«Сары құмның шапқыны». 1. Шақан шері романын «Рөлдегі оқушылар» әдісі бойынша талдау. Баяндаушы топ – Шақан-Шері роман желісін баяндап, желі бойынша сұрақтар дайындайды.
Түсіндіруші топ – шығарма желісінің шиеленіскен тұстарын түсінікті етіп суреттеп,
сұрақтарға жауап береді.
Талқылаушы топ – Шақанның барлық әрекетін талқыға салады. Өздері дұрыс деп білген іс-
әрекетті мақұлдайды.
Қорытынды топ – Барлық топты тыңдап, ортақ шешім қабылдайды, шығармаға баға береді.
2.
«Шақан-Шері» романын блум таксономиясына салып қарастырыңдар.
1.
«Шақан-Шері» романының ұлттық әдебиетіміздегі алатын орны мен жетістігі қандай?
2.
М.Мағауиннің «Шақан-Шері» романын оқығаннан кейір қандай әсерде болдыңдар?
3.
Шақанның кекшілдігін намыс деп бағалауға бола ма?
4.
Жаралы жолбарыстың адамдарға шабуыл жасағанын сендер қалай бағалайсыңдар?
5.
Шақанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
6.
Жолбарыстарды аяусыз қырған Шақан іс-әрекетін ақтай аласыңдар ма?[5.149].
Осылайша оқыту үдерісінде эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді негіздерін ұсына
алсақ, оқушыладың көркем шығарманы оқуға деген ынтасы артары сөзсіз. Біз бұл ісімізбен
оқушыға тек шығарманы оқытып қана қоймаймыз,оқушының кітапқа деген қызығушылығын
оятып, елімізді болашақта дамыған кітап оқушы озық елдер қатарына қоса аламыз. Елдің
болашағы білімді,өнер тапқыш жастарда екенін ұмытпағанымыз жөн. Ал, өнер мен білім
қашан да адамзатқа тек оқу арқылы қонары ақиқат.
Әдебиеттер тізімі
1.
Қабдолов З. Сөз өнері.– Алматы: Мектеп, 1976. – 374 б.
2.
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан,1997. – 288 б.
3.
Мағауин М. Шақан-Шері.Роман, хикаят, әңгімелер. – Алматы:Атамұра, 2005 – 288 б.
4.
Зайкенова Р, Нұрланова Л. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектепті 10-
сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ»
баспасы, 2019. –160 б.
5.
Қасқабасов С, Әлмұханова Р, Раушанов Е, Қайырбай Қ. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім
беретін мектепті 10- сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. –
Алматы: Жазушы, 2019. –240 б.