Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39

ТІЛ
 
ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ИИНОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
 
 
Альжанова Шугыла Орынбасаровна, 
Оңтүстік Қазақстан облысы , Бәйдібек ауданы, 
"Жолғабас негізгі орта мектебі" мемлекеттік  
 коммуналдық мекемесі 
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
shugyla.alzhanova@mail.ru 
  
Мемлекетіміз  тәуелсіздік  алғаннан  бері,  елімізде  көптеген  өзгерістер 
болып  жатыр.  Білім  мен  ғылым  саласының  алдында  жаңа  талаптар  пайда 
болды.  Оның  дәлелі  -  «Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен 
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».  
Онда  Елбасы:  «Біз  барша  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты  факторы 
болып  табылатын  қазақ  тілінің  одан  әрі  дамуы  үшін  барлық  күш  –жігерімізді 
салуымыз керек»-деген
Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап 
ұсыну,  сабақтың  типі  мен  түрін  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  таңдау,мақсаттарды 
және  күтілетін  нәтижені  анықтау,  оқу  біліктілігін  жетілдіру.  Бұның  өзі  өз 
кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде 
белгілі  бір  құзіреттіліктерді  бойына  сіңірген  жеке  тұлғаны  қалыптастыруды 
талап етеді. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдары  оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  мақсатымен  коммуникативтік 
құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. 
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-
сыныптан  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  оқыту  арқылы  жүзеге  асырып 
отыр.  Яғни,  бұл  үш  тілді  оқу  сөйлеу  әрекетінің  төрт  тілдік  (тындалым, 
айтылым, оқылым және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік 
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 
Орыс,  ағылшын  тілдерін  қазақ  сыныптарындағы  оқушыларға  меңгерту 
басты мәселесі екендігі жалпы баршамызға белгілі. Қазақ мектептерінде орыс, 

156 
 
ағылшын  тілідерін  оқытудың  мақсаттары-оқушыларды  дұрыс  сөйлеу,  сауатты 
жазу  дағдыларын  қалыптастырып,  мемлекеттік  тілді  әр  түрлі  жаңа 
технологиялар  арқылы  игерту.  Мұғалімінің  негізгі  міндеті  —  орыс,  ағылшын 
тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. 
Жас  ұрпаққа  сапалы  білім  беру,  мектептің  оқу  үрдісін  жетілдіру  үшін 
инновациялық  білім  беру  технологияларын  пайдаланудың  тиімділігін  өмірдің 
өзі  дәлелдеп  отыр.Сондықтан  орыс,  ағылшын,қазақ  тілін  үйретудегі  бастапқы 
мақсат  –  коммуникативтік  бағытта  оқыту  деп  санаймын.Осының  бәрі 
оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  әсер  етеді,  оқушы  үшін  өз  ойын 
жеткізуде қажетті құрал болып табылады. 
Тілдің  қызметі,  сөйлесу  қағидасы  —  оқушыларды  жаңа  сөздерді,  сөз 
тіркестерін,  грамматикалық  ережелерді  дұрыс  қолдануға  үйрету.Тиімді  оқыту 
мен  оқудағы  жаңа  әдіс  -  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  оқушы  бойына  тіл 
заңдылықтарын сіңіріп, қолдана білу, ауызекі сөйлеу, мәнерлеп оқу, логикалық 
ойлау қабілеттерін, сауатты жазу дағдысын тиімді меңгеруді талап етемін. 
Көптілді  және  билингвалды  білім  беру  үлгісін  енгізудің  идеялық  негізіне 
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: "Бізге кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде 
қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласуы керек. Бұл - біздің 
бүкіл  білім  беру  жүйеміз  үшін  жаңа  міндет",-  деген  сөздері  басшылыққа 
алынған. 
Билингвалды 
оқыту 
негізінде 
коммуникативтік 
құзыреттілікті 
қалыптастырудағы  есепке  алынатын  ең  маңызды  мәселе  мәдениетаралық 
қарым-қатынастың  нәтижесі  ретінде  болжауға  келетін  түсініспеушіліктер.  Бұл 
мәселе оқушыда тілдік және  мәдениетаралық компетенцияларды сабақтастыра 
қалыптастыруды көздеген лингвоәдістемелік міндеттердің шешімін талап етеді. 
Осы  міндеттер  екінші  тілді  меңгеру  барысында  ұлттық  мәдениеттің 
заңдылықтары  мен  сөйлеу  әрекетінің  этномәдениеттік  стреотиптерінің 
қалыптастыруын қарастырады. 
Біз  мектепте  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдері  бірігіп, 
қазіргі таңда оқушылардың коммуникативті дамуына ықпал жасау мақсатында 
билингвт сабақты ұйымдастыруды жөн көрдік. Онда оқыту мен оқудағы жаңа 
әдіс  -тәсілдерді  пайдалануды  іске  асыра  отырып,сабақта  оқушыларды  топтық 
жұмысқа дағдыландыру, өзіне сенімін нығайту, өз ойларын пікірлерін дәлелдеп 
айтуға үйрету, өзін-өзі шынайы бағалауға үйрету мақсатын негізге алдық. Осы 
сабақты  мен  сіздерге  ұсынып  отырмын.  Және  де  сабақ  барысында  мынадай 
нәтижелерге қол жеткіздік. Нәтижесінде оқушылар топпен ынтымақтаса жұмыс 
істеді,  өз  ойларын  ортаға  салды,  сыни  ойлауға  ,  тыңдай  білуге  ,  сөз  сөйлеуге, 
диалогқа түсуге, шығармашылығын көрсете білуге, өзін-өзі реттеуге, бағалауға 
үйренді.  
Мектепте  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын  тілі  пәндерінің  мұғалімдері 
билингвт  сабағында  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  әдіс  -  тәсілдерді  пайдалана 
отырып, "Сын есім" тақырыбында сабақ өттік. Сабақ барысында ұйымдастыру 
кезеңіне  "Менің  көңіл  күйім"  кестесін  толтырып,  "Серіктес  сағат"  әдісімен 
топқа бөлінді.  

157 
 
 
 
"Серіктес сағат" әдісі арқылы топтастырғанда, оқушылардың сабаққа деген 
белсенділіктері  артты.  Бұл  әдіс  кезінде  "А  "деңгейлі  оқушымен  "В"  деңгейлі 
оқушы  жұптасып  тапсырмаларды  мұқият  орындай  білді  және  оқушылар 
сабақтың әр бөлімінде қозғалыста отырып, жұп алмасу арқылы белсенділіктері 
артты. 
Үй тапсырмасында "Бұл мәлімет Шындық па, 
әлде  Жалған  ба"  әдісін  пайдаландым.  Бұл  әдіс 
уақытты үнемдеу үшін пайдалануға тиімді. Себебі 
оқушылар  берілген  тапсырманы  жылдам  әрі  тез 
жауап  берді,  олардың  жылдам  ойлау  қабілеттері 
артты. 
Жаңа  сабақ  барысында  "Сатылай  кешенді 
талдау"  әдісі  бойынша  оқушыларға  тапсырмалар 
бөлініп берілді және оны үш тілде тақтаға шығып 
оқушылар  қорғап  шықты.  Жұптық  жұмыс 
барысында 
ережені 
талқылап 
тақырыптың 
теориялық мағынасын ашты. Бұл тұста біз жұптар 
арасында  қызу  зерттеушілік  әңгіменің  орын 
алғанын  байқадық.  Ереже  бойынша  тақырып 
егжей  -тегжейлі  талқыланды.  Оқушылар  үш  тілде 
жауап беруге дағдыланды. 
Шығармашылық  жұмыс  барысында  жұптар 
алмасып 
орыс 
тілінде 
жаттығулар, 
тапсырмалар 
орындады. 
Жұп 
шығармашылық  жұмыстың  мағынасын  ашу  мақсатында  оқулықпен  жұмыс 
жасай  отырып  қызу  әңгіме  талқылау  барысында  диалогты  оқытудың  жан-
жақты  мағынасы  ашылды.  Яғни,оқушылардың  коммуникативті  сөйлеу,  сын 
тұрғысынан ойлау дағдылары артты. 
 
 
 
 
 
 

158 
 
Сергіту  сәтінде  жұптар  алмасып,  ағылшын  тілінде  сөздікпен  жұмыс 
жасады.  Оқушылар  тақтаға  ілінген  ағылшын  сөздерінің  қазақша,  орысша 
аудармаларын  айтып,  смайликтер  жапсыру  арқылы  топтастырды.Бұл  тұста 
оқушылардың  сөздік  қорының  молайғаны,  сыни  ойлау  дағдысы  артқаны 
байқалды. 
Әрбір  тапсырманы  орындау  барысында  оқушылар  қарама-қарсы  жұпты 
бағалап  отырды.  Бағалау  критерийлерін  оқушылар  дұрыс  түсіне  білді  және 
өзін-өзі бағалау іске асты.  
 
 
  
Сабақты  бекіту  кезеңінде  "Өрмекші  торы" 
әдісі  тиімді  деп  есептеймін.  Бұл  әдісті 
пайдаланғанда  байқағаным  оқушылардың  бір-
біріне  ашық  сұрақ  қоюға  дағдыланды,  жылдам 
әрі  тез  ойланды.  Оқушы  мен  оқушы  арасындағы 
диалогтың жүру барысы іске асты. 
"Ағаш  өсіру"  тәсілі  бойынша  сабақ 
сонындағы  кері  байланыс  беру  сәті.  Мұнда  олар 
өз  кері  байланыстарын  бере  отырып,  оларды 
өзара талқылап өтті.  
Осындай 
сабақтарды 
өту 
барысында 
оқушылардың  коммуникативті  оқу  дағдылары 
артады деп ойлаймын.  
Ойымызды  қорыта  келсек,  коммуникативтік 
оқыту 
арқылы 
оқушылардың 
танымдылық 
қабілеттері,  танымдық  үрдістері  дамып,  сөздік 
қоры 
молаяды, 
оқытуда 
жағымды 
әрекет 
қалыптасады.  Бұның  бәрі  дамығаннан  кейін 
оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, 
зейіні  дамып  қалыптасады.  Танымдық  қабілеттер,  танымдық  үрдістер  әрбір 
технология  барысында  дамиды.  Ал  қажеттілікті  қанағаттандыру  әр  түрлі 
әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарды жоғалтпау, адамдардың эмоционалдық 
жағдайлары  мен  жеке  тұлғаның  ерекшеліктерін  анықтау,  олармен  қарым-
қатынастың  теңбе-тең  түрлерін  таңдау,  өзара  іс-әрекет  үрдісінде  сол  түрлерін 
іске  асыру,  зейіндерін  қадағалау  және  айқындау,  көпшілік  алдындағы 
жағдайларда  іс-қимылын  білу,  өзіне  зейін  аударту,  психологиялық  қатынас 
орнату, сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс 

159 
 
істегенде, белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.Осы технологияны қазақ тілі, 
орыс тілі, ағылшын тілі сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкеледі. 
 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, /2007./ 
2.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпы  орта білім  беру  стандарты, 
/2010./ 
3.  Б.  А.  Әлмұхамбетова,  М.  А.  Ғалымжанова  «Білім  беру  жүйесі 
қызметкерлерініңбіліктілігін 
арттыруда 
ақпараттық 
коммуникациялық 
технологиялардың қолданылуы» 
4. "Мектеп" журналы-/ 2012ж/ 
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей (базалық) 
 
 
ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮРДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ДИАЛОГТЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
 
 
Аманжолова М. К., 
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,  
Ембі қалалық №3 ОМ, 
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
«.....Замануи  әлемде  елдің  қуаты  ең  алдымен  азаматтардың  білімімен 
өлшенеді.  Сол  білімді  тұрмыс  игілігіне  жарата  алуымен  бағаланады.  Терең 
білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл ой азаматтығымыздың алдаспаны» деп атап 
көрсеткен  еді  ҚР  президенті  Н.  Ә.  Назарбаев  өзінің  «Назарбаев 
Университетінде»  оқыған  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты  дәрісінде. 
Сонымен бірге осы дәріс сабағында: «Біз “БІЛІМ - ҒЫЛЫМ - ИННОВАЦИЯ» 
үштігі  билеген  постиндустриялық  әлемге  қарай  жылжып  келеміз  деп  атап 
көрсеткен. Бұл күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп 
шығу  бүкіл  ғұмыр  еншісіндегі  мәселе.  Ғұлама  ғалымдар  оқытудың  мақсаты 
ақиқатты іздеу және мінезді дамыту қарым - қатынас арқылы жүзеге асатынын 
бүгінгі  күнге  дейін  өзекті  екендігін  дәлелдеген.  Адамның  бір-бірімен  қарым-
қатынаста  болуы,  ашық  диалогта  ортақ  тіл  табысуы,  өз  күшіне  деген  сенімді 
іздеуі  және  жер  бетіндегі  бастамаларды  қолдауынан  көрініс  табады.  Өз 
заманының  жарқын  өкілі  И.  Г.  Песталоции,  К.  Д.  Ушинский,  В.  А. 
Сухомлинский  адамды  толыққанды  дамыту  өмірде  белсенді  іс-әрекетке  тарту 
арқылы  жүзеге  асады  деп  сендірді.  Халқымыздың  ұлы  ағартушылары  Әл 
Фараби  «белгілі  бір  көзқарастар  мен  әрекетін  дәлелдеп  шығуы  адамның 
қабілеті»,  Абай  Құнанбаев  «өз  ісіңе  сұрақ  беріп,  ой  толғаныс  жасау», 
М.Жұмабаев  «оқушылардың  қиялын  дамытуда  пікірталастың  маңыздылығына 
тоқталған». Айтылған пікірлерден білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын 
дамыту  тәсілдерін  жетілдірудің  өзектілігі  басым  екендігін  анықталды. 
Оқушылардың  тілдік  құзыреттіліктерін  жетілдіру  сыныпта  қалыптасқан  «іс-

160 
 
әрекеттерге» немесе сыныптағы туындаған проблемаларға байланысты. Ол «іс-
әрекеттерге»  бірлескен  топтық  жұмыс,  ортада  жағымды  атмосфера  орнату, 
білім  алушылардың  алдына  кездескен  кедергілерін  анықтау  үшін  мұғалімдер 
өзінің  іс-тәжірибесін  жақсарту  мақсатында  қайта  қарап,  өзгерістер  енгізуі 
қажет.  Диалог  арқылы  оқыту  үдерісін  жетілдіруде  оқушылардың  алдында 
кездесетін кедергілер сыртқы, ішкі, танымдық, объективті деп төртке бөліп 
қарастырамыз.  Сыртқы  кедергілер  әлеуметтік  және  физиологиялық.  Ал  ішкі 
кедергілерді  оқушының  өзіне  деген  сенімсіздік,  күмән,  күдік,  өзін  жалғыз 
сезінуі.  Танымдық  кедергілер  -  есте  сақтау,  ойлау  қабілеттері  төмен. 
Объективті кедергілерге оқытудағы талап пен оқушы дағдысының ескерілмеуі, 
формативті  бағалаудың  тәжірибеде  тиімді  қолданылмауы  сияқты  кедергілер 
оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  жояды.  Мұғалім  аталған  кедергілердің 
шешімін  табудың  ортасында  болады.  Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі, 
құзыреттілігі де тек қана кедергілерді жоя алуымен көрінеді. Маманның кәсіби 
сапасының  нәтижелерінен  болашаққа  деген  сенімі  нығаяды.  Әлеуметтік 
кедергілерді  жоюға  ықпал  етеді...  Сондықтан,  құзыретті  мұғалім  шеберлігінің 
бастамасы  білім  алушылардың  ішкі  дүниесін  түсінуден  басталып,  жағымды 
атмосфераны  тек  оқушылармен  емес,  олардың  ата-аналарымен  және  өзін 
қоршаған  ортамен  құра  білумен  басталады.  Оқытудың  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  өзгерген  әрекеттеріміздің  тиімді  әсерін  мына  дәлелдемелер 
негізінде  айқындадық:  оқытуды  нәтижелі  жүргізу  үшін  бастапқы  білім  мен 
дағдыларды есепке ала отырып жетілдіру; білімді бірлесіп игеруге негізделген 
тәсілдерді қолдану; білім алушылардың бірін-бірі оқытуына ықпал ету өзіндік 
мүмкіндіктерінің артуына ықпал тигізді. 
«Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін 
еркін  және  қауіпсіз  сезінуіне  жағдай  жасаудан  тұрады»  деген  зерттеушілер 
тұжырымына сүйеніп, оқушылардың сыныпта өздерін еркін сезініп, терең білім 
алуларына мүмкіндік  жасауда бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды 
дейтін  болсақ,  сол  тіл  диалогтік  оқытумен  өркендейді.  Сыныптағы  диалогты 
дамытуда  сөз  жүйесіне  қатаң  талап  қойылмайды.  Дегенмен  мұғалімдер 
диалогтық  сөйлесудің  табысты  жүруі  сөйлесетін  серіктестерінің  біліміне, 
тәрбиесіне,  сөйлесе  білу  әдебіне,  мінез-құлық  мәдениетіне  т.б.  шарттарға 
байланысты екендіктеріне көздері жетеді. Сол арқылы өзін-өзі бағалап, сөйлеу 
мәдениеттерін  жетілдіреді.  Сұрақтар  шұғыл  және  маңызды  болып  екіге 
бөлінеді.  Сыныптағы  проблемалар  қоғамның  бөлігі  ретінде  қарастырылып, 
сыныптастар  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  шұғыл  сұрақтар  қатарына 
кіреді.  Мұғалімнің  миссиясы  білім  алушылардың  дүниентануы  мен  оның 
проблемаларына  деген  көзқарасы  маңызды  сұрақтар  ретінде  өрбіп,  оны  шешу 
жолдарын іздестіруде сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру болып табылады. 
Диалогтық  оқыту  арқылы  балалардың  өзара  дамуын  қалыптастыру, 
Бразилиялық  педагог  Фриери  айтқандай  әр  адам  оқу  үрдісіне  сыни  тұрғыда 
ойлап,  адамдармен  диалогтық  әңгімелесуге  қатысуға  қабілетті  екендігіне 
негізделген  білім  теориясын  әзірледі.  Фриери  теориясында  диалогтық  тәсілге 
жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині 

161 
 
жатыр.  Фриери  теориясы  мұғалімдердің  топтық  жұмыстарда  ынтымақтастық 
арқылы  өзара  дамуын  көздейді.  Бұл  проблемалық  тапсырмаларды  шешуде 
диалогтың маңыздылығын танытты. Нәтижесінде талантты, дарынды оқушылар 
анықталып,  табысты  білімге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  тудырды.  Білім 
алушылардың 
«өзіндік 
мақсатты» 
қалыптастыруда 
Чиксентмихаидың 
оқушының  өзін-өзі  ынталандыра  алуы  мен  үйренуге  деген  қызығушылықтың 
артуы  диалогтық  оқыту  барысында  да  байқалады.  Диалогтық  оқыту  кезінде 
Мерсер  мен  Литлтонның  пайымдауынша,  білім  алушылар  диалогқа  түсу 
арқылы  әлемнің  байлығын  білуге  шақырып,  әлемнің  күрделі  қиын  екенін 
түсінуге үйретеді. 
Зерттеушілердің 
диалогтық 
оқытудың 
теориялық 
алғышарттары 
төмендегідей: 

 
сыныптағы  диалог  оқушылардың  тақырып  бойынша  өз  ойларын 
білдіруіне мүмкіндік береді; 

 
оқушылардың өз идеяларын дәлелдеулеріне көмектеседі

 
мұғалімдердің  өзінің  жақын  даму  аймағында  жұмыс  жасау  барысында 
танымдық дамуына жол ашу; 

 
қатысушылардың  ойларын  айта  алмайтын,  сөз  табуға  қиналатындарға 
түсіністікпен, сыйластықпен қарау; 
Сонымен  диалог  арқылы  оқытуды  мен  оқуды  дамытуда  мұғалім 
оқушыларды  

 
сындарлы сөйлеуге ынталандырады; 

 
білімге деген құштарлығын дамытады және зерттеуге ынталандырады;  

 
білім алушылардың бір-бірінен үйренуіне, идеяларын құрметтеуіне және 
бағалауына ықпал етеді;  

 
оқытуды  қиындататын  мәселелерді,  себептерді,  түсінбестіктерді 
анықтайды 
Мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындығы үш маңызды мәселеге тіреледі. 
Олар: 

 
Өз қызметтері аясында, оқыту мен оқу үдерісін дамытуда сарапшы 
болу үшін құзыретті мұғалім болу. 

 
Мұғалімдерге  түрлі  деңгейдегі  оқушылар  үшін  тиімді  оқу 
тәжірибесін  ұсыну,  оқушылардың  идеялары  туралы  кері 
байланысты  қамтамасыз  ету,  өзінің  кәсіби  тәжірибесін  жетілдіру 
дағдылар қалыптасқан болу қажет. 

 
Әр  баланың  жеке  тұлға,  кәсіби  ұжым  мүшесі  ретінде  табысқа 
жетуіне,  өз  білімі  мен  дағдыларын  дамытуды  жалғастыруына 
көмектесу  
Қорыта  келе,  Елбасы  өзінің  «Назарбаев  Университетінде»  оқыған 
дәрісінде  «Кез  келген  кәсіп  иесі  өз  шаруасын  тың  тәсілмен,  жаңа  әдіспен 
істеуге  ұмтылса  ғана  ешкім  жетпеген  табысқа  жете  аламыз»  деген  қанатты 
сөзімен аяқтаймын.  
 
 

162 
 
Әдебиеттер: 
1. 
Назарбаев  Н.Ә.Қазақстан  білім  қоғамы  жолында  /  Назарбаев 
Университетеінде оқыған лекция/Егемен Қазақстан, 6 қыркүйек , 2012 жыл 
2.  ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жж.арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы Астана, 2010 жыл 
3.  «От  педагогического  опыта  к  педагогической  рефлексии»  Методические 
рекомендации по организации и проведению педагогических мастерских,  
Н. Задорожная, И.Низовская-Бишкек, 2011г 
4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» Үшінші (базалық) деңгей, Астана, 2012ж  
 
 
ЖАҢА
 
ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІ –
 
САПАЛЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІ
 
Амиргалиева Нурсулу Сабитовна.,  
Амангелдіұлы Ерназар, 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
А. Құсайынов атындағы ОЖББ мектеп-балабақшасы,  
БҚО Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылы  
amirgalieba1969@mail.ru; ernazar21.08.94@mail.ru; 
 
Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейін  білім  беру  жүйесін  дүниежүзілік 
стандартқа сәйкестендіру мақсатында көптеген жұмыстар істелді. Білім берудің 
концепциясы  жасалды,  «Білім  туралы»  заң  қабылданды.  Білім  берудің 
стандарттары енгізілді және т.б. 
Мектептік  білім  беруге  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпы  негізгі 
стандарттарын  енгізу,  нормативті  құжат  ретінде  оның  барлық  талаптарын 
барлық  білім  беру  ұйымдарының  нақты  орындауларын  талап  етеді.  «Білім 
туралы»  заңның  41-  бабының  4-тармағында  «педагог  қызметкерлер  білім 
алушылар  мен  тәрбиеленудің  тиісті  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес, білім, шеберлік және дағды 
алуын қамтамасыз етуге міндетті» делінген. 
Олай  болса,  талаптар  бойынша,  біздер,  педагог  қызметкерлер 
оқушылардың білім алуын мемлекеттік жалпы стандарттан төмен қылмау үшін 
тырысуға  міндеттіміз.  Дегенмен,  ғалымдардың  зерттеуі  дәстүрлі  әдістеменің 
мұндай нәтижеге кепілдік бере алмайтынын көрсетеді. Нәтиже алу үшін білім 
беру оқытудың білім беру технологиясы деңгейіне дейін жетілдіруге тиіс. Осы 
мақсатта  соңғы  он  жылдықта  Қазақстанда  білім  беру  жүйесінде  қазақстандық 
авторлардың  оқыту  технологиялары  кеңінен  тарала  бастады.  Бұл 
технологияларға  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Акмеология 
ғылымдары академиясының (Санкт- Петербург қаласы) корреспондент мүшесі, 
Халықаралық  педагогикалық  білім  беру  академиясының  академигі  (Ресей) 
Қараев 
Жауымбай 
Амантұрлыұлының 
«Саралап 
деңгейлеп 
оқыту» 
технологиясы,  химия  ғылымдарының  докторы,  профессор  Нұрахметов 
Немеребай Нұрахметұлы мен Әбдіғалиев Қасымбай Әбдіғалиұлының қосынды-

163 
 
қарқынды  оқыту  технологиясы,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты 
Жанпейісова  Марал  Мәденқызының  оқытудың  модульдік  технологиясы,  т.б. 
жатады.  Дәстүрлі  оқыту  шеше  алмай  келген  дидактиканың  үш  мәселесі:  оқу 
материалын  логикалық  жүйеде  құру,  білімді  жүйелеу,  кері  байланысты 
педагогикалық  технология  шеше  алады.  Педагогикалық  технологияның 
кәдуілгі әдістемеден басты айырмашылығы - оқу процесінің нәтижелі болуына 
кепілдік  беруі.  Сондықтан  әлемдегі  барлық  дамыған  елдердің  педагогикасы 
кредиттік  оқыту  жүйесіне  көшуде.  Кредиттік  оқу  жүйесі,  яғни  нәтижеге 
бағытталған оқу жүйесі.  
ХХІ  ғасырдағы  мектеп  ұжымының  басты  міндеті  –  оқушыларға 
халықаралық  деңгейге  сай  сапалы  білім  бере  отырып,  әлеуметтік  ортаға 
бейімделген,  адамгершілік  қасиеті  мол,  туған  жерге,  Отанға  деген 
сүйіспеншілігі  ерекше  дамыған  жас  жеткіншекті  дайындау.  Білімді  ұрпақ  – 
болашағымыздың  кепілі.  Егеменді  еліміздің  тағдыры-  жас  ұрпақтың  қолында 
десек,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  -  бүгінгі  ұстаздардың  қолында.  Ертеңгі  ел 
болашағы  – жас буынды заманына лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру 
ісі  мемлекетіміз  үшін  маңызды  болып  отырған  тұста  бізге,  мұғалімдер 
қауымына артылар жүк ауыр екені сөзсіз. Қоғамның дамуында білім берудің ең 
маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім берудің негізгі мақсаты – 
жан  –  жақты  білімді,  өмір  сүруге  бейім,  ой  өрісі  кең,  адамгершілігі  жоғары, 
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл жөнінде «Келер ұрпақ алдында зор 
жауапкершілік  жүгін  арқалап  келеміз»,  -  деп  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  бекер 
айтпаған. 
Елдің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі 
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ХХІ ғасырда нені оқыту 
керектігі, ұстаздарымыздың оларды қалай дайындайтындығы, сондай-ақ оқушы 
бойындағы  іскерлік  қабілетін  ашу  және  оларды  шығармашылыққа  баулу 
қажеттілігі  туындайды.  Бұл  жерде  қолданылатын  әдіс-тәсілдердің  ең  негізгі 
ерекшелігі:  оқушылардың  жаңа  білімді  жай  ғана  игеріп  қоймай,  ол  білімді 
қажетті  жерде  қолдана  білуге  үйрету  басты  мәселе  болып  табылады.  Ендеше, 
бүгінгі  күні  білім  саласында  алдымызда  тұрған  мақсат-  ұлттық  инновациялық 
орта құру. Біздің еліміздегі білім берудегі қазіргі жағдайды оқытудың дәстүрлі 
түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады. 
«Инновация»  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  жаңалықты  енгізу  деген  ұғымды 
білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз- жаңалықты ашу, оны игеру және 
өмірге енгізу, қазіргі кезеңде әлеуметтік, мәдени ортадағы білім беру әрекетінің 
нәтижесі.  Оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілі  мен  қазіргі  заманауи  инновациялық 
технологияны меңгеру – әр ұстаздың басты міндеті. 
Қазақ 
тілі 
– 
мемлекеттік 
мәртебемізді, 
ұлттық 
қабілетімізді, 
тәуелсіздігімізді танытатын басты тұғырымыз. Тіл тағдыры – қазақ ұлтының да 
тағдыры. Сондықтан бізді мақсатымыз – қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерту, 
үйрету.  Мамандығымыз  қазақ  тілі  пәнінің  оқытушысы  болғандықтан 
педагогикалық  тәжірибеде  әр  сабақта  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 
арттыру мақсатында жаңа технологияларды пайдаланып отырамыз. 

164 
 
Уақыт  талабы,  бізге,  ұстаздарға  үшінші  мыңжылдықтың  азаматтарын 
ұлттық  және  жалпы  азаматтық  құндылықтар  негізінде  тәрбиелеуге,  білімді, 
жоғары  интеллектуалды  адамды  қалыптастыратыру  міндеттерін  қояды.  Ал  ол 
үшін  мұғалім  өз  жұмысына  жаңаша  қарап,  жаңа  педагогикалық 
инновацияларды  терең  меңгеріп,  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерімен  қарулануы 
керек. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сай жаңа мұғалімдерді қажет етеді. Ол өзінің 
пәнін  жетік  меңгерген,  шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатын  жеке  тұлға, 
педагогикалық жағдайды өзінің мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше 
алатын,  оқу-тәрбие  үрдісін  жақсартуға  ұмтылған  мұғалім  болуы  керек. 
Сонымен  бірге,  мұғалім  үшін  тағы  бір  маңызды  нәрсе-  ол  оның  өздігінен 
жетілуі, өздігінен дамуы, өйткені К. Д. Ушинский айтқандай: «Ұстаз оқыса ғана 
өмір сүреді, қалай ол оқуын тастаса, солай оның ұстаздығы өледі».  
Оқытудың жаңа  технологияларын  таңдаған  мұғалім оқушылардың жалпы 
білім  деңгейлерін  білуі  керек.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар  оқушының 
шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Сыни тұрғыдан ойлау 
технологиясы-әлемдегі ең озық технологиялардың бірі болып табылады. Сыни 
тұрғыдан  ойлау  технологиясы  шығармашылық  қабілеті  жоғары  жеке  тұлға 
тәрбиелеуде  маңызы  зор.  Бұл  технологияны  төмендегідей  қағидаларға  сүйене 
отырып жүргізу дұрыс болып табылады: 

 
Өмірлік тәжірибеге сүйену. 

 
Ойлау жүйесіне қозғау салу. 

 
Ынталандыру және белсендіру. 

 
Бірлесіп жұмыс жасау. 
Үш  кезеңді  құрылымды  жүзеге  асыру(қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану, 
ой-толғаныс). 
Бұл  технология  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де  сыни  тұрғыдан 
ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен  қабылдауын  көздейді.  Сыни  тұрғыдан 
ойлау  –  бақылаудың,  тәжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде 
алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған 
пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан 
ойлау  технологиясы  көбінесе  қарсы  пікір  айтуға,  баламалы  шешімдерді 
қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді 
енгізуге  дайын  болуға,  ұйымдастырылған  қоғамдық  әрекеттерге  және 
басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау 
технологиясының  маңызы  зор,  тиімді  жақтары  жоғары.  Бұл  технологияны 
қолданудан  күтілетін  нәтиже:  әр  түрлі  жағдаяттарға  байланысты  ой  – 
толғанысы  болады;  ойын  дұрыс  жеткізе  білуді  үйренеді;  бірін-бірі  тыңдай 
білуге  үйренеді;  оқушының  шығармашылық  қабілеті  шыңдалады.  Сыни 
тұрғыдан  ойлаудың  статегиялары  өте  көп.  Ол  әрекеттер  оқушыларға  еркін 
ойлауға  мүмкіндік  береді,  ақыл  –  ойын  дамытады  ұжымдық  іс-әрекетке 
тәрбиелейді, тіл байлығы жетіледі, жан – жақты ізденеді, өз ойын жеткізеді.  
Тақырыпты қаншалықты түсінгендігін анықтау үшін оқушыға «Өзін  – өзі 
бағалау»,  «Бірін  –  бірі  бағалау»  әдістері  өте  тиімді:  балалар  өздерінің 
артықшылығын біле отырып жіберген қателіктерін анықтайды және бағалайды. 

165 
 
Болашақта  жіберген  қателіктерін  жоюға  тырысады.  Үздіксіз  жүргізілген 
жұмыстар  нәтижесінде  оқушылар  оқу  мен  оқытуға  шынайы  түрде  сыни 
тұрғыдан қарай білуге дағдыланады, үйренеді, қалыптасады.  
Осы модульмен жұмыс барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын 
дамытып  және  оймен  қабылдауын  меңгерту  мақсатында  Махамбет 
шығармашылығынан өткізілген сабақтарымызға тоқталмақшымыз.  
«Махамбеттің  есімі  –  өмірдегі  қасіреттің  синонимі,  өнердегі  қасиеттің 
символы. Махамбет өлеңі – қаза сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен 
бунағы,  тармағы  мен  шумағы  мұншалық  тап-таза  қорғасыннан  құйылған  ап- 
ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең  – жырында жоқ, 
оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан»  - деп академик – ғалым 
Зейнолла  Қабдолов  айтқандай,  Махамбет  өлеңдері  –  ереулі  ерлік  жырдың 
мәңгілік  символы.  «Қара  қазан,  сары  бала  үшін»  ереулі  атқа  ер  салған,  алмас 
жырдың  алдаспаны  -  Махамбет  Өтемісұлының  ерлік,  елдік,  батырлық 
тақырыбындағы жалынды, өршіл өлеңдері жалпы орта білім беретін мектептің 
5-9-  сыныптарына  арналған  «Тіл  және  әдебиет»  білім  саласы  пәндерінің  оқу 
бағдарламаларында  (Астана,  2013,  177-  бет)  5-  сыныпта  «Соғыс»,  «Қызғыш 
құс»  өлеңдеріне  2  сағат,  7-  сыныпта  «Тарланым»  өлеңіне  1  сағат,  8-  сыныпта 
«Ереуіл  атқа  ер  салмай»,  «Мұнар  күн»,  «Мен  құстан  туған  құмаймын», 
«Жалғыздық» өлеңдеріне 2 сағат, 9- сыныпта «Баймағанбет сұлтанға айтқаны», 
«Мен, мен, мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдеріне 
2 сағат, 10- сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы қазақ әдебиетінде 
«Менің  атым  Махамбет»,  «Атадан  туған  аруақты  ер»,  «Нарын»,  «Тайманның 
ұлы  Исатай»  өлеңдеріне  3  сағат  беріген.  Сонда  мектеп  бағдарламасында 
Махамбет  шығармашылығына  10  сағат  қана  берілгенін  аңғарамыз.  Біздер 
өзіндік  іс  –  тәжірибемізде  Махамбет  шығармашылығын  оқытуда  сыни 
тұрғыдан  ойлау  технологиясын  қолданып  келеміз.  Нәтижеге  қол  жеткізуде 
білім  беру  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдердің  орны  ерекше.  Сынып  оқушыларын 
«молекула»,  «мозаика»  т.б.  әдістер  арқылы  топтарға  бөліп,  «Өтемісұлы  кім?» 
деген  ортақ  сауал  тастап,  ассоциация  құрып  алдық.  Сабақта  М.Өтемісұлы 
туралы  қандай  ақпарат  білесіздер  деп.  БҮҮ  кестесін  сызуға  тапсырылады. 
Кестеге мәліметтер жазып, оны жұбымен бөлісіп, өз жазғандарынан мысалдар 
айтады.  Берген  мәліметтері  нақты  деректер  кеөзінен  алынған  болуы  керек. 
Сабақта бұдан басқа да тапсырма түрлері: сатылай кешенді талдау, РАФТ әдісі, 
Махамбетке хат т.б. әдістер қолданылды.  
5-сыныпта  Қадыр  Мырза  Әлінің  «Ана»  өлеңін  өткен  кезде  ана  сөзіне 
ассосация жасалды. Өлеңді құрылысына талдау жасатып, 
Бәрі де, Ана, / бір өзіңнен / басталды. (а) 
Сен деп жаздым / алғаш өлең / дастанды. (а) 
Қуандым ба, / өзің бар деп / қуандым. (б) 
Жыладым ба, / өзің жоқ деп / жас тамды. (а) 
Оқушылар өлеңнің 3 шумақты, 12 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды қара өлең 
ұйқасы  екендігін  ажыратты.  Сабақта  5  жолды  өлең  құрастыру,  ана  туралы 
мақал-мәтелдер  айту,  сергіту  сәтінде  «Анаға  сәлем»,  «Жан  ана»т.б  әндер 

166 
 
орындалды.  Сабақ  «Анаға  тілек»  тренингімен  аяқталды.  Оқушылар  өз 
аналарына деген тілегін стикерлерге жазып тақтаға ілді.  
Сондай  сабақтарымыздың  бірі  8  -  сыныптың  қазақ  әдебиеті  пәнінен 
М.Әуезовтың  «Қараш-қараш  оқиғасын»  оқыту.  Сабақтың  түрін  конференция 
сабақ ретінде алып, СТО технологиясының «Зертеу шеберханасы»стратегиясы, 
АКТ  технологиясы  қолданылды.  Сабақта  сауалнама,  тәуелсіз  зерттеу,  тікелей 
сұхбат,  көрініс,  жоба-плакт,  аргументтік  эссе,  ассосация  әдістері  жүзеге 
асырылды.  Сабақтан  күткен  нәтиже:  1)  зерттеу  нәтижесін  шығармашылық 
тұрғыда  көрсете  біледі;  2)  ұсынылған  проблема  бойынша  өз  елестетуін 
таныстыра  біледі;  3)  таным  әрекеті  үдірісінде  қарым-қатынас  жасау  шеберлігі 
артады; 4) проблема бойынша өз қөзқарасында рефлексия жасай алады;  
«Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушыларды «атом, молекула» әдісімен 
топтарға  бөлдім.  «Ассосация»  әдісі  жүргізіліп,  дәптерлеріне  тақырыпқа 
байланысты  өздері  білетін  ақпараттарды  жеке  жазып,  нәтижесін  жұпта 
талқылады.  Барлық  топтардың  жазғандары  бойынша  презентация  жасалды. 
«Мағынаны  тану»  кезеңінде  1-топтың  тапсырмасы  сауалнама  алу  болды,  2- 
топтың  тапсырмасы  тәуелсіз  зерттеу  (Хикаяттың  тарихы,  Бақтығұл-Рысқұл, 
Сейіт - Тұрар туралы) мәліметтер берді. 3-топтың тапсырмасы-тікелей сұхбат. 
Тарихшы  мұғалімдермен  сұхбаттасып,  оқиғаға  тарихи  жағынан  келді.  4- 
топтың  тапсырмасы-  қрйылым.  «Әділдік  іздеген  Бақтығұл»  көрінісін  көрсетті. 
5-  топтың  тапсырмасы-  жоба-плакат.  «Тарихты  тұлғалар  ғана  жасайды» 
тақырыбында  үйден  дайындап  келген  жобаларын  қорғады.  6-топтың 
тапсырмасы-  аргументтік  эссе.  Тақырыбы:  «Кек  алу  жолындағы  Бақтығұл». 
Сабақта осындай әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды ізденіске, өз 
ойын  жеткізе  білуге,  шығармашылықпен  жұмыстана  білуге  баулып, 
адамгершілік  қасиетке  тәрбиеледік,  жүйелі  білім  деңгейін  қалыптастыруды 
мақсат  тұттық.  Сабақты  тарих  пәнімен  байланыстыра  отырып,  эстетикалық 
талғамдарын арттыруға, әдеби тіл нормасын сақтауға, кейіпкердің өмірі туралы 
тың  деректермен  таныстыра  отырып,  қоғам  қайраткері-  Рысқұловқа  деген 
оқушылардың  сүйіспеншілігін  арттыруға,  шығармашылықпен  жұмыстануға, 
бағыттауға  күш  салдық.  Нәтижесінде  оқушылар  белсенділігі,  қызығушылығы 
артып сабақ мақсаттары нәтижелі жүзеге асты.
 
СТО технологиясының көптеген 
элементтерін,  әдістерін  күнделікті  сабақта  қолдану  оқушылардың  пәнге 
қызығушылығын  арттырып  қана  қоймай,  тұлғаны  дамыта  оқытуға  мол 
мүмкіндіктер  береді.  Тақырыпқа  сай  әдіс-тәсілдерді  сұрыптай  талғаммен 
қолдана  білу  –  басты  назарда  болуы  шарт.  Ол  үшін  мұғалім  сабақта  жаппай 
жұмыс  әдісіне  тек информациялық,  ал  жеке  жұмыс  әдісіне  өз  бетімен  жұмыс, 
топтық, жұптық бірлескен жұмыстың барлық формаларын жатқызу керек. Бұл 
мұғалімнен  сабақта  оқушының  танымдық,  сонымен  бірге  эмоциялық-ерік 
мотивті 
қажеттілік 
ерекшеліктерінде 
есепке 
алып, 
оны 
көрсету 
мүмкіншіліктерін талап етеді.  
Біздер  өзіміз  сабақ  беретін  сыныптарда  осындай  жаңа  әдіс-тәсілдерді 
қолдану арқылы жұмысымызда оң өзгерістер болғанын байқап жүрміз. 
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: 

167 
 

 
Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; 

 
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады

 
Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады; 

 
Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; 

 
Мұғалімнің уақытын үнемдейді; 

 
Қосымша мәліметтер береді
Ұлы  ағартушы  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Ұстаз  үздіксіз  ізденгенде  ғана 
шәкірт  жанына  нұр  құя  алады»,-  деген  сөзі  ізденімпаз,  жаңашыл  ұстаздарға 
арналғандай.  
Қорытынды  жасай  келе  айтарымыз,  өз  іс-  тәжірибемізден  жаңа 
технологияларды  қолданып  өткізген  дәрістердің,  оқушының  бойына  білімнің 
нәрі  болып  сіңетініне  және  оқушының  келесі  сабаққа  деген  қызығушылығын, 
ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына куә 
болып та жүрміз. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Білім  берудегі  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы 2010ж 
2.
 
Қ.А.Қараев  «Қазіргі  білім  берудегі  техникалар  мен  технологиялар» 
Алматы, 2010ж 
3.
 
К.Өстеміров «Қазіргі білім беру технологиясы» Алматы, 2004ж 
4.
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ (негізгі)деңгей // Үшінші басылым. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет