Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты


Б.Мұқайдың «Өмірзая» романын оқыту әдістемесі



бет3/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2. Б.Мұқайдың «Өмірзая» романын оқыту әдістемесі
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқытудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу—мұғалім үшін маңызды мәселе. Әр мұғалім шәкірті көркем туындыны оқыды ма, оқыса, одан қандай әсер алды, соны біліп отырған жөн. Ол үшін әдіскер ұстаздар мынандай жұмыстар жүргізуге болады дейді:
1.Өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату не қысқаша тезис жасау.
2. Негізгі кейіпкерлерді жинақтау. Бір кейіпкердің іс-әрекетін баяндап беру.
3. Көркем шығармадағы ұлттық құндылықты табу.
4. Жазбаша викторина жүргізу.
Мектеп оқушыларына прозалық шығармаларды оқыту — жүйелі түрде жүргізуді талап ететін, ұзаққа созылатын үрдіс. Мектеп қабырғасындағы орта буын оқушыларының әдеби шығармаларды талдау барысында шығарма идеясы, тақырып, мазмұн мен пішін, фабула, кейіпкер, қаһарман, портрет, мінез, т.б. мәселелерге мүмкіндігінше көңіл бөлінуі керек. Оқушылар кейіпкер мінезінің сыр-сипатын, ерекшелігін аңғартатын анықтамалар, мінездемелер арқылы оның әлеуметтік-саяси жай-күйіне, іс-әрекетіне, мінез-құлықтарына назар аударып отырады. Бұл олардың дүниетанымдық көзқарастарының негіздерін қалыптастыруға және оларды адамгершілік игі қасиеттерге тәрбиелеуге көмек етеді[1, 72 б.].
Мектепте шығарма талдаудың негізінде әрқашан әдебиет танытқыштық жүйе жататыны сөзсіз. Бірақ оған шәкірттердің жету жолы, ойлау деңгейі мектептік талдауда ғылыми-әдебиеттанытқыштық талдаудан гөрі көбіне қарапайым, жеңілдеу болып келеді. Мектеп тәжірибесінде қазіргі кезеңдегі әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымының ұсынған шығармаға талдау жасауының үш түрлі әдістемелік жолы пайдаланып келеді:

  1. Тұтастай талдау немесе автор ізімен талдау;

  2. Образдар бойынша талдау (кейіпкер, жан-жануар, табиғат, т.б. бейнелері);

  3. Проблемалық-тақырыптық талдау[1, 73б].

Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылықты қажет етеді. Сабақ—күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:

  • оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;

  • мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс-тәсілдері;

  • оқушының теориялық жағынан меңгергенініс-тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;

  • оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;

  • көрнекі құралдың нақтылығы, әсерлілігі, мазмұндылығы;

  • мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы;

  • сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.

Бұл мәселелерге қоса, әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, әдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу, олармен жеке жұмыстар жүргізу талабы туындайды[2, 12-13б.].
Жалпы, менің қарастыратын тақырыбым «Баққожа Мұқайдың«Өмірзая» романын оқыту» Бұл тақырыпты 9 сабаққа бөліп қарастырамыз.
1-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романының мазмұны мен пішіні
2-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романының сюжеті менкомпозициясы
3-сабақ.Б.Мұқай «Өмірзая» романының кейіпкерлер жүйесі
4-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы автор бейнесі
5-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романының көркемдік ерекшелігі
6-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдікқұндылығы
7-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романынындағы замана көрінісі
8-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романы және меніңшығармашылығым
9-сабақ. Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын
Осы тақырыптарды қарастыру барысында мынадай оқу мақсаттары орындалады:
- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
- әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;
- көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;
- шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;
- көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
- ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;
- шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
- көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау;
- әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;
- шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу;
- әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау.
Бұл шығарма 11 сыныптың қазақ әдебиеті кітабында «заман шындығы» деген тарауында қарастырылған. Бұл бөлімде заман мен қоғам, сол қоғамдағы адамдардың биік мұраттарға деген ұмтылысы, жеке тұлғалық өмірі туралы көркем туындылармен танысамыз. Әдебиет өнер пәні болғандықтан, әдебиеттегі заман шындығы жазушының, ақынның ой таразысынан өтіп, жаңа сипатта өріледі. Адамзат қоғамындағы сан алуан тарихи оқиғалар, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлар жеке кейіпкерлер өмірі арқылы өмір шындығын толғайды [3, 57б].
Ең алдымен оқулықта Б.Мұқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілген. Кейін автордың «Бұл еңбегімді қазақ елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған, ерлердің аруағына арнадым» деген сөзімен «Өмірзая» романы басталады. Шығарманың 5 бөлімі үзінді ретінде берілген. Әр бөлімге сай оқу мақсаттары мен сол мақсатқа жету жолында орындалатын тапсырмалар бар.
1 бөлімге сай мына оқу мақсаттары көзделеді:

  1. әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;

  2. әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;

  3. көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.

Кейін Рахия кемпірдің ойымен шығарманың бірінші бөлімі басталып, шалдың өкінішімен аяқталады. Осы бөлімде білу және түсіну кезеңіне арналған мынадай сұрақтар қарастырылады:

  1. Роман неліктен «Өмірзая» деп аталған?

  2. «Өмірзая» сөзінің мағынасын мұғалім көмегімен анықта.

  3. Романның тақырыбы, негізгі ойы не?

  4. Романға арқау болған қандай оқиғаларды білесіңдер?

Талдау кезеңінде Аяған мен Ес қариялардың көзқарастарын салыстыру тапсырмасы орындалады. Келесі жинақтау кезеңіне арналып «Өмірзая» романының идеялық мұраты туралы әдеби сын немесе мақала дайындау тапсырмасы бар. Тапсырмалар соңында «Тарихыңды зерделей біл» атты желтоқсан оқиғасы жайлы қысқаша мәлімет жазылған кесте бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет