310
- жіктеу, сорттау жəне қаптау;
- сақтау болып бөлінеді.
Шикізаттарды дайындау. Ұн мен суды дайындау деп оны
елеп, сүзіп, олардың құрамында болатын басқа заттарды, метал
ұнтақтарын бөліп алу, керек болған жағдайда ұнды 10
0
С-қа жылыту,
сонымен қатар қосылатын қоспаларды дайындау жəне суды жылыту
үдерістерін айтады.
Қамырға арналған суды жылу аппараттарында қыздырып, рецеп-
турада көрсетілген керекті температурада суық сумен араластырып
жылытады.
Қоспаларды қамыр илеу үшін сумен араластырып дайындай-
ды. Тауық жұмыртқасын қолданар алдында жуады, ал меланжды
ерітеді.
Макарон қамырын дайындау. Ұнды жəне басқа да қоспаларды
жеке өз мөлшерлегішінде өлшеп қамыр илегішке салып 9-20 ми-
нут араластырып, илейді. Қамыр илегіште су мен ұнның қарқынды
араласуы, ұн түйіршіктерінің ісінуі, ылғалдануы жүреді. Нан жəне
бисквит қамырларымен салыстырғанда макарон қамырын илеуде
мұнда жентектелген ұсақ бөлшектерден тұратын қамыр пайда бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: