Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 9.47 Mb.

бет34/80
Дата22.12.2016
өлшемі9.47 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80

 

 

 

 

 

323 

 

 



 

 

ӘӚЖ: 378.146 

 

Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде ҧлттық педагогика 

элементтерін тиімді пайдалану 

 

*Дайырбеков С.С., **Рахашев Б.Қ., **Сансызбаева А.С., ***Рахашева З.И. 

* «Сырдария университеті», п.ғ.к., доцент, **ОҚМПИ, ф.-м.ғ.к., ** ОҚМПИ, студент,  

***№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп, Шымкент қаласы 



 

«Атом ғасыры» деп аталып, ғылым мен техниканың ұлы жетістіктерін 

мақтан етіп, «Адам табиғатты ҿзіне бағындыра алды» деп ұрандатып ҿткен 

ХХ  ғасыр  адамзаттың  қол  жеткізген  ұлы  жетістіктерімен  қатар  зор 

қасіреттерді ала келді. Ҿндіріс орындарының санының жаңбырдан кейінгі 

шыққан  саңырауқұлақтар  секілді  минут  сайын  артуы,  тұрмыстық 

қажеттіліктерге байланысты жердің пайдалы қазбаларын толассыз ҿндіру, 

ғарышты игеру, энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мҽселелері, 

ҽскери  техниканың,  қару  жарақтардың  сыналуы  Жер  шарын  азып-

тоздырды.  Жеке  бастың  игіліктерінің  қамымен  жүріп  қоршаған  ортаның, 

мекеніміз  Жер  ананың  кҿз  алдымызда  құрдымға  кетіп  бара  жатқандығын 

байқамай, орасан зор кесапаттарға душар болдық. ХХ ғасырдың ортасында 

осы  кесапаттардың  алдын  алу  мақсатында  экологиялық  мҽселелер  жиі 

айтыла  бастады.  Бүгінгі  таңда  экологиялық  мҽселерді  шешу  кезек 

күттірмейтін мҽселелердің негізгісі болып отыр [1].  

Экологиялық  тҽрбиенің  кҿкейкестілігі  –  Қазақстандағы  экологиялық 

апат 

аймақтарының 



болуымен 

тығыз 


байланысты. 

Қазақстан 

жұртшылығын ҽскери полигондар, экологиялық талаптарды ҿрескел бұзып 

отырған ҿндіріс орындары алаңдатып отыр.  

Соңғы  жылдары  дүниежүзілік  біртұтас  экономиканың  салдарлары 

болып табылатын жахандану мҽселесі кҿп айтылып жүр. 

Жаһандану – тек дүниежүзілік біртұтас экономика ғана емес, біртұтас 

идеялар,  біртұтас  ҿнер,  біртұтас  мҽдениет,  біртұтас  адам,  яғни,  бір 

мемлекет.  Болашақта  жаһандану  процесінен  ешкімде  құтыла  алмайды. 

Соңғы  жылдардағы  дүниежүзілік  дағдарыс  дүниежүзілік  экономиканың 

біртұтастыққа  айналып  үлгергендігін  кҿрсетті,  яғни  жеке  бір  мемлекетте 

дағдарыс деген түсінік кешегі күнгі түсінік екендігіне кҿзімізді жеткізді. 

Жаһандану процесі ҿзімен бірге кҿптеген мҽселелерді ала келуде. Сол 

мҽселелердің  ең  қасіреттісі  ұлттық  санаға,  ұлттық  болмысқа,  ұлттық 

мҽдениетке  тҿніп  отырған  үлкен  қауіп.  Себебі,  жаһандану  процесі 

толығымен  іске  асқанда  жер  жүзінде  ең  алпауыт  2–3  ұлттың  тілі, 

мҽдениеті,  болмысы  ғана  сақталып  қалуы  мүмкін.  Ал,  қалған  ұлттар  ҿзін 

ұлт  ретінде  сақтап  қала  алмай,  жойылып  кетуі  мүмкін.  Сондықтан, 

жаһандану кезеңінде ұлт мейлінше ҿзінің болмысын сақтап қалу үшін кез-

келген салада ұлттық болмысты насихаттайтын іс-шараларды жүйелі түрде 



324 

 

ҿткізіп отыруы тиіс. Ұлттық болмысты қалыптастыратын, ҿскелең ұрпақты 



отан  сүйгіштікке  тҽрбиелейтін,  ұлтжанды  азаматты  тҽрбиелеп  ҿсіруде 

жетекші  маңызға  ие  бола  алатын  сала  –  ұлттық  педагогика.  Сондықтан 

білім  беру  саласына  ұлттық  педагогика  элементтерін,  ұлттық  тҽрбие 

негіздерін  жүйелі  түрде  ендіру,  оны  дамытып  отыру  –  бүгінгі  таңдағы 

кезек күттірмейтін мҽселе болып табылады. 

Халық  педагогикасы  -  бұл  жиналған  жҽне  эмпирикалық  білімнің 

практикасымен  тексерілген,  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  мағлұматтар, 

іскерлік  пен  дағдылар  жиынтығы,  халықтың  ҽлеуметтік  жҽне  тарихи 

тҽжірибесінің  жемісі.  Халық  педагогикасы  ескерткіштерінің  халық 

ертегілерінде, батырлар жырында, мҽтелдер мен мақалдарында, эпостарда 

тҽрбиелік мҽні зор. Ҿйткені, халық жастарды оқытады, оларды мамандық 

алуға,  зергерлікке,  ұлттық    спорт  ойындарына  үйретеді.  Демек,  халық 

педагогикасында  тҽрбие  мен  оқытуды    екі    жақты  бір  текті,  яғни  тұтас 

педагогикалық процесс деп қарастыру керек [2]. 

Халық    педагогикасының  тарихын  зерттеу,  оның  мағлұматтарын 

бүгінгі    жҽне  болашақ    ұрпақтың  игілігіне    айналдыру,  салт-санамызды, 

ҽдет-ғұрпымызды,  ұлттық  дҽстүрлерімізді  ҿскелең  ҿмір  талаптарына    сай 

жүзеге  асыру  –  аса  басты  міндеттердің  бірі.  Халық  педагогикасының 

мақсаты  бірнеше  ғасырға  созылған  халық  тҽжірибесіне  сүйене  отырып, 

болашақ  ұрпақты  еңбекке,  ҿмірге  ең  жоғары  адамгершілік,  имандылық 

қасиеттерге тҽрбиелеу. Олай болса, ҿскелең ұрпақты терең педагогикалық, 

психологиялық  ойлармен,  теориямен,  халқымыздың  бай  тҽжірибесімен 

таныстырудың рҿлі ҿте зор. 

Қазақтың  ұлттық  педагогикалық  бай  материалдары  жаңа  ғасырдағы 

инновациялық  Қазақстан  мектебінде  ұлттық  мҽдениетті  сақтаудың  жҽне 

оны  дамытудың  басты  факторы  екендігін  логикалық  тұрғыдан  негіздей 

отырып,  білім  мазмұнының  ұлттық  негізде  берілуін  жаңа  ҿркениеттік 

бағдар  тұрғысынан  жетілдіру  мҽселесін  қарастыру  қажет.  Ҿйткені 

унитарлы ұлттық мемлекет мектебі ертеңгі қазақ елінің туы мен тұтқасын 

берік ұстай алар тума тұлғаларды ҿсіретін, ұлттық ұстанымды қуаттайтын 

орта  болуы  тиіс.  Мұндай  абыройлы  мҽрелік  мҽртебеге  тез  жҽне  баянды 

түрде  жету  үшін  халқымыздың  ұлттық  педагогикалық  жҽне  ұлттық 

мҽдениеттік  мол  мұрасын  жалпы  білім  беретін  мектептерде  ҽрбір  пҽнді 

оқытуда,  ҽсіресе  жаралтылыстану  пҽндерін  оқытуда  пҽрменді  түрде  ең 

тиімді жолмен пайдалана білу басты талаптардың бірі болып табылады. 

Экологиялық білім мен тҽрбиенің тамыры отбасы мен бала-бақшадан нҽр 

алып, дамуы керек. Ата-бабаларымыз экологиялық тҽрбиені ұлттық дҽстүрде 

наным,  сенім,  ырымдар  арқылы  үздіксіз  беріп  отырған.  Мысалы,  «Кҿк 

шыбықты  сындырма,  кҿктей  соласын»,  «Аққуды  атпа,  киесі  ұрады»,  «Бұлақ 

кҿрсең кҿзін аш», «Кҿзіңді қалдыр  – бұлақ кҿзін ашып жүр, ҿзіңді қалдыр – 

бақша  ҿсіріп  жаса  нұр»  деген  ата-баба  ҿсиетінде  не  деген  кҿрегенділік, 

ақылдылық бар десеңізші! Ата-бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға 

алмай жатқан бұлақ кҿрсе кҿзін ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге 

ата-бабалардың  нақыл  сҿздерін  жеткізіп,  оны  ұғындыру  жҽне  осыған 



325 

 

байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады. 



Қай  заманда  болсын  қазақ  халқы  дҽстүрінде  табиғатқа  тағылықпен  қарау 

деген  болмаған.  Аң-құстардан  бастап  ҿсімдіктерге  дейін  жанаршылықпен 

қарап,  табиғат  тұнығын  «обал»  деп  санады.  Табиғат  байлығын  жеке  меншік 

емес,  қоғамдікі,  халықтікі,  болашақ  ұрпақтікі  деп  санады.  Жоғарыда 

келтірілген  халқымыздың  ырымдары  мен  тыйым  сҿздері  жас  ҿспірімдерге 

экологиялық білім беру жолына үлес қосады.  

Қазақ халқы табиғатынан тазалықты жаны сүйетін, жасандылықты жаны 

қаламайтын  халық. Ішкен  асы,  жұтқан ауасы,  киген  киімі, тұрған баспанасы 

барлығы  да  табиғи    болған.  Ҽрине  бүгінгі  таңда  ғылым  мен  техниканың 

дамуымен  күнделікті  тіршілігімізде  химиялық  жолмен  алынған  заттардан 

жасалған  бұйымдар  кҿптеп  қолданылады.  Олардың  ҿз  ҿмірімізден  алатын 

орнын  жоққа  шығара  алмаймыз.  Бірақ  та,  оқушыларға  қазақ  халқының 

жоғарыда  айтылған  құндылықтары  жҿнінде  айтып  отыру  олардың  бойында 

отан  сүйгіштік  қасиеттердің  қалыптасуына,  ҿз  ұлтын  сүйуіне,  ҿз  халқын 

мақтан тұтуына ықпал жасайды.  

Физика  сабақтарында  кҿптеген  материалдар  оқытылуы  барысында  бір 

ғана қазақ халқының ғасырлар бойы баспанасы болып келген киіз үй туралы, 

оның  экологиялық  негіздері  жҿнінде  кҿптеген  мағлұматтар  беруге  болады. 

Қандай  ыстық  болса  да  киіз  үйдің  ауасы  таза,  салқын  болуы  конвекцияға 

байланысты. Конвекция – (латын сҿзі конвекцио – тасымалдау деген сҿзінен) 

жылудың  газдың  ағыны  арқылы  тасымалдануы.  Бауымен  керіліп  туырлық 

кҿтерілсе сырттан үйге кірген ауа қайтадан жоғары ҿрлейді, ҿйткені жылы ауа 

ұлғаяды.  Ұлғайған  ауаның  тығыздығы  суық  ауаның  тығыздығынан  кем 

болады.  Сондықтан  жылы  ауа  қабаты  ҿрлей  жоғары кҿтеріледі. Жылы  ауаға 

суық  ауа  тарапынан  жоғары  қарай  ҽсер  ететін  архимедтік  күш  жылы  ауаға 

тҿмен  қарай  ҽсер  ететін  ауырлық  күшінен  артық  болады.  Сонымен 

конвекцияда  жылы  ауа  ағыны  жоғары  кҿтеріліп,  салқын  ауа  оның  орнын 

басады.  Ошақтың  дҽл  үйдің  центріне  орналасқандығының  түтін  тарту  күші 

сол центрде кҿп болатындығымен түсіндіріледі.  

Киіз  үйдің  салқын,  жарық  болуы  оның  түндігіне  байланысты.  Түндік 

қазіргі  үйдегі  терезенің  ашпалы  кҿзінің  жҽне  мұржаның  рҿлін  атқарады. 

Түндіктен  кірген  салқын  ауа  тҿмен  түсіп,  жылы  ауа  мен  суықта  от 

жаққандағы  түтін  түндік  арқылы  сыртқа  шығады.  Киіз  үйде  қолданылатын 

материалдардың барлығы экологиялық таза материалдар. 

Қазақтың    ҽдет  -  ғұрып,    салт  -  санасында    кездесетін    кейбір  

элементтерді  физика  сабағында  экологиялық  тҽрбие  беруде  қолдануға 

болады.  Біз  осыдан  жазу-сызуы  болмаған  халқымыздың  табиғат 

құбылыстарын  дұрыс  түсіне  білгендігін,  кҿргендігін,    данышпандығын 

аңғарамыз. Мысалы,  7-сыныпта ―Диффузия құбылысы‖ тақырыбын ҿткенде 

айран ұйыту,  құрт қайнату,  нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен 

орынды.  Бүгінгі  медицина  ағарғанның  адамзаттың  денсаулығына  тигізер 

пайдасын  жоғары  бағалайды,  уланған  адамға  ағарған  ішкізеді.  Айран 

ұйытқанда  немесе  нан  ашытқанда  судың  жылы  болуы,  температура 


326 

 

жоғарылаған  сайын  молекулалардың  бір  заттан  екінші  затқа  ҿтуі  шапшаң 



жүретінін кҿреміз. Ашытқыны қолдан жасаған, ол да табиғи жолмен алынған. 

Ал  8-сыныпта  ―Жылу  ҿткізгіштік‖  тақырыбын  оқытқанда  малдың,  

аңның  терілерінен  тіккен  киімдердің  жылуды  жақсы  сақтайтынын  білген,  

сандықтан  тұлып,    ішік  тігіп  кигенін  түсіндіру  керек.  Осы  сыныпта  ―сҽуле 

шығару‖  тақырыбын  ҿтеді.  Сол  сабақта  не  себепті  киіз  үйге  ақ  киіз 

жабатынын,    не  себепті  ақ  киім  киетінін  нақты  мысалдар  арқылы  дҽлелдесе 

оқушылар жадында материал ұзақ сақталады. 

Ал,  ―Газдардағы электр тогы‖ тақырыбын ҿткенде мына мысалға назар 

аударған тартымды. Найзағай ойнағанда үйден шықпай,  есік-терезені жауып 

отыру  керек  деген  ұғымның  қалай  пайда  болғанына  тоқталу  оқушылардың 

сабаққа деген ынтасын арттырады. 

 

Резюме 



 

Увеличение количества производства, добыча минеральных руд, полеты в космос 

выявили экологические проблемы. В наше время самой актуальной проблемой является 

опасность  уничтожения  многих  народов  и    в  связи  с  этим  является  актуальним 

экологическое воспитание и использование этнопедагогики. 

 

                                                            Summary 



 

Increase  of  industry,  to  flight  into  space,  mining  of  mineral  ores  identified 

environmental  problems.  In  our  time,  the  most  pressing  problem  is  the  danger  of  the 

destruction  of  many  people  and  connection  is  the  most  urgent  environmental  education  and 

the use of ethnopedagogics elements. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.

 



Қазақстан 

Республикасының 

Экологиялық 

қауіпсіздігінің 

тұжырымдамасы, 1996 ж. // Егемен Қазақстан. 1 маусым. 

2.

 



Қоянбаев Ж.Б. «Семья жҽне балалар мен жеткіншектер тҽрбиесі». Алматы: 

Рауан, 1990. -52 бет. 

3.

 

 Г.Б.Ҽлімбекова.  Физика  пҽнін  халықтық  педагогика  тағлымдарымен 



байланыстыра отырып оқыту. Оқу құралы. Алматы.  ―Литера‖. 2001ж. 

4.

 



А.Налтаев,  Б.Қ.Рахашев,  С.С.Дайырбеков  «Физиканы  оқытуда  барысында 

халықтық  педагогика  элементтерін  қолдану».  «Кҿптілді  білім  беру 

негізінде  бҽсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру»  атты  ОҚМПИ  75 

жылдығына 

арналған 

Республикалық 

ғылыми-тҽжірибелік 

конференциясының еңбектері жинағы 2 том. Шымкент. 2012 ж. 

 

ӘОЖ 378.146 

 

Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мәселелері

 

 

*Дайырбеков С.С., **Рахашев Б.Қ., **Сансызбаева А.С., ***Рахашева З.И.  

* «Сырдария университеті»,п.ғ.к. **ОҚМПИ, ф.-м.ғ.к., ** ОҚМПИ, студент,  

***№39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп, Шымкент қаласы 



327 

 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  «Білім  беру 

жүйесінің  басты  міндеті  ұлттық  жҽне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 

ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды  қалыптастыруға 

жҽне  кҽсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар 

жасау....  Оқытудың  жаңа  техналогиясын  еңгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық,  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге 

шығу» деп атап кҿрсетіледі, білім беру жүйесін одан ҽрі дамыту міндеттері 

кҿзделеді  [1].  Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  мектеп  ұжымдарының,  ҽр 

мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, 

ҿзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тҽжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа 

ҿту қажеттігі туындайды. 

Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын 

анықтауға  бағыт-бағдар  беру  -  бүгінгі  күн  тҽртібінде  тұрған 

маңызды  мҽселердің  бірі.  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  2006  жылғы 

Қазақстан  халқына  жолдауында  «...  ҽр  оқушының  білімі  мен  қабілеті 

деңгейінің  тиімділігін  бағалаудың  біртұтас  жүйесін  жасау  керек»  деп 

кҿрсетілген [2].  

Тауар ҿндіруші елдер қатарына қосылу, бҽсекелестікке қабілетті елдер 

қатарында  болу  үшін  білім  мен  ғылымның  соңғы  жетістіктермен 

қаруланған,  ғылымның  соңғы  жетістіктерін  ҿндіріске  ендіруге  бейім, 

инновациялық  технологияларды  меңгерген  заманауи  инженер  мамандар 

даярлау  мҽселесі күн  тҽртібінен  түскен  емес.  Бұл  мҽселені  шешудің  алғы 

шарттарының  бірі  орта  мектепте  политехникалық  білімнің  негізі  болып 

табылатын  физика  пҽнін  оқытуға,  оны  оқыту  барысында  оқушыларды 

болашақ  маман  иесі  ретінде  қарап,  оларға  мамандық  таңдауда  кҽсіби 

бағдар  беру  мҽселесін  негізгі  мҽселелердің  бірі  ретінде  қарастыруға 

ерекше кҿңіл бҿлу қажеттігі.

 

Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мҽселесі 



мектептің  психологиялық  қызмет  аясында  жүргізілетін  аса  жауапты  да 

маңызды жұмыстарының бірі болып отыр. Бала үшін болашақ мамандықты  

таңдау    ҿмірлік    жолын  дұрыс  таңдаумен    бірдей.  Ҿкінішке  орай,  біз, 

балалардың таңдауының ақылмен емес, біреудің сҿзіне ере отырып немесе 

ата-анасының  ықпалымен  «қай  жерге  оқуға  түсу  оңай»  деген 

кҿзқарастармен  болып  жатқанын  байқаймыз.  «Осы  мамандықты 

таңдауыма  ата-анам  себепші  болып  еді.  Енді  ҿз  қалауыммен  екінші 

мамандықта оқып жүрмін» – деген сияқты сҿздерді күнделікті ҿмірде жиі 

есітетініміз анық. Дұрыс таңдалмаған мамандық – мамандық иесінің ҿзіне 

ғана  емес,  қоғамға  да  кері  ҽсерін  тигізетінін  ұмытпағанымыз  жҿн.  Соңғы 

кездегі  Білім  жҽне  ғылым  министрлігінің  таратқан  мҽліметіне  қарағанда, 

жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 50 пайызы ҿз мамандығы бойынша 

жұмыс істемейді екен. Бұл дегеніңіз мемлекеттің болашақ маман даярлауға 

грант негізінде оқыту үшін ел қазынасынан бҿліп жатқан қаражатының 50 

пайызы желге ұшады дегенді меңземейді ме? Ата-ананың баланы оқытуға 

жұмсаған  ақшасын  былай  қойған  кезде,  Үкіметтен  грантқа  бҿлінетін 



328 

 

қыруар  қаржының  50  пайызы  тиімсіз  жұмсалады  дегенді  білдірмейді  ме? 



Олай  болса,  50  пайыз  студентті  жоғары  оқу  орындары  текке  оқытқан 

болып шықпайды ма?  

Ҽрбір 

оқушының 



жеке 

қабілеттері 

мен 

ерекшеліктерін, 



мүмкіндіктерін,  шеберлігін,  қызығушылығын  ескеріп  бағыт-бағдар, 

жекелеген мамандықтар туралы терең білім беру – біздің басты міндетіміз. 

Ал, мектебінде қанша оқушы болса сонша оқушының жеке-жеке қабілетін, 

бейімділігін анықтап, бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол 

сілтеу – үлкен мҽселе.  

Кҽсіптік  бағыттылықты  қалыптастырудың  адами  алғышарттары 

жоғары  кластарда  тқалыптасады,  бұл  кезеңде  оқушыларда  танымдық 

қызығушылық  дамиды,  жеке  мҽнді  мақсат  қоя  білу  талабы,  кҽсіби  мүдде 

пайда  болады.  Алайда,  жалпы  практика  талдауы  кҿрсетіп  отырғандай, 

кҿптеген  мектеп  түлектері  ҿзін-ҿзі  жҽне  таңдаған  мамандығын  нашар 

біледі.  Бүгінгі  күні  жасҿспірімдердің  ҿзін-ҿзі  тануы  арқылы  мамандық 

таңдауда дұрыс бағыт алуы жҽне оған бейімделу мҽселесі туындауда. Жеке 

тұлғаның барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, оларды салауатты 

ҿмір  салтына  үйретіп,  қарым-қатынас  мҽдениетін  қалыптастыру  үшін 

жоғары  сынып  оқушыларының  психологиялық  даму  ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  олардың  болашақ  мамандығын  саналы  түрде  таңдап 

алуына психолог мамндар кҿмек кҿрсетуі керек  [3].  

Жастар арасында ғылыми қызметкерлер, педагогикалық, инженерлік-

техникалық  сияқты  мамандықтарға  қызығушылық  баяу  ҿсуде,  ол 

мамандықтардың  жастар  арасындағы  беделі,  абыройы  ҽлі  де  болса  ҿз 

дҽрежесіне  кҿтеріле  қойған  жоқ.  Мұндай  келеңсіз  құбылыстарды  жою 

үшін ―ерекше педагогикалық тҽсілдер, жұмыстың мазмұнды жҽне құқықты 

формалары  қажет  болып  отыр,  жас  адамға  шынымен  кҿмек  кҿрсететін, 

қоғамдағы  ҿз  орнын  табуға  кҿмектесетін  жаңаша  тҽсілдер  мен  формалар 

керек болып отыр‖ [4].  

Соңғы жылдары елімізде шикізат ҿндіруші елден ҿнеркҽсібі дамыған 

елдер  қатарына    ену  үшін  кҿптеген  жұмыстар  жасалуда.  Жаңа  ҿнеркҽсіп 

орындары  ашылды.  Бұл  ҿз  кезегінде  жаңадан  ашылған  ҿнеркҽсіп 

орындарына ұлттық  мамандар  даярлау  мҽселесін  алып келеді.  Сондықтан 

болашақ  мамандар  даярлау  ісінде  мемлекеттік  білім  грантын  бҿлуде 

инженерлік-техникалық мамандықтарға басымдықтар берілуде. Ал барлық 

техникалық пҽндердің бейіндік пҽні физика екендігі белгілі. 

Орта мектепте физика пҽнін оқытудың алдына қойған міндеттері кҿп. 

Сол  міндеттердің  бірі  пҽнді  оқыту  барысында  оқушыларды  болашақ 

мамандығына бейімдеу, кҽсіби бағдар беру болып табылады. 

Физика  пҽні  мұғалімінің  оқушыларды  мамандыққа  бағдарлау 

барысында  атқаратын  негізгі  міндеті:  оқушылардың  мамандыққа 

бейімділігін  зерттеу,  физикалық  ҽдіс-тҽсілдер  қолданыс  табатын  ҿнім 

ҿндіру  процестерінің  негіздерімен,  осыған  орай  физикалық  білімді  қажет 

ететін мамандықтардың ерекшеліктерімен оқушыларды ұдайы таныстыру, 

оқушылардың  пайдалы  еңбекке  даярлығын  шыңдау,  осыған  сҽйкес 


329 

 

олардың  азаматтық  адамгершілік  қасиеттерін  тҽрбиелеу,  еңбекқорлыққа 



баулу болып табылады. Оқушылардың физикаға қызығушылығы ҿздерінің 

болашақ  қызметтерінде  осы  білімдерін  қолдану  мүмкіндіктерімен 

күшейеді.  Сондықтан  оқушылардың  оқуға  ынтасын  арттырумен  бірге 

кҽсіптік мүддесін анықтап, оны тҽрбиелеудің маңызы зор. Бұл бағытта ең 

алдымен  Білім  жҽне  Ғылым  министрлігінің  сайтынан  алынған 

мамандықтар  классификаторының  ішіндегі  тек  инженерлік  мамандықтар 

бойынша  мамандықтар  тізбесін  жоғары  сынып  оқушылары  үшін  физика 

пҽнін ҿтетін сынып қабырғасына үлкейтіп іліп қою керек. Оқушылар үзіліс 

кезеңдерінде кестеге кҿз жүгіртіп, түрлі мамандықтар бойынша бір-бірімен 

пікір  алмасады.  Ҿзін  қызықтырған  мамандықтар  бойынша  ата-анасынан, 

пҽн  мүғалімінен  кеңестер,  мҽліметтер  сұрайды.  Осы  ұтымды  сҽтті 

пайдаланып,  пҽн  мұғалімі  ҽр  сабақты  ҿтерде  сол  тақырыптың  мазмұнына 

байланысты мамандықтар жҿнінде мҽліметтер береді. 

«Термодинамика 

негіздері» 

тарауын 


қорытындылау-пысықтау 

сабақтарында  жылу  қозғалтқыштары  туралы  айтылғанда  «Мұнай  жҽне 

мұнай  ҿнеркҽсібі»,  «Машина  жасау»,  «Кҿлік,  кҿлік  техникасы  мен 

технологиясы»,  «Авиация  техникасы  мен  технологиясы»,  «Теңіз 

техникасы  мен  технологиясы»  сияқты  мамандықтар  бойынша  мҽліметтер 

беріп,  бұл  мамандықтар  дайындауға  ағымдағы  жылы  қанша  мемлекеттік 

гран  бҿлінгендігі,  ол  маман  иелерінің  нарықта  қаншалықты  сұраныста 

екендігі туралы ақпараттар беру қажет. 

«Электр жҽне магнетизм» бҿлімін оқыту барысында оқушыларға пҽн 

мұғалімі «Жылу энергетикасы»,  «Ядролық физика», «Электроэнергетика» 

сияқты мамандықтар туралы толық ақпарат беруге міндетті. 

«Атом жҽне ядролық физика» бҿлімі оқытылуы барысында оқушылар  

«Ядролық  физика»,  «Пайдалы  қазбаларды  байыту»  т.б.  мамандықтар 

туралы мҽліметтерді толық алады.      

Қатты  дене  физикасы  туралы  материалдар  берілгенде  пҽн  мұғалімі 

еліміз  үшін  ең  қажетті  мамандықтар  қатарына  енетін  «Металлургия», 

«Машина жасау», «Құрал жасау», «Геологиялық барлау», «Тау-кен ісі» т.б. 

мамандықтар туралы ақпар бере кетеді. 

Ҽр сабақты сабақтың мазмұнына қарай жоғары сынып оқушыларына 

кҽсіби бағдар бере отырып ұйымдастыру заман талабы болып отыр, жҽне 

де ол ҿз жемісін береді. 

Ұстаз  –  мектептің  жүрегі.  Болашақ  жаңа  тұрпатты  мұғалімді 

тҽрбиелеу  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  мамандар  даярлайтын 

жоғары  оқу  орындарына  қойылып  отырған  үлкен  міндет.  Бұл  міндетті 

жоғары  деңгейде  орындау  үшін  орта  мектептен  осы  мамандықты  жан 

тҽнімен сүйетін, мектеп қабырғасында жүрген кезінен ҿзін осы мамандық 

иесі болуға іштей дайындаған оқушылар болуының маңызы үлкен.  

Кҿп жағдайда, ҽсіресе соңғы жылдары, мұғалімдік мамандықты жаны 

қаламайтын,  тек  кездейсоқ  қана  осы  мамандыққа  келетін  оқушылардың 

саны  басым  болып  келеді.  Ал  ҿзі  бұл  мамандықты  қаламаған  маман  - 

жарым  жан  маман  екендігі  белгілі.  Осы  мақсатта  орта  мектепте  физика 


330 

 

пҽнін  оқыту  барысында  пҽн  мұғалімі  оқушылардың  арасынан  болашақта 



мұғалім  болғысы  келетін  оқушыларды  сауалнамалар  арқылы  анықтап, 

оларды  болашақ  мамандығынына  қарай  бейімдей  бастағаны  абзал.  Кҿп 

жағдайларда  оқушы  ҿзінің  пҽн  мұғаліміне  сүйсінуінің  нҽтижесінде 

ұстаздық  мамандықты  таңдап  жатады.  Сондықтан  пҽн  мұғалімі 

оқушыларға  идеал  бола  алуы  керек,  ҿзінің  білімі  мен  мҽдениетінің 

жоғарылығымен оқушылардың жүрегін жаулап алғаны дұрыс.  

Сабақ  үстінде,  сабақтан  тыс  уақыттарда,  сҽті  түскен  кезде,  ұлы 

педагогтардың  ҿмірі,  олардың  шығармашылықтары,  ерліктері  туралы 

қысқаша  сұхбат  жүргізу  де  оқушыларды  ұстаздық  мамандықтарға 

баулудың бір тҽсілі болып табылады. 

«Шҽкіртсіз ұстаз тұл» деген даналық сҿз бар. Ҽр пҽн мұғалімі ҿзінің 

болашақта  орнын  басатын  шҽкіртін  даярлауға  атсалысуы  тиіс,  үлгерімі 

жоғары,  болмысы  мұғалімдікке  сҽйкес  келетін,  ҿзі  болашағын  ұстаздық 

мамандық  иесімен  байланыстыратын  шҽкірттерін  осы  бағытта  баулу  ҽр 

пҽн мұғалімінің қасиетті парызы екендігін ұмытпаған жҿн. 

Физиканы оқыту барысында тақырыптың мазмұнына байланысты, сол 

тақырыпта  оқытылатын  заңдар  мен  заңдылықтардың  ашылу  тарихына 

қысқаша тоқталып ҿтуге, сол заңды ашқан ғалым пегагог болса, ол туралы 

кеңірек айтуға болады.  Бұл да оқушылардың ұстаздық мамандыққа қарай 

кҿңілінің  аууына  септігін  тигізері  сҿзсіз.  Айталық,  тогы  бар  ҿткізгіштің 

магнит ҿрісі туралы айтылғанда тогы бар ҿткізгіштің айналасында магнит 

ҿрісінің  пайда  болатындығын  Эрстедтің  қалай  байқағандығы  жҿнінде 

айтып, Эрстедтің жай ғана колледж мұғалімі болып қызмет атқарғандығы 

жҿнінде мҽлімет берілуі тиіс.  

Мектепте  физиканы  оқыту  процесінде  түрлі  формадағы  жҽне 

мазмұндағы  есептерді  жүйелі  түрде  ҽрі  ұдайы  орындау  арқылы 

оқушылардың  шығармашылығын  қалыптастыру  мен  дамытуды  жолға 

қоюға  болады.  Ғылым  мен  ҿндірістің  дамуына  физиканың  қажеттілігі, 

физикалық  білім  мен  біліктіліктің  қолданылу  аясының  кеңейуі  еліміздегі 

ҽрбір  оқушының  физикалық  білімінің  толық  болуының  мҽнін  жҽне 

маңызын  күшейте  түсті.  Бұл  еліміздің  ҽрбір  азаматына  орта  білім  алуға 

міндет арта отырып, ұстаздар қауымынан ертеңгі күні мемлекет сенім арта 

алатындай  оқушылардың  физикалық  дайындығының  сапасын  кҿтеруді 

жҽне  білімнің  қандайда  бір  деңгейіне  кепілдік  беруін  қамтамасыз  етуді 

талап  етеді.  Бұл  мҽселені  шешудің  негізгі  бір  жолы  пҽн  мұғалімдерінің 

теориялық жҽне ҽдістемелік шеберліктерін жетілдіру екені айқын. 

Кейінгі  жылдары  орта  мектепте  оқушылардың  түрлі  пҽндік 

олимпиадалар  мен  ғылыми  жобаларға  қатыстырылуы,  сол  мақсатта  пҽн 

мұғаліміне  қосымша  жүктемелік  сағаттар  бҿлінуі,  олардың  жұмысын 

оқушыларды  ғылымға  баулуға  бағыттауы  кеңінен  қолға  алынуда.  Бұл 

оқушыларды  ғылыммен  айналасуға  қызығушылығын  арттыруға,  оларда 

шығармашылықпен  айналасу  дағдысын  қалыптастыруға  бағытталған 

ауқымды іс-шара. Оқушыларды ғылыммен, шығармашылықпен айналасуға 

бейімдеу тікелей сабақ үстінде де жүйелі жүргізілуі керек екендігі ҽр пҽн 



331 

 

мұғалімінің  есінен  ҽсте  шықпағаны  абзал.  Бұл  тұрғыда  тақырып 



мазмұнына  сҽйкес  келген  сҽтте  ұлы  ғалымдардың  ҿмірінен  қысқаша 

мысалдар  келтірілуі  мен  олардың  ҿмірі  мен  шығармашылығы  туралы 

рефераттар  жазып  келу  тапсырмаларын  берудің  маңызы  зор.  Сонымен 

қатар  елімізде  қандай  мамандықтар  таңдаған  жағдайда  ғылыммен 

айналысуға  мүмкіндіктің  кҿп  болатындығы,  елімізде  қандай  ғылыми 

орталықтар  бар  екендігі  туралы  мҽліметтер  келтірілуі  тиіс.  Мамандықтар 

классфикаторындағы  ғылыми  мамандықтар  жҿнінде  мҽліметтер  берілуі 

керек.  Дұрыс  ұйымдастарылған  сабақ  оқушыларды  мамандықтарға,  оның 

ішінде ғылыми мамандықтарға, бағыттауымен бағалы. 

Сонымен, кҿтерілген мҽселелер бойынша келесі ұсыныстар жасалады: 

 

Мамандар  даярлау  ісіне  министрлікте отырған  жауапты  мамандар 



сараптамалар жасап, қажетті іс-шаралар жүргізуі тиіс, себебі мамандықты 

дұрыс таңдамаған маман ел экономикасына орасан зор залал тигізеді. 

 

Ҿз  мамандығын  сүймеген  маман  иесі  -  ол  жарамжан  маман. 



Сондықтан  мамандық  таңдауда  оқушыларға  ата-ана,  пҽн  мұғалімдері 

болып  кеңестер  беруі  керек.  Мектепте  осы  тақырып  бойынша  жоғары 

сынып оқушыларының арасында семинарлар ҿткізуді де қолға алу қажет. 

 



Пҽн  мұғалімдері  жоғары  сыныптарда  сабақ  ҿтерде  ҽр  сабақтың 

мазмұнына  қарай  оқушыларға  кҽсіби  бағдар  беріп  отыруы  тиіс.  Ол  ҿз 

кезегінде сабақтың тиімділігін  арттыруға да септігін тигізері сҿзсіз. 

 

Резюме 



 

Перед  выпускниками  поднимается  вопрос  о  выборе  будущей  профессии.  Этот 

актуальный вопрос важен не только для ученика, но и для нашего народа. В этой статье 

представлены пути решения этой проблемы. 

 

                                                           Summary 



 

Before graduates raises the issue of choosing a future profession. This topical issue not 

only  for  students,  but  also  important  for  our  people.  In  this  article  presents  solutions  of  this 

problem. 




1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   80


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал