Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты



бет5/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Жинақтау кезеңіне:

  1. Топпен бірге «Маңыздылық аймағы» әдісі арқылы Аяғанға мінездеме беру. Ең негізгі, маңызды деп тапқан қасиеттерді аймаққа жақын орналастыру.

  2. Желтоқсан оқиғасына байланысты қосымша дереккөздерді оқы. Оның себептері мен салдары, халықтың ұлттық тұтастығы және жастардың ұлттық намысы туралы «балық қаңқасы» әдісімен тұжырым жаса. Балық қаңқасының басына—көтерілген мәселе, денесінің жоғары бөлігіне—себептері, төменгі бөлігіне—салдары, құйрығына—тұжырым жазылады. Бір-біріңнің жасаған тұжырымдарың негізінде ой бөлісу тапсырмалары берілген.

Жинақтау кезеңінде оқушылар жұптасып тапсырмалар орындайды. Мысалы оқулықта екі оқушы жұптасып үзіндідегі заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау тапсырмасы берілген. Соңғы тапсырма—топтық тапсырма. Топта шығарманы мазмұндас туындылармен салыстырып, автор ұстанымы, сюжет пен тақырып ұқсастығына қатысты ойларын қорытындылап, кесте бойынша жазу. Кестені 4 бөлікке бөліп, бірінші бөлікке Желтоқсан оқиғасы туралы шығармалар , екінші бөлікке автор ұстанымы, үшінші бөлікке сюжет ұқсастығы, төртінше бөлікке тақырып ұқсастығы жазылады. Осымен 3 бөлім аяқталады.
4 бөлімдегі оқу мақсаттары:

  • Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;

  • Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе,әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

  • Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;

  • Шығарманы әлем әдебиеті үлгілермен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

4 бөлім Аяғанның әкесінің үйіне баруымен басталып, өмір-зая деп айтылған автор тұжырымымен аяқталады. Үзіндіден кейін түсініксіз сөздерге анықтама беріледі. Кейін әр деңгей бойынша тапсырмалар қарастырылған. Білу және түсіну кезеңдерінің сұрақтары:

  1. Жазушы әке мен баланың сағынысып көріскен сәтін қалай суреттеген?

  2. Аяған бейнесі қандай сөздермен көрсетілген. Теріп жазу

  3. «Өмір оған аппақ қар жамылған дәл осы дала сияқты болып, көрінген, алданғаның маңдайына тағдырдың таяғы тиіп, құлап түскенде бір-ақ білді. Өмірде теп-тегіс жол болмайды екен. Сол ұзақ жолда адамның сүрініп, құлап, қайта тұруы заңды құбылыс екен. Өмір деген жеңілістер мен жеңістердің жиынтығы сияқты», деген Аяғанның ойы арқылы жазушы не айтпақшы болды?

  4. «Ата-бабасының, анасы мен жарының аруақтары қолдап, жеңістің де дәмін татар. Алда әлі ұзақ жол бар», — дегенде жазушы Аяғанның алдындағы қандай жол туралы айтып отыр деп ойлайсың?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет