Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты


бөлімде қарастырылатын оқу мақсаттары



бет4/15
Дата23.12.2022
өлшемі64,28 Kb.
#59288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2 бөлімде қарастырылатын оқу мақсаттары:

  1. шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;

  2. көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

  3. ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;

2 бөлім Аяған мен дәрігердің әңгімесімен басталады да қарттың баласына деген ренішімен аяқталады. Содан соң бөлімдегі түсініксіз сөздерге анықтама және тапсырмалар берілген. Білу және түсіну кезеңінің тапсырмалары

  1. Роман үзіндісінің композициялық желісі бойынша жоспар құру;

  2. Аяған ауруханадан шығарылатынын естігенде неге жүрегі жарыла қуанды?

  3. Қоштасарда Ес ақсақал Аяғанға неден қорқатынын айтты? Қарияның бұлай деуінде не сыр жатыр?

  4. «-… Азамат қашан керек болыпты бұл жұртқа?! Азаматтың басын қашан бағалапты бұл қазақ?! Өлген соң шұрқыраған болады. Қоймана қазаққа күлкі болған асыл азаматтардың қадірі-ай!..»-деп ақсақал кімдерді тілге тиек етіп отыр?

Талдау кезеңінің тапсырмасы:

  1. Үзіндіден бейнелеу, суреттеу құралдарын тап. Олардың қандай көркемдегіш құрал түрі екенін ажырату. Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау.

  2. Топқа бөлініп «кейіпке ену» әдісі бойынша жұмыс жасау.

  3. «Кейіпкер кесіндісін» толтыру. Яғни үзіндідегі кейіпкер және оның өміріндегі құндылықтарды қарастырып жазу.

  4. Топқа бөлініп, бір-бірлеріне үзінді бойынша 3 түрлі сұрақ қою, сұрақты талқылау. Үзіндіде көтерілген мәселені анықтау.

  5. Үзіндідегі құндылықтарды заманауи тұрғыдан бағалап, салыстыру.

  6. Романдағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

3 бөлімнің оқу мақсаттары:

  • Көркем шығармадағыкейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

  • Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;

  • Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Бұл бөлім желтоқсан оқиғасы кезіндегі студенттердің үрейлі күйін сипаттаумен басталып, көзі ашылған қазақтардың сөзінің билікке жетпеуінен дүрліккен халықтың жай-күйімен аяқталады. 3 бөлімнен кейін түсініксіз сөздердің анықтамасы жазылған. Содан соң оқу мақсаттарына жету үшін тапсырмалар берілген. Мысалы, білу, түсіну кезеңіне:

  1. Аяған неліктен Алматыдан ауыр ой, жабырқау көңілмен аттанды ?

  2. Құшағын жая ұмтылған Аяғанды Алмастың қасақана танымай теріс бұрылып кетуі нені аңғартады?

  3. Жатақхананың төңірегіндегі бейтаныс жандардың іс-әрекетіне назар аудар. Себебін зерделеу.

  4. Аяғанның ойын сан-саққа алып қашқан қандай сұрақтар еді?

  5. «Желтоқсандағы дүрбелең оқыстан туа салған жағдай емес-ау» деген Аяғанның ойымен келісесің бе? деген сияқты қорытындылау сұрақтары бар.

Кейін үзіндіден көрінетін авторлық идея мен өз ой-тұжырымын жеткізу кестесі берілген. Кестені 4 бөлікке бөліп, бірінші бөлікке романнан үзінді, екінші бөлікке автордың айтар ойы, үшінші бөлікке тұжырым жазылады. Осылайша талдау кезеңінің тапсырмасы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет