылдауда ұзақ уақыт 

есте  сақтауға,  ойлауға  без  сезімнің  ішінде  есту  және  көру  сезімдері  ерекше 

маңызды,  сондықтан  көрнекілік  бастауыш  сынып  оқытушысына  баға  жетпес 

көмек көрсететін құрал болып табылады.  

Нормативтік құжаттар негізіндегі  шет тілін оқытуға қойылатын талаптар: 

Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген: 

Коммуникативтік  (қазақ,  орыс  және  ағылшын  (шет)  тілдерінде  ауызша 

жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті) [5]. 

Ағылшын тіліне оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстың, әсіресі ағылшын 

тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше орын: баланың бойына тілдерге 

деген  қызығушылығын,  оны  үйренуге  құштарлығын  сіңіру;          жеке  тұлғаның 

заман  талабына  сай  өмірге  икемделуіне  бағыттау  және  оның  басқа  елдің  тілін, 

мәдениетін,  тарихын    және  әдет-  ғұрпын  танып  білуіне  ықпал  ету;  баланың 

сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына 

жағдай  жасай  отырып,  оның  жалпы  дамуына  едәуір  үлес  қосу,  бастауыш  сынып 

оқушыларын  шетелдік  құрдастар  әлемімен,  әндерімен,  тақпақтарымен,  оқулық 

және ертегі  кейіпкерлерімен  таныстыра отырып  тілді  тез меңгеруге және өздерін 

еркін  сезінуге  көмек  тигізу,  ағылшын  тілін  үйретуде  алғашқы  кезде  балалардың 

көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. 

Түрлі-түсті суреттерді іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса да сурет 

астына  оқылуын  жазу  керек.  Үй  ішіндегі  бұйымдарға  немесе  кабинеттегі  бар 

заттарға,  мысалы  есікке  DOOR,  терезеге  WINDOW,  тақтаға  BLACKBOARD, 

қабырғаға WALL, гүлге FLOWER - деп жазып іліп қойса, оқушы есікті тағы басқа 



510 

 

көріп  тұрып,  оны  қалай  аталатындығын  көреді,  естиді,  сонымен  бірге  әріпті 



танымаса  да  деген  сөздің  қалай  жазылатындығы  көзбен  көру  арқылы  баланың 

есінде қала береді. 

 Қазіргі кездегі шетел тілі сабақтарында қарым-қатынастың нақты жағдайын 

модельдеу үшін ойындарды пайдаланудың талаптарын орындау тиімді. 

  Сабақ үдерісінде   талаптарды орындау  арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге 

болады: 


-қысқа  уақыт  ішінде  оқушылардың  тыңдау,  оқу,  айту,  жазу,  лексика-

грамматикалық дағдылары қалыптасады;  

-өзін оқу қызметінің субъектісі ретінде сезінеді;  

-оқу  үдерісін  ұйымдастырудағы  жағымды  психологиялық  ахуалдың 

арқасында еркіндікті сезінеді;  

-оқушылардың  ағылшын  тілін  білу  деңгейінің  көтере  отырып,сөйлеу 

дағдысының 

дамыта 


және 

олардың 


оқу-танымдық 

мотивациясының 

жоғарылатумен  тиімділік, жемістілік, нәтижелікке қол жеткізіледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет