Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық


ЖАҢАРТЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР-ӨЗГЕРІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ



Pdf көрінісі
бет53/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР-ӨЗГЕРІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ  

 

                                                                            Ахметжанова Ботагоз Хамитовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

                                                                                  М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде 

оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясы                                                                                                                                                                              

Көкшетау қаласы 

 

      Қазақстандағы  оқу  жүйесіндегі  басты  жаңалық  –  мұғалімдердің  жаңаша 



форматта білімін жетілдіруі болып отыр. Бұл - өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке 

ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс  

   Білім  беруді  жетілдірудің  жаңа  парадигмаларына  жаңаша  үлгідегі  сабақтар 

жатады. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді. . 

 Біріншіден,  оқушы  өзінің  не  істеу  керектігін,  яғни  сабақ  соңында  нені  біліп 

шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады. 



 Екіншіден,  ұжым  болып  жұмыс  істеу  дағдысы  қалыптасады.  Онда  оқушы  өз 

пікірінің  дұрыстығын  дәлелдеп,  қателігін  мойындап  және  жолдасының  пікірінің 

дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай 

алады.  


Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі 

жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды.  



Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі 

деңгейде алуға болады. Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз 

сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» 

дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің 

саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз. 

Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың казіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге 

бөлінеді:  

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.  

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.  

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.  

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.  

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.  

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.  

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. 

   Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, 

технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы 

технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік 

білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу 

және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Мектептегі 



402 

 

технологияларға  мыналар жатады:  



• Теледидар бағдарламалары;  

• Сандық теледидар;  

• Интернет;  

• Ұялы телефон;  

• Ұтқыр қондырғылар;  

• Компьютер/ ноутбук.  

 Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа 

қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық 

атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру 

мақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.  

«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модуліндегі «Ойлар бұлты» әдісінің 

жаңа  тақырыпты  бекіту  ,  үй  тапсырмасын  сұрау  мақсатында  тиімді  екендігіне  көз 

жеткіздім. Себебі, біріншіден, жадыны дамытады. Оқушы жаңа тақырып бойынша бір 

түйінді  сөз  жазады.  Кез  келген  сөз  емес,  ерекше  есте  қалған  сөзді  жазады.Кейін 

талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын,ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты 

байланыстылығын  өзі  түсіндіреді.Екіншіден,  бұл  әдіс  оқушының  өз  ісіне 

жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Егер оқушы бір сабақта тақырыпты меңгермеген 

болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол сыныптастарынан қалмай, түйінді сөз жазарда 

ойланып  жазады.  Сол  сөздің  мағынасын  өзі  айтып  түсіндіретін  болған  соң,  оқушы 

ойланып жазады, жауапкершілігі артады. Әдебиет пәнінен «Сырым мен Малайсары» 

деген  ашық  сабағымда  оқушылар  мәтіннен  «құн  сұрау,бата  алу,ақылды,  ат  жалын 

тартып міну» деген түйінді сөздерді тез тауып жазып, өздері сол сөздер арқылы жаңа 

тақырыпты талдап шықты. 

«Стикердегі диалог» әдісі. Бұл – үй тапсырмасын тексеруге, қорытынды сынақ 

немесе қарапайым ереже сұрауға таптырмас әдіс. Өйткені бұл әдісті қолданған кезде 

оқушы оқылған сұрақтың жауабын білуі тиіс . Сонымен қатар бұл әдіс оқушыны тез 

ойлануға, есте сақтау қабілетін дамытып,шапшаңдыққа үйретеді.  

Ал  оқушылардың  сыни  ойлауын  дамыту,  айтылым,  оқылым,  жазылым 

бойынша      ой-өрісін  ,  сөйлеу,  жазу  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында  «Сын 

тұрғысынан  ойлауға  үйрету»  модулінің  тәсілдерін  қолдану  көп  нәтиже  береді.  Сын 

тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс 

кезеңдерінен  түзіледі.  «Миға  шабуыл»,  «Топтау»,  «Түртіп  алу»,  «Ойлану»,  «Жұпта 

талқылау»,  «Болжау»,  «Әлемді  шарлау»,  «Бес  жолды  өлең»,  «Венн  диаграммасы», 

«Семантикалық  карта»,    «ЭССЕ»,«ДЖИК  СО»  сияқты  стратегиялар  әр  сабақтың 

ерекшелігіне,    ауыр-жеңілдігіне  қарай  лайықтала  қолданылады.  Сын  тұрғысынан 

ойлауда  оқушы  болжайды,  зерттеп,  қорытып,  өз  ойын  жеткізеді,  негізін  ашады, 

сұрыптайды,  талқылайды,сын  көзбен  қарайды,пікірін  дәлелдейді,  пікір  алмасады, 

ортақ  пікірге  келеді,  мақсатқа  жетеді,  өзін  –  өзі  басқарады,  топпен  жұмыс  істеуге 

үйренеді,  жан  дүниесін  өзгертеді,  ойлауды  дамытады,  қызығушылықты  дамытады, 

қызығушылықты  арттырады,  кез  –  келген  сабақты  меңгертеді,  оқушы  өзін  –  өзі 

тәрбиелейді 

         XX  ғасырдың  басында  қазақ  зиялыларының  бірі  Жүсіпбек  Аймауытов: 

«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан  жаңаны табатын өнер», 

- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән  ерекшелігіне  

қарай  қолдана  отырып  күнделікті  сабақты  жаңарта  білу  -  оқыту  мақсатына  жетудің 

бірден-бір жолы.  

         Осы  орайда,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  оқушыны  оқыта  отырып 


403 

 

сөйлету, сөйлете отырып сыни ойлауын дамыту үшін  түрлі жұмыстар жүргізуге болады: 



       Мысалы,  оқу  арқылы  қабылдайтын  оқушыларға  мәтін  мазмұны  бойынша 

талдау  тапсырмалары  берілсе,  жазу  арқылы  меңгеретін  балаларға  жұмыс  

парақтарында  берілген  сұрақтарға  жауап  беру,  семантикалық  карта,  сатылай  кешенді  

талдау, композициялық талдау, салыстыру сияқты  тапсырмаларды беруге болады. 

 Осы    тапсырмаларды  орындау  барысында  бала  бір  жағынан  ,  мәтінді  игеру 

деңгейін көрсетсе, бір жағынан, сыни тұрғыдан ойлауына тура келеді. Балалар өз ойларын 

тек   ойлап қана қоймай, қағаз бетіне жүйелеп түсіріп отырады  

      Оқушылардың    мәтінмен  жұмыс  кезінде  жиі  қолданған    белсенді  оқыту 

технологиясының  «Аяқталмаған  сөйлем»,  «Ашық  сұрақтар»,  «Жұптық  жұмыс»,  «Өз 

ұстанымыңды  тап»  сабақты  түрлендіріп  өткізуге  мүмкіндік  туғызумен  қатар,  әр 

баладан  еркін  жауап  алуға,  баланың  өзіне  сенімділігін  арттыруға,  бір-бірінің  және 

өзінің  жұмысына  баға  беріп,  сын  көзбен  қарауға  итермеледі,  сабақ  үстіндегі  оқушы 

қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырды .  

        М.  Мағауиннің  «Бір  атаның  балалары»  хикаятын  оқып-тануға  3  сағат 

берілген.  Соның  бірінші  сағатында  мәтінмен  жұмыс  жүргізуде  мынадай  оқу 

стратегияларын қолдандым:  

     Сабақтың мақсаты -- жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет беріп, «Бір 

атаның балалары» хикаятынан үзінді мазмұнын игерту. Сабақтың тақырыбы, мақсаты 

айқындалған  соң  жаңа  тақырыпты  меңгертуде  «Ойлан.  Бөліс.  Бірік»  әдісімен  М. 

Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы туралы таратпамен жұмыс жүргіздім. Мәтін 

үш  бөлікке  бөлініп,  үш  топқа  берілді.  Оқушылар  өз  тобында  өзіне  берілген  мәтін 

үзіндісімен танысып, топ ішінде түсініктерімен  бөлісіп, бір-біріне түсіндірді, ең негізгі 

деген  ақпаратты    бөлік  мазмұнына  қарай  бірінші  топ  «Белгілі  тұлға,  екінші  топ  – 

«Қоғам    қайраткері»,  үшінші  топ  –  «Жазушы»  деп  постерлерге  түсіріп,  топтардың 

алдында  алған  ақпараттарымен    таныстырды.  Осы  әдіспен  оқушылар  мәтінмен  өз 

бетінше таныса отырып жазушының өмірі туралы мәлімет алды.  

         Сабақтың  бекіту  кезеңінде  оқушылардың  мәтін  бойынша  түсініктерін 

бекіту  әрі  байқау  үшін  «Атыспақ»  әдісін  қолдандым.  Әр  топ  өздері  оқып  танысқан 

мәтін бөліктері бойынша үш-төрт сұрақтан дайындап, кезекпен сұрақтармен атысты. 

Жауап болмаған жағдайда сұрақ қоюшы жауабын өзі айтып отырды . Оқушылардың 

қойған  сұрақтары  негізінен  мәтін  мазмұнына  байланысты  анықтауыштық  сипатта 

болды:«Ахмет асырап алған баланың есімі кім?", « Ауылға неше бала әкелінді?», «Неге 

бала таңдау құқығы бірінші болып Ахметке берілді?» деген мазмұндағы ізденушілік 

сұрақтар да қойылды.  

        Сабағымды  «Кезбе  тілші»  әдісімен  аяқтадым.    Әр  топтан  бір  оқушыдан 

шығып өзіне роль таңдап, бүгінгі сабақтан тікелей репортаж жүргізді:  1-топ оқушысы 

телестудиядан  оқиға  болып  жатқан  жердегі  тілшімен  тікелей  байланыс  жасау  сәтін 

көрсетіп,  жиынтық  хабар  берді.    2-топ  оқушысы  оқиға  орнынан  тікелей  репортаж 

жүргізді.  3-топ  оқушысы  сұхбат  алатын  куәгер  болып,  оқушылардан,  мұғалімнен 

сұхбат  алды.  Жүргізушілердің  сұрақтары    сабақта  қаралған  мәтін  бойынша  ,  жалпы 

сабақ барысына қатысты болды.       Қалған сағаттарда осы шығарма мәтінімен жұмыс 

жүргізуде  «Венн  диаграммасын»  құру,  «Т  кестесі»,  «Тоғысқан  пікірталас»  әдістерін 

қолдандым.  Осы  жұмыстардың  барысында  оқушылардың  мәтінді  қаншалықты 

игергенін байқадым .  

       Қосымша  ақпарат  көздерінен  ақпарат  алдыру  мақсатында  тақырыптың  

үшінші сағатында үй тапсырмасын тексеруде «Тоғысқан пікірталас» әдісін қолдандым. 

Оқушыларға үйге  «Қазақтың қара көз балаларын шет елге беру дұрыс па, әлде дұрыс 


404 

 

емес  пе?»  деген  проблемалық  сұраққа  дайындалып  келу  тапсырылған  болатын. 



«Тоғысқан пікірталас» немесе «Т кестесі» толтырғаннан кейін оқушылар осы сұраққа  

өзіндік  көзқарастарына  қарай  үш  топқа  бөлініп,  сұрақты  топта  талқылады.  Топтық 

әңгіменің  барысында  топтың  әр  мүшесі  проблемалық  сұрақты  мәтін  идеясымен 

байланыстыра  отырып,  өз пікірін  айтты,  сол  бойынша  ортақ шешімдерін    шығарып, 

топтардың  алдында қорғады.  

            "Мәтінмен  жұмыс  -  тілдің  барлық  пәндермен  байланысуын  қамтамасыз 

етудің кепілі".  

Ахмет  Байтұрсыновтың  «Қырық  мысал»  жинағы  туралы  өткен  сабағымда  

Ахмет аудармаларын түпнұсқамен салыстыру жұмысы кезінде 1-топ Аққу , шортан һәм 

шаян – Лебедь, щука и рак, 2-топ Абай «Қарға мен түлкі – Ахмет «Қарға мен түлкі» 

мысалдарын салыстырып, венн диаграммасын құрды. Оқушылар екі мәтінді салыстыра 

отырып, ойлау логикасын дамытады, сабаққа қызығушылығы  артады. 

 

И. А. Крылов. 



«Лебедь, щука и рак» 

Ұқсастықтары 

Ахмет Байтұрсынов. 

«Аққу , шортан һәм 

шаян» 

1) Түсініктеме сөзден 



басталады 

2) Түсініктеме сөз 3 

жол. 

3)  Негізгі бөлім – 7 



жол. 

4)  Қорытынды ой – 2 

жол. 

5)  Өлең 12 жолдан 



тұрады. 

 

Түсініктеме сөзінде 



достар арасындағы бірлік 

болмаса, іс оңбайтындығы 

айтылған. 

Мазмұн желісі 

бірдей. 

Қорытынды ой 

бірдей. 

Кейіпкерлері – 

шортан, шаян, аққу. 

1) Негізгі оқиғаны 

баяндаудан басталған. 

2) Түсініктеме сөз – 4 

жол. 

3) Негізгі бөлім – 8 



жол. 

4) Қорытынды ой – 4 

жол. 

5) Өлең 16 жолдан 



тұрады 

 

 «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазады, 

сол арқылы оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. 

Мысалы,  М.  Мақатаевтың  «Елім  барда»  өлеңін  өткен  кезде    оқушылардың 

өздеріне өлеңді оқулықтан оқыта отырып, тақырыбы мен идеясын ашу үшін «Екі түрлі 

түсініктеме күнделігін» толтыртуға тапсырма бердім. Оқушылар  мәтінді оқу барысыңда 

бөліктің сол жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тіркестерді, үзінділерді жазды да, ал оң 

жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы  өз пікірлерін  жазды. 

 «Екі түрлі түсініктеме күнделігі». 

             С.Мұқановтың    «Саятшы    Ораз»      әңгімесі  бойынша  «Екі  түрлі 

түсініктеме күнделігін» оқушылар мына үлгіде толтырды. 

 

Мәтіннен үзінді 



Өз пікірім 

Ой-тұжырым 

Жасының  

қартаңдығына  қарамай, 

Ораз 

сол 


кезде 

балалардан жүйрік... 

Шынында, 

осы 


үзіндіні 

оқып 


отырғанда  жасы  біразға  келген  адамның 

шыдамдылығы мен шапшаңдығына қатты таң 

қалдым.  Меніңше,  Ораз  жасынан  аң 

аулаумен  айналысқан,  сондықтан  да  оның 

денесі шыныққан, ал денсаулығы мықты. 

Адамды 


кәрілік 

қартайтпайды,  

жалқаулық 

қартайтады. 

       

        


405 

Көркем мәтінмен жүргізілетін жұмыстың келесі бірі түрі – талдау жұмыстары. 

Оқушыларды    талдауға  үйретудің  бірнеше  әдістері  бар:  образ  бойынша  талдау, 

тақырыптық талдау, проблемалық  талдау, тұтас   талдау.  

      Көркем шығармаға талдау жасау екі түрлі болады: тілдік талдау және әдеби 

талдау.  Мәтінде  тілдік  талдау  мәтіндегі  пайдаланылған,  әдеби  шығарманы  дұрыс 

ұсынуға  тікелей  қатысы  бар  тілдік  тұлғалардың    мән-мағыналары  мен  қолдану 

жағдайларын  ашу.  Тілдік  талдаудың  негізгі  объектісі  –  шығарманың    сөздік  қоры. 

Талдаудың  басты  мақсаты  -  оқушылардың  өзіндік  қабылдауын,  пікірін  әдебиеттану 

талабына сай арнаға бағыттау.  



Мысалы,  .  Жансүгіровтің  «Ағынды  менің  Ақсуым»  өлеңімен  таныстыру 

сабағында мәтінмен жұмыста сатылай кешенді талдауды мына үлгіде өткіздім:  



І-топ  көркем тіліне талдау жасады

1) Өлеңде қандай мезгілдер суреттелген?

2) Су екпіні, молдығын көрсететін сөз тіркестері

3) Тыныштық белгісін сипаттайтын сөздер

4) Жансызға жан бітіретін бейнелі сөздер

5) Мәтінде кездесетін өсімдік атаулары

6) Жан-жануарлар атаулары бар ма?

2-топ өлеңге поэтикалық сатылай кешенді талдау жасады

-

 



Авторы: 

-

 



Тақырыбы: 

-

 



Жанр түрі: 

-

 



Идеясы: 

-

 



Шумақ: 

-

 



Тармақ: 

-

 



Бунақ: 

-

 



Буын саны: 

-

 



Ұйқас 

     Уақыт  талабына  сай  әрбір  мұғалім  өз  сабағын  жаңаша    ұйымдастырып, 

жаңа  тың  ізденістерге  талпынады.  Сабаққа  әзірлену  –  мұғалімнің  ең  жауапты 

жұмысының  бір  түрі.  Мұғалімнің  сан  алуан  ізденісі,  білімі  әдістемелік-теориялық 

ұстаздық біліктілігі осы сабақта көрініс табады. 

    Жаңа  формация  мұғалімі  дегеніміз  –  қолына  уақыт  пен  кеңістіктің 

байланысын  ұстаған  АЛЫП,  кіршіксіз  балалық  әлеміндегі  күш-қуат  пен  ақылды, 

талантты ашқан КОЛУМБ, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін 

ДАНАГӨЙ, жалынды сөздері мен жастарды ерлікке жетелейтін ШЕШЕН, дүниенің 

жанды  сұлулығын  көрсететін  СУРЕТШІ,    жан-дүниесінің  бүкіл  болмысын  көре 

білетін АДАМ.       

Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. 

Ол маңызы жағынан, Н. Коперниктің жаңалығына тең (Күн – астрономиялық 

орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады), 

тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық 

әрекеттер оның айналасына, шоғырландыра жүргізіледі. 

     Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр 

құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін 

ұстаз болайық! 


406 

 

 



Қолданылған әдебиеттер 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.  

2.) И.Қазымбек «Жаңашылдық, жаңа әдіс- оң нәтиже» Қазақ тілі мен әдебиеті 

журналы№ 11.2015ж 

3. Н. Қадырқұлова « Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» Қазақ тілі мен әдебиеті 

журналы № 1. 2015ж 

 

 

РАЗВИТИЕ ХУДОЖЕСТВЕННОГО ВКУСА И ТВОРЧЕСКОГО ВООБРАЖЕНИЯ НА 

УРОКАХ ИЗО,  ТЕХНОЛОГИИ И ДЕКОРАТИВНО-ПРИКЛАДНОЙ 

ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 

 

Бабылова Раушан Кабдрашидовна

учитель ИЗО, черчения и  

технологии 

учитель первой категории 

СШ №7 


г.Кокшетау 

 

 

    В  настоящее  время  в  Республике  Казахстан  большое  внимание  уделяется 

приобщению  подрастающего  поколения  к  культуре  и  искусству.  Дети  должны 

воспитываться на лучших традициях, достижениях своего народа в области  искусства. 

История, культура народов, обычаи старины не только украшают нашу жизнь, делая её 

интереснее,  духовно  богаче,  они  ещё  учат  добру,  уважительному  отношению  друг 

другу, обладают огромным воспитательным потенциалом.  

   


  Декоративно – прикладное искусство является одним из факторов гармонического 

развития  личности.  Посредством  общения  с  народным  искусством  происходит 

обогащение  души  ребенка,  прививается  любовь  к  своему  родному  краю.  Народное 

искусство  хранит  и  передает  новым  поколениям  национальные  традиции  и 

выработанные народом формы эстетического отношения к миру. Искусство народных 

мастеров помогает раскрыть детям мир прекрасного, развивать у них художественный 

вкус. 

   Познавая  красоту  народного  творчества,  ребенок  испытывает  положительные 



эмоции, на основе которых возникают более глубокие чувства: радости, восхищения, 

восторга.  Образуются  образные  представления,  мышления,  воображения.  Все  это 

вызывает у детей стремление передать воспринятую красоту, запечатлеть те предметы 

народно  –  прикладного  искусства,  которые  им  понравились,  у  них  пробуждается  и 

развивается  созидательная  активность,  формируются  эстетические  чувства  и 

художественный  вкус,  эстетическая оценка  к предметам декоративно  –  прикладного 

искусства. У детей формируются разнообразные способности – как художественные, 

так и интеллектуальные. 

    Народное творчество – источник чистый и вечный. Он благотворно влияет на детей, 

развивает  их  творчество,  вооружает  знаниями,  «несет  детям  красоту».  Это  идет  от 

души, а душа народная добра и красива 

    Казахское народное прикладное  творчество, как один из стержневых компонентов 

национальной культуры, отражает психологический склад казахского народа, его быт, 

                                            



-жеке тұлға теориясы, 

оны қалыптастырудың 

әдіс-тәсілдерін білуі 

407 

 

обычаи,  традиции,  общественные  идеалы,  критерии  прекрасного  и  другие  черты 



духовной жизни народа. 

    Понимая  под  народностью  стремление  народа  сохранить  свое  национальное  я  и 

способствовать  его  поступательному  развитию  во  всех  областях  общественно-

экономической жизни, К.Д. Ушинский писал. «Народ без народности – тело без души, 

которому остается только подвергнуться закону разложения и уничтожться в других 

телах, сохранивших свою самобытность». Составной частью фундамента воспитания 

подростающего поколения является народное творчество. 

 

    Не  так  уж  много  дисциплин,  на  которых  можно  уделить  внимание  воспитанию 



чувств  ребёнка.  Искусство  обладает  огромной  силой,  которая  воздействует  на 

человека. Искусством можно лечить, учить размышлять, оценивать поступки, творить, 

воспитывать и вдохновлять. 

     Изобразительное  искусство  и  декоративно-прикладное    искусство  призвано 

воспитать  чуткость  к  красоте  окружающего  мира,  эмоциональную  отзывчивость 

учащихся,  интерес  к  художественной  деятельности,  верность  народным  традициям. 

Для достижения столь важных задач необходимо использовать все возможности.    

     Целью  моей  работы  является  «Развитие  художественного  вкуса  и  творческого 

воображения на уроках ИЗО, технологии  и декоративно-прикладной деятельности». 

     Уроки  ИЗО  и  технологии    стараюсь  планировать  так,  чтобы  они  не  были 

однообразными,  скучными.    Для  достижения  поставленных  задач  я  использую 

различные  методы  и  приемы  обучения,  чаще  сочетаю  их.  Продумываю  форму 

проведения занятий, учитываю при этом возрастные и индивидуальные особенности 

детей,  чтобы  обеспечить  индивидуальный  подход  в  процессе  обучения,  что  делает 

обучение  более  эффективным,  позволяя  развивать  творческие  способности  каждого 

ребенка. 

    Изобразительное  искусство  призвано  воспитать  чуткость  к  красоте  окружающего 

мира,  эмоциональную  отзывчивость  учащихся,  интерес  к  художественной 

деятельности,  верность  народным  традициям.  Для  достижения  столь  важных  задач 

необходимо  использовать  все  возможности.  В  учебной  программе    ИЗО  есть  раздел 

«Декоративно-прикладное  искусство»  Учащиеся  знакомятся  с  историей  ,  культурой, 

обычаями,  традициями  казахского,  русского,  татарского,  украинского  народов. 

Изучаем национальные костюмы, проводим обсуждение, почему тот или иной народ 

выбрал  именно  эти  цвета  в  одежде,  что  они  значат,  с  чем  это  связано,  что  означает 

орнамент,  украшающий  одежду.  Также  мы  работаем  над  вышивкой,  шьем  мягкую 

игрушку,  расписываем  ткань,  конструируем  из  бумаги  объемные  и  полуобъемные 

композиции, работаем с природными материалами, с нетрадиционными материалами. 

Новые  материалы,  приемы  работ  —  все  это  вызывает  удивление,  непредельный 

интерес и помогает выявлять способности детей.   Например: картинки, выложенные 

разноцветным  рисом,  картины  вышитые  атласными  лентами,  нетканные  гобелены.  

Ведь  народное  искусство  тесно  связано  с  бытом  человека.  Все  подчинено  той 

«природе»,  которая  его  окружала:  окружающая  действительность,  образ  жизни, 

животные,  птицы.  Человек  наблюдал  за  всем  тем,  что  его  окружало,  отбирал 

совершенные  формы,  стилизовал  их  и  создавал  что  то  новое,  красивое,  прекрасное: 

одежду, музыкальные инструменты, ювелирные украшения, предметы быта, посуду. 

     Из  опыта  работы  я  обратила  внимание  на  то,  что  многие  дети,  не  обладающие 

художественными  способностями,    с  большим  интересом  занимаются  прикладным 


408 

искусством  и  достигают  больших  успехов  благодаря  терпению,  любви,  и  желанию 

познать новое, интересное. 

      На  уроках  технологии    в  разделе    «  Моделирование  швейных  изделий»  перед 

учащимися  стоит  определенная  цель:  овладеть  научными  знаниями,  практическими 

умениями и навыками, развивать познавательные и творческие способности. Начиная 

с  пятого  класса девочки   учатся шить  фартуки, мягкие игрушки,  юбку, сорочку, а  в 

старших  классах  шьют    оригинальные  красивые  вещи,  которые  могут  пополнить 

коллекции  одежды  многих  модниц.    И  так,  от  простых  вещей  к  более  сложным,  я 

постепенно  стремлюсь  заинтересовать  девочек  творческой  работой  по  созданию 

национальной  казахской  одежды.  И  это  у  нас  получается.  Шитье  своими  руками 

превращается в творческий процесс, учащиеся смогут самостоятельно воплотить свои 

идеи, замыслы в конкретные швейные изделия. 

     При  изучении  раздела  «Технология  художественного  рукоделия  с  элементами 

декоративно-прикладного  искусства»  девочек  знакомлю    с  различными  видами 

рукоделия.  При этом важно развивать у них художественный вкус и вызвать желание 

создавать декоративные изделия по собственным проектам. Большую часть учебного 

времени я отвожу на самостоятельному работу учащихся. 

    На  отдельных  видах  рукоделия  останавливаюсь  более  подробно:  вышивание, 

ковроткачество,  нетканный  гобелен,  аппликация,  мозаика,  бисероплетение. 

Рассказываю  об  истории  появления  данного  рукоделия,  демонстрирую  средства 

нагляности, образцы работ. Подсказываю, какую композицию лучше всего выполнить. 

В начале предлагаю нарисовать эскиз изделия и методом подбора выбрать материал по 

фактуре  и  цвету.  В  процессе  работы  над  декоративным  изделием  дети  учатся 

воспринимать форму, объем, цвет, ощущать пространство, его заполняемость. Работая 

с различным материалом, они развивают свое воображение, художественный вкус. 

    Для развития творческих способностей учащихся, изобретательности и повышения 

уровня  самостоятельной  работы  в  конце  года  использую  метод  проекта  в  разделе 

«Работа  над  творческим  проектом».  Задача  этого  метода  является  заключается  в 

воспитании  человека,  умеющего  работать  ,  ставящего  себе  широкие  практические 

задачи и умеющего его выполнять. 

    Занятия кружка «Композиционное построение орнамента» являются продолжением 

выявления  индивидуальных  склонностей  и  возможностей  учащихся.  Девочки  рады 

тому, что есть дополнительное время проявить свои способности на кружке, так как не 

успевают освоить материал на уроке.  

При  планировании  и  проведении  занятий  я  добиваюсь  единства  обучения  и 

воспитания,  учитывая  знания  и  умения,  полученные  школьниками  на  уроках  и  на 

занятиях кружка. 

    Я  вижу  ,  как  на  уроках  технологии  и  ИЗО,  у  детей  появляется  познавательный 

интерес,  самостоятельность,  девочки  совершенствуются,  у  них  появляется  живой 

интерес к деятельности. Это развитие личности ученика, его нравственное и трудовое 

становление. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет