Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


«ШАҚАН-ШЕРІ» РОМАНЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет70/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

«ШАҚАН-ШЕРІ» РОМАНЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ 
Жасұзақ Ұ.Н. 
Ғылыми жетекші: Смагулова Н.К.,
филология ғылымдарының кандидаты, 
қауымдастырылған профессор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қаласы 
ulbalazhasuzakova@gmail.com
  
«Әдебиет – сөз өнері». Ол – өнердің бір саласы, қайнаған ортасы. Әдебиет оқушыларға 
тек білім беріп қана қоймай, рухани дүниесін байытып,өмірдің ең жақсы деген асыл 
қасиеттерін бойына дарытады. Туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлтына деген 
махаббатын күшейтеді. Осы арқылы жас ұрпақтың ұлттық мінезі қалыптасады.
Мектепте әдебиет пәнін оқытудың басты мақсаты– көркем әдебиет жанрының адам 
санасын рухани деңгейге көтере алу мүмкіндігін, оқыту үрдісінде барынша пайдаға асыру. 
Халық даналығын бойына сіңірген, саналы жастар тәрбелеу. Мақсат– барлық оқушылардан 
әдебиетші маман жасап шығу емес, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, талғамы жоғары 
ізденімпаз оқырман дайындау. Ал пәнді оқытудағы міндетіміз – оқушының оқу-танымдық 
көкжиегін кеңейтіп, эстетикалық талғамын жоғарылатумен қатар, сөз құдіретін сезініп, 
бойына сіңіру. Оқутудың нәтижелі болуы,мұғалімнің жан-жақты жүйелі дайындығына
әдістемесі мен шеберлігіне тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да, сабақ барысында 
көркем шығармаларды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана білсек, оқытудағы 
негізгі мақсатты орындай алған боламыз.
Әдеби жанрдың өзі алуан түрлі, көптеген теориялық еңбектерде әдебиеттің тегі– жанр, 
ал әдеби шығарма– жанрлық түр деп танылып жүр. Осыған орай, эпикалық жанр түрін
шағын,орта және кең көлемді деп үш түрге бөліп қарастырамыз. Шағын көлемді эпикалық 
шығармаларға очерк, новелла, мысал т.б өлеңдер, орта көлемді эпикалық шығармаға повесть, 
дастан, поэма, кең көлемді эпикалық шығармаларға хикаят,роман, эпопея жатқызылады. 
Көркем шығармалардың бұлай ара-жігін ажыратып саралау, әрқайсысына тән өзіндік 
ерекшеліктерді айқын тани алуға мүмкіндік береді. Көркем шығарма жайлы, өз еңбегінде 
ғалым З.Қабдолов: «Көркем шығарма дегеніміз– нағыз суреткерлік әрекеттің жоғары 
нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп,қолмен ұстауға болар кесек құбылысы, затты дерегі» – 
деген пікір білдірген болатын [1.140].
Біз мақаламызға өзек етіп отырған кең көлемді эпикалық шығарманың басты 
ерекшелігі– өмірдің күрделі шындығын нақты көркем тұлғалар арқылы жинақтап, олардың 
өзара қарым-қатынасынан туған оқиғалар арқылы заман шындығын суреттеуінде. 
Мектепбағдарламасында эпикалық шығармаларды оқушыларға оқыту оңай шаруа еместігі 
анық. Әсіресе, жоғарғы сынып оқушыларына кең көлемді шығармаларды оқыту қиыншылық 
туыдыратын жағдайлардың бірі. Бұл, мұғалім үшін бұл мол ізденісті талап ететін жұмыс. Өз 
еңбегінде Қ.Бітібаева: «Кең көлемді шығармаларды оқытуда қандай мәселелерге көңіл бөлу 
керек, талдаудың қай түрі тиімді, қандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ, міне, осындай 
мәселелерге, мұғалім ерекше назар аударуы керек», – деген пікір білдіреді [2.80]. Сондықтан, 
эпикалық шығармаларды оқытуды заман талабына сай жүргізу;оқушының қоғамдық ортасы 
мен жас ерекшелігін ескере отырып, иновациялық жаңа технологияларды ұтымды қолданумен 
тікелей байланысты. Кең көлемді шығармаларды оқымастан бұрын, оқушының ең әуелі 
шығырма тақырыбына деген қызығушылығын оятып алған жөн. Себебі шығарма тақырыбы 
оқушы санасына берік орнаса оқушының шығарма мазмұнына баруы жеңіл болады. Біз, осы 
мақаламызда орта мектептің 10-сыныбының оқу бағдарламасына енгізілген жазушы 


137 
М.Мағауиннің «Шақан-Шері» романын оқытудың тиімді әдістерін ұсынбақпыз. 
М.Мағауин тарихшы, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Жазушының 
қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан үлесі ұшан теңіз. М.Мағауин қаламынан туған көркем 
шығармалар автордың талантты жазушы екенін шегелей түседі. Жазушы жайлы 
О.Сүлейменов:«Мұхтар Мағауин біздің жазба поэзиямыздың тарихын бірнеше ғасырға 
тереңдетіп, әдебиет және өнер институтының барлық жұмысын жалғыз өзі атқарыпшықты», – 
деп әділ баға берді [5.86].
Жазушы М.Мағауиннің қаламынан туған «Шақан-Шері» романынан алынған:
«Жолбарыс аулау – қазақтың ата дәстүрі, машық өнері. Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген 
үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз» [3.17] деген үзінді аталмыш туындының 
негізі идеясынан белгі береді. 
Қаламгердің бұл туындысы өзге көркем шығармалардан өзгеше, бұл шығармада адам 
бейнесі мен түс тағысы тарғыл жолбарыстың болмысы қатар суреттеледі. Ер жігіттің 
өшпенділік пен қайнаған кектен туған ызасы жыртқыш жолбарыс бейнесімен астасып өзгеше 
сипат алады. Көркем шығармада қазақтың аңшылық дәстүрінің сан алуан қыры, қазақы аң 
аулаулың түрлі айла-әдістері ерекше суреттелумен қатар, өзі аулаған олжадан басқа жемтікті 
жемейтін жолбарыс тектілігі ерекше баяндалады. Дегенмен, қазақ даласында бұрындары 
расымен де жолбарыс болған ба? – деген ой, оқушыларды шығармаға қызықтырудың 
алғышарты болуы тиіс. 
Шығарма желісі, ағайын қысасына шыдамай елден бөлініп, қамыс жайлаған көл мағына 
келіп қонған, аңшы отбасының бір-ақ күнде жыртқыш жолбарыс тарапынан ойран болуы; кек 
соңына түскен аңшының бүкіл жолбарыс атаулының тұқымын тұздай құртуға серт етіп, берген 
серттен қайта алмай бүкіл өмірін кек жолына арнағандығы жайлы өрбиді. Шығарма басында, 
жолбарысты адам өмірін жалмаған жыртқыш есебінде бейнелегенімен; бұдан кейінгі өрбіген 
уақиға адам баласының өшпенділігі жолбарыстан да жоғары жыртқыштық дәрежесіне 
көтерілгендігі сөз болады. Адамға себепсіз шаппайтын түс тағысының бұл әрекетіне жауап 
іздегенде, алдымыздан адамның жыртқышқа жасаған қастығы шығып,тарғыл жолбарыстың да 
кек қуғаны көрініс табады. 
Бұл шығармадан оқушылардың алар тәлім-тәрбиесі – өшпенділік пен кектің соңы 
жақсылыққа алып бармайтынын ұғындыру әрі қоршаған ортаның табиғи заңдылықтарын 
бұзбау, ондағы әрбір жаны бар тіршіліктің айрықша орны бар екендігін түсіндіру.
Шығарманың оқытылу үдерісіне тоқталар болсақ, 10-сынып оқу бағдарламасы күнтізбелік-
тақырыптық жоспарда шығарманы оқытуға 10 сағат берілген. Шығармаға 10 сағат 
берілгенімен оқушы үшін тұтас романды оқып шығу оңайға соқпасы анық. Осы тұста мұғалім 
өз біліктілігінің арқасында, сабақта ұтымды әдістерді пайдалану арқылы тұтас роман желісін 
оқушының бойына сіңіре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет