9.9. Қазақстан Үлы Отан соғысы жылдарында
(1941-1945 жж.)
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия КСРО
жеріне опасыздықпен шабуыл жасады. Гитлершіл Германия
басшыларының негізгі мақсаттарының бірі кеңес елін
«басқаруды жеңілдету» үшін оны бөлшектеп тастау болатын.
«Барбаросса» жоспарына сөйкес Қазақстан жері былайша
бөлінуге
тиіс
болды:
Оңтүстік
Қазақстан
мен
Жетісу
2 4 6
«Гросстүркістан» қүрамына, ал Батыс Қазақстан «Идель-Орал»
мемлекетіне енетін болды.
КСРО-ға шабуыл жасар алдында фашистік Германия
Кеңестер Одағының шекарасына техникамен толық қамтамасыз
етіліп, жабдықталған
әскерлерін шоғырландырды. КСРО-ға
қарсы 5,5 млн. солдат пен офицерлерден түратын қүрлықтағы
әскерлерін, 5 мың үшақтары мен 3,5 мың танктерін соғысқа
әзірлеп қойды. «Солтүстік», «Орталық» және «Оңтүстік» деп
аталатын үш әскери топ қүрылды. Финляндияның аумағындаекі
фин және «Норвегия» неміс-фашист әскері орналасты. Шығыста
милитаристік Жапония
миллион адамнан түратын Квантун
әскерін шоғырландырды.
Соғыс жылдары Қазақстан Қызыл Әскердің ең озық
бөлімшелері мен қүрамалары жасақталған қуатты
әскери
лагерьге айналды. Соғыс жылдары республика аумағында 12
атқыштар дивизиясы, 4 атты әскерлер дивизиясы, 7 атқыштар
бригадасы қүрылып, майданға аттанды. Сонымен қатар әртүрлі
әскер тобының 50 полкі мен батальондары жасақталды. Бүл 238-
mi, 310-шы, 312-ші, 314-шы, 316-шы, 387-ші, 391-ші атқыштар
дивизиясы еді. Оның ішінде республикадан бөлінген қаржы мен
халықтың жинаған қаражаты есебінен қүрылған қазақтың үлттық
үш атты әскер дивизиясы және атқыштар бригадасы болды.
Кеңес елінің басқа да патриоттары секілді қазақстандықтар
да басқыншыларға қарсы күреске шықты.
Соғыс жылдары
майдандағы армия қатарына 1 096 164 қазақстандық шақырыл-
ды. Арнайы қүрылыстар бөліміне және еңбек майданына 670
мың адам жіберілді.
Демек, майдан мен қорғаныс өнеркәсібіне әрбір үшінші
қазақстандық шақырылған. Сонымен қатар
Қазақстанға
эвакуацияланған және саяси қуғын-сүргінге үшыраған 1,5
миллион адам келді.
Тылда
командалық
кадрларды
даярлау
қарқынды
жүргізілді: негізінен жау басып алған аудандар мен майдан
шебінен көшірілген 27 әскери оқу орындары соғыс жылдары
16 мың офицер даярлады. 45 мыңнан астам қазақстандық
жастар әскери училищелерге жіберілді.
Әскери-шаруашылық жоспарға сай экономика соғыс бабына
бейімделіп қайта қүрылды. Қарағандыда жаңа кәсіпшіліктер мен
шахталар, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кен
орындарындағы қүрылыстар қарқынды жүргізілді. Бірқатар кен
2 4 7
байыту комбинаттарында, Ақтөбе ферросплав зауытында, Текелі
және Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында атқарылатын
жумыстарға ерекше мән берілді.
1941-1942 жж. республикаға 220 зауыт, фабрика мен цехтар
көшірілді. Өнеркәсіп
кәсіпорындарын эвакуациялау 1941
жылдың аяғы мен 1942 жылдың басында үздіксіз жүзеге асты.
Азық-түлік өнеркәсібі саласынан 54, жеңіл және тоқыма
өнеркәсібі саласынан 53 зауыт, фабрикалар көшірілді. Олардың
ішінде Мәскеу облысынан Подольский механикалық зауыты,
Ивантьев тоқыма, Реутов және Краснополянск жіп иіру
фабрикалары, Калинин облысындағы Осташково қаласынан
былғары зауыты, Киев аяқ киім фабрикасы, Володар атындағы
«Большевичка Украины» тігін фабрикасы бар. Бүл кәсіпорындар
негізінен Алматыда, Оралда, Петропавлда, Шымкентте, Семейде,
Қарағандыда, Ақтөбеде орналасты. 1941-1945 жж. Қазақстанда
эвакуацияланғандарын қоса есептегенде, 460 кәсіпорын жүмыс
істеді.
Республика
1942 жылы қорғасынның одақ бойынша
өндірілетін мөлшерінің 85%, көмірдің 1/8, молибденнің 60%,
висмуттың 65%, полиметалл кендерінің 9% берді. Қарағанды
шахтерлары соғыс жылдары 34 млн. тонна көмір өндірді, мүнай
өндіру 39%-ке өсті.
Жеңіске республиканың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері де
айтарлықтай үлес қосты. Қазак, КСР ауыл шаруашылығында
еңбекке жарамдылар саны 1942 жылы 1939 жылғы санақпен
салыстырғанда 600 мың адамға кеміп кетті. Егін алқабы 1941
жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға өсіп, КСРО бойынша
астық алқабының өсуінің 30 % қүрады.
Колхоздың шаруалары жоғары саналылықты, ерен еңбек
үлгісін,
азаматтық қайсарлықты, мемлекеттің алға қойып
отырған міндетін терең түсінетіндігін көрсетті. Мысалы, Ақтөбе
облысындағы «Қүрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев
тары өсіруден әлемдік рекорд жасап, әр гектардан 202
центнерден өнім алды. Ал Қызылорда облысындағы «Қызыл ту»
колхозының
звено жетекшісі
Ы.Жақаев та күріш өсіруден
әлемдік рекордқа қол жеткізіп, эр гектардан 172 центнерден
айналдырды. Бүкіл ел бойынша Ким Ман Сам, А.Дацкая, Б.
Сомжібекова, С.Оңғарбаева, П.Н. Ангелина, А.Х. Жеребцов,
И.Я. Кудлай, Р.И. Нежибовский, В.П. Кривич төрізді еңбек
озаттарының даңқы шықты. Соғыс жылдары еңбекшілер Отанға
356,4 мың пүт астық, 241,2 мың тонна картоп, 734 мың тонна
2 4 8
шикізат тапсырды. Қазақстанның малшылары Қызыл Әскерге
110 мың жылқы, ал жаудан босатылған аудандарға 17,5 мың ірі
қара, 350 мың қой, 22 мың жылқы берді.
Үлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық
майданда кеңес әскерлері қатарында мыңдаған қазақстандық
жауынгерлер фашистерге қарсы ерлікпен шайқасты. Брест
қамалының қорғаушылары қазақстандық В.Фурсов, К.Түрдиев,
204-ші зеңбіректі артиллерия полкінің комсоргі Ш. Чультуров
соғыста асқан ерлік көрсетті.
Жаппай ерлік пен батырлықтың үлгісін панфиловшы-
жауынгерлер Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсетті, германдық
армияны ешкім де жеңе алмайды деген аңыздың күлталқаны
шықты және тез арада басып алу жоспары біржолата күйреді.
316-шы атқыштар дивизиясы 1075-ші полктің 4-ші ротасындағы
жиырма сегіз панфиловшылар ерлігі бүкіл әлемге белгілі, олар
Дубосеково разъезінде немістердің 18 танкісін жойып, жауды
шығысқа қарай жібермей қойды. 17 қараша
күні дивизия
командирі, ержүрек генерал И.В.Панфилов ерлікпен қаза тапты.
17 қарашада 316-шы атқыштар дивизиясы 8-ші гвардиялық
дивизия атағын алып, 18 қарашада> Қызыл Жүлдыз орденімен
наградталды.
1075-ші атқыштар полкіндегі 6-шы ротаның
жауынгерлері саяси жетекші П.Б.Вихревтің
басшылығымен
немістің бес танкісін және екі жаяу
әскер взводын жойып
жіберді. Ерлікпен қаза тапқан П.Б.Вихревке Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді. Волоколам тасжолындағы шайқаста аға
лейтенант Б.Момышүлы полк командирі болып тағайындалды,
оған Кеңес Одағының Батыры атағы тек 1990 жылы берілді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста
Кеңес Одағының Батырлары
Т.Тоқтаров,
М.Ғабдуллин
ерлік
көрсетті,
автоматшы
Р.Амангелдиев (Амангелді Имановтың баласы) күші тең емес
шайқаста 13 фашистінің көзін жойды.
Үлы Отан соғысы тарихында Ленинградтың ерлік эпопея-
сының орны ерекше. Ленинградты қорғауға және блокаданы
бүзуға Қазақстанда жасақталған 310-шы атқыштар, кейін 314-ші
дивизия қатысты. Олар Ленинград облысының 22 елді-
мекендерін азат етуге қатысып, қоршауда қалған қаланың Үлкен
жермен байланысқа шығуына, «өмір жолын» салуға үлес қосты.
Балтық флотында қазақстандық теңізші-кировшылар жаумен
жан аямай соғцсты, тек «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық
болды. Ленинград үшін шайқаста
Кеңес Одағының Батыры
2 4 9
С. Баймағамбетов жау дзотының аузын кеудесімен басып, ерлік
жасады. Халык акыны Жамбыл «Ленинградтык өрендерім» атты
жалынды өлеңін шығарды, бұл өлең үлкен плакаттарга басылып,
каланың көшелеріне ілінді. Қазактың көрнекті галымы, батыр-
каланы корғаушы К.Мыңбаев Жамбылга жазган хатында былай
деді: «Қадірлі Жамбыл, сенің даусыңды бүкіл Ленинград естіді.
Өз халкым үшін, өз акыным үшін жүрегімді мактаныш кернеп,
сенің сөздерің біздің бәрімізді, ленинградтыктарды
жаңа
ерліктерге жігерлендірді».
Майдан шебінің
Сталинградка жакындауына байланысты
1942 жылы тамызда Гурьев жэне Батыс Қазакстан облыстары
согыс жагдайына көшірілді. Сталинград
операциясының
шабуылга
шығу
жэне
корғану согыстарына
Қазакстанда
жасакталган
27-ші. 72-ші жэне 73-ші
гвардиялык аткыштар
дивизиялары, 292-ші және 387-ші дивизиялар, 81-ші атты эскер
дивизиясы, 74-ші теңіз аткыштар бригадасы, 152-ші аткыштар
бригадасы, 129-шы
минометшілер полкі жэне 156-шы жеке
мото-аткыштар батальоны катысты. Кеңес Одағының Батыры
Н.Әбдіров жэне минометші К.Сыпатаев, лейтенант Г.Рамаев
Еділдегі согыста жандарын пида етті. Үлы акын Жамбылдың
баласы Алгадай 7-ші гвардиялык атты әскер дивизияның 19-шы
гвардиялык атты әскер полкында пулеметшілерді баскарып,
Синельниково каласының түбінде ерлікпен каза тапты. Сайхын,
Шоңғай, Жэнібек станцияларына неміс-фашистік авиациясының
топтанып соккан шабуылынан халык шаруашылыгына 7 млн.
сомныңзалалы тиді.
Курск түбіндегі, Украина, Беларусь, Прибалтика, Молдованы
азат ету мен Еуропа елдерін фашистік баскыншылыктардан азат
етудегі шайкастарда мыңдаган казакстандықтар каза тапты.
Рейхстагка Жеңіс туын тіккендердің ішінде біздің жерлестеріміз
Р.Қошкарбаев пен Илья Сьяновтар бар. Жау шебінде калган
көптеген казакстандыктар зор белсенділікпен партизан козгалы-
сына катысты. Согыс жылдарында олардың саны 3,5 мыңга
жетті. Олардың ішінде Қ.Қайсенов, Ә.Шэріпов, Т.Жангелдин.
Ғ.Омаров,
Н.Сыдыков,
С. Төлешев,
Г.Ахметов жэне
т.б.
партизандар мен партизан козгалысының басшылары болды.
Олардың катарында Н.Байсейітова, Т.Жұмабаева, Ж.Акэділова
тәрізді партизан-әйелдер де болды. Қазакстандыктар Жапонияга
карсы Қиыр Шыгыстагы согыска да белсенді түрде катысты.
Квантун
эскерін талкандаганы үшін 2
мыңнан астам
2 5 0
қазақстандықтар ордендермен және медальдармен наградтапды.
Олардың ішінде
«Кореяны азат еткені үшін», «Жапонияны
жеңгені үшін» медальдарымен наградталғандар да аз емес.
Гитлершіл басқыншыларға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі
үшін
500 қазақстандық-жауынгер Кеңес Одағының Батыры
атағын алды. Осындай жоғары атақ Днепр үшін шайқаста 18
жасар Ж.Елеуісовке, қазақтың даңқты қыздары М.Мәметова мен
Ә.Молдағүловаға берілді. Үшқыш-штурмандар
Т.Бигелдинов,
Л.И.Беда, И.Ф. Павлов, сондай-ақ үшқыш-истребитель
С.Д.
Луганский екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Үлы
Отан соғысы жылдарында 97 қазақ Кеңес Одағының Батыр
атағына ие болып, 96 638 қазақ жауынгерлері ордендермен және
медальдермен марапатталды.
Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылыми институттар
көшірілді.
Олардың ішінде
КСРО Ғылым академиясының
Физиология, УКСР Ғылым академиясының Физика-механика,
Мәскеудің, Ленинградтың Киевтің институттары бар. Осы
кезде
Қазақстанда
И.П.Вернадский,
В.А.Обручев,
И.И.Мещанинов,
А.И.Бах,
А.С.Берг,
А. Е. Фаворский,
Б.Д. Греков тәрізді академиктер жүмыс істеді.
Қазақстанға Мәскеуден, Ленинградтан,
Киевтен және
еліміздің тағы басқа қалаларынан 100 жазушы мен 23 көркемөнер
үжымдары эвакуацияланды. Оның қүрамында Ю.А.Завадский,
К.А.Мордвинов,
Г.С.Уланова,
В.П. Марецкая,
Г.Рошаль,
Кукрыникстер ( (М.Куприянов, П.Крылов және Н.Соколов) және
т.б. көрнекті сазгерлер, әртістер, кино қайраткерлері, суретшілер,
музыканттар болды. Қазақ және орыс өнер қайраткерлерінің
шығармашылық қарым-қатынастары
қазақ халқының кәсіби
көркем шығармашылығын дамыту процесін тездете түсті.
Кеңес киноматографиясының алтын қорына Алматыдағы
бірлескен киностудиясы түсірген фильмдер кірді. Мүнда 500-
ден астам кино қызметкерлері мен әртістер жүмыс істеді.
Олардың ішінде
С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, В.Пудовкин,
Г.Александров, С. Васильев, И.Пырьев және т.б. болды. «Аудан
хатшысы» (режиссері И.Пырьев), «Ол Отанын қорғайды»
(Ф.Эрмлер),
«Әуе
тасымалдаушысы»
(Г.Раппопорт),
«Екі
жауынгер», «Майдан», «Күт мені» тәрізді белгілі кеңес кинолары
түсірілді.
Барлығы 23 толық метражды, сондай-ақ қысқа
метражды фильмдер және кино жинақтар түсірілді.
2 5 1
Кеңес халқының Үлы Отан соғысындағы жеңісі
дүние
жүзіпік тарихи оқиға, ол адамзатты фашизмнің індетінен аман
алып қалды. Қазақстан халқының фашизмді талқандауға қосқан
үлесі мен ерліктері мәңгі есте сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |