Әдебиеттер
1.Аксарина Н.М . Сәбилік шақтан балаларды тәрбиелеу.- Алматы: 1982.
2.Баймұратова Б.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
методикасы.- Алматы.: "Рауан" ,1991.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге үйрету.-
Алматы: 1981.
4. Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету,-
Алматы: 1981.
5. Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әдістемелік
нұсқау.- Алматы, 1992.
6.Бардин К.В. Подготовка ребенка к школе.-М: Знание, 1993.
545
7.Дүкенбайева Г. Сауат ашу сабақтарының жоспарлары.- Алматы, 1999.
8.Қожақыметова Х. Мәнерлеп оқу .- Алматы, 1982.
Тойбазарова Нағима Әмірханқызы, п.ғ.к., доцент, Ақтөбе область бойынша ПҚ
БАИ «Өрлеу» «БАҰО»
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі педагогикалық білім берудің тұжырымдамасы маманның ғылыми
терең дайындығы болуын керек етеді. Оның ішкі жан-дүниесі еркіндікке
негізделген, қоғамдағы бар экономикалық, әлеуметтік жағдайды педагогикалық
тұрғыдан түсінетін, ерекше ізденімпаздықпен бұрынғы дәстүрліні жаңалықпен
үйлестіре алатындай педагогикалық шеберлігімен жауапкершілік жетекшілікті
болу керек.
Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнен асқан кәсіптік шеберлікті,
арнайы дайындықпен ізденісті, сауаттылықты талап етеді. Инновациялық оқыту
білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастырып, олардың
оқуға деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады. Олай болса,
педагогикалық технологияның мәні - шығармашылық қабілеттің дамуы үшін
жағдай туғызу. Бүгінгі таңда дамыта оқыту технологиясы (Д.Б.Эльконин мен
В.В.Давыдов) проблемалық модульді оқыту технологиясы (М.Чошанов),
модульдік оқыту технологиясы (П.И.Третьяков, К.Вазина) және т.б. технологиялар
(В.П.Беспалько) кеңінен танымал. Даралап оқыту технологиясы оқушының
шығармашылық қабілетін, өз бетімен ізденісін, ойын жүйелеп жеткізе алуын
қамтамасыз етеді. Мұнда болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелей алатын, оған оңтайлы
жол сілтеп, бағыт-бағдар бере алатын тұлға- ұстаздың еңбегі зор. Осыған орай,
болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру сияқты жауапты міндеттің нәтижелі
болуы, ең алдымен, мұғалімнің ғылыми-теориялық дайындығына, оның
ізденушілік қасиетіне байланысты [1].
Инновациялық оқыту-қазіргі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени ортадағы
инновациялық өзгерістерді жете қарастыратын үрдіс және оқу, білім беру
әрекетінің нәтижесі.
Инновациялық оқыту жағдайында мұғалімдердің кәсіби даярлығы-
мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі және оның өз іс-
тәжірибесінде пайдалана алуына қажетті жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруі.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын дамыту-мұғалімнің меңгерген
инновациялық педагогикалық технологияны өз іс-тәжірибесінде қолдануға даяр
болуы.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы инновациялық
білім мазмұны жаңа білімді меңгерудің, оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі
формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда педагогика саласына елеулі өзгерістер енгізіліп, жаңа
көзқарастар пайда болуда. Әрбір білім беру құрылымында оқыту мен тәрбиелеудің
жаңа технологиялары өмірге келуде. Оқушының сабаққа қызығуы, адам ретінде
546
қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асатын болса, ал шығармашылық қабілеті
оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Олай болса оқушының
пәнге деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыруда сапалы білімге қол
жеткізетін оқытудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы-нәтижеге бағытталған Дамыта
оқыту жүйесі болып табылады.
Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу –
мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлікті талап етеді. Дамыта оқыту жүйесінің
теориясын толық меңгеріп, оны шығармашылықпен тәжірибесіне енгізе білсе,
мұғалім оқушылардың білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосары сөзсіз. Дамыта
оқыту теориясы өз бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский,
Ы.Алтынсарин еңбектерінен алады. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми
негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты қалыптасты. Өз еңбегінде
Г.К.Селевко: «В 1996 году Министерство образования России официально
признало существование систем Л.В.Занкова и Д.Б.Эльконина – В.В.Давыдова.
Остальные развивающие технологии имеют статус авторских, альтернативных», –
деп көрсетеді [1].
Дамыта оқу жүйесін қалыптастыратын В.А.Занковтың идеясы – білім
өзінен-өзі ешкімді дамытпайды, сырттан берілген білімді ішкі құлшыныс пен
талпыныс арқылы оқушы өз санасына ұғындыруы керек. Яғни танымдық схемалар
санада құрылуы керек. Ол үшін ғылым, білімді өз бетімен алу әдісін оқушыға
үйрету керек, - дейді [2].
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген
мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты [3]. Осыған орай, бұл
жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап,
көмектесіп отыруды көздейді. Біздің басшылыққа алып отырған дамыта оқыту
технологиямыз - Ресейде бастауын Л.С.Выготскийден алып, оның бер жағында
А.Н.Леонтьев идеясына сүйенетін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов жасаған дамыта
оқыту теориясы мен Н.Ж.Құрманованың нақты қазақ тілін қазақ мектебінде
оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздерін
зерттеген еңбегі [4].
Негізінде, дамыта оқыту дегеніміз – нақты өмірде және сол өмірдің табиғи
дамудың заңдарын танып, соған сүйеніп ұйымдастырылатын оқу-танымдық
үдерісті білдіреді. Дамыта оқытудағы негізгі мақсат - білім мазмұнын
жаттандылықпен үйрету болып табылмайды, яғни білім мазмұнын оқушыға өз
бетімен жасалатын көптеген ақыл-ой әрекеттерін орындау арқылы меңгерту және
теориялық ойлауын дамыту.
Оқу мен тәрбие – оқушының білімді және адамзат қоғамының талаптарына
сай дамуын мүмкін ететін ерекше үдеріс. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім оқыту
материалдарында берілетін білім мазмұнын «бар, өзгермейтін, даяр» нәтиже
ретінде беретін болса, ал дамыта оқыту үдерісінде оқушыны білімді біріге
іздейтін, әсіресе, оқушының өзіне «жаңалық ашу» мүмкіндігін жасайтын әдіс
алдыңғы орын алады.
Осындай әдістер арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі
жоғарылап,білім алу сапасының көрсеткіштері де биіктей түседі.
Яғни дәстүрлі оқытуда мұғалім дүниеде танылған заңдылықтарды өзі
көрсетіп, өзі талдап, өзі соның түйінін жасап береді, ал дамыта оқытуда оқушы
547
өзін мұғалім дамутуға міндетті және солай болуы тиіс объект ретінде емес, өзін-өзі
дамытуға, өзгертуге қатысты субъект ретінде орын алады. Дамыта оқыту
технологиясының басқа технологиялардан ерекшелігі – оқушының оқу процесінде
белсенді субъект ретінде қатысуы, білімді өз бетінше іздену арқылы меңгеруіне
жағдай жасау, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Дамыта оқытуда мұғалім оқушылардың алдына проблемалық мәселе қояды,
соны шешудің жолдарын қарастыра отырып, оқушыларды ойлауға жетелейді,
әрекеттің барысына бағыт-бағдар береді. Оқушыны өз ойын, өз пікірін білдіре
жауап беруге үйретеді. Себебі сабақтың әрекет теориясына сәйкес
ұйымдастырылуы - баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Олай болса
мұғалім ақылды, өз пәнін жетік біледі, бірақ бәрін өзі айтып бере салмайды, өз
білімімен баланы таң қалдыруға тырыспайды.
Дамыта оқытуда керісінше мұғалім мәселе қойып, оны шешуде баланы
ойландыра отырып, оның танымдық қабілеттерінің ашылуына жағдай жасап,
баланың бойындағы сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында оқушының
өз бетімін орындайтын оқу әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушы жаңа білімді
өз бетінше игеріп, өзі ереже шығарып, өзі «жаңалық ашқандай» дәрежеге жетуіне
ықпал жасайды. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін
жаңалық болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі, оқу әрекетімен
шұғылданады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей
жағдайға түсу керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады,
білім алуға әрекеттенеді.
Дамыта оқыту технологиясында оқушылардың өзін-өзі бағалауы жүзеге
асырылады. Осыны ескеріп мұғалім үнемі сабақта оқушылардың білімін
бағалауда «Өзін-өзі бағалау» жүйесін қолданса, олар өз білім деңгейлерін өздері
бағалау арқылы өздеріне сыни тұрғыдан қарап, күннен күнге жақсы баға алуға
ұмтылысы, қызығушылығы артатыны сөзсіз. Қорыта айтқанда дамыта оқыту
технологиясының әдістерін әрбір мұғалім жетік меңгеріп, оны өз тәжірибелерінде
шығармашылықпен тиімді қолдана білсе және оқушы білімін мұғалім өзі
бағаламай, оқушының өз білімін өзі бағалауын, яғни сабаққа «Өзін-өзі бағалау»
жүйесін енгізсе сапалы білімге қол жеткізуге болатындығын біз өз тәжірибемізде
дәлелдедік. Тәжірибе нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімдері мен
оқушыларына арналған «Қазақ тілі пәнін дамыта оқытудың оқу-әдістемелік
кешені" әзірленіп, монография шығарылды [5].
Кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән бағалы,
қызықты
болғанмен,
мұғалім
оқушының
белсенділігін,
пәнге
деген
қызығушылығын оята алмаса, берген білімнен жақсы нәтиже күтуге болмайды.
Оқушыны ізденімпаздықпен жұмыс істеуге баулитын, өз ақыл-ойын көбірек
танымдық істерге жұмсауға ұмтылдыратын оқыту ғана нәтижелі болмақ. Олай
болса, қазіргі заман мұғалімі әр сабағында жаңадан жаңаны ойлап табатын,
шығармашыл, креативті педагог болуы керек.
Қазақстан білім беру жүйесінде педагогтардың бүгінгі таңдағы ақпараттық
қоғам аймағындағы жеке тұлғаның ойлау қабілетін қалыптастыратын және
дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын инновациялық-педагогикалық
548
технологияларды, соның ішінде дамыта оқыту технологиясын тиімді қолдануы
жоғары нәтиже береді.
Әдебиеттер
1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - Москва,
«Народное образование», 1998.
2. Занков Л.В. Избранные труды.- М.:Педагогика,1990.
3. Давыдов В.В.- Эльконин Д.Б. Теория развивающего обучения. – М., 1996.
4. Құрманова Н.Ж. Қазақ мектебінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту
технологиясы. Монография. – Ақтөбе, 2004.- Б.168.
5. Тойбазарова Н.А. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту:
теориясы және практикасы. Монография. – Ақтөбе, 2008. – Б. 238.
Атыманова Қарғаш Жолжақсықызы, п.ғ.к., № 106 мектепке
дейінгі «Қарлығаш» мекемесінің меңгерушісі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӘРЕКЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту болашақта балаға әрекеттің түрлерін
және құндылықтарын, сонымен қатар ұлттық мәдениетті меңгеруге мүмкіндік
беретін базистік мәдениетті қалыптастырудың іргетасы. Сол себепті мектепке
дейінгі тәрбиенің тұлғалық-әрекеттік әдіспен жүзеге асырылуы бүгінгі күнгі
мемлекеттік саясаттың білім беру жүйесіндегі басты бағыттарының біріне
айналып отыр. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру әсіресе, мектепке дейінгі
кезеңде әр тәрбиеленушінің толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға, оның жеке
қабілетін ашуға, өміріндегі маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталуы тиіс.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұны мен құрылымын
жетілдіру, замануи технологияларды енгізуді, балалардың даму деңгейлерінің
сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері бойынша жұмыс істеуді талап етеді. Өйткені
жаңа технологиялар мектеп жасына дейінгі баланың тұлғаға тән өмірлік
қасиеттерді қалыптастырушы негізгі фактор болып табылады.Солардың бірі
тұлғалық-әрекетті түрде оқыту.
Тұлғалық-әрекетті әдіс-бұл тұлғалық бағдарлы және әрекеттік әдістер бірлігі
болып табылады. Тұлғалық-бағдарлы әдіс, тәрбиелеп оқыту үдерісінде баланың
өзінің, оның қызығушылығының, психологиялық өзіне ғана тән ақыл жүйесінің
ортаңғы нүктеге айналуын талап етеді. Яғни бала тұлға ретінде дамып қалыптасуы
тиіс. Жалпы педагогикалық тұрғыдан алғанда-бұл педагог пен бала арасындағы
субъект-субъектілік қатынас, білім алушының белсенділігі болса, жалпы
психологиялық тұрғыдан – іс-әрекет теориясы (А.Н. Леонтьев), тұлғалық әрекеттік
құралдандыру ( С.Л.Рубенштейн), оқу әрекетінің теориясы (Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов) болып табылады. Сайып келгенде, ғалымдар пікірін бала мен
педагог арасындағы өнімді іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған өзара сенімді
қарым-қатынастардың бала тәрбиесінде орын алуы деп қорытуға болады.
549
Мекемеміздегі педагогикалық іс-әрекетіміздің тұлғалық-әрекеттік оқытуға
негізделуіне авторлық «Мен – жеке тұлға» бағдарламасының көп ықпал етіп
отырғанын айта кеткен жөн. Бағдарлама оқытып тәрбиелеу үдерісінің
қатысушылары – педагог пен баланы толық қамти отырып, баланың педагогпен
бірлескен іс-әрекетіндегі білім мен білікті жаңа технологиялар негізіндеәрекетті
түрде меңгеруіне жағдай жасайды.
Бала мен педагог арасындағы өнімді іс-әрекеттер еңбек, оқу тапсырмаларын
орындау, ойын арқылы жүзеге асады. Бұндай іс-әрекеттер барысында нәтиже
алуға бағыттылық сурет, құрастырмалар, бөлменің ішін ретке келтіру,
арифметикалық тапсырмалар шешу сияқты өнімді іс-әрекеттер арқылы біртіндеп
жинақтала бастайды. Жақсы нәтижеге жету үшін баланы өзінің іс-әрекетін
жоспарлай білуге үйрету шарт. Бұл балалардың ерік жігерін дамытуға, өз мінез-
құлқын басқаруға үйрете отырып, іс-әрекет нәтижесі арқылы өз іс-әрекетіндегі
жеткен жетістігін салыстыруға, бағалауға негіз болып табылады. Осындай іс-
әрекеттердің ішінде бүгінгі күнгі мектепке дейінгі білім берудің Мемелекеттік
стандарты талап етіп отырған ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастығы
негізінде ұйымдастырылатын эксперименттік-ізденіс іс-әрекеті аса маңызды
орынға ие.Соған сәйкес тәжірибеміздегі әрекетті оқытуға негізделген
экспериментті іс-әрекеттер 3 пен 5 жас аралығындағы балалардың материалдар
мен мақсатты түрде таныса отырып, заттар арасындағы жалпы қатынастарды
бейнелеп, қоршаған ортаның үлгісін жасауына ықпал етсе, 5-7 жас аралығындағы
балаларды мақсат қойып, нәтижеге жетуге үйретуге бағытталады. Яғни, әрекетті
оқытудың негізгі идеясына сәйкес жаңа білім дайын күйінде ұсынылмай балаларға
оны өз беттерінше зерттеу жүргізе отырып анықтауға мүмкіндік туғызылады.
Зерттеу барысындағы әрекеттер балалардың салыстыру, талдау, жинақтау
тәсілдері арқылы теориялық ойлауының алғы шарттарын қалыптастыруына үлкен
ықпал етеді.
Әрекетті түрде оқытудағы топтық, жұптық жұмыс түрлері ұйымдастырудың
негізгі формалары болып табылады. Олар арқылы дифференциалдау негізінде
балалардың дамуының іргелес және жақын аймақтарын ескере отырып, білім
алудағы потенциалдық мүмкіндіктерін байқауға, бала қабілетіне сәйкес оқытудың
жеке траекторияларын құруға мүмкіндік алуға болады.
Оқу тапсырмаларын орындау баланың таным қызығушылықтарын оятады –
білім құмарлық, жаңа білімді алуға деген құлшыныс, оқу барысында таныс
болатын шындықтарды ашуға деген белсенділік, бастамшылдық қасиеттері бір
сөзбен айтқанда баланың келешекте білім алуға деген әмбебап психологиялық
алға шарттары қалыптасады. Алайда, мектеп жасына дейінгі оқыту мен
тәрбиелеудегі негізгі әрекеттердің ойын арқылы жүзеге асуы тиіс екендігін естен
шығармауымыз тиіс.
Ойын арқылы балалардың өз ойындарының әртүрлі желістерін тәрбиешінің
көмегімен жоспарлай білуге үйрету қажет. Ол-баланың ойлау қабілетін дамытып,
тәрбиешінің көмегімен ойын ережелерін меңгертеді, өз-өзін басқаруын, ерік-күшін
дамытады. Ойын арқылы алты жасқа қарағанда баланың рефлексия жасау қабілеті
қалыптаса бастайды-өзінің ерекшелігін түсініп, байқап, оны басқалардың қалай
қабылдайтынын, өзге адамдардың оның мінез-құлқына деген көзқарастарын
ескере отырып, өзінің әлеуметтік ортаға қажетті сыр-сипатын анықтайды
550
(Ахвердова И.А.). Ал рефлексия білім берудің заманауи технологияларындағы
қажетті компоненттердің бірі болып табылады.Ол адамның артқа бұрылып істеген
ісіне «мен не істедім, неге бұлай істедім, басқадай істесем қалай болар еді?» деп
өз-өзінен сұрай отырып-іс-әрекетін, мінез құлқын бағалауға бағытталған адами
қабілет (В.В. Давыдов). Яғни балаға үсті-үстіне білім емес, сол білімді алуға деген
құлшынысын арттыруға, өз-өзін өзгертуге, топ ішінде жұмыс істей білуіне
рефлексия арқылы ықпал жасау әрекетті оқытудың негізгі мақсаты болып
табылады.
Мектепке дейінгі шақтағы бала эмоционалдық тұрғыдан үлкендерді және
құрдастарын тез қабылдағыш келеді. Негізгі әлеуметтік қажеттіліктер (жақсы
көру) жеткілікті деңгейде жүзеге аспаса, одан бала қиналады. Егер де баламен
қарым-қатынасқа түсу барысында үлкен адамның көңіл-күйі болмаса немесе ол
дөрекі мінез, балаға немқұрайлылық танытатын болса, онда бірден бала
психикалық белсенділігін жоғалтады.
Баланың адам болып жетілуі үшін ол адамдар арасында жүріп солардан
тәлім-тәрбие алуы тиіс. Бірақ баланы қоршап тұрған нәрселер мен үлкендер оның
психикалық дамуы үшін біркелкі ықпал көрсете бермейді. Сол себепті білім беру
мекемесі ретінде бала тұлғасының заманға лайық болып қалыптасуы үшін ата-ана
мен балабақша байланысын үзіп алмау тікелей педагогтардың бастамасынан
туындайтыны белгілі. Ата-аналармен біріккен іс-әрекеттеріміздің де әрекетті
түрде жүзеге асуын олармен жеке және топтық жұмыстарда жүзеге асыруға
тырысамыз. Оларға бала тұлғасын дамыту: тұқым қуалаушылық, орта, мақсатты
түрдегі бағытталу факторларына байланыстылығын түсіндіреміз. Бірақ бұлардың
қай-қайсысы болмасын сапалы түрде жүзеге асуы үшін, іс-әрекетке баланың
шынайы қатысуы шарт.
Бала қайталанбас тұлға ол өзінің қандай да болсын жеке қабілетімен
ерекшеленеді. Яғни біздің де тәрбие нәтижесінен көргіміз келетіні осы. Білім беру
салаларында байқалған қабілеттерін балалардың үйірме жұмысында жалғастыруы
олардың бойындағы қабілеттерін ары қарай дамытуына көп көмегін тигізеді.
Балалардың әр түрлі ортада бейімдеріне қарай алған білімдерін үйірме нәтижесі
ретінде жүзеге асыра отырып, қызығушылық бағыттарына қарай жеке зерттеу
жұмыстарын
жүргізіп,
жобалар
ұсынуы
балалардың
жеке
тұлғалық
қалыптасуының негізі екендігін айтуға болады.
Қорыта келгенде, әрекетті түрде оқыту әдісі баланың сәбилік шақтан бастап,
өз-өзін дамытуына, өз-өзін танытуына, өз іс-әрекетін бағалап, қоғамдық ортаның
белсенді мүшесі болуға жетелейтін білім берудегі маңызды технология екендігін
айтқымыз келеді.
Әдебиеттер
1.
МЖМБС 1.001-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты.
2.
Давыдов В.В. Развивающее обучение. М., Академия, 2004.
3.
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.: Политиздат, 1975.
4.
Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М., 1996.
551
5.
Столин В. В. Проблема самосознания личности с позиции теории
деятельности А. Н. Леонтьева // А. Н. Леонтьев и современная психология /
Под ред. А. В. Запорожца и др. М., 1983.
6.
Рубенштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 1998.
7.
«Қарлығаш» мектепке дейінгі мекеме ұжымының «Мен-жеке тұлға»
авторлық бағдарламасы. Өскемен, 2003.-150б
Берекполова Гульфия Октябревна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО
бойынша ПК БАИ, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ
РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНІҢ ТАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Білім берудің басты өлшемі - білім мен білік алған кез-келген азамат
әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу
болып табылады» - деп ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
Жолдауында атап көрсетті [1].
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі
реформалар мен парадигмалардың мазмұнында, қазіргі білім саласында білім мен
біліктерді меңгеру көлемі емес, оқу субъектіснің әр қатысушысы өз «табыс
өлшемін» белгілеп, өз бетінше жұмыс жасай алатын, нарықтық ортада тиімді іс-
әрекетті ұйымдастыратын тұлғаны өсіру көзделген. Қойылған талаптардың
шешімін табуда осы үдерісті ұйымдастырушы және көшбасшысы болып келетін
мұғалімнің рөлі ерекше.
Мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі»
стиль қалыптасып, оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе
алмай, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын
алады. Қазақстандық орта білім беру жүйесінде екі жылдан астам, әлемдік
жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында
сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кеңімен таралды [2]. Сындарлы
(конструктивті) оқыту барысында мұғалім өз рөлін өзгертіп, «білім берушіден» -
оқушылардың әрекетін назарда ұстай отырып, үдерісті бағыттаушы, қиындықтар
арқылы өзін және оқушыларды реттеуші. Сондықтан, қазіргі педагогикалық
үдерісте мұғалім оқыту ортасын құрып, келесі мәселелерге көңіл аударады:
- оқушылардың оқу үдерісін түсінуіне;
- қалай оқыту керек;
- нені оқыту керек.
Мәселелерді шешу барысында әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық
аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзара үйрету және үйрену үдерісіне
қатысады, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, өзінің жетістік
нәтижесін белгілейді, алынған нәтижелерді қадағалайды, қателіктер мен
қиындықтар оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып тәуекелге барады.
Осы үдерісте тек кәсіби шеберлігі дамыған, жоғары ұстанымы бар мұғалім
аталған нәтижеге жетеді және оның негізгі алғышарты болып аңықталған қабілеті
- рефлексивтік ойлауы.
552
Шетелдік және ресейлік ғалымдар рефлексияны жан-жақтан қарастырып,
талай мәселелерді анықтап, шешуде. Рефлексияның мәні бірнеше ғылымдық
бағыттарда қарастырылады. Т.М.Давыденконың еңбегінде рефлексияны зерттеу
философиялық, психологиялық, әлеуметтік-философиялық және педагогикалық
деңгейлерде қарастырған [3].
Психология ғылымында рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық
үрдістердің адам табиғатында тығыз байланысы болғандықтан, олардан бөліп
қарауға болмайды. Мысалы, іс - әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу,
оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтаудан
тұрады.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық
жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин:
«Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» - деген пікір білдіреді
[4].
Рефлексия ұғымын педагогикалық үдерістегі мәнін келесі ғалымдар К.В.
Вербова, К.Я. Вазина, И.Ф. Исаев, И.И. Казимирская, Б.П. Ковалев, С.В.
Кондратьева, А.К. Маркова, Г.Н. Сухобская және т.б еңбектерінде тереңірек
зерттелген. Осы зерттеулердің негізгі қорытындысы, егер де оқу үдерісін
«субъект-субъектілік парадигмасы» мәнмәтінінде қарастырылса, (А.А. Бодалев,
Г.А. Ковалев), онда оқытуда рефлексивтік үрдісінің негізінде педагогтың оқушыға
ықпалы зор болады деген [5].
Ұсынылған көзқарастар аясында, қорытынды жасауға болады: ішкі
тәжірибені игеру мен өзіне бағытталуынан басқа, рефлексияның келесі қызметі, ол
өзіндік реттелу арқылы сыртқы ортаға бейімделуі және өзінің тәртібін өзгертуде
байқалады. Рефлексияны зерттеуде, тұлғалық аспектісінде өзіндік реттелу
тәртібінде, өзінің әрекетін бағалауда байқалады. Бұл көзқарас Б. З. Вульфов пен В.
И. Харькин де ғана емес, С.Л. Рубинштейннің зерттеулерінде үлкен орын алған:
«адамның өмір сүруінің екі жолы бар, соған орай өмірге екі жақты көзқарас
қалыптасады. Бірінші, адамның өз шегінен шықпайтын көзқарасы - ол жеке затқа
көзқарасы, бірақ жалпы өмірге емес. Екінші көзқарас, ол рефлексияның пайда
болуынан тараған. Адамды үдерістен тыс ой шығаруға, үдерістен тыс орынға
иеленеді». Рубинштейннің көзқарасынан рефлексияны басқа бұрыштан
қарастырып, өмірдің құндылы-мағыналы сипаттамасын белгілеуге болады[6].
«Осыдан адамның әр әрекеті өмір жайлы философиялық қорытындылау
сипаттамасына
иеленеді».
Сонда,
рефлексияның
арқасында,
өмірдің
құндылықтарына көзқарастың өзгеруін байқалады және оқыту үдерісінде
мұғалімнің тұлғалық жетістігінің деңгейін дамыту үшін және өзінің іс-әрекетінің
нәтижесін саналы бақылауда рефлексивтік қабілет негізгі болып есептеледі.
Ғылыми тұрғыда рефлексия тек қана қабілет ретінде емес үдеріс, құбылыс
ретінде қарастырылады, соған қарай оның келесі жіктеулері ұсынады:
жобалаушылық рефлексиясы - педагогикалық әрекеттерді үлгілеу,
жобалауға, мақсат қоюға бағыттталған;
ұйымдастырушылық
рефлексия
-
педагогикалық
әрекетті,
оның
субъектілерінің конструктивті, өнімді қарым-қатынас құруға бағытталған;
коммуникативтік рефлексия – педагог пен оқушы арасындағы диалогті
құруда маңызды жағдайдың бірі;
553
мағыналы рефлексия - педагогикалық үдеріске қатысушылардың
саналарына өздерінің әрекеттеріне мағына беруге бағытталған;
ынталандырушылық рефлексия - педагогикалық әрекеттің бағытын,
сипаттамасын, нәтижелігін анықтайды;
түзетушілік рефлексия - педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзіндік
әрекеттерін жағдайға байланысты реттеуге бағытталған [7].
Жүйелі жоспарланған шаралар арқылы педагогикалық үдерістің
субъектілерінің рефлексивтік қабілеттерін кезеңдеп дамытуға болады.
Бірінші деңгейде субъект тек жеке компоненттерге көңіл бөліп, өзгеріс,
нәтиженің себебін анықтамайды. Даму үдерісіне үстірт баға береді.
Екінші деңгейде, тереңдетілген рефлексия деңгейі. Субъект нәтижені
үлгімен салыстырып, жеке компоненттердің даму жағдайын аңықтайды,
қорытынды нәтижеге баға береді.
Үшінші деңгейде үдеріс барысында ұсынылған үлгімен сәйкестендіріп,
түзету еңгізіп, мәселені аңықтап, жеңу жолдарын қарастырады, нәтиженің
заңдылығын анықтайды, шығатын нәтижені болжам жасайды [8].
Кезеңдерді жүзеге асыру негізінде педагог бойында рефлексивтік мәдениет
қалыптасады. Рефлексивтік мәдениет дегеніміз педагогтың рефлексивтік әрекетті
жүзеге асыру барысында психологиялық, теориялық және тәжірибелік дайындығы
[9]. Әр педагог өзінің кәсіби жетілдіру бағытында рефлексивтік кезеңдерге
байланысты арнайы әдіс-тәсілдер, стратегияларды қолдану арқылы осы
рефлексиялық мәдениетке қол жеткізе алады.
Қорыта келгенде, рефлексияны мақала мазмұнында мұғалімнің әрекетіне
байланысты қарастырып, қабілеті және мәдениеті ретінде қалыптасатын құбылыс
деген ойға түйіндегім келеді. Соның нәтижесінде оқытушының тұлғалық жетістігі,
білім алушылармен субъектілік қарым-қатынаста болуы, олардың өзіндік
танымын, кәсіби өсуін, шеберлігін жетілдіру, тұлға ретінде жетілдіретін және ол
үздіксіз жүріп отыратын үдеріс, ол мұғалімнің тек педагогикалық үдерісте ғана
емес, жеке тұлғалық өміріне сіңетін жалғасын табуы тиіс, - деп тұжырым
жасаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |