Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
-
 
оқыту  аймағының  кеңеюіне  байланысты  оқушының  білім  деңгейінің 
қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы; 
-
 
компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге енгізілуі, оны 
игеру мүмкіншіліктерін арттыру. 
Оқушылардың  әртүрлі  компьютерлік  техникалық  құралдарды  игеріп, 
соларды  тұтыну  тәсілдерінің  қалыптасуы,  яғни  оларды  игеру  оқушыларды 

221 
 
инновациялық  білім  ортасына  жылдам  енгізеді.  Компьютермен  оқытудың  өз 
мақсаты,  мазмұны,  формасы  және  ерекше  өткізу  тәсілі  бар  екені  белгілі. 
Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері болады: 
-
 
оқыту мақсатын анықтау; 
-
 
өтілетін  тақырыптың,  бөлімнің  материалдарын  талдау  керектілерін 
таңдап алу және оның сценарийін құрастыру; 
-
 
сабақты жүргізудің бағдарламсын жасау; 
-
 
оқу үрдісінде компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу. 
Компьютерлік  сүйемелдеуі  бар  сабақтарды  жасаудың  алғашқы  кезеңін 
таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады. 
Білім  беру  мақсатын  жүзеге  асыру  нәтижесінде  оқушылар  оқу  материалының 
жаңа  көлемін  игереді,  оның  сапасын  арттырады,  деңгейін  өсіреді.  Бұл  мақсат 
екі топқа бөлінеді: 
-
 
оқушыларды  білім  негіздерімен,  нақты  фактілермен  түсініктермен 
заңдармен, теориямен таныстыру; 
-
 
жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді 
қалыптастыру, яғни алдыңғы білімді қолдану тәсілдерін меңгеру. 
Оқыту үрдісінің маңызды компоненттерінің бірі – бақылау және баға қою. 
Бақылау – бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-
әрекетін  меңгертудің  функциясы.  Бақылаусыз  жеке  адамның  дамуы  мен 
қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық педагогикалық 
мәні  оқушыларға  дер  кезінде  көмек  көрсету.  Сабақтың  барлық  кезеңдерінде 
бақылаудың  мазмұны  оқушылардың  іс-әрекетіне  ынталандыру  және  олардың 
белсенділігін  дамыту  тиіс.  Бақылау  үрдісінде  оқушылардың  алған  білімді 
игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар 
алу өте қажет.  
Әдебиеттер: 
1.
 
Нургалиева  Г.К.,  Тажигулова  А.И.,  и  др.  Педагогические  технологии 
информатизации образования. Алматы: РЦИО. 2002, -269 с. 
2.
 
Доллинер  Л.  Ақпараттық  коммуникациялық  оқыту  технологияларының 
мәселелері  және  болашағы  Информатика  негіздері  ғылыми-әдістемелік 
журналы, 2008 ж. №1 2-4 б. 
 
 
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
 
 
М. С. Жұматаева, 
М. Әуезов атындағы мектеп, 
Жамбыл облысы akmaral1264@mail.ru 
 
Қазір  бүкіл  әлемде  индустриялық  қоғамнан  интерактивті  қатынас 
жасауға,  оны  жүзеге  асыратын  техникалық  мүмкіндіктерді  дамытып  отыра 
алатын  ақпараттық  қоғамға  көшуде.  Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістермен 
ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  оқушының  ойлау  қабілетін 

222 
 
арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  қызығушылығын  тудыру,  белсенділігін 
арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. 
Оқушылардың  танымдық  көзқарасын  байыту,  ақыл-ой  қабілетін 
жетілдіру,  өзіндік ойлау  және өмірлік ұстанымын  қалыптастыру  оқытушының 
шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту 
мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде 
ғана  оқушылардың  алған  білімі  мен  біліктілігі  шынайы  да  нақтылы 
қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық 
маңызы да зор болады. [1] 
Бүгінгі  күні  ақпараттық  және  педагогикалық  технологиялар  негізінде 
оқытушының  рөлін  түбегейлі  өзгертуге  мүмкіндік  туды,  оқытушы  тек  қана 
білімді  алып  жүруші  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушының  өзіндік 
шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. 
Осыған орай, қазіргі күннің сабақ беру үрдісінде инновациялық әдістерді оқыту 
интерактивті  оқыту  моделі  болып  табылады.  Инновациялық  әдістердің  ең 
негізгісінің  бірі  –  «Интерактивті  оқыту  әдісі».  Оның  негізгі  қағидасы  – 
педагогикалық  қарым-қатынас  пен  қарым-қатынас  диалогы  арқылы  жеке 
тұлғаны қалыптастырып, дамыту. 
Оқытудың  тәжірибелерді  дамытуға  бағытталуы.  Елде  болып  жатқан 
саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне 
де  әсерін  тигізді.  Бұл  өзгерістер  оқу  орындарында  жаңа  пәндер  енгізіп  қана 
қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз 
дамудың  демократиялық  жолын  таңдап  алғандықтан,  қазіргі  кезде  шешім 
қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да 
қатысты:  оқушылар  сабақ  кезінде  мейлінше  белсенділік  танытуға  тиіс. 
Оқушылардың  осындай  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  жасайтын 
әдістемелік амалдарды интерактивті деп атайды. 
«Интерактивті  оқыту  әдістемесі».  Егер  де  сабақ  үстінде  оқушылар  мен 
оқытушылардың  арасында  тығыз  қарым-қатынас  байқалса,  онда  мұндай 
оқытуды  интерактивті  деп  атайды.  Әдетте  мұндай  қарым-қатынас  оқушылар 
әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. 
Бұл  жерде  оқушылардың  жауаптарынан  гөрі  мәселенің  шешімін  табуға 
талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі 
-  оқушыларды  өз  бетінше  ой  қорытып,  жауап  таратуға  үйрету.  Интерактивті 
оқыту оқушының оқу процесіне белсенді қатысып отыруына жағдай жасайды. 
Оқушы мұнда пассивті қабылдаушы ғана емес, шығармашылық ойлау қабілетін 
үнемі жетілдіруге тырысатын креативті (шығармашыл) тұлға.  
Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. 
Оқу үрдісінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі: 


 
  
оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде); 


 
  
шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір  


 
  
ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін); 


 
  
өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында); 


 
  
шағын топтармен (3-5 оқушымен); 

223 
 


 
  
оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір  
мәселені талқылау барысында); 


 
  
оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама  
жүргізеді); 


 
  
кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен). 
Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын 
айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі - оқушы өзгелермен 
араласу барысында ашыла түседі. 
Интерактивті әдістерге: 


 
  
Проблемалық шығарма әдістері;  


 
  
Презентациялар;  


 
  
Пікір-таластар;  


 
  
Кейс-стадийлер; 


 
  
Топпен жұмыс; 


 
  
Миға шабуыл әдісі; 


 
  
Сын тұрғысынан ойлау әдісі; 


 
  
Викториналар; 


 
  
Мини зерттеулер; 


 
  
Іскерлік ойындар; 


 
  
Рөлдік ойындар; 


 
  
Инсерт әдісі; 


 
  
Блиц-сұрақтар әдісі; 


 
  
Анкета алу әдісі т.б. жатады. 
 
Оқыту  үрдісін  жоғары  деңгейге  көтерудің  негізгі  әдісі  проблемалық 
шығармашылық  әдіс  болып  саналады.  Бұл  әдісті  қолдану  барысында  өтілген 
әрбір  сабақ  сұхбат  болып  өтіп,  сабақ  беру  барысында  зерттеушілік  үрдісі 
жетекшілік  етеді.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  оқушыны  оқыту  үрдісіне 
қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға 
проблемалық сұрақ немесе проблемалық тапсырма беріледі. Проблеманы шешу 
барысында  оқушының  біліміне  қойылатын  талаптар  мен  оны  түсінуі 
арасындағы  қарама-қайшылықты  оқытушы  болдыртпауға  тырысады.  Оның 
үстіне  негізгі  проблемалар  оқушылардың  өздерімен  көтеріліп,  сол 
проблемаларды  шешу  оқушылардың  өздеріне  жүктеледі.  Проблемалық  оқыту 
әдістерін ұйымдастыру өте күрделі болып табылады, өйткені оқытушының өте 
терең, жан-жақты дайындалуын талап етеді. Бірақ, бастапқы кезеңде бұл әдісті 
бұрын  өтіліп  кеткен  сабақтардың  құрылымына  қосымша  ретінде  пайдалануға 
болады. 
 
Келесі құнды әдістің бірі – кейс-стадий әдістері немесе «оқытудың нақты 
жағдайлары». Бұл әдістің ең негізгісі - жағдай ұғымы, яғни жағдайларды таңдау 
барысындағы  ең  соңғы  нәтижеге  әсер  ететіні  анықталады.  Бұл  әдісті  қолдану 
барысында  бір  ғана  дұрыс  шешімнің  бар  болуы  міндетті  емес.  Оқытудың  бұл 
әдісінің  негізінде  оқушы  өздігінен  шешім  қабылдап,  сол  шешімін  дәлелдеп 
беруі тиіс.  

224 
 
 
Кейс-стадий  әдісі  құқықтану  мен  медицина  саласында  XX  ғасырдың 
басында қолданыла бастады. Оқытудың бұл әдісіне жетекшілік ететін Гарвард 
университеті.  Өйткені,  ең  алғашқы  кейс  жағдайлары  бизнес  мамандығында 
оқитын 
студенттер 
сынамаларынан 
өткен. 
Кейс-стадий 
әдістерінің 
авторларының айтуынша, оқушылар мен оқытушылар әрбір іскерлік жағдайлар 
мен  мәселелерді  талдауға  қатысады.  Мұндай  кейс-стадий  жазбаша  түрде 
құрылып,  шынайы  деректермен  негізделіп,  оқушылардың  оқуға  және  сол 
мәселе  бойынша  сұхбаттасуына  арналған.  Бұл  әдістің  ең  басты  жетістігі  - 
белгілі бір жағдайларға талдау жасай білу, баламаны бағалай білу, тәжірибелік 
мәселелерді шешуге дағдылану. 
Кейс-стадийлердің ерекшелігі: 
1. Белгісіз бір жағдайларда ең дұрыс шешім қабылдау; 
2. Шешім қабылдаудың жолдарын іздестіру, соларды жоспарлау; 
3. Белгілі бір жағдайларды зерттеу дағдыларын қалыптастыру; 
4. Жоспарларды құра білу; 
5. Теориялық алған білімдерді тәжірибеде қолдана білу; 
6. Басқа да мамандардың көзқарастарын ескеру. 
«Оқытудағы нақты жағдайлар» әдісін пайдаланудың жалпы технологиясы: 
а) оқытушы кейсті таңдайды; 
б) негізгі және қосымша материалдарды нақтылайды; 
в) сценарий жазады. 
Оқушының  міндеті  кейсті,  қосымша  әдебиеттер  тізімін  алып  сабаққа 
дайындалу. Сабақ барысында оқытушы: 
а) кейсті алдын-ала пікір-таласқа салуды ұйымдастырады; 
б) топтарды шағын топтарға бөледі; 
в) кейсті талдау барысында сұхбаттасуға жетекшілік етеді. 
Оқушы: 
а) сұрақтар қояды; 
б) шешім қабылдаудың жолдарын ұсынады; 
в) шешім қабылдайды; 
г) осы жұмыс туралы жазбаша есеп құрастырады.  
Ақпаратты беру оқытушы мен оқушының қарым-қатынастық принципіне 
негізделген.  Жоғарыда  көрсетілген  әдістер  оқушының  қызығушылығы  мен 
белсенділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта 
өңдеу болып табылады. 
Оқытудың интерактивтік моделінің негізгі критерийлері: 
1. Емін-еркін пікір-таласқа түсу мүмкіндігі; 
2. Белгілі бір материалды емін-еркін баяндау; 
3.  Топтық  тапсырмалардың  қолданылуы  және  сол  арқылы  ұжымдық  іс-
әрекеттерді дамыту; 
4. Жазбаша жұмыстарды орындау. 
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 
педагогикалық  технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Сондықтан  оқу-тәрбие 
үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген 

225 
 
қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық 
еңбек етуге жол ашады. 
Интерактивті  оқыту  әдістерін  қолдана  отырып,  келесі  нәтижелерге  қол 
жеткіземіз: 
1. Уақыт үнемделеді; 
2. Сабақтың сапасы көтеріледі; 
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік туады; 
4.  Оқушылардың  белсенділігі  мен  қызығушылығы  артады,  сондықтан  оқу 
үлгерімі көтеріледі.  
Интерактивті  оқыту  әдістері  дәстүрлі  оқыту  әдістерінен  оқу  үрдісінде 
оқушылардың  өзінің  өмірлік  тәжірибелерін  пайдалану  арқылы  есте  берік 
сақтауымен,  мәліметтерді  талдап,  жинақтау  арқылы  жеке  және  кәсіптік 
қабілеттерін  аша  алуымен  ерекшеленеді.  Интерактивті  оқытудың  тиімді 
жақтарының бірі оқушылар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені 
шешу  жолын  қисынды  түсіндіреді  және  де  оқушылар  ойларының  тереңдігіне 
талпынады, мұғалімнің жетешілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады. 
Қорыта  келе  мұғалім  ізденісі  білім  кепілі.  Демек  жаңа  технологиямен 
қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. 
Жаңа  технологияларды  білім  беру  саласында  тиімді  пайдалану  арқылы 
оқушылардың  өзіндік  жұмысының  сапасын  арттыруға  көмектеседі.  Тәуелсіз 
Қазақстанның  келешегі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақ  –  ұлттың  ұлт 
болып қалуының кепілі. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Мұхаметжанова С.Т. Жартынова Ж.Ә. «Интерактивті жабдықтармен 
жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері», Алматы, 2008 ж. 
2.
 
Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық 
технология көзі. Алматы, 2001 ж. 
3.
 
«Қазақстан мұғалімі» газеті, 2008 ж., 5 наурыз.  
4.
 
«Информатика негіздері» 2006-2014 ж. 
 
 
ВНЕДРЕНИЕ ДИФФЕРЕНЦИАЦИИ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА В 
УСЛОВИЯХ ОБНОВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
 
 
Ибраимова Ж. Е., 
учитель русского языка, средняя школа 
 Кишишиган, Панфиловский район,  
Алматинская область, djyma_70@mail.ru 
 
Современные  экономические  и  социальные  условия  развития  общества 
выдвигают  проблему  совершенствования  образования.  Качество  образования 
характеризует связь сферы образования и других сфер деятельности человека, 
которые  рассматривается  на  разных  уровнях  педагогической  системы,  имеет 

226 
 
универсальный  характер.  Социальный  характер  этой  актуальной  проблемы 
проявляется  в  соответствии  качества  образования  требованиям  государства, 
запросам  общества,  и  потребностям  людей.  Современная  школа  должна 
обеспечивать  возможность  успешного  применения  полученных  знаний  на 
практике  с  учетом  их  образовательных  и  индивидуальных  возможностей.  Для 
достижения нового уровня качества общего образования необходимо изменить 
подходы  к  образовательной  деятельности,  которая  должна  быть  оптимальной 
технологией. 
С проблемой обновления качества образования тесно связано «Программа 
курсов  повышения  квалификации  педагогических  работников  Республики 
Казахстан», ожидаемыми результатами, которой является сформированность у 
учащихся,  обучение  тому,  как  обучаться.  Новое  качество  должно  отражать 
процессы  информатизации  науки  и  производства,  современные  средства 
коммуникации требует и новых способов мышления, его конечного результата. 
При  организации  образовательного  процесса  требуется  общее  образование 
нового  качества,  нового  творческого  подхода,  переосмысления  отношений 
между  субъектами  образования,  а  также  материально-технических  затрат. 
Новые  перспективные  перемены  отражают  интересы  не  только  участников 
образовательного процесса, но и запросы современного общества и требование 
государства,  которому  нужны  способные  профессионально  подготовленные 
выпускники,  готовые  к  трудовой  и  общественной  деятельности,  к  успешной 
социализации. 
«Программа курсов повышения квалификации педагогических работников 
РК» значительно пополнила сведения учителей о более удобном и практичном 
построении  учебного  процесса,  понимание  способов  интегрирования  новых 
идей в современном образовании. 
Использование  на  уроках  семи  модулей  является  тем  инструментом,  с 
помощью  которого  учителя  могут  обучать  всех  учащихся  качественно  и 
эффективно.  Задача  учителя  –  организовать  обучение  таким  образом,  чтобы 
использовать  в  качестве  стимула  природные  качества  детей  и  их 
психофизические качества.  
Эффективность  технологии  достигается  за  счет  использования  наиболее 
передовых  методов  и  средств  современной  дидактики,  организации  обучения
компьютеризации  образовательного  процесса.  Одним  из  способов  повышения 
эффективности 
познавательной 
деятельности 
учащихся 
является 
дифференцированный подход в обучении. 
При  использовании  такой  формы  обучения  можно  гарантировать 
возможность  обучения  в  соответствии  с  потребностями,  возможностями 
интересами,  склонностями  каждого  ученика.  Ведущей  идеей  такой  формы 
обучения  является  идея  педагогики  сотрудничества,  т.е.  принятие  любого 
ученика  таким,  какой  есть.  Эти  новые  подходы  в  преподавании  и  обучении 
имеют  одно  несравненное  преимущество,  данная  модель  позволяет  четко 
планировать  и  отслеживать 
процесс  развития  учащихся. 
Акцент, 
присутствующий 
на 
каждом 
уроке, 
делается 
на 
самосознание, 

227 
 
самоопределение,  самовыражение,  саморегуляцию,  учащихся  в  процессе 
обучения. 
Еще одной основой данной теории  является переход в процессе обучения 
умственного  развития  ученика  из  зоны  «актуального  развития»  к  зоне 
«ближайшего  развития»,  которое  может  быть  осуществлено  на  основе 
деятельности, переходящей от репродуктивного к продуктивному. Эти уровни 
деятельности  обеспечивают  разные  уровни  усвоения  учебного  материала 
учащимися. Ученический уровень обеспечивает только такое качество знаний, 
как  правильность  –  это  правильное  выполнение  аналогичных  заданий,  не 
требующих трансформирования полученных знаний, пересказа текста правил. 
Алгоритмический  уровень  усвоения  обеспечивает  такое  качество  знаний, 
как  полнота  и  действенность,  т.е.  ученик,  может  перечислить  все  ведущие 
элементы  знаний,  дать  определение  каждому  из  них,  охарактеризовать 
основные  их  признаки,  а  также  выполнить  задание  по  теме  с  применением 
полученных знаний и умений. 
Заданий  ученического  и  алгоритмического  уровня  в  действующих  на 
сегодняшний  день  учебниках  русского  языка  достаточно,  а  вот  заданий 
эвристического  и  творческого  хотелось  бы  увидеть  больше.  Эвристический  и 
творческий уровни обеспечивают, кроме перечисленных качеств знаний также 
их сознательность, системность и прочность. 
Таким  образом,  начиная  только  с  эвристического  уровня  усвоения,  мы 
можем  удостовериться  в  том,  что  учащиеся  обеспечены  всеми  компонентами 
качеств знания. Естественно, что только в этом случае ученик должен получить 
отлично. Чем интересна эта технология для учащихся? У них всегда есть цель, 
к которой нужна стремиться.  
Традиционное  обучение  не  позволяет  так  четко  отслеживать  и  оценивать 
уровни  ЗУН  по  деятельным  характеристикам,  т.е.  насколько  ученик  усвоил 
материал;  осознанно,  прочно,  системно,  полно.  Традиционно  также  не 
учитывается  тот  фактор,  насколько  применяется  учеником  приемы 
мыслительной  деятельности  –  анализ,  синтез  сравнение  выделение  главного, 
рефлексия. 
При  уровневой  дифференциации  усвоения  для  организации  процесса 
обучения  разрабатываются  уровневые  задания  для  самостоятельной  и 
контрольной  работы  по  каждой  теме,  соответственно  требованиям  уровней. 
Ученический  уровень  представляет  «обязательный»  уровень,  а  остальные 
уровни  –  возможность  выбора  соответствующих  знаний,  умений  навыков  по 
индивидуальному  опросу  учеников.  Таким  образом,  организация  учебного 
процесса  на  основе  уровневой  дифференциации  позволяет  организовать  «все 
углубляющее  движение»  мышления  вокруг  объекта  мышления,  и  тем  самым 
обеспечивать  содержательную  индивидуализацию  обучения,  покрывать  не 
только  уровень  актуального  развития  обучаемого,  но  и  зону  его  ближайшего 
развития. Такое обучение обеспечивает свою динамику развития.  
При  выполнении  самостоятельной  работы  все  ученики  начинают  свою 
деятельность  с  выполнения  заданий  ученического  уровня,  даже  для  сильных 

228 
 
учащихся  вводится  для  того,  чтобы  в  классе  не  происходило  искуссвеннного 
деления  на  способных  и  неспособных  учащихся.  Все  ученики  берут  старт 
одновременно,  каждый  из  них,  по  мере  своих  индивидуальных  способностей 
достигает  своей  вершины  в  усвоении  знаний.  Это  обеспечивает  опорными 
знаниями  в  классе  –  а  главное  гарантированным  выполнением  заданий 
обязательного  уровня  даже  слабыми  учениками.  Каждый  учащийся  обязан 
выполнить  задание  первого  уровня,  и  имеет  полное  право  выполнить  задание 
повышенной  трудности  сложности  тем  самым,  развивая  свои  способности  и 
повышая уровень своих знаний.  
При  этом  выполнение  заданий более  сложных  уровней  становится целью 
ученика, так как по мере правильного выполнения заданий каждого из уровней 
ученики 
получают 
соответствующие 
этим 
уровням 
оценки. 
Использование  новых  подходов  в  преподавании  дает  не  только  качественных 
результат,  но  и  повышает  мотивацию  учащихся  ,путем  развития  также 
критического  мышления  ,а  также  развивает  творческую  деятельность  ,как 
учащихся  ,так  и  учителей  .Ведь  для  того  что  бы  спланировать  план  урока 
учитель должен подойти к работе не только с научной или теоретической точки 
зрения но и с творческой. Как говорил известный русский историк профессор 
В.О.  Ключевский  «Что  бы  быть  хорошим  преподавателем,  нужно  любить  то, 
что преподаешь, и любить тех, кому преподаешь »  
Мне кажется, что главный вопрос педагогических технологий заключается 
в  следующем;  как  получить  гарантированный  результат?  Уровень 
результативности деятельности напрямую связан с уровнем профессионализма, 
наивысшим проявлением которого является его технологичность. Сегодня быть 
грамотным  специалистом  нельзя  без  изучения  всего  обширного  арсенала 
образовательных технологий. 
Поэтому  каждый  учитель  должен  все  время  совершенствоваться  в  своей 
деятельности и нее использовать постоянно лишь традиционный метод работы. 
Он  должен  искать  новые  пути  реализации  той  или  иной  информации  в  своей 
работе. По моему мнению, каждый учитель всегда задумывается над тем «как 
создать урок интересным? как увлечь учеников к своему предмету? Как создать 
на  уроке  ситуацию  успеха  для  каждого  ученика?  Как  провести  лучше, 
интереснее урок и как добиться успешных результатов в своей работе? Так вот 
можно сказать что, как раз таки новые подходы в обучении, и дифференциация 
в  обучении  рассматривают  эту  проблему.  Вся  суть  инновации  состоит  в  том, 
что  учитель  все  время  обучения  является  лишь  направляющим,  который 
наблюдает  за  процессом  самостоятельного  обучения  учащихся.  Использовать 
такую  методику  на  своих  уроках  постаралась  и  я,  создав  коллаборативную 
среду  в  классе.  Дав  возможность  учащихся  изучать,  новый  материал, 
самостоятельно  используя  новую  методику  преподавания.  В  послании 
Президента  отмечается  «Чтобы  стать  развитым  конкурентоспособным 
государством, мы должны стать высокообразованной нацией. 
Необходимо  уделить  большое  внимание  функциональной  грамотности 
наших детей, в целом всего подрастающего поколения. Это важно, чтобы наши 

229 
 
дети были адаптированы к современной жизни» этом заключается актуальность 
данной  темы  мы  очень  много  говорим  об  индивидуализации  учебного 
процесса,  повышения  учебной  самостоятельности  учащихся  в  учебном 
процессе. 
И  как  раз  таки  формативное  оценивание  является  механизмом  наиболее 
соответствующим  требованиям  современного  общества,  учитывающего 
индивидуальные  способности  учащихся  и  их  возрастные  особенности.  
Понимание обучения с точки зрения социоконструктивисткой лежит на основе 
Новых подходов в  преподавании и обучении изложенный, в Программе. Дети 
являются  активными  обучающимися,  которые  формируют  свое  мышление  на 
основе  личных  размышлении  и  социального  взаимодействия  .Педагогические 
подходы известные, как преподавание и обучение на основе диалога (Мерсер , 
1995,)  Несмотря  на  то,  что  идеи,  рассматриваемые  на  всех  семи  модулях,  по 
сути,  являются  новыми  подходами  в  преподавании  и  обучении.  «Обучение 
через диалог» «обучение тому, как обучаться» 
Делая  вывод  о  результативности  данной  работы  ,следует  отметить  что 
семь  модулей  Программы  достаточно  высоко  повысил  уровень  мотивации 
детей. 
Мы  общество,  должны  прививать  в  наших  детях  лучшие  человеческие 
качества, а также интерес к познаниям. Ведь подрастающее поколение должно 
вырасти  компетентными  людьми.  Семь  модулей  программы  Кембриджского 
университете как раз и является стержнем в развитии мировоззрении человека 
21 века. 
 
Литература: 
1.
 
Прграмма  курсов  повышения  квалификации  педагогических  работников 
Республики Казахстан АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы, 2012г.» 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет