Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет189/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   375
Қамырды престеу. Жентектелген қамырды престерде сығымдап 
қалыпқа келтіреді. Престеу мақсаты – басы бірікпеген жентектелген 
массаны біркелкі байланысқан тұтқырсозылғыш қамыр массасына 
айналдырып, белгілі пішін беру. 
Өнімдерді бөлу, қалыптау. Бұл үдерісте екі операция іске асы-
рылады: керекті ұзындықта пішін берілген өнімдерді кесіп, қамырды 
матрицалардан өткізіп пішін береді де бөлу, желдетуге жібереді. Аз-
дап кептірілген жартылай фабрикаттарды кесіп немесе жаймалап, 
іліп кептіруге қояды. Осы операциялар шнекті престердің арнайы 
тетіктерінде орындалады. Орындалу ұзақтығы небəрі 25-30 минут 
аралықта болады. 
Кептіру. Кептіру мақсаты – өнімнің пішінін қатыру жəне олар-
да микроорганизмдердің дамуын болдырмау. Бұл технологиялық 
үдерістің ең ұзақ жəне жауапты сатысы.
Макарондарды лотокты кассеталарға жаймалап, ал ұзындарын 
өздігінен ілінетін автоматты ілгіштерге іліп кептіруге жібереді. 
Кептіру қысқа кесілген макарондар үшін 10 сағат, ұзын кесілген 
макарондар үшін 24 сағатты құрайды. Сондықтан кептіру мака-


311
рон дайындаудың барлық үдерісінің 98%-ын алып жатыр. Өнімнің 
беріктігі, негізгі сапасы осы кептіру режиміне байланысты. 
Кептірілген өнімдерді тұрақтандыру жəне суыту. Кептіруден 
шыққан өнімдер ыстық болғандықтан оларды салқындатып содан 
кейін қаптауға жібереді. Макарон өнімдерінің беріктігі жақсы болу 
үшін оларды ақырындап салқындату, яғни тұрақтандырудан өткізеді. 
Қапталатын өнімнің ылғалдығы 13%-дан аспау керек. 
Жіктеу, сорттау жəне қаптау. Макарон өнімдерін картон 
қораптарға, целофан жəне полиэтилен қапшықтарға қаптайды. Олар 
автомат немесе жартылай автоматты қаптағыштардың көмегімен 
буып-түйіледі. 
Сақтау. Буып-түйілген дайын өнімдер сақтау қоймасына 
жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет