Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет38/41
Дата15.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#9668
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

Қазақ әдеби тілі тарихының 

зерттелу жайы мен міндеттері

Ұлы  Октябрь  Социалистік  революциясының  жеңісі  арқасында  қазақ 

халқы ежелгі мұқтаждықтан, ұлттық езгіден, теңсіздіктен азат болып, орыс 

халқының  және  Советтер  Одағындағы  басқа  да  халықтардың  көмегімен 

өзінің  ұлттық  мәдениетін,  ұлттық  әдеби  тілін  дамытуға  мүмкіндік  алды. 

Совет тұсындағы әдеби тіліміз бүгінде оқу, ғылым, мәдениет, баспасөз тіліне 

айналып  отыр.  Ол  бұрын  болып  көрмеген  қарқынмен  дамып,  кемелдене 

түсіп,  өзінің  шырқау  биігіне  жетті.  Совет  дәуірінде  түрлі  мәдени-ағарту, 

оқу  орындарының  ашылуы,  халықты  жаппай  сауаттандыру  бағытында 

жүргізілген игі жұмыстар, газет-журналдардың көптеп шығарылуы, аударма 

жұмысының дамуы, жер-жерде ұлттық мектептер мен театрлардың құрылуы, 

радио, телехабарлардың ана тілінде берілуі, ғылым салаларына байланысты 

оқулықтардың, көпшілікке арналған кітаптардың жарық көруі, іс қағаздарын 

жүргізу тәжірибеміздің өріс алуы, ғылым мен техниканың, мәдениетіміздің 

қарыштап  дамуы  –  осылардың  бәрі  де  қазақтың  әдеби  тілін  жаңа  сатыға 

көтеріп,  оның  қолданылу  аясын  мейлінше  кеңейтті.  Әдеби  тіл  барынша 

молықты, әртүрлі стильдік тәсілдер қалыптасып, жан-жақты дамыды.

Бірақ жазба әдеби тіл бүгінгі стиль жағынан қалыптасқан, грамматика, 

фонетика, лексика жағынан нормаланып, бір жүйеге түскен қалпына бірден 

жеткен  жоқ.  Ол  ұзақ  тарихи  жолы,  бел-белестері,  өзіндік  терең  сыры  бар 

күрделі құбылыс.

Ертедегі  орыс  ғалымдарының  қазақ  тілі  жөнінде  жазған  еңбектерінің 

ішінде әдеби тілге қатысты болжам-пікірлер жоқтың қасы. В. В. Радлов, П. 

М.  Мелиоранский,  Н.  Ильминскийдің  қазақ  тілінің  табиғи  ерекшеліктері 

жайында айтқандары мен фонетика, грамматикаға қатынасты еңбектерінде, 

жасаған сөздіктерінде әдеби тіл нормалары жол-жөнекей ғана аталып өтеді.

Қазақ әдеби тілінің негізгі мәселелері соңғы 20 жыл, әсіресе кейінгі 10 

жыл ішінде ғана арнайы сөз болып, оның дамуы, арнасы, дәуірлерге бөлінуі, 

оған  қатысты  нұсқалардың  тілі  жөнінде  жеке  мақалалар,  моногра фиялық 

еңбектер жазыла бастады.



461

Әдеби  тілдің  күй-қалпы  жайын  сөз  еткендер  –  І.  Кенесбаев, 

Н.Сауранбаев, М. Балақаев, С. Аманжолов, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев, Т. 

Қордабаев, Р. Сыздықова, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Қ. Өмірәлиев, 

С.Исаев,  Б.  Әбілқасымов,  Е.  Жанпейісов,  Ғ.  Қалиев,  Е.  Жұбанов, 

С.Хасанова т. б. зерттеушілер.

Қазақ  әдеби  тілі  тарихын  зерттеу  көп  жылдардан  бері  Тіл 

білімі институты жанындағы түркология мен тіл тарихы бөлімінің 

еншісінде  болып  келеді.  Кейінгі  10  жыл  ішінде  бұл  мәселеге 

арналған бірнеше моногра фиялық еңбектер мен мақалалар жинағы 

жарық көрді.

Әдеби  тіл  тарихын  зерттеу  мәселесінде  1960  жылдарға  дейінгі 

кішігірім  еңбектердің  қатарында  1949ж.  басылып  шыққан  проф. 

Аманжоловтың  «Қазақтың  әдеби  тілі»  атты  кітапшасын  және  1952 

жылы жарық көрген проф. Ғ. Мұсабаевтың «Становление и развитие 

казахского литературного языка и вопросы казахской диалектологии» 

деген еңбегін атауға болады.

Қазақ  әдеби тілін зерттеу жұмыстары көбінесе Абай, Ыбырайдың 

тіл ерекшеліктерінен, жазба әдеби тілді қалыптастырудағы қызметтеріне 

байланысты болғаны мәлім.

Жазба  әдебиет  тілімізде  кітаби  дәстүр  үстемдік  құрып  тұрған 

дәуірде, яғни әдеби тіліміздің бастапқы, балаң кезінде Абай мен Ыбырай 

өз  шығармаларын  Орта  Азияға  кең  тараған  кітаби  тілде  жазбай,  ауыз 

әдебиет  тілінің  дәстүріне  сүйене  отырып,  жалпы  халықтық  тілдің 

негізінде жазды, сөйтіп әдеби тіліміздің кейінгі қалыптасуына ықпалын 

тигізіп,  оның  дамуына  жағымды  әсер  етті,  жалпы  халықтық  тілді 

жазба  әдебиетте  колданудың  үлгісін  көрсетті.  Олар  көркем  әдебиеттің 

аса  шұрайлы,  әсем  де  өрнекті  үлгілерін  қалады,  қазақ  әдебиет  тілінің 

іргесін  бекемдеді.  Әдеби  тілді  зерттеушілердің  біразының  әдеби  тілді 

демократиялық  бағытта  қалыптастыруда  зор  еңбек  сіңірген  Абай  мен 

ЬІбырайды қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаушы деп тануының бір 

себебі осы болса керек. Құдайберген Жұбановтың 1930 жылдары жарық 

көрген «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген еңбегінде әдеби тілдің 

пайда  болуындағы  Абайдың  рөлі  дұрыс  көрсетілген  болатын.  «Абай 

...әдебиет  тілін  тазартып,  қазақ  тілінің  бар  байлығын  іске асыруға жол 

ашып, жазба әдебиет тілінің іргесін қалады»

1

. Осы баға кейінгі зерттеушілер 



тарапынан  қолдау  тапты.  Бұл  жерде,  әсіресе  М.  Әуезов,  Қ.  Жұмалиев, 

Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, М. Балақаев, 3. Ахметов, X. Сүйіншәлиев, Е. 

1   Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 305-б.


462

Ысмайылов  т.б.  зерттеушілердің  мақалаларын  атауға  болады.  Ал,  1960 

жылдан бастап Абай, Ыбырайдың мұрасы үлкен монографиялық еңбектер 

дәрежесінде  зерттеле  бастады.  Бұл  ретте  Қ.  Жұмалиевтің  «Қазақ  әдебиеті 

тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960), Р.Сыздықованың 

«Абай  шығармаларының  тілі»  (1968),  «Абай  өлеңдерінің  синтаксистік 

құрылысы»  (1971),  Қ.  Мұқаметхановтың  «Абай  шығармаларының 

текстологиясы  жайында»  (1959),  М.  Мырзахметовтың  «Мұхтар  Әуезов 

және  Абайтану  проблемалары»  (1982),  Ә.  Дербісәлиннің  «Ыбырай 

Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы» (1958), «Ыбырай Алтынсарин. 

Өмірі мен қызметі туралы» (1956), С. Хасанованың «Ыбырай Алтынсарин 

шығармаларының тілі» (1972) деген еңбектерін атауға болады. Miнe, осы 

еңбектердің  бәрі  де  –  Абай  мен  Ыбы рай  тілінің  әдеби  тілді  дамытудағы 

үлесін анықтауға бағышталған еңбектер.

Бізде  тіл  тарихын,  оның  ішінде  әдеби  тіл  мәселелерін  зерттеу 

барысында әдебиеттану ғылымы мен тарих ғылымын ұштастырып зерттеу 

жағы жетпей жатады. Ал, әдеби тіліміздің бүгінгі шыңы мен басып өткен 

жолының  қыр-сырларын  тек  тарихи  (историзм)  тұрғыдан  қарастырғанда 

ғана дұрыс тани аламыз. Өйткені әдеби тілдің дәуірленуі, оның нормалануы, 

стильдік тармақтардың пайда болу мерзімі т.б. мәселелер, әдетте, сол тілде 

сөйлеуші  халықтың  экономикалык,  саяси-әлеуметтік  жағдайларымеи 

тікелей байланысты.

Әдеби тіл мәселелерін шешуде тілге тиек ететін нәрсенің бірі – әдеби 

нұсқалардың  сыр-сипатымен  байланысты.  Ол  үшін  алдымен  «қазақ 

әдебиеті» дейтін ұғым қай уақытта пайда болды, «кітаби» ақындар дегеніміз 

кімдер,  ауыз  әдебиетінің  проза  жанры  болды  ма,  жоқ  па  деген  сияқты 

мәселелерді шешіп алу керек. Мысалы, кейбір зерттеушілер (Қ. Өмірәлиев т. 

б.) қазақ халқының қалыптасуына ұйтқы болған ру-тайпаларда «түркі» деп 

аталған (VIII–XII ғ.) жазба әдебиет болды, ал XIV ғ. «ескі түркі» тіл үлгісінде 

бірлі-жарым көркем шығармалар жасалды, хандар арасында ресми хат жазу 

дәстүрі, хан шежірелерін жазу салты болды, бірақ қазақ әдебиеті солардың 

жалғасы  ретінде  дамыған  әдебиет  емес,  олардан  бөлек  әдебиет  дегенді 

айтады. Немесе, «жазба әдебиет», не «ауыз әдебиеті» деп айырмай, «әдебиет 

дегеннің бәрін бірлікте қарау керек» деген пікір де жоқ емес.

Әдеби  тіл  мәселелері  көбінесе  ертедегі  әдебиет  нұсқаларымен 

байланысты  қарастырылып  жатады.  Әдебиетші  ғалымдардың  кейінгі 

10–15 жыл ішінде біраз ақын-жыраулардың шығармаларын тауып, оларды 

жариялауы  –  әдеби  тіл  мәселесінің  талас  мәселелерін  шешуге  септігін 

тигізетін  жайлар.  Бұл  тұста  М.  Әуезов,  Қ.  Жұмалиев,  Ы.  Дүйсенбаев,  Ә. 


463

Дербісәлин, X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, М. Дүйсенов зерттеулерін атар 

едік.

Әдебиет үлгілері мен әдеби тіл мәселелерін ұштастыра, бірлестіре 



зерттеудің жақсы үлгісін біз Қ.Өмірәлиевтің еңбектерінен көріп жүрміз.

Дегенмен  қазақ  әдеби  тілі  тарихына  қатысты  зерттеулерден  біз 

дұрыс та түбегейлі шешімдерден гөрі, қайшы пікірлерді, әртүрлі долбар, 

жорамалдарды,  терминдік  алауыздықтарды  көбірек  кездестіреміз. 

Мәселен,  әдеби  тілдегі  жазба  дәстүр  туралы  айтылып  жүрген  пікірлер 

әр  алуан.  Әдеби  тілдің  жазба  дәстүрі  күні  кеше  Абай,  Ыбырайдан 

басталды деген пікір де, тіпті ол 1917–1920 жылдан кейін ғана басталды 

деген пікір де жоқ емес. Осыған орай әдеби тілдің тарихы түркі тілдес 

тілдердің  жазба  (көне)  дәстүрімен  астасып  жатыр  деушілер  де,  ауыз 

әдебиеті тілімен де, ауызекі тіл нормаларымен де ұштасқан көне қазақ 

әдеби тілі болды деушілер де жоқ емес. Түркі тілдерінің көне де ортақ 

мұрасы орхон-енисей жазба ескерткіштері де қазақтың халық тіліне де, 

әдеби  тіліне  де  тікелей  қатысты  деген  пікір  айтылып  келеді.  Осындай 

ала-құлалықтың  орын  алуының  басты  себебі  –  «әдеби  тілдің»  шын 

мәніндегі ғылыми анықтамасының осы күнге дейін тек қазақ тіл білімінде 

ғана емес, 200 жылдық тарихы бар орыс тіл білімінің өзінде де талас-

тартыс  тудырып,  қарама-қарсы  пікірлер  айтылып  жүргендігінен  болса 

керек. Басқаша айтқанда, әдеби тілдің статусын түсінуде бірауыздылық 

жоқ. Оны төмендегі пікірлерден де байқауға болады. «Өкінішке қарай, 

қазіргі заманғы орыс тіл білімін зерттеуде «орыс әдеби тілі» ұғымының 

жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ»

2

. Академик В.В.Виноградов 



бір  топ  орыс  ғалымдарының  әдеби  тіл  туралы  бір-біріне  жанаспайтын 

концепцияларын  сөз  ете  келіп:  «Әдеби  тілдің  анықтамаларында, 

түсініктемелерінде  мұндай  ала-құлалық  орын  алып  отырғанда  XIX 

ғасырдағы  көркем  әдебиет  тілінің  немесе  әдеби  тілдің  эволюциясы 

жөнінде  сөз  қозғаудың  өзі  қиын»

3

  деген  еді.  1930  жылы  айтқан  бұл 



пікірін  кейін  1967  жылы  В.Виноградов  тағы  қайталайды

4

.  Орыс  әдеби 



тілін көптен бері зерттеп жүрген Ф. П. Фи лин әдеби тілдің анықтамасы 

жайында  да,  оның  айырым  ерекшеліктері  жайында  да  едәуір  ала-құла 

пікірлерді атаған-ды

5

.



2  Горшков  А.И.  Теоретические  основы  истории  русского  литературного  языка.  М., 

1983. С.13.

3  Виноградов В.В. О художественной прозе. М.-Л., 1930. С.16.

4    Соныкі.  Проблема  литературных  языков  и  закономерностей  их  образования  и 

развития. М., 1967. С. 69-82.

5  Филин Ф.П. Истоки и судьбы русского литературного языка. М., 1981.



464

Осыған    қарағанда    әдеби    тіл  жайындағы  біздің  талас-

тартыстарымызды  дұрыс  шешу  үшін  ең  алдымен  зерттеп  отырған 

обьектімізге  ғылыми  анықтама  беріп,  «әдеби  тіл»  категориясының  не 

екенін ашып алуымыз керек. Тіл білімі дәстүрінде бұл көптен келе жатқан 

дәстүр. Ол үшін біз марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларына 

сүйенуіміз  керек.  Осыған  орай  Ф.Энгельстің:  «Белгілі  бір  заттың 

бойындағы  өзгерістерді  зерттеумен  шұғылдану  үшін  әуелі  осы  заттың 

өзінің  не  екенін  білу  керек...»

6

  деген  пікірі  ой  салады.  В.  И.  Лениннің 



мына сөзіне де ерекше көңіл аударған жөн. «Кімде-кім жалпы мәселелерді 

алдын ала шешіп алмай тұрып жекелеген мәселелерді колға алса, оның 

әрбір  қадам  басқан  сайын  өзінен  өзі  еріксіз  сол  жалпы  мәселелерге 

қалайда «тіреле береді»

7

. Әдеби тіл мәселелерімен шұғылданып жүрген 



қазақ тілі мамандарының біразы осы мәселелерді сөз еткенде, олар көп 

жағдайды  «өзінен-өзі-ақ  түсінікті  нәрсе»  деп  қарайды  да,  оны  талай 

саққа жүгіртіп, көбі «әдеби тіл дегеніміз не?» дегенге жауап бермейді. 

Сондықтан да әркім өз жорамалын шындық қағида деп ұсынғысы келеді. 

«XIX ғ. бұрын әдеби тіл болған жоқ» деушілер «әдеби тіл» деген атауды 

бір  түрлі,  «XIX  ғ.  дейін  де  әдеби  тіл  болды»  деушілер  оны  басқаша 

түсіндіріп,  бір  құбылыстың  өзін  әртүрлі  қарастырып,  мәселенің  дұрыс 

шешілуіне нұқсан келтіріп жүргендігін жасыруға болмайды. Соңдықтан 

мұндай  екі  ұдай  пікірдің  бірін  қолдап,  екіншісін  жоққа  шығару  үшін 

ең алдымен әдеби тілдің көп анықтамасының біреуіне тоқталып, оның 

өзіндік  белгілерін  анықтап  алуымыз  керек.  Олай  етпегенде,  әркімнің 

пікірі  өзінше  дұрыс  болып  шығады.  Егер  біз  қазіргі  қазақ  әдеби  тілін 

«жаз ба әдебиет арқылы нормаға түсіп қалыптасқан, стильдік тармақтары 

жетілген, әлеуметтік кызметі әр алуан, халық тілінің жоғарғы формасы» 

дсп анықтасақ, онда М. Балақаев, Т. Қордабаев, С. Аманжоловтың пікірі 

дұрыс  болып  шығады.  Егер  біз  «әдеби  тілді»  «өңделген,  сұрыпталған, 

нормаланған, жалпыға ортақ қасиеті бар, ауызекі сөйлеу тіліне қарама-қарсы 

қою арқылы танылатын тіл» деп анықтайтын болсақ, онда Р. Сыздықованың 

концепциясын мойындауымыз керек. Егер «Әдеби тіл дегеніміз әдебиеттің 

тілі, фольклор тілі – ауызекі әдеби тілдің үлгілері» деп түсінсек, онда 

Қ. Өмірәлиев пен Е. Жұбановтың пікірлері дұрыс болатын сияқты.

Рас,  жазба  дәстүрі  бай  Европа  халықтары  тілдерінің  тарихы  мен 

жазуы кенже қалған түркі тілдерінің тарихы бірдей емес. Сондықтан да 

оларменен  түркі  әдеби  тілдерінің  белгілері  сайма-сай  келмеуі  мүмкін. 

Бірақ,  олардың  ортақтық  жағы  да  жоқ  емес  қой,  соны  ескере  отырып, 

6  Маркс К., Энгельс Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалары. Алматы, 1956. 2-т. 397-б. 

7  Ленин В.И. Шығ.тол.жин. 1976. 15-т. 405-б. 


465

әдеби тілдің жалпыға бірдей анықтамасын ұстануға да болатын сияқты. 

Мәселенің  осы  арасына  кел генде,  «әдеби  тіл»  категориясын  анықтау 

үшін оларға тән ортақтық белгілер мен жеке тілдердің өздеріне ғана тән 

ерекшеліктерге сүйену принципін белгілеп алу қажет сияқты. Мысалы, 

қазақ  әдеби  тіл  тарихын  зерттеу  барысында  мына  сияқты  көптеген 

терминдер  қолданылып  жүр:  «қазақ  әдеби  тілі»,  «қазақтың  ұлттық 

әдеби  тілі»,  «қазақтың  ұлтқа  дейінгі  әдеби  тілі»,  «қазақтың  жалпы- 

халықтық тілі», «қазақтың жазба әдеби тілі», «қазақтың жалпы ұлттық 

тілі»,  «ұлттық  дәуірге  дейінгі  әдеби  тіл»  т.  б.  Сонымен  қатар  әдеби 

тілді  зерттеуге  арналған  еңбектерден  біз  мынандай  атауларды  да  жиі 

кездестіреміз: «ауызша әдеби тіл», «ауыз әдебиет тілі», «ауыз әдеби тіл», 

«жаңа  әдеби  тіл»,  «ескі  әдеби  тіл»,  «ауызша  сөйлеу  тілі»,  «қарапайым 

ауызекі  сөйлеу  тілі»,  «төл  әдеби  тіл»,  «әдеби  «тілдің  «ауызша  түрі», 

«әдеби  тілдің  жазбаша  түрі»,  «қазіргі  әдеби  тіл»,  «жазба  алдындағы 

әдеби тіл» т. т.

Қазақ тілі оның ішінде әдеби тіл тарихы туралы жазылған әдебиеттерде 

«кітаби тіл» атауы жиі кездеседі. Зерттеушілердің көбі «кітаби тіл» деп 

араб-парсы,  татар,  башқұрт,  өзбек  т.б.  тілдердің  элементтері  араласқан 

ортақ тілде жазылған нұсқалардың тілін атап жүр. Ә. Құрышжанов бұл 

тілдің осындай қоспалық сипатына қарап «қоспа тіл» деген атауды, ал 

Р.  Сыздықова  «құранды  тіл»  деген  атауды  қолданады.  Ғ.  Мұсабаев,  Б. 

Кенжебаев «кітаби тіл» деген атауды шағатай тілінің синонимі ретінде 

қолданған.  Сөйтіп,  «кітаби  тіл»  деген  атауға  екі  түрлі  мағына  жүктеп, 

бұл  терминнің  қолданылуын  қиындатып  алып  жүрміз.  Біздіңше,  бұл 

атауды «орта азиялық түркі әдеби тіл», «шағатай тілі» мағынасының бір 

тармағы ретінде қазақ топырағындағы өзіндік қызметі мен ерекшелігіне 

сәйкес «қазақтың көне жазба әдеби тілі» деп атауды ойластырған жөн. 

Дәл осы қоспа элементтері көп, орта азиялық түркі әдеби тілінің дәстүрін 

сақтаған жазба нұсқалардың тілін зерттеуші Б. Әбілқасымов «көне жазба 

әдеби тіл» деп атап жүр. Жалпы қалыптасып, сіңісіп кеткен атау ларды 

өзгерте бермеген жөн.

Қазақ әдеби тілі – пән ретінде көптен бері жоғары оқу орындарында 

оқытылып  жүрген  курс.  Бірақ  әр  зерттеушінің  бұл  мәселе  жөнінде  өз 

пікірі барлығы, тіпті бір-бірінен алшақ топшылаулар айтып жүргендігі 

де белгілі. Әрине, бұл жағдай осы курсты оқытуда қиындық келтіріп жүр. 

Сондықтан,  программа  жасағанда,  оқулықтар  құрастырғанда  авторлар 

тек  өз  пікірін  уағыздай  бермей,  басқа  зерттеушілердің  де  пікірлерін 

сөз етіп, объективті жағдайды ашып айтып, бұл мәселе жөнінде қанша 


466

гипотеза, қанша долбар, болжамдар бар екенін көрсетіп, баяндап беруге 

міндетті. 

Енді  әдеби  тіл  туралы,  оның  анықтамасы,  сипаты  туралы  тілші 

ғалымдар тарапынан айтылып жүрген пікірлерге толығырақ тоқталайық. 

С.Аманжолов  былай  дейді:  «Нақтылы  әдеби  тіл  дегеніміз  көркем 

әдебиеттің  тілі  ғана  емес,  ол  –  ғылымның  барлық  саласын  қамтитын, 

халыққа  өнер-білім  беретін,  тәлім-тәрбие  үйрететін  баспасөздің  тілі. 

Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің саласы ғана. 

Ал,  әдеби  тілдің  негізі,  базасы  (қоры)  болатын  нәрсе  –  халық  тілі, 

фольклор тілі екендігінде дау жоқ»

8

. Ол әрі қарай: «...біз қазақтың әдеби 



тілінің бастама үлгісі жазба түрде XIX ғасырдың өзінде-ақ қазақ тілін 

әдеби  тілге  айналдыруға  атсалысты»

9

,  –  дейді.  С.Аманжолов  қазақтың 



әдеби тілінің негізін Абай, Ыбырайлар салды дегенде, олар халық тілін 

пайдалана  отырып,  қазақ  тілін  жаңа  сатыға,  жаңа  сапарға  жеткізуге 

әрекет  істеді  деп  түсінеді.  Автор  Октябрь  революциясынан  бұрынғы 

қазақ тілі нағыз әдеби тіл болып қалыптаса алған жоқ дегенді айтады. 

Әдеби  тіл  жөнінде  пікір  айтушылардың  бірі  –  М.  Әуезов.  Ол  1950 

жылдары жарық көрген 5-6 мақаласында

10

 «әдеби тіл» мен «әдебиет тілі» 



атауларын бірде саралап, бірде синоним ретінде қолдана келіп, «әдеби 

тілдің  әдеби  процеспен,  жазумен  тығыз  байланыста  дамитынын,  оның 

халық тілінің жоғары формасы екендігін айтады. Бір кезде әдеби тілдің 

жасалуын жеке-дара дарынды, атақтылардың аттарымен байланыстыру 

дағдыға  айналған  кезде  Абай,  Ыбырайларды  мақтаудың  реті  осы 

екен  деген  тұрғыдан  «әдеби  тілді  жасаушылар»,  «әдеби  тілдің  негізін 

қалаушылар»  деген  пікір  үстем  болғандығы  белгілі.  Осыған  орай  М. 

Әуезов  «негізін  қалаушы»  де ген  үзілді-кесілді  пікірді  қолдамады.  Ол: 

«...Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол 

эпостарындағы,  ұзынды-қысқалы  салттық,  тарихтық  жырларындағы 

шебер,  көркем  өлең  үлгілеріндегі  тілдерді  ұмытуға  бола  ма?  Оларда, 

немесе XVIII ғасырда көп ке жайылған жырлар тудырған Бұхарда, XIX 

ғасыр  басында  асыл,  әсем,  бай  тілмен  халықтық  асқақ,  ескек  жырлар 

тудырған  Махамбетте  қазақтың  әдебиеттік  тілінің  үлгі-өнегелері  жоқ 

деуге бола ма?»

11

,– деп жазды. Бірақ, М. Әуезов бұларды тікелей әдеби тіл 



8  Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. Алматы, 1949. 4-б.

9  Сонда. 9, 14-б.

10  М.Әуезовтің мына еңбектерін қараңыз: Қазақ әдебиеті тілінің мәселелері//Қазақ ССР 

ҒА  Хабаршысы.  1951.№3;  Қазақтың  әдеби  тілі  туралы//Әдебиет  және  искусство.  1951,  №4; 

Қазақ әдебиет тілінің кейбір мәселелері жайында//Коммунист. 1951, №3; некоторые вопросы 

развития казахского литературного языка//Литературная газета. 1951. 4 окт.

11  Әуезов М. Қазақ әдебиет тілінің кейбір мәселелері//Коммунист. 1951. №3. 21-б.


467

деп атамайды, әдеби тілге солар негіз болып еді ғой дегенді аңғартады. 

Одан әрі М. Әуезов «...қазақтың барлық өлкелеріндегі тіл байлықтары 

тұтасып,  косылып,  біріккен  ортақ  мол  қазына  болмай  тұрған  кезінде 

ақындық еткен Абайдың шығармалары әдебиет тілінің түгел негізін құра 

қойды деуге сыя ма?»

12

,– дейді. Сөйтіп, М. Әуезов «Абай өзінен бұрынғы 



әдебиет тілін халыктық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай 

түскен  және  өз  шама-шарқынша  қазақ  әдебиет  тілін  жасауда  белгілі 

бір  дәрежеде  Қазақстанның  көп  өлкесінің  тіл  қазыналығын  кеңінен 

пайдаланып,  халықтың  әдебиет  тілін  биік  белге  шығара  түскен 

классик ақын дейміз»

13

– деп жазады.



Әдеби  тіл  проблемаларына  көп  көңіл  бөлген  тіл  мамандары 

тобынан  академик  Н.  Т.  Сауранбаевты  ерекше  атауға  болады.  Ол: 

«Қазақтың  әдеби  тілі  революциядан  бұрынғы  дәуірлерде  (әсіресе, 

XIX  ғасыр  мен  XX  ғасырдың  алғашқы  екі  он  жылдығында) 

жасалып,  белгілі  бір  жағдайда  өмір  сүрген»

14

  дей  келе,  автор  бұл 



дәуірді «қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі» деп 

атайды. Одан әрі автор «Қазақ әдеби тілінің револю циядан бұрынғы 

дәуірін нәрестелік дәуір деп атауымыздың себебі мынада: жоғарыда 

айтылғандай,  ақын-жазушылардың,  кейбір  публицистердің  қазақ 

тілінде  шыққан  шығармалары,  газет,  журналдар,  кітаптар  жалпы 

қарапайым  халықтың  арасында  кең  түрде  тарамаған,  яғни  оларды 

бұқара  халық  пайдалана  алмаған,  өйткені  халық  жаппай  сауатсыз 

болды.  Ол  шығармаларды  қазақтың  тек  оқымыстылары  мен  хат 

танитын  азаматтары  пайдаланған.  Сонымен  бірге,  әдеби  тілдің 

революциядан  бұрын  дүниеге  келуіне  ерекше  еңбек  сіңірген  ақын, 

жазушылардың  шығармалары  дәл  жазылған  уақытта  ба сылмай, 

кейінде ғана басылып шыққан»

15

 дейді. Оған мысал ретінде Абайдың 



шығармаларын келтіреді де, әдеби тілдің кейбір белгілеріне (жалпы 

халыққа ортақ болуы, түсінікті болуы, өзінің тұрақталған нормалары 

болуы)  тоқталып,  И.  Т.  Сауранбаев  қазақ  әдеби  тілін  мынандай  үш 

дәуірге  бөледі:  1)  XIX  ғасырдың  екінші  жартысына  дейінгі  дәуір; 

2)  XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  XX  ғасырдың  20-жылдарына 

дейінгі дәуір; 3) Советтік дәуір. Бірақ Н. Сауранбаев казақ әдеби тіл 

тарихы  қай  дәуірден  басталатынын  айтпайды.  Бірақ,  оның  бірінші 

12   Сонда. 21-б.

13   Сонда. 22-б.

14  Сауранбаев  Н.Т.  Қазақтың  әдеби  тілінің  тарихын  зерттеу  туралы//Қазақ  тілінің 

тарихы мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960. 3-шығуы. 13-б.

15  Сауранбаев  Н.Т.  Проблемы  казахского  языкознания//Избранные  труды.  Алма-Ата, 

1982. С.113.


468

дәуірін  сөз  ете  келіп,  әңгімені  ауыз  әдебиетінің  нұсқаларынан, 

сондай-ақ  «Алпамыс»,  «Ер-Тарғын»,  «Қозы-Көрпеш  –  Баян  сұлу» 

эпостарынан бастауы, одан кейін кітаби тіл нұсқаларын, «Орта Азия 

түрік әдебиеті тілін» сөз етуі, оның үстіне «қазіргі заманда әдеби тілді 

жазу тұрғысынан ғана қарап анықтау дұрыстыққа жатпайды» деуіне 

қарағанда,  ол  әдеби  тілді  әріден  бастап,  бұл  ұғымды  кең  мағынада 

түсінгенге  ұқсайды.  Енді  бір  еңбегінде  автор  «әдеби  тіл  деген 

жазумен байланысты болады»

16

– дейді. Ал келесі бір еңбегінде Н. Т. 



Сауранбаев қазақтың жазба әдеби тілінің XIX ғ. екінші жартысының 

соңында пайда болғанын, оның жалпы ұлттық дәрежеге Ұлы Октябрь 

революциясынан кейін көтерілгенін айтады

17

.



2

Ғ. Мұсабаев «әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми-техникалық көркем 

әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, те атр, радио, баспасөз жеке мемлекет 

мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, 

жалпыға  бірдей  түсінікті  болуы  шарт  екенін  айтады

183


да,  қазақ  әдеби 

тілін тарихи тұрғыдан мынандай үш кезеңге бөледі: 1) Абайға дейінгі, 

яғни XIX ғ. екінші жартысына дейін – көне әдеби тіл; 2) XIX ғ. екінші 

жартысынан  Октябрь  революциясының  алғашқы  жылдарына  дейінгі 

кезеңдегі жазу тілі–жаңа әдеби тіл; 3) одан бергі жердегі қазіргі әдеби 

тіл


19

.

4



 Бірақ, көне әдеби тілдің қашан басталатынын айтпайды. Әдеби тіл 

мәселелерін шешуде ерекше маңызы бар жұмыстардан 1984 ж. баспадан 

шыққан  екі  кітапты  атап  өтуге  болады.  Оның  бірі  –  М.  Балақаевтың 

«Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» (Алматы, 1984) деген кітап та, 

екіншісі Р. Сыздықованың «XVIII–XIX ғғ: қазақ әдеби тілінің тарихы», 

(Алматы, 1984) атты монографиясы. М. Балақаев өз кітабында қазақ әдеби 

тілінің қанша өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән даму жолдары бола тұрса 

да, көп тілдерге ортақ процестерден шет тұра алмайтынын, оның даму 

процесінде,  арналарында  басқа  әдеби  тілдерге  ортақ  құбылыстардың 

барлығын  атап  көрсетеді.  Кітапта  кейбір  авторлардың  атына  айтылған 

сындар да бар. Осыған орай автордың пікіріне қарсы шығып, ре цензия 

жазғандар да болды

20

.

5



16  Сонда. 71-б.

17   Сонда. 222-223-б.

18  Мусабаев  Г.  Становления  и  развития  казахского  литературного  языка  и  вопросы 

казахской диалектологии. На правах рукописи. Алма-Ата. 1952. С. 25-26.

19  Мұсабаев  Ғ.  Қазақ  әдеби  тілін  дамытқан  эпопея//Қазақтың  тұңғыш  эпопеясы. 

Алматы, 1957.

20  Қордабаев Т. Өзінде бармен көзге ұрып//Қазақ әдебиеті. 1984. 16 ноябрь.


469

М. Б. Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін 4 дәуірге бөледі. 1) XVIII 

ғасырдың орта тұсы мен XIX ғ. бірінші жартысы; 2) XIX ғасырдың екінші 

жартысы;  3)  XIX  ғасырдың  басы  (1900–1920);  4)  Совет  дәуірі  (1940– 

1967). М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томановтың авторлығымен шыққан 

«Қазақ әдеби тілінің мәселелері» деген кітапта

216

да осылай бөлінген. Ал 



М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген 

«Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі 

болатынын («жазба әдеби тіл», «сөйлеу (ауызша) әдеби тіл») айта келіп, 

жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың 

әдеби тілінің тарихын біз XIX ғ. екінші жар тысынан емес, XVIII ғасырдан 

бастаймыз.  Өйткені,  халық  тілінің  жазба  әдебиет  ыңғайында  нормаға 

түсе  бастаған  шағы  және  бірді-екілі  стильдік  құбылыстардың  кіріс 

бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала 

бастаған  мезгілі  –  осы  XVIII  ғасыр  және  авторларының  аты-жөні 

сақталған дәуір де XVIII ғасырдан басталады»

227

Фольклор, мақал-мәтел, 



шешендік  сөздерді,  одан  кейін  пайда  болған  ақын-жыраулардың  тілі 

әдеби тіл тудыруда едәуір рөлі, маңызы болса да, олар әдеби тілдің өзі 

емес деген пікір айтылады. Мысалы, М. Балақаев: «Әдеби тіл дегеніміз 

жазба  әдебиет  арқылы  жүйелі  қалыпқа  түскен,  стильдік  тармақтары 

бар,  қоғамдық  қызметі  әр  алуан...  жалпы  халықтық  тілдің  ең  жоғарғы 

формасы»


238

– деп көрсетеді. А. Ысқақов қазақ халқының даму тарихында 

4 кезең бар екенін айта келіп: 1) көне түркі кезеңі (V–X ғасырлар); 2) 

орта ғасырлардағы түркі тілі кезеңі, яки қыпшақ қауымы кезеңі (X–XV 

ғасырлар); 3) қазақ тілінің өз алдына қалыптасу кезеңі яки қазақтың 

халықтық тілінің даму, қалыптасу кезеңі (XV–XIX ғасырлар); 4) жаңа 

кезең яки қазақтың ұлттық тілінің қалып тасу кезеңі (XIX ғасырдан 

бергі  уақыт)

249

–  деп  жобалайды  да,  соңғы  екі  кезең  тұсында  да 



қазақтың  төл  әдеби  тілі  болды,  ал  үшінші  кезеңдегі  тілді  «жалпы 

халықтық әдеби тіл» деп төртінші кезеңдегі тілді «ұлттық жаңа әдеби 

тіл»  деп  атауды  ұсынады.  Автор  жаңа  ұлттық  әдеби  тілді  ішінара 

революциядан бұрынғы және революциядан кейінгі деп екіге бөледі. 

Автордың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде 

қазақ даласында екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүрді, оның бірі 

21  Балақаев  М.  Жанпейісов  Е.,  Томанов  М.  Қазақ  әдеби  тілінің  мәселелері.  Алматы, 

1961. 56-б. 

22  Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1968. 

10-б.


23  Сонда. 5-б.

24  Ысқақов А. Әдеби тіліміздің дамуы//Қазақ әдебиеті. 1962. 16 ноябрь



470

– жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың 

өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа-молдалар ғана пайдаланған 

«түркі  тілі»,  яғни  «кітаби  тіл»  (құранды  тіл).  А.Ысқақовтың  әдеби 

тілді дәуірлеу, олардың сипаты мен арналары жөнінде айтқан басқа 

да өзіндік пікірлері, ұсыныстары бар. Мысалы, автор ескі жасанды 

түркі әдеби тілден басқа тағы бір әдеби тіл болғанын айтады. Ол тіл 

кезінде латын тілінің бүкіл Европа елдеріне жайылғаны сияқты, қазақ 

жеріне  тараған,  әдеби  тіл  сипатында  қызмет  еткен  араб  тілі  дейді. 

«Бұлардан басқа тағы бір әдеби тіл – ол әкелінді де емес, жасалынды 

да емес – қолтума байырғы төл әдеби тіл болды дейді автор. Оның 

өзін де А.Ысқақов екіге бөліп қарайды: 1) ауызша (ауызекі) түрі; 2) 

жазуша түрі

25

.



10

Т.Қордабаевтың  әдеби  тіл  жөніндегі  пікірі  С.Аманжоловтың 

пікіріне  жақын,  бірақ  онша  айқын  емес,  екіұшты  мағынада  қалып 

қойған. «Қазақ тілінің әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, 

–  дейді  Т.Қордабаев,  –  оның  негізі  өткен  XIX  ғасырдың  екінші 

жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, шын мағынасындағы 

әдеби тіл дәрежесіне тағы да, тек Совет өкіметі тұсында ғана жеткенін 

көреміз»


26

.

11



Р.Сыздықова өзінің «XVIII-XIX ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы» деп 

аталатын құнды еңбегінде әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да 

зор XVIII-XIX ғ.ғ. арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде 

әр  дәуірдің  әдеби  тіліне  тән  сипатын,  лексикалық,  грамматикалық, 

стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Әдеби тілді дәуірлеу 

мәселесіне  байланысты  автордың  соны  пікірлері  көңіл  аудартады. 

Автор  XIX  ғ.  екінші  жартысынан  басталатын  қазақтың  төл  жазба 

әдеби  тіліне  дейін  оның  ауызша  тараған  әдеби  тілі  болды  деген 

пікірді  ортаға  салады

27

.



12

  Р.Сыздықова  бірқатар  түркі  халықтарына 

ортақ орта азиялық жазба әдеби тіл – «түркінің локальдық (қазақтық) 

әдеби  тілі  болды  дейді.  Бұл  атау  Ә.Қайдаровтың  еңбегінде  де 

қолданылған. Бұған кезінде қазақ топырағында пайда болған «Кітаби 

тіл» жатқызылды. Бұл таза шағатай тілі емес, қазақ, татар, шағатай 

тілдерінің  қоспасы,  яғни  шұбар  тіл.  Р.Сыздықова  «Ашып  алар 

25  Ысқақов  А.Ы.  Алтынсарин  және  қазақтың  ұлттық  әдеби  тілі//Қазақ  әдеби  тілінің 

қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981. 35-б.

26  Қордабаев Т. Қазақтың әдеби тілі – Октябрьдің жемісі//Қазақстан мұғалімі 1957. 24 

октябрь.

27  Сыздықова Р. XVIII-XIX ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1984. 14-б.



471

жәйттар  көп»  деген  мақаласында  мынадай  қорытындыға  келеді: 

«Сөйтіп, қазақтың тілі: ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, 

жазба әдеби тілі деген түрлерге бөлінеді»

28

.

1



 Осы мақаласында автор 

қазақтың жазба әдеби тілінің өзі орта азиялық түркі тіліне сүйенген 

«кітаби  тіл»  атанған  түрі  мен  қазақтың  қолтума  жазба  алдындағы 

әдеби  тілінің  жалғасы  ретінде  дамыған  дегенді  айтады.  Р.Сыздықова 

XIX ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби тілінің емес, қазіргі 

әдеби тілдің басы дсп есептейді. Қазіргі қазақ әдеби тілінің жазба және 

ауызша түрі бар дей келіп, ол: «Тегі, «ауыз әдеби тілі» деген атау мен 

«ауызша әдеби тіл» деген терминдерді шатастырмау керек» дейді

29

.

2



 Автор 

осы пікірін жалғастыра келіп, «Ауызша әдеби тілге әдеби тілдің ауызекі 

сөйлеуде  қолданылатын  түрін  (жиналыстарда,  радио,  теледидарда, 

лекция  оқығанда,  сабақ  бергенде  т.  б.)  жатқызады  да,  ал  «Ауыз  әдеби 

тілі»  деген  атауды  халық  ауыз  әдебиетінің  тілін  атау  үшін  қолдану 

керектігін айтады. Р.Сыздықова XV–XIX ғ. арасындағы ақын-жыраулар 

шығармаларын,  ауызша  тараған  авторлы  әдебиет  шығармаларын 

профессионал  әдебиет  сатысына  жатқызады  да,  оларды  жазба  әдеби 

тілден айырып алу мақсатымен оны «қазақтың жазба алдындағы әдеби 

тіл»  (орысша  «предписьменный»)  деген  атаумен  белгілеуді  ұсынады; 

«Жазудың  болу-болмауы,  біздіңше,  ақын-жыраулар  тілін  жазба  тілден 

ажырататын бірден-бір белгі емес»

303

– дейді. Р. Сыздықова өзге тілдер 



жөнінде,  әсіресе,  орыс  тілі  жөнінде  жазылған  ғылыми  әдебиеттерге 

сүйеніп,  әдеби  тіл  болу  үшін  оның  мынандай  белгілері,  сипаты  болу 

шарт дейді: 1) «Өңделген, сұрыпталған,нормаланған тіл» болуы керек; 

2)  Қызметі  жағынан  сол  халықтың  өмірінде  ұйымдастырушы,  қоғам 

мүшелерінің  басын  қосушы,  яғни  жалпыға  ортақ  қасиеті  болуға 

тиіс;  3)  әдеби  тіл  бейәдеби  құбылыстарға  қарама  қарсы  қою  арқылы 

танылуға тиіс. Мысалы, әдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына 

қойылатын басты құбылыс-ауызекі сөйлеу тілі; 4) Әдеби тіл – қоғамның 

қолдану практикасында сыннан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс 

деп  қабылдаған  және  ол  нормалар  барша  үлгілерге  ортақ  болуы  шарт. 

«Осы межелерді нысанаға алып қарасақ, – дейді автор, – қазақтың тіліне 

«әдеби» деген атрибут – сапаны ұлттық дәуірге дейін де беруге болатын 

жайттар  бар»

31

.



41

  Сөйтіп,  Р.Ғ.Сыздықова  жазуды  қазақ  әдеби  тілдің 

28  Сыздықова Р. Ашып алар жәйттар көп//Қазақ әдебиеті. 1980. 28 март.

29   Сонда

30  Сонда

31   Сыздықова Р. Әдеби тілдің статусы//Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы. 

1979. №6. 54-б.


472

шартты белгісі деп қарайтын ғалымдардың пікіріне қосылмайды. Ондай 

белгілер тек қазіргі жазба әдеби тілге ғана тән белгілер деп есептейді.

Әрине,  Р.  Сыздықова  ұсынып  отырған  белгілерге  сүйенсек, 

әдеби тілді тым әріден, Абай, Ыбырайларға дейінгі неше алуан ақын 

жыраулардың тілінен бастау керек болады да, оны жазба алдындағы 

әдеби тіл деп атауға тура келеді. Автордың пікірінше, қазақта халық 

ауыз әдебиетінен өзге, бірақ оған едәуір белгілерімен ұқсас келетін 

профессионал (кәсіби) әдебиет те өмір сүріп келді. Бұған ол авторлары 

бар  мұраларды,  яғни  ақын-жыраулар  шығармаларын  (Махамбет, 

Дулат, Марғасқа, Шернияз, Шортанбай т. б.) енгізеді де, олардың тілін 

жазба  алдындағы  әдеби  тілге  жатқызады.  Ав тор  жазба  алдындағы 

әдеби  тілдің  халық  ауыз  әдебиеті  тілі  және  жазба  әдеби  тілінен 

айырмашылықтары  мен  жақындықтарын,  ортақтық  элементтерін 

сөз етеді. Автордың ұсынысы бойынша Абайды қазақ әдеби тілінің 

негізін салушы емес, қазақтың байырғы, жазбаға дейінгі әдеби тілін 

жаңа сатыға көтеруші, оның жаңа кезеңін бастаушылардың бірі деп 

тану керек. Бұл пікір М. Әуезовтің пікірімен ыңғайлас. Осыған орай 

автор  XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  –  жалпы  қазақәдеби  тілінің 

емес, қазіргі жазба әдеби тіліміздің басы деп тұжырымдайды. Сөйтіп, 

Р. Сыздықова әдеби тілді үш топқа бөліп қарайды: 1) ауыз әдеби тілі; 

2) жазба алдындағы әдеби тіл; 3) жазба әдеби тілі. Соңғысын ішінара 

тағы  екіге  бөліп  қарастырады:  а)  орта  азиялық  түркі  әдеби  тіліне 

сүйенген  «кітаби  тіл»;  б)  қазақтың  қолтума  әдеби  тілі,  яғни  қазіргі 

жазба әдеби тілі.

Р. Сыздықова әдеби тіл атауын кең ұғымда қолданып, оның басын 

ауыз әдебиеті шығармаларынан бастайды. Бұл – өте батыл тұжырым. 

Біздіңше, бұл ұсынысты әлі де ойластыра түсу керек сияқты. Өйткені, 

әдеби  мен  бейәдеби  категориясының  ара  жігі  анық  ажыратылмай 

қалу қаупі бар.

Қазақ Совет Энциклопедиясында «Қазақ әдеби тілі– халық тілінің 

стильдік  тармақтары  сараланған  жоғары  формасы»  деген  анықтама 

берілген  (ҚСЭ,  1975,  6-том,  233-бет).  Мұнда  XVIII  ғасыр  мен  XIX 

ғасырдың  бірінші  жартысы  қазіргі  әдеби  тілдің  алғашқы  дәуірі 

деп  есептелінеді  де,  оның  тілдік  үлгісі  ретінде  Бұхар,  Ақтамберді, 

Тәтіқара,  Махамбеттің  әдеби  мұралары  аталады.  Одан  «кейінгі 

XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  әдеби  тілдің  екінші  дәуірі,  ал  XX 

ғасырдың басы қазақ әдеби тілінің үшінші кезеңі. Октябрьден кейінгі 

дәуір совет кезеңі ретінде қарастырылады. Мұнда қазақ әдеби тілінің 


473

екі түрі 1) жазба түрі, 2) ауызекі сөйлеу түрі сөз етіледі. Қазақ Совет 

энциклопедиясының  2-томында  «бөгде  әдеби  тіл»  деген  термин 

Европа  тілдері  үшін  латын  тілі  сияқты,  «кірме  тіл»  деген  ұғымды 

білдірсе,  халықтың  сөйлеу  тілі  негізінде  жасалған  әдеби  тілді  «төл 

әдеби тіл» деп қарайды.

С. Исаев «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері»

325


 деген 

кітабында әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары    т. б. 

проблемаларды  қамтыған.  Ав тор  қазақ  әдеби  тілінің  қалыптасуын 

шартты  түрде  үш  дәуірге  бөледі:  1)  қазақ  халқының  жеке  халық 

болып қалыптасқанына дейінгі көне дәуір, яғни жалпы түркі әдеби 

тілі дәуірі; 2) қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі 

кездегі  қазақ  әдеби  тілінің  туып,  даму  дәуірі;  3)  қазақ  әдеби  тіл 

дамуының советтік дәуірі.

Р.  С.  Әміровтың  сөйлеу  әдеби  тілінің  сыр-сипатын,  өзіндік 

белгілерін  синтаксистік  тұрғыдан  қарастыратын  зерттеуінде: 

«Ауызша сөз: 1) ауызекі сөз; 2) лекция тілі; 3) шешендік сөз»

336


 деп, 

«ауызша сөз» сөйлеу формасы деп түсіндіреді де, соның ішіндегі бір 

компоненті  ретінде  әдеби  тілдің  табиғатын  бір  қырынан  көрсетсе, 

енді  бір  еңбектер  әдеби  тілді  мерзімді  баспасөз  тұрғысынан 

сипаттауға арналған. Бұл жерде С. Исаевтың

34

,



7

 Б. Әбілқасымовтың

358

 

т.б.  монографиялық  енбектерін  ерекше  атаған  жөн.  Мәселен,  Б. 



Әбілқасымов  жоғарыдағы  еңбегінде  қоғамдық  публицистикалық 

стильді, ресми іс қағаздары стилін, «кітаби тілге» тән стиль дәстүрін, 

жазба  нұскаларға  тән  орфографиялық  дағды  сияқты  мәселелерді 

қарастыра  келе  айтқан  пікірлерін  жазба  әдеби  тілді  зерттеуге 

қосылған едәуір үлес деп есептеу керек.

Б.  Әбілқасымов  «шамамен  XV–XVI  ғ.  бастап  қазақ  авторлары 

бір жағынан «шағатай» немесе «түркі» деп атанған тілді пайдалана 

жүріп,  екінші  жағынан,  өз  шығармаларына  қазақтың  ауызша  әдеби 

тілін арқау ету арқасында сол «түркі» әдеби тілінің тағы бір жергілікті 

түрін  қалыптастырады»  деген  пікір  айтады.  Автор  ол  –  қазақтың 

көне әдеби тілі еді, бірақ ол ауыз әдебиеті үлгілерінен бөлек қаралу 

керек  дегенді  айтады.  «Сөйтіп,–  дейді  Б.  Әбілқасымов,  –  қазақ 

32  Исаев С. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері. Алматы, 1976. 51-б. 

33  Амиров Р.С. Особенности синтаксиса разговорной речи. Алма-ата, 1972. С.9. 

34  Исаев С. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. Алматы, 1973.

35  Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы, 1982. 

Сол автор. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971.


474

қаламгерлері  XVI  ғасырлардан  өткен  ғасырдың  екінші  жарымына 

дейін қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, 

өзара  хат  жазысты,  кейбір  көркем  әдебиет  үлгілерін  (қиссаларды) 

жазды»

36

.



9

  Б.  Әбілқасымов  Абай,  Ыбырайға  дейінгі  жазба  әдеби 

тілді  «қазақтың  көне  әдеби  тілі»  деп  атайды.  Яғни,  біздің  біраз 

зерттеушілеріміздің «кітаби тіл» деп жүргенін Б. Әбілқасымов «көне 

қазақ  жазба  әдеби  тілі»  деп  атайық  дейді.  Оның  пікірінше,  бұрын 

қазақтың ауызша әдеби тілі болды, ол тілдің үлгісі алуан түрлі ауыз 

әдебиеті  жанрларында,  шешендік  толғауларда  сақталды

37

.



10

  Сөйтіп,    

Б. Әбілқасымов «қазақтың ауызша әдеби тілі өз алдына, жазба әдеби 

тілі өз алдына дамып отырды» деп, оларды даралап қарауды ұсынатын 

сияқты. Ол қорыта келгенде, қазақтың жазба әдеби тілін үш кезеңге 

бөледі:  1)  қазақтың  көне  жазба  әдеби  тілі  (XVI  ғ.-дан  XIX  ғ.-дың 

екінші  жартысына  дейін);  2)  қазақтың  жаңа  жазба  әдеби  тілі  (XIX 

ғ.-дың екінші жартысынан XX ғ.-дың 30-жылдарына дейін; қазақтың 

қазіргі әдеби тілі (XX ғ.-дың 30- жылдарынан қазірге дейін)

38

.



11

Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардын бірі 

– Қ.Өмірәлиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: «Қазақ әдеби тілі 

тарихы қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни 

қазақ  әдеби  тілі  тарихы  қазақ  әдебиеті  тарихының  өзгеше  үлгіде 

баяндалуы  ғана»

3912

  «Әдеби  тіл  дегеніміз  әдебиеттің  өзі»



4013

  деп 


тұжырымдайды. Осы ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін ол В. 

В. Виноградовтың «Әдеби тілді зерттеу, бұл сөздің кең мағынасында, 

әдебиетті зерттеумен тығыз байланысты», – деген пікіріне сүйенеді. 

Автор бұл жерде көркем әдебиет тілін әдеби тілдің ең негізгі арнасы, 

маңызды  стилі  деп  қана  қоймай,  олардың  арасына  теңдік  белгісін 

қойып,  бір-біріне  синоним  ретінде  қолданып  отыр.  Бұған  қосыла 

қою  қиын.  Ал,  В.  Виноградовтың  жоғарыдағы  келтірілген  сөзінен 

әдеби  тіл  –  әдебиеттің  өзі  деген  ұғым  тумайды.  В.  Виноградов  бұл 

жерде әдеби тілді зерттеу тек көркем әдебиет емес, жалпы әдебиетті 

зерттеумен  тығыз  байланысты  екенін  айтып  отыр.  Қ.  Өмірәлиев 

Абайға  дейінгі  тілді  ауызша  әдебиет  тілі  деп  атайды.  «Әдеби  тілді 

36  Әбілқасымов Б. Қазақтың жазба әдеби тілінің тарихына қатысты кейбір мәселелер 

жайында // Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981. 132-б. 

37   Сонда 124-б.

38  Әбілқасымов Б. XIХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. Алматы, 1982. 

220-б. 


39  Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы. 1938. 207-б.

40  Сонда. 208-б.



475

жазбамен  ғана  байланыстыру  бар  халықтар  үшін  шартты  емес

4114

 

дейді де, ол әдеби тілге мынадай анықтама береді: «Әдеби тіл – кең 



мағынада алғанда ауызекі сөйлеу тіліне қарама-қарсы тұрған, өзіндік 

жүйе-желісі,  тақырыбы,  формасы  бар  және  өзіндік  айту  тәсілдері 

мен үлгілері, сөз өрнектері бар бір бүтін творчестволық туындының 

тілі; әдеби тіл – жеке бір индивидтің ақиқат жайды өз көңілінше ой 

қорытындысынан, пікір түйіндеуінен өткізіп барып, өзгеше бір үлгі-

формада беру тілі. Ал, бұл тіл ауызша жасала ма, я жазбаша жасала 

ма? – ол шарт емес»

42

.



15

Көп  жылдар  фольклор  тілімен  шұғылданып  келе  жатқан  Е. 

Жұбанов  халық  ауыз  әдебиеті  шығармаларының  тілін  ауызекі 

әдеби тілге жаткызды

43

.

16



Ол өзінің «Эпос тілінің өрнектері»

4417


 атты 

монографиясында  «Эпостық  жасампаз  дәстүрі  арқасында  замана 

әуеніне талмай үн қосып отырған бұндай шығарма қазақ халқының 

ауызекі әдеби тілінің тамаша үлгісі ғана емес, сонымен бірге ол біздің 

кейінгі  жазба  әдебиет  тілімізге  де  нәр  берген  арна»

4518


  дейді.  Ал, 

«Қазақ  әдеби  тілінің  қалыптасу  тарихы  мен  даму  жолдары»  (1981) 

деген  жинақтағы  редакция  алқасының  атынан  жазылған  кіріспеде 

былай  делінген:  «Қазақтың  ұлт  болып  қалыптасуына  дейінгі  жазба 

әдеби тілін «ескі әдеби тіл» (XVIII ғасырдан XIX ғасырдың ортасына 

дейін), одан соңғы әдеби тілді «жаңа әдеби тіл» деп қарағанымыз жөн 

бе дейміз. Сонда XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 

басы ұлттық жазба әдеби тіліміздің қалыптасу дәуірі болады. Совет 

дәуірі  –  сол  әдеби  тіліміздің  мейлінше  өсіп,  өркендеген,  жетіліп 

кемелденген кезеңі болып есептеледі» (6-б.).

Көріп  отырмыз,  қазақ  әдеби  тілінің  басталуын  XIX  ғасырдың 

екінші жартысы деп жүрген, оны Абай мен Ыбырай шығармаларынан, 

алғашқы  қазақ  газеттерінің  шығуымен  байланыстыратын  пікір 

басымдау.  Талас-тартыстың  дені  XIX  ғасырдан  арғы  дәуірлердегі 

әдеби  тілмен  байланысты  болып  отыр.  Басқаша  айтқанда,  бір  топ 

зерттеушілер «әдеби тіл» ұғымын кең мағынада қолданса, енді бір топ 

зерттеушілер, әсіресе жазу, сызумен байланыстырушылар, бұл атауды 

тар мағынада қолданып келеді. Талас-тартыстың туу себебінің бірі – 

41   Виноградов В.В. Проблемы литературных языков и закономерности их образования 

и развития. М. 1967. С. 100. 

42   Сонда. 208-б. 

43  Жұбанов  Е.  Қазақ  ауыз  әдебиеті  және  әдеби  тіл//  Қазақ  әдеби  тілінің  қалыптасу 

тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981. 145-б.

44  Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. Алматы, 1978.

45   Сонда. 163-б.


476

кейбір  мамандар  әдеби  тіл  тарихын,  оның  белгілі  бір  дәуірін  жазу-

сызумен  байланыстырып,  жазу  мәдениетімен  бірлікте  қараса,  енді 

біреулер әдеби тілді жазу-сызумен байланыстырмай, бұл ұғымға ауыз 

әдебиеті, халық творчествосының туындыларын да катыстырады.

Қазіргі әдеби тіліміздің екі түрі (формасы) бар екенін зерттеушілер 

мойындап жүр. Оның бірі жазба әдеби тіл де, екіншісі әдеби тілдің 

ауыз екі сөйлеу түрі. Бірақ олардың пайда болу, генезистік арналарына 

келгенде  ғалымдардың  пікірі  түйіспейді.  М.  Балақаев  әдеби  тілдің 

ауызекі сөйлеу түрі тек жазба әдебиетімен байла нысты пайда болады 

десе, «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму Жолдары» деген 

кітаптағы  беташар  кіріспе  мақаланы  жазған  редакция  алқасының 

мүшелері:  «әдеби  тіл,  бір  қырынан  алып  қарағанда,  жазба  тілге 

тәуелді болса, екінші жағынан, одан әрі дербес бағытта қалыптасады, 

өз бетімен дамиды. Сондықтан, қазақ әдеби тілінің тарихын тек қазақ 

баспасөзінің шығу тарихына теліп қараудың қажеті жоқ сияқты»

4619

 

деп жазады.



Тіл  білімінде  әдеби  тіл  категориясын  жазумен  байланыстыру 

идеясы  басым  екенін  айттық

47

.

20



Орыс  тіл  біліміндегі  сияқты  бізде 

де  әдеби  тілді  ең  алдымен  әдебиетпен,  көркем  әдебиетпен  көбірек 

байланыстыру тенденциясы бар. Бұл, әсіресе, XVI–XVII ғасырлардағы 

ақын-жыраулардың тілін әдеби тіл үлгісі деп есептеуден аңғарылып 

жүр. Әрине, әдеби тілдің түрлі стильдік тармақтары бір кезде пайда 

болмайтыны  белгілі.  Егер  ғылыми  стиль,  публицистикалық,  ресми 

кеңсе  стильдері  кейін  пайда  болса,  көркем  әдебиет  стилі  сонау 

ауызша таралған ауыз әдебиетінің ертеректегі нұсқаларынан, ақын-

жыраудың шығармаларынан бері келе жатқаны белгілі.

Әдеби тіл стильдерінің ішінде ең маңыздысы да, халық арасына 

кең тарағаны да, ең негізгісі де – көркем әдебиет стилін әдеби тілдің 

бас арқауы деп есептейміз. Бірақ, оларды әдеби тілдің өзі емес, әдеби 

тілдің  бір  тармағы,  бір  компоненті  ретінде  қарастыруымыз  керек. 

Осы  орайда  әдеби  тіл  XIX  ғ.  екінші  жартысында  пайда  болса  да, 

оның  көркем  әдебиет  стилі  одан  әлдеқайда  бұрын  пайда  болғанын 

мойындау  қажет  сияқты.  Сонда  XVII–XVIII  ғасырлардағы  толып 

жатқан  ақын-жыраулар  әдеби  тілдің  бір  тармағы  –  көркем  әдебиет 

стилінде жазды дейтін боламыз. Қазіргі түркологиялық әдебиеттерде 

46   Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981. 5-б. 

47    Қараңыз.  Будагов  Р.А.  Проблемы  изучения  романских  литературных  языков.  М., 

1961;  Горшков  А.И.  История  русского  литературного  языка.  М.,  1965;  Левин  В.Л.  История 

русского литературного языка. М., 1957; Чикобава А.С. Введение в языкознание М., 1953. Ч.1.



477

орта ғасыр ескерткіштерін белгілі бір халықтың әдеби тіліне теліп, 

меншіктеп қарау «модаға» айналып бара жатыр. Осыдан келіп «ескі 

өзбек  әдеби  тілі»,  «ескі  азербайжан  тілі»,  «ескі  татар  тілі»  деген 

атаулар  пайда  болды.  Қазақ  зерттеушілерінің  ішінде  осы  ыңғайда 

«қазақтың ескі әдеби тілі» деген атауды ұсынып жүргендер бар. Бірақ 

ол атау жоғарыда аталған азербайжан, өзбек ғалымдарының қолданып 

жүргендерінен  өзгешелеу.  Бұл  ұғым  XIV  ғасырдан  XIX  ғасырдың 

ортасына дейінгі дәуірді қамтиды. Ал, орта ғасыр ескерткіштерінен 

бұрынғы VII–IX ғғ. көне, ескі түркі жазу нұсқаларының тілін қазақ 

әдеби  тілінің  тарихымен  емес,  жалпы  қазақ  тілінің  тарихымен 

байланысты қаралуға тиіс дегенді ғалымдар дұрыс пікірге балайды. 

Жазба  әдеби  тілдің  арналарына,  қайнар  көзіне  келетін  болсақ,  бұл 

мәселеде де зерттеушілердің біраз пікірлері, ұсыныстары бар. Қазақ 

тілінің бірден-бір айқын айғағы, тарихи кепілі – ауызекі тілі мен бай 

ауыз әдебиеті. Олай бол са, халық тілінің тарихын, әдеби тілдің өрісін 

ретро спектив тәсілімен үңіле зерттеуіміз керек. Ауызша сөйлеу жүйесі 

де, фольклор тілі де жазба әдеби тілінен іргесі мүлде бөлек, алшақ дүние 

емес.  Әлеуметтік,  саяси  өткен  өмірдің  қысылшаң-қыспағы,  тауқыметі 

мол көне замандарда қазақ жазба мұра дегеннен кенде еді. Мұның есесіне 

мейлінше  асыл  қазына  –  ауыз  әдебиеті  ұрпақтан  ұрпаққа  кең  тарады. 

Зерттеушілер  әдеби  тілдің  қайнар  көзі,  арналары  дегенде  мынандай 

источниктерді ұсынып жүр: 

1)  ескі  әдеби  тіл  материалдары  (ақын,  жыраулар  поэзиясының 

тілі); 

2)  қазақтың  революцияға  дейінгі  жазба  әдеби  тілінің 



материалдары; 

3) қазақ ауыз әдебиетінің тілі. Совет дәуіріндегі әдеби тілді екі дәуірге 

бөліп қарау 1963 ж. Ш. Сарыбаевтың «1920–1930 жылдардағы әдеби тілдің 

тарихына қатысты кейбір мәселелер» деген мақаласынан басталады. Онда: 

«Әдеби тілдің 20–30 жылдардан кейінгі келесі дәуірі, біздіңше, орыс алфавиті 

негізінде  жасалған  жазуды  қабылдау  кезеңінен  бастау  керек  сияқты»

4821

– 

делінген. М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісовтің авторлығымен 1968 



ж.  басылып  шыққан  оқулықта  «Қазақ  әдеби  тілі  өзінің  өзгеріске  ұшырау, 

даму жолында Октябрьден кейін екі кезеңді басынан кешірді: бірі 1920–1930 

жылдар арасындағы әдеби тіл; екіншісі 1940-1960 жылдар арасындағы әдеби 

тіл»


4922

– делінген.

48  Сарыбаев Ш. 1920-1930 жылдардағы әдеби тілдің тарихына қатысты кейбір мәселелер 

(мерзімді  баспасөз  материалдары  негізінде)  //  Қазақ  тілі  тарихы  мен  диалектологиясының 

мәселелері. Алматы, 1963. 5-шығуы. 18-б.

49  Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Университет 



478

Енді  әдеби  тілдің  негізі  деген  мәселеге  келейік.  Өздеріңізге 

белгілі, казақ тіліндегі диалектілерді, говорларды топтауда әр түрлі 

пікірлер болып келді. С. Аманжолов оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс 

сияқты  үш  диа лект  бар  деген  қорытынды  жасады,  Ж.  Досқараев 

болса, қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетті. Олар: 

1)  оңтүстік-шығыс  говорлар  тобы.  (Шымкент,  Жамбыл,  Алматы, 

Талдықорған облыстары, Қызылорданың оңтүстік-шығыс аудандары); 

2) солтүстік-батыс говорлары тобы (Орал, Маңғыстау, Гурьев, Ақтөбе, 

Қостанай,  Қарағанды,  Целиноград,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан 

облыстары,  Қызылорда  облысының  батыс  аудандары  және  Семей 

облысынын солтүстік ба тыс аудандары). Н. Т. Сауранбаев ( ш~ч, д~л 

дыбыстарының  алмасуы  негізінде)  диалектлерді  екі  үлкен  топқа 

бөлді:  1)  Солтүстік-батыс  облыстарындағы  ш,  д  диалектілер  тобы. 

2) Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ч, л диалектілер 

тобы.  Кейінгі  зерттеулер  мен  экспедициялық  материалдарға 

қарағанда, С. Аманжоловтың пікір говорларды топтастыруы жағынан 

шындыққа  жақындайтын  сияқты.  Бірақ,  бұл  классификацияға  біраз 

түзетулер енгізу керек. Мысалы, С. Аманжолов өз кезінде солтүстік 

пен  шығысты  қосып,  солтүстік-шығыс  диалектісі  деп  атаған. 

Қолдағы  материалдарға  қа рағанда  шығыс  говорларының  солтүстік 

говорлардан  біраз  айырмашылықтары  бар  екені  анықталып  отыр. 

Қазір қазақ тілінде төрт түрлі говорлар тобы айқын көріне бастады;

1) оңтүстік, 2) батыс, 3) шығыс және 4) орталық- солтүстік.

С.  Аманжолов  қазақ  әдеби  тілінің  негізі  солтүстік-шығыс 

диалектісі  болды  деген  пікір  айтқаны  белгілі.  Ол  бір  еңбегінде: 

«Әдеби  тіліміздің  жасалуы  үшін  оңтүстік,  батыс  диалектілері  негіз 

болған жоқ, бұлардың байлығы соңғы кезде ғана халық шаруасының 

бірлесіп  өркендеуі  арқасында  ғана  көрініп  отыр»

5023


десе,  тағы  бір 

еңбегінде:

«Қазақтың  үш  жүзінен  шыққан  ақын-жазушылар  біріне-бірі 

қайшы  тілде,  бірнеше  бөлек  диалектіде  жазып,  әрқайсысы  өз 

беттерімен,  өз  білгендерімен шығармаларын таратуға тырысты

51

,



24

 - дей 


келіп, «Қазіргі қазақ әдеби тілге солтүстік-шығыс қазақтарының тілі негіз 

болды»


5225

- деген пікір түйді. Бұл пікірді ғылыми тұрғыдан дәлелді пікір дей 

алмаймыз.

пен педагогтық институттарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 

1968. 188-189-б.

50  Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. Алматы, 1949. 28-б. 

51   Сонда. 24-б.

52  Аманжолов  С.  О  диалектной  основе  казахского  литературного  языка//Изв.  АН 

КазССР. Сер. Филологии и искусствоведения. 1955. Вып.3-4. С.18.


479

Ж. Досқараевтың пікірі бойынша бір кезде қазақ әдеби тілінің негізінде 

«д» және «ш» мен айтылатын говорлар жатса (батыс, солтүстік), енді әдеби 

тілге оңтүстік говорлары тірек болған

5326

 Ә. Нұрмағамбетовтің бұл мәселе 



жөніндегі пікірі С. Аманжоловтың пікіріне жақындай түседі: «Дәл қазіргі 

әдеби тілдің қалыптасуына қай жағынан болса да (фонетика, лексика, грамма-

тика) республикамыздың белгілі бір аймағындағы тұрғындар тілі арқау, негіз 

болғандығы айқын, анық сезіліп тұр. Ол – республикамыздың орталық және 

солтүстік  облыстарындағы  қазақтар  тілі»

54

.



27

  Енді  бір  той  ғалымдарымыз 

әдеби тіл бір диалектінің негізінде емес, жалпы халықтық тілдің негізінде 

жасалды  деген  пікір  айтып  жүр.  Әдеби  тілдің  негізі  жалпыхалықтық  тіл 

болғаны,  барлык  диалектілер  негізінде  жасалғаны  туралы  пікір  кейінгі 

уақытта ғана пайда болған жаңа пікір емес. Кезінде М. Әуезов, I. К. Кеңесбаев, 

М. Б. Балақаев т.б., ал қазір А. Ысқақов, Р. Сыздықова, С. Исаев т. б. ғалымдар 

тарапынан да қолдау тауып отыр.

Дүниежүзі  тілдеріндегі  диалектілердің  сипаты  бірдей  емес.  Кейбір 

тілдердің құрамындағы әр диалектіде сөйлейтін адамдар бірі-бірін түсінбейтін, 

немесе  әрең  түсінетін  дәрежеде  болуы  мүмкін  (мысалы,  қытай  тіліндегі 

диалектілер), кейбір тілдердегі диалектілердің өзара айырым белгілері сан 

жағынан көп болғандықтан, бір-бірінен айырмашылықтары бірден байқалып 

отырады.  Енді  бірқатар  тілдердегі  диалектілер  монолиттілігін,  бірлігін 

сақтап,  олардың  құрамындағы  диалекті,  говор лар  бір-біріне  тіпті  жақын, 

бір-бірінен  айырмашылығы  аз  болады.  Әрине,  тілдің  монолиттілігі  оның 

құрамында говорлардың орын алуын жоққа шығармайды. Қазақ тілі бірқатар 

басқа түркі тілдерімен (өзбек, азербайжан т.б.) салыстырғанда біртұтастығы 

(монолиттілік), тілдік ортақтығы жағынан әлдеқайда күшті. Ғалымдардың 

бірқатары әдеби тілдің негізіне белгілі бір диалекті тірек болуы шарт деген 

пікірге қосылмайды. Белгілі түрколог Е.И.Убрятова: түркі әдеби тілдерінің 

бәрі  бірдей  белгілі  бір  диалектіге  негізделе  бермейтінін  айта  келе,  Якут 

халқының әдеби тіліне ешбір диалект негіз болмағанын, соған қарамастан 

бұл тіл өмір сүріп, әрі қарай дамып келе жатқанын, ол тілде жазылған бай 

әдеби мұра бар екенін сөз етеді

55

.



28

Европа тілдері арасында да жеке диалект емес, барлық диалектілердің 

негізінде пайда болған әдеби тілдер бар. Мысалы, Г. В. Степанов Италияда өте 

күрделі ситуацияның орын алып отырғанын, ондағы әдеби тіл бір диалектінің 

емес, әр түрлі диалектілердің негізінде пайда болғанын айтады

56

.



29

53  Досқараев Ж. [Жарыссөзде сөйлеген сөзі]// Вопросы развития литературных языков 

народов СССР в советскую эпоху. Алма-Ата. 1964. С. 199-200

54  Нұрмағамбетов  Ә.  Әдеби  тілдің  дамуында  диалектілердің  алатын  орны.//  Қазақ 

әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981. 94-95-б.

55  Убрятова  Е.И.[Жарыссөзде  сөйлеген  сөзі]//  Вопросы  диалектологии  тюркских 

языков. Баку, 1958. С.136.

56  Степанов Г.В. Типология языковых состояний и ситуации в странах романской речи. 



480

Әдеби  тілдің  диалектілік  негізін  әр  диалектіде  сөйлейтін 

адамдардың  бірін-бірі  түсінбейтін  диалектілердің  арасы  өте  алшақ 

қытай  тілі  сияқты  тілдерден,  немесе  диалектілердің  бір-бірімен 

айырмасы  күшті  тілдерден  іздеу  керек.  Өзбек  әдеби  тілінің  негізі 

Ташкент  пен  Ферғана  говорлары,  азербайжан  әдеби  тілінің  негізі 

шемахин-баку диалектісі болды деп есептейді зерттеушілер. Кейбір 

тілдер үшін әдеби тілдің диалектілік негізі керек те шығар. Өйткені 

бұл  тілдердегі  диалектілердің  өзара  айырмашылықтары  күшті.  Бір 

мысал келтіруге болады. Өзбек тілінің орфографиялық сөздігін жасау 

бір кезде Ферғана говорының өкілдеріне тапсырылған болатын. Осы 

сөздікті құрастыру үстінде Ташкент пен Ферғана өкілдері арасындағы 

сөздердің жазылуы туралы көп дау туып, әлі күнге дейін басылмай 

келе жатыр. Ал, қазақ орфографиялық сөздігін жасау үстінде мұндай 

диалектілік ерекшеліктермен байланысты (кейбір сөздердің жазылуы 

болмаса)  мұндай  дау  болған  емес.  О.  Нақысбековтың  Көкшетау 

қазақтарының тілін зерттеуге арналған мақаласында шекейін (шейін), 

кигіз  үй  (киіз  үй),  мұрса  (мұрша),  бунақ  (перне),  құлақ  нан  (етке 

салатын  нан),  сарымсақ;  (пияз),  шөтке  (есіктің  ілгегі),  т.б.  жалпы 

саны 300-ден аса ерекшеліктер келтірілген

57

.

30



Орталық-солтүстік  диалектісінде  фонетикалық,  грамматикалық 

ерекшеліктер  басқа  диалектілерге  қарағанда  аздау.  Ерекшеліктер 

аз,  жоқтың  қасы  деп  айтылғанда,  ерекшеліктер  мүлдем  жоқ  деуге 

болмайды.  Оның  үстіне  О.Нақысбеков  тек  Көкшетаудың  кейбір 

аудандарын  ға на  қамтып  отыр.  Қамтылмай  жатқан  аудандарда 

ерекшеліктердің  болуы  мүмкін  ғой.  Солтүстік-шығыс,  Орталық-

солтүстік  говорлары  әдеби  тілдің  негізі  деп  есептейтіндер, 

әдетте,  оңтүстік,  батыс  облыстарында  кездесетін  грамматикалық, 

фонетикалық  ерекшеліктерді  дәлелге  келтіреді.  Бірақ,  олар  сан 

жағынан көп емес, бірен-саран екенін ескермейді. Ә. Нұрмағамбетовтің 

«Қазіргі әдеби тіліміздің лексикасы қазақ тілі диалектілеріне ортақ, 

барлығына  тән  ерекшеліктердің  негізінде  қалыптасқан»

5831

–  деген 



пікірі дұрыс, тек бұл жерде лексикамен шектелмей, грамматикалық 

және фонетикалық құбылыстарды да қоса айту керек еді. Бұл мәселе 

– өз алдына зерттеуді қажет ететін проблема.

Әдеби  тілді  зерттеуде  алда  тұрған  алынбаған  талай  бел-белес, 

асулар  бар.  Әлі  ашылмай,  табылмай  жатқан  қыруар  нұсқаларды 

М., 1976. 

57    Нақысбеков  О.  Көкшетау  экспедициясының  материалдарынан//  Қазақ  тілі  тарихы 

мен диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960. 2-шығуы. 

58  Нұрмағамбетов Ә. Әдеби тілдің дамуында диалетілердің алатын орны// Қазақ әдеби 

тілінің қалыптасу тарихы мен жолдары. Алматы. 1981. 92-б.



481

іздестіру жұмысын былай қойғанда, қолда бар мұралардың тілі толық 

зерттелмей келе жатыр. Мысалы, шығыс түріктерінің, яғни Қарахан 

әулеті  билеген  жерлердегі  түркі  тайпаларының  тілінде  жазылған 

ескерткіштер; Оғыз, әсіресе қыпшақ, тайпаларының тілінде жазылған 

шағатай, орта азиялық түркі жазба әдеби тілінде жазылғаи жарнамалар 

тілі  т.б.  Орта  ғaсыр  ескерткіштерінің  тілін  зерттеу  тек  әдеби  тіл 

тарихы үшін ғана, немесе жалпы қазақ, тілі тарихы үшін ғана емес, 

тарихи  лексикология,  тарихи  фонетика  мен  диа лектология,  тарихи 

грамматикамен байланысты проблемалық мәселелерді шешу үшін де 

аса кажет. Одан кейінгі дәуірдегі ауыз әдебиеті, жазба ескертіштерінің 

тілін газет, журнал мақалалары деңгейінде ғана зерттемей, жоспарлы 

түрде монографиялық дәрежеде зерттеу жұмысын үдете түсу керек. 

Мұнымен қатар текстологиялық ізденістерді кеңінен жүргізуді қолға 

алу керек.

Айта  кету  керек,  қазіргі  шығып  жатқан  көне  мұраларымыздың 

кейбірі сенімсіздік тудырады. Өйткені баспадан шығарғанда олардың 

тілі  осы  күнгі  нормаға  сәйкес  өңделіп,  жөнделіп  шығарылды.  Бұл 

«өндеулер» мен «жөндеулер» зерттеушіні адастырады, теріс қорытынды 

жасатады.  Сондықтан,  тіл  мамандары  әдебиет  зерттеушілерімен 

бірлесе  отырып,  текстологиялық  жұмысты  жандандыру  керек.  Әдеби 

тілдің  әдеби  болып  аталуына  негіз  болатын  әдеби  тілдің  әр  алуан 

стильдері  зерттелмей  келе  жатыр.  Олар  –  ресми  іс  қағаздары  стилі, 

публицистикалық  стиль,  ғылыми-техникалык  әдебиет  тілінің  стилі, 

оқулықтар  тілінің  стилі,  көркем  әдебиет  тілінің  стилі,  эпистолярлық 

стиль  т.б.  Соларды  жан-жақты  зерттеу  жұмысы  қолға  алынуы  керек. 

Әдеби  тілдің  арналарын  кұрайтын  мол  мұра  әлі  де  болса  жиналып 

зерттеліп болған жоқ. Еліміздің шет ел архивтерінде іздеу салып, ескі 

мұраны  жинастыру  мәселесін  ғылыми  жолға  қоятын  мезгіл  жетті. 

Москва,  Ленинград,  Орынбор,  Ка зан,  Омбы  қалаларындағы  архив 

материалдарын  ақтарып  зерттеу  керек.  Әдеби  тілдің  диалектілік 

негізімен  байланысты  мәселелерді  шешу  үшін  тарихи  диалектоло гия 

мәселелерін  зерттеуді  қолға  алу  керек.  Жоғары  оқу  орындарында  тіл 

тарихы  оның  ішінде  әдеби  тіл  тарихы  курсының  ғылыми  дәрежесін 

көтеру мақсатымен, студенттерді оқулыктармен қамтамасыз ету үшін 

«Тарихи  фонетика»,  «Тарихи  лексикология»,  «Тарихи  морфоло гия», 

«Тарихи синтаксис» атты еңбектерді бастырып шығаруға, бұрын жарық 

көрген еңбектердің сапасын жақсартуға ден қойған жөн.



482

Бүгінгі күн тәртібіне қойылып отырған әдеби тіл тарихының келелі 

мәселелерінің  ғылыми  тұрғыдан  өз  дәрежесінде  дұрыс  шешілмей 

келуі де, сайып келген де, бұл саладағы зерттеу жұмысының әлі-күнге 

дейін кең өріс алмай келуіне байланысты болса керек. Кейінгі кезде 

ғана  қолға  алынып,  күрделі  еңбектердің  жазылуы,  ғалымдардың, 

жалпы көпшілік қауымының ана тілінің өткен тарихы мен болашағына 

жасап  отырған  қамқорлығы  бұл  саладағы  барлық  игілікті  ісіміздің 

тек  бастамасы  ғана.  Бұл  мәселені  жан-жақты  зерттеудің  мақсатын 

анықтап,  оған  бағыт-бағдар  көрсету  –  конференциямыздың  негізгі 

міндеті деп білеміз. 

«Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары» атты ғылыми-

теориялық конференция материалы; 10-35 б. 

Алматы, Ғылым. 1987.

(І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ш.Сарыбаевтармен бірге)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет