Б. Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В. А



бет19/38
Дата07.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#47949
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды.
Оқушылардың басым бөлігі шығармашылық жұмысын сурет, фото түрінде ұсынады.
Кейбір оқушылар шығармашылық жұмысын сурет, фото түрінде ұсынады және ол туралы әңгімелеп береді.

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Қызығушылықты ояту.

  • Балалар, бүгінгі көңіл күйлеріміз қандай?

  • Керемет!

  • Сабаққа дайындықтарың қалай?

  • Тамаша!

  • Ендеше сабағымызды бастайық.

  • О-о-о!

Қолдарын көтереді.




Алақандарын шапалақтайды.

Бас бармағын көрсетеді.











Ортасы 30 мин

Мағынаны тану. Айтылым.
1-тапсырма. Фотоальбомың бар ма? Бар болса, ең әдемі фотосуретіңді ата.
Түсіндір.

Оқушылар альбомдағы бір суреті жайлы әңгімелеп береді.



«Бас бармақ» әдісі.

Фотоальбом






Білу. Түсіну.
Оқылым. 2-тапсырма. Түсініп оқы. Қадыр Мырза Әли. «Альбомдағы суреттер»

Іштей оқиды.
Кезекпен мәнерлеп оқиды.






Оқулық




Қолдану.
Айтылым. Жеке жұмыс.

  1. тапсырма. Өз альбомыңнан өлең жолдарына сәйкес келетін суреттерді таңда. Ақынша сипаттап айт.

Үлгі: Мынау – енді тәй-тәй басып жүргенім. Мынау – анам, оң жағымда тұр менің.
Жұптық жұмыс.

  1. тапсырма. Өз бетіңше басқа фотосуреттерің туралы да әңгімеле.

Оқушы өз альбомынан өлең жолдарына сәйкес келетін суреттерді таңдайды. Ақынша сипаттап айтуға тырысады.
Оқушылар жұпта фотосуретерін сипаттай отырып, әңгімелейді.

Дескриптор:
− өлең жолдарына сәйкес сурет таңдайды;
− суретті ақын сөздерімен сипаттайды.










Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық.
Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Орнымызды табайық!

Орындарынан тұрып, сәйкесінше қимылмен көрсетеді.









Талдау.
Топтық жұмыс. Жазылым.

  1. тапсырма. Өлеңді екі бөлікке бөл. Әр бөлікке ат ойластыр.

Саралау: «Тапсырма» әдісі бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.


Шығармашылық тапсырма.

  1. тапсырма. Сенің альбомың болашақта қандай суреттермен толығады деп ойлайсың? Қиялдап көр.

Оқушылар өлеңді екі бөлікке бөледі.
Әр бөлікті түсініп оқиды. Әр бөлікке ат қояды.
Дәптерлеріне жазады.
Әр оқушы өз ойындағы болашақ фотосуретін көз алдарына елестете отырып, әңгімелейді.

Өзін-өзі бағалау.
«Білім ағашы» әдісі. Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар:
жасыл – «барлығын дұрыс істедім»; сары – «қиындықтар болды»;
қызыл – «көп қателес- тім».

«Білім ағашы»

Соңы 5 мин

Үй тапсырмасы. Өлеңді мәнерлеп оқу.


Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Саусақтарын бүгіп отыру арқылы өз ойын ретпен білдіреді.












Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

13-сабақтың тақырыбы

Менің үйім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.7.1 – мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, көркемдегіш құралдар туралы түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табады.
Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегінсіз шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табуға тырысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру. Үй жұмысын сұрау. Жаттау. Ойсергек
Әртүрлі үйдің суреттерін қойып, оқушыларға таңдату.

Өздеріне ұнаған суретті таңдап, не үшін таңдағандарын түсіндіреді.






Үйлердің суреттері

Ортасы 35 мин

Мағынаны тану.
Ойқозғау
1-тапсырма. Жұмбақтарды шеш. Оқулықтағы жұмбақтарды шешкізу. Тақырыпты болжау.
Жұмбақтардың жауаптары арқылы тақырыпты болжату.




Әр дұрыс жауапты атап өту, мадақтау.










Білу.
Оқылым. 2-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
Кәмен Оразалин. «Абайдың шаңырағы»
Сөздік жұмысы.
Алаша қой жүнінен тоқылған төсеніш. Сүйек төсек – жақтауларына сүйектен өрнек салып, әшекейленген ағаш төсек.

Оқушылар тізбектей оқиды.

















Суреттер

Айтылым.

  1. тапсырма. Мәтінге сүйеніп, суреттегі Абай ата үйін сипаттап әңгімеле.



Қолдану.

  1. тапсырма. Абай ата үйіне Кәрімнің көркемсөзбен берген бағасын тауып, жазып ал.

Тақта алдында сөйлейді.

Дескриптор:

  • суреттегі Абай үйін сипаттайды;

  • көркемсөздерді қолданады.

Оқулық

Сергіту сәті.
Бұл – үйім менің, Терезем бар көңілді. Терезеден қараймын, Бәріне қол бұлғаймын.

Орындарынан тұрып қимылмен көрсетеді.




Жұмыс дәптері



Талдау.
Жеке жұмыс.
5-тапсырма. Салыстыра отырып, кестені толтыр.
Абай атаның үйі Сенің үйің

Оқушылар дәптерде берілген кестені толтырады.













Топтық жұмыс.
6-тапсырма. Бір оқушы көпқабатты үйдің он алтыншы қабатында тұрады. Лифтімен көтерілгенде оныншы қабаттың түймесін басады. Әрі қарай жаяу барады. Ал төмен түсерде бірден бірінші қабаттың түймесін басады. Неліктен деп ойлайсың?

Әр топ оқушылары ойланып, ортақ шешім шығарады.
Әр топтың жауабы тыңдалады. Айтылған жауаптардың ішінен оқушылар дұрыс жауапты өздері бөліп алулары керек (Жауап: бойы жетпейді).







Соңы 5 мин

Үй тапсырмасы. Қандай үйде тұрғың келеді? Әңгімеле.
Рефлексия. «Плюс, минус, қызықты» әдісі
«Плюс» – оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы айтады.
«Минус» – «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын айтады.
«Қызықты» – өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін айтады.











Бөлім:

Өзім туралы

Педагогтің аты- жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

14-сабақтың тақырыбы

Менің арманым

Оқу бағдарла-ма- сына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.1 – мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.
Оқушылардың басым бөлігі өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Кейбір оқушылар өз ойын тірек сөздерді пайдалана отырып еркін жеткізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Қызығушылықты ояту.










Ортасы 30 мин

Мағынаны тану.
1-тапсырма. Мақалды оқы. Талабы сөзінің орнына арманы, мақсаты сөздерін қой. Не түсінгеніңді айт.

Мақалды оқиды. Талабы сөзінің орнына арманы, мақсаты сөздерін қойып оқиды. Түсінгендерін әңгімелеп айтады.



Дескриптор:

  • интонацияны дұрыс қоя біледі;

  • екпін түсетін сөзді көтеріңкі дауыспен айтады;

  • әр сөзді, әр дыбысты дұрыс оқиды;

  • тыныс белгіге қарап дауыс ырғағын ажырата оқиды.

Мұғалім дескриптор бойынша әр оқушыға кері байланыс ұсынады.


Мадақтама. Оқушылардың құрастырған өлеңдеріне
«Тамаша!», «Жарайсың!»,
«Керемет!» сөздерімен баға беру.



Оқулық Интербелсенді тақта




Білу. Түсіну.










2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Қадыр Мырза Әли. «Баспалдақ»


Қолдану.

Өлеңді іштей оқиды (1 рет). Тізбектей оқиды (1 рет).


Мәнерлеп оқиды (бірнеше рет).







3-тапсырма. Өлеңдегі арманға
сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.

Өз ойларын білдіреді.









4-тапсырма. Өлеңнің соңғы шумағындағы баспалдақ сөзін армандар деген сөзбен алмастыр. Мәнерлеп оқы.












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет