Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі


Жүгіру барысында спортшыға ескертетін ескертулер



бет28/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Жүгіру барысында спортшыға ескертетін ескертулер
Егер «жүгір» деген командаға дейін жүгірушілердің бірі немесе бірнешеуі қолын не аяғын жерден жұлып алса,
«Тоқтатыңдар!» деген команда беріледі. Ережені бұзған жүгірушіге ескерту жасалады. Екі ескерту алған жүгіруге қатысушы жарыстан шығарылады. Жүгіруге қатысушылар өз жолдарынан шықпауға, бірін – бірі итермеуге тиіс. Бұл ережені бұзған жүгіруші де жарыстан шығарылады.

Жеңіл атлетика және оның түрлері


Лақтыру (найза, граната, диск, балға, ядро серпуі, доп, т.б) жаттығуларының орындалу әдіс-тәсілі негізінен бірдей боллып келеді. Солай бола тұрса да, әр жаттығуды орындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы лақтырған кезде спорт жабдығының алысқа түсуі оның бастапқы жылдамдығына және оның ұшып шыққан бұрышының кеңдігіне байланысты екенін білу керек. Мысалы, қандай жағдайда да бойы биік адамның лақтырғаны бойы аласа адамдікіне қарағанда алысқа түседі.
Лақтырулар, жеңіл ат-ның бағдарламасына енетін әртүрлі снарядтарды қашықтыққа лақтыру жарыстары. Ж/атл-ның бұл түрлері спортұшыдан күшті, шапшаңдықты дамытуды және жаттығудың әдістерін жетік орындауды талап етеді. Адамның мүсінін жан – жақты дамытуды талдап етеді. Басты мақсат қолына ұстаған спорт құралын жүгіріп келіп (найза лақтыруда) немесе белгіленген шеңбер ішінде өз өсінен айналып барып, қолындағы құралын алыс қашықтыққа түсіру болып табылады.

Граната лақтыру


Гранатаны ұстағанда 4 саусақпен қысып ұстап, шынашақты бос қалдырады. Сонда гранатаны лақтырғанда ол қолдың бағытымен кетеді. Әдетте, құралды лақтыратын адам оң қолымен орындайтын болғандықтан, лақтырған кезде міндетті түрде сол аяқпен итеріледі, оң жамбас алдыға бұрылады.
Гранатаны міндетті түрде жүгіріп келіп лақтыру керек. Сонда ғана жоғары нәтижеге жетуге болады. Ол үшін тағы да қандай қашықтықтан жүгіріп келуге болады деген сұрақ туындайды. Соның ішінде 4 адым қалғанда лақтыратын – «адым» деп есептеледі. Себебі лақтырушы осы лақтыруға 4 адым қалғанға дейін гранатаны лақтыруға дайындалып келеді. Қолды артқа қарай созып, денені алдыға бұрып гранатаны лақтыруға дайындайды. Ең соңында сол аяқты жерге тіреген кезде гранатаны лақтырып жібереді.
Граната лақтырудың айла-тәсілін үйрену үшін мынадай
қосымша жаттығуларды орындауға болады:

  • сол аяқпен алдыға аттап, гранатаны жанға түсіріп ұстап тұрып, содан кейін қолды артқа көтеріп иықты айналдыра, бастан асыра алдыға сермеп гранатаны лақтыру;

  • осы жаттығуды гранатасыз-ақ бейнелеу ретінде қайталауға болады;

  • гранатаны ұстап жүріп, жүгіріп келіп бейнелеу түрінде орындау;

  • орында тұрып гранатаны бастан асыра лақтыру;

  • граната лақтырудың айла – тәсілін жетілдіру мақсатында, орында тұрып тас лақтыру, теннис добын лақтыру арқылы да жаттығуды үйренуге болады;

  • иық буындарының қозғалмалы қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық таяқшамен иықты артқа-алдыға айналдыратын жаттығулар орындау;

  • шынтақ буынының созылмалы қасиетін жетілдіру үшін салмағы бар тасты кеудеден лақтыру;

  • шынтақ буынының созылғыштық қабілетін жетілдіретін жатығулар орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет