Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет44/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

1 Мусаев К.М. Формирование, развитие и современные проблемы терминологии на языках 
союзных республик СССР // Развитие терминологии на языках союзных республик СССР. – М.: 
Наука, 1986 - С. 6-178. 
139 


отырған бұл еңбектердің жанама ғана қатысы барлығын ескерсек, оларды 
жаңа қолға алынып отырған қазақ терминографиясын есептемегенде, 
жалпы қазақ лексикографиясының тарихындағы алғашқы еңбектер ретінде 
танып, бұл салалардың даму тарихын сол кезеңнен бастау - ғылымда 
негізсіздеу мәселе. 
Тіпті, қазақ лексикографиясындағы сөздіктер тарихын зерттеуші ғалым 
М. Малбақовтың зерттеу еңбегінде көрсетілген XIX ғасырдың соңында 
шығарыла бастаған сөздіктерін қазақ лексикографиясы болмаса, қазақ 
терминографиясы тарихының бастауы етіп көрсету қисынға келе 
қоймайды
1
. Бұл тұстағы сөздіктер жекелеген кірмс сөздерді қамтығаны 
болмаса, сол кезде "пән сөздері" аталған салалық ғылыми ұғымдарды 
беруді арнайы мақсат етпеген. Алғашқы лексикографиялық сөздіктерге 
жататын бұл еңбектер жарыққа басылып шыққан тұста тіліміздегі салалық 
ғылыми ұғымдарды қалыптастырып, жүйелеу ісі де мақсатты түрде қолға 
алына қоймаған еді. Сондықтан лексикографиялық сөздіктер бола тұрса 
да, олардан терминографияға тән белгілер мен терминдерді беруші 
қызметтерді таба қоймаймыз. 
Терминологиялық сөздіктер тарихын сөз еткен кейбір еңбектерде 1931 
жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан "Атаулар сөздігін" 
алғашқы терминологиялық сөздік ретінде көрсетеді. Осы пікір қазақ тіл 
білімінде кеңінен таралып, қазірге дейін сақталып отыр
2
. "Атаулар 
сөздігі" қазақ терминографиясының тарихындағы алғашқы 
1
 Малбақов М. Бір тілді түсіндірме сөздіктің қүрылымдық негіздері. - 
Алматы: Ғылым, 2002 6-8-б. 
2
 Атаулар сөздігі. - Қызылорда, 1931. 
140 


терминологиялық сөздіктердің бірі болып есептелетіндігі және оның 
терминологиялық сөздіктер жасау тәжірибесін байыта түсуде өзіндік 
маңызды орны бар екендігі анық және оны жоққа шығаруға тиісті емеспіз. 
Тәжірибелік қазақ терминографиясының тарихындағы бұл еңбектің 
маңызы мен өзіндік орны бөлек. Тек нақты терминдерді беруді мақсат 
еткен сөздіктер түрғысынан келсек, бұл орайда "Атаулар сөздігіне" дейін 
де өзге сөздіктердің баспадан жарық көргендігін ескерсек, 
терминологиялық сөздіктер жасау ісінің басын 1931 жылдан бастап 
қарастыру, "Атаулар сөздігін» қазақ терминографиясындағы бірінші 
сөздік етіп көрсету орынсыз болған болар еді. Мысалы, сондай сөзіктердің 
қатарына Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігі, Тілдерді дамыту департаментінің тапсырысы 
бойынша жинақталып, латын әліпбиінен қазіргі әліпбиімізге көшіріліп, 
қайтадан басып шығарылған, кезінде 1927 жылы жарық көрген 
Қаратышқановтың "Пән сөздері" атты сөздігін жатқызуға болады, Ең 
алдымен бұл сөздік уақыттық жағынан да "Атаулар сөздігінен" 
бұрынырақ шыққан сөздік болып есептеледі, әрі көздеген мақсаты 
тұрғысынан да аты айтып тұрғандай, сол кезеңде "пөн сөздері" деп аталған 
терминдерді 
жүйелеп 
беруді 
көздеген 
сөздік-еңбектердің 
бірі. 
Қаратышқанов құрастырған аталған "Пән сөздері" атты сөздік
- сол 
кезеңде шығарылған сөздіктердің ішіндегі тарихи мұрағаттардан бізге 
жетіп, белгілі болып отырған сөздіктердің бірі ғана екендігін ескеруіміз 
керек. Бұндай тарихи дәйек 1931 жылы шығарылған "Атаулар сөздігіне" 
1 Пән сөздері. Құрастырған: Н. Қаратышқанов. - Қызылорда, 1927. 
141 


дейін де ғылыми ұғымдарды беруді, оларды реттеуді мақсат еткен 
сөздіктер жарық көрген деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. 
Белгілі ғалымдар Ә. Қайдаров пен Ө. Айтбаевтың қазақ терминтану 
ғылымының тарихын сөз еткен мақалаларынан мынандай мәліметтерді 
кездестіруге болады: " Қазақ терминологиясының мәселесі ең алғаш рет 
1924 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында өткен 
ғьшыми қызметкерлердің республикалық І съезінде кеңінен сөз болған. 
Мұндағы салиқалы әңгімелер термин жасау ісіндегі кейбір принципті 
мәселелерді күн тәртібіне шығарып пікір түйіндеуге мүмкіндік берген 
сияқті"1. Біздіңше, терминология мәселелері осы кезеңнен-ақ қазақ 
даласында ауқымды түрде қарастырыла бастаса, онда бұдан кейінгі 
кезеңде және оған дейінгі аралықта терминдерді реттеу, қалыптастыру, 
жүйелеу мәселелерінің сөз болмауы, бұл істерді жүзеге асыруда үлкен 
қызмет атқаратын терминологиялық сөздіктер мен осы мәселеге арналған 
еңбектердің жарық көрмеуі мүмкін емес. 
Сондықтан жалпы терминдер қалыптастыру ісі, терминологиялық 
сөздіктер жасау ісі Кеңес дәуірі тұсында 1930 жылдан бастап ауқымды 
түрде қолға алына бастағанына қарамастан, оған дейін де жарық көрген 
еңбектерді, оның ішінде терминологиялық сөздіктерді қарастырмай өту, 
олардың 
терминографиялық 
еңбектердін 
қалыптасуындағы, 
терминологияның дамуындағы орнын атамай кету жөн емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет