Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі


Тұздалған саңырауқұлақтарды сараптау әдістері және сараптау



бет3/10
Дата18.11.2022
өлшемі48,74 Kb.
#51045
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2 Тұздалған саңырауқұлақтарды сараптау әдістері және сараптау.
Асқа жарамды саңырауқұлактардан басқа улы саңырауқұлақтар да бар, олар адамдардың, әсіресе балалардың улануына әкеліп соғады. Сондықтанда да, улы саңырауқұлақтарды асқа жарамдыларынан жақсы ажырата білу керек. Улы саңырауқұлақтарға: сасық саңырауқұлақ сасық пантера, поганка, шыбын қырғыш, етті саңырауқұлак, жалған түлкішек т.б. жатады.
Сондықтан да, саңырауқұлақтарды тексеретін және сататын орындарды түрлі-түсті плакаттармен, улы және тағамдық саңырауқұлактардың бейнесін (муляж) жасап безендіріп қояды. Санырақұлақтарды жеке-жеке түрімен сатады. Араластырып сатуға болмайды.
Адам организіміне қажетті азық-түліктін бірі ол санырауқұлақ. Саңырауқұлақ- табиғаттың бағалы сыйлығы, төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Ол дастарқанның сәнін келтіреді, тағамды түрлендіреді және денсаулыққа да өте пайдалы. Химиялық құрамы бойынша орманның бұл сыйлығы көкөністер мен мал өнімдеріне жақындайды, демек белокке бай қажетті амин қышқылдары да бар. Углеводтар мен майлары аз, дегенмен адам организмі оларды жақсы сініреді. Саңырауқұлақтарда организмге қажетті витаминдер, минералды заттары да баршылық. Құрамында хош иісті заттардың молдығы саңырауқұлақтардың дәмділігін арттырады, қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді, адамның аранын ашады. Елімізде 200-дей жеуге жарайтын саңырауқұлақ түрлері бар, оның 30 түрі дайындалады. Уытты саңырауқұлақтар да кездеседі. Тағамдық саңырауқұлақтың ерекшеліктеріне қарап құбырлы және қатпарлы деп ажыратылады. Құбырлылардың қалпағының астында құбырлары болады (ақ саңырауқұлақ, осиновик, емен және қайың саңырауқұлақтары т.б.). Қатпарлыларының қалпағының астынан ортасынан шетіне қарай ұзын бойына тартылған қатпарлар орналасқан ( груздь, волнушка т.б.).
Дәмі және тағамдық қасиеттеріне орай саңырауқұлақтарды төрт категорияға бөледі. Бірінші жоғарғы категориясына ақ саңылауқұлақ (Boletus edulis), рыжик (Lactarius Delicios) груздь (Lactarius resimus). Екіншісіне- емен және қайың саңырауқұлақтары (Boletus turidus et versipellis), маслята (B. Elegans), синяки енеді. Үшіншісіне- моховиктер (B. Badicus), сыроежка (Russula vesca), түлкішек ( Cantharellus cibaricus). Төртіншісіне- волнушка, свинушка т. б. жатады. Саңырауқұлақтардың ішінде қозықұйрық шампиньондар (Agaticus campestis) аса бағалы саналады.
Саңырауқұлақтың маусымы сәуірдің ортасы - көкек айларында басталады. Қары толық кетіп болған, күн сәулесі көп түсе қоймайтын, жыраның теріскейінде, сондай-ақ тоғайдың шеті, кесілген ағаштың үсті және орман жолының бойына строчок, сморчоктер шығады. Маусым айының басында саңырауқұлақ терушілер алғашқы сыроежкалар, қайың саңырауқұлақтарын кездестіреді, қарағайлы тоғайда шоғырланған масляталар жасырынып жатады. Бұл кезде көк маховиктер де кездеседі. Маусымның екінші жартысынан тоғай ішінде саңырауқұлақтың он бестен артық түрлерін жинауға болады. Маусымның жауыны өткеннен кейін тоғайдың мүкті алаңында түлкішектер, ал қарағайлы орманда оқжаңбырық көрінеді. Шілде айында шоқ қайында ақ санылауқұлақ шығады. Қылқан жапырақты еиен мен қайың тоғайларында свинушка және грузділер жаппай өседі. Сүмбіленің екінші жартысында қарағайлы орманда, көк терек пен қайың өскен тоғайларда өздерінің қызыл қалпақшалырымен көк шалғынның үстінен айқын көрінетін қызғылт-сары саңырауқұлақтар шығады. Олар күзге дейін өсе береді. Сүмбіленің екінші жартысымен қыркүйек айы санырауқұлақты жинаушылар ұшін тамаша кезең, демек ол уақытта оқжаңбырық, қызғылт сары және қайың саңырауқұлақтар, рыжик, груздь, волнушка, подгрузділер өседі де олардың соңынан опеноктер шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет