Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет56/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65

 

Әдебиеттер 

 

1.Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан 

халқына Жолдауы» – Астана, 2014. 

2.  Қарапаев  С.  «Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  тәрбиелеу 

маңызы» // «Бастауыш мектеп» №1, 2006. 

3.  Сабырбаева  Ш.У.  «Ана  тілі  сабағында  оқушыларды  шығармашылыққа 

баулу» // «Бастауыш мектеп» №12, 2011. 

4. Ысқақ Б. «Бастауыш сыныпта шығарма жаздыру» Ш., 2002. 



 

 

Тутунова  Мадина  Болатовна,  тәрбиеші,  №8  «Мирас»  балабақша  – 

бөбекжайы», Өскемен қаласы  

 

ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ЖАН – 

ЖАҚТЫ  ЖЕТІЛДІРУ 

 

                     «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, 

  оның шығармашылық қабілетін дамытады 

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін  емес». 

В.А. Сухомлинский 

Тәрбие  мен  білімнің  алғашқы  дәні  –  мектепке  дейінгі  тәрбие  ошағында 

беріледі.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білімді  дамыту 

тұжырымдамасында  «мектепке  дейінгі  тәрбие  -  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы 

сатысы» [2].   


486 

 

Тәрбиешінің  кәсіби  жұмысы  қаншалықты  жоғары  болса,  ол  оқытып 



тәрбиелеген тәрбиеленуші де соншалықты ақыл - ойы да дамыған сауатты болуы 

тиіс.  Көп  іздену,  дайындалу,  қосымша  әдебиеттерді  орынды  қолдана  білу 

тәрбиешінің  негізгі  мақсаты.  Келесі  әдістер  балалардың  ақыл  -  ойлары  мен 

қиялдарының, тілдерінің дамуына ықпал етеді:     

 «Сыйқырлы  бұтақ»  әдісі:  Таңертеңгілік  бала  қабылданып  болғаннан  кейін 

балаларды түгелдеу мақсатында мен тәрбиешілерге мына «сиқырлы бұтақ» әдісін 

ұсынамын.  Бұл  әдіс  негізінен  тәрбиеленушілердің  күнделікті  балабақшаға 

қызығып келуіне әсер етеді. Менің тәрбиеленушілерім күнде таңертең келген сәтте 

өздерінің  суреті  бар  тақия  мен  сәукелені  қорапшадан  алып  «Сыйқырлы  бұтаққа» 

іледі.  Бұл  бұтақтың  сиқырлылығы  бір  күні  бұтақтағы  сәукеле  мен  тақия  түгел 

болса,  бір  күні  бұтақтағы  заттар  азаяды.  Сондықтан  да  бұтақты  сиқырлы  деп 

аталды.  Бұл  әдісім  менің  тобымдағы  балаларды  тез  түгелдеп  алуыма  көмегін 

тигізеді. Бұл балалар үшін де қызықты әдіс. Нәтижесінде балалардың балабақшаға 

қызығушылығы оянады. 

Көңілді    театр:  Бұл  көңілді  театрын  көбіне  көркем  әдебиет  оқу  іс  - 

әрекетінде  пайдаландым.  Көңілді  театрында  арнайы  алдын  –ала  жасалған  қолға, 

саусаққа  киетін  кейіпкерлер  қолғабының  көмегімен  өткіземін.  Мен  осы  тәсілді 

пайдаланып  екінші  кіші  тобында  «Үйшік»,  «Бауырсақ»,  «Шалқан»  ертегілерін 

өткіздім.  «Үйшік»  ертегісінде  байланысты    жертесер  тышқан,  бақылдауық  бақа, 

секек  қоян,  жылмаң  түлкі  және  де  қорбаңдаған  аюды  жасадым.  Бұл 

ұйымдастырған  іс  -  әрекет  қызықты  да,  әсерлі  болды.  Нәтижесінде  балаларды 

ауызбіршілікке, достыққа, татулыққа үйретеді. 

Ұрпақтан ұрпаққа  жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени 

шығармашылық – саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған 

ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б 

көптеген бейнелерді бейнелей алады. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай 

жағдайда өте тиімді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  саусақ  бұлшық  еттерінің  жақсы  дамуы 

оның сөйлеу қабілетінің өз деңгейінің дамуына жақсы әсерін тигізетінін көптеген 

ғалымдар  дәлелдеп  отыр.  Сондықтанда  жаттығу  жасап  қана  қоймай,  саусақтың 

қимыл  -  қозғалысында  қатар  дамытудың  маңызы  зор.  Саусақ  бұлшық  еті,  зейіні, 

ойлау, қиял, жүріс - тұрыс, бақылау, естіп және көріп есте сақтау, тілмен өте тығыз 

байланыста  болады.  Ғалымдар  мынандай  заңдылықты  алға  тартады:  егер 

саусақтың  қимыл  -  қозғалысы  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  болса,  онда  тілдің 

дамуы  өз  деңгейінде  болады  [3].  Төмендегі  кестеге  көңіл  бөлсеңіздер  саусақ 

жаттығулары екі топқа бөлінген: «1 суретте көрсетілген» 



487 

 

 



1 сурет 

Пассивті  жаттығу – ұсақ моториканы  дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ 

жаттығуларын  ең  төменгі  деңгейден  бастаған  дұрыс.  Содан  кейін  ғана  активті 

саусақ  жаттығуларына  көшу  ұсынылады.  Осы  ұғымды  көкейімізге  түйе  отырып 

«Ақмарал» 

тобымда 


сегіз 

модуль 


бұрышын 

ұйымдастырдық. 

Олар: 

эксперименталды  бұрыш,  көркем  әдебиеттер  бұрышы,  сенсомоторика, 



дыбыстарды қабылдау бұрыштары, құрастыру, сипап сезу, көлемді анықтау және 

түстерін  ажырату  бұрыштары.  Бұнда  пассивті  жаттығуларға  байланысты  құрал  – 

жабдықтар  толықтырылған.  Балалармен  әр  кезде  сол  заттарды  қолдану  арқылы 

ұсақ қол моторикаларын, сенсомоторлық қабілеттерін дамытамын. 

Қолдың  қимылын  дамыту  үнемі  жүргізіліп  отыруы  керек.  Осыған  сүйене 

отырып,  «шығармашылық»  білім  саласы  бойынша  ұйымдастырған  оқу  іс  - 

әрекетімде  көбінесе  суреттерді  құм  бетінде  сурет  салу,  саусақпен,  алақанмен 

суреттер салу әдістерін екінші кіші және қазіргі орта тобында да жиі қолданамын. 

Нәтижесінде  саусақтың  қимыл  -  қозғалысы  арқылы  баланың  сурет  салуға 

қызығушылығы  артады  және  шаттыққа,  қуанышқа  бөленіп,  қол  икемдері  дамып, 

жетіледі. Және сол сияқты, мүсіндеу, жапсыру  салаларында  балалар  ермексаздан 

мүсіндер  жасап,  әртүрлі  апликацияларды  жапсырып  және  осы  салаларда  жұмыс 

істеу барысында балаларға саусақ жаттығуларын жасайды. 

Ал,  «қатынас»  саласы  бойынша  балалардың  тілдері  тезірек  жетілсін  деген 

мақсатпен  әр түрлі саусақ ойындары мен санамақтар, өлең тақпақтар қолданамын. 

Мысалға, екінші кіші тобында «Саусақ – бала сен қайда болдың?» Содан соң бас 

бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпен орманға бардым», 

ортан  түйрекпен  түйістіре  отырып,  «мына  саусақпен  тамақ  пісірдім»  деп 

осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына 

саусақпен  ән  салдым»  деп  аяқтаймыз.  Балаларға  бұл  жаттығу  қатты  ұнайды, 

уақытты  да  көп  алмайды,  ал  пайдасы  оның  өте  көп,  себебі  ұсақ  моториканы 

дамытып жатырмыз ғой. 

Күннің екінші жартысында орта топтағы ұсақ қол моторикасы ойындарына 

келетін  болсақ,  көбінесе  табиғи  материалдармен  ойындар  ұйымдастырамын. 

Саусақ жаттығулары 

Пассивті 

сипау 

Сүйемелдеусіз 

Активті 


Дауыстың 

сүйемелдеуімен 

(түрлі тақпақпен, 

көрініспен т.б 

сүйемелдеу) 

діріл 


уқалау 

488 

 

Ұрықтармен, дәндермен, тастармен ойындар  - пейзаждар мен өрнектер жасайды. 



Нәтижесінде  балалардың  шығармашылық  елестетуі  дамиды,  әріптер,  сандар  мен 

заттардың  көздік  бейнелерін    бекітеді.  Сол  сияқты    “Золушка”  ойыны,

 

қыстырғыштармен    ойындар,  «Дәл  солай  жаса»  (Сан  мен  есеп),



 

«Қақпақтың 

саяхаты»,    «Пробкамен  қадам  басамыз»,  «Түймелермен  ойын»,  «Картонмен 

ойындар», «Құм және сумен ойын» және ұсақ қол моториканы дамыту барысында 

саусақ  жаттығулар  жасатамын.  Бұл  ойындар  балалардың  ұсақ  қол  моторикасын 

жақсы  жетілдірумен  қоса,  балалардың  ойлау,  қиялдау,  және  тіл  білімдерінің  тез 

жетіліуіне  көмектеседі.  Екінші  кіші  тобында  бұл  ойындардың  жеңілдетілген 

түрлерін алуға тырысамын, ал, орта топта осы ойындар біршама күрделітіледі. 1 кг 

бұршақты  немесе  фасольді  төгеміз  де  ішіне  баланы  қызықтыратын  бір 

ойыншықты  көміп  қоямыз.  Содан  соң  оны  тауып  беруін  өтінеміз.  Нәтижесінде 

балалардың саусақтары қимылдап, бала жан – жақты даму үстінде болады.  

Қатынас  саласы  бойынша  көркем  әдебиет  пен  тіл  дамытуда  балалармен 

ертегілерді  саусаққа  киілетін  ойыншықтар  арқылы  ертегілерді  сахналап, 

саусаққтардың  қатысымен  өлең  –  тақпақтар  жаттатып,  «Саусақтар  сәлемдеседі», 

«Қуырмаш»    және  жоғарыда  аталған  ойындардың  барлығын  барынша  қолданған 

дұрыс.  


Саусақтарды  жүргізе  отырып  бір-  біріне  қонаққа  барғызып,  балалар 

арасында  қарым-  қатынас  орнату  қажет.  Таным  облысы  бойынша  математика, 

айналамен  таныстыру  салаларында  балалар  бір-  бірінің  саусақтарын  санап, 

аңдарды,  жануарларды,  құстарды,  ағаштарды  келтіреді.  Күнделікті  оқу  іс 

әрекеттерінде  сергіту  жаттығуларынның  өзін  ұйымдастыруда  да  мысалға 

мынандай өлең жолдарын пайдалануға болады. 

                            Капустаны тураймыз

                            Майын құйып тұздаймыз, 

                           Арластырып барлығын  

                           Салатты біз дайындаймыз. 

Бұл  сергіту  жаттығуын  күз  тақырыбына  байланысты  «Жемістер  мен 

көкеністер» атты айналамен таныстыру саласында қолдандым. 

Денсаулық  облысы  бойынша  балалармен  таңғы  жаттығу  және  ұйқыдан 

кейінгі  жаттығулар  кезінде  саусақ  жаттығулары,  әртүрлі  массаждар  жасату.  «2 

суретте көрсетілген».  

 

2 сурет 



Көбінесе  топта  әртүрлі  заттарды  қолдануға  тырысам.  Мысалға  саусаққа 

жаттығу  жасау  кезінде    Су  –  Джок  терапиясының  авторы  Паджевтің  ұсынуы 

бойынша су – джок шарлары, әртүрлі доптар. [3] «3  суретте көрсетілген» 


489 

 

 



3 сурет 

Әлуметтік облысы бойынша балалар саусақ ойындарын ойнау арқылы бір – 

бірімен қарым – қатынасқа түседі.  

Күнделікті  оқу  іс  –  әрекетінде  интегралды  оқу  іс  –  әрекеттерін 

ұйымдастырамын.  Және  міндетті  түрде  саусақ  ойындарын  немесе  саусақпен 

әрекеттер жасауды жоспарлаймын. 

Ата  –    аналарға  қабылдау  бөлмесіне  арнайы  сенсомоторика  бойынша 

омыраудағы  баланың  өзіне  саусақтағы  бас  миымен  байланысқан  активті 

нүктелеріне  әсер  ете  отырып  массаж  жасау  керектігі,  ерте  жаста  және  мектепке 

дейінгі  кіші  жаста  қарапайым  жаттығуларды  жасауда  өлеңмен,  тақпақпен 

ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады [4]. Сонымен қатар өзіне -өзі 

қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. 

Ал  ересек  топтағы  балалар  үшін  ұсақ  моториканы  дамыту  және  қолдың 

икемділігін  арттыруға  арналған  жаттығулар  мектепке  дайындықтың  яғни,  жазу, 

сызуға  үйренудің  маңыздысы  болып  саналатыны  туралы  кеңес  бұрыштары  да 

дайындадық.  

Ұсақ  қол  моторикасын  дамыту  нәтижесінде  баланың  сөйлеу  тілі  жетіледі, 

танымдық  деңгейі,  икемділігі,  қимыл  –  қозғалысы  артады,  логикалық  ойлауы 

дамиды. 

Егер  бала  қандай  да  бір  саусақ  ойынын  жетік  меңгерсе,  онда  ол  міндетті 

түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады.  

Тәжірибе көрсеткендей тәрбиешілерге  саусақ ойындарын сергіту, ертеңгілік 

жаттығуларға,  барлық  ұйымдастырылған  оқу  іс  -  әрекеттері  үстінде  үнемі 

пайдалану  орынды.  Нәтижесінде  балалардың  тілі,  қимыл,  қозғалысы  мен 

икемділігі айтарлықтай дамыды.   

Әдебиеттер 

1. ҚР МЖМБС 2009, 2012. 

2. «Білім туралы» Заңы. 

 

 



Чукотаев  Мурат  Нуртазинович,  п.ғ.к.,  профессор,  С.Аманжолов  ат. 

ШҚМУ,    



Нуртазина Еркежан Муратовнап.ғ.к., аға оқытушы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ 

филиалы ШҚО ПҚ БАИ 



 

490 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 



ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

Қазіргі  заманғы  білім  беру  тұжырымдамасының  бағыты  –  ізгілікті  жеке 



тұлғаны  қалыптастыру.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында 

«Білім  беру  жүйесінің  басты  мақсаты  –  ұлттық  және  адамзаттық  мәдени 

құндылықтар  негізінде  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  қажетті  жағдай  жасай 

отырып,  оның  шығармашылық  қабілетін  дамыту»  деп  атап  көрсетілген.  Осыған 

орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана 

қоймай,  қабылдауын,  ойлауын,  қиялын,  сезімдерін,  ерік-жігерін,  яғни  оқушыны 

жан-жақты дамыту міндеттері тұр. 

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына талаптарды 

жатқызуға болады: 

-     оқушылардың шығармашылық қабілет деңгейін анықтау; 

-     қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру; 

-  оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды жүйелі орындау; 

-      оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуды  кезең  бойынша 

сатылап дамыту; 

-   мұғалім  өз  ісіне  шығармашылықпен  қарап,  сабақты  шығармашылықпен  

өткізу. 


Осы  мәселелер  өз  шешімін  тапса,  жан-жақты  дамыған,  шығармашыл  жеке 

тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. 

Баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  психологиялық, 

педагогикалық алғы шарттарды негізге алған жөн: 

 -  сенің қолыңан бәрі де келеді. Сен қабілеттісің - деп балаға сенім білдіру; 

-     оқушының кішкентай жетістігін мадақтау; 

-    белгілі  адамдар,ұлы  адамдар  өмірінен  қызықты  жайттарды  әңгімелеп 

қызықтыру; 

    мұғалімнің құптап оқуы, сезім күйлері; 

-      оқушының еркін сезінуі, ойын ашық айта алуы; 

-      білім дағдыларын жүйелеу; 

-      оқушының өзін-өзі дамытуы; 

    өзіне сын тұрғысынан қарау

-      қабілетін жетілдіруге бағыттау; 

-      өз пікірін анық, ашық айта алуы. 

Оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  арналған  жүйе  құрғанда 

және  сол  арқылы  іс-әрекетті  ұйымдастырғанда  интеллектуалы  жоғары,  ойлау 

қабілеті  дамыған,  үздік,  тәрбиелі,  шығармашылық  жоба  жасай  алатын,  өз 

көзқарасын дәлелдей алатын тұлға қалыптастыруға болады. 

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін көтеру төрт кезеңнен тұрады: 

1. Мұғалім оқушыға  қарапайым  таным  әрекетімен  таныстырады. Есептерді 

шығару  барысында  оқулықпен  жұмыс  істеуге,  соған  ұқсас  есептерді  тауып 

шығаруға  көмектеседі.  Есептерді  шығаруға  бағыт  беріп,  өз  бетімен  орындауына 

мүмкіндік береді. 

2. Мұғалім есепті шығарудың әр түрлі тәсілдерін көрсетіп талқылай отырып 

қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. 



491 

 

3.    Оқушыға  өте  үлкен  жауапкершілік  жүктеледі.  Оқушы  сыныптан  тыс 



қосымша  оқуға  жалпылама  қорытынды  жасай  білуге  үйренуі  керек,  жұмысына 

анализ беріп, алдағы уақытқа жоспар құра білуі керек. 

4. Оқушы жұмысы ізденімпаздық мағына алады. Кейбір  есептерді шешудің 

басқа тәсілдерін табу. Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін 

арттыру үшін бастауыш сыныпта әр түрлі сабақтар өткізу керек. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалылығын  тәрбиелеу  үшін,  ең 

алдымен  олардың  қабілеттерін  дамытудын  мәні  зор.    Психологтар  қабілеттердің 

екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді: 

1)репродуктивті –  іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу 

деңгейі; 

2) шығармашылық –  жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. 

 Шығармашылық – өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі 

болғандықтан, тек адамға ғана тән. 

 Шығармашылық  –  төмендегідей  ерекшеліктермен  сипатталатын  адам 

әрекеті: 

-   шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы; 

-    әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы; 

-    шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы; 

-   шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы; 

  нәтиженің жаңалығы, сонылығы. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  қабілеттерін  дамытудың  негізгі  факторы 

болып  олардың  білімі  мен  дағдыларының  дәрежесі  ғана  емес,  сонымен  бірге, 

баланың  маңызды  психикалық  қызметтерін,  ақыл-ой  жұмысының  тәсілдерін 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  процесін  жолға  қою  керектігі  саналады. 

Оқушының  шығармашылық  қабілеті  де  оның  ойлау  мен  практикалық  әрекеттері 

арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп 

білеміз [1; 28 б.]. 

Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас 

жаңа  қағидаларға  негізделеді.  Олар  ынтымақтастық,  өзара  сыйластық,  түсіністік 

сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы 

басты назарға ұстанылады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы 

мақталып, қатесі түзеліп отырылады. Оқушы кішкентай бала деп қарамай, оның да 

пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу, оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі 

дәлелденеді [2; 27 бет]. 

Шығармашылық —  бүкіл  тірішіліктің  көзі.  Адам  баласының  сөйлей 

бастаған 

кезінен 

бастап, 


бүгінгі 

күнге 


дейін 

жеткен 


жетістіктері 

шығармашылықтың  нәтижесі.  Бұған  бүкілхалықтық,  жалпы  және  жеке  адамның 

шығармашылығы  арқылы  келдік.  Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі  ұрпақтың  қол 

жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-әрекетінде  сол  жетістіктерді 

жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға 

қол  жеткізеді.  Ал  бүгінгі  күрделі  әлеуметтік-экономикалық  жаңарулар  тұсында 

шығармашылық  қабілеттер  басты  нысана  болып,  керісінше,  оқушыда 

шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті 

деп  ойлаймыз.  Себебі  өмірдегі  сан  алуан  қиыншылықтарды  шешу  тек 

шығармашыл  адамдар  ғана  қолынан  келеді.  Тек  шығармашылық  қана  қандай 



492 

 

түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге 



мүмкіндік  әпереді.  Мұндай  күрделі  мәселені  шешуде  үздіксіз  білім  беру  ісінің 

алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше. 

Қабілеттердің  бірдей  емес  екендігін  сыныпта  отырған  оқушылардың 

әрқайсысының  әр  пәнге  және  әр  деңгейде  қабілетті  болатындығынан  байқауға 

болады.  Бірі  есепті  тез    шығарса,  екіншісі  тілге  бай,  ал  енді  біреулері  сурет 

салғанды тәуір көреді.          

Бастауыш сынып оқушыларына тән мына белгілерді көрсетуге болады: 

      -  бастауыш  сынып  оқушылары    ой  қызметіне  ерекше  ынтамен  ұмтылып 

тұрады. Алғырлығы шапшаңдығы, сезімталдығы басым. Ештеңені жасырып, іркіп 

қалмайды, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады; 

      -  бастауыш  сынып  оқушылары  небір  дүниені  қиялында  құрастыра 

алғанымен,олардың қиялы тұрақтап, бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды. Ой-

қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әлдебір тапсырма төңірегінде тұрақтандыру өте 

қиын.  Ал  педагогтың  міндеті:  баланың  қиялын,  ойын  белгілі  мақсатқа  бағыттай 

білу; 

      -  бастауыш  сынып  оқушылары  шығармашылыққа  өте  белсенділік 



көрсеткенімен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан тапсырмалар ойын 

үлгісінде берілуі керек; 

      -  бастауыш  сынып  оқушылары  бастаған  істі  аяғына  дейін  жеткізуге 

шыдамсыз.  Сондықтан  да  педагогтың  міндеті  –  балаға  үздіксіз  фантазия 

элементтерін емес, көлемі шағын тапсырмалар берген жөн; 

      -  бастауыш  сынып  оқушыларында  өзіндік  сын  мүлдем  жоқтың  қасы  деп 

айтсақ та болады. Мұндай жағдайларда педагогтың көреген көзі, асқан шеберлігі, 

педагогикалық технологияны дұрыс және тиімді пайдалана алудың үлкен мәні бар. 

Осы бағытта білімді нықтау, байыту және жүйелеу, бір жағынан, теориялық 

негізді  практикалық  іс-әрекетте  пайдалану  болса,  екінші  жағынан,  заңдар  мен 

ережелерді іс жүзінде саналы түрде қолдана алатын болады. Оқу үрдісі мұғалімнің 

басшылығымен  оқушылардың  таным  үрдістеріне  (жады,  зейін,  ойлау,  қабылдау, 

т.б үрдістерге ) негізделіп жүргізілсе нәтижелі болады.  

Шығармашылық  іс-әрекет  танымдық  іс-әрекеттің  бір  құрылымы  болып 

табылады.  Оқушы  қоғам  өмірінде  маңызды  іс-әрекетке  дайындалып 

жатқандықтан,  оның  оқу–танымдық  әрекеті  болашақ  кәсіби  әрекетінің 

дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс-әрекеті бағытталған, 

ал  оның  әлеуметтік  және  шығармашылық  белсенділігі  оның  өмірлік  жолын 

анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс-әрекет 

ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны 

игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, 

болашақ  қызметі  туралы  ақпарат  және  т.б.);  оқушы  іс-әрекетінің  жоспарлы 

жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы – кітаптар, 

лабораториялық  құрал  –  жабдықтар,  болашақ  кәсіптік  еңбектегі  модельдер, 

техникалық  құралдар,  т.б.  жоғары  интеллектуалды  жүктеме  (емтихан,  сынақ 

тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады [3].  

Психология  мен  педагогикада  оқу  мотивтеріне  көптеген  зерттеулер 

арналған 

(С.Л.Рубинштейн, 

А.Н.Леоньтев, 

Л.И.Божович, 

Л.С.Савина, 

Н.Г.Морозова,  М.А.Данилов,  В.С.Ильин,  Г.И.Щукина  және  басқалар).  Бұл 


493 

 

ғалымдардың  топшылауынша  оқушыны  білім  алуға  итермелейтін  мотивтер  көп. 



Мысалы,  танымдық  мотивтер  –  танымдық  белсенділіктер  және  қажеттіліктер. 

Оқушы  үшін  «жаңаны  білу  қызық»,  «ғылымға  ену»,  «өзінің  жетістіктерін  көру». 

Танымдық  белсенділіктер  белсенділіктің,  дербестіктің  негізінде  жатыр.  Ал, 

адамгершілік  мотивтер  –  мұнда  жеке  тұлғаның  адамдарға,  іс-әрекетке,  өзінің 

қоғамдағы  және  ұжымдағы  орнына  қарым-қатынасы  көрінеді.  Ата-ана,  қоғам, 

ұжым  алдындағы  жауапкершілікті,  ар-ұятты  сезіну  қиыншылықтарды  жеңуге, 

қызықсыз тапсырмаларды орындауға жетелейді. Келесі бір мотивтің түрі, қарым-

қатынас  мотивтері  –  «Ауырып  қалғанда  мектепті  сағынамын,  балаларсыз 

көңілсіз»,  «Сабақтарды  жақсы  көремін,  онда  балалармен  пікір  таластырып  өз 

ойыңды  дәлелдеуге  болады»,  «Біздің  сынып  жақсы,  көңілді»  -  бұл  мотивтердің 

тобы оқушылардың мектепке деген көзқарасын білдіреді. Ұжымдағы жайлы ахуал 

білімнің нәтижелі, жемісті болуын қамтамасыз етеді [4].

 

 

Оқу  қызығушылықтары    оқушыларда  оқу  түрткілерінің  дамуына 



байланысты қалыптасып отырады. Қызығу (латынша interest – мәні бар, маңызды) 

–  адам  ерекше  сезінетін  қимылдың  нақты  себебі.  Қызығуды  жеке  тұлғаның  өз 

әрекетіне  бағалық  қатынасы  деп  анықтауға  болады.  Оқушының  танымдық 

қызығуы  танымдық  саласына  қатынасынан  пайда  болады.  Оқуға,  білуге  деген 

қызығу  танымдық  іс-әрекеттің  қозғаушысы  екені  белгілі.  Л.С.Выготский  бұл 

жөнінде  былай  деген:  «Ең  алдымен,  баланы  бір  әрекетке  тарту  үшін,  сен  оны 

қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске 

асыру  үшін  барлық  күшін  салатынын  және  бала  өзі  қимылдайтынын,  ал  мұғалім 

болса  сол  әрекетті  басқарып,  бағыттап  отыру  керек.  Оқушылардың  танымдық 

қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің 

әдістерінің  қалыптасуына  тәуелді»[5].

 

Осыдан  біз  танымдық  іс-әрекеттерді 



дамытудағы шарттарының бірі пәнге деген танымдық қызығуды көреміз.  

Адамда  сан  алуан  қызығушылықтардың  болуы  мүмкін.  Бірақ  бұлардың 

ішінде ең басыңқы қызығушылығы болады. Мұндай қызығушылықтар әсіресе оқу 

әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы 

оқушының  сабақты  үлгеруіне  ықпал  етеді  де,  терең  білім  алуына  көп  жәрдем 

тигізеді.  Оқушыда  қызығушылықтың  нақты  көрінбеуі,  оның  өмірін  мазмұнсыз 

етеді.  Мұндайда  ол  енжар  болып,  зерігіп  берекесі  кетеді.  Қызығушылықтың 

мазмұнды,  әрі  кең  өрісті  болуы,  оның  басты  ерекшеліктеріне  байланысты  және 

мұнсыз  адамның  өмірі  дамымайды.  Қызығушылығы  тұрақты  қасиетке  айналған 

адам  ғана  іс-әрекеттен  жақсы  нәтиже  шығара  алады  және  ісі  әр  уақытта  да 

берекелі,  нәтижелі  болады.    Түрткі  сол  істерге  итермелейтін  күш,  яғни  адамның 

белгілі 


қажеттіліктерді 

қанағаттандырудағы 

іс-әрекеттерге 

байланысты 

психологиялық  көңіл-күйі.  Қажеттілік  адамның  белсенді  әрекетін  тудыратын 

қозғаушы  күш  болса,  білімге,  оқуға  итермелейтін  оқушының  танымдық 

қызығушылығын  қалыптастыруда  түрткілердің  маңызы  зор.  Қызығу  дегеніміз  – 

ынтықтылық,  алғырлық,  тұрақтылық  және  білуге  құштарлық  тәрізді 

компоненттерден  тұратын,  белгілі  бір  нәрсеге  зейін  қою  арқылы  қызығушылық 

сезімін  тудырып,  жүзеге  асырылатын  жеке  тұлғаға  тән  ерекшелік  деп  түсінеміз. 

Оқушылардың оқу пәндерін оқу барысында қызығушылығын тудыру педагогикада 

«танымдық  қызығушылық»  деп  аталады.  Танымдық  қызығушылық  адам 

қызығушылығының ерекше түрі ретінде белгілі оқу пәнінің мазмұнына ғана емес, 


494 

 

сонымен қатар бұл білімді меңгеру үрдісіне, яғни таным әрекетіне де бағытталады. 



Психологияда ол оқу үрдісінің ең мәнді факторы, оқу әрекетінің маңызды мотиві, 

тұлғаның тұрақты көрсеткіші ретінде қарастырылады. Танымдық қызығушылық – 

әр  қырлы  құбылыс,  сондықтан  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту  үрдісіне  өзінің  әр 

түрлі жақтарымен әсер ете алады. Танымдық қызығушылық оқыту мен тәрбиелеу 

нәтижесінде  қалыптасып  дамиды.  Оқушылардың  танымдық  қызығушылығы 

олардың  білімінің  деңгейі  мен  сапасына,  ойлау  әрекеті  мен  әдіс-тәсілдерінің 

қалыптасуына байланысты. 

Педагогтың  жеке  шығармашылығы  ең  алдымен  оның  өзін-өзі  танытуға 

деген  қажеттілігімен  сипатталады.  Яғни  ол  педагогтың  кәсіби  іс-әрекеттегі 

мүмкіндігін  толық  аша  білуге  ұмтылысынан  туындайды.  С.Л.Рубинштейн 

айтқандай,  адамды  жеке  тұлға  ретінде  танытатын  оның  бойындағы  бар  қасиеті 

ғана емес, сонымен қатар оның өзін танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да 

ерекше  қасиеттерінің  бірі  болып  табылады.  Осы  орайда  педагогтардың 

шығармашылық кәсіби іс-әрекетке деген қажеттілігінің туындауына ықпал ететін 

мынадай шарттарды атауға болады: 

-    өз-өзіне іс-әрекеттің субьектісі ретінде қарау; 

-    қайшылықтарды жеңе білу; 

-    рефлекцияға қабілеттілік; 

-    өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу

-    іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу. 

Әр  мұғалімнің  негізгі  мақсаты  –  сабақ  сапасын  көтеру,  оқушылардың 

сабаққа  деген  қызығушылығын  арттыру,  олардың  ізденімін,  танымын 

қалыптастыру. Оқушылырдың ойлау қабілеттерін, дұрыс сөйлей білу дағдыларын 

дамытуда  математика  пәнінің  алатын  орны  ерекше.  Математиканы  оқытуда 

оқушылардың  логикалық  қабілеттерін,  танымдық  іс-әрекеттерін  қалыптастыру 

үшін  ойын  тәсілдерін  математикалық  жаттығуларды  орындағанда  қолданған 

тиімді болады.  

Бастауыш  мектеп  –  бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  дамуы  қуатты 

жүретін,  ерекше  құнды,  қайталанбас  кезеңі.  Сондықтан  да  бастауыш  білім  – 

үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп 

балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, 

қоршаған  ортаға  дұрыс  көзқараста  болу,  талдау  жасауға  үйрету,  ойын  дұрыс 

айтуға,  салыстыра  білуге,  дәлелдеуге,  сөйлеу  мәдениетіне  үйретеді.  Дамыта 

оқытудың  назарын  шығармашылық  арнаға  бұру  үшін  үнемі  шығармашылық 

тапсырма-міндеттер,  жаттығу,  ойын  түрлерін  ұсынған  жөн.  Бастауыш  сынып 

оқушысының зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен, 

әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Педагогикалық ғылымы еш нәрсеге бейімі 

жоқ,  қабілетсіз  адам  болмайды  деп  дәлелдейді.  Сол  себепті  оқушылардың 

шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін көптеген математикалық жаттығуларды 

кеңінен  пайдалануға    болады.  Оқыту  үрдісіндегі  мұғалімнің  басты  міндеті  – 

оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыта білу. Бұл орайда 

әдіскер  ғалымдардың  айтқан  ой-пікірлерін  басшылыққа  ала  отырып,  бастауыш 

сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін тиімді түрде дамытуға болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет