Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Толық өзіндік құн бойынша есептеудің тиімді жақтары



бет104/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Толық өзіндік құн бойынша есептеудің тиімді жақтары:
-ҚР-нда қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;
-Аяқталмаған және дайын өнімнің құнының байыпты бағалау
-Есептеудің бұл жүйесіне мыналарды жатқызуға болады:
-Өнімнің өзіндік құнына оны өндіруге тікелей қатысты емес шығындар кіреді;
-Жанама шығыстарды есептен шығарған жалпы бөлу базаларын қолдану салдарынан калькуляциялау объектілерінің өзіне тән даралығы жоғалады;
-Өнімге сұраныс азайғанда, қоймадағы дайын өнім қорына тұрақты қосымша шығыстар капиталданады;
-Өзіндік құнды жоспарлы калькуляциялауда жоспарлы пайда алдын-ала қарастырылады, шын мәнісінде ол зиянның тәуекелділігін жою мақсатында жасалады.
Нақты шығындарды есептеу – қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды дәйекті жинақтау тәсілі.
Нақты өзіндік құн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрі және кең тараған болып табылады және белгілі принциптерге сай жүргізіледі:
-өндіріске шыққан алғашқы бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің шоттары жүйесінде толық көрсету;
-шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу;
- шығындарды өндіріс түрлері шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау;
-нақты шығындарды есеппен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;
-нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.


Бақылау сұрақтары:
1.Өнімді өндіруге кеткен шығындар есебі
2. Өндіріс шығыны туралы түсінік
3. Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
5. Толық өзіндік құнды калькуляциялау
38. тақырып Ұйымның қаржылық тұрақдылығын талдау

1.Қаржылық тұрақтылық туралы түсінік


2. Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы
3. Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатамасы
4. Қаржылық жағдай сапасын анықтау
5. Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффицинттер

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның аман қалу кепілі мен тұрақтылық негізі болып оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы есептеледі.


Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз әрекетін қаржыландыру қабілеттігі есептеледі. Қаржылық жағдай – жиынтық ұғым. Ол кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуге керекті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуімен, олардың орналасу пайдалылығымен, пайдалану тиімділігімен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қатынасымен, төлем қабілеттігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет