МОНОЛИНГВ ЖӘНЕ БИЛИНГВ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІҢ ІШКІ ТҰЛҒАСЫН
ТҮСІНУ АСПЕКТІСІ
Жаналыкова Ж. К.
Ғылыми жетекші: Жумагулова О. А., филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
zzhanargannn@mail.ru
Қазіргі жаһандану заманында билингвизм, қостілділік, адамдардың қарым-қатынас
жасау үшін екі тілді қолдана алуы, өзекті болып бара жатқанына көзіміз жетеді.
Билингвизм (bilinguisme) француз тілінен алынған термин. Ал оның анықтамасын
беруде Х.Мануэло, А. Дибольду, С. Эрвин, Е. Верещагин сынды ғалымдар У.Вайнрайхтың
анықтамасына сілтеме жасайды: «екі тілді кезекпен заманауи қолдану билингвизм деп, ал
оны қолданатын адамды билингв деп атайды»[1; 32-бет]. Бұл құбылысты зерттеу үшін
бірнеше ғылымдардың кешенінде қарастыру абзал екенін Е. М. Верещагин өзінің
«Қостілдікліктің (билингвизм) психологиялық және методикалық сипаттамасы» деген
еңбегінде жазған болатын. Ғалым билингвизмді ғылыми және практикалық жағынан зерттеу
өте маңызды екендігін айтады [2; 30-бет]. Әлбетте, біріншіден екі тілділік психология
ғылымының зерттеу нысаны екенін айтып өтуіміз қажет. Білімнің осы саласында бірінші
кезекте сөйлеудің механизмдері тұрғысынан қарастырылады. Және осы механизмдерді
зерттейтін өзіндік билингвизм психологиясы деп аталатын арнайы жеке бөлім қалыптасқан.
Екіншіден, билингвизм лингвистика ғылымында зерттеледі, мұнда алдымен сөздер мен
мәтіндер тұрғысынан қарастырылатыны белгілі. Сәйкесінше, бұл ғылым саласында да тілдік
қатынас теориясы деген атпен қалыптасқан жеке арнайы бөлім құрылған. Үшіншіден,
билингвизм әлеуметтанудың зерттеу нысаны болып табылады, онда алдымен екі тілді
адамдар немесе адамдар тобының мінез-құлқы мен қоғамдағы орнын қарастырады. Және де
осы ғылым саласының негізінде әлі тұрақты атпен аталмаған, бірақ шартты түрде билингвизм
әлеуметтануы деп атауға болатын жеке бөлім бар екенін айтуға болады. Дәл осы ғылымдар
тоғысында қостілділікті психологиялық, лингвистикалық, әлеуметтік жағынан зерттеу өз
алдына жеке талдану керек. Бірақ бір тілден екінші тілге ауысу, невропотолог дәрігерлердің
«мидың бір бөлігінде жүзеге асады» деген көзқарастарын әлі де скептикалық тұрғыдан
қарайтын сұрақ болмақ. Ал бір тілдік жүйені (тілдік бірліктерді, сөздерді) екінші тілде
қолдану – лингвистикалық қырынан танылатын зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе.
Әлеуметтік қырына тоқталсақ, кез келген адам қоғамда өмір сүріп, қарым қатынас
жасайтындықтан, әлеуметтің де беретін әсерін назардан тыс қалдырмауымыз керек. Осы екі
тілділік құбылысын әр қырынан зерттеуге тек бір ғана «құрал» керек, ол –тілдік материалдар
(сөздер, мәтіндер). Жоғарыда аталған құбылысты (билингвизм) психикалық және
лингвистикалық жағынан талдап зерттеу жаңа психолингвистикалық бағыттың пайда
болуына алып келді. Бағыттың негізгі мақсаты – билингвизм құбылысын тілдік бірліктер
арқылы тек лингвистикалық қорытындылар емес, сонымен қатар сөйлеудің механизмдерінің
типін анықтау үшін де (психологиялық сипаты) қорытындылар жасау болмақ. Алайда, ғалым
У. Вайнрайхтың айтуы бойынша, американдық ғалымдар әлі де билингвизм туралы
ешқандай теория жасамады деген тұжырымы және бүгінгі күнде ғылымдардың жеке
салаларында билингвизм туралы байыпты теория жасалмағыны бұл мәселенің әлі де
зерттелуін қажет ететіндігін көрсетеді [1;33-бет].
Ал Қазақстан Республикасының аумағында аталған құбылыс соңғы ширек ғасырда,
көптеген тарихи оқиғаларға байланысты белең алып, адамдардың екі тілде (орысша және
131
қазақша) сөйлеуі күнделікті, таңғаларлық жағдай емес екені бәрімізге мәлім. Дегенмен, оған
қарсы құбылыс – монолингвизм немесе бір тілділік, тек бір ғана тілді меңгеру және сол тілде
ғана сөйлей алу құбылысы, бар екенін де ұмытпауымыз қажет. Алайда, Қазақстанның
барлық бөліктерінде (Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік) осы құбылыстардың орнауы
бірдей
дәрежеде
емес.
Бұл
мәселе
бойынша,
А.Р.Жикееваның
«Қазақстан
Республикасындағы тілдік жағдайды зерттеудегі өңірлік компоненті» атты мақаласында атап
көрсетіледі. Автор аталған мақалада билингвизм құбылысы А.М. Абасиловтың, О.Б.
Алтынбекованың бірқатар ғылыми еңбектерінде зерттелгеніне қарамастан, әрбір өңір
бойынша зерттелуі назардан тыс қалып бара жатқанын тілге тиек етеді. Мәселен, Солтүстік
Қазақстанның тілдік жағдайының өзіндік ерекшелігі – қазақ-орыс билингвизмінің орын
алуы, яғни халық арасында орыс тілінің қарым-қатынас тілі ретінде басым болуы немесе
мемлекеттік тіл санатындағы ел тұрғындарының ана тілі саналатын қазақ тілімен қатар
қолданылуы. Осыған байланысты, Қазақстан Респбуликасындағы тілдік жағдайды зерттеудің
өңірлік тәсілдің қолданылуы қажет екендігін айтады [3; 77-бет].
Екі тілдің «тілдік жүйе элементтерін қолдану», адамның ерекше тілді «сіңіру»
қабілетімен байланысты. Бүгінгі қоғамда, әсіресе Қазақстанның солтүстік бөлігінде жиі
қолданылатын қазақ-орыс билингвизмі, жоғарыда талданған әлеуметтік (отбасы қазақ тілінде
сөйлеп, достарының арасында орысша сөйлеуі немесе ата-аналардың балаларын орыс
мектептеріне беруі), психологиялық (сөйлеу барысында, күнделікті қарым-қатынас жасау
кезінде қазақша сөйлей бастап, орыс тіліне «ауысуы»), лингвистикалық (өз ойын білдіру
үшін «доминант» тілде (ең бірінші болып қалыптасқан тілінде) сөйлеген кезде, орыс тілінің
элементтерін қолдану) сынды қырларынан танылатын жағдайларды байқауымызға болады.
Ал осы қабілетті тез игеретін әрі қолданатын, ол, әрине, балалар. Лингвистиканың кенже
дамыған саласының бірі – онтолингвистика, дәл осы балалардың тілін зерттеумен
айналысады. Ал Қазақстанның жас буыны билингвальды жағдайда қалыптасып
жатқандықтан, олардың тілін зерттеу көптеген мәселелердің шешімін тауып беретініне кәміл
сенуге болады. Себебі, ерте заманнан-ақ В. А. Богородицкий, Н. В. Крушевский, И. А. Бодуэн
де Куртенэ, Л. В. Щерба, А. А. Реформатский, С. Д. Кацнельсон сынды ғалымдар балалар
тілін зерттеу өте құнды екендігін жазған болатын. Ал онтолингвистиканың негізін салушы
А.Н.Гвоздев осы тақырып бойынша 1928 жылы «Балалар тілін зерттеудің тіл білімі үшін
маңызы» атты мақаласын жазып, кейіннен өзінің 1961 жылы жарық көрген монографиясына
енгізеді. 100 жылға жуық уақыт бұрын жазылған мақала өзінің құндылығын бүгінгі күнде
де жойған жоқ. Мақалада: «Меніңше, орыс тілін зерттеуде балалар тілінің деректерін
қолдану өте маңызды. Себебі: 1)зерттеудің басқа әдістері негізінде жасалған тұжырымдарды
растауға мүмкіндік береді; 2) басқа әдістермен негіздей алмаған тұжырымдарды,
қорытындылауға мүмкіндік туғызады. Балалар тілінің деректерін қолдану оның негізгі екі
ерекшелігіне байланысты: 1)балалар тілі – қоршаған орта тілінің әсерімен бағытталған тілдің
эволюциясын көрсетеді; ана тілін игеру көптеген тілдік құбылыстар тобына қатысты қатал
заңдылықпен жүзеге асады және ол әр түрлі балаларда бірдей белгілермен сипатталады; бұл
ана тілін игеру ортақ психофизиологиялық шарттар арқылы жүзеге асатынын және барлық
адамдарға бірдей түрде әсер етіп, нәтижесінде тілдің құрылымына таңба қалдырады деген
ойды дәлелдейді [4; 2-бет]. Ғалымның пікірі тек орыс тіліне ғана емес, барлық тілдерге
қатысты.
Онтолингвистикалық зерттеулердің құндылығы жөнінде заманауи лингвистер де
қалыс қалмайды (Т. А. Гридина, Г.Р. Доброва, С.Н. Цейтлин,О.А.Султаньяев,
А.Д.Жакупова,Б.Б.Жахина).
Расымен, ересектер тілі балаларға эталон болып саналады, сол себептен бала осы тілде
сөйлеуге ұмтылады. Оның жаңа қалыптасып келе жатқан тілдік жүйесін, ересектер тіліне
жақындататын баспалдақ ретінде қарастыруға болады. Зерттеуші осы кезде баланың
«вертикалды» (тік) түрде дамып жатқанын (С. Н. Цейтлин)[5; 15-бет], яғни бала тілінің
қалыптасу барысында оның әрбір кезеңін ересектер тілімен салыстырады. Дәл осы жағдайда
зерттеуші баланың тіліндегі грамматикалық категориялардың пайда болу тәртібіне назар
132
аударады, сонымен қатар тілдік нормадан ауытқуының табиғатын зерттейді, бұл ауытқулар
онтолингвистикада «инновациялар» (жаңалықтар) деп аталады. Баланың тілді игеру
барысында осы «инновациялар» болуы заңды. Дәл осы табиғаты кездейсоқ емес
инновацияларды талдау, тіл туралы жаңа білімдер алу үшін лингвистерге өте құнды болып
табылады. Яғни, бала әлі тілдің нормаларын білмей жатып, оны игеру барысында өзіндік
логикасы мен танымы бойынша заттарды атап немесе өз ойын білдіру кезінде түрлі
«инновациялар» қолдануы (сөз тіркестіру, сөйлем құру барысында), дәстүрмен қалыптасқан
заңдылықтардан ауытқуы тіл білімінің зерттеушілері үшін аса қажетті материал екенін
түсінуіміз қажет.
Басқа ғылым саласы секілді онтолингвистикада да әлі анықталмаған, негізделмеген
сұрақтары өте көп болатыны заңды. Мысалы, балалар тілін зерттеуді неше жасынан бастап
жүргізу керек? Қанша жастан бастап бала тілінде жаңа сөздер пайда бола бастайды, оның
жылауы, жасайтын қимылдары оның «сөйлеуі» (коммуникациясы) ме? Жоғары сынып
оқушыларының тілі онтолингвистикада қарастырылуы қажет пе? деген сұрақтар әлі де өз
шешімін таппай отыр. Және тағы бір өзекті сұрақ: Онтолингвистика билингвизм саласына
қаншалықты араласуы керек? Балада екі тілдік жүйенің қалыптасуы онтолингвистиканың
нысанына жата ма? Әлде, онтолингвистиканың нысанына билингвизмнің симультандық түрі
[2; 22-бет] ғана жатуы керек пе? (яғни, екі тілді бір уақытта, бірдей игеру). Тілді игеру
көптеген жағдайларға байланысты: баланың гендерлік, психофизиологиялық ерекшеліктері,
отбасымен, қоршаған ортасымен қарым-қатынас ерекшелігі,отбасының әлеуметтік жағдайы,
аға-әпкелерінің болу. Бұл – көпфакторлы үрдіс болғандықтан, зерттеу аумағы өте кең. Және
бұл сұрақтарға жауап беру үшін тек онтолингвистер емес, сонымен қатар, психологтар,
нейролингвистер, дефектологтар, социлингвистер де қатысуы керек екені заңды.
Соңғы жылдары балалар тілін зерттеудің қалыптасқан әдістері, атап айтсақ
эксперимент
түрлері
бар.
Олар:
лингвистикалық,
психолингвистикалық,
онтолингвистикалық эксперимент. Лингвистикалық эксперименттің мақсаты – тілдің
фактілерін зерттеу. Мұнда бала мен оның тілін зерттеу объектісі емес, «материалы» ретінде
қарастырады. Ал психолингвистикалық эксперимент, ғалым Г.Р. Доброваның айтуынша, [6;
29-бет] тілдік тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Онтолингвистикалық
эксперимент тілдік тұлғаның қалыптасуын зерттеуді мақсат қылады. Әрине, сіз балалардың
сөйлеу фактілерін лингвистика үшін зерттеудің теориялық маңыздылығын еш қиындықсыз
дәлелдей аласыз, біздің заманда бірінші кезекте ғылыми зерттеулердің тәжірибелік жағы
маңызды болып табылады.
Практикалық тұрғыдан балалардың сөйлеуін зерттеу маңызды болғандықтан, осы
мәселені шешуде «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау универститетінің» ф.ғ.д. А.Д.
Жакупованың жетекшілігімен ұйымдастырылған «Тұлғаның моно және билингвалды
қалыптастыру жағдайындағы балалардың мотивациялық рефлексиясы» атты гранттық
қаржыландырылатын жобасының аясында университет оқытушылары мен студенттерінен
зерттеуші топ құрылған болатын.Негізгі идеясы – Қазақстанның моно және екі тілді
(билингвальды) қоғамы жағдайында қалыптасатын балалардың мотивациялық рефлексиясын
зерттеу. Зерттеу салыстырмалы мотивология идеялары аясында жүзеге асырылады және
монолингвальды мен билингвальды балалардың мотивациялық рефлексиясының әмбебап
және ерекше ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта зерттеушілер тобы күн
тәртібіне келесі міндеттерді қойды: мотивациялық рефлексияның салыстырмалы зерттеу
әдістемесін әзірлеу, психолингвистикалық/лингвистикалық эксперимент жүргізу, тілдік
материалға мотивологиялық және когнитивті талдау жүргізу, мектеп алдыңғы даярлық
топтары мен мектептің бастауыш буынында тіл сауаттылығы мен әдебиетті оқыту
сабақтарында балалардың мотивациялық рефлексиясының ерекшеліктері туралы білімді
пайдалану бойынша педагог-практиктерге ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу барысында 5-10жас аралығындағы 90-ға жуық бала қатысқан
психолингвистикалық және лингвистикалық эксперимент жүргізілді. Балалар бір немесе екі
(қазақ және орыс) тілдерді, үйдегі қарым-қатынас тілін (қазақ тілі) және үйден тыс қарым-
133
қатынас тілін (орыс тілі) меңгеру дәрежесіне қарай 2 топқа бөлінді: 1 топ – қазақ тілін толық
меңгерген балалар (респонденттер-монолингвалар (РМҚ)); 2 топ – қазақ тілін бірінші, күшті,
ал орыс тілін екінші, әлсіз меңгерген балалар (респоденттер-билингвалар (РБҚ). Барлық топ
өз ішінен жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топшаға бөлінді: 5-6 жас, 7-8 жас, 9-10 жас.
Респондеттерге қазақ тілінің 160-қа жуық тілдік бірлік ұсынылды, әр тілдік бірлікке шамамен
10-20 жауап алынды. Эксперимент негізгі үш кезеңнен тұрады:
1)
Еркін ассоциативті эксперимент – респонденттерге ұсынылған сөз бойынша
пайда болған ассоциацияларын тіркеу;
2)
Бағытталған ассоциативті эксперимент – респонденттер берілген сөз бойынша
арнайы сұрақтарға жауап береді;
3)
Лингвистикалық эксперимент – респондент берілген сөзді өз танымы, логикасы
бойынша «не үшін олай аталған?» деген сұраққа жауап беру арқылы жүзеге асады.
Эксперименттің келесі деңгейі респонденттерден алынған жауаптарын талдау мен топтаудан
тұрады. Осы жұмыстар нәтижесінде зерттеушілерге жауаптардың негізінде әрбір сөзге
«мотивациялық паспорттар» жасауға мүмкіндік береді. Осы жұмыстарды жасау үшін
алдымен, тақырып бойынша теориялық базаны қалыптастырған ғалымдар еңбегіне шолу
жасау қажет еді. Алдымен, 1984 жылы профессор О.И.Блинова әзірлеген сөздердің
лексикалық мотивация теориясы және жүйелі түрде ұсынылған «Мотивология және оның
аспектілері» монографиясын атап өтуіміз керек.[7] Ал салыстырмалы мотивологияның
әдістемесінен хабардар болу үшін ф.ғ.д., профессор А.Д.Жакупованың 2021 жылы жарық
көрген «Түрік және славян тілдерінің салыстырмалы мотивологиясы» деп аталатын
монографиясына сүйендік [8].
Біріншіден, «Мотивология» дегеніміз не?» сұрағына жауап берсек, МОТИВология,
МОТИВациялық рефлексия деген терминдердегі «мотив» деген сөзге, қазақша «уәж»
баламасы сәйкес келеді. О.И.Блинованың еңбегінде мотивология (уәждеме) терминіне
мынадай анықтама беріледі: «...сөздің уәжделу құбылысын әр түрлі аспектіде зерттейтін
лексикологияның саласы» [7; 387-бет]. Сонда, уәждеме – сөздің уәжділігін лексикалық
құбылыс ретінде қарастыратын ғылым саласы болса, уәждемелік рефлексия сөздің мағынасы
мен оның атауының арасындағы байланысты анықтайды. Яғни, сөздің аталуына не түрткі
болғанын зерделейді. Егер респондент берілген сөзді «таныса», мағынасын түсінсе
(күнделікті өмірде ол затты не құбылысты көрсе), адам сол сөзді естігенде миында белгілі
бір дәрежеде «бейне» қалыптасады да, өзіне белгілі болған тілдік бірліктер арқылы сол
«бейнені» суреттеп береді. Ал сөз жартылай түсінікті болса, онда адам оның сыртқы
(дыбыстық) формасына (тұлғасына) назар аударады. Және сол тұлғадан өзіне таныс
сегментті (бөлікті) тауып алуға тырысады да, өзінің санасындағы бар тілдік бірліктермен
сөздің дыбысталуы мен мағынасын байланыстырып, сөздің мазмұнын түсіндіреді (уәждейді).
Мақалада уәждеме саласындағы негізгі түсініктердің бірі, сөздің ішкі тұлғасын (СІТ)
талдауға байланысты зерттеу үзіндісі ұсынылады. Ең әуелі, сөздің ішкі тұлғасы не екенін
анықтасақ, «...сөздің дыбысталуы (сыртқы тұлғасы) мен мағынасы арасындағы өзара
байланысты түсіндіруге мүмкіндік беретін морфосемантикалық құрылым (мағынасы бар
сөздің морфемалары)» деген анықтама беріледі [7; 363 бет].
Зерттеу нәтижесінде респонденттерге берілген сөздер негізінде, әрбір тілдік
бірлікке
«уәждемелік паспорт» жасалды. «Паспортта» жеке сөздің ішкі тұлғасымен қатар, оның
компоненттерін (лексикалық мағынасы, уәждемелік тұлғасы, уәждемелік мағынасы,
лексикалық уәждемесі, құрылымдық уәждемесі, уәждемелік белгісі, атауыштық белгісі,
уәждемелік тип) тануға болатын кесте жасалынады. Мақалада талданатын уәждемелік
тұлғасы (сөздің уәжділігін көрсететін маңызды дыбыстық тұлғасы (дыбысталуы) мен
уәждемелік мағынасы (уәждемелік тұлғаның мағынасы) болмақ. Қысқартылған түрі:
уәждемелік тұлға – УТ, уәждемелік мағына – УМ. Сөздің ішкі формасының (СІТ) 3 түрін
ажыратамыз:
1.
нұсқалы/нұсқасыз – сөздің УТ бірнеше нұсқасы болса (нұсқалы), УТ мен УМ бір ғана
134
нұсқасы болса (нұсқасыз);
2.
метафораланған/метафораланбаған, егер УМ басқа затқа не құбылысқа ұқсас/ұқсас емес
қатынасын көрсетсе/көрсетпесе;
3.
лексикаланған/лексикаланбаған, егер сөздің кез келген сегментін (бөлігін) сол тілде
сөйлейтін адам «көрсе», бірақ түсіндіре алмаса (лексикаланған), егер сегменттер өзара
байланысы бар екенін «көрсе» (лексикаланбаған).
«Бешбармақ» сөзіне жасалған мотивациялық паспорттың үлгісі:
Достарыңызбен бөлісу: |