Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ


Бақылау әдіс – тәсілдерінің төменгі түрлері



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

Бақылау әдіс – тәсілдерінің төменгі түрлері: 

 
Ауызша, жазбаша сұрақ - жауап, сұхбат  
(топтық, шағын топтық, жекелей)  

 
Тәжірибелік, компьютерлік бақылау  

 
Өзін –өзі, бірін – бірі бақылау  

 
 
Бала жақсы оқу үшін білімнің өмірде керек екенің түсіну және сол білімге 
қызығуы  қажет.Оқу  әрекетінің  өзіне  тән  мотивтері  болады.  Тәрбиешіге  не 
оқитын  адамның  өзіне  осы  мотивтерді  білу  оның  әрекетінің  мақсатын  дұрыс 
анықтау үшін аса қажет. Оқу - таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер 
ету  әдістері  осы  топқа  балалардың  қызығушылығын  туғызу,  зейінін  жинақтау 
және  оқуда  борыш,  жауапкершілік  туғызу  әдістері  жатады.  Дұрыс  қолданған 

144 
 
бақылау  әдісі  оқушылардың  байқағыштық,  логикалық  ойлау  қабілеттерін 
дамытады. 
Сабақ  нәтижесінде  кәсіби  құзіреттіліктің  сапалары:  конструктивтік, 
ұйымдастырушылық, 
педагогикалық 
– 
психологиялық 
қабілеттілік, 
коммуникативтік,  тұлғалық  –  іскерлік,  ақпараттық  –  технологиялық, 
мәденитанымдық - оқушы бойында қалыптастырылады. 
Қорыта  айтқанда,  оқу  пәнінің  білім  мазмұны  мен  әдістемелік  жүйесі 
негізінде  жеке  тұлғаға  қойылатын  көп  деңгейлі  сауаттылық  шешімін  табу 
керек.  Өйткені,  педагогке  қажетті  кәсіби  құзіреттіліктерді  толыққанды 
меңгерген  маман  оқушыларына  білім  алу  нәтижесі  ретіндегі  құзіреттіліктерді 
сапалы  меңгеретініне  сөз  жоқ.  Бұл  пікірімізді  ағартушы  –  ғалым  А. 
Байтұрсыновтың:  «Бала  оқытуын  жақсы  білейін  деген  адам  әуелі  балаға 
үйрететін  нәрселерін  өзі  жақсы  білуі  керек»,  -  деген  түйінді  дәлелдемесімен 
нақтыласақ жеткілікті.  
Педагог  іс-әрекетінің  объектісі  –  оқушы.  Ал  мұғалім  педагогикалық  іс-
әрекеттің  объектісі  ретінде  көрінеді.  Бұл  тұрғыда,  педагогтың  жеке  тұлғасына 
қойылатын кәсіби талаптарға назар аударған жөн.  
Педагогтың  жеке  тұлғасына  қойылатын  кәсіби  талаптар  жиынтығы 
педагогикалық  іс-әрекетке  кәсіби  даярлық  ретінде  анықталады.  Оның 
құрамында  бір  жағынан  психологиялық  дайындық  болса,  екінші  жағынан 
ғылыми-теориялық, әдістемелік, практикалық жан-жақтылықты атауға болады. 
Қызылорда облысында №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп 
– интернат жұмыс жасайды.  
Мектепке 6 - сыныптан кейін оқушылар конкурстық негізде қабылданады 
да,  жаратылыстану-  математика  пәндерінен  тереңдетілген  білім  алады.  Осы 
орайда,  педагогикалық  ұжым  алдында  үлкен  жауапкершілік  тұр.  Яғни,  әрбір 
оқушысын  тұлға  ретінде  оқытып  –  тәрбиелеу  міндеті.  Бір сөзбен  айтқанда,  әр 
оқушының  жетістігі  –  мұғалімнің  кәсіби  жауапкершілігі.  Оқыту  да,  оқу  да 
инемен  құдық  қазғандай  үлкен  еңбекті,  ұзақ  уақытты,  мол  тәжірибені,  асқан 
шеберлікті  талап  ететіні  белгілі.  Бірақ,  алдында  отырған  оқушысының 
болашағын  ойлаған,  елдің  ертеңіне  алаңдаған,  өз  кәсібінің  патриоты  болам 
деген педагог оқыту үдерісіне бей – жай қарамайтыны белгілі.  
Мектептің әкімшілік құрамы педагогтардың кәсіби білімінің жетілдіруіне, 
әдістемелік  шеберлікке  дағдылануына  үздіксіз  қолдау  көрсетіп,  мүмкіндік 
жасауға  басымдық  танытады.  Биылғы  оқу  жылында  педагог  мамандарды 
әдістемелік  сүйемелдеу  моделі  жасалып,  оқыту  үдерісінде  басшылыққа  алып 
келеміз. 

145 
 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК  СҮЙЕМЕЛДЕУ
МАҚСАТ
1.
Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру
2.
Сабақты тиімді  оңай, жеңіл, қызықты) тәсілдермен үйрету   
3.
Оқу әрекетінде шаршау, немқұрайлықты болдырмау 
4.
Сабақты оқушының оқу қабілетін ескеріп ұйымдастыру
5.
Оқытудың және оқу сапасының арттыруы 
Мұғалім
мен
оқушы арасындағы
--ынтымақ,
сенім,
түсіністік
ОЛ ҮШІН
1
Оқушымен
сырласу,
жақын
тарту, тіл табысу,
жанын түсіну
2
Оқытуды баланың
қабілетіне,
көңіл
күйіне
қарай
бейімдеу
көңіл – күйіне назар аудару
уақыт тауып  сабақта, сабақтан тыс) сөйлесу
баланың ұнататын әрекетін бірге
орындау, көмектесу
баламен бірге болу
-
сабақты бала қай жұмысқа дайын болса,
сол жұмыстан бастау
оқыту принціпін өзгертіп отыру т.б
3
Оқытуды
өте
тиімді
жолмен
ұйымдастыру
Пәнге,
пән
мұғаліміне
деген
сүйіспеншілік
Оқыту сапасының
жақсаруына толық
мүмкіндік
Сонда
Нәтижесі
Үнемі 
назарда 
болу 
керек
Ой
сергіту
үйлестіру
Пәннің ерекшелігіне қарай
-
логикалық ойындар
- қисынды есептер
-дамытушы ойындар
-сөзжұмбақтар
-суретті ойындар
-суретті жұмбақтар
4
-
тез қабылауға, түсінуге  мүмкіндік беретін
-салыстырмалы түрде жаттауға ыңғайлы
-жеңіл, қысқа 
-тірек сызба, схема, шартты белгілер, сурет арқылы 
 
 
Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер  әлемдік  білім  беру 
жүйесін  одан  әрі  дамытуды  және  жаңашылдықты  талап  етеді.  Осыған  сәйкес 
жалпы  мектеп  үшін  де,  соның  ішінде  мұғалімдер  үшін  де  ең  басты,  маңызды 
мәселе болып отырғаны:  
«ХХІ  ғасырда  қалай  оқыту  керек?»  және  «Оқытудағы  тиімділік  қандай?» 
деген  келелі  тұжырымдар.  Оқу-білім  бір  жерде  тұрмайтынын,  өзгерістің 
болмауы  өсудің  тоқтағанын  білдіргендіктен,  инновациялық  іс-әрекет  пен 
заманауи білім беру – оқытудағы бірінші басымдылық. 
Сондықтан, оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оны 
орынды жерде қолдана білуіне мән берген жөн. Мұғалімнің бұл іс-әрекеті қалай 
жүзеге  асады?  Яғни,  мұғалім  тиімді  және  дағдылы  үш  басымдық  бойынша 
жұмыс жасағаны жөн деген қорытындыға келдік. 
 

146 
 
Мұғалімнің іс-әрекетінің басымдығы
Оқытуды оқушы 
деңгейіне қарай 
ұйымдастыру
Білім бақылау 
түрлері
Оқу 
материалдарын 
жүйелеу, жинақтау
4-қадам.  
Білімді қайта тексеру,   
жаңа топ құру
3-қадам
. Деңгейлік тапсырмалар    
беру
2-қадам.       
Сабақты топтық формада    
ұйымдастыру      АВС деңгей)
1-қадам
.  Білім тексеру тестін 
алу
Атқарылатын 
педагогикалық әрекет
4-қадам. 
Сыныпішілік, мектепішілік 
ақпараттандыру 
3-қадам. 
Айлық мектепішілік 
емтихан 
2-қадам. 
Апталық пәндік  бақылау 
 тест, бақылау, диктант, ауызша 
сұрақтар т.б)
1-қадам.             
Күнделікті         
тақырыптық тест алу
Атқарылатын 
педагогикалық әрекет
4-қадам.  
Пән мұғалімі            бірлестік 
жетекшісіне           оқу бөліміне          пән 
кабинет жетекшісіне 
3- қадам. 
АББ материалдарының 
жинағы  айына)
2- қадам. 
ПББ материалдарының 
жинағы  аптасына)
1- қадам. 
КТББ материалдарының 
жинағы  күнделікті)
Атқарылатын            
педагогикалық әрекет
5-қадам.  
Қайта топ жасақтау. 
 айына 2 рет )
5-қадам.  
Мониторинг жүргізу 
 айына 1 рет )
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында 
жан  –жақты  дамыған,  дүние  жүзіне  әйгілі  және  сыйлы  мемлекеттің 
патриоттарын  тәрбиелеу  –  ұстаздар  қауымының  басты  міндеті  екендігін  баса 
айтқан.  Ендеше,  мұғалім  әрдайым  ізденіс,  жаңашылдық,  және  кәсіби 
жауапкершілік  танытса,  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады.Жаңа  технология  мен 
жүйелі  жұмыс  -  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді  жолы  екенін  естен 
шығармаған абзал. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
ҚР Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. 
2.
 
Ж. Қоянбаев. Педагогика, Астана, 1998. 
3.
 
Т.С.Сабыров. Оқыту теориясының негіздері, Алматы. 2003. 
4.
 
Қ. Жарықбаев. Психология, Алматы, 1993.  
5.
 
 Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. 
Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. – Алматы: 
 
6.
 
Дарын, - 2004.
 
7.
 
Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. Құрастырған Ж. Нұржанова. – 
Алматы, 1991.
 
 
 
 
 

147 
 
БЕЙНЕЛЕУ
 
ӨНЕРІНІҢ
 
ҚҰПИЯСЫ
 
 
Айбосынова Зулфия Исламовна, 
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі,  
«Абай атындағы орта мектебі»  
ММ, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,  
Бейнеу селосы, zulfia.islam@mail.ru 
 
Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, 
көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде 
ағып жүретіндей болуы тиіс. 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
 
«Қалауын  тапсаң  қар  жанар»,  -  дейді  халқымыз.  Кез  -  келген  істің  көзің 
таппасаң  оны  меңгере  алмайсың.  Яғни  әрбір  шаруаның  өзіне  тән  қиындығы, 
қызығы сонымен бірге сырт көзге байқалмайтын сыры да болады. Сол сияқты 
бейнелеу өнерінің кіщкене бір сырын сіздерге ашқалы отырмын. 
Негізінен  бесінші,  алтыншы  сыныптарда  өтілетін  бейнелеу  өнері 
бағдарламасында  «Перспектива»  дейтін  тақырып  кездеседі.  Бұл  тақырыпты 
түрліше  төсілдермен  өтуге  болады.  «Сиқырлы  таяқшалар»  ойыны  немесе 
ертегілер негізінде, т. б. 
Мен солардың ішінде жай, қарапайым түрін ұсынғым келіп отыр. 
Суреттеуді бастамастан бұрын тақырыпқа түсінік беріп өтемін. 
Перспектива - бейнелеу өнерінде кеңістіктегі нәрсенің біздің көру нүктемізден 
алыстаған  сайын  кішіреюі  менен  түсіндіріледі.  Бұл  табиғи  заңдылық.  Яғни 
күнде  өзіміз  көзімізбен  көріп  жүрген  құбылыс.  Оны  жай  жағдайда 
байқамаймыз, мән де бермейміз. Ал  бейнелеу сәтінде өте ұқыптылықты талап 
ететін тақырып. 
Перспектива  негізінен  кеңістікте  де,  үй  ішін  бейнелеуде  де  (интерьер), 
үйдің  сыртқы  көрінісін  бейнелеуде  де  (экстерьер)  кездеседі.  Оны  балаларға 
ұғындыру  үшін:  «Балалар,  мен  бүгін  сендерге  бейнелеу  өнерінің  қызықты  бір 
құпиясын  ашпақпын.  Ол  құпияның  кілті  бүгінгі  тақырыбымызда  жатыр.  Егер 
кімде - кім сол кілтті тауып, тақырыпты дұрыс түсінсе, оның жазған картинасы 
кәсіби суретшінің картинасынан кем болмайды.» -деп қызықтыра түсемін. 
Ол  үшін  мені  мұқият  тыңдап,  әрбір  көрініске  мән  бере  қарап,  тақырыптың 
үйретер әдіс – тәсілдерін түсінсеңдер болғаны. Мысал үщін Ә. Қастеевтің мына 
бір  картинасына  қарайықшы...  Үлкен  жол  алыстаған  сайын  бір  сызыққа 
айналған. Ал телеграф бағандары барған сайын кішірейіп көрінбей де кеткен... 
Әйгілі «Турксиб» картинасындағы пойыздың вагондары ше? 
Интерьер бейнелеуде бізге қарама – қарсы қабырға тік төртбұрыш болады 
да,  келесі  қабырғалар  трапеция  пішінде  бейнеленуі  тиіс.  Қаптал  қабырғадағы 
есік,  терезе,  картина  т.б.  нәрселер  сол  қисық  күйінде  бейнеленеді.  Яғни  арғы 
бұрышы қысқарып кетеді. 

148 
 
Кеңістіктегі  перспектива  да  солай  қысқару  арқылы  бейнеленеді.  Ең  әуелі 
көкжиек  сызығын  көлденең  жүргізген  соң,  төменгі  бөлігі  жер  беті  болып 
есептеледі.  Көз  ұшындағы  көкжиекпен  астасқан  ормандарды  сызықтармен 
торлап (штрих) тастау керек. Ал, онда жол бейнелесек, бізге жақындаған сайын
яғни төмендеген сайын жол кеңейе түседі. Оны сызықтардың арасын алшақтату 
арқылы  орындаймыз.  Жақын  маңда  тал  болса,  оның  бұталары,  тіпті 
жапырақтары  көрсетілуі  мүмкін.  Талдардың,  бағандардың  көлеңкелері  де 
назардан тыс қалмауы тиіс. Бояу сәтінде де осы тәсілді қолданамыз. Алыстаған 
сайын  көріністердің  бояулары  сұйық  және  боз  мұнармен  араластырылып 
беріледі. 
Үй ішін бейнелеудегі перспектива балаларды көбірек қызықтырады, себебі 
олар  өздерінің  сабақ  дайындайтын  бөлмелерін  бейнелегісі  келеді.  Егер  бала 
өтілген  сабақтан  толық  түсінік  алып,  перспектива  заңдылықтарын  дұрыс 
ұғынса, тақтада бейнеленген үй іші көрінісіне қосымша – кілем төсеу, картина 
ілу  т.б.  жұмыстарды  сол  сәтте  орындап  тастайды.  Қапталдағы  көріністерді 
бейнелеуде біршама қиындықтарға ұшырайды. Себебі қаптал қабырға қысылып 
көрінетіндіктен  түсініксіздік  туғызуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  есік,  терезе 
жақтауларын  бізге  бұрышты  көрсетіп  тұрған  вертикаль  мен  параллель 
жүргізуіміз керек. 
Балаларға  түсінікті  болу  үшін  бірнеше  мысалдар  келтіруге  болады. 
Мысалы:  әрі  қарай  ашық  тұрған  есік,  бері  қарай  ашық  тұрған  есік,  үйдің 
бұрышынан қарағандағы көрініс, ұзын жол, телеграф бағандары т.б. 
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: бала көзіне көрініп тұрған  нәрсені 
қаз  –қалпында  өз  орнына  қоя  білуді,  нәрсенің  біздің  көру  нүктемізден 
алыстаған  сайын  кішірейіп,  ал  жақын  маңдағы  көріністе  ең  кішкене  деген 
бөлшектің өзіне мән беруді қаперіне беру. 
Егер  сабақ  өз  көздеген  мақсатына  жетіп,  балалардың  көркем  өнерге  деген 
қызығушылығын оятып, көңілдеріне ой салса, бұл балалардың қолынан шыққан 
картинаға бейжай қарай алмайсыз деп сенемін. 
Бейнелеу өнері және оқушылардың танымдық белсенділігі. 
Оқушылардың  танымдық  шығармашылығының  дамуына  бейнелеу  өнері 
сабағының  ықпал  ететін  үлкен  мүмкіндігі  бар.  Бейнелеу  өнері  сабағы  бір 
жағынан белсенділік, өз бетінше жұмыс істеу, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты 
шығармашылық іс әрекетті талап етсе, екінші жағынан эстетикалық бағыт беру 
бейнелеу өнері сабағына тән қасиет. 
Мектеп  жасындағы  балалардың  танымдық  шығармашылық  белсенділігін 
тәрбиелеу,  ең  алдымен  олардың  әлемдітану  қажеттілігімен  және  алған  білімін 
өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты. 
Атақты психолог Б. М. Теплов қажеттілік негізінде өмір процесінде сезім 
тәрбиеленеді,  қызығушылық  туындайды,  көзқарастар,  тұжырымдар  және 
дүниетаным  қалыптасады  деген.  Ал  бұл  жердегі  сезімде,  қызығушылықта, 
тұжырымда,  адамның  дүниетанымыда  оқушы  іс  –  әрекетінің  мотиві  ретінде 
көрінеді. 

149 
 
Бейнелеу өнерін оқыту барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау 
қабілеті,  белсенділігі  жақсы  дамуы  үшін  бірнеше  талаптарды  ескеру  керек. 
Мұндай  талаптардың  бірі  -  сурет  салуды  шебер  түсіндіру,  суреттің  салыну 
кезеңдерін  айқын  көрсету.  Оқушылар  салынатын  нұсқауға  өз  бетінше  талдау 
жасап, оның ерекшеліктерін анықтайды. 
Мектеп жасындағы балалар сәндік композициямен тақырыптық суреттерді 
өз  бетінше  шешкені  маңызды.  Балалардың  зейінін  сурет  салуға  мұндай  тарту, 
олардың шығармашылық ойын белсендіруге алдын ала жасалатын жұмыстарға 
жұмылдыруға пәрменді ықпал жасайды. Мысалы: нобайлар, бақылау, эскиздер 
т.б. 
Балаларға еркін тақырыпта сурет салуға көбірек тапсырма беру керек. Бұл 
тапсырма  оқушыларда  шығармашылықты,  қайсарлықты,  тапқырлықты, 
тұрақтылықты  дамытуға  жағдай  жасайды.  Балалардың  бойында  алға  қойған 
мақсатқа қол жеткізе білу, соған жету үшін кездескен қиындықтарды жеңе білу 
сияқты  қасиеттерді  тәрбиелейді.  Бұл  жерде  өз  бетінше  жұмыс  жасауда 
шыдамдылық, қайсарлық шыңдалады. 
Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі үнемі шыдамдылықпен сурет салу 
кезіндегі  белсенділікті  талап  етеді.  Баланың  танымдық  шығармашылық 
белсенділігі  оның  бақылауына  негізделген,  сонымен  қатар  бақылау  тұлғаның 
қоршаған әлемді тануының белсенді формасы екендігі белгілі. 
Әсіресе  оймен  жасалатын  танымдық  іс  әрекет  барысында  теріс  ықпал 
жасайды, себебі бала сурет салудың кезаңдерін, ережелерін толық ұқпайынша, 
оған  қағаз  бетіне  сол  суретті  бейнелеу  өте  қиынға  соғады.  Бейнелеу  өнері 
материалдарын  игеріп,  үйренуде  сол  материалдарды  түсіндірмей,  балалардың 
санасына әбден сіңірмей тұрып, оларды бейнелеуге көшіру немесе сурет салуға 
кірісу үлкен қателік. 
Еліктеу  арқылы  салынған  алғашқы  суретті  түсіну  шараларын  жасауғада 
болды, бұған дейін репредукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндіру 
мен  қатар  сыныптағы  жақсы  сурет  салатын  балалардың  суреттеріде  көмек 
көрсете  алады.  Бұл  тәсілдерді  қолдану  кезінде  суреттерді  көрсету,  түзетуді 
қалай жасаудың жемісті, табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін 
салудағы  мысалы  оның  формасының  дұрыс  еместігін  оқушы  өзі  түсініп 
түземесе немесе мұғалім өзі түзетіп берсе онда бейнелеу өнері материалдарын 
меңгертудің пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. 
Сондықтан натураға қарап сурет салғызудың, ондағы заттардың формасы, 
жарық  пен  көлеңке,  сызықтарды  түсіру,  бояу  түстерін  таңдау,  оларды 
пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс әрекеттерді дамытудың маңызы 
ерекше. Суретті бейнелеуде негізгі талап саналылық әрі шынайылық болу тиіс. 
Бала  алғаш  қарындаш  ұстаған  сәттен  бейнелеудің  көлемдік,  кеңістіктік,  сол 
сияқты  пішіндік,  реңдік  таным  іс  әрекеттерін  жүргізу  қажет.  Оқушыға  сурет 
дәптер парағын,  парақ  емес,  оны  кеңістіктегі  терезе  ретінде  қабылдау  өте  көп 
көмегін тигізіп, бейнелеудің күрделі сатысына жол ашып береді. 
Бейнелеу  өнеріне  үйретудің  негізіне  қойылымды  зерттеу,  қоршаған 
дүниені,  өмірді  тану  жатады.  Орыстың  ұлы  жазушысы  М.  Горький:  «Адам 

150 
 
табиғатынан суреткер. Ол қайда да, қалай да болса өз өміріне сұлулық енгізуге 
ұмтылады»,- демекші, біз әрқашанда әсемдікке құштармыз. [1]  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Жарықбаев Қ. Ақылдың кені. (Ұлағатты сөздер)/ Қ. Жарықбаев. – 
Алматы: «Ана тілі» 2012. -216 бет. 
 
 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
 
 
Айтжанова Ардақ Нұржанқызы
Өмірлік орта мектебінің директоры және 
орыс тілі және орыс әдебиеті пән мұғалімі 
Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ 
Державинск қаласы, Далабай ауылы 
 
Педагогтың  кәсіби  білігі  оның  практикалық  қызметінде  іске  асырылады, 
сондықтан  ол,  оның  жалпы  педагогикалық,  әдістемелік  біліктілігімен, 
дағдысымен 
тығыз 
байланысты. 
Сондықтан 
қазіргі 
инновациялық 
технологияны  оқу  мен  оқыту  үрдісіне  енгізуде  педагогикалық  кадрлардың 
біліктілігін арттыру мәселесі өзекті мәселе ретінде қарастырылуда.  
Әлемдік деңгейде озық  тәжірибелерді  үлгі  ете отырып, бәсекеге  қабілетті 
ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы үлкен өзгерістерге дайын болуы керек.  
Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру жүйесі жылдан жылға дамып келеді.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  еліміздің  білім  жүйесі  алдында,  оның 
ішінде  біліктілікті  арттыру  жүйесі  алдындағы  маңызды  бағыттарының  бірі  – 
педагогтардың  біліктілігін  арттыру  жүйесінің  сапасын  жетілдіру,  педагог 
құрамының  сапасын  арттыру.  Бұл,  сапалы  білім  беруде  әлемдік  стандарттар 
деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Сондықтан бүгінгі күн педагогтардың 
біліктілігін  арттыруды  жалпы  қоғамдық  мәселе  ретінде  қарастыру  қажеттігі 
туды.  Себебі  білімді  тереңдету,  молайту,  жетілдіру,  арттыру  жеке  басы  үшін 
ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет. Бұл педагогтың өз қызметінде табысқа 
жетуін  ғана  көздемейді,  оның  аясын  одан  әлдеқайда  кеңірек  қарастыруды 
көздейді.  
Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттырудың  отандық  мазмұнын  жаңарту 
12  жылдық  оқыту  моделіне  көшу,  ағылшын  тілін  ерте  жастан  оқыту  мен 
көптілді  оқыту  бағдарламаларын  меңгеру,  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  қамтамасыз  ету  секілді  маңызды  міндеттерді  ескереді. 
Республикада  жүйелі  түрде  электронды  оқыту  бағдарламасы  ендірілуде, 
сондай-ақ  инклюзивті  білім  беру  мәселесі  де  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 
отыр.  

151 
 
Өмірлік орта мектебінде 70% жас мұғалімдер жұмыс жасайды және соңғы 
көрсеткіш  бойынша  71,4%  біліктілік  арттыру  курстарынан  өтткен.  Курстар 
бойынша СТО технологиясын меңгергендер 38,1% болса, Жобалау техногиясы 
бойынша 33,3%, АКТ технологиясы бойынша 80% біліктіліктерін арттырды.  
Біздің Өмірлік орта мектебінің мұғалімдер ұжымының 70% жас мамандар. 
Ұжымның  басым  бөлігі  жас  мамандар  болғандықтан  ұжымымыз  әдістемелік 
көмекті  және  пән  бойынша  біліктіліктерін  арттыруды  қажет  етеді.  Жас 
мамандарға  біліктілікті  арттыру  үшін  аудан  әкімшілігі  мен  білім  бөлімі 
қаржылай  қамтамасыз  етсе,  ал  әдістемелік  жағынан  дамуына  және  пән 
бойынша біліктілігін арттыруына «Өрлеу» біліктілікті арттыру  институты мен 
Облыстық  оқу-әдістемелік  кабинеті  үлкен  мүмкіндік  берді.  Ал  курстан  өткен 
мұғалімдеріміз  алған  білімдерін  мектеп  ішінде  ортаға  салып  бір-  бірімен 
тәжірибе  алмасып  отырады.  Осындай  сапалы,  берері  мол  курстардың 
арқасында бүгінгі таңда мектебіміз көптеген жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ, 
облыстық  «Ресурстық  орталықтарға  арқау  болып  отырған  мектептердің  білім 
беру  үдерісінің  үлгісі»  атты  онлайн  байқауында  1-  орынға  ие  болса,  ҰБТ 
нәтижесі  бойынша  жыл  сайын  өсу  байқалады.  Мәселен,  2012-2013  оқу 
жылында-86%,  2013-2014  оқу  жылында-88%,  2014-2015  оқу  жылында-88,5% 
көрсетіп аудан бойынша 1-орынды иеленіп отыр.  
Ұстаз  –  жүректің  жылылығын,  мейірімнің  шуағын,  адамгершіліктің 
ұлылығын біліммен қоса бала бойына дарыта алатын тұлға. Ұстаз қандай болу 
керек?  -  деген  сұраққа  өзімнің  тәжірибеме  сүйене  отырып,  ұстаз-білімді,  бала 
жанын түсіне алатын, әділ, еңбекқор және үздіксіз ізденіс үстінде бола алатын 
жан деп ойлаймын. Олай болса, ұстаз мамандығын таңдағандықтан, ең алдымен 
өзіңді-өзің  танып,  үздіксіз  ізденіп,  аяусыз  еңбектенуің  керек.  Заман  ағымына 
сай  өз  білімімді  үздіксіз  жетілдіріп  отырған  жағдайда  ғана,  ХХІ  ғасырдың 
талабына сәйкес менің ұжымымдағы мұғалімддер жаңа форматтағы ұстаз бола 
алатындарына көзім анық жетті. 
Қазіргі кезде Өмірлік орта мектебінде жұмыс жaсaйтын 21 мұғалімнің 3-еуі 
ІІІ  дeңгeйдe,  1-еуі  І  дeңгeйдeгі  жaңa  фоpмaттa  оқыту  куpстapынaн  өтті.  Бұл 
бapлық  мұғaлімнің  14,2  пaйызын  ғaнa  құpaйды  eкeн.  Жаңа  форматта  сабақ 
берудің тиімді әдіс-тәсілдерін коучинг арқылы көрсетіп бағдарламаның негізін 
құрайтын  жеті  модулді  сабақтарына  кірістіруде,  оқушылардың  тақырыпты 
өзіне  оңтайлы  бірегей  тәсілдермен  меңгеретіндігін  жете  түсіну-мұғалім 
қызметіндегі маңызды дүние. 
Биылғы  оқу  жылында  оқушыларына  білім  бере  жүріп,  өзін-өзі 
жасампаздықпен қайта кұра алатын, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни 
баға  бере  алатын,  айналаны  өзгерте  алуға  мүмкіндігі  зор  әріптестерімнің 
шабытының зор екендігін байқадым. Мектептегі әдістемелік жұмыстың жүйелі 
жүргізілуі, озат тәжирибелер жинақтаушы мектепшілік шеберлік мектептерінің 
және  жас  мамандармен  жұмыс  жоспарлы  түрде  ұйымдастырылуында  біздің 
мектеп  бірқатар  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Әдістемелік  бірлестіктер  алдында 
қойылған  мақсат:  мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  мен  оқуда,  оларды 
шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық 

152 
 
педагогикалық  тәжирибені  зерттеп,  жинақтап,  таратуда,  кәсіби  біліктілігі  мен 
үздіксіз даму деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. 
Мұғалімдер  жұмыстарына  жеткілікті  уақыт  бөле  білулері  керек,  оқушының 
білімі  мен  дағдыларын  дамытуға  ғана  емес  жалпы  алғанда  оның  оқуын 
барынша  жекешелендіру  және  баланың  бойындағы  метасананы  –  қалай  оқу 
керектігін  қалыптастыруға  мән  бере  отырып  оны  тұлға  ретінде  дамытуға 
икемдік  танытулары  тиіс.  [Нұсқаулық.4-бет].  Мұғалімдерге  өздерінің  қандай 
мұғалім  екенін  білу  және  оқыту  мен  оқу  үдерісі  түралы  сын  тұрғысынан 
ойлануына көмек беретін тәсіл-Lesson Studu (іс-әрекет арқылы зерттеу). Lesson 
Studu  циклін  өткізу  кезінде  мұғалімдер  оқыту  тәжирибесіне  жаңа  әдістер 
енгізеді  немесе  Шығармашыл  топпен  ақылдаса  отырып  Lesson  Studu  тәсілін 
түсіндіру  мақсатында  коучинг  өткізуді  жоспарладық.  Мұғалімдер  үлкен 
қызығушылықпен  және  жауапкершілікпен  жұмыс  істеді.  Ақылдаса  отырып, 
деңгейлік  курстан  өткен  төрт  мұғалімнен  топ  құрдық.  Бірлесе  отырып  Lesson 
Studu сабағының жоспарын құрып, зерттейтін үш оқушыны анықтады. Зерттеу 
барысында мұғалімдермен бір емес, бірнеше реет кездесіп, тұсінбеген жерлерін 
қайта талқыладық. 
Жұмыс  істейтін  әр  оқушының  деңгейі  анықталып,  Lesson  Studu  –  дің 
аяғында  әр  оқушыдан  қандай  нәтиже  күтілетіні  белгіленді.Сабақтың  алдында 
олардан  пәнге  деген  көзқарасы  туралы  интервью  алынды.  Зерттеуші 
мұғалімдер  олардың  оқудағы  қажеттіліктері  мен  мінез-құлықтарына  назар 
аударып жеткен нәтижелерін және қиындықтарын талқылап әр сабақтан  кейін 
алдарына  жаңа  мақсат  қойып  отырды.  Мұғалімдер  сұхбаттасу  кезінде 
«Окушыларды  зерттеу  кызық  бірақ  көп  уақыт  кетеді»-  деп  өз  пікірлерімен 
бөлісті.  Сонымен  қатар  «Lesson  Studu»  сабақтары  әріптестердің  тәжірибесіне 
сүйеніп өз тәжирибесін жетілдіруге мол мүмкіндік алады. 
Жұмыс 
жоспары 
бойынша 
облыстық, 
аудандық 
семинар, 
конференцияларда ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар және «Диалогтық 
оқыту», «Сыни ойлау стратегиясының оқушылардың ойын дамытудағы алатын 
орны»,  «Жеті  модуль  -  табысты  оқытуға  бағыт»  атты  коучинг  сабақтар 
көрсетіп,  «Оқу  үдерісінде  оқушының  түйінді  құзыреттілігін,  оқу  жетістігін 
бағалау жолдары» атты баяндама оқылып, кәсибі шеберліктерімен бөлісті.  
Бастауыш  сыныптарда  «Табыс  өлшемдері»  арқылы  бағалау  барысында 
оқушылар  өзін-өзі,  өзінің  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  бағалауға  үйренуде. 
Жаңаша бағалау тәсілдері оқу үдерісіне елеулі өзгеріс әкелді, бастауыш сынып 
мұғалімдері  осы  баспалдақтың  алғашқы  сатыларын  іске  асыра  бастады. 
Бастауыш  сыныптарда  «Табыс  өлшемдері»  сабақтың  мақсатына  негізделіп 
құрылады,  мұғалім  кіші  жастағы  оқушылардың  назарын  үнемі  өлшемдерге 
аударып отырады. 
 Мұғалім  қазіргі  заман  талабына  сай  өз  пәні  бойынша  білімін  оқушыға 
меңгерту үшін сабақта окытудың жаңа технология әдіс-тәсілдерін, ғылым мен 
техника жаңалықтарын дұрыс пайдалана білуі қажет. Соңғы кездегі ақпараттық 
технологиялық өркениетінің дамуына байланысты, АҚТ-ны пайдалану мұғалім 
мен оқушыны маңызды кәсіптік және анықтамалық ақпараттармен қамтамасыз 

153 
 
етеді,  мұғалім  үйымдастырушы,  бақылаушы  деңгейде  болып,  оқушының 
белсенділігі  арта  түседі,  мұғалімнің  уақыты  үнемделеді.  Сондықтан, 
интерактивті әдістерді өз шеберлігімен үштастырып, сабақта тиімді пайдалана 
білген  мұғалім  ғана  оқу  үрдісінде  көп  жетістіктерге  жетеріне  көз  жеткіздік. 
Осының  бір  дәлелі  ҰБТ-ға  дайындық.  Мектепте  ҰБТ-ға  дайындық  жүйесі 
құрылған.  
Мақсаты  – білім  берудің  сапасын жоғары деңгейге  жеткізу,  мазмұны  мен 
құрылымын ақпараттық және жаңашыл технологиялар арқылы жаңарту.  
Мектебімізде  ҰБТ-ның  барлық  пәндері  бойынша  өз  жұмыс  жүйелеріне 
сәйкес  электронды  оқулық  құрылған.  Мұғалімдер  дайындық  барысында  өз 
пәндері бойынша кеңінен қолданады. Электронды оқулық – бұл дидактикалық 
әдіс-тәсілдер  мен  ақпараттық  технологияны  қолдануға  негізделген  түбегейлі 
жүйе. Электронды оқулықтарды қолданғаннан бері оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығының  күрт  артқандығы  байқалады.  Тез  арада  бақылап,  әділ 
бағасын беруге, оқушының қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша 
мәлімет  алуға  мүмкіндік  жасайды.  Сонымен  қатар,  ҰБТ-ға  дайындық 
барысында  модулді  оқыту  технологиясы,  СТО  технологиясы,  оқытудың 
интербелсенді әдіс-тәсілдері негізінде жұмыс жүргізіледі.  
Осындай  жүйелі  жұмыс  жүргізу  нәтижесінде  ҰБТ  көрсеткішінің  жыл 
сайынғы өсуі байқалады.  
Осыған  орай  2015  жылдың  25  қараша  күні  аудан  көлемінде  «ҰБТ-ға 
дайындық  барысында  заманауи  әдістерді  қолдану  тақырыбында»  семинар 
өткізілді.  ҰБТ-ға  дайындайтын  6  мұғалім  тәжірибелерін  таратты.  4  желтоқсан 
күні  облыстық  әдістемелік  кабинеттің  әдіскерлері  келіп  ҰБТ-ға  дайындықтың 
жүргізілуі  жан-жақты  қаралып,  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсетіліп, 
жұмыс жүйелеріне оң пікірлер айтылды. 
Мұғaлімдep  әлeмдe,  біздің  елде  болып  жaтқaн  өзгepістep  туpaлы 
түсініктepі бap. Олap өзгepістep мeн жaңaлықтapды оқып қaнa қоймaй, өздepі дe 
қолдaнып  көpугe  дaяp.  Білім  бepу  бapысындa  өз  бeтімeн  іздeнe  aлaтын,  сыни 
тұpғыдaн  ойлaй  aлaтын,  мeктeптe  aлғaн  білімін  өміpдe  іскe  aсыpa  aлaтын,  өз 
бeтімeн шeшім шығapa aлaтын тұлғa дaяpлaу мақсатын ұстануда. 
Демек,  біздің  алдымызда  Smart-технологияларды  қолдану  бойынша 
мұғалімдердің  АКТ-құзыреттіліктерін  қалыптастыру,  педагогикалық  әдістерді 
игеру  негізінде  балалардың  ерте  дамуы  бойынша  педагогтардың  кәсіби 
құзыреттілігін  дамыту,  білім  беру  үдерісінің  тиімділігін  арттыруда  жаңа 
тәсілдерді қолдану, мектептерде жаңа форматта оқыту жүйесінің іске қосылуы 
бойынша  халықаралық  тәжірибелерді  зерделеу,  модульдік  оқыту  жүйесі, 
оқушылардың жобалық және зерттеу дағдыларын дамыту, отансүйгіштік және 
көшбасшылық 
қасиеттерге 
тәрбиелеу 
міндеттерін 
орындаудамыз. 
Оқушылардың  әр  түрлі  интеллектуалды  байқауларының  сапалы  көрсеткіштері 
2014-2016  жылдар  аралығында  біршама  көтерілді.  Химия  пәні  бойынша 
Халықаралық қашықтық олимпиада байқауы (Инфоурок жобасы, Ресей), Мега 
Таланты  халықаралық  қашықтық  олимпиадаларында  (Ресей)оқушыларымыз 
жүлделі  орындарды  иеленіп  жүр,  Аудандық  ғылыми  жобалар  конкурсында 

154 
 
оқушылар  100  пайыз  І,  ІІ,  ІІІ  орындарды  иеленіп  мектебіміздің  даңқын 
асқақтатуда.  Білім  беру  және  біліктілікті  арттыру  жүйесіндегі  педагогикалық 
инновациялардың Халықаралық жәрмеңкелеріне біздің  мектебіміздің 4 ұстазы 
қатысып  жүлделі  күміс,  қола  сертификаттарына  ие  болды.  Республикалық 
«КИО»  қашықтық  олимпиадаларында  оқушыларымыз  бен  мұғалімдеріміз  әр- 
дайым  қатысып  жүлделі  І,ІІ  орындарды  иеленіп  жүр,  айта  кетсем,  қазақ  тілі 
және  қазақ  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Абишева  Жанаргүл  өте  жақсы 
нәтижесімен  Республика  бойынша  Алтын  сертификатқа  ие  болса,  пәндер 
бойынша  аудан  көлемінде  нәтижелі  бірінші  орында  тұрмыз.  Қазақ  тілі  және 
қазақ  әдебиеті  пәні  мұғалімі  Жетпісбаева  Г.Ж.  «Тәуелсіздіктің  25  жылдығына 
ұйымдастырылған  республикалық  конкурс  «Жаңашыл  білім  –  қазіргі  білім 
сұранысы»»  номинациясы  бойынша  І  дәрежелі  дипломға  ие  болса,  «Мәңгілік 
ел» идеясы Халықаралық конференциясында «Ә. Кекілбаев шығармаларындағы 
«Мәңгілік 
ел» 
идеясы» 
баяндамасы 
бойынша 
«үздік 
баяндама» 
сертификатымен  марапатталды.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиетті  оқытуда 
инновациялық  әдіс  –  тәсілдерді  пайдалану»  атты  Республикалық  деңгейде 
өткен  семинарға  Мурзабекова  Жадыра  қатысып  тәжірибе  алмасып  келді. 
Республикалық  ғылыми-танымдық  педагогикалық  «Химик  анықтамалығы» 
атты  журналында  химия  пәні  мұғалімі  Құрмашова  Айгүлдің  жаңа  форматта 
өткізілген  сабақтары  «Үздік  слайд  -  2015»  номинациясын  иеленіп,  журнал 
дискісіне жарияланған мазмұнды –таңымды слайд-презентациялары үшін алғыс 
хатпен  марапатталды.  Сонымен  қатар  оқушылары  ғылыми  –  танымдық 
жарыстарға  қатысып  осы  журналдың  басты  мұқабасына  да  шықты.  Бастауыш 
сынып  мұғалімі  Мықтыбекова  З.Қ.  «Сындарлы  оқыту  жаңаша  сабақ  берудің 
іргетасы»  атты  әдістемелік  нұсқау,  сонымен  қатар,  «Менің  жаңа  форматтағы 
мұғалім ретінде қалыптасуым» атты эсселері облыстық деңгейде жарық көрді. 
Сондықтaн  дa  қapaпaйым  мeктeп  мұғaлімі  peтіндe  мaғaн,  мeнің 
әpіптeстepімe  Қaзaқстaнның  болaшaғын  қaлыптaстыpу  жолындa  үлкeн 
міндeттep  жүктeлді.Ол  міндeттepді  жaуaпкepшілікпeн  оpындaу  үшін  «өзімізді 
өзгepтуімізгe»  туpa  кeлді.  Өзімізді  өзгepтe  отыpып,  өзгeлepгe  ықпaл  eту, 
қaуымдaсa  жүpіп  мeктeпті  оғaн  қосa  жұpтшылықты  өзгepту  міндeті  қойылды. 
Шәкіpттepіміздің  биіктeн  көpінуінe  күндeлікті  ісіміздeгі  жaңaшылдығымыз 
apқылы,  жaн-жaқты  бepгeн  тәpбиeміз  apқылы  қол  жeткізeтіндігіміз  түсінікті 
болды. Осылapдың бapлығын көpe отыpып, мeн осы дeңгeйдің aлғaшқы бeтпe-
бeт кeзeңіндe aлғaн білімім мeн түйгeн ойлapымнaн кeйін әлeм eлдepінeн apттa 
қaлмaу  үшін  өзім  дe,  әpіптeстepім  дe  нeліктeн  зaмaн  тaлaбынa  сaй 
ұстaнымдapын өзгepтпeйді? Оны өзгepтугe aлғaн білімім apқылы мeн нeліктeн 
күшімді  сaлмaймын?  –  дeп  ойлaнудамын.  Өйткeні,  мeнің  мeктeбім  білім  бepу 
сaлaсындa eліміздe жүpгізіліп жaтыpғaн өзгepістepгe тapтылғaн біp бөлшeк – ол 
дa өзгepістeн шeт қaлмaуы тиіс.
 
Болашақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, өзіне сенімсіз оқушыларды жеке 
тұлға  ретінде  сезінуге  ұжым  болып  жұмыс  жасауымыз  керек.  Елбасымыздың 
«Мәңгілік  Елге»  бастайтын  ең  абыройлы,  ең  мәртебелі  мамандық  жолында 

155 
 
білімді  шәкірт  дайындаудан  шаршамайық.  Әлемнің  озық  елдері  арасында 
Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы 
2. Нұсқаулық.4-бет.  
3. Таубаева Ш.Т. «Исследовательская культура учителя: методология, теория и 
практика».-Алматы:Алем, 2004ж 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет