Б. Ж. Рыскалиева тамақтану гигиенасы



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#123553
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
Рыскалиева-Б.Ж.-Тамақтану-гигиенасы

 
В6.
Пиридоксин немесе В6 дәрумені суда еритін дәрумендерге 
жатады және алты химиялық қосылыс түрінде ұсынылған, оның ішінде 
пиридоксаль-5-фосфат (ПАЛФ) адам метаболизмі үшін маңызды болып 
табылады.
Негізгі көздері ет өнімдері, балық, картоп, көкөністер, дәндер болып 
табылады. Сүт өнімдері мен көптеген жемістер мен жидектерде бұл 
дәруменнің мөлшері аз (кесте 11). 
Кесте 11 - Пиридоксиннің негізгі тағамдық көздері 
Өнім 
100 г өнімде В6 
(пиридоксин) 
мөлшері, мг 
Күнделікті 
өнімдер 
жиынтығы 
Сиыр бауыры, жарма, сұлы үлпектері, 
нан-тоқаш өнімдері, құс еті, ет, 
картоп, балық, ашытқы 
0,2-0,7 
170 г ет (құс) + 50 г балық + 
360 г нан + 300 г картоп + 300 
г көкөніс салаты (гарнир) + 1 
банан 
Жұмыртқа, жаңғақ, банан, шпинат, 
шие, жүгері 
0,05-0,2 
В6 сіңімділігін кейбір дәрілік заттар, атап айтқанда туберкулезге 
қарсы дәрілер төмендетуі мүмкін.
Пиридоксин сақтау және өңдеу кезінде өте тұрақты: аспаздық 
шығындар орташа есеппен 25% құрайды. 
Адамның пиридоксинге қажеттілігі жынысына, жасына және энергия 
шығындарына байланысты. В6 қабылдаудың физиологиялық деңгейі 1,8-
2,6 мг тәуліктік тұтыну болып саналады, бұл 1000 ккал-ға шаққанда 0,7 мг 
құрайды. 
В6 гиповитаминозы негізінен ет өнімдері мен дәнді дақылдар 
негізіндегі өнімдердің рационымен қабылдаудың жетіспеушілігімен 
байқалады. 


34 
B6 жетіспеушілігінің клиникалық диагностикасы ангулярлық 
стоматит, галоз және тілдің гипертрофиясы сияқты бірқатар белгілерді 
анықтаумен байланысты. Бұл ретте сондай-ақ, беттің және бастың шашты 
бөлігінде себореялық және десквамативтік дерматит байқалады.
В6 дәрумені жетіспеушілігінің көрінісі ретінде гипохромды микроциттік 
анемия болуы мүмкін. 
В6 гипервитаминозы сипатталмаған. Алайда физиологиялық 
нормамен салыстырғанда пиридоксиннің (пиридоксаль түрінде) түсуінің
(жүздеген есе) артуы асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауына және
перифериялық сенсорлық нейропатиялардың дамуына әкелуі мүмкін. 
Пиридоксинді шамадан тыс қолдану АСТ және AЛТ белсенділігінің 
бұзылуна әкеледі. 
РР.
Ниацин немесе РР дәрумені В тобының суда еритін 
дәрумендеріне жатады және екі қосылыс түрінде ұсынылған: никотин 
қышқылы және никотинамид. РР дәрумені аш ішекте тиімді сіңеді, бірақ 
оның сіңуі ішек патологиясымен айтарлықтай төмендейді. Негізгі көздері -
ет өнімдері, балық, көкөністер, дәнді дақылдар (кесте 12). Жүгері мен 
бидай сияқты кейбір өсімдік өнімдерінде РР дәрумені ниацитиннің қол 
жетімді емес түрінде болады, бұл триптофанның айқын жетіспеушілігімен 
бірге ниацин тапшылығының дамуына әкелуі мүмкін. Ниацинге адамның 
қажеттілігі жынысына, жасына және энергия шығындарына байланысты. 
РР қабылдаудың физиологиялық деңгейі тәулігіне 15-20 мг құрайды, бұл 
1000 ккал-ға 6,5 мг құрайды. РР витаминының тапшылығы –пеллагра - 
ниацин мүлдем болмаған кезде дамиды және көбінесе әлеуметтік проблема 
ретінде аштықпен байланысты. РР гипервитаминозы сипатталмаған, бірақ 
ниациннің шамадан тыс түсуі асқазан сөлінің қышқылдығының 
жоғарылауына әкелуі мүмкін, сонымен қатар бауырдың майлы 
дистрофиясының дамуына ықпал етеді. 
РР сіңуіне, В6 жағдайындағыдай, туберкулезге қарсы және 
паркинсонға қарсы препараттар кедергі келтіруі мүмкін. 
Ниацин сақтау және өңдеу кезінде өте тұрақты: аспаздық шығындар 
орташа есеппен 25% құрайды. 
Кесте 12
 - 
Ниациннің негізгі көздері 
Өнім 
100 г өнімде РР 
(ниацин) мөлшері, 
мг 
Күнделікті 
өнімдер 
жиынтығы 
Сиыр еті, қарақұмық жармасы, құс 
еті, ашытқы 
5-11 
170 г ет (құс) + 50 г балық + 360 г 
нан + 300 г картоп + 300 г сәбіз 
және ақ қауданды
қырыққабаттан жасалған көкөніс 
салаты (гарнир) + 30 г жержаңғақ 
+ 200 г жемістер немесе 
жидектер (шабдалы, өрік, қара 
өрік, шие) 
Сиыр еті, қой еті, балық, 
саңырауқұлақтар, нан-тоқаш 
өнімдері, сұлы жармасы, күріш 
жармасы, картоп, жержаңғақ, 
жасыл бұршақ, сәбіз, ақ қауданды 
қырыққабат 
0,7-5 


35 
РР жетіспеушілігінің клиникалық диагностикасы пиридоксиннің 
жетіспеушілігімен бірдей белгілерді анықтаумен байланысты: ангулярлық 
стоматит, хейлоз және тілдің гипертрофиясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет