Literature:
1. MacNeil, R. English Belongs to Everybody in Language Awareness 4th edition. 140-144p.
2. Gonzales F.R Youth and Student Slang in British and American English, 1994, -201p.
3. Green, J. Slang through the Ages. Ntc Pub Group, 1996, -393p.
4. Johnson, Sh. What is Slang? on
http://www2.uncp.edu/home/canada/work/allam/1914/language/slang.htm
5. Partridge, E. Slang: Today and Yesterday. William Press, 1993, - 484p.
47
ƏОЖ 821.512.122.09:599.723
КҮЛТЕГІН ОБРАЗЫН СОМДАУДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ПАРАЛЛЕЛИЗМІ
Аманбайқызы Д.
(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ)
Түрк ру-тайпаларының ортақ мұрасы саналатын VII ғ. Орхон ескерткіштерінің
мəтіні тарихи оқиғалар негізінде тасқа қашалып, осы күнге жетіп отыр. Онда аталатын
қаһармандар түбі бір түркі халқының басын қосып, ынтымағы жарасқан берік мемлекет
құру үшін аянбай күреседі. Олардың басында əскери білімі мықты Елтеріс қаған тұрса,
693 жылы қайтыс болады. Артынан бұғанасы қата қоймаған екі ұлы Білге мен Күлтегін
қалады. Билікке қатал тəртіпке ие Қапаған келеді, алайда елді тым қысымға алып, ел
наразылығын арттырады. Осылайша 716 жылы көтерілісшілердің қолынан қаза табады.
Бұл кезде əбден өсіп-жетілген Елтерістің қос ұлы халықты қайта жинап, Білге хан
болса, Күлтегін əскербасы болып сайланады. Күлтегіннің соғыс машығы, соғысу өнері
ерекше болған жəне өте ержүрек болған.
Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы барысында түрлі ғылым салалары пайда
болып, дамып, өзара жік-жікке бөлінуде. Солардың бірі адамды орталық нүкте деп
алып, оны жан-жақты зерттейтін сала – антропоцентризм. Бұл адамзатты қоғамдық
құбылыстармен, мəдени байланыстармен, табиғаттағы түрлі болмыстармен қатар қою
арқылы болып жатқан іс-əрекеттерді адам факторымен байланыстыратын жаңа ғылыми
бағыт. Мұнда тіл мен мəдениет, тіл мен психология, тіл мен əлеуметтану, тіл мен тарих,
тіл мен таным секілді түрлі бағыттағы ғылым салаларының бірін-бірі нақтылайтын
біртұтас жүйені зерттейтіні айтылады. Демек, зерттеу нысаны түптеп келгенде –адам.
Олай болса, əдебиет те, ондағы жəдігерлер де адам баласын жазумен, оның қыр-
сырын ашумен келеді. Адам баласының ішкі мінез-құлқынан бастап оның өмірін, жүріп
өткен жолдарын, болмысын тануға арналады. Сөз өнерінде салыстырыла, сипаттала,
баяндалған күйінде түрлі əдіс-тəсілдер арқылы образ беріледі. Образ тура мінездеу,
жанама мінездеу, кейіпкердің ішкі монологы арылы, диалог барысында немесе
кейіпкердің бір ауыз сөзі арқылы сомдалады, жасалады.
Жырда Күлтегіннің образы да, оның астындағы тұлпарларының образы да тарихи
шындық. Күлтегін образы соғыста көрсеткен ерліктері, соғысу əдіс-тəсілдері, аз
қолмен көп жауды жеңуі арқылы сипатталады. Күлтегін образын жасаудағы тағы бір
айрықша əдіс –жылқы параллелизмі. Күлтегін- реалистік образ. Осы жерде бұл
терминге ғалым З. Қабдолов мынадай анықтама береді: «Реалистік образ – нанымды
образ: оның мінез-құлқы, іс-əрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға...
бəрі өлшеулі, бəрі мөлшерлі... » [3,117]. Жырдың бас қаһарманы- Күлтегін. Олай болса
оған артылар жүк те осал емес:
Əкем қаған өлгенде
Інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Он жаста Умай текті
шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды, -
деген жолдардан əкеден ерте айырылғанына қарамастан, он жасында атқа қонып,
елі үшін ер атанған Күлтегін жалғыз ата-ана үмітін емес, түркі халқының арман-
мұратын арқалағандай.
Күлтегін образы оның жорықтары үстінде ашыла түседі. Жырдағы мына
үзінділерге мəн берейік:
48
... Жиырма бір жасында
Чача Сеңүнкемен айқастық
Ең ілкі Тадықын чурдың
Боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Екіншіде Ышбар Ямтардың
Боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Үшіншіде йегін Сілік бектің
Ерттеулі торы атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді,
-деп келеді. Əдетте ертегілерде, батырлық дастандарда қаһарманның мықтылығы,
төзімділігі, қара күшке ие екендігі «суға салса батпайды, отқа салса жанбайды, шапса
қылыш кеспейді» деген теңеулер арқылы берілсе, Күлтегіннің ерлігі, батырлығы, алып
күштің иесі екендігі жорықтары барысында көрініс табады. Жастығына қарамастан
«Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды» [1,52], аз əскерімен қойдай қырылған жауын
мұқатады, жорықтары барысында астындағы тұлпары мерт болса да Күлтегінге оқ
дарымайды:
Қаруына, сауытына жүзден артық оқ тиді,
Барлаушының басына бірі де дарыған жоқ.
Оның шабуылын түркі бектері, жақсы білесіңдер!
Ол əскерді сол жерде талқандадық [1,53].
Жорықтарда Күлтегінмен бірге отқа кіріп, қанды шайқастарды басынан өткерген,
иесіне адал қызмет еткен Алып Шалшы ақ аты, Азман ағы, Аз қарагері, Өгсіз ағы.
Қарлықтарды алу барысында Күлтегін Алып Шалшы ақ атын мініп бір ұмтылғанда
найзамен екі ерін шаншыса, Тоғу кентіндегі шайқаста Азман ағына мініп шайқаста
алты ерін шаншып, жетіншісін қылыштайды. Құшлағтағы екінші шайқаста Күлтегін Аз
қарагерін мініп, бір ерін шаншып, тоғыз ерін қуып тақымға басып, Едіз халқын
қырғынға ұшыратады. Оғыздармен соғыста батыр Азман ағын мініп жау əскерін жеңсе,
Чуш үстіндегі айқаста түрк əскері əлсірейді:
Түрк халқының əскері əлсіреді, жаман қалжырады.
Оза келген жау əскерін Күлтегін қуып,
Тоңра руынан шыққан он ерді,
Тоңа тегінді жерлеген жерде қуып жетіп өлтірдік [1,56].
Жерін жаттан қорғап келген Күлтегін қасық қаны қалғанша жау əскерімен
соғысады. Өзі темірдей мықты болса да, жүрегі еттен жаралған Күлтегін оғыздардың
ордасына басып кіргенімен, сол жерде көз жұмады.
«Эпос қаһармандарының төрт типін бөліп көрсетіп, сипаттап шығу ат пен
батырдың
қарым-қатынасының
жанрлық
ерекшеліктерге,
тарихи-диахрондық
өзгерістерге орай түрленуін тереңірек бағамдауға жол ашады» немесе, «...эпостағы
аттың образын зерттеп-зерделеу, шығарманың басты қаһарманы тұлғасын талдау, оның
эпостың əрқилы жанрларындағы типтік сипаттамаларын анықтау, өзіндік
ерекшеліктерін айқындау арқылы жүзеге асады» [2,37] –дейді А.А. Көшекова.
Біздің кейіпкер елін, жерін сыртқы жаудан қорғап, елінің терезесін тең, керегесін
кең ету үшін күрескен, азаматтық намысы үшін ат үстінде күн көріп, ашаршылық, шөл
49
көрген, еліне қорған болып, басшысын қолдаған, қартының ақылын тыңдаған батыр.
Белгілі түркітанушы М. Жолдасбековтың «Тастар сөйлейді» еңбегінде «Күлтегін»
жырының үлкен жазу деп аталатын екінші бөлімінде Күлтегін ерліктерін танытатын
мына жолдарға мəн берейік:
... Осы шабуылда Байырқының
Ақ айғырының белі үзілді.
Қырғыз қағанын өлтірдік,
Елін алды
...Түргеш халқын ұйқыда бастық.
...Соғыстық.
Күлтегін Башғы
боз атқа мініп шапты.
...Жойқын соғыс жасапты.
Алып Шалшы ақ
атқа мініп шауыпты.
Баршасы түргеш халқының
Сол жерде өлім тауыпты.
...Күлтегін алып
Шалшы ағын мініп,
Шабуылға ұмтылды,
Ол ат сонда құлады,
Ізгіл халқы қырылды
...Ең ілкі Тоғу кентінде шайқастық.
Күлтегін Азман ағын мініп
Шабуылға ұмтылды,
Алты ерін шанышты...
...Күлтегін Аз қарагерін мініп,
Шабуылға ұмтылып,
Бір ерін шанышты,
...Күлтегін Өгсіз ағын мініп,
Тоғыз ерін шанышты [1, 53-56].
Жыр жолдарынан батырдың шайқастарымен қоса соғыс алаңында онымен бірге
болған серіктері, тұлпарларын да көреміз. Мұнда əдепкі эпостардағыдай батырдың
тұлпары жалғыз емес, шайқастарда өзгеріп, ауысып отырады. Байқағанымыздай,
батырдың əрбір жеңісі оңайлықпен келе қоймайды, астындағы тұлпарынан айырылып
отыр. Бізге таныс эпикалық жырларда да, ертегілерде де, тарихта болған ұлы
тұлғалардың өмірінде де қаһарманның тұлпары, жол серігі біреу болып келеді. Оларды
қадірлеп, қастерлеп, күтім жасап ерекше атау беріп отырған. Бұл жөнінде К. Рақышев
пен С. Түгелдің «Қазанат» еңбегінде былай делінеді: «Көшпенділердің жылқыға деген
көзқарасы алабөтен. Өздеріңізге мəлім, қазақтар жылқыны жан иесі ретінде айрықша
жақын тұтқан. Өйткені оған мал деген атауды арнамай, керісінше «жануар» деген.
Осыдан олардың оны ерекше əспеттегендігі аңғарылады [4,30]». Мысалы: Көроғлының
тұлпары -Ғират, Алпамыс батырдың тұлпары -Байшұбар, Қобыландының тұлпары -
Тайбурыл, Қамбар батырдікі- Қарақасқа, Ер Тарғынның тұлпары -Тарлан, Махамбеттің
тұлпары -Құла жирен, қазақтың серісі атанған Ақан (Ақжігіт) серінің тұлпары -
Құлагер.
50
Ф.ғ.к. А.А. Көшекова «Қазақ эпосындағы ат образы» тақырыбындағы
кандидаттық диссертациясында эпостық шығармаларда аттың атқаратын қызметін бес
түрге бөліп көрсетеді. Соның ішінде « ат - батырдың көлігі, əрі сенімді серігі ретінде
жаумен шайқасады [2, 28]» деп келетін төртінші қызметі Күлтегін жырында бас
қаһарманның атының қызметімен дөп келеді. Күлтегін атының сиқырлы күшке ие
болмауының бірден-бір себебі, жырда нақты тарихи деректердің орын алуында жəне
тасқа қашалып жазылуында болса керек. Ал басқа да эпостық туындылар «Алпамыс»,
«Қобыланды» эпостарындай ел жадында сақталып, ауыздан-ауызға таралған болса,
халықтың шексіз қиялынан, арманынан туған алып күштерге ие болуы да ғажап емес.
Сонымен қатар, «...ат бейнесінің сомдалуы, ең алдымен, эпостың жанрына
байланыстылығы...» [2,13] деген жолдарға Күлтегін жырындағы ат образдары тағы да
мысал бола алады.
Қазіргі таңда біршама ғалымдар Орхон ескерткіштеріндегі жырлар мен сан
ғасырлық тарихты иемденген қазақ əдебиетіндегі эпостық дəстүрді салыстыра
зерттеудің маңызды екенін айтуда. Себебі, Орхон ескерткіштері түрк халқының
қалыптасып, дамып, біртұтас мемлекет құрғанынан хабар береді. Ал, тастағы жазу
мəдениеттің кемелденген шағы десек артық айтқандық емес. Ертегідей тыңдап, жаттап
өскен батырлық дастандардағы қаһарманның ерліктері, елін, жерін сыртқы жаудан
қорғау идеясы, аттың шабысы, батыр мен тұлпары арасындағы достық бірден пайда
бола қойған жоқ. Оның да бастауы, қайнар көзі бар. Бұл екеуін бөліп қарауға
болмайды. Қайта ортақ дəстүр мен тарихқа тереңдей аламыз. Дастандар мен жыр
бойында ұқсас көріністер мен жағдаяттар жиі кездеседі. Оған ғалым М.
Жолдасбековтың «Тастар сөйлейді» еңбегіндегі мына бір мысалы дəлел:
«Күлтегінде»:
«Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым».
«Қобыландыда»:
«Түн ұйқыны бөлгендей,
Қай шаһарға барасың?»
«Алпамыста»:
«Күннен күнге түн қатып» [1,82].
Қорытындылай келе, қазақ халқының ең көне эпикалық туындысы Күлтегін
жырының ерлік, батырлық жанрына негізделетін тұстары көп. Батырлық эпостарда
кезігетін елін, жерін сыртқы жаудан қорғау идеясы бар, батырды батыр етіп, ерлігін
арттыратын, күш қайрат беретін сенімді серігі- астындағы тұлпары бар, сонымен қатар,
батыр туған соң қалайда еліне бостандық əперетін, азаттық сыйлайтын бейбітшілік
идеясы айқын көрінеді.
Əдебиет:
1. Жолдасбеков М. Тастар сөйлейді. –Астана: «Фолиант», 2002. -194 бет.
2. Көшекова А.А. Қазақ эпосындағы ат образы. (канд. дис) Алматы: 2009
3. Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: «Қазақ университеті», 1992. -352 бет.
4. Рақышев К., Түгел С. Замана желімен жарысқан –Қазанат. –Алматы: «Таймас», 2006. -200 бет.
5. Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы. – Алматы: «Рауан», 1995.
6. Липец Р. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. –Москва: «Наука», 1984. -264
бет.
7. Ел қазынасы — ескі сөз. – Алматы: «Ғылым», 1994. -616 бет.
51
УДК 008:39 512.1
СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ ЭТНИЧЕСКИХ КОНСТАНТ
И ЭТНОСТЕРЕОТИПОВ НА ОСНОВЕ ДРЕВНИХ И СОВРЕМЕННЫХ
ТЮРКСКИХ НАРОДОВ, ИХ ОТРАЖЕНИЕ В ЯЗЫКЕ И КУЛЬТУРЕ
Ахметова Ж.Н.
(ЕНУ им. Л.Н.Гумилева)
Этнические константы, как культурное явление представляются нам
парадигматическими формами традиционного этнического сознания, получающего
конкретику
посредством
процесса
трансфера,
направленного
ценностными
ориентациями. При этом этнические константы и ценностная ориентация соотносятся
как условие действия и цель действия. Самостоятельно этнические константы
неизменны на протяжении всей жизни этноса, а ценностная ориентация может
меняться и меняется, что связано с результатами свободного выбора людей.
Данный тезис лежит в основе нашего исследования. Из этого следует, что
изучение этнических констант и ценностной ориентации должно подвергаться в
конкретной работе раздельно. Очевидно, что этносы могут принимать различные
ценностные ориентации. Их предпочтения определяются своеобразной исторической
судьбой и выработанной культурной традицией. Данные предпочтения могут
выражаться и на уровне одной единицы этноса, т.е. индивидуальном. Отдельная
персона теоретически может принять любые ценности, это положение действительно с
учетом воспитания, образования и жизненного опыта. Но определенно можно
утверждать, что выбор не детерминирован для человека генетически. На более
масштабном уровне - целого народа, культурная традиция может быть сопоставлена с
воспитанием и образованием, а история - с жизненным опытом человека.
В итоге можно постулировать, что общим принципом исследования этнических
констант является анализ ситуации каким образом и в каком формате та или иная
ценностная система представлена в сознании этноса, адаптирована им, или подвергнута
коррекции, чтобы стать совместимой с этническими константами данного народа.
На первом уровне необходим анализ идеологических текстов, имеющих широкое
хождение в различных социальных стратах изучаемого этноса. Данные тексты
представляют квинтэссенцией некоей ценностной системы. При этом происхождение
текстов должно быть собственно этническим по происхождению. Именно в таковых
отражены ценностные доминанты, на основе которых сформировалась та или иная
идеология. В отношении древних тюрков ситуация для исследователя складывается
более чем позитивно. На сегодня тюркология обладает значительным корпусом
собственно древнетюркских письменных памятников. Начиная с XIX и до начала XXI,
т.е. на протяжении более двух столетий, учеными сделаны уникальные открытия
древнетюркских рунических текстов, их переводы, проведен исторический анализ
(В. Радлов, П. Мелиоранский, С. Малов, С. Аманжолов, М. Жолдасбеков,
Н. Шаймердинова и др.) [1., с.124-181].
При анализе идеологических текстов, таких как текст памятника Куль-тегина,
Бильге-кагана, Тоньюкука и др. [2.,с.51] для нас являются главным представления,
заданные ценностными доминантами. На втором уровне изучения этнических констант,
который мы можем определить, как этноисторический и этнополитологический, для
нас важны собствено древнетюркские представления об истории и политике.
52
Необходимо учитывать, что у разных народов существует свой особый "историко-
политический фольклор", представляющий передающиеся от поколения к поколению
этнические представления о том, какие события в истории и в политике являются
наиболее существенными, какие факторы наиболее значимы, какие ситуации наиболее
типичны. В данном "фольклоре" концентрируется действительный, пережитый
народом исторический опыт, а отчасти выражает устойчивые представления о себе и
своей исторической судьбе.
Данную информацию так же можно выявить, анализируя рунические памятники,
повествующие о специфическом отношении древних тюрков к собственной истории.
Научные исследования в данном направлении проводились С.Г. Кляшторным [2.,с.1].
Для нас, как исследователей важны повторяющиеся объяснительные парадигмы,
которые могут быть различны по содержанию, опираться на различные ценностные
системы, но которые воспроизводят свои формальные характеристики.
На третьем уровне исследования этнических констант необходимо обратится к
разработке формального инструментария, с помощью которого можно описать
особенности культуры того или иного народа, имеющие этническую детерминацию, и
на основе которого сделались бы возможными кросс-культурные исследования [3.,
Лурье С.В. Метаморфозы традиционного сознания //http: // ethnopsyhology.narod.ru /
svlourie / metamorphoses / index.htm].
Изучая и анализируя "этноисторию" и "этнополитологию", древних тюрков на
основе рунических текстов, исследователь может разбивать полученную информацию
по следующим пунктам:
1. Характеристики, приписываемые самим себе.
2. Характеристики, приписываемые дружественной силе.
3. Характеристики, приписываемые враждебной силе.
4. Способы противодействия злу.
5. Характеристики, определяющие субъект действия и т. п.
Таким образом, предложенные три шага позволяют, привлекая текстовые
памятники коснуться такой важной и актуальной проблематики, как константы древних
тюрков. Получение определенной информации позволит, проводит сравнение с
современным тюркским миром и предоставляет возможность прогнозирования
изменения ценностных ориентировок тюркских этносов на фоне традиционных
этнических констант.
Константы можно назвать родовыми понятиями, которые являются неизменными,
сохраняются среди народов на уровне сознания, подсознания. Чего мы не можем
сказать о стереотипах, которые представляются нам переменчивым явлением, которые
также могут нести в себе отрицательный характер. Дадим определение стереотипам.
Один из первых исследователей давшим определение стереотипам был У. Липпман,
который считает что: «система стереотипов не является нейтральной. Это не просто
способ замены пышного разнообразия и беспорядочной реальности на упорядоченное
представление о ней. Не просто сокращенный и упрощенный путь восприятия. Это
нечто большее. Стереотипы служат гарантией нашего самоуважения; проецируют во
внешний мир осознание нами собственной значимости; защищают наше положение в
обществе и наши права»[4, с.108]. Здесь мы можем отметить, что У.Липман видит
стереотип с положительной стороны, т.е., согласно его мнению стереотипы несут в себе
некий вспомогательный характер. Можно согласиться с мнением У.Липмана, но не
стоит забывать о том, что не всегда представления одного народа о другом, отдельных
людей являются положительными.
Рассмотрим понятие этнический стереотип, что представляет наибольшую
значимость для нашей работы. Согласно Г.У. Солдатовой: «этнический стереотип
53
составляет ту часть системы психологических знаний о мире, которая отражает
различия между народами. На основе дихотомии «мы – они» в структуре стереотипа
выделяются два основных компонента: автостереотип – представление о своем народе,
совокупность атрибутивных признаков о действительных или воображаемых
специфических чертах собственной этнической группы, в нём фиксируется, как
правило, позитивное отношение; гетеростереотип – образы представителей других
этнических групп (аутогруппы), совокупность их атрибутивных признаков, в нем
фиксируется определенные к ним отношения» [5, с.70].
Стереотипы могут находить свое отражение также в языке, т.е. посредством языка
могут вытекать определенные виды стереотипов. Значение языка в данном случае
выражается
через
различные
фразеологизмы,
какие-либо
словосочетания,
синтактические конструкции. Как отмечает Л.В. Владимирова языковые портреты
этнических соседей входят в языковую картину мира носителей языка и во многом
определяют характер образа внешней действительности, который чаще всего
складывается из представлений о других народах[6, с.71].
Таким образом, проводя параллели, а также сравнительный анализ между
этническими константами и этностереотипами, следует отметить, что оба этих понятия
представлены нам как явление, через которое человек смотрит и познает мир, т.е.
сквозь данные явления проявляются культура и характер того или иного этноса.
Этнические константы и этностереотипы рассмотрены на конкретных примерах
древнетюркских народов, а также их наследниками современных тюркских народов,
которые, скажем так, являются носителями той древней тюркской культуры, которая
проявляется в традициях и обычаях, сохранившихся у современных народов, но с
небольшими изменениями. Так, поминальные обряды и их процесс занимал важное
место у древних тюрков, многие элементы которого сохранились и до наших дней, к
примеру, главным у древних тюрков было общее поверье о возможности встречи с
умершим на третий, седьмой, сороковой день и в последний раз через год. На этих
встречах-проводах совершалось ритуальное угощение умершего, выяснялось,
переселился ли он в страну предков, тоже мы видим и у современных тюркских
народах [7, с.285-286]. В погребально–поминальной обрядности современных тюрков
седьмой, сороковой день, год, отмечены не только собственно поминанием покойного,
но и другими значимыми событиями. В этот день обязательно, проводится
жертвоприношение, зовут гостей, седьмой, сороковой день, год требуют тщательной
подготовки.
Таким образом, мы сравнили поминальные обряды древних и современных
тюрков[8, с. 49–51]. Как было выше отмечено константы проявляются через традиции и
обычаи и, сохраняясь в сознании этноса, передаются из поколения в поколение, что
также характерно этническим стереотипам, которые также могут прививаться с
рождения, таким же образом передаваться из поколения в поколение. Так,
Б.М. Арутюнян дает свое определение этническим стереотипам, где он отмечает, что
этностереотипы являются выработанными в пределах этнической общности нормами
поведения в самом широком смысле этого слова. Устойчивые во времени, и
транслирующиеся от поколения к поколению, они закреплены на уровне
обыденного сознания и во многом предопределяют поведение этноса как коллективной
личности [9, с.3-4].
Этностереотипы - это проявление культуры и характера того или иного этноса, а
также самосознание и самоопределение индивидов. Этнические константы это
наследие духовной культуры, в данной работе на конкретных примерах
древнетюркских и современных тюркских народов, а также данные этностереотипы
находят свое отражение в языке, на основе этого возникают различные анекдоты,
54
шутки, касательно того или иного народа, что также является очень важным
элементом, так как посредством этих явлений мы можем ближе ознакомится с
культурой, или непосредственно с тем или иным народом. И конечно же они могут
нести в себе, как отрицательный, так и положительный феномен.
Достарыңызбен бөлісу: |