60
Бірінші деңгей
- энергия балансы. Ол
ағзаның барлық іс-шараларға
жұмсайтын энергиясын тамақпен бірге келетін энергиямен өтеуі керек деп
болжайды.
Рационның каллориясы энергия шығындарының сомасына тең болуы
тиіс. Келіп түсетін энергияның тапшылығы немесе оның артық болуы
алименттік теңгерімсіздіктің дамуына әкеледі.
Екінші деңгей
- энергия тасымалдайтын макронутриенттердің
(ақуыздар, майлар және көмірсулар) балансы.
Ағзаның оңтайлы жұмыс
істеуі үшін макронутриенттердің пропорционалды түсуін сақтау қажет.
Тамақпен бірге келетін энергиядағы ақуыздардың үлесі 10-нан 15% -
ға дейін (орта есеппен 12 %), майлардың үлесі 30% - дан аспауы керек, ал
көмірсулардың үлесі 55-тен 65% - ға дейін (орта есеппен 58%) болғаны
дұрыс.
Үшінші деңгей
- макронутриенттердің жекелеген топтарындағы
теңгерім және микронутриенттердің теңгерімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: