Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет30/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Ескерту. Допты қашықтыққа (алысқа) лақтыру кезінде екпіндей жүгіріп келу қашықтығы 15-20 метрден аспауға тиіс.

Найза лақтыру


Найза лақтыру. Н.л-дан жарыс ежелгі дүниеде О. О-дың бағдарламасында болған. Бұл спорт түрінің әскери дайындықта маңызы зор. Спортшы арнайы бөлінген орынмен 23-30м қашықтықтан жүгіріп келіп, н.л-тын жерге 8-12м қалғанда қолын артқа қарай жіберіп н.л-ға әзірленеді. Содан кейін жүгіру қарқынын тоқтатпай бүкіл денесімен алға қарай серпін беріп, найзаны бар күшімен лақтырады. Егер жарысқа қатысушылардың саны 8-ден көп болған жағдайда олардың әрқайсысына 3-3 тен кезек беріліп ең үздік 8 спортшы финалға шығады. Финалда әр спортшыға 6 рет лақтыруға мүмкіндік беріледі.
Найза лақтырудың нәтижесі арнайы белгіленген сектордың ішіне түскенде ғана есепке алынады.
Найза лақтыру – негізінен, барлық айла – тәсілі граната лақтыруға ұқсағанымен өзіндік ерекшелігі бар. Әдетте, найзаны лақтыратын адам оң қолымен орындайтын болғандықтан, лақтыратын кезде міндетті түрде сол аяқпен итеріледі. Оң жамбас алдыға бұрылады.
Спорттық нәтижеге жету үшін найзаны жүгіріп келіп лақтыруды үйрену керек. Ол үшін, әрине, орында тұрып лақтыруға әбден қалыптасқан соң ғана жүгіріп келіп лақтыруды үйрену жалғастырылады. Шамамен 10-15м жерден жүгіріп келіп, жылдамдықпен найзаны иыққа алады. Жүгіріп келе жатып, жылдамдықты үдетіп лақтыратын жерге жақындағанда қолды толығымен иықтың үстіне артқа созып, кілт тоқтаған кезде алдыға қарай сермейді. Осы жаттығудың дұрыс орындалуы спорттық көрсеткішке жеткізеді.
Найза лақтырудың айла – тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жатығуларды орындауға болады:

Осы кезде дене алдыға қарай еңкейеді.

  • осы жаттығу найзасыз-ақ бейнелеу ретінде орындалады,

  • найзаны иықтың үстіне ұстап жүріп содан кейін алдыға сермеу, бірақ лақтыруға болмайды. Сонда жаттығудың дұрысбұрыс орындалуы анықталады;

  • найза лақтырудың айла-тәсілін үйрену үшін қосымша жаттығулар орындалады (тас, доп, т.б заттарды лақтыру),

  • найза лақтыруды үйрену үшін, ең әуелі иық буынының созылмалы да күшті-қуатты болу үшін арнаулы жаттығулар орындалады;

  • сондай-ақ шынтақ буыны созылмалы да күшті-қуатты болу үшін арнаулы жаттығулар орындалады.

Найза лақтыру шеңберден емес,ені 7см ағаш тақтайда өткізіледі, сонымен қатар найза лақтырған кезде, оның ұшу бағыты сектордың жерімен шектеледі. Ал гранат және доп лақтырған кезде, дәлізбен шектеледі.
Найза – тең ортасы жіппен оралған металл снаряд. Ерлер үшін массасы – 800г, ұзындығы – 280см. Әйелдер үшін массасы – 600г, ұзындығы – 220-230 см.
Найзаны ертеде аң аулау үшін қолданғаны белгілі. Ұлы Гомердің «Илиада» жырында ежелгі гректердің найзаны қашықтыққа және нысанаға лақтырып жарысқандығы көрсетілген. Найза лақтыру 5 сайыс бағдарламасы бойынша б.з.б. 708 жылы олимпиадалық ойындарға кіргізілген. Найза лақтырудан қазіргі замандағы бірінші жарыс 1886 жылы Швецияда өтті. Бұл жарыста А. Вигерт найзаны 35,81 м-ге лақтырған. 1906 жылы олимпиада өткізіліп, оның жаңарған бағдарламасына бірінші рет найза лақтыру енгізілді. 1908 жылы техниканың бұл варианты заңдастырылды. Онда найза лақтырушының жүгіріп екпін алу қашықтығына шек қою тоқтатылды. 1912 жылы бірінші дүние жүзілік рекорд анықталды. Э. Лундкивист дүние жүзінде алғаш рет найзаны 78,01 м-ге лақтырды.
Әдете, найзаны бас бармақ және сұқ саусақпен немесе бас бармақ және ортаңғы саусақпен ұстайды. Ал қалған саусақтар найзаны ұстауға көмектеседі. Бұл кезде найзаның сабы алақанда қиғаш жатады. Бас бармақ пен ортаңғы саусақ шетіне тіреледі. Ортаңғы саусақ басқаларынан ұзынырақ және әлдірек. Сондықтан ол лақтырылудың жақсаруын қамтамасыз етеді. Найзаны ұстаған кезде дененің буындарын қатты ұстауға болмайды, олай ұсталса, найзаның айналысы азайады. Екпін алу кезінде, найза иықтан жоғары ұсталады. Бұл кезде найзаның артқы ұшы төменге қарай бағытталады. Сол қол бұл уақытта әдеттегі жүгірістегідей жұмыс істейді, оң қол найзамен тербелмелі қозғалыс жасайды. Лақтыру белгісіне жеткеннен кейін, найзаны толық туралап және екпінді баяулатпай лақтыру қажет. Бағыттау соңғы екі адымнан тұрады.Ол оң аяқтың адымынан басталады. Лақтырушы иығын оңға бұрады иықтың боймен найза ұстаған қол түзеледі. Бұл уақытта найза иықтың деңгейінен төмен түсірілмейді. Қолме кеуденің арасындағы бұрыш 90°-ты құрайды.
Лақтырушының көзі алға, жоғары бағытталады, найзаның ұшы көз деңгейінде болады. Жылдамдықты сақтау үшін денені тік ұстау керек.Дене қисайған кезде жылдамдық төмендейді.
Найза , гранат немесе доп лақтырған кезде, жүгіріп келетін жолдың ұзындығы 25 м-ден кем болмайды, ал оның ені 1м 25 см болу керек. Ең соңғы 5-6 м-де жол 4 м-ге дейін кеңейтіледі.
Төменде келтіріліп отырған кестеде әр түрлі жастағы қатысушылар үшін лақтырылатын снарядтар салмағы беріліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет