Ќазаќстан Республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата10.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#42092
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
f1a134f14c508836ee1cae626d73e90d

Әдебиеттер1,3,5,7,9, 11, 12,14. 
№14 дәріс тақырыбы: І.Жансүгіров шығармашылығындағы 
аударма өнерінің алатын орны 
Дәріс тезисі: Сөз зергері І.Жансүгіров А.С.Пушкин 
шығармаларының бірсыпырасын қазақ тіліне шебер аударды. 
«Евгений Онегин» романы және «Жебірәйілнама» поэмасын, 
«Жырлама сұлу мен барда», «Чаадаевқа», «Сибирьге хат», «Бұл», 
«Арион», «Лилаға», «Қара бұлт», «Ұйқысыз түндегі өлең», 
«Цыгандар», «Жазушыға», «Ақынға», «Ақын», «Элегия», 
«Пайғамбар», «Россия тарихы», «Үш бұлақ» өлеңдерін 
тәржімалады. Сонымен қатар «Пушкин өлеңдерінің аудармасы 
жөнінде бір-екі сөз», «Пушкин қазақ халқының да ақыны» 
мақалаларында әдеби байланыс, көркем аударма мәселелеріне 
қатысты құнды пікірлерін білдірді. Ақын А.С.Пушкиннің 
«Евгений Онегин» романын аударғанда, өзі атап көрсеткеніндей, 
«Пушкин үлгісіне таман» тартқан. А.С. Пушкин өз романын төрт-
бес стопалы ямбомен жазған. Әрине, бұл кең тынысты, тегеурінді 
серпінде жазу көлемді роман үшін оңтайлы құбылыс. Сонымен 
бірге, Пушкинде етістік аз. Пушкин «Глаголом зажешь сердца» 
дегенде жүректі етістікпен жандырамын демеген, сөзбен 
жандырамын деген. Осыған байланысты қазақ ақыны да етістікке 
бара бермеген. Көркем аудармалары арқылы І.Жансүгіров қазақ 
әдебиетінде Абайдан кейін жаңа түр жасады. Өлең жолдарындағы 
екпін өлшеуі, түпнұсқаның ырғақ, тыныс, буын екпіндерімен 
сәйкес келіп отыруы Ілияс аудармаларын даралайды. Өлең 
жолдарындағы тыныс белгілерін де сол қалпында беруге 
тырысқаны, қазақ ақынының түпнұсқаны бастапқы қалпында, тек 
өзге тілде сөйлетуге барынша күш салуының жемісі болып 
табылады. 
Ақынның 
көркем 
аудармада 
қол 
жеткізген 
шығармашылық жетістігі - өлең шумағын, өлең ұйқастарын да 
Пушкин стиліндегі өзнің қалыпты үлгісінде беруінде. Ал, аударма 
барысында кездесетін кейбір шет тілінен (орыс тілінен) енген 
сөздерді аудармашы бастапқы қалпында қалдырып отырған. Бұл 
ақынның 
кемшілігі 
емес, 
қайта 
өз 
туындысын 
тым 
қазақыландырып, аудармаға қазақтың шапанын кигізбей, Пушкин 
тілінде жеткізу деп білген жөн шығар. Мысалы: храм, бульвар, 


25 
ложа, кабинет, панталон, фрак, жилет, мера, управитель, деревня, 
цензур, герой, село, оброк, шкаф, романтика, роза т.б. Және бұл 
жерде айта кететін бір жай, бұл романның А.С.Пушкиннің 
туғанына жүз жыл толуы қарсаңында асығыс аударылғаны 
көпшілікке мәлім. Бұл жөнінде І.Жансүгіровтың өзі: «Евгений 
Онегин» романының аудармасының алғы сөзінде: «Бұл 
жұмыстың тығыздығы алдымызда болатын ақынның жүз 
жылдығымен байланысты. Бізге қалайда ақынның юбилейіне 
«Евгений Онегиннің»» қазақшасымен шығу керек болды», - деп 
жазады. Әрине, роман, қазіргі өскелең талғам деңгейінде алсақ, 
күрделі жанр. Оның құндылығы да эстетикалық, көркемдік 
деңгейінен көрінері анық. Сонымен І.Жансүгіров аудармасы өзіне 
дейінгі жасалған Абай аудармасынан, басқа ақын-жазушылардың 
романға арнап жазылған арнау өлең-жырлардан бөлек, аударма 
саласында өзіндік орны бар туынды демекпіз. Бірден көзге ұрып 
тұрған ерекшелік: екі ұлттың ірі ақынының рухани кеңістікте 
талант, тағлым, таным жағынан бір-біріне жақын тұруы 
жекелеген типологиялық тығыз байланысқа алып келген деген 
ғылыми тұжырымға негіз болып тұрғанын айта кеткеніміз жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет