2-я группа
1-я группа
3
2
остатка
12
7
часть
3-я часть
250 м
2
392
«Неизвестна площадь катка».
«В чём состоит условие задачи?»
«Сумма площадей всех частей катка, которые расчистили все три группы, равна
площади всего катка».
«Как можно обозначить неизвестную величину?»
«Обозначим её через Х».
II ЭТАП.
«Что неизвестно?»
«Неизвестна площадь катка».
«Как найти площадь катка?»
«Нужно длину умножить на ширину».
«А обязательно ли нам знать длину и ширину, чтобы узнать площадь?»
«Не знаю, наверно, нет».
«А что достаточно знать для нахождения неизвестной площади?»
«Может площади каждой из частей, расчищенных группами».
«Можем ли мы сейчас найти площадь части катка, очищенной первой группой?»
«Найти не можем, а выразить можно: так как сказано, что
12
7
от всего катка, то можно
записать
12
7
*Х».
«По какому правилу можно выполнить такое действие?»
«По правилу нахождения дроби от числа. Чтобы найти дробь от числа, надо дробь
умножить на это число».
«Выразим часть катка, очищенную второй группой»
«Вторая группа очистила
3
2
от остатка».
«Как найти ту часть, что осталось очистить после первой группы?»
«Всего было Х, расчистили
12
7
Х , значит остаток выражается так: Х -
12
7
Х=
12
5
Х .
Тогда вторая группа очистила
3
2
*
12
5
Х ».
«Как теперь мы можем найти площадь?»
«Надо сложить все три участка и получим Х. Уравнение будет таким:
12
7
Х+
3
2
*
12
5
Х+250=Х».
«Можем ли мы решать такие уравнения в 6 классе?»
«Нет».
«Значит надо искать другой путь решения задачи.
Решали мы такие или подобные задачи раньше?»
«Нет, не решали».
«А встречали мы задачи, у которых было подобное условие?»
«Да, например, в корзине было несколько яблок, когда из неё достали 7 яблок, то в
корзине осталось 12 яблок. Сколько яблок было в корзине?».
«Верно. Как мы решали такую задачу?»
«Составляли уравнение: Х- было яблок всего в корзине. Уравнение Х-7=12».
«Правильно. Применяем такой же принцип решения».
393
«Я понял. Получится уравнение: Х -
12
7
Х -
3
2
*
12
5
Х=250».
«Запишем краткую запись и уравнение в тетрадь».
III ЭТАП
«Решаем уравнение. В левой части уравнения можно сократить дробь на 2, получим
следующее уравнение: Х -
12
7
Х -
18
5
Х=250».
«Верно».
«В левой части уравнения стоят выражения с одинаковой буквенной частью, значит
можно с числами, стоящими перед буквами выполнить действия, а потом приписать
букву».
«Правильно, но у дробей разные знаменатели. Как поступить в этом случае?»
«Надо привести дроби к общему знаменателю. Общий знаменатель равен 36, получим
250
*
)
36
10
36
21
36
36
(
Х
».
«Как вычисть дроби с одинаковым знаменателем?»
«Надо вычисть числители, а знаменатель переписать. Получим уравнение
36
5
*Х=250».
«Что неизвестно в полученном уравнении?»
«Неизвестен множитель Х».
«Как найти неизвестный множитель?»
«Чтобы найти неизвестный множитель, надо произведение разделить на известный
множитель Х=250 :
36
5
».
«Вспомним правило деления числа на дробь».
«Чтобы разделить число на дробь, надо это число умножить на дробь, обратную
данной дроби: Х=
5
36
*
1
250
».
«А как перемножить две дроби?»
«Чтобы умножить две дроби, надо перемножить числители, перемножить
знаменатели, и первый результат записать в числитель, а второй результат в
знаменатель Х=
5
*
1
36
*
250
.
Сократим числитель и знаменатель дроби на 5, получим Х=1800».
«Итак, что мы нашли, решив это уравнение?»
«Мы нашли неизвестное задачи - площадь всего катка. Получили, что площадь всего
катка, который чистили группы равна 1800 м
2
. Задача решена ».
IV ЭТАП
«Правдоподобен ли результат? И нельзя ли сделать проверку?»
«Можно найти площади каждой из частей катка и сложить. Если сумма будет равна
1800 м
2
, то задача решена правильно».
«Найдите площадь части катка, расчищенной
первой группой»
«
1050
12
1800
*
7
1800
*
12
7
(м
2
)
».
«Как найти площадь части катка, расчищенной второй группой?»
394
«
500
18
1800
*
5
1800
*
18
5
1800
*
12
5
*
3
2
м
2
Сложим полученные площади и площадь части катка, очищенной третьей группой,
получим 1050+500+250=1800 м
2
. Условие задачи выполнилось. Задача решена
верно».
«Можно ли использовать данный метод решения в других подобных задачах?.
«Можно. Если в задаче неизвестно целое, а известны только части, то можно
воспользоваться таким же методом решения».
«Правильно. Попробуйте дома придумать и решить задачу, где будет использоваться
подобный метод решения».
Список используемой литературы.
1. Математика в школе №2.- М.: Школа-Пресс, 1994.-80 с.
2. Пойа Д. Как решать задачу. – Львов: Квантор, 1991.-215 с.
3. Нагибин Ф.Ф., Канин Е.С. Математическая шкатулка. – М.: Просвещение, 1988.-160
с.
ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Куандыков О.Б.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде
мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең
маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру
ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті
әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік
маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген. Өмір салты мен
денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру
мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да,
өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де
қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған
білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз:
Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты
үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы
өткізу дағдысын қалыптастыру;
395
Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен
орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс –
шараларды жүргізу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше,
адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір
салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе
спортпен
шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
дұрыс жыныстық тәрбие алу;
зиянды әдеттерден аулақ болу.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш
салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе.
Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына
мұрындық болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»
деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық
деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті,
денсаулығы деген еді.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа
сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану
арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір
сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті.
Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл
педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз
мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар.
Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен
де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру
жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге
қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу
тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар
өмірін алуға болады.
Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында
жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл
мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім
оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін
қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс.
Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды,
оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі
жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті
396
және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық
жағдай жасалады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен
практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.
Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының
тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене
шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді.
Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу.
Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны
жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді
пайдалануға да болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала
отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын түрінде
ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.
Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы.
Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да артып
келеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында «Көңілді мәре» сайысы оқушылардың ой-
қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет
жасауына пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ көрермендердің көңілінен
шықты, сабақта биология, химия, математика, сурет, алғашқы әскери дайындық пен
дене шынықтыру пәндерінен құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты қызықты
өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының
тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа
белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім
шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін
эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып
берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы қойылды.
Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге
машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.
Тәңертеңгілік бой жазу және сергіту жаттығулары мен бірге мектебімізде ұлттық
өнеріміз «Қара жорға» биін жаңғырту үстіндеміз, биді сергіту, тәңертеңгі бой жазу
жаттығуларының орнына да пайдалануға болатынына көз жеткіздік. Сондай-ақ ұлттық
ойын және спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып жеңіпаздарды анықтап
оқушылардың кішкене кезінен бастап спортқа деген қызығушылығын арттыру
мақсатында тынымды еңбектер атқару үстіндеміз. Ұұлттық мерекемізді насихаттау
барысында «Төрт түлікке ен салу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық ату» ойын
түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт өкілдеріне
насихаттау басты міндетіміз. Бұл ұлттық ойындар ұлтымыз үшін үлкен жетістік деп
білемін.
Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан
жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Намыс дода», «Толағай» «Асық ату»
атты спорттық, ұлттық ойындар сайысын сынып аралық топтық сайыс түрінде
өткіздім. Әр тоқсан сайын қала қазақ мектептері арасында ұлттық және спорттық
ойындардан жарыстар өткізіліп, әсіресе «Асық ату» ойыны оқушылардың арасында
қызығушылығын арттырды. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан
сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше. Спорт қайратты қажет
етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың
өтілу нәтижесінде оқушының:
397
Салт - дәстүрді құрметтеуі;
Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;
Намысқойлығы;
Жүйке жүйесінің шынығуы;
Ойлау қабілетінің дамуы;
Білім алуға құштарлығы.
Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда қандай нәтижелерге қол
жеткізуге болады? Сабақ барысында: Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына:
Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету. Оқушының «Қашан?» деген сұрағына:
Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет. Оқушының
«Қайда?» деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап,
нәтижеге қол жеткізу қажет.
«Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен
тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай
тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген
логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім.
Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде
орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты
айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы
бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар
мыналар:
Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу.
Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың
тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей
отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға
байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын
арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен
чемпион!», «Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды
сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру.
Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды
қолданудың орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор.
Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі
жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін
өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың
белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық
қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты
екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында
жоғары сапаға қол жеткізуге болады.
Алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуды керек. Сол арқылы
ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты.
Жаңа идеяларды еңгізу барысындағы орындалатын міндеттер:
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
398
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін
әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.
Жұмысымның нәтижесі:
Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы
2.
Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.
3.
«Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж.
4.
Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск.
2009ж. №2(2) -Б.262-264.
5.
Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.
6.
«Мектептегі дене шынықтыру» журналы, № 2, 2012
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ
Джетписова Женисгуль Мырзабековна
Көкшетау қаласы
№38 «Сәуле» бала-бақшасыны тәрбиешісі
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
В.А. Сухомлинский
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің
болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен
көрінеді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 -
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жаңартылған мазмұн бойынша
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың
үлесі 2017 жылы – 87,5 %, 2019 жылы – 100 % жету туралы индикаторлар белгіленген.
Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи
қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту
керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың
жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-
әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың
ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы.
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына
сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер
жасалуда. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
399
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын
технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ.
Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір
шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады, тәрбиелеу
жетіліп қалыптасады.
Ойын түрінде оқытудың мақсаты: жеке – қызмет түрінде білімді, біліктілікті,
дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі балабақшада ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады:
жеке технология ретінде;
тақырыпты ұғып меңгеру үшін;
кең көлемді технология бөлігі ретінде ;
сабақ ретінде, не болмаса оның кезеңдері /кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу орындау,
бақылау/;
Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы
құрылып, балалардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде
қолданылады.
Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізігі бағыттарда
жүргізіледі:
дидактикалық мақсат балаларға ойын түрінде беріледі;
оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;
оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, қорыту қызметіне жарыс ретінде
кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;
дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.
Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдк, іскерлік, еліктеушілік және драмалық
ойындар.
Б.П. Никитин бойынша ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту
ойындарынан тұрады. Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық
ерекшеліктерін игереді. Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады, олады балалар кубтар,
квадраттар, ою-өрнектер, бұйым бөлшектер арқылы шешеді. Сондықтан да ойын-
тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін
ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)
үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи
заттарды қолдану арқылы өті леді.
Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың
жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті
ойынын ұйымдастыруда домино, лото, қима суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті
құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім
байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз
мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра»,
«Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар»,
«Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу
тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу,
тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және
саусақ бұлшық етін дамытады.
400
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау
сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге
әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.
Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және
олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды
қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша
сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп
жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
2015-2016 оқу жылында № 38 «Сәуле» бала-бақшасы бойынша мектепке дейінгі
білім беру сапасын арттыруға жаңа технологияларды «ойын технологиясын»
апробациядан өткізу үшін жыл бойы жұмыстар жүргізді. Жаңа технология бойынша
№5 ересектер тобын эксперементалды топ болып белгілінді. Жыл бойынғы балаларды
білім деңгейін жоғарлату үшін жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бстапқы, ортаңғы
және қортынды мониторингтер жүргізіп, балалардың білімдері жақсарып қалғаны
көрінеді.
Тұжырымдай келе күнделікті өмірде сабақтарда және сабақтан тыс бос уақытта
қолданатын ойындар балалардың білім деңгейін дамытып қана қоймай өй-өрісін,
болмысын, тілдерін дамытатынын көруге болады. Ойын бала тілінің дамуына
ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын
ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде
бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген
құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай
білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер
сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-
қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.
Әдебиеттер тізімі
1.
Қаженбаева А.Е. Бала танымын ойынмен дамыту. /А.Е.Алдабергенова. // Бала мен
балабақша. – 2002. - №1. – 9 бет.
0
5
10
15
20
25
30
35
40
45
50
бастапқы
20-бала
ортаңғы 18-
бала
қортынды
17-бала
қолданады
түсінеді
жаңғыртады
401
2.
Омарова Р. Шығармашылық – басты мақсат //Бастауыш мектеп. – 2006. - №3. – 30-
32 бет.
3.
Құсайынова З. Балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы дамыту //
Бастауыш мектеп. – 2000. - №4. – 23-25 бет.
4.
Алпысбаева Г. Дидактикалық-танымдық материалдар. Қызылорда. – 2003. – 24 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |