Әдебиеттер: 1,3,5,7,9, 10, 12.
№15 дәріс тақырыбы: Мемлекеттік «Мәдени мұра»
бағдарламасы және әлем әдебиетінің аударылуы.
Дәріс тезисі: 2004 жылдан бастау алған мемлекеттік бағдарлама
жұмысының аясында әлемдік үздік ақыл-ой жемісі саналатын 350
аса атаудағы кітап басылып шықты. Америка, Австралия,
Африка, Азия және Еуропа елдерінің алдыңғы қатарлы көркем
туындылары енгізілген «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясы
шығарылды. 2004 жылдан бері Стендаль, Гете, Шекспир,
Руставели, Диккенс, Хемингуэй, араб ертегісі «Мың бір түн»,
үнді халқының эпосы «Махабхарата, Рамаяна», Набоков,
Маммери, Уайлдер, Селинджер, Бальзак, Иран – Тәжік поэзиясы
(Рудаки, Хұсырау, Руми, Сағди, Жәми, Хафиз), Байрон, Гамсун,
Астуриас, Мориак, Амаду, Борхес, Кортасар, Карпентьер,
Сервантес, Кобо Абэ, Кэнзабуро Оэ, Лондон, Холлдор, Мопассан,
Золя, Фолкнер, Татий, Лонг, Лукиан, Апулей, Мелвилл т.б.
әлемдік классика туындылары қазақ тіліне аударылды. Атап
көсетілген жетістіктер қазақ руханиятындағы аударма саласының
дұрыс жолға қойылғаны, білікті аудармашы мамандарының
26
әлеуетін айқын танытады.
Әдебиеттер: 1 ,3,4,7,9, 10, 12.
9. Практикалық сабақтардың жоспары:
№1 семинарлық сабақ тақырыбы: Әдеби аударма негіздері
және теориясы.
Сұрақтар: Әдеби аударма негіздері және теориясы.
Тапсырмалар: Әдеби аударма ғылымының теориясы мен
тарихын меңгеру. Аударманың қоғамдық қызметіне тоқталу.
№2 семинарлық сабақ тақырыбы: Әл-Фараби және көне түркі
дәуіріндегі аударма. Назира ұғымы.
Сұрақтар: Әл-Фарабидың ғылыми мұрасы. Көне Грек
ойшылдарының мұрасын жеткізудегіә тарихи қызметі.
Тапсырмалар: Ұлы ғұлама мұрасындағы аударма мәселелеріне
тоқталу.Аристотель, Платон мұрасын кейінгі дәуірге жеткізудегі
аударма саласының маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |