Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық


ДАМЫТУШЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет50/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61

ДАМЫТУШЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ 

МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ 

    Досмаганбетова



 Макпал Калихановна 

М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде 

оқытатын кәсіби-мектеп гимназиясының 

бастауыш сынып мұғалімі 

Ақмола облысы 

 «Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті 

екенін  білесіз.  Сіз  өзгересіз,  себебі  сіз  білім  алғанды,білім  бергенді  жақсы  көресіз, 

балаларды  сүйесіз  және  олар  мына  жылдам  өзгеретін  әлемде  бағыт  беріп  отыратын 

сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. 

Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет» - деп, С.Бич айтқандай, қазіргі заман талабына 

сай  білім  беру  жүйесі  де  өзгеруде.  Осыған  орай  білім  беру  жүйесі  өзгеріп 

жатқандықтан,  білім  беруші  ұстаз  да  соған  сай  болуы  керек.  Бастысы  ол  өзгерістер 

мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс. Менің түсінгенім, оқушыларға дайын 

немесе  жаттанды  білім  беріп  қана  қоймай,  керісінше  механикалық  деңгейдегі 

сұрақтардан туындайтын жоғары деңгейдегі сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын 

сұрақтарға балалар жауап бере отырып, өздері ізденіп, қызығушылығын арттыратын, 



378 

өз ойын пікірталаста еркін дәлелдей білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны 

елімізде  тәрбиелеп  шығару.  Сондықтан  оқушыларға  оқу  бағдарламасында  берілген 

тапсырмаларды  жаттанды  меңгертіп  қоймай,  оны  күнделікті  өмірде  қолданып,  сыни 

ойлана алатындай тапсырмалар жүйесін және ол тапсырмаларды өз қалауыммен емес, 

оқушы  пікірімен  санаса  отырып,  құрастыруды  қажет.  Сол  себепті  ұстаз  өзін 

шыдамдылыққа  үйрету  қажет.  Сабақ  барысында  көп  мүмкіншілікті  оқушылардың 

өзіне беру керек. Мұндағы басты ескеретін жағдай: 

  -олардың қатесін түзетуге асықпау; 

  -өз қателерін өздері табуға мүкіндік беру; 

  -өз жауаптарын сенімді болуын қадағалау

  -оқушылардың ойланып, шешім қабылдауына уақыт беру. 

Өзімнің іс-тәжірибемді айтып, бөліскім келеді. Тәжірибемді дүниетану пәнінен 

өткізуді  таңдадым.  Оқушылардың  көпшілігінің  дүниетану  пәніне  қызықпайтынын 

байқайтынмын.  Себебі  кітап  бойынша  мәтінді  оқып,  соны  қайта  мазмұндаумен  ғана 

шектеліп жүретінбіз. Енді осы пән бойынша тапсырмаларды өзгеше әдіс-тәсілдермен, 

топпен орындатуды көздедім. Бұрын сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен 

амандасқаннан  кейін,  «Сабаққа  дайынбыз  ба?»  деген  секілді  үйреншікті  сұрақтарды 

қоюмен  шектелсем,    енді  сабақтың  тиімді  өтуі  үшін  алдымен  ынтымақтастық 

атмосферасын  құру  үлкен  рөл  атқаратынын  түсіндім.  Ынтымақтастық  орнату 

мақсатында  әртүрлі  тренингтерді  ұйымдастырдым.Сабақ  барысында  тренинг  өткізу 

оқушыларға  ұнады.  Әр  сабақ  сайын  жаңаша  тренингтер  күтіп  отыратын  болды. 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін алғашқы күні шеңберге тұрып, бір-

біріне жылы лебіз айтудан бастадым. Осы жұмысты әрі өрбітіп, бағыт бере отырып, 

топтық  жұмыстың  ережесін  құрғыздым.  Ереже  құру  барысында  оқушылар  пікір 

таластырып, біраз пікірлескеннен соң ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауының 

нәтижесінде  оқушылардың  диалогтік  әңгімесі  және  сыни  ойлауы  көрініс  тапты. 

Оқушылармен бірлесе отырып, топ ережесіне төмендегідей тармақтар қостық.  

1. Топтың жұмысына түгел қатысу;

2. Сыныптасының пікірімен санасу;

3. Орынсыз шуламау;

4. Ойын ашық айту;

5. Уақытты үнемдеу (1-сурет)

Сынып  оқушылары  бірінші  күні  ереженің  не  үшін  керек  екенін  түсінбеді. 

Топтық жұмыс кезінде барлығы бірдей кірісіп кеткен жоқ. Сыныпта шу басым болды. 

Мен ескерту жасаудың орнына шулаған оқушыны өзіме қаратып, үнсіз ғана ережедегі 

өздері бұзып тұрған тармақты көрсететін болдым. Сонда оқушы ережеге қарап, менің 

айтып,  ескертуімсіз  өз-өздерін  реттеуді  үйренді.  Кейін  оқушылар  ережені  өздері 

пайдалана бастады. Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, ұйымшылдықпен бірге жұмыс 

жасап  үйренді.  Өткізген  тренингтердің  сабақтың  жақсы  көңіл-күйде  басталуына, 

ортасында  ұйымдастырғанда,  сабаққа  деген  ынтасының  артуына,  соңында  өткізген 

тренинг жақсы көңіл-күйде тарауына үлкен ықпалын тигізді деп есептеймін. 

          Мерсердің:  «Құрдастар  тобындағы  өзара  қарым-қатынас  оқуда  маңызды  рөл 

атқарады» - деген тұжырымдамасына сүйеніп, топқа бөлдім. Алдыңғы сабақтарымда 

топқа бөлуді ашық сабақ немесе сайыс сабақ кезінде қолданғаным болмаса, күнделікті 

сабақта  топқа  бөліп  оқытуды  жөн  көрмейтінмін.  Себебі:  «шу  басым  болып, 

оқушылардың  сапалы  білім  алуы  мүмкін  емес»  -    деп  ойлайтынмын.  Топқа  бөлген 

кездің  өзінде  оқушылардың  өздерінің  қалауымен  бөлмей,  белсенді  оқушылар  мен 

үндемейтін, тұйық оқушыларды араластырып, өзім бөлетінмін. Себебі өз еріктерімен 


379 

бөлсем,  үндемейтін  балалар  қатыспай  қояды  деп  ойлайтынмын.  Зерттеу  сабақтарын 

өткізген кезде бұл пікірім мүлдем өзгерді. Себебі, тұйық балалар бір топта қалғанның 

өзінде олар басқа топтардан қалыспау үшін әрекет ететін болды. Енді топқа бөлгенде 

өз  қалауларымен  және  сыни  ойлататындай  етіп  бөлуді  қолға  алдым.  Алғашқы  күні 

топқа  бөлуде  сәл  қиындық  туды.  Оқушылармен  мұндай  жұмыс  үнемі 

жүргізілмегендіктен,  алғашқыда  топқа  қалай  бөліну  керектігін  бағдарлай  алмады. 

Дегенмен, кейінгі күндері топқа бөлінуді тез меңгеріп алды және әр күн сайын: «Бүгін 

қалай топқа бөлінер екенбіз?» - деген қызығушылықтарын байқатты. Сонымен қатар 

олардың ынтымақтастығы арта түсті. Мысалы, А.– өте белсенді оқушы, ал Т.– тұйық 

қыз. Олар бұрын мүлдем араласпайтын. Бір күні топқа бөлінгенде ұлдардың арасында 

екеуі қалды. Сабақ соңында А. есімді  оқушының мына сөзін құлағым шалып қалды. 

Ол: «Бұрын Т.-мен араласпайтынмын. Өйткені, ол өз-өзімен жүретін. Бүгін мен Т. -ны 

басқа қырынан таныдым және онымен бір топта болған ұнады» - деген сөзі сыныпта 

ынтымақтастықтың қалыптасуының бір дәлелі деп білемін.  

Және  мен  өзімнің  ойымдағы  жауап  болмаса,  «дұрыс  емес,  тағы  кім  айтады?» 

деген сияқты сөздермен оқушыға ойлануға мүмкіндік бермей шектеп келіппін. Содан 

қате  жауап  беруден  қысылмайтындай  жағдайға  жеткізу  үшін  еркіндік  беріп,  сыни 

ойлана алатын ашық  сұрақтар қою арқылы өзім де сыни ойлана алуға бет бұрдым.  

Әр тапсырманы оқушыны сыни ойландыратындай етіп құруды жоспарыма енгіздім. Әр 

сабақтың  тақырыбын  өздеріне  анықтататын  болдым  және  оның  сыни 

ойландыратындай болуын көздедім. Мысалы, бірінші сабағымда «ABC» стратегиясы 

арқылы  ой  шақырып  «Жануарлар  туралы  не  білесіңдер?»  сұрағын  қойып,  жас 

ерекшеліктеріне сай жауап күттім. 

Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану – заман 

талабы.  Осыған  байланысты  мен  АКТ-ны  қолдану  арқылы  әр  сабақ  бойынша 

презентациялар  дайындап  және  электрондық  оқулықтағы  тапсырмаларды  орындату 

арқылы  білімдерін  пысықтап  отырдым.  Және  интербелсенді  тақтаның  көмегімен 

оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ребус,  сөзжұмбақ  шешкіздім 

және  жауаптарын  өздеріне  жаздырттым.    Интербелсенді  тақтадан      тақырыпқа 

байланысты суреттер көрсетіп, «Бұл суреттер немен байланысты деп ойлайсыңдар?», 

«Не  үшін  қажет?»  деген  сауалдарды  қойдым.  Оқушылар    қызығушылық  танытып, 

қойылған  сұрақтарға  жауап  берді  және  олардың  сыни    ойлауларына  мүмкіндік 

жасадым. Осыдан былай мұндай  жұмыстарды жоспарыма жиі енгізу керек деген ой 

түйдім. 

«Оқыту  сияқты  көшбасшылық  та  адамның  тұрақты  дамуға  жетелейтін  негізгі 

қабілеті болып табылады» - деген қағиданың негізіне сүйене отырып, сабақтағы негізгі 

көшбасшы – мұғалім екендігіне көзім жетті. Өйткені ол оқушыларға дұрыс жол сілтеп, 

білім  алуда  бағыт-бағдар  беріп  отырады.  Әр  сабағымда  тапсырмаларды  орындауда 

менің бағыттағаным бойынша әрі қарай алып кетіп, жұмыстың жүйелі жүруіне ықпал 

етіп отырған сыныптағы көшбасшылар анықталып отырды. Әдетте, ұстаздар арасында 

тек  жақсы  оқитын  оқушылар  ғана  көшбасшы  бола    алады  деген  пікірлер  кездесіп 

жататын  еді.    Мысалы,  мен  әсіресе,  онша  көп  белсенділік  танытпайтын,  көбінесе 

өзімен-өзі отырғанды  ұнататын Д. есімді оқушыны бақылағанымда ол топқа қосылып, 

қызығушылықпен жұмыс жасай бастағанын байқадым. Топтық жұмыстарды қорғауда 

Д.  белсенділік  танытып  отыратын  болды.  Постер  құру  жұмысына  белсене  араласты 

және  топ  спикері  ретінде  сыныптың  алдына  шығып  постерді  қорғап  берді.  Үлгерімі 

орташа,  көп  сөйлемейтін  оқушы  болса  да,  осы  тұста  ол  көшбасшылық  таныта  білді 

және оның өзіне деген сенімділігі арта түсті. Сондықтан мұғалім дұрыс бағыттай білсе, 


380 

оқушылардың сенімді ақтайтынына көзім жетті. Бұрынғы сабақтарымда менде көбіне 

оқушыларға  сенімсіздік  басым  болғанын  түсіндім.  Оның  себебі,  мен  сабақтағы 

көшбасшылықтың рөлін  толығымен  өзіме алғандықтан болар  деп  ойлаймын.  Демек, 

жауапкершілікті оқушыларға көбірек артқан сайын олардың өздеріне деген сенімділігі 

ұлғайып, жеке тұлға ретінде танылады деп ойлаймын. 

Бұрынғы  сабақтарымда  талантты  және  дарынды  балалар  мен  үшін  жақсы 

оқитын,  тапсырманы  тез  шешетін  балалар  деп  ойлайтынымды  осы  курсты  оқу 

нәтижесінде  түсіндім.  Әрине,  ондай  балалар  сыныпта  баршылық.  Алдыңғы 

сабақтарымда  да  талантты,  қабілетті  балалар  танылып  жататын  еді.  Дегенмен,  мен 

оларға  мән  беріп,  оларды  зерттеп,  әрі  қарай  дамытуға  әрекет  етпеппін.  Мысалы, 

«Жануарларға  да  ауа  керек»  тақырыбында  оқушыларды  «балықтар»,  «жануарлар», 

«жәндіктер»,  «құстар»  деп  топқа  бөліп,  бір  сәтке  өздерін  осылардың  кейпіне  еніп, 

ауаның қажеттілігін өз қалауларынша жеткізуге шығармашылық тапсырмалар бердім. 

Ж.есімді  оқушы  балықтың  рөліне  еніп,  өлең  шығарған  кезінде  оқушыға  еркіндік, 

өздеріне  таңдау  жасауға  мүмкіндік бермей  келгенімді байқадым. (2-сурет) Ж.  есімді 

оқушымен  сөйлескенімде,  ол  бұрыннан  өлең  шығаратынын,  бірақ  оның  қажеттілігі 

болмаған  соң  маған  айтпай  келгенін  жеткізді.  Келесі  күні  шығарған  өлеңдерін  алып 

келуін өтіндім. Шығармашылық  сайыстар болған кездерде сыныптан өлең шығаратын 

оқушы  жоқ  деп,  қатыспайтын  едік.  Ж.  есімді  оқушының  мұндай  қабілетін  байқап, 

өзінің шығарған өлеңдерін оқығаннан кейін Ж.-ны келешекте сайыстарға  қатыстыру 

керек  деп  шештім.  Негізі  ол  көп  үндемейтін,  «ішімдегіні  тап»  деп  отыратын  оқушы 

болатын. Сайыстарға қатыстырсам, кейін оның ашылып, өзіне сенімділігі артатынын, 

сабаққа  қызығушылығының  басым  болатынына  сенімдімін.  Осы  жерде  Эйр  мен 

Лоюдың «Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің 

мұғалімдері  өздерін  «дарынды  бақылаушылар»  ретінде  көрсетуге  тиіс»деген  сөздері 

еске түседі. 

Мен  тәжірибе  басында  «Сабақтан  алған  бағаларыңа  көңілің  тола  ма?»  деген 

сұраққа  оқушылардың  35%-ы  «кейде»  деген  жауап  берді,  осы  арқылы  бұрынғы 

сабақтарымдағы  бағалау  мен  бірінші  «Бетпе-бет»  кезеңінде  тренерлеріміз  үйреткен 

критерии бойынша бағалау екеуінің айырмашылығы үлкен екенін байқадым. Әрине, 

бастапқыда  критерии  бойынша  бағалау  мүмкін  емес  деп  ойлайтынмын.  Өйткені  әр 

сабақ  бойынша  критерии  құру,  оны  түрлендіріп  отыру,  қағаз  бетіне  шығару  көп 

уақытты  алатындықтан  осы  пікірге  келісе  алмаған  болатынмын.  Бірақ,  тәжірибеде 

жүзеге  асыру  барысында  ол  пікірімнің  теріс  екенін  байқадым.  Себебі,  оқушылар 

нақтыланған  критериилер  арқылы  өзін-өзі  бағалауда  еш    наразылық  тудырмай, 

сабақтағы өз білімдерін әділ бағалауға үйренді. (3-сурет) Оқушының өзін әділ бағалай 

алуы менің тәжірибемде болып жатқан өзгеріс деп айта аламын.  

          Бұрын  дәстүрлі  сабақ  барысында  сабаққа  белсенді  қатыспайтын  оқушылардың 

топтық,  жұптық    жұмыстар  барысында  шет  қалмайтыны  мені  қуантты.  Сабақтан 

кейінгі кері байланыста өздерінің сабақтан алған эмоцияларын айтып жеткізе алмай, 

толғаныста  болды.  Кері  байланыс  парағының  мен  үшін  маңызы  өте  зор.  (4-сурет) 

Өйткені,  келесі  сабақты  жоспарлауда  оқушылардың  жазған  әрбір  ұсынысы  құнды. 

Олардың жазғандарын  оқығанымда топқа бөлініп оқу сыныптағы барлық оқушыларға 

ұнайды екен.  

Және  де  жеті    модульдерді  сабағыма  тереңірек  кіргізгеннен  кейін  бұрынғы 

дәстүрлі сабақтар мен қазіргі сабақтардың арасында талай айырмашылық бар екенін 

байқадым. Оны  зерттеу сабақтарынан кейін оқушылардан алынған сауалнамадан да 



381 

аңғардым.  Олар  «Дүниетану  пәні  ұнай  ма?»  деген  сауалға  түгелі  «Иә»  деп  берген 

жауаптарынан көруге болады.  

         Сонымен, менде қандай өзгерістер болды?  

«Оқытуды  тәжірибесіз  жүргізу  нәтижесіз  болуы  ғажап  емес,  ал  тәжірибені  оқусыз 

жүргізу - қауіпті» - деп Конфуциий айтқандай, бұрын оқушылардың менің пікіріммен 

санасуын көп талап етсем, енді оқушылардың әр пікірі мен үшін құнды. Оқушылардың 

өз  беттерінше  білім  алуын  ұйымдастыруды,  оқушылар  тақырыпты  қаншалықты 

меңгеріп  жатқандығын  бақылау  арқылы  өзімнің  бағыт  беруші  бола  алатынымды 

түсіндім.  Сонымен  қатар,  білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдерді  сабақ 

барысында  пайдалануды  және  диалогке  құрылған  әңгіме  жүргізуді,  сыни  тұрғыдан 

ойлауға  арналған  тапсырмалар    ұсынуды,  таланты  мен  дарынын  көрсететін 

тапсырмаларды ұйымдастыруды, білім беруде көшбасшылықты анықтауды  үйрендім. 

Ең  бастысы,  оң  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  әр  оқушының  оқуын  зерттеу  –  менің 

бойымдағы өзгерістің бастамасы деп есептеймін. 

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, 

Білімдік бар биікке шығар саты. 

Еңалғашбасталады осы адамнан, 

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... 

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайдым әңгі бақи беріп төрін, -деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемісыйлы, 

қадірлі,  сүйіктіболып,  шәкірттеріміздібілімнәріменсусындатып,  белестерге  жете 

берейік.  

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей



2.

Педагогикалық  технология  ұғымының  мәні  мен  әдіснамалық  сипаттамасы.

//Бастауыш мектеп. 2009. - №8,9. 

САБАҚТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

 Каженова Алтынай   Кажмұхамбетовна

       қазақ тілі пәні мұғалімі 

       Атбасар қаласы Ақмола обласы 

«№ 2 орта мектеп КММ» 



«

Мен тыңдасам-ұмытамын, 

көрсем- есте сақтаймын, 

оны қолдансам-игеремін»

    Шығыс даналығы 

Біздің  уақыт-  бұл өзгеріс  уақыты. Қоғам  жоғары  кәсіби деңгейлі адамдар мен 

дәстүрлі емес шешімдерді қолдана алатын, іскерлік қасиетімен, шығармашыль ойлай 

алатын  адамдармен  қызығушылықпен  қарауда.  Инновациялық  технология  оқу 

процесін әсерлі көтеруге мүмкіндік береді.Қытай халық даналығында былай айтылған: 

«Мен тыңдасам-ұмытамын, көрсем- есте сақтаймын, оны қолдансам-игеремін». 

Инновациялық  білімінде  педагогикалық  технологияны  жетілдіру  процесі 

түсінігі,  әдістердің,  оқу  жүйесі  мен  тәсілдері  бар.  Қазіргі  кезде  инновациялық 



382 

педагогикалық  қызметі  кез  келген  оқу  мекемесінде  білім  белгілі  бір  маңызды 

компонент  болып  саналады.  Бұл  бекер  емес.  Аталған  инновациялық  технология 

қызметі  бәсекеге  қабілетті  тудыруға  негіз  болады,  педагогтың  кәсіби  өсу  бағытын 

анықтайды.  

Менің  мақсатым,  мұғалім  ретінде,  оқу  қызметін  инновациялық  технологияны 

қолдана  отырып,  оқушылардың  нәтижесін ізденіс  арқылы  құрастыру.  Заманауи  оқу 

мекемесінің  даму  кезеңінде  мектеп  түлектерінің  компьютер  технологиясын  игерген, 

ғылым мен техниканың жетілу және жоғары деңгейде дамуы маңызды рөл атқарады.  

Осы технологияларды қолдану қазақ тілін оқытуда проблемаларды шешу жолдары мен 

амалдары  оқушылардың  танымдылық  белсенділігін  арттырады,  ойлау  қызметін 

жетілдіреді. Оқу процесінде инновациялық технологияның ерекшелігі - оқушы қызмет 

орталығы  болып,  жеке  қабілеттері  мен  қызығушылықтары,  таным  процесін 

құрастырады. Мұғалім мен оқушы арасында «субъект-субъективті» қатынас орнайды. 

Мұғалім  көмекші  консультант  ретінде,  тапқан  нақты  жұмыстарын  мадақтайтын, 

белсенділігін анықтайтын рөлін атқарады.  



Мақсаты: оқу процесінің әсерлігін көтеру заманауи әдіс арқылы қолдану, оқу 

қызметін  ұйымдастыру,  кәсіби  деңгейлік  пен  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігін 

жетілдіру.  

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз ету: 

Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу.  

Қазақ тілін оқыту процесінде оқушылардың танымдық қызметін активтендіру. 

Әдістемелік  сараптамасын  құрастыру,  инновацияны  жүзеге  асыруда  дидактикалық 

материалдарын жинақтау. 

Оқушыларда  қимыл-қозғалыс  пен  ойлау  қабілеттерін,  оқыту,  талқылау,ойлауын 

дамыту.  Бақылау жұмыстары мен көрнекілікпен көптеген проблемаларды шешу.  

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өз  жолдауында  «Біздің  болашаққа  барар  жолымыз 

қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға  байланысты»  деп 

бүгінгі таңдағы білім мен ғылым саласындағы жасалатын және атқарылатын шараларға 

кеңінен  тоқталып  өтті.  ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  қатарына  кіру  үшін  –  белсенді, 

білімді және денсаулығы мықты азаматтар қажет екендігін басты назарда ұстап, осы 

бағытта бірнеше жұмыстар жоспарын ұсынды.  

Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ауқымды жұмыс 

жасау  үшін  және  жас  буын  деңгейін  дамыту  сатысында  2020  жылға  қарай 

Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз 

қамту  жоспарланып  отырғанын  елбасымыз  атап  көрсетіп  өтті.  «Сондықтан  оларға 

заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту әдістемелерін, білікті мамандар  ұсыну маңызды. 

Қазіргі  қоғамда  өмірді  терең  түсінетін,  заман  талабына  сай  дамыған  азамат 

қалыптастыруда мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің мәні зор. Жас балғын ұрпаққа 

тәрбие  беріп,  оларды  өмірге  белсенді  етіп  шығаруда  атқаратын  жұмыстарды  жүзеге 

асыру білікті тәрбиешінің қолында. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша 

жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-

тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-

педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан 

бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет 

үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға  икемді,  шығармашыл  педагог-зерттеуші,  ойшыл 

тәрбиеші болуын қажет етеді. 

Нәтижеге  бағыттала  отырып,  баланың  белсенділігін  арттыру  үшін,  әрбір 

тәрбиеші  оқу  мен  оқытудың  тиімді  интербелсенді  әдістерін  қолдануы 


383 

қажет.Интербелсенді  оқу/оқыту-әрекетпен  және  әрекет  арқылы  оқу/оқыту.  Бұл 

ұстанымды  ұстанған  әрбір  тәрбиеші  қомақты  нәтижелерге  қол  жеткізетін  ең  тиімді 

тәсіл болып  табылады, яғни адамның  жадында  бірінші  мезетте тек өзінің әрекеттері 

мен қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне  қытай ғұламасы Конфуций былай 

деген  екен;  «Маған  айтып  берсең-ұмытып  қаламын,  көрсетсең  –  есте  сақтармын,  ал 

өзіме  жасатсаң-үйренемін!».  Осы  ұстанымды  қолдай  отырып,  интербелсенді  оқуда 

үйренуші  өз  іс-әрекетінің  белсенділігі  арқылы  негізгі  құралдарын  таниды  және 

меңгереді.  «Интерактив»  сөзі  бізге  ағылшын  тілінің  «interact»  деген  сөзінен  келген. 

«Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. 

Интербелсенді  оқу/оқытуда  әрбір  баланың  өз  іс-әрекеті  басқа  балалармен 

жасаған белсенді қарым-қатынасы оның таным деңгейін арттырады. 

 Интербелсенді оқуда балалар мынадай қабілеттерге ие бола алады: 

 



Терең ойлану арқылы қабілеттерін дамыту; (ойлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану мен 

түйсіну); 

 

Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; 



 

Ақпаратты жан-жақты талдау; 



 

Өздігімен жаңа білім мен түсінік құрастыру; 



 

Оқу/үйрену барысында жек басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, 



белсенді өмірлік позиция ұстану; 

 



Басқа балама пікірлерді ескеру, олармен санасу;  

 



Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу

 



Ортақ жұмысқа жұмыла білу; 

 



Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу. 

Осы  белгілер  бойынша  мектепке  дейінгі  балалардың  қабілеттерін  дамытуға, 

белсенділігін  арттыруға  және  ең  жақсы  түсініктемені  саралауға,  дәлелдер  келтіруге, 

ойын  еркін  жеткізуге  жағдай  жасап  отыруға  болады.  Балалар  ойлау  қабілеттері 

негізінде  жұптасып,  топтасып  әрекет  етуде  шығармашылық  ізденістерін  дамытады. 

Өздерінің келтірген деректері, мысалдары, дәлелдемелері арқылы оқушының ой өрісі 

өседі, сөздік қоры молаяды, өзін-өзі бағалау дәрежесіне дейін жетеді. 

Интерактивті  оқытудың  басты  мақсаты  –  оқушыларды  өз  бетінше  ой  қорытып, 

жауап табуға үйрету. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне 

сенімсіздеу  оқушыларға пайдасы зор. Ал  мұғалімнің  міндеті  –  оқушының  неғұрлым 

белсенділік  танытуына  жағдай  жасау,  қажет  кезде  жол  көрсету  болып  табылады. 

Мұнда  мұғалімнің  шығармашылықпен  жұмыс  істеуі  үлкен  рөл  атқарады.  Өз 

сабақтарым интерактивті әдісті сабақ барысында диалог тәсілі көмегімен және топқа 

бөлу жұмысына негізделген. Нәтижесі жинақталған білімін сыртта пайдалана алады. 

Интерактивті  әдістің  ерекшелігі  -  оқушыға  жаттанды  білім  беру  емес,  керсінше  әр 

оқушының  танымдылық  қабілеттерін  және  танымдық  үдерістерді,  яғни  қойылған 

сұраққа бірнеше нұсқалы жауап беру, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін, сөздің 

қорын белсенді түрде дамыту болып табылады. 

Интербелсенді технологияның тиімділігі. 

Бүгін әлемдік деңгейдегі білім беру - қазіргі білім берудегі басты  бағыт. Яғни, 

оқытудағы  білім  алушыны  жеке  тұлға  болып  қалыптастыру,  оқытудың  заманауи 

әдістерін қолдану арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны жетілдіру, тұлғааралық қарым-

қатынастарға бейімдеу болып табылады.  

Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің 

де  өзіндік  жеке  тұлға  ретінде  шығармашылығының  орны  ерекше.  Инновациялық 


384 

технологияларды пайдалану  бүгінде  сапалы білім беру  негізгі  шарттын  бірі. Ал  осы 

басты  міндеті  атқаруда  әрбір  ұстаздың  бойында  мынадай  проблема  бірден 

қалыптасады:  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін,  оқу  процесінде  жүретін  (есту, 

көру және  т.б.) негізгі әрекеттерін  дамыту бүгінде   заман сұранысына сай қолданып 

жүрген  әдіс-тәсілдердің  аздығы.  Осы  проблеманы  шешу  үшін  тиімді  жолдарды 

қарастыру  қажет.  Оны  шешу  үшін  білім  берудің  мазмұнын  жаңартып,  озық  әдіс-

тәсілдерді  өндеп  шығару  қажет.  Сол  себептен,  өткен  жылдан  бастап,  республика 

бойынша  заманауи  талапқа  сай  қазақстандық  педогог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыру  курсы  бойынша    көп  деңгейлік  курстар  ұйымдастырылды.  Бұл  курстар 

Кембридж    тәсілінің  теориялық  негіздеріне  орай  өтті.  Бағдарлама  мазмұнына 

сәйкес    тұлғаны  жан-жақты  білімді,  ізденімпаз,  ойы  ұшқыр,  саналы,  зерек, 

жауапкершілігі  зор,  қоғам  талаптарын  қанағаттандыратындай  етіп  қалыптастыру  ең 

маңызды мәселелердің бірі болып отыр.  

Бағдарламаның мазмұның орындауда инновациялық технологиялардың ішінен 

«Білім беру барысындағы интерактивті әдісті» өз тәжірибемде  қолдануды  жөн    деп 

санадым.  

Интерактивті  әдістерде  басты  назарды  “процеске”,  яғни    үйрену  процесінің 

өзіне, 

шәкірттердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет