Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты



бет6/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Талдау кезеңіне:

  1. Топта Аяғанға қатысты үзінділер тауып, «Үзіндімен жұмыс» әдісі бойынша Аяған бейнесіне тұжырым жасаңдар.

  2. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңдар. Көркемдегіш сөздерді бірінші — жұптасып табыңдар, екінші—басқа жұптармен ой бөлісіңдер, үшінші дәлелді үзінді келтіре отырып, кестеге толтырып жазыңдар.

  3. «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша үзіндіде көтерілген мәселелерге өз пікірлеріңді жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырыңдар. Осы тапсырмалармен 4 бөлім қорытындыланады.

5 бөлімде қаралатын оқу мақсаттары:

  • көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

  • шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;

  • көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

Осы мақсаттарға жету жолында мынадай тапсырмалар жүзеге асырылады:
Білу және түсіну кезеңі:

  1. Бас кейіпкердің ең үлкен өкініші не?

  2. Аяғанның «түбіне жеткен» қандай қыры деп ойлайсың?

  3. Жазушы мансапқорлық, опасыздық сияқты жағымсыз нәрселерді кімдердің образы арқылы берген?

  4. Аяған не себепті өз басын қатерге тікті? Оның жеңіліп, құрбан болуына қандай жағдай әсер етті?

  5. Үзіндіде Мақсұт пен Жақия қалай сипатталған, қандай іс-әрекеттерімен көрінеді? Олардың жауыздығын қалай дәлелдейсің?

  6. Егер сен жазушы болсаң, Аяғанның тағдырын қалай аяқтар едің? Себебін түсіндір.

Талдау кезеңі:

  1. «Өмірзая» романындағы ұлттық мінез туралы пайымдауыңды жаз.

  2. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне, ішкі жан дүниесіне талдау жасап, баға беру.

  3. Мұхтар Мағауин: «Танымал жазушы Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы құлдық сана, рухтың жаншылуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік. Әдетте, жадағай сын әлдебір шығарманы көтергісі келсе, қызғылықты, жеңіл оқылады, тартып әкетеді деп көрсетеді. Баққожа романының тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады», — деп баға берген. Сен қандай баға берер едің? деген тапсырмалар қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет