Қазақстан1 Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет31/41
Дата13.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#82491
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41

Балға лақтыру


Балға лақтыру, жеңіл атлетикада жарыс бағдарламасына енетін жаттығулардың бірі. Б.л-ға бөлінген шеңбердің ішінде атлеттің өз осінен 3-4 рет айналып, балғаның ұшуына екпін береді. Балға лақтырушы снарядты лақтыратын бағытқа арқасымен тұрады,. Балға тағылған сымның тұтқасы екі қол мен ұсталады. Балға лақтырушылардың ең аз салмағы 7,260 кг. Балға лақтырушы алақанына арнайы тігілген қолғап киеді.
Бастапқы биіктік, ж/атл-ның биіктікке және биіктікке сырықпен секіруде алғаш секіремін алғашқы тілек білдіретін межесі. Егер спортшы алғашқы биіктікті өзінің барлық кезеңінде ала алмай қалған жағдайда, ол жарыстан біржола шығып қалып,
0 ұпайға ие болады.

Ядро серпу


Ядро серпу. Ядроның массасы: ерлер қолданатын ядро массасы – 7кг, әйелдер қолданатын ядроның массасы – 4 кг. Балалар үшін масса азайтылады. Ядроны шеңберде тұрып, итеріп серпіп лақтырады. Шеңбердің бұрыш мөлшері – 60°. Ядро бір орында тұрып та, адымдап та лақтырады. Ядро серпілетін шеңбердің диаметрі 2м, 13,5см болады. Ядроны серпіген кезде шеңбердің алдыңғы бөлігінің ортасында жоғары жағынан осы шеңберді жауып тұратын ақ түске боялған кертпе ағаш орнатылады. Кертпе ағаштың биіктігі – 10 см, ал ішкі жақ шетінің ұзындығы 1 м 22 см болуы керек.
Кертпе ағаштың ішкі жақ шетінің шеңбердің ішкі жақ шетімен түйісіп жатуы керек. Кертпе ағаш кішкентай қазықты жерге қағу арқылы орнатылады. Диамердің сыртқы жағына лақтыру бағытына перпендикуляр етіп шеңбердің екі жағынан да бояумен, әрбіріеуінің ұзындығы 20-30см екі сызық («мұрттар») сызылып қойылады.
Ойынға қатысушыларға да, ойын көрушілерге де лақтырудың көлемін жақсы бағдарлауға мүмкіндік беру үшін, шеңбердің ортасынан шеңберден қашықтықты көрсететін бірқатар доға сызықтар сызылады. Ядроны серпіген кезде доға сызықтар 6-7 м-ден басталып, 14-15 м-де аяқталып, әрбір метрден кейін сызылады. Ядроны серпу үшін 18х15 м алаң жеткілікті. Серпудің нәтижесі тек ядро сектордың ішіне түскенде ғана саналады, сектордың жоғары жағы шеңбердің орта тұсында болады.
Ядро серпу, арнайы жасалған шеңбердің ішінен серпіледі, ұшқан т. екі жағынан шектеліп, белгіленген сызықпен сол сызықтардың арасын қосқан жарты доғаның ішіне түсуге тиіс. Мұнда әрбір спортшы кезектесіп т-ды 6 реттен серпиді, ең үздік нәтижелері біодей болған жағдайда , екінші кезекте жақсы көрсеткіші бар спортшы жеңіске жетеді.
Басқа құралдарды лақтырумен салыстырғанда ядро итеруді орындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ең әуелі ядроны алақанға ұстай білу керек.Одан кейін ядроны үстіңгі жағынан иықтың үсті мен иектің астына қойып, астыңғы жағынан қолмен ұстап тұрып алдыға итеру арқылы жаттығуды орындауға болады.
Бастапқы қалыпта ядроны иыққа алып лақтыратын бағытқа артпен қарап тұру. Содан кейін, сол тұрған бағытта алдыға еңкейіп оң аяққа тұрып, сол аяқты жоғары көтеріп бір аяқпен секіруге дайындалу. Одан әрі, 2-3 адым оң аяқпен алдыға секіріп, белгіленген сөре алаңының шетіне келіп, кеудені алдыға бұра ядроны алдыға қарай итереміз.
Ядро итерудің жаттығуының айла-тәсілін үйрену үшін мынандай қосымша жаттығуларды орындауға болады:

  • артпен, құралдарды лақтыратын бағытқа қарап тұрып кенеттен өте тез қозғалып ядроны итеру;

  • осы жағдайда, бір аяқтап тұрып итеру;

  • ядроны секіріп келіп орындайтын жаттығуды құралсыз орындау;

  • ядроны иыққа ұстап тұрып, алма-кезек аяққа тұрып секіру;

  • екі қолмен ядроны доп қаққандай кеудеден итеру; - ядроны жоғары лақтырып қағып алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет