Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 9.47 Mb.

бет37/80
Дата22.12.2016
өлшемі9.47 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80

 

 

 

352 

 

ӘӚЖ: 37.09.3 



Дене тәрбиесі арқылы жастардың жеке қабілеттерін жетілдіру  

 

Егембердиев Н.А. «Сырдария» университетінің оқытушысы, 



Узахова А.С. –п.ғ.к., аға оқытушы М. Ҽуезов атындағы ОҚМУ., Шымкент қ. 

 

ХХІ  ғасырда  жаңа  білім  беру  парадигмаларының  енуіне  байланысты 



күрделі  тапсырмаларды  шешуге  қабілетті,  ҿнімді  ойлау  мен  белсенді 

қиялдауға бейім тұлға дамыту талабы ҿсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы 

қарқынды  ҿзгерістер  жыл  сайын  жаңа  ҿмір  салтын  құруда.  Осыған  орай, 

ҽрбір  адам  бұл  ҿзгерістерді  дұрыс  қабылдап,  тиісінше,  ҿз  ҽлеуетін  үнемі 

белсендіріп отыруы тиіс. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  білім  беру 

жүйесінің  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  жҽне  кҽсіби шыңдауға 

бағытталған  рҿлі  атап  кҿрсетілсе,  осы  Заңның  41-бабында:  «педагог 

қызметкерлер  оқушылардың  мемлекеттік  білім  беру  стандартында 

кҿзделген  деңгейден  тҿмен  емес  білім,  білік,  дағды  алуын  қамтамасыз 

етуге,  жеке  қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген 

[1].  


Ұзақ  жылдар  бойы  жастардың  қабілеттерін  жетілдіру  мҽселесі  түрлі 

ғылым  салалары  –  философия,  педагогика,  психология,  лингвистика  т.б. 

ҿкілдерінің  назарын  аударып  келеді.  Бұл  қазіргі  қоғамның  жаңа 

мҽселелерді  қоя  білетін,  сапалы  шешімдер  қабылдауға  қабілетті,  игерген 

білімін 

үнемі 


іске 

асыруға 


ұмтылатын 

белсенді 

тұлғаларға 

мұқтаждығының күн санап ҿсуіне байланысты.  

Қабілеттер  бұрыннан  зерттеу  пҽні  ретінде  қарастырылып  жүр. 

Ҿйткені  адам  қабілеттері  мҽселесі  барлық  уақытта  да  адамдардың  үлкен 

қызығушылығын тудырып келді.  Қабілетті жетілдіру мҽселесін талдау ең 

алдымен «қабілет» ұғымының мҽнін терең түсініп алуды талап етеді.  

Философияда қабілеттерді  «тұлғаның белгілі бір ҽрекетті орындауға 

жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері» дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-

ҽрекеттердің нҽтижесінде қалыптасып, ҽрі қарай дамып отыратынын атап 

кҿрсетеді. 

«Қабілет»  ұғымына  берілген  психологиялық  анықтамалар  саны  ҿте 

кҿп. «Қабілеттер деп ҽрекеттің талаптарын қанағаттандыратын жҽне үлкен 

жетістіктерге  жеткізетін  адамның  қасиеттерінің  синтезін  атайды». 

«Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - 

дейді А.В.Петровский. «Қабілет  - іс-ҽрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, 

нҽтижелі  орындауында  кҿрінетін  адамның  жеке  қасиеті»,  -  деп  жазады 

академик Т.Тҽжібаев [2]. 

Қабілеттердің  жетілу  мҽселесін  зерттей  келе  А.Н.Леонтьев  [3],   

Б.М.Теплов [4],  М.Мұқанов [5],  Қ.Жарықбаев [6] қабілеттер оқытусыз да 

дамитынын, бірақ онда ол ұзақ үдеріске айналатынын айтады. 



353 

 

Қабілеттер    мҽселесі  –  оқушылардың  жекелік  айырмашылықтар 



мҽселесі.  Егер  барлық  адамдардың  ҽрекеттің  түрлерімен  айналысуға 

арналған  мүмкіндіктері  бірдей  болса,  онда  қабілеттер  туралы  сҿз  етпеуге 

де  болар  еді.  Мүлдем  еш  нҽрсеге  қабілеті  жоқ  адам  болмайды.  Ҽр  адам 

бойында  бір  нҽрсеге  деген  қабілет  болатындығы  кеңестік  психология 

ғылымының  негізгі  ережелерінің  бірі,  бірақ  ол  қабілеттер  дҽрежесі  ҽр 

адамда ҽр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-ҽрекетінің белгілі бір түріне 

қабілеті  не  жоғарылау,  не  тҿмендеу  болып  келеді.  Бұған  қарап,  мысалы, 

музыкаға,  не  хореографияға  немесе  математикаға  қабілеті  тҿмен 

оқушыларды  қабілеті  тҿмен,  дарынсыздар  қатарына  жатқызу  дұрыс  емес. 

Бұл  –  оның  қабілетінің  басқа  салада  жатқандығының  белгісі.  Қабілеттер 

туа  бітті  қасиет  емес,  олар  ҿмір  сүру  барысында  іс-ҽрекет  пен  ептілік 

арқылы жетіліп отырады. Педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий [7] 

кҿрсетіп, оларға сҽйкес жалпы анықтамалар береді: 

1) Дидактикалық қабілеттер – оқушыларға оқу материалын неғұрлым 

ұғынықты  етіп  беру  қабілеті,  оларға  материалды  немесе  проблеманы 

айқын жҽне түсінікті түрде келтіру, пҽнге деген қызығушылығын тудыру, 

оқушыларда белсенді ойды ҿз бетінше қоздыру. 

2)  Академиялық  қабілеттер  –  ғылымның  сҽйкес  аймағына  деген 

қабілеттер. Қабілетті педагог пҽнді тек қана оқу курсының кҿлемінде ғана 

емес,  елеулі  терең  жҽне  кең  түрде  біледі,  ол  үнемі  ҿз  ғылымындағы 

жаңалықтарды бақылып жүреді, материалды абсолютті еркін игереді, оған 

үлкен  қызығушылық  кҿрсетеді, кем  дегенде  қарапайым  зерттеу  жұмысын 

жүргізеді. 

 3)  Перцептивті  қабілеттер  –  оқушының,  тҽрбиеленушінің  ішкі 

дүниесіне  ене  білу  қабілеті,  оқушы  тұлғасын  жҽне  оның  уақытша 

психикалық 

күйлерін 

түсінумен 

байланысты 

психологиялық 

бақылампаздық. 

4)  Тілдік  қабілеттер  -  ҿз  ойлары  мен  сезімдерін  тілдің,  мимика  жҽне 

пантомимика кҿмегімен айқын жҽне нақты білдіре алу қабілеті. 

5)  Ұйымдастырушылық  қабілеттер  –  бұл,  біріншіден,  оқушылар 

ұжымын  ұйымдастыру  қабілеті,  оны  жаңа  міндеттерді  орындауда 

топтастыру  жҽне  дем  беру,  екіншіден,  ҿз  жұмысын  дұрыс  ұйымдастыру 

қабілеті,  ҿз  жұмысын  ұйымдастыру  дұрыс  жоспарлау  жҽне  ҿзін  бақылау 

іскерлігін ұйғарады. 

 6)  Академиялық  қабілет  –  оқушыларға  тікелей  эмоционалды  –  еркін 

ҽсер  ету  қабілеті  жҽне  осы  негізде  олардың  алдында  беделді  бола  алу 

қабілеті. 

7) Коммуникативтік қабілеттер  – балалармен қарым – қатынас жасау 

қабілеті, олармен қарым – қатынас жасауда дұрыс тҽсіл таба алу, олармен, 

педагогикалық  кҿзқарас  тұрғысынан,  орынды  ҿзара  ҽрекеттесуді  орнату 

іскерлігі, педагогикалық ҽдептің болуы (Сурет 1). 


354 

 

 



 

 

Сурет 1. В.А. Крутецкий ұсынған жалпы қабілет түрлері. 



Бала кезде қалыптасуға тиісті адам қабілеттердің бірі  – ептілік. Кез-

келген  жаттығуды  орындағанда  ең  алдымен  ептілік  керек.  Дене 

шынықтыру жаттығуларымен спортпен (мысалы суда жүзу, күресу, батпан 

кҿтеру)  шұғылдану  үшін  ҽрбір  оқушы  ҿзінің  икемділік  ептілік  қасиетін 

жақсы  білуі  керек.  Адамның  ептілік,  икемділік  қабілеттері  белгілі  бір 

жаттығуды  орындаған  кезде  бірнеше  қозғалысты  шебер  үйлестіруінетура 

келеді.  Ҽсіресе  жекпе-жек  жаттығуларын  орындағанда  адамның  епті 

немесе  икемсіз  екені  бірден  кҿзге  түседі.  Мысалы  епті,  икемді  адам 

кездескенде  күші  ҿзімен  тең  түсетін  қарсыласын  жеңіп  кетеді.  Ептілікті 

дамыту  үшін  арнаулы  жалпы  дамыту  жаттығуларымен  бірге 

гимнастикалық  жабдықтарда  жаттығу,  жеңіл  атлетикамен  шұғылдану, 

қозғалмалы  жҽне  спорт  ойындарын  кҿбірек  ойнау  керек.  Демек  ептілікті 

дамытуда  белгілі  бір  қашықтықтарға  жүгіру,  кедергілерден  ҿту,  ҽртүрлі 

жаттығулар  қатар  орындалатын  эстафеталық  спорттық  ойындар  ойнау 

бағыт-бағдарды  анықтауға  арналған  жаттығулар  орындау  зор  пайдасын 

тигізеді.  Ептілікті  арттыруға  арналған  жаттығуларды  да  біртіндеп 

күрделендіре беру керек. Сонда епті икемділік жетіле түседі. 

Ептілік 


пен 

икемділік 

дене 

шынықтыру 



жаттығуларымен 

шұғылдануда  ғана  емес  тіпті  үй  шаруасына  да  керек.  Мысалы,  епсіз, 

икемсіз  қыз  ыдыс  жуу  кезінде  кесені  қолына  түсіріп  алып,  сындырып 

қоюы  да  мүмкін.  Ал  егер  ер  бала  епті  болмаса  қол  ҿнерімен  шұғылдана 

алмайды.  Сымбат  –  адамның  дағдыға  айналған  жүріс-тұрысы  мҽнері. 

Ҿмірде мүсіннің сымбаттысы да, кҿріксізі де кездесіп отырады. Мүсіннің 

сымбатты  болуы  денені  тік  ұстауға  кҿмектесетін  бұлшық  еттерндің 

қызметіне байланысты. Егер бұлшық еттің бҽрі де жақсы дамыса, адамның 

мүсіні де түзу, ҽсем болмақ. 

Дененің  ҽдемі,  түзу,  сымбатты  болуына  дене  жаттығулары  кҿп 

кҿмегін  тигізеді.  Мысалы  адам  күшті,  тҿзімді  епті  болғанымен,  мүсіні 

сымбатты болмауы да мүмкін. Сондықтан да белгілі бір дене шынықтыру 

жаттығуларымен  қатар  сымбат  түзулігін  (дененің  сымбаттылығын) 

қалыптасып,  басқа  да  арнаулы  жаттығулар  пайдаланылады.  Мұндай 

жаттығулар екі топтан тұрады. 

Тілдік  


Ұйымдастырушылық  

Коммуникативтік 

қабілеттер 

Педагогикалық қиял немесе

 

болжам жасау



 

қабілеттері 



355 

 

Біріншісі  –  денені  тік  ұстауға  дағдыландыратын  жаттығулар.  Бұған 



адамның  тҿбесіне  бір  зат  қойып  орындау  жаттығулар  мен  қабырғаға 

арқаны тіреп тұрып орындалатын жаттығулар жатады. Ал екіншісі – денені 

тік  ұстауға  кҿмектесетін  бұлшық  еттерді  (мойын,  арқасын,  сан,  сирақ, 

табан бұлшық еттері) жетілдіре бекіте түсетін жаттығулар кіреді. Мұндай 

жаттығу күн сайынғы таңертеңгі гимнастикаға, дене шынықтыру үзілістері 

мен үйде ҿз бетінше орындайтынжаттығулар құрамына енгізу керек. 

Сымбат  жаттығуларын  күн  сайын  кемінде  бір  орындап  отырудың 

маңызы зор. Мүсін сымбатты болып ҿсіп, қалыптасу үшін мына тҿмендегі 

ақпараттар орындалуға тиіс. 

1.

 



Үй  жұмыстарына  кҿмектескенде  істі  бірде  оң  қолмен,  сол  қолмен 

алмастырып істеу керек. 

2.

 

Бір қалыпта ұзақ уақыт қозғалмай отыруға (немесе тұрып) ҽр түрлі 



қалыпта болуды естен шығармау керек. 

3.

 



Теледидар  қарағанда  орындыққа  немесе  креслоға  тіреп  отырған 

жҿн. Негізінде жерге малдас құрып отыруға үйренген жҿн. 

4.

 

Сабаққа ҽзірленген кезде аяқты аласа орындыққа отыру керек. Бұл 



– отырудың ең ыңғайлы қалпын сақтау керек. 

5.

 



Сҿмкені үнемі бір қолмен кҿтеруге болады. 

6.

 



Таңертеңгі  гимнастикаға  аяқтың  ұшымен  ҿкше  табаның  ішкі  жҽне 

сыртқы қырмен жүру керек.  

Қазақ  халқының  дене  тҽрбиесіне,  оны 

шынықтыруға,  ептілікке,  денсаулықты,  кҿңіл-

күйді кҿтеруге арналған осы кездегі дене тҽрбиесі 

мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кҽдесіне 

жарағандығын кейбір археол. деректер дҽлелдейді.  

Ептілік  —  ұлттық  ойын  болып  та  саналады. 

Ойынға  қатынасушылар  тепе-тең  екі  топқа 

бҿлінеді.  Он-  он  бес  метрдей  жерге  меже 

белгіленеді.  Ҽр  топтан  қолдарында  бір  кездей  түзу  таяғы  бар  екі-екіден 

ойыншы  ортаға  шығады  да,  қатарласа  тұрып,  таяқты  алға  созады. 

Бастаушы  қос  таяқтың  үш  жағына  бір  қарыстай  тақтай  қояды  да,  оның 

үстіне  сүйемдей  жұмыр  таяқшаны  немесе  қуыршақты  тіктеп 

орналастырады.  Сонан  соң  ойынды  бастауға  белгі  береді.  Ҽр  топтың 

ойынды  жүргізуге  қатынасқан  ойыншылары  таяқтарын  тең  ұстап,  оның 

үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта 

оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Ҽр кезектің 

озып  келген  ойыншысы  ҿз  тобына  ұпай  ҽпереді.  Осы  ҽдіспен  ойынды 

жеке-жеке  жалғастыруға  да  болады.  Жеке  ойыншы  екі  қолына  екі 

қарыстай түзу шыбық алады. Ұшына сіріңке қорабы қойылып, оның үстіне 

адам бейнелі кішкене қуыршақ орнатады. Сҿйтіп, ҽлгі межеге дейін барып, 

қайта оралады. Қай топ кҿп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.  

        1970  ж.  Оңтүстік.  Қазақстан  облысында  б.з.б.  4  –  3  ғасырларда 

тоғызқұмалақ  тастары  табылды.  Сол  жылы  Тараз  қаласынан  30  км жерде 

археологтар  тоғызқұмалақ  тақтасының  тасқа  қашап  салынған  суретін 


356 

 

кездестірді.  7  ғ-да  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерін  жаулап  алған  Араб 



халифаты ислам  дінін  уағыздаумен  қатар,  шахмат  (шатрандж)  ойынының 

таралуына,  оның  дамуына  айтарлықтай  ықпал  етті.  Сҿйтіп,  кҿшпенді  деп 

аталып келген қазақ халқы дене тҽрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға 

кҿңіл  бҿлгені  байқалады.  Ежелден  садақ  тарту,  бҽйге,  сайыс,  күрес, 

аударыспақ  сияқты  спорт  түрлерімен  айналысқан  қазақ  халқы  басқа  да 

спорт  түрлерімен  айналысу  арқылы  ҿздерінің  рухани  байлықтарын 

жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық ҿзіне лайықты деп санаған ұлттық 

спорт  түрлерін,  ҽр  түрлі  дене  жаттығуларын  үнемі  жетілдіріп  келген.  Ҽр 

рудың,  ҽр  жүздің,  ҽрбір  хан  мен бай-манаптың,  болыс-бектің ҿз балуаны, 

ҿз  мергені,  ҿз  сҽйгүлігі  болған.  Олар  бҽйге-жарыстарда  ірі  рулардың 

намысын қорғаған. Ҿз уақытында Б.Момышұлы ептілік - шапшаң ойланып 

шешім  қабылдаудың  жҽне  бұлшық  еттердің  шапшаң  ойға  тҽртіптілікпен 

бағынуының нҽтижесі деген ұстаным ұстанған.  

 

Резюме 



         

 

В  статье  рассматривается  вопросы  совершентвование  индивидуальной 



способности молодежи на основе физвоспитание. 

 

Summary 



 

     In  article it is considered questions of improvement of individual ability of young people 

on the basis of   physical education. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 

7.08. маусым 2007. 

2.Тҽжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993 

3.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975. 

4.Теплов Б.М. Избранные психологические труды. М., 1985. 

5.Мұқанов  М. М. Жас жҽне педагогикалық психология. Алматы, 1982. 

6.Жарықбаев Қ. Ҽдеп жҽне жантану. Алматы, 1994.   

7.Крутецский В.А. Психология: Учеб. для учащихся пед. уч-щ. - 2-е изд., 

перераб. И доп. - М.: "Просвещение", 1986. - 336 с. 24. 



 

УДК: 745  

 

Н.П. Гузик, Ж. Қараев, Г.Ғ. Еркибаевалардың деңгейлеп оқыту 



технологиясы 

 

Еркибаева Г.Ғ., «Кҽсіптік оқыту технологиялары» кафедрасының профессоры,  



Қ.А. Ясауи атындағы Халықарарлық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы 

 

Қазіргі  ақпараттар  мен  технологиялар  ағыны  ХХI  ғасырда  ғылым  мен 



білімді  жаңа  тұрғыда,  жаңа  ҽдісте  дамыту  маңызды  болып  отыр.  Ең 

357 

 

бастысы,  білім  беру  жүйесін  жаңа  технологиялар  арқылы  толықтырып, 



байытып,  дамытуымыз  қажет.  Білім  берудің  дамуы  ғылымның  ҿсуіне, 

елімізді  техникалық  прогресске  жеткізеді.  Сондықтан  да  білім  беруді 

дамыту  мҽселесін  басты  назарда  ұстағанымыз  абзал.  Келешек  еліміздің 

тірегі – біздер тҽрбиелеп ҿсіріп отырған балалар деп білеміз. Жаңа заманға 

лайық жаңа білім, жаңа тҽрбие беру– ҿмір талабы. 

Кез-келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  ҿмір  сүру  деңгейінің 

жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол  елдің 

технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа 

технологияны  енгізу  сапасы  осы  елдегі  білім  беру  ісінің  жолға 

қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. 

«Білім туралы» Заңының қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 

2004 


жылы 

ЮНЕСКО 


ұсынған 

халықаралық 

білім 

жүйесіне 



сҽйкестендірілген.  Осы  Заңның  8-ші  бабында  білім  беру  жүйесінің  басым 

міндеті  ретінде  оқытудың  инновациялық  технологияларын  енгізу,  білім 

беруді  ақпараттан  дыру,  халықаралық,  ғаламдық,  коммуникациялық 

желілеріне шығу деп атап кҿрсеткен. Инновациялық технологияны меңгеру 

мұғалімнің  интеллектуал  дық,  кҽсіптік,  рухани,  адамгершілік,  азаматтық 

келбеттерінің  қалыптасуына  ҽсерін  тигізеді,  ҿзін-ҿзі  дамытып,  оқу-тҽрбие 

үрдісін тиімді ұйымдастыруына кҿмектеседі. Келер ұрпаққа қоғам талабына 

сай  тҽрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің  инновациялық  іс-ҽрекетінің 

ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  –  маңызды  мҽселелердің  бірі. 

Ал  ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттар  ағыны  күшейген 

ХХІ-ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру 

мектептің басты міндеті болып саналады. Сондықтан мектепте жаңартылған 

ҽдістемелік  жүйенің  оқыту  үрдісінде  тиімді,  сапалы  түрде  іске  асуы  үшін 

оны технологияландыру қажеттігі туындайды. 

Республикамызда  соңғы  жылдары  оқыту  процесiн  iзгiлендiру,  оның 

практикалық  бағыттылығын  күшейту  мақсатында  бiраз  шаралар  жасалды. 

Оларды  «инновациялық  процесс»  немесе  педагогикалық  жаңалықтарды 

енгiзу деп жүрмiз. «Инноватика» ұғымының мҽнi латынның in-nooue деген 

сҿзiнен  шыққан  «жаңарту,  ҿзгерту»  деген  түсiнiк.  Педагогикада  бұл  жаңа 

ҽдiстер,  тҽсiлдер,  құралдар,  оқулықтар,  бағдарламаларды  пайдалануды 

бiлдiредi.  Яғни  оқыту  мен  тҽрбиелеуге  ҿзгерiстер  енгiзу,  олардың  сапасын 

арттыру болып табылады. 

Инновациялық технологияның ҿзіндік ерекшеліктері: қойылған мақсатқа 

жету  мүмкіндігіне  кепілдік  беретін  оқыту  үрдісін  құрастыру  жҽне  оны 

жүзеге  асыру.  Оқытылатын  пҽн  мазмұны,  мұғалім  мен  оқушының  ҿзара 

байланыс іс-ҽрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты 

мақсат қана инновациялық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. 

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тҽрбиелеудің міндеті жан-жақты 

дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болғандықтан,  жаңа  технология 

бойынша  ҽдістемелік  жүйенің  басты  бҿлігі  бір  дҽрежеде  белсендірілуі 

қажет.  Бұл  ҽдістемелік  жүйенің  басқа  бҿліктерінің  де  (мазмұн,  ҽдіс,  оқыту 


358 

 

түрі мен құралдарының) ҿзара байланысы қалпында ҿзгертілуін талап етеді. 



Мұны орындау үшін тҿмендегідей ұстанымдар жүзеге  асырылуы тиіс: 

1.Оқушылардың  ҿзіндік  ізденіс  іс-ҽрекетінің  ҽдістерін  меңгеру  талап 

етіледі. Ҿйткені бұл ҽдістердің күнделікті пайдаланатын оқыту ҽдістерінен 

айырмашылығы  бар.  Яғни,  жаңа  жағдайдағы  «оқыту  ҽдістемесі»  деп 

отырғанымыз:  «оқушы  –  мұғалім»  ұстанымының  ҿзара  тығыз  байланысты 

лығы.  Демек,  мұнда  бірінші  орында  оқушы  тұрады  жҽне  оның  ҿз  бетімен 

білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. 

2.Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері  –  оқытудың  дербес  жҽне  топтық 

түрлері  болып  табылады.  Бұл  жерде  басты  мақсат  –  оқушыға  деген  сенім, 

оның ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін 

дамыту. 

3.Жаңа  технологияның  мақсаты  бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет. 

Бұл  үшін  оқу  құралдары  оқушылардың  ҿздігінен  танымдық  іс-ҽрекетін 

жүргізе алатындай болуы қажет. 

Ҽрбір  инновациялық  технология  жеке  тұлғаны  ҿзін-ҿзі  дамытуға,  оның 

ҿзіндік жҽне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен 

дағдыларын  қалыптастыруға  жҽне  ҿзін-ҿзі  дамытуға  қолайлы  жағдай 

жасауға  қажетті  ҽдістемелік  мүмкіндіктерін  қамтиды.  Яғни,  осы 

мүмкіндіктер жалпы білім беру ұйымдарында, бастауыш, орта жҽне жоғары 

білім  сатыларында  ұйымдастырылса,  белгілі  бір  нҽтижеге  жетуге  болады. 

Оқу үрдісі барысында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту»,  

Н.П.Гузиктің,  Ж.Қараевтің,  Г.Еркибаевалардың  «Деңгейлеп  саралау» 

технологиясы,  М.М.Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту»  технологиясы, 

Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы 

келген  «сын  тұрғысынан  ойлауды,  оқу  жҽне  жазу  арқылы  дамыту» 

(С.Мирсейітова)  технологиясы,  «Ынтымақтастықта  оқыту»  технологиясы, 

В.Беспалько,  М.Кларин,  И.Лернер,  В.Оконь,  Н.Талызина  «Бағдарламалап 

оқыту  мҽселесі»,  Дидактикалық  бірліктердің  ірілендірілуі  (П.Эрдниев),  Іс-

ҽрекетті  бағалау  (Ш.Амоношвили,  И.Волков)  т.б.  технология  лардың 

тҽжірибелік қолданыста тиімділігін айқындайды. 

Жаңа  технологиялар  ішінде  деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясы 

маңызды орын алады. 

Осы  технологияны  3  ғалым  ізденіп,  зерттеген.  Олар:  Н.П.Гузик, 

Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаевалар. 

Деңгейлеп 

оқыту 


идеясының 

авторы 


Н.П.Гузик 

сыныптағы 

оқушыларды  да,  соған  сҽйкес  оқу  бағдарламаларын  да  А,  В,  С  –  үш 

деңгейге бҿлуді ұсынады. 

«А»  –  бағдарламасындағы  тапсырмалар  базалық  стандарт  түрінде 

белгіленеді.  Оларды  орындай  отырып  оқушы  пҽн  бойынша  қайталау 

деңгейінде  нақты  материалды  меңгереді.  Материалды  алғаш  меңгеру 

жұмыстарының бұл деңгейінің ҿзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың 

сан  рет  қайталануын,  мағыналық  топтарды  бҿлу,  негізгі  ойды  табу 

дағдысын, есте сақтау тҽсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді. 



359 

 

«В»  –  бағдарламасын  орындамас  бұрын  «А»  бағдарламасындағы 



тапсырма  ларды  ҽрбір  оқушы  орындауға  міндетті.  «В»  –  бағдарламасын 

қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, 

ой-ҽрекетінің  арнайы  тҽсілдерін  меңгеруін  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан 

бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді 

дҽлелдейтін,  суреттейтін,  нақтылайтын  ұғымның  қолданылуы  мен  жұмыс 

істеуін  кҿрсететін  қосымша  мҽліметтер  енгізіледі.  Бұл  деңгей  мҽліметтер 

кҿлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге кҿмектеседі. 

«С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма 

шылықпен қолданылатын деңгейге кҿтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы 

мен  ой-ҽрекетінің  тҽсілдерін  жҽне  деректі  оқу  материалын  еркін  игеруді  

кҿздейді.  Ҿз    білімімен    мҽселелер  шешуде  оқушыға  оның  логикалық 

ойлауын  дамытатын  мҽліметтер  беріп  оны  шығармашылықпен  қолдану 

перспективасын  ашады.  Оқушыға  ҿзін  қосымша    жұмыста  кҿрсетуге 

мүмкіндік береді. 

«А» – бағдарламасы оқытудың міндетті нҽтижесіне сҽйкес келеді. 

«В»  –  бағдарламасы  оқулықтан  қосымша  есептер  мен  жаттығулардың 

енгізілуін кҿздейді. 

«С»  –  бағдарламасы  қосымша  оқу-ҽдістемелік  ҽдебиеттерден  алынған 

тапсырмалардан тұрады. 

Ҽр пҽндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының ҿзімен ойласа отырып 

жүргізіледі.  Ҽрбір  тақырып  бойынша  ҿткізілетін  сабақтар  кезектесіп 

келетін бес типтен құралады. 

Бірінші  –  тақырыпты  жалпы  талдау  сабақтары  (оларды  лекциялар  деп 

атайды). 

Екінші  –  қиыстырылған  семинар  сабақтарда  оқушылардың  ҿзіндік 

жұмысының  процесінде  оқу  материалдарының  тереңдей  талдануы. 

Мұндай сабақтар бірнеше рет (3-5 дейін) ҿткізіледі. 

Үшінші – қорытындылау жҽне білімді жүйелеу сабақтары. 

Тҿртінші  –  материалды  пҽнаралық  қорытындылау  сабақтары  (оларды 

тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды). 

Бесінші – пратикум сабақтар. 

Барлық  оқушы  білім  стандарты  деңгейін  толық  игергеннен  кейін  ғана 

жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық жҽне 

жеке  жұмыстар  арасындағы  үйлесушілік  базалық  стандарт  деңгейінде 

оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді. 

Оқушылардың  біліміндегі  ақаулықтарды  жою  үшін  олармен  сыныптан 

тыс  жеке  жұмыстар  жүргізуге  тура  келеді.  Ҽр  пҽнді  деңгейлік 

бағдарламаны  таңдау  оқушының  ҿзіне  ұсынылады.  Осылайша  ортақ 

базалық  білім  минимумы  қамтамасыз  етілуімен  қатар  ҽр  жеке  тұлғаның 

шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады. 

Білімді  бақылау  кезінде  деңгейлеу  тереңдей  түсіп,  ҽрбір  оқушының 

жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, 

тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс. 

Кесте-1 


360 

 



1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал