Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі



бет3/12
Дата19.04.2023
өлшемі75,96 Kb.
#84698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ДЖ АҚЖАН final 1

Жұмыстың мақсаты: 2000-2021 жылдар аралығында жасалған аудармаларға шолу жасай отырып, аударма барысында қандай мәселелер туындағынын, аударма қандай тәсілдер мен техникалар арқылы тәржімаланғанын және аударма сапасын анықтау.
Жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер тұжырымдалды, олардың шешімі тақырыпты жан-жақты ашуға және мақсатқа жетуге бағытталған:
1. 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған шығармаларды қарастыру.
2. Аударманың сапасын анықтап, мәселелерін айқындау.
3. Аудармалар қандай тәсілдер мен техникалар арқылы аударылғанын анықтау және мысалдар көрсету.
4. 2000-2021 жылдар аралығында аударылған мәтіндер жанрын анықтап, оған талдау жасау.
5. Осы жылдар аралығында ана тілімізге ағылшын тілінен көбінесе қай жанрдағы мәтіндерге аударма жасалғанын зерттеу.
6. Белгілі бір жанрдағы аудармаға талдау және анализ жасау.
Зерттеудің нысаны: 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған жалпы аудармалар. Сонымен қатар, жұмыс іс-тәжірибе өткен мекеменің тапсырмаларына сәйкес жазылған аудармалар түрі мен сапасы.
Зерттеу пәні: 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармаларға шолу.
Зерттеу әдістері: ғылыми деректерді талдау және жалпылау әдісі, ғылыми сипаттау әдісі, аударманы салыстырмалы талдау әдісі, салыстырмалы талдау, компоненттік талдау.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармалардың мәселелері мен аударма сапасында.
Практикалық маңыздылығы: 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармалардың сапасына байланысты мәселелерді зерделеу кезінде, сондай-ақ «Стилистика», «Аударма теориясы мен практикасы», «Аударманың практикалық мәселелері» сияқты жалпы теориялық және практикалық курстарды әзірлеу кезінде аудармашыларды кәсіби даярлау процесінде зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер мен әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, оның теориялық және практикалық маңыздылығы негізделеді, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері анықталады.
Бірінші тарауда ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері мен оның сапасы, сондай-ақ, 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармалар жанры қарастырылады.
Екінші тарауда 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармадағы терминдер мәселесін беру және аударма сапасын анықтау қарастырылды.
Қорытындыда жүргізілген зерттеудің қорытындылары шығарылады, қорытындылар тұжырымдалады және берілген тақырып бойынша одан әрі зерттеудің перспективасы айқындалады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет