Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу



бет43/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
173-бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу

1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында айқындалған, реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі болып табылады.


2. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту және оған өзгерістер енгізу монополияға қарсы органның шешімімен жүзеге асырылады.


3. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі монополияға қарсы орган айқындайтын нысан бойынша бекітіледі.


4. Монополияға қарсы орган нарық субъектілерін реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне және реттеуші органдарға монополияға қарсы орган нарық субъектілерін тізілімге енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылдаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тізілімнен үзінді көшірме жіберіледі.


5. Тұлғалар тобы реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне бірыңғай нарық субъектісі ретінде енгізіледі және бұл ретте тиісті тауар нарығында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тобына кіретін барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетіледі.


6. Нарық субъектілерін реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау монополияға қарсы орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

174-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану

Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға алып келген немесе алып келетін және (немесе) нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), оның iшiнде:


1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;


2) әртүрлі бағаларды қолдану тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын әртүрлі шығындарға, сату көлемі, ақы төлеу шарттары, шарттың қолданылу мерзімдері ескерілетін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;


3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;


4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату арқылы келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;


5) өтініш жасалған кезде тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасу туралы ұсынысқа күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару сияқты әрекеттеріне тыйым салынады.


Бұл ретте бас тарту не жалтару, егер сатып алушы өтініш жасаған кезде өндірілетін немесе өткізілетін тауардың талап етілетін көлемі, оның ішінде тиісті тауарды сату туралы шарттар жасалуына байланысты болмаған жағдайда, негізді деп саналады;


6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;


7) өндiру немесе беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың, нарық субъектілерінің сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемдерiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) беруді тоқтату;


8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналыстан алып қою;


9) контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу;


10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;


11) сол бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік шарттар жасау;


12) негізгі қуатқа тең қолжетімділік бермеу сияқты әрекеттерiне тыйым салынады.


Ескерту. 174-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

175-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық төмен бағасы



1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, оның ішінде:


1) тауардың бұрын белгіленген бағасын арттыру арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:


тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;


тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы өзгеріссіз қалса не тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі болмашы болса;


тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;


2) тауардың бұрын белгіленген бағасын түсірмеу арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:


тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар елеулі түрде төмендесе;


тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін туғызса;


тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, егер бұл баға осындай тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайларында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.


2. Басқа тауармен алмастырылмайтын тауардың (оның ішінде шетелде шығарылған тауардың) немесе өзара алмастырылатын тауарлардың айналыс аясы тауар нарығы болып табылады, оның шекарасында (оның ішінде географиялық) сатып алушы экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндікті не орындылықты негізге ала отырып, тауарды сатып ала алады және оның шегінен тыс жерде мұндай мүмкіндік не орындылық болмайды.


3. Салыстырмалы тауар нарығы деп тауарды сатып алу немесе сату мақсаттары негізге алына отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру шарттары бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы түсініледі.


Нақ сол тауар нарығында бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.


Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.


4. Нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тауар бағасы монополиялық жоғары баға деп танылмайды.


4-1. Биржалық тауарлардың тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағасы, егер мұндай баға осы Кодексте шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбеген жағдайда, монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары (төмен) деп танылмайды.


Егер биржалық тауардың бағасы қаралып отырған кезеңде тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиiсінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағадан аспаған жағдайда, ол монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары деп танылмайды.


Монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу фактісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру арқылы анықталады.


5. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:


1) осы баға нақ сол тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бағадан төмен болса;


2) осы баға осындай тауарды өндіру мен өткізудің нақты шығыстары сомасынан төмен болса, тауардың монополиялық төмен бағасы болып табылады.


6. Егер тауардың бағасы осы баптың 5-тармағында көрсетілген өлшемшарттардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға деп танылмайды. Нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тауар бағасы монополиялық төмен баға деп танылмайды.


7. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың монополиялық жоғары бағасын айқындау кезінде ұқсас тауардың әлемдік және қазақстандық нарықтарында белгіленген бағалардың биржа және биржадан тыс индикаторлары ескеріледі.


Ескерту. 175-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

176-бап. Монопсониялық жағдай және монопсониялық төмен баға



1. Сатып алушы ретінде үстем немесе монополиялық жағдайға ие, тиісті тауар нарығындағы үлесі жетпіс және одан көп пайызды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы монопсониялық жағдай деп танылады.


2. Монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарды сатып алатын тауар бағасы, егер:


1) осы баға монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісіне тауар өткізетін нарық субъектілері есебінен өндіру және (немесе) өткізу шығындарын төмендету жолымен оған қосымша кіріс алуға мүмкіндік берсе;


2) осы баға тауар өткізетін нарық субъектісіне осындай тауарды өндіру мен өткізуіне қажетті шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, монопсониялық төмен баға болып табылады.


3. Егер тауардың бағасы осы баптың 2-тармағында көрсетілген өлшемшарттардың ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монопсониялық төмен баға болып танылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет