Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет21/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ 

ЗАМАН ТАЛАБЫ
 
 
Жилкешина Урынша Урынбасаровна.,  
Умбетова Катира Жардемгалиевна, 
Бастауыш сынып мұғалімдері,  
Ақшат бастауыш мектебі, Ақтөбе қаласы. 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңы:  «Білім  беру  жүйесінің 
басты  міндеті-  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту 
міндеттерін айқындап беріп отыр. [1] Қазіргі кезде білім беру саласында болып 
жатқан  ауқымды  өзгерістер  түрлі  ынталы  бастамалар  мен  түрлендірулерге 
кеңінен  жол  ашуда.  Осы  жайттарды  ескере  отырып  қазіргідей  жаһандану 
дәуірінде  сабақ  үдерісінде  жаңа  инновациялық  технологияларды  қолдана 
отырып  сабақ  өткізу  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады.  
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік 
білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі 
құрылуда.  Ол  үшін  мұғалімдердің  инновациялық  іс  -  әрекеттің  ғылыми  - 
педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  мақсат  етіледі.  Ал  жаңа  технологияны 
пайдалану  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып  мүмкіндік 
деңгейге  жеткізеді.  Сондықтан,  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  біліктілігін 
көтеру  мен  шығармашылық,  педагогикалық  әрекетін  ұйымдастыруда  қазіргі 
педагогикалық  технологияларды  меңгерудің  маңызы  зор.  Оқытудың  жаңа 
технологиясы  дегенде,  ең  алдымен,  педагогикалық  технология  деген  ұғымды 
түсіну  керек.  Қай  салада  болмасын  технология  –  ғылым  мен  практика 
арасындағы  аралық  құрылым  болып  есептеледі.  Оқыту  теориясы  мұғалімнің 
шығармашылығының  негізі  болса,  ал  педагогикалық  технология  –  оқыту 
теориясын  мұғалім  мен  оқушы  әрекеті  түрінде  жобалау,  қойылған  нақты 
мақсаттарға сәйкес оқыту үрдісін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. 
Мақсаты  дұрыс  қойылған,  нәтижесі  интуитивті  түрде  жобаланған,  оқушының 
өзінің  дамуының  іргелес  аймағында,  асқан  қызығушылықпен  еңбек  етуге 
әкелетін  сабақ  жоспарын  құру,  ұйымдастырып  өткізе  алу  –  сөзсіз 
шығармашылықтың нәтижесі.  
Ғылыми  –  теориялық  әдебиеттерде  педагогикалық  технологияларға 
әртүрлі анықтамалар беріледі. Технология – қайсы бір істе, өнерде, шеберлікте 
қолданылатын тәсілдер жиынтығы. [2] 

214 
 
Педагогикалық технологиялардың негізіне байланысты В.П.Беспальконың 
ұстанымының  орны  бөлек.  Ол  технологияларда  негізгі  психологиялық 
тұжырымдамалар  мен  ақпараттық  тәсіл,  оқытудың  негізгі  элементтері 
(мақсаттары, мазмұны, әдістері) тиімді ұштастырылады деген ой айтады. Ғалым 
педагогикалық  технологияны  –  оқыту  үрдісін  жүзеге  асырудың  мазмұндық 
техникасы,  практикада  іске  асатын  нақты  педагогикалық  жүйе,  жоба  ретінде 
қарастырады. [3] 
Сонымен,  жаңа  педагогикалық  технологиялар  педагогика  ғылымының 
жаңа бір саласы.  
Қазіргі 
таңда 
оқытушылар 
инновациялық 
және 
интерактивтік 
әдістемелерін  сабақ  барысында  пайдалана  отырып  сабақтың  сапалы  әрі 
қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 
Бүгінде  инновация  деп  көбінесе  жаңа  технологияларды,  әдістер  мен 
құралдарды  жасау  және  қолдануды  айтса,  сонымен  бірге  жаңа  идеяларды, 
процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі 
жаңа  технология  инновациялық  идеяларды  енгізу,  жаңарту  нысаны  болып 
табылады. 
Инновациялық  үрдістің  негізі  –  жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану, 
жүзеге  асырудың  тұтастық  қызметі.  Инновация  білім  деңгейінің  көтерілуіне 
жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», 
«жаңашылдық»,  ал  инновациялық  үрдісті  «жаңа  әдістеме  құралы»  деп  атауға 
болады. 
Инновацияны  қолдану  дегеніміз,  инновацияны  шаблон,  трафарет  ретінде 
пайдалану  емес,  өйткені  әр  мұғалімнің  өз  іс  тәжірибесі  бар.  К.Д.Ушинский 
айтқандай, «Іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана 
алынуы  мүмкін.  Осы  негізгі  ойды  түсініп  оларға  шығармашылық  көзқараспен 
қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады»- деген. 
Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  оқытушының  зейін-зерделік, 
кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  ұстаздық 
келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие 
үрдісін  жүйелі  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Қандай  сабақтың  болмасын 
қызықты  өтуі  оқытушының  үнемі  іздену,  ұтымды  әдіс  –  тәсілдерді  қолдану, 
оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. 
Жалпы,  біздің  өзекті  мәселеміз  бастауыш  сыныпта  оқытудың  жаңа 
технологияларын  қолдана  отырып,  сабақтың  тиімділігін  арттыру.  Сонымен 
қатар,  оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  жасауға  үйрету,  шығармашылық 
қабілетін  дамыту  болып  табылады.  Жаңа  педагогикалық  технологиялардың 
бастауыш  сынып  оқушыларына  білім  беруде  тигізер  пайдасы  зор.  Бастауыш 
сынып  оқушыларының  пәнге  қызығушылықтарын  арттыру  оңай  емес. 
Сондықтан, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту, ол 
оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім 
деңгейін арттырады.  
Мұғалімнің  және  оқушының  шығармашылық  жұмыстарының  ғылыми 
деңгейін  қалыптастыруда,  жаңа  құндылықтар,  ізденістер  жасау,  үздіксіз 

215 
 
процесс  болу  қажет.  Мұғалім  үшін  нәтижеге  жету  шәкіртінің  білімді  болуы 
ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып 
табылады.  Заман  талабына  сай  оқытудың  жаңа  технологиясының  әдістерін 
тиімді  пайдалану  әр  мұғалімнің  міндеті.  Осы  үдеріспен  бәсекеге  қабілетті 
дамыған  елдердің  қатарына  ену  мұғалімдер  қауымына  зор  міндеттер 
жүктейтінін ұмытпауымыз керек.  
Оқушыға білім беруде жаңа педагогикалық технологияны қолдана отырып 
оқыту - заман талабы. Осы аталған талапты орындау әрбір мұғалімінің міндеті 
деп білеміз.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 
2.
 
қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми  түсіндірме сөздігі. Педагогика 
және психология. А.: Мектеп, 2002-252-б 
3.
 
Беспалько  В.П.  Слагаемые  педагогической  технологии.  М.:  Педагогика, 
1989-192. 
 
 
БІЛІМ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 
ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ
 
 
Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы, 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Б. К. Мергенбаев  
атындағы №226 гимназия,  
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы 
 
«Мен ерекше ойлаймын,яғни өмір 
сүремін деген сөз»  
 
 
Клэр Симмонс 
 
Кейде мұғалім өз тәжірибесі жөнінде айтпаса,қаншалықты пайдалы нәрсе 
істегенін сезінбейді. 
Кез  келген  үдеріске  қатысты  сізде  көптеген  болжамдар  туындап 
жатады,сондықтан  өз  құндылықтарыңыз  туралы  нақты  түсінігіңіз  болып,бар 
идеяларға  күмәнмен  қарау  керек.  Өзіңіз  біліп  тұрғандықтан  ,өз 
болжамдарыңызды талдау қиын екені сөзсіз,ал әлі анықтап үлгермеген нәрсеңіз 
туралы айту одан да қиын.Сондықтан сыншы доспен немесе бірлескен топпен 
жұмыс істеу маңызды, әрі үнемі өзіңізден сұрап отырыңыз: «Менің сыныбымда 
не  болып  жатыр?  Не  маңызды?»  және  «Не  болып  жатқанын  қалайша  түсіне 
аламын?»  Мен  деңгейлік  оқудың  ең  алғашқы  сессиясында  қозғалған 
«Мұғалімдер  неге  өзгеруі  керек?»  деген  сауалга  сыңаржақты  қарағанмын.  Ал 
тәжірибе  барысында  және  зерттеу  жүргізу  арқылы  мектеп  мұғалімдерінің 
өзгеруі  қажеттілігі  туралы  пікірім  өзгерді.  Оған  не  әсер  етті?  Себебі:  мұғалім 
өзгерсе,  оқушыға  қалай  оқу  керектігі  анықталып,сол  арқылы  оқушылардың 
білімді  меңгеру  дағдылары  яғни  өзін  реттеуі,  метатаным  дағдылары 

216 
 
қалыптасатыны  анық.  Метатаным  дегеніміз  не?  Метатаным  –оқушылардың 
өздігінен оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі, ашып айтар 
болсам  алдына  мақсат  қойып  оны  оқып  ,біліп,талдап,ұғынудың  жолдарын 
қарастырып,тиімді әрі қолжетімділігін пайдалану. 
Білім  көтеру, 
білім  арттыру 
жүйесі 
мұғалімнің 
әркезде 
де 
шығармашылықпен жылдам ұтымды ойлау білу қажеттігін талап етеді. Оқу мен 
оқыту  үдерісі  барысында  өзімнің  және  гимназия  мұғалімдерінің  кәсіби  даму 
траекторияларының  кеңейту  мақсатында  атқарылатын  және  жоспарланған 
жұмыс  мазмұндары-мұғалімнің  көшбасшылығын  арттыра  отырып  оқушының 
тұлғалық 
қабілеттерін 
ашу 
мүмкіндіктерін 
арттыру.Гимназиядағы 
«Серпін»кәсіби  қоғамдастықтың  жұмысы  негізінде  мұғалімдермен  бірлесе 
«Үздік  мұғалім-2016»,  Шебер  сынып,  идеялар  аукционы,  Тәжірибе  алаңы, 
Ойбөліс  және  оқушылар  арасында  тұрақты  байқаулар  мен  логикалық 
марафондар  өткізу  арқылы  мұғалімдердің  кәсіби  даму  аймағын  кеңейту 
көзделеді. 
Ұдайы  жасалынған  жұмыстардың  нәтижесі-мұғалімдер  кәсіби  өсудің 
қажеттілігін  түсінді  себебі;  коучинг  пен  тәлімгерлік  үдерістеріне  шынайы 
қатысады,әрбір  сессия  сайын  белгілі  бір  жаңалықты  өз  тәжірибелеріне 
қолданғылары  келетінін  және  ұтымды  тиімді  жақтарын  саралай  алатын 
болды.Бұрын  лезде  шығармашылық  сабақ  беру  тек  жоғары  санатты  немесе 
тәжірибелі мұғалімдерге ғана тән дағды еді,ал қазір деңгейлік оқуды меңгерген 
мұғалімдер өз сабақтарын шебер құрылымдай алып,сапалы оқытуға бағыттала 
бастады.  Алғашқы  кездерде  өз  тәжірибемізде  әдіс-тәсілдерді  сараптамай 
қолдану,  кез  келген  сабақты  постер  қорғаумен  әрлеу  қажеттігі  немесе  сергіту 
сәтін  тек  би  –  әнмен  шектеу  үрдіске  айналған.  Ал  қазіргі  кезде  мұғалімдер 
ақпаратты  өз  сабақтарына  қолдану  аясын  яғни  бағдарламалардың  тың 
нұсқаларын  қолдануға  машықтана  бастады.  Әріптестер  арасындағы  кәсіби 
сұхбаттар  да  өзгерістерге  толы  деуге  болады.себебі  мұғалімдердің  сөздік 
қорында жаңа терминдер ,ұғымдар мен атрибуттар қалыптаса бастады.Зерттеу 
топтары  Лессон  Стади,  бірлесіп  жоспарлау  арқылы  сыныпты  жіті 
бақылау,барлық  мұғалімдердің  бірдей  жауапкершілікте  болуы  ,нәтижесін 
талдау,дыбыс,  бейне  жазбаларын  жасау  арқылы  талдау  мұғалімдердің  кәсіби 
біліктіліктерінің артуына оң ықпал етуде. 
Ғұлама  ғалым  әл  -  Фараби  «Адам  мақсатына  өзін  -  өзі  жетілдіру  арқылы 
жетеді  және  адамның  басына  қонған  бақтың  тұрақты  болуы  жақсы  мінез  - 
құлыққа  байланысты»  деп  ой  түйген  екен.  Ғалымның  бұл  пікірі  оқушы  мен 
мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез 
құлқы  оқушыға  дариды  және  әсер  етеді.  Мұғалім  оны  оқыту  үрдісінде, 
қолданған  әдіс-тәсілдерінің  барысында  және  іс-әрекетінің  нәтижесінде 
байқатуы  мүмкін.  Оқу  барысында  оқушы  оны  бойына  сіңіреді.  Егер  оқушыда 
жақсы  мінез  -  құлық  болса,  ол  онда  өзінің  оқудағы  жетістігін  тұрақты  ұстап 
тұра  алады  және  өзін  -  өзі  жетілдіреді.  Яғни,  нәтижелі  оқу  жақсы  мінез  - 
құлыққа  тікелей  байланысты.Көрнекті  ғалымдар  Ш.  А.  Амонашвили,  В.  И. 
Загвязинский  т.б.  педагогикалық  рефлексияны  жаңаша  ойлау  стиліне 

217 
 
жатқызады.  В.  А.  Кан-Калик,  А.  В.  Мурдик,  Н.Д.Хмель  т.б.  маманның 
педагогикалық  әрекетке  дайындығының  құрамына  даралық,  шығармашылық, 
авторлық  ізденістер  мен  қатар  жетілген  педагогикалық  рефлексияны  да 
жатқызады.  «Рефлексия  –  адамның  өз  істерінің  мәнін  түсіну,  олар  туралы 
ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық 
есеп  беруі  немесе  өзі  әрекет  барысында  басшылыққа  алған  ережелер  мен 
кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы» .[1, 23б] 
Гимназия  мұғалімдерінің  кәсіби  біліктіліктерінің  арттыру  бағытындағы 
жұмыстар арқылы байқалған өзгерістер траекториясы: 
1.  Мұғалімдердің  кәсіби-әдістемелік  сауаттылықтарының  артуына  өзіндік 
құлшыныстарының жоғарылауы;ағылшын тілін игеруге ұмтылыс 
2. Республикалық,халықаралық байқауларға қатысуы артты; 
3.  Оқушылар  арасында  логикалық,онлайн  бағытындағы  сайыстарға 
белсене қатысу көрсеткіші жоғарылады; 
4.  Мұғалімдер  ресурстың  қажеттігі  және  білім  сапасына  тигізер  әсерін 
сараптай алады; 
5. 
Желілік 
қоғамдастық 
аясындағы 
іс 
шаралар 
мазмұнына 
қызығушылықпен  қарау,қатысу  арқылы  өздернің  құзіреттіліктерін  таныту 
қадамдары  қалыптаса  бастады,дегенмен  де  кей  мұғалімдер  арасында 
сыңаржақтылық пікірдің болуы кездеседі; 
6.  Әр  түрлі  мазмұндағы,  ойлануға  ,қолдануға  мүмкіндігі  жоғары 
ресурстарды  коучтармен  талқылай  отырып  ұсыну  қалыпты  үдеріске  айнала 
басталды 
7.  Мұғалімдер  арасында  бөлінген  көшбасшылықтың  тиімді  ұйымдастыру 
арқылы сапалы жұмыстар атқарылып оң нәтижелер беруде; 
8.  Интернет  сайт  ашып  өз  тәжірибелерін  тарату,бақылаушы  әріптестердің 
пікірін алу мүмкіндігі,қарым-қатынас мүмкіндіктері артуда, 
8. Әдістемелік талқылаулар ,зерттеу топтарының жазбалары мұғалімдердің 
кәсіби дамуына оң септігін тигізгені жұмыстар барысында көрінуде. 
Өз  тәжірибеңізде  орын  алған  өзгеріс  туралы  ойлану  пайдалы  болуы 
мүмкін.Сіз жаңа тәсілді және оны пайдалану әдістерін толық ұғынғанша дейін , 
қаншама  қателер  мен  сынақтардан  ,түсінбеушіліктен  ,қиындықтар  мен 
қуаныштан өтесіз. Бірте-бірте сіздің өзіңізге деген ,өз күшіңізге деген сеніміңіз 
арта  береді.  Уақыт  өте  келе  осы  тәжірибе  және  оның  қағидаттары  сіздің 
бойыңызға дарып,ойлау мен тәжірибемен байланысып,сіңісіп кетеді. 
Мүмкін,сіз  өзіңіздің  даму  жөніндегі  жұмысыңызды  мардымсыз  деп 
санайтын  шығарсыз.  Алайда,оның  ықпалы  бәрін  тегіс  қамтуы  мүмкін  .Өзенге 
лақтырылған  тастың  әсерін  елестетіп  көріңіз.  Толқындар  алысқа  жан-жаққа 
шашырайды.Сіздің  дамыту  жөніндегі  жұмысыңыздың  көптеген  бағыттарда 
ықпалы болуы мүмкін 
 
Әдебиеттер: 
1. Б. З. Вульфов, В. И. Харькин. Педагогика рефлексии. М.: Наука, 1997 

218 
 
2. Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық оқулары 
«Педагогтің  кәсіби  өсуі  -  білім  берудің  жаңа  сапасын  қамтамасыз  етудің 
шарты» баяндамалар жинағы, Алматы, 2013 ж., І бөлім, 482 б. 
3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. // Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6. 
 
 
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ
 
ҚҰЗЫРЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Жұматаева А. С., 
математика пәнінің мұғалімі 
Ы.Алтынсарин атындағы  
№49 мектеп-гимназия,  
Тараз қаласы, akmaral1264@mail.ru 
 
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін 
көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Білім беруді 
ақпараттандыру  жағдайында  педагог  мамандардың  ақпараттық  сауаттылығын, 
ақпараттық  мәдениетін  және  ақпараттық  құзырлығы  сияқты  қабілеттіліктерді 
қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.  
Білім  беруді  ақпараттандыру  -  бұл  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның  құралдарын  білім  беру  саласына  қолданудың  методологиялық 
және  тәжірибелік  құндылықтарын  зерттеп,  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
психологиялық  және  педагогикалық  мақсаттарына  бағыттап  қамтамасыз  ету 
процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі: 
-
 
білім  беру  жүйесінің  басқару  механизміндегі  ғылыми-педагогикалық 
ақпараттар  мен  ақпараттық-әдістемелік  материалдарды  автоматтандыру 
арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық 
желілерді қолдану;  
-
 
ақпараттық  қоғам  жағдайында  жеке  тұлғаның  даму  бағыттарының 
міндеттерін  негізге  ала  отырып,  оқытудың  мазмұнын,  әдістері  мен  оны 
ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;  
-
 
үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, 
түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың 
әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;  
-
 
үйренушінің  білім  деңгейін  бағалау  мен  бақылау  әдістерін  талдау 
бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.  
Білім  беруді  ақпараттандыру  процесі  жағдайында  жеке  тұлғаның 
интеллектуальдық,  қоғамдық,  экономикалық,  коммуникациялық  және 
ақпараттық  сияқты  іс-әрекеттерін  түрлі  салаларға  қолдану  арқылы 
құзырлықтарын қалыптастыру негізгі талаптардың біріне айналады. 

219 
 
Ақпараттық-коммуникациялық  құзырлық  дегеніміз  бұл  күнделікті  өмірдің 
нақты  жағдайларында  пайда  болатын  проблемалар  мен  міндеттерді  тиімді 
түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.  
Ақпараттық  құзырлылық  –  бұл  оқу,  тұрмыс  және  кәсіби  бағыттағы 
міндеттерді 
шешуде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның 
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. 
Ақпараттық  қоғам  жағдайында  педагог  мамандардың  ақпараттық-
коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:  
-
 
білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін 
қамтамасыз ету;  
-
 
ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде 
өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау; 
-
 
ақпараттық  ортада  жеке  тұлғаның  шығармашылық  сапасын  дамыту  мен 
қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;  
-
 
ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру
-
 
ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру; 
-
 
ақпараттық  ортада  ақпаратты  алу,  таңдау,  сақтау,  қабылдау,  түрлендіру, 
жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;  
-
 
интерактивтік  телекоммуникациялық  технологияларды  (Интернет, 
қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау; 
-
 
ақпараттық-білімдік  ортаны  модельдеу  мен  жобалау  қабілетін 
қалыптастыру  және  осы  дағдыны  өзіндік  кәсіби  қызметтеріне  қолдануға 
даярлау. 
Соңғы  кезде  білім  беруде  АКТ  пайдалану  бағыттары  табысты  дамып 
келеді. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияның инновациялық құралдарын 
қолдану,  оқытудың  тек  қана  формасы  мен  әдісін  өзгеріп  қана  қоймайды, 
сонымен  бірге  оқу  үрдісін  жаңаша  басқару  және  қадағалау  әдістерінің  пайда 
болуына мүмкіндік туғызады. 
И.  В.  Роберт  ақпараттық  технологиялар  орталарын  пайдаланудың  келесі 
педагогикалық мақсаттарын анықтайды [1]: 
1.
 
Ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  оқу-тәрбие  үрдісінің 
барлық деңгейін жетілдіру: 
-
 
оқыту үрдісінің ықпалы мен сапасын арттыру; 
-
 
танымдық қызметтің екпінділігін арттыру
-
 
пәнаралық байланысты тереңдету; 
-
 
қажетті ақпаратты іздеуді оңтайландыру және көлемін ұлғайту. 
2.
 
Оқушы  тұлғасын  дамыту,  ақпараттық  қоғам  шартында  өмір  сүруге 
даярлау: 
-
 
ойлардың түрлі формаларын дамыту; 
-
 
коммуникативтік қабілеттерді дамыту; 
-
 
күрделі  жағдайда  оңтайлы  шешім  немесе  шешу  нұсқаларын  қабылдау 
дағдыларын қалыптастыру; 
-
 
компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы 
эстетикалық тәрбие беру

220 
 
-
 
ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру,  мәселені  немесе  жағдайды 
модельдеу біліктілігін дамыту, ақпаратты өңдей білу; 
-
 
экспериментальдық-зерттеушілік 
қызметті 
іске 
асыра 
білуді 
қалыптастыру. 
3.
 
Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау: 
-
 
ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау; 
-
 
компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау. 
Оқыту  үрдісінде  компьютерлік  технологияларды  пайдадалану  келесі 
мақсаттарға бағытталады: 
-
 
компьютерлік  технологиялардың  мүмкіндіктерін  іске  асыру  арқылы 
оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру; 
-
 
танымдық 
әрекеттердің 
белсенділігін 
арттыратын 
ынталарды 
қамтамасыз ету; 
-
 
қазіргі  заманғы  ақпарат  өңдеу  орталарын  пайдалану  негізінде 
пәнаралық байланысты тереңдету. 
Оқыту үрдісінде АКТ пайдалануда келесі дидиктикалық мақсаттарды іске 
асыруды міндет ету қажет [2]: 
1.
 
Оқу еңбегін рационалды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. 
2.
 
Оқылатын пәнге қызығушылық қалыптастыру. 
3.
 
Ойлау  әрекеттерін  жалпылау  тәсілдерін  мақсатқа  бағдарлауды 
қалыптастыру. 
4.
 
Оқушының өз беттерінше жұмыс істеулерін дамыту. 
5.
 
Оқушыны шығармашыл түрлендіруші әректтерге баулу. 
6.
 
Алған  білімдерін  пайдалану  біліктерін  қалыптастыру  және  оны  өз 
бетінше іздену арқылы кеңейту. 
АКТ  оқытуда  қолдану  –  оқытудың  ғылыми,  жүйелік  тәсілді  және 
көрнекілік  сияқты  маңызды  дидактикалық  принциперін  іске  асырып,  оның 
түрлі құралдары мен әдістерін оңтайлы үйлестіреді. 
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыруда 
инновациялық  технологияны  пайдаланудың  орны  өте  зор.  АКТ  оқытуда 
қолдану – оқытудың ғылыми, жүйелік тәсілді және көрнекілік сияқты маңызды 
дидактикалық  принциперін  іске  асырып,  оның  түрлі  құралдары  мен  әдістерін 
оңтайлы үйлестіреді. 
Оқушылардың  пәнді  жақсы  игеруінің  басты  шарты  оқытушының  осы 
сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. АКТ – педагогтың 
мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. АКТ 
қолдану мақсаты - сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру: 
-
 
компьютер арқылы оқу сапасының артуына ықпал жасау; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет