Ауылдастар тағдыры
Белгілі ұйғыр жазушысы Хизмет Абдуллиннің «Жерлестер»
атты романы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған. Жекелеген
әңгімелерді есепке алмасақ, соғыс жылдарын суреттейтін көлемді
туынды ұйғыр прозасында күні бүгінге дейін болған емес. Осы
тұрғыдан келгенде аталмыш романның атқарар жүгі қаншалық екені
әркімге-ақ түсінікті болса керек.
Майдан өмірін өз басынан өткеріп, соғыстың қаһарлы шындығын
көзімен көрген қаламгер ерте ме, кеш пе, оқырман жұртшылықпен
сырласары хақ. Бауырлас совет халықтарымен қатар ұйғыр халқының
да басына түскен қиын-қыстау күндер, майдандағы жауынгерлердің
жанқиярлығы мен қайтпас ерлігі, тылдағы қарапайым адамдардың
қажыр-қайраты, жауға деген өшпенділік пен ұлы мақсат жолындағы
арпалысқа толы күрес – осының бәрі жазушы жанына өз сәулесін
түсіруге тиіс еді. Шынында да, X.Абдуллин Ұлы Отан соғысының
жекелеген эпизодтарына арналған көптеген шағын әңгімелер жазды.
Міне, енді біздің алдымызда жазушының көлемді туындысы жатыр.
Автордың алға қойған негізгі мақсаты неміс фашист
басқыншыларына қарсы жаппай күреске ұйғыр халқының қатысқанын
көрсету ғана емес, осы күрестің адам айтқысыз қиындығын, жеңістің
біздің еліміз үшін қаншалық қымбатқа түскендігін де көрсету болса
керек. Оқ пен от астындағы майданмен қатар ауыр еңбекке толы тыл
483
өмірін де суреттеу жазушының өз тақырыбын кеңінен қамтуына
мүмкіндік берген. Тылда жүрсін мейлі, соғыс даласында жүрсін
мейлі, роман қаһармандары жалғыз-ақ мақсатпен тыныстайды,
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ортақ жауға қарсы атой
салады. Жазушы ойының сәтті шешімі де осында.
Автор совет халықтары арасындағы туысқандық, достық
сезімдерді көрсетуге баса назар аударыпты. Дайын схема, жалаң
декларация, әйтеуір солай болуға тиіс деген долбар жоқ. Бұл ретте
жазушы бейнелеуіндегі ұйғырлар мен қазақтар арасындағы риясыз
достық көңіл ерекше көзге түседі. Екі халықтың ежелгі достығы
фашистерге қарсы күрестің қиын күндерінде бұрынғыдан ары
шыңдалады.
Автор совет халықтары арасындағы осындай бірліктің, осындай
достықтың арқасында ғана ортақ жауды жеңу мүмкін болғандығын
көркем образдар арқылы шебер дәлелдеген.
Шалғайдағы «Бірлік» атты ұйғыр деревнясында басталған роман
оқиғасын автор бірте-бірте майдан далаларына – Сталинград түбіне,
Орел-Курск доғасына және ең ақырында құзғындар ұясының өзіне
көшіреді. Міне осының бәрі авторға соғыс жылдарының шындығын
кең масштабта қамтуға мүмкіндік берген. Романның сюжеті мен
композициялық желісі кейіпкерлер образдарының ашылу процесімен
тығыз байланысты екендігін аңғарамыз. Жазушы өзінің негізгі идеясын
шығармадағы басты кейіпкерлердің бастан кешкендерін суреттеу
арқылы жеткізген.
Романның бас қаһармандары – ұйғыр Әнуар, қазақ Қамбар.
Бұлардың қай-қайсысы болмасын өз кескін-келбетімен, өзіндік жан
дүниелерімен көрінген.
Әнуар – соғыстың алғашқы күндерінде-ақ әскер қатарына
шақырылған бала жігіт. Халық жауының ұлы болғандықтан кемсіту,
қорлаудың небір түрін көрген «күмәнді» жігіт азаматтық атымды
ақтайтын кезең туды деген оймен майданға құлшына аттанады. Алайда
жас кезінен теперіш көріп өскен Әнуардың бойында жасқаншақтық
та жоқ емес еді. Өзінің адал ниетпен жасаған алғашқы адымында-ақ
қиыншылық көріп, сәтсіздікке ұшыраған Әнуар бұрын баукеспе ұры
болған Робик деген бұзақының ықпалына түседі де, майдан даласына
бет алған жолынан тайқиды, Робикпен бірге әскерден қашады. Жалған
документтер тауып алған Әнуар сағалап Алматыға келеді, бұдан
соң өз ауылы Бірлікке барады. Алайда көп ұзамай қолға түсіп, айып
484
батальонына жіберіледі. Әнуар осы арада өзінің «досы» Робикпен
қайта табысады: ол да ұзап кете алмаған екен.
Міне, айып батальоны ұрысқа кірді.. Соғыстың ащы шындығы
суреткерлік шеберлікпен көрсетілген осы беттерді романның ең
таңдаулы бөліктерінің бірі ғой деп ойлаймыз.
Сталинград... Өлім не өмір... Адам бойындағы жақсы қасиеттер
осындай сәттерде көзге түспек. Әнуар мен Робик қайтер екен? Ар
мен намыс жеңеді. Қанша дегенмен Советтік тәрбие сүйектеріне
сіңген, өз Отанын жанындай сүйетін екі жас ерлікпен шайқасады.
Робик ұрыста қаза табады да, Әнуар өзінің Отан алдындағы міндетін
жұрт қатарлы орындауға мүмкіндік алады. Өз бөлімімен бірге
Берлинге дейін барып, Рейхстагты алуға қатысқан, көптеген орден-
медальдармен наградталған, соғыс біткен күні Москвадағы Жеңіс
парадына қатынасқан Әнуар шығарманың аяғында өзінің туған
ауылына, бейбіт еңбекке қайтып оралады. Романның бас қаһарманы
өткен өмір өткелдері осындай.
Әнуардың ауылдасы әрі досы Қамбар тағдыры бұдан гөрі
өзгешерек болады. Қамбар әуелде ұзақ уақыт бойы Совет
Армиясының Моңғол Халық Республикасы жерінде тұрған резервтегі
бөлімдерінде қызмет атқарады. Албырт жас ерлікті аңсайды, тезірек
майдан даласына жетуді, басқыншылармен мейірімсіз алысуды
армандайды. Алайда жазушы шығыс шекарадағы жағдайды суреттей
келіп, қырағы кез бен қайратты қол бұл жақта да қажет екендігін
көрсетеді.
Ақыры Қамбар да алдыңғы шепке шығады. Ол Берлин бағытында
Шпрее өзені үшін болған шайқасқа қатынасып, ауыр жарақаттанады
да, госпитальға түседі, сөйтіп жеңіс» сағаты соққан сәтті операция
столында қарсы алады.
Ұзақ уақыт емделудің нәтижесінде Қамбардың көз жанары
қалпына келеді, бірақ ол мүгедек күйінде қалады: от шарпыған бет
өзінің бар шырайынан айрылған еді. Ал ауылда сұлу Зухра бар.
Қалыңдығы, Әнуардың қарындасы. Сүйгенім сырт айналар деп
қорыққан Қамбар елге қайтпауға бекінеді. Алайда бұл ситуация
өзінің сәтті шешімін табады. Оның себепкері сол Зухраның өзі
болады. Сүйіктісінің шынайы махаббаты Қамбарды қайтадан
қатарға қосады, өмірге сенім, бойына жігер береді.
Романдағы екінші қатардағы кейіпкерлердің бейнелері де есте
қаларлық болып шыққан. Көз алдымызда Ханифа тәтей, Сүлеймен
485
атай, Рухсарахан, Зухра, Дәуіттер. Қиын-қыстау кезеңде тылда аш-
жалаңаш жүріп жан аямай еңбек етіп, жеңіс күнін жақындатқан, міне,
осылар сияқты қарапайым адамдар.
Ендігі бір шебер мүсінделген кейіпкер «Бірлік» колхозының
бастығы Олады. Бұл күрделі характер. Өзінше қоғамға пайдалы адам
болғысы келеді. Алайда басшылықтың ескі әдістерін қолданатын
мұндай жанның пайдасынан зияны көбірек тиеді. «Бәрі майдан үшін,
бәрі жеңіс үшін»! – деген ұранды жалаң айғайға айналдырып алған
Оладының бойында Отанға берілгендіктен гөрі шолақ белсенділік
басым. Біреуді нақақтан нақақ жәбірлеу, қарауындағы жұртқа
зорлық-зомбылық көрсету оның стихиясы сияқты. Оладыға берілген
мінездемедегі кейбір штрихтардан біз оның арының таза еместігін
де білеміз. Сонау бір жылдары талай адал адам оның жаласының
құрбаны болыпты. Алайда Олады сияқты жандардың адымы қысқа
болып шығады...
Романды оқығанда автордың өзі суреттеп отырған өмірін
жете білетіндігі аңғарылады. Туған жердің әсем табиғаты, ұйғыр
халқының мәдениеті, салт-санасы, әдет-ғұрпына тәнті боламыз.
Және осының бәрі жалаң экзотика емес, романның сюжеттік
желісіне, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қатысты көрсетілген. Соғыс
көріністерінің суреттелуінде де жасандылық жоқ, автор майдан
шындығын реалистік тұрғыдан бейнелеуге тырысады.
Міне осының бәрі жазушы шеберлігінің шыңдала түсуінің ғана
емес, ұйғыр прозасының өсу, өрлеу үстінде екендігінің де айғағы ғой
деп ойлаймыз.
486
ОҚУ-АҒАРТУ КӨКЖИЕГІ
Как слово наше отзовется
– Если мировое языкознание имеет длительную историю,
начинающуюся с древнеиндийской грамматики Панини, жившего в
III веке до нашей эры, то казахское языкознание – детище Вели кой
Октябрьской социалистической революции. Мы с благодарностью
вспоми наем имена дореволюционных русских ученых Н. И.
Ильминского, В. В. Катаринского, П. М.Мелиоранского, В. В.
Радлова, которых можно назвать пионе рами изучения казахского
языка. Это они впервые описали (в общих чертах) грамматический
строй, фонетическую систему, лексику языка казахов, определили
его место в ряду других тюрк ских языков.
Первые шаги казахского языкознания были продиктованы
практическими по буждениями – составлением учебни ков и учебных
программ для школ и открывающихся вузов. Необходимо бы ло создать
письменность для казахско го языка: впервые за свою многовеко вую
историю степной народ получил возможность приобретать знания.
В ре шении этих насущных задач велика роль первого казахского
профессора-лингвиста X.Жубанова. Один из зачинателей казахского
языкознания, он впервые дал оригинальное решение ряда про блем
истории, исторической граммати ки, этимологии казахского языка.
В 1946 году открылась Академия на ук республики, возникла
возможность планомерного изучения научно-теоретических проблем
фонетики, лексиколо гии, грамматики. Казахская лингвистиче ская
наука обогатилась трудами таких видных ученых, как С. Кенесбаев, Н.
Сауранбаев, М. Балакаев, С. Аманжолов, Ж. Доскараев, Г. Мусабаев,
А. Искаков. Проходит пятнадцать лет, и на базе Ин ститута языка
и литературы создается два самостоятельных исследовательских
центра: Институт языкознания и Институт литературы и искусства им.
М. Ауэзова. Научная структура Института языкознания определена
его целевыми задачами: вместо прежних шести отде лов сейчас – 11:
отдел грамматики ка захского языка, тюркологии и истории казахского
языка, культуры речи, диа лектологии, лексикологии, лексикогра фии,
ономастики, фонетики, терминоло гии и теории перевода, русского
языка и социолингвистики и комплексный от дел уйгуроведения.
487
Сегодня казахская языковедческая наука обогатилась новыми
направления ми исследования, она имеет все основ ные разделы,
которыми представлено советское языкознание в целом. Одно лишь
перечисление трудов казахских языковедов заняло бы очень много
вре мени. За годы Советской власти выпу щено в свет более 200 книг,
более 100 словарей, не говоря уже о научных ста тьях (их несколько
тысяч).
Казахскими языковедами выпущено множество словарей,
имеющих
приклад ное
значение,
–
терминологических,
орфографических,
двуязычных,
синоними ческих,
диалектологических,
этимологи ческих,
фразеологических,
персональ ных, алфавитно-частотных, иноязычных и т. д. Это
наиболее значительное и, я бы сказал, плодотворное направление в
казахском языкознании.
Несомненным достижением является составление и издание
многотомного толкового словаря (коллектив авторов под
руководством члена-корреспонден та АН Казахской ССР профессора
А. И. Искакова). В настоящее время готовится к выпуску 7-й том.
Словарь зафиксиру ет и опишет все лексико-фразеологическое
богатство казахского языка, кото рое отражает материальную и
духовную культуру казахского народа. Кстати, вы пуск такого
объемного толкового сло варя осуществляется впервые в тюрко-
логии.
Фундаментальным является «Фразео логический словарь
казахского языка» академика АН Казахской ССР С. Кенес баева,
удостоенный в 1978 году Госу дарственной премии Казахской ССР.
В лексикологических исследованиях получили освещение
как общие, так и частные аспекты лексикологических про блем,
рассмотрены семасиологические и историко-этимологические
проблемы лексикологии.
Каждый год экспедиционные отряды нашего института
отправляются для сбора полевых материалов в различные об ласти
Казахстана. Непременными участ никами этих экспедиций являются
со трудники отдела диалектологии инсти тута. В итоге выявлены и
монографи чески описаны почти все основные ди алектные явления по
всем регионам Казахстана. Казахские диалектологи под руководством
профессора Ш. Сарыбаева участвуют в составлении диалектоло-
гического атласа тюркских языков. Впервые в тюркологии составлен
488
«Ди алектологический словарь казахского языка», вылущены пять
тематических сборников, десятки монографий и несколько сотен
научных статей.
Ведутся исследования, связанные с научно-практическим
урегулированием сложного процесса нормализации казах ского
письменно-литературного языка. Это исследования по культуре речи,
по стилистике, по языку переводов художе ственных произведений.
Казахских ученых не могут не интере совать проблемы истории
языка и письменных памятников. Исследования а этом важном
направлении в ряде случаев перекликаются с проблемами об-
щетюркологического и алтаистического порядка.
На огромной территории Казахстана сотни тысяч географических
названий. Богатейший этот материал, содержащий много ценных
для языковедов сведений, должен быть собран, систематизирован
и научно описан сотрудниками отдела ономастики, руководимого
доктором филологических наук Т. Жанузаковым.
Наиболее подвижной, изменяющейся частью лексики является
терминоло гия. Знание терминологического про цесса важно для
развития и обогаще ния литературного языка. Большую ра боту в
этом направлении проводит Казгостерминком при Совете Министров
республики. Однако без разработки научных основ терминотворческой
дея тельности во всем объеме, а не по от дельным отраслям науки, вне
их связи данная проблема окончательного ре шения не получит. Такое
решение и участие в создании серийных термино логических словарей
– задача сотруд ников отдела теории перевода и терми нологии.
Более полувека живут и трудятся ря дом представители разных
национальностей на территории огромного Казах стана. Языком
дружбы и взаимного об щения является для них всех русский язык.
Влияние его на структурно-функ циональное развитие казахского и
дру гих языков является предметом иссле дований большой группы
ученых Инсти тута языкознания. Права гражданства и активное
развитие получило в казах ском языкознании новое в советской на уке
направление – математическая лин гвистика, исследующая проблемы
ма шинного перевода и инженерного язы кознания с помощью
статистических, ин формационных и кибернетических мето дов.
Исследования эти ведутся под ру ководством профессора К. Бектаева.
Интересно и плодотворно рука об руку с казахскими учеными в
Институте языкознания трудятся и уйгурские языковеды Г. Садвакасов,
489
Т. Талилов, О.Донамалдинов, Ш. Баратов, Ш. Кибиров и другие.
Десятки монографий, сборников, учебников, исследований по всем
основным проблемам уйгуристики – таков общий итог их работы.
Можно с уверенностью сказать, что в институте трудится
большой и зрелый отряд ученых, способный решать акту альные
проблемы языкознания.
«Ленинская смена», 1982. 22 декабрь.
(Беседовал Е.Керимбаев)
Қыздарын құрметтеген ел едік
Қазақ үшін жоғары оқу орындарының ішінде Қазақтың
мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының орны ерекше,
қасиетті де қастерлі. Олай дейтінім, өмірдің бар жақсылығы ананың
атымен байланысты. «Отан ана», «жер ана», «ана тілі» секілді
әрбір азаматқа аса қымбат ұғымдардың барлығы да ананың атымен
байланысты. Қыздар институтында оқып, кәсіби білім алатын
қыздарымыз – болашақ аналарымыз, олар тек жас ұрпақгың тәлім-
тәрбиесіне тікелей үлес қосатын мектеп мұғалімдері ғана емес,
сонымен бірге егеменді елдігіміздің бірден-бір кепілі – ана тілімізді
ұрпақ бойына дарытушы ардақты жандар. «Ұл өссе –ұрпақ игілігі,
қыз өссе – ұлт игілігі» дейтін халық даналығы мен Елбасымыз
Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» деген
уәли сөзі осының айғағы.
Институттың құрметті профессоры ретінде мен оған кейінгі
кездерде жиі барып, оның ұжымымен араласып, студент,
оқытушыларының кездесу, басқосуларына қатысып тұрамын. Сонда
байқағаным, соңғы бір-екі жыл барысында институтта көптеген
игілікті істер атқарылып, жаңа үрдіс қанат жайып келеді.
Айталық, өткен оқу жылынан бастап заман талабына орай
института құрылымдық өзгерістер жүргізілді. Мұнда бұрынғы
факультеттер мен бөлімшелер негізінде жаңаланып, төрт факультет
(тарих-филология, жаратылыстану және бастауыш мектепте оқыту,
экономикалық және мәдени қызмет көрсету, шетелдегі отандастарға
арналған дайындық факультеттері), сондай-ақ жетім балалар үшін
арнайы дайындық бөлімі қайта құрылыпты.
Бұл факультеттердің 23 кафедрасында еңбек ететін ұстаздар
39 түрлі мамандық бойынша дәріс береді екен. Жаңадан араб,
ағылшын, неміс, қытай, корей тілі пәндері бойынша қос тілді
490
меңгеретін мамандар даярлау ісі қолға алынған. Демек, бұл
шәкірттер болашақта мамандығы бойынша мұғалім, әрі аудармашы-
референт болып еңбек ете алады деген сөз.
«Жетім көрсең жебей жүр» демекші, жоғарыда атағанымыздай,
институт ұжымы өзінің әу бастағы міндетіне сай жетім өскен, жас
қыздардың мамандық алуына мүмкіндік жасап, соған сәйкес білім
мен тәрбие беруді қайта жандандыра бастаған. 1944 жылдары,
институт алғаш ашылған тұста да, осындай қайырымдылық шаралары
жүргізілгенін білеміз. Сол сұрапыл соғыс жылдарында қолға
алынған алдыңғы аға ұрпақтың өнегелі істері бүгінде де жалғасын
тауып отыр. Осы оқу жылында кең байтақ республикамыздың әр
түкпірінен келген 200-ге тарта тұлдыр жетім қыздарымыздың, Білім
және ғылым министрлігі мен ҚР Президенті жанындағы Отбасы
және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия тарапынан құрылған
арнаулы комиссия арқылы іріктеліп, жоғарыда аталған арнаулы
дайындық бөлімінен білім нәрін, тәрбие тағылымын алып келеді.
Сондай-ақ институт қаржысымен әр түрлі мамандықта 15
жетім қыз мамандық алады екен. Оралман жастар үшін арнайы
ашылған дайындық факультеті де үш-төрт жылдан бері шетелдік
қандастарымыздың балаларын біздегі білім жүйесіне үйрету
максатында дайындық шараларын тиянақты түрде жүргізіп отыр.
300-ге тарта қандастарымыз даярлық факультетін табысты тәмамдап,
еліміздің басқа да жоғары оқу орындарына түсіпті.
Өткен 60 жылға таяу уақыт ішінде осы институтты бітірген
мыңдаған түлектер Қазақстанның төрт бұрышында түгел, коғамдық-
мәдени өміріміздің сан алуан саласында қызмет атқарып, игілікті
ісімен ел мерейіне бөленіп келе жатса, олардың болашақта атқаратын
қызметі бұдан да ұлғая түспесе, кемімейді деп айта аламын. Тәуелсіз
мемлекетіміздің елдігін танытатын, халқының тілін, ділін, дінін, ата
дәстүрін біліп өсетін жас ұрпақтың болашақ тағдыры осы оқыған,
маман, ұстаз аналардың қолында. Ахмет Байтұрсынұлының «Біз –
кешегі заманның баласымыз, болашақтың атасымыз» деген пікіріне
сәйкес, алдағы ғасырда бесігімізді түзеп, салауатты ұрпақ өсіргіміз
келсе, ең алдымен ана есіміне байланысты барша рухани күшімізді
қолдап, қуаттай білуіміз керек.
Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
бірқатар мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру
туралы Жарлыққа қол қойғаны өзімізге белгілі. Бұл өте құптарлық
491
қадам екенін айта отырып, біз өз тарапымыздан осы оқу орындарының
қатарына өзіндік, көпжылдық тәжірибесі бар, қалыптасқан үрдісі мен
тәлім-тәрбие беру, маман дайындау үлгі-өнегесі, білім алуға қажетті
оқу орны, кітапханасы, техникалық тұрмыстық жағдайы, құрал-
жабдықтары бар, оқу-әдістемелік және компьютер техникасымен
қамтамасыз етілген, сондай-ақ институт жанынан ашылған орта
білім беретін лицей, колледж, гендерлік ғылыми-зерттеу институты,
баспаханасы, мәдени-өнер орталығы бар, қоғамға аса қажетті,
6 мыңдай студенті, 378 оқытушы-профессоры бар осы бір қара
шаңыраққа да ерекше статус (мәртебе) беру әбден орынды болар еді
демекпіз.
«Егемен Қазақстан»
31 шілде 2001.
Араб, парсы тілдерін үйренудің ділгерлігі
Советтік Қазақстан жарты ғасыр ғұмырында мәдени өрісі
кеңейіп, биік тұғырдан көрініп отыр. Бүгінгі таңда 350 мың студент
оқып жүрген 43 жоғары оқу орны мен 199 техникум бар. Бұған қоса 25
мыңнан аса ғалым (бұлардың ішінде 350 доктор, 5000 шамасы ғылым
кандидаты) жұмыс істейтін 168 ғылыми мекемені атасақ, соның өзі
біздің шыққан биікті мегземей ме! Барға ырзамыз. Бірақ, бұған уақыт
көңілі толмайды, оған қанағат еткізбейді. Мысалы, байқасақ, біздің
ғалымдар күні бүгінге дейін халқымыздың орта ғасырдағы бай жазба
мұраларының мұртын сындыра да алмай келеді. Осының сыры неде?
Бұл сұраққа жауап беру үшін көкейтесті мәселенің басын ашу қажет.
Рас, өскелең өмір талабына сай, соңғы жылдарда республикамыздың
ғылми-педагогикалық мекемелерінде халқымыздың рухани және
дүниелік қазыналарын, атап айтқанда әдеби жазба мұраларын,
ұлт тілдерінің тарихы мен даму жолдарын жан-жақты зерттеу
жұмыстары жедел қолға алынды. Бірақ тереңнен ақтара, дөп анықтай
зерттеу ісі асқан білімділік пен ғұламалықты, ең алдымен шығыс
халықтарының, атап айтқанда, араб, парсы тілдерін жүйрік те жетік
білуді талап етеді. Өйткені, халқымыздың даму тарихы, оның рухани
және дүниелік байлығы көп ретте араб елдері халықтарымен тікелей
байланысты. Біздің қолымыз жетпей отырған, атадан қалған бағалы
жазба ескерткіштеріміздің көпшілігі сол тілдерде сөйлейді. Өкінішке
орай, өзімізде, не өзге елдерде сақталған араб, парсы тілдеріндегі
деректер мен халқымыздың тарихын паш ететін әр түрлі қолжазбалар
492
қазынасы көрсетілген тілдерді білмегендіктен, білетін мамандарды
жоғары оқу орындары мен ғылми мекемелер дайындамағандықтан,
дайындалған күнде де олардың өте мардымсыз, тапшылығынан,
ғылыми тұрғыда кәдеге жарата алмай отыр, аз зерттеледі, аз емес-
ау, зерттелмейді десе де болғандай. Бұл жөнінде көршілес отырған
туысқан республикалардың (Өзбекстан, Азербайжан) айтарлық
жетістіктерін көрсете кеткен абзал.
Жасыратыны жоқ, жоғары оқу орындарының филология (тарих)
факультеттерінен ғылымға келіп қосылғандардың шығыстану
қазынасынан мақұрым болуы, яки шығыс халықтары (араб, иран)
тілдерін білмеуі, ол ол ма, жас филолог, тарихшыларымыздың кешегі
40-жылдарға дейін қолданылып келген араб, не латын жазуын оқи
алмауының өзі біз жоғарыда көрсеткен жағдайдың салқыны демеске
болмайды. Республикамыздағы ғылыми-педагогикалык және
қоғамдық мәдени ұйымдардағы жас және орта буын ғалымдардың
шығыс тану мен жалпы тюркологиядан дайындығы мен икемінің
болмауы қазақ халқының бай мәдени мұрасын байыбына бұрып
зерттеуде, оның басынан кешірген тарихи даму жолын анықтауда
көп олқылық тудырып келеді. Осы жағдайларға байланысты
ғалымдарымыз бен педагогтарымыздың баспа бетінде пікір айтып,
игілікті іске мегзеуі өте заңды.
Жоғары оқу орындарында араб, парсы және басқа шығыс тілдерін
білетін мамандар даярлаудың және олардың ғылыми-педагогикалық
мекемелер мен мәдени ұйымдарға іс жүзінде қажет екендігін көрсетіп
әр түрлі маман адамдар, соның ішінде тілші қауым республика
газеттерінің («Қазақ әдебиеті», 2 және 23 октябрь 1970ж., «Лениншіл
жас», 29 май 1968 ж.) бетінде ойларын ортаға салып, нақты ұсыныстар
жасады. Біз бұл жолдастардың пікірлерін қостаймыз. Бұған негіз
боларлық жайларды тұжырымдап көрсетсек, мынадай: Біз үшін
араб, парсы тілі мамандарының қажеттілігі, ғылымымыздың оларға
зәрулігі – бүгінгі таңда талас тудырмайтын мәселе. Мұндай мамандар
араб, иран және түркі тілдеріндегі деректер мен қол жазбалар арқылы
берілген тарих пен этнографияны, мәдениет пен әдебиетті, ауыз
әдебиеті мен тілді, сондай-ақ М. Қашқари, Ю.Баласағұн, әл-Фараби,
Қожа Ахмед Яссауи, Абу Хаиян тағы осылардай көрнекті ғалымдар
мен ақындардың асыл мұраларын ана тілімізге аударып, әрі олар
бойынша зерттеу жүргізу үшін ғылми-зерттеу институттарына қажет.
Екіншіден, шығыс тілдері мамандарын сол тілдерде қазақ тарихына
493
қатысты шыққан еңбектерді ретке келтіріп, оларды халық игілігіне
жарататын республикалық архивтер мен кітапханалар, қолжазба
қорлары мен кітап палатасында пайдалануға болады. Үшіншіден,
араб, иран, т.б. шығыс тілдерін білетін мамандар аудармашы ретінде
республикамыздағы шет елдермен байланыс достық қоғамы үшін де
аса қажет. Төртіншіден ескі қолжазбаларды, әр түрлі заттарға жазылған
жазуларды ретке келтіріп, әрі зерттеу мақсатында да аталған тілдер
мамандары тарихи-этнографиялық және өлкетану музейлері мен
кейбір мәдени-ағарту мекемелері үшін де керек. Сонымен бірге араб
жазуымен жазылған ғылыми еңбектер, оқулық пен оқу құралдарын
шығару кезеңдерінде баспа орындары мен баспаханалардың да арнаулы
мамандарға мұқтаждығы әрдайым алдымыздан шығады да жүреді.
Әрине, араб, парсы, түрік т.б. шығыс халықтарының тілін білетін
мамандар жоғары оқу орындарының қоғамдық факульттеріне не үшін
қажет екендігін айтып жатудың өзі артық.
Республика үкіметінің ілгеріректе қабылдаған қарарына сәйкес,
жекелеген қазақ және ұйғыр мектептерінде араб, парсы тілдерін шет тіл
ретінде оқыту қажеттілігін осы тұста айрықша айтқан жөн. Бұл ретте
басқа туысқан республикалардың тәжірибесін қабылдауымыз қажет-ақ.
Бір ескертетін жәйт; аталған тіл мамандары қазақ жастары арасында
қазір ептеп кездеседі. Бірақ, олар өзінің ана тілін жақсы біле бермейді,
өйткені шығыс халықтары тілін Қазақстаннан тыс жерде оқыған ғой.
Ал біздің университет оқытса, олар араб, парсы, қазақ тілдеріне бірдей
жетік болар еді. Бізге керегінің өзі сол.
Араб, парсы, сондай-ақ түрік тілдерінің мамандарын даярлау
мәселесін іс жүзінде шешу мақсатымен, біздің ойымызша, мына
шараларды бірте-бірте іске асыру қажет деп білеміз:
1. Ең алдымен астанадағы жоғары оқу орындары мен Қазақ ССР
Ғылым академиясының Тіл білім институтындағы тиісті мамандардың
қатынасуымен Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің жанынан
ұйымдастыру комиссиясын құрса, оған алда тұрған міндеттерді жүзеге
асыру үшін қолдан келетін нақты мүмкіншіліктерімізді (кадр, қаражат,
жай-жағдай, т.б. сияқты) тиянақтай түсу, соның негізінде барлық
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу жүктелетіні белгілі ғой.
2. 1971-1972 оқу жылынан бастап-ақ С. М. Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің жанынан
араб, парсы, түрік (анатоли) тілдерін үйрететін үш топтан (әр топта
20 адамнан) тұратын Шығыс тілдері бөлімін құру қажет сияқты
494
(әрине, мұндай бөлімді құру үшін, оған жан-жақты дайындық жасау
керектігі өзінен-өзі түсінікті).
3. Университет пен пединституттардың филология, тарих,
заң, экономика, философия, журналистика және кітапхана
факультеттерінде латын және арабтың соңғы рет өзгертілген
жазуларын (жадит) міндетті түрде үйрететін курс ашып, оны
оқулықтармен қамтамасыз етуі қажет деп білеміз.
4. Араб, парсы және түрік тілдерінің мамандарын даярлағанда
олардың жалпы тюркология және шығыс тану пәндері бойынша жан-
жақты білімдар болып шығуын ескерген жөн. Бұл ретте олардың
оқу бітіргеннен кейін тек жоғары оқу орындары мен мектепте сабақ
беру шеңберінде ғана қалып қоймай, ғылымның әр саласында (тарих,
әдебиет, тіл философия, т.б.) зерттеу жүргізуі ықтимал екендігін
ескеру қажет.
Болашақ мамандарды даярлаудағы негізгі өндірістік база
республикадағы кейбір қазақ, ұйғыр мектептері болмақ. Бұл
мәселенің түбегейлі шешілуі Қазақ ССР Оқу министрлігіне де тікелей
байланысты. Жалпы алғанда, бұл іспетті игілікті істі жүзеге асыру
жолында ат салысу, жан-жақты қамқорлық жасау – көкірегі сезімді әр
азаматтың абзал борышы.
«Қазақ әдебиеті», 15 қаңтар 1971
Достарыңызбен бөлісу: |