Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


-ТАРАУ МАКАРОН ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет186/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

5-ТАРАУ
МАКАРОН ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
5.1 Қазақтан Республикасындағы макарон өндірісінің 
жағдайы
Макарон өнімдері тамақ өнеркəсібінде көрнекті орын ала-
ды. Олардың аспаздық қабілеті жоғары, дайындағанда тез піседі. 
Оларға кей жағдайда басқа да құнарлы заттарды, əсіресе ақуыз, 
аминқышқылдарды үстеп қосып жасауға болады.
Дайын өнімнің сапасын жоғарылату – тамақ өнеркəсібі алдында 
тұрған маңызды мəселелердің бірі. Бұл сұрақтың шешімін табу да-
йын өнімнің сапасын жоғарлату үшін тұтас кешенді шараларды жа-
саумен байланысты. Макарон өнімінің сапасын жоғарылатуда оның 
ассортиментін кеңейтуге, өнімнің шығымын жоғарылатуға, буып-
түюге көп көңіл бөлу керек.
Макарон өнімдерін қатты жəне шыны жұмсақ бидай ұнынан да-
йындайды. Осы бидай ұндарында ақуыз жəне желімше көп, олардың 
сапасы жоғары болады. Əсіресе, оның желімшесі өте серпімді, əртүрлі 
қалыпқа келтіруге көнгіш, макарон өнімдерін жасағанда бірімен 
бірі жабыспайтын болу керек. Ол үшін олардан қамыр илегенде 
суды аз қосса, қамыр шымыр болып келеді. Міне осы қасиеттерінің 
арқасында, олар көп тарап кеткен жəне тұтынушылардың көңілінен 
шыға алады.
Макарон өнімдері өзінің ылғалдығының төмен болуына, 
тез бұзылатын қоспалардың қосылмауына байланысты дəмдік 
жəне тағамдық құндылығын өзгертпей бір жылдан астам уақыт 
сақталады.
Макарон өнімдері нарықта даму үстінде. Олар көптеген елдердің 
тамақтануындағы азық-түліктердің негізі болып табылады. Өз 
кезегінде дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыста көп ел-
дер өзінің тағам рационында қымбат емес азық-түліктерді, сонымен 
қатар макарон өнімдерін қолдана бастады. Жалпы макарон өнімдерді 
гарнир түрінде қолданады. Макарон өнімдерінің қолданылуы 
əр мезгілде əртүрлі. Жазда көкөніс пен жемістерге қолжетімді 
болғандықтан макарон өнімдерін тұтыну азаяды, ал қыста өседі. 
20–298


306
Қазақстанда макарон өндірісінің дамуы Ресеймен бірге 
қалыптасқан деп айтса да болады.
Жаңа жабдықтар тамақ өнеркəсібінің машина жасау жəне басқа 
ТМД зауыттарында шығарыла бастады. Соғыс алдындағы жылда-
ры вермишельді бұрандалы жəне гидравликалық поршенді престер-
де, ал кеспені кеспе кесетін машиналарды пайдаланып, ауыр қол 
жұмыссыз шығара бастады.
Макарон өндірісінде шнекті макарон престердің үзіліссіз жұмыс 
істейтін кептіргіш қондырғыларды енгізудің арқасында, қысқа 
кесілген өнімдер шығару технологиясын толық механизациялау 
кешенін ұйымдастыру мүмкіншілік алды.
Үлкен орын алмайтын престер жəне ВМС-2 кептіргіш шығарыл-
ған соң, макарон өнімдері шағын кəсіпорындарын да шығарыла бас-
тады. Міне, осы престер жəне үзіліссіз жұмыс істейтін кептіргіш 
қондырғылар шығарылған соң, 1950-1955 жылдары Қазақстанда 
жəне басқа Орта Азия Республикаларында ондағы нан зауыттарында, 
аудан орталықтарында, қаладағы тамақ өнеркəсібі комбинаттарын-
да шағын макарон фабрикалары, цехтары салына бастады. Соның 
арқасында 5 жыл ішінде олардың саны 189-дан 324-ке дейін өсіп, 
орташа мекеме өнімділігін өсірмей-ақ, макарон шығару мөлшерін 
440-тан 958 мың тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік берді.
Жылына, бір адамға шағып есептегенде, 5 кг-нан макарон өнімдері 
шығарылады, кейде оны пайдаланудың мөлшері 5,4-5,5 кг-ға дейін 
өсуі мүмкін. Оны тұтыну мөлшері картоп, көкөніс жəне жемістердің 
өніміне байланысты. Украинада, Арменияда жəне Белоруссияда оны 
тұтыну мөлшері орташа 4 кг болса, Балтық жағалауындағы елдерде, 
Орта Азияда, Қазақстанда, Молдовада 3 кг шамасында болып, Ре-
сейде 5 кг-нан асады, ал кей аймақтарда 5,5 кг-ға жетеді.
2008 жылы Қазақстанда макарон өндірісі 5,3%-ға өсті. Ал экспорт қа 
шығару 3,5 %-ға өсті. 2009 жылы экспорттық өнім Қазақстанда 2 %-ға 
азайды. Жылдық көрсеткіш бойынша Қазақстанда 118 тонн өнімдері 
ны 17 өнеркəсіп өндіреді, халық санына кг саны бойынша 6, импорт 
бөлігі 10 мың. Макарон өндірісі дамып келуде деуге болады. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған 
«Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында көрсетілген 30-бағыт 
біздің дамуымызға жаңа серпін береді. Бұл біздің əлемнің бəсекеге 
барынша қабілетті елу елдің қоғамдастығына қарай жедел жылжуы-
мыз жəне оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын 
нығайту. 


307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет