Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Бүйрек артерияларының атеросклероздық зақымдалуы  174



Pdf көрінісі
бет147/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148
 
Бүйрек артерияларының атеросклероздық зақымдалуы 


174 
нәтижесінде қанда холестеринге және үшглицеридтерге бай ЛП-дің деңгейі артады→ 
қанның атерогендік потенциалының жоғарылауы; б) 
эндотелий асты кеңістіктерге 
мононукларлар мен тромбоциттердің енуі 
→ а) макрофагтар құрылымын өзгерткен ЛП-
ді көптеп қамти бастайды → б) көпіршіктенген жасушалардың түзілуі.
3 жағдаяттық тапсырма
Нәресте А., 9 айлық, тыныстың және ішектің инфекциялық ауруларымен жиі 
ауырады, салмағы аз. Соңғы кездері құсуы, ісінуі, нәжісінің майлы болуы пайда болған. 
Объективті: нәресте азғын, терісі сұр, салқын, ісінген. Жүректің дыбысы бәсеңдеген. 
Өкпеде тыныс алуы қатқыл, барлық аймағында құрғақ сырылдар естіледі. Лабораторлық 
зерттеулер: жалпы нәруыз– 42 г/л, альбуминдер – 20 г/л, иммуноглобулин G - 2,9 г/л,
иммуноглобулин М – 0,3 г/л. Арнайы зерттеу жүргізгенде ұлтабардағы сөлде 
энтерокиназа ферментінің жеткіліксіздігі, ал ішек сөлінде трипсиннің жоқтығы 
анықталды. 
1.
 
Нәрестеде нәруыз алмасуының қай кезеңі бұзылған және неліктен? 
2.
 
Нәрестеде анықталған симптомдардың патогенезі қандай? 
3.
 
Қандай себептер ішекте нәруыздардың сіңірілуінің бұзылуына алып келеді? 
Жауабы 
1. Нәруыздардың түзілуі мен сіңірілуі бұзылған. Бұны энтерокиназа ферментінің 
(эндопептидаза тобына жататын протеолиздік фермент) тапшылығымен байланыстыруға 
болады. Энтерокиназаның әсерінен ұйқы безінің трипсиноген ферменті белсенді
трипсинге айналады. Трипсиннің белсендірілуінен автокатализ процесі басталады, яғни 
трипсин трипсиногенді және ұйқы безінің басқа да ферменттерін әсерлендіреді. Сонымен, 
энтерокиназаның жеткіліксіздігі кезінде нәруыздардың аминқышқылдарына дейін 
ыдырауы бұзылады, ол өз кезегінде нәруыз түзілуінің бұзылыстарына алып келеді.
2. Науқаста анықталған клиникалық симптомдарды, организмдегі нәруыз 
тапшылығымен байланысты дамыған деуге болады. Нәруыз түзілуі бұзылғанда, 
иммундық жүйеде антиденелер өндірілуі бұзылады, салдарынан организмнің түрлі 
жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді. Бұның дәлелі, нәрестенің қанындағы G және 
M тобына жататын иммуноглобулиндердің мөлшерінің азаюы (екіншілік иммундық 
тапшылық дамуы). Нәруыз тапшылығы гипотрофия туындауына ықпал етеді 
(нәруыздардың құрылымдық қызметі), организмнің барлық жүйелерінің қызметіне теріс 
әсер етеді. Гипопротеинемия кезінде қанда онкотикалық қысым төмендеуінен организмде 
су тұтылып ісінулер дамиды (қандағы онкотикалық қысымға альбуминдердің үлесі 70-
80% құрайды). Сонымен қатар, қан көлемінің азаюын орын толтыру ретінде су және 
натрийдің кері сорылуы күшейеді, бұл өз кезегінде ісінуді одан сайын өршітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет