Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі



бет4/10
Дата18.11.2022
өлшемі48,74 Kb.
#51045
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қызыл шыбынжұттар (қызыл, пантера тәріздес, інжу тәріздес, сары, нарцесс тәріздес сары)- Amanita.Muscaria, A. Panterina, A. Spissa, A. Phalleides, A. Citrima, A. Gemmata.- Сабақтары ақ түсті саңырауқұлақ тәріздес құндақтан шығып келе жатқандай, төменгі жағы жиекті жұмыр, жуан, түйнек тәріздес, жоғары таман жіңішкереді, теңбілді белдеуленеді. Қалпағы қызыл, ақшыл-сұр, қара-сұр, сары, шұбар түсті жалпақ немесе дөңесті болады. Қалпақтың төменгі беті қатпарлы келеді. Қалпағы мен сабағы жұмсақ жерлері ақ түсті. Саңырауқұлақтың жағымсыз ащы иісі болады, құрамында мускарин және микоатропин (соңғысы жүйке уы) улары бар. Мухомормен уланғанда құсады, іші өтеді, дене дірілдейді, сандырақтайды.
Арамқұлақ. Бұл саңырауқұлақ сырт көрінісімен шанпиньонға, кейде сыроежкаға ұқсайды, бірақ та арамқұлақтың сабағының төменгі жағы қыстырмалы жағалы түйнек тәріздес жуандаған. Бұған қосымша қалпақ астындағы қатпарлардың түсі арамқұлақ ақ болса, шампиньонда солғын-қызыл және қара- қоңыр болады.
Саңырауқұлақ санитарлық бағасы. Санырауқұлақтардың сапасы мен тағамға жарамдылығы олардың құрылысы мен түрлерінің белгілеріне қарап анықталады. Саңырауқұлақтарды анықтауда суреттеу және атластағы суреттерін салыстыру әдістерін пайдаланады, ал балаусалығын органолептикалық қасиеттеріне қарай анықтайды.
Балауса, кепкен, тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтардың сапасын анықтағанда мемлекеттік стандарт және техникалық шарттармен пайдаланады.
Улы саңырауқұлақтар. Қалпақты саңырауқұлақтардың арасында 38-ден астам шала улы және өлтіретін улылары кездеседі. Олардың ішінде аса қауіптісі болып төмендегілер саналады.
Жан түршігерлік саңырауқұлақ - Boletus satanas. Сабақтары қысқа және өте жуан (басқа саңырауқұлақтармен салыстырғанда жуандау), бірақ та қалпақтың астына жақындағанда жіңішкереді. Сабағының үстінде қызғылт торы бар, сындырған кезде сабағы көгереді. Қалпағы тұтас, үстінен ақшыл-сұр яки көгілдір түсті жұқа қабықшамен жабылған (осы белгісі бойынша оны емен саңырауқұлағынан айыруға болады). Қалпақтың төменгі беті құбырлы, ұсақ тесікті, қызыл түсті, сындырған кезде көгереді, жағымсыз иісі бар. Саңырауқұлақтың улы заты белгісіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет