Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет55/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61

Список литературы

1.Камиеский В.Ю. Использование образовательных технологий в учебном процессе

Научно-практический журнал «Завуч» № 11 2005 г 

2.Стадник М.В. Использование медиауроков для развития мышления младших

школьников Образовательный портал «Сеть творческих учителей» 2008 г 

3. Примерные образовательные программы начального образования. Астана 2010.

4. Зимняя И. А. «Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования

»2003 г. 

5. Руководство для учителя /Образовательная программа курсов повышения

квалификации педагогических кадров по предметам начальных классов в школах с 

русским языком обучения в рамках обновления содержания среднего образования 

Республики Казахстан/ 2015- 2016 г 



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ 

  Байшураева Сана Энбекқызы, 

Зеренді ауданы, 

Березняковка орта мектебі 

«…Ұлттың бәсекелестік қабілеті, 

алдымен, оның білім деңгейімен анықталады» 

Н.Ә. Назарбаев 

Сыни ойлау- оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап салыстыра 

талдау  жасап,  көзқарасын  білдіру,  өзіндік    менін  қалыптастыру  және  өз  ойын 

тұжырымды жеткізе білу. Жалпы сыни ойлау- оқушыларды терең ойлауға жетелейді. 

Ал  терең  ойлау  арқылы  бала  біраз  нәрсеге  қол  жеткізе  алады.[1]  Оқушының  сыни 

ойлауын  дамыту  ұстаз  үшін  оңай  жұмыс  емес.    Бұл  тұрғыда  жұмыс  жасау  үшін 

ұстаздың өзі сыни тұрғыдан  жоғары деңгейде ойлай отырып,  әр сабаққа жан-жақты 

дайындықпен қарағаны дұрыс деп ойлаймын.   

          Өзім  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  болғандықтан,  сыни  тұрғыдан 

ойлауды дамыту- мен үшін өте қолайлы үдерістің бірі. Өйткені мектептегі оқу-тәрбие 

жұмысында ең негізгі пәндердің бірі- тіл мен әдебиет. Әсіресе, әдебиет сабағында білім 

мен тәрбие беру қатар жүруге тиісті. Сонымен қатар,  аталған пәндерді сыни тұрғыдан 



416 

 

оқытуға  жетелеу  арқылы    ұлттық  құндылықтарға  негізделген  күрделі  мәселелерді 



шешуге аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық туғызамыз. 

Әйгілі  зерттеуші  Л.С.  Выготский:  «Дәстүрлі  оқыту  бала  дамуына  тек  қондырғы 



болып,  дамуға  стихиялы  әсер  етсе,  яғни,  дамудың  соңында  жүрсе,  жаңаша  оқыту 

дамытуды өзімен бірге ала жүреді» деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен 

шектеліп  қалмай,  мұғалім  әрқашан  ізденісте  болып,  өзіне  және  шәкірттеріне  тиімді, 

табысты жақтарын қарастырып отыруы тиіс. [2] 

   Алдымдағы  оқушылардың  қабілеті  қандай,  олар  не  істей  алады,  қандай  

тапсырмаларға  шамасы  келеді?  Қайтсем  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырамын? 

деген  сауал    төңірегінде  ойланып,    жоспарды    жасау  кезінде  сабақ  құрылымының 

қызықты  болуына мән бере отырып жұмыс жүргізудемін.  Ұтымды әдістерді қолдану 

арқылы ғана оқушының білімге деген ынтасын ұштауға болады. Инновациялық әдіс- 

тәсілді    ұтымды  пайдаланудың  нәтижесінде    оқушыларымның  сыни  ойлау  дәрежесі 

артты,  әсіресе  әдебиет  пәні  бойынша  түрлі  тақырыпта  жазылған  көлемді 

туындылардың  түйінді  идеяларын  өздігінен  меңгеріп,  шеше  алып,    терең,    дербес 

ойланып,  өз  көзқарасын  дәлелдей  алатын  білім  көрсете  бастады.      Осы  жолдағы 

қиыншылықтарды  шешуде  «ЖИГСО»  «Ойлаудың  алты  қалпағы»,  «Еркін  жазу», 

«Синкуейн», «Фижбон» т.б.әдістер көп көмегін тигізуде. Шәкірттер өздеріне берілген 

тапсырмаларға  жауапкершілікпен  қарап,  басқа  топ  мүшелеріне  жете  түсіндіру  үшін 

сурет те салып, сахналық көріністер де қойып, ән де айтады және сабақтың бұл кезеңі 

оқушыларды  бей-жай  қалдырмайды.  Сонымен  қатар,  оқушының  еркін  ойлауына, 

дәлелдер  келтіруіне  сабақ  барысында    қолайлы  жағдай  жасаймын.  «Сиқырлы 

сұрақтар»    стратегиясы    арқылы  жаңа  білімді  алуда  өз  қажетін  анықтау  және 

тақырыпты  меңгеруде  өз  жоспарын  құруға,  «Кең  ауқымды  дәріс»  әдісі  арқылы  

тақырыпты  сыни  тұрғыдан  тыңдап,  қорытынды  жасай  алуға,  «Шебер  жазушылық» 

әдісі ұсынылған мәселеге шығармашылық тұрғыда келу және өз көзқарасы тұрғысынан 

толғана білуге жетелейтін тамаша әдістерді сабақтарымда тиімді пайдаланып жүрмін. 

Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау- ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық 

техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану деген 

уақытта сыни ойлау- белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап, оларды қайта 

ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын 

күрделі  психологиялық  үрдіс»  екенін  атап  көрсеткен.  

[3] 

      Сыни деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары 



сынып  оқушыларына  ғана  тән  деп  ойлау  дұрыс  емес. 

Жас  жеткіншектердің  де  бұл  жұмысты  дұрыс 

ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы 

шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жететініне  өз 

тәжірибемде куә болып жүрмін. Осы тұрғыдан келгенде  

өзім  сабақ  беретін  7-  сыныптың  қазақ  әдебиеті 

сабағында  бағдарламада  ұсынылған  әрбір  тақырыпқа 

сыни  көзбен  қарай  отырып,  оқушыларды  шыңдалған 

ойлауға бағыттау басты мақсатым болды. 


417 

 

        Ұлы Абай атамыздың барлық өлеңдерінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын 



дамытуға көзделген өлең жолдары жетерлік. Соның бірі «Қараңғы түнде тау қалғып» 

деген  шағын  ғана  аударма  өлеңін  оқытуда-  ақын  аталарын    шебер  аудармашылық 

қырынан  таныта  отырып,  оқушыларымның  сыни ойлау қабілеттерін  арттыру болды. 

Алдымен  «Егемен Қазақстан» газетінде  жарияланған   «Абай  шебер  аударшы»  атты 

мақаланы  «Дөңгелек  үстел»  стратегиясы  арқылы  топпен  оқып,  әңгімелесе  отырып 

талдауға    бердім.  Мақаланы  оқи  отырып,  сұрақты  шешуге  әрекеттенді.      Әсіресе, 

Абайдың шебер аудармашы болғандығын және орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің, 

М.Ю.  Лермонтовтың,  Грибоедовтың  өлеңдерін  өз  ана  тілінде  сөйлеткен    қазақтың 

алғашқы  аудармашысы    болғанын,  қай  жылдан  аудармамен  айналысқанын  еш 

мұғалімнің түсіндіруінсіз кезекпен жарыса айтып  беруі,    оқушымның  да  мақаланы 

түсініп  оқығаны,  өлеңнің  неміс  ақыны  Гетенікі  екенін,  орысшаға  Лермонтовтың,  ал 

Лермонтовтан Абай аударғанын сыни көзқараспен айтуларына тәнті болдым. «Автор 

орындығы»      әдісін  қолдану  арқылы  оқушылардың  ақындық  өнерін  сынап  көрдім.  

Абай 


аудармасының 

алғашқы 


тармағын 

 

пайдалана 



отырып, 

жалғастырттым.Оқушымның:  



Қараңғы түнде тау қалғып, 

Жұлдыздар тұр жымыңдап. 

Үкі отыр ағашта, 

Екі көзі жылтырап, 

Ай сәулесі аспанда, 

Аймалайды    жер  бетін,-  деген  шумақтары  сәтті  шыққанын  байқадым.  Әрине,  өлең 

құрылысында кемшіліктер бар, алайда оқушының жас ерекшелігін ескеретін болсам, 

алғашқы тармақтың мазмұнына сай өз ой ұшқырлығымен жалғастыруы жетінші сынып 

оқушысы үшін жарап жатыр деп ойлаймын. Сыни ойлауға жетелеуде орташа деңгейлі 

шәкірттерімнің  эссе  жазу  шеберлігі  арта  түсті.  Мысалы,  бір  оқушым:  «Ақынның 

өлеңдері,  аудармалары,  әдебиетімізге  мән  беріп,  сән  беріп  тұр,    өлеңдері  халқымен 

мәңгі жасайды» деген түйінді ойын шағын ғана эсседе шебер  жеткізе білсе,   «Абай 

атаға хат» жазу жұмысында  өзінің бала арманына ерік беріп,  ақынмен   хат арқылы 

тілдесуі  оқушы  ойлауының  жоғары  сатыға  көтерілгенін  байқата  білді.    Балалар, 

қазақтың  ұлы  ақынының  аудармашы  ретіндегі  өлшеусіз  еңбегіне  қандай  баға  берер 

едіңдер?  деген  сауалға  күтпеген  жауаптар  алдым.  «Абай  атамыз  шебер  аудармашы 

болған. Ешқандай жоғары білімі жоқ, оның үстіне қазақ елі орыс халқын енді танып 

жатқан  19  ғасырда  Абай  атам  орыс  тіліндегі  өлеңдерді  өз  ана  тілінде  сөйлетуі  

ұрпағы үшін мақтаныш. Кез-келген аударма өлеңдерін түпнұсқаға  жақын аударған, 


418 

 

сол  себепті  оның    аударма  өлеңдерін    әлем  бойынша  әдебиет  сыншылары  жоғары 



бағалайды», деген  жауабы  таң қалдырды.    

      Абайдың  жиырма  тоғызыншы  қара  сөзіне  арналған  сабақта  тақырыпты  жалпы 

топта  талдау  ұсынылды.    Осы  арқылы  топтық  жұмыста  оқушылардың  белсенділігін  

зерттеуге  назар  аудардым.    Алдыңғы  сабақтарға  қарағанда  оқушылардың  топтық 

жұмысқа біршама төселгені байқалды.  

 «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақалды интербелсенді тақтаға 

жазып қойдым да,  оқыттым,  «Болжам» стратегиясы арқылы  білімге құштарлықтарын 

дамыта  отырып,  мақалға  деген  сыни  көзқарастарын  біліп  алдым.  Мақалды    оқып, 

танымы    кең  оқушылар  бірден:  «Мұғалім,  бұл  мақалды  кім  шығарған?      Өзіне  өмір 

берген ата-анадан малын қалай тәтті дейді» деп бір-біріне үрпие қарады. Енді осы 

мақал  жайында  Абай  аталарың  не  дейді  екен?  деп  жиырма  тоғызыншы  қара  сөзді  

топпен  оқытып,  оқушылар  өз  ойларының  ақын  ойымен  дәл  келгендігін  және 

аталарымен  келісетінін  сыни тұрғыда  талдап  берді.  Мақал  төңірегінде  өзім  мындай  

проблемалық  сауалдар  қойдым:  «Ата-анасынан  малын  тәтті»  деп  жүргендердің  әке-

шешелері  қазіргі  қоғамда  қандай  күй  кешіп  жүр?  Қарттар  үйіндегі  қариялардың 

балалары  бола  тұрса  да  неге  сол  жерді  паналауға  мәжбүр?    Бұған  кім  кінәлі?  деген 

сұрақтарға  оқушылар жарыса отырып, сыни ойлана отырып жауап беруілеріне риза 

болдым. Әсіресе Шапағат есімді оқушымның «қарттарымыздың бұндай күйге түсуі- 

қазақи  тәрбиенің  әлсіреуінде,  ертеде  қазақтарда  қарттар  үйі  болмаған,  баласы 

болмаса ағайынының баласын бауырына басып, қартайғанда өзінің мұрагері еткен, ал 

қазір шет елге еліктеп, жат тәрбие санамызды улауда, туған ұлдың Ұлтан боп, туған 

қызының  мыстан болуы еліктеуден келген кесапат екені түсінікті» деп  жазған ой-

толғауына  дән  риза  болдым.  Ұлтан  деп  отырғаны  «Алпамыс  батыр»  жырындағы 

Байбөрінің өгей баласы, ал оқушы болса алтыншы сыныпта өткен жырдағы кейіпкерді 

еске  ала  отырып,  жаңа  тақырыпқа  арқау    етіп,  сыни  тұрғыдан  шебер  жеткізе  білді.  

Бұрын  көбіне  берілген  тақырыпты  оқушыларға  оқытып,  түсінгенін    ғана 

айтқызатынмын.  Сыни  ойлату  арқылы  тақырып  мазмұнын  ашқызу  өзімді  де 

шабыттандырып, оқушыларымды да жігерлендіре түсті.   

 Сыни  ойлауды  дамыту  модулінің  басты 

айырмашлығы- 

білімнің 

дайын 

күйінде 


берілмеуі. Сол арқылы  алдымдағы оқушыларды  

мүлдем  басқа  қырынан  тани  бастадым.  

Сонымен  қоса,  талантты,  дарынды  оқушылар 

анықтала  бастады.  Махмұт  атты  оқушым  көп 

сөйлемейтін,  томаға  тұйық  бала,  ал  қазіргі 

уақытта  кез-келген  көлемді  шығармалардың 

түйінді  идеясын  айтудың  шебері  болып 

алғандай.    Жазушы  Төкен  Әлімқұловтың 

«Жусан  иісі»  және  Оралхан  Бөкейдің  «Тортай 

мінген ақ боз ат» әңгімелерін оқып болған соң, 

екі  әңгімедегі    Аян  мен  Тортайдың    қатал 

тағдырына,  асыл армандарының орындалмауына сұм соғыстың кінәлі екенін айтып, 

қазіргі кезде көп балалар бейбіт заманда өмір сүріп жатса да оқығылары келмей, жаман 

қылықтарға  бой  алдырып,  шоқ  басып,немесе  өмірдің  рахатын  сезінбей  өзіне-өзі  қол 

жұмсауын  тілге  тиек  етіп,  сыни  көзқараспен  айтып  беруі  оқушы  ойының  біршама 

жетілгенін және тақырыпты терең түсініп, өмірмен  байланыстыра отырып дәлелдеуі 

шәкірт  үшін  де,  ұстаз  үшін  де  жетістік  деп  ойлаймын.  Осы  Махмұт  атта  оқушым  


419 

 

аудандық Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған байқауда  жүлделі І орынға қол 



жеткізді.     Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен, оқушының 

өз бетінше білімді игеруі, соның нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке 

тұлғасы қалыптасады. [4] 

 Жыраулар  поэзиясын,  шешендік  сөздер  тақырыбын  алатын  болсақ  және 

М.Жұмабаевтың,  С.  Сейфуллиннің,  А.  Байтұрсыновтың,  М.Әуезовтің,  Ғ. 

Мүсіреповтің, С. Мұқановтың т.б. ақындар мен  жазушылардың туындыларын таныту 

барысында қаншама таным,  қаншама тәрбие бар.  Әр сабақта  әр тақырыптың кілтін 

таба  отырып  оқытып,    өлеңнің  болсын,  көркем  шығарманың  болсын  ғибрат  алатын 

тұстарына  көп  көңіл  бөліп,  сыни  ойлауын  дамытуды  жетілдіріп  отырса,  сол    пәнді 

оқытуда    оқушы  мен  мұғалім    көп  табысқа 

жетеді деп ойлаймын.  

     Сонымен  қоса,  сыни  ойлауды  дамытуда 

шығарма 

мен 


кейіпкерледің, 

белгілі 


тұлғалардың    ұқсастығы  мен  ерекшелігін 

салыстыру үшін  «Венн диаграммасын» қолдану 

тиімді.    Мысалы,  Абай  Құнанбаев  пен  Ахмет 

Байтұрсыновты  салыстыру  барысында    барлық 

оқушылар  топтық  жұмыс  арқылы  бірлескен 

оқуда  сын  тұрғысынан  ойлауға  тартылып,  екі 

ақынның  да  Крыловтан  өлең  аударғанын  және 

аудармашы  болғанын  ұқсастығы  жағынан  дәл 

айтуы өткен білімнің санасында сақталғанының 

айғағы.  Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмаларды да сабақ тақырыбына 

сай жүйелі   пайдалану – шәкірт ойын дамытудың  таптырмас құралы және де мұғалім 

оқушыны  іздендендіре  алатын  зерттеу  тақырыптарын  беруге  болдады.  9-10-сынып 

оқушыларының  сыни  ойлауын  дамытуға  бағыттауда  «Сырым  мен  Малайсары»  атты 

аңыз  әңгімеде  қандай    философиялық  ой  жатыр?    «Абай  қара  сөздеріндегі  адами 

құндылықтар», «Жыраулар поэзиясындағы ел  тағдыры» т.б.   

     Қазақ  тілі  сабағында  «Есімдіктің  түрлерін»  өткеннен  кейін  білімдерін  бекіту 

мақсатында ертегі әлемімен ұштастырып: «Ерте, ерте, ертеде Есімдік деген бай бопты, 

оның жеті ұлы болыпты. Жеті  ұлының мінездері жеті түрлі болыпты...» деп бастап, 

оқушыларға  ұлдарының  есімдеріне  сәйкес  әрқайсысына  мінездеме  берулерін  сұрай 

отырып, анықтама құрастыруға болады. Осы тұста  бір оқушымның әр есімдік түріне 

мінездеме  бере  отырып:  «өздік  есімдігі  өзімшіл  жалғыздықты  жақсы  көреді,  ал  

жалпылау есімдігі қазақтың дархан даласындай пейілі кең» деп мінездеме беруі сыни 

көзқарастан туған ой екенінің дәлелі.  

 Сын  тұрғысынан  ойлау-  бақылау,  тәжірибе,  ой-толғаныс  нәтижесінде  алынған 

ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс. Сыни ойлау-

адам  өмірінің  бір  саласы.  Себебі  бұл  модуль  оқушыларға  көптеген  жолдар  мен 

шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа 

білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. [5]  

 Шығармашылық  жұмыстардың  нәтижесінде    тіл,  әдебиет  сабақтарында    сын 

тұрғысынан ойлау модулін қолданудың тиімділігі   анықталды. 

 

Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды. 



 

Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді. 



 

Сұрақ қойып, сұрақтарды жауап беруге машықтанды. 



 

Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды. 



420 

 



 

Оқушылардың  шығармашылық  белсенділіктері  мен  сын  тұрғысынан  ойлау 

әрекеттері бағаланды. 

Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты 

арттырады, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді. 

Бүгінгі  күні  шәкірттерім  берілген  тапсырмаларға  жіті  көңіл  аудара  отырып,  сыни 

ойланып,  әр  нәрсені  басқа  қырынан  көруге  тырыса  бастады.  Қойылған  сұрақтарға 

ойланып,  толық  жан-жақты  жауап  бере  алатын  болды.  Әсіресе  сөйлеуде  сараңдық 

танытатын оқушылар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтуға дағдыланып келеді. 

Дарынды, талантты оқушыларымның білімдері одан әрі жетіліп, аудандық, облыстық 

деңгейде  өткен  байқауларда  жүлделі  бірінші,  екінші  орындарға  қол  жеткізуде. 

Шығарма,  мақала  жазуға  төселіп  келеді.  Жазған  мақалалары  аудандық  газеттерде 

жарияланып  тұрады,  сол  арқылы  болашақтарына  сеніммен  қарайтын  болды. 

Болашақтарына  сеніммен  қарай  алуға  үйренуі-  менің  тәжірибе  барысында  қол 

жеткізген жетістігім деп білдім.  

 Жаңа  өзгерістің  оқушыларға  әсер  еткеніне  риза  болып,  үш  деңгейлік  курстың  ұстаз 

үшін  де,  оқушы  үшін  де  берер  пайдасы,  әкелер  табысы  мол  екеніне    көзім  жетті. 

Дәстүрлі  сабақтар  барысында  оқушылардың  сыныптағы  оқу  үдерісіне  түгел 

қатыспайтындығы  байқалатын.  Түсінбей  қалған  сабақтардың  көлемі  ұлғайып, 

оқушылардың сабаққа ықыласы болмай, тек сабақтың аяқталғанын   тағатсыз күтетін, 

ал  жаңа  үдерісте қазақ әдебиеті пәніне    деген    қызығушылықтары  артты  «Білімсіз» 

дәрігердің бір қатесі бір адамның өміріне балта шапса, ал «білімсіз»  ұстаз  бірнеше   

адамның  миын  улайды,»-  дегендей, біздер,   ұстаздар, алдымыздағы  әр шәкірттің  

болашағына   жауапкершілікпен  қарап, жаңа  заманға  сай  сындарлы ойлайтын, алған  

білімін    өмірде    тиімді  пайдаланып,  өзіндік  дәлелі,    сенімі  бар,  ынталы,  ұлттық  

құндылықтарды сақтап, өз  ойын  еркін  жеткізе білетін жеке тұлға  тәрбиелесек,  егемен 

еліміздің болашағы нұрлы  болатынын  сеніммен айтуға  болады.  

  

Пайдаланылған  әдебиеттер мен дереккөздер тізімі: 

1.Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  журналы.  Н.  Қадырқұлова    «Жаңаша  оқытуға  жаңаша 

көзқарас» №1 2015 ж. 11-бет 

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 61-бет  

3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы  Жандос Смағұлов «Сыни тұрғыдан оқытудың жеке 

тұлғаны қалыптастырудағы маңызы»№ 9.2014 ж.56-бет 

4.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  журналы.  А.  Залғаринова  «  Бірлескен  оқу  арқылы  сын 

тұрғысынан ойлауды дамытуға бола ма?» № 2. 2015ж. 52-бет 

5.    Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  журналы.  А.Залғаринова  «  Бірлескен  оқу  арқылы  сын 

тұрғысынан ойлауды дамытуға бола ма?» № 2. 2015ж. 52-бет 

 

 



 

 

 



 

 

 



421 

 ТІЛ ТАҒДЫРЫ-ЕЛ ТАҒДЫРЫ, СМАРТ –ТЕХНОЛОГИЯСЫ КӨПТІЛДІ  

БІЛІМ БЕРУДЕ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 

Алькенова Ботагоз Камзовна

Өрлеу»  АҚ БАҰО филиалы 

«Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ» 

мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы, 

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің аға оқытушысы 

Дубровина Инна Геннадьевна

Өрлеу»  АҚ БАҰО филиалы 

«Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ» 

мониторинг және талдау бөлімінің меңгерушісі, 

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің аға  оқытушысы.  

Адиянова Гульзат Каирбековна

Өрлеу»  АҚ БАҰО филиалы 

«Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ» 

мониторинг және талдау бөлімінің маманы. 



«Қазіргі  заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты 

әлемдік стандартқа сай мүдделі  жаңа білім беру өте қажет» 

Н.Ә.Назарбаев. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өз  сөзінде  әрбір 

қазақстандықтың  өміріндегі  үштілділіктің  маңыздылығы  туралы  айтып  көрсетті. 

«Қазақстан  халқы  бүкіл  әлемде  үш  тілді  пайдаланатын  жоғары  білімді  ел  ретінде 

танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі 

және  ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі».    Осыған 

байланысты  тілдерді  оқыту,  бір-бірімен  қатынас  жасау  үшін    ақпараттық  кеңістікті 

кеңейтіп, әлемдік қоғамдастыққа мүше болу жағдайында білім беру саласында елдің 

саяси-экономикалық  даму  деңгейінің  критерийлері  ретінде  адами  ресурстарды 

қалыптастырудағы  рөлі  артып  отырған  кезеңде  білім  беру  жүйесін  жаңа  талаптарға 

бағдарлаудың маңызы зор болып табылады.  

Тілдің  үштұғырлылығы-көпмәдениетті  тұлға  қалыптастырудың  негізі. 

Үштұғырлы тіл бағдарламасының білім беру мекемелерінде  жүзеге асырылуы аясында 

жоғары,  кәсіптік  орта,  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  ынтымақтастығын 

жетілдіру идеясы жатыр. Қазіргі инновациялық үдеріс  ғылым салаларының тоғысуы 

мен  бірігуіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  тың  ғылыми  салалардың  қалыптасуы  мен 

дамуына да әсер етті. Лингвистика ғылымы соңғы жылдары көптеген жаңа бағыттарды 

қамтып, ғылыми-теориялық және практикалық жағынан кең өріс алып, дамып келеді. 

Мұндай  бағыттар  қазіргі  өмір  талабы  мен  уақыт  сұранысына  сәйкес  пайда  болып 

отырғаны белгілі. Бұған дейін біз бір тілге көңіл аударып келсек, қазір заман талабына 

сай  жаңа  салаға,  жаңа  бағытқа  -  когнитивтік  лингвистикаға  айрықша  көңіл  аударып 

келеміз.  Бұл  сала  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерін  жарыстыра  отырып,  бір-бірімен 

салыстыра,  жалғастыра  отырып  үйрету  принципіне  негізделген.  Көптілділік  біздің 

қоғам үшін Елбасының «үш тұғырлы тіл» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім.  

Қазіргі заман талабы - көптілді оқыту және көптілді меңгерген маман дайындау. Бұл 


422 

бағыт  бойынша  да  жұмыстар  басталып,  жүргізілуде.  Қазақ  тілі  -  ұлтымыздың  рухы, 

рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру 

жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеті  -  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 

жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологиясы  мен 

инновациялық  әдіс-тәсілдерді  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 

ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»,  -  деп  білім  беру  жүйесін  одан  әрі 

дамыту  міндеттері  атап  көрсетілген.  Аталған  міндетттерді  жүзеге  асыру  үшін 

оқытудың  заманауи  технологияларын  енгізу  арқылы  және  оларды  тиімді  пайдалану 

секілді  мәселелерді  анықтап  алу,  білім  беру  жүйесіндегі  басты  ұстаным  ретінде 

әркімнің  өзінің  білім  алуға  деген  жеке  әлеуетін  қоғамда  барынша  пайдалануға 

көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.  

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  «Біздің 

болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер үшін кадрлар 

қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық 

қабілетін  дамыту,  заманауи  технологияны  тиімді  пайдалану  мәдениетіне  тәрбиелеу- 

педагогтердің  басты  міндетінің  бірі  болып  отыр.  «Өмір  бойы  білім  алу»  идеясын 

жүзеге  асыру.  Адам  баласының  өмірі  ғылыми  тілмен  айтсақ    институт,  әр  адам 

қажеттілігіне қарай өзін-өзі жетілдіріп отырады. Бүгінгі күні біздің  мүмкіндіктеріміз 

өсіп, қашықтықтан біліктілік арттыру курстарын өткізіп жүрміз, ол аса өзекті мәселе. 

Себебі  бұл  мұғалімнің  негізгі жұмысынан қол үзбей-ақ білімін арттыруға  мүмкіндік 

береді. Қашықтықтан оқытуды кеңінен алып қарастыратын болсақ, оның негізінде ХХІ 

ғасырдың  жаңа  парадигмасы,  басымдығы  ретінде  танылған  Smart  education  жатыр. 

«Smart»  ағылшын  тілінен  аударғанда  «ақылды»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ал 

технологиялық  сипатта  да  осы  мағынада  жұмсалады.  Яғни,  ақылды  технология, 

ақылды  техника,  пайдалануға  ыңғайлы,  мейлінше  ықшам,  көп  функциялы 

құрылғыларды  атайды.  Ал  педагогикалық  үдеріс  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ, 

оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген 

ортада  оқыту  деген  мағынада  жұмсалады.  Оны  нақты  қарастырып,тәжірибеде 

қолданып жүрміз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет