Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет18/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы, Дюсембина Г.Е.

Этнолингвистиканың тәсілдері
- Интервью
- Информанттармен сұрақ-жауап
- Анкета
Паралингвистиканың әдіс-тәсілдері

Тілдің функционалдық қасиеттері лингвистиканың жоғарыда айтылған бөлімдерінен басқа танымдық лингвистика, паралингвистика және ареалды лингвистика сияқты бөлімдерімензерттеледі. Паралингвистика (гр. para маңында, жанында) және лингвистика) хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен бірге сөйлеу үрдісінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы. Олар негізінен сөйлеу кезіндегі қимыл, ым, дауыс қарқыны, дауыс ырғағы, дене қозғалысысияқтымәселелердізерттейді.Паралингвистикалық тәсілдердің үш түрі бар: 
1) Фонациялық тәсіл, оған дыбыс әуені, оның күші, кідіріс, дауыс мәнері жатады; 
2) Кинетикалық тәсіл, оған ым, бет, қол қимылы, дене қозғалысы жатады; 
3) Графикалық тәсіл, оған әріптер мен тыныс белгілері қолтаңбасының түрлері, әріп таңбаларын айырбастайтын қосымша символдық белгілер жатады.
Сөйлеу барысында паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, бір мезгілде қолданылады. Сөйтіп, паралингвистикалық тәсілдер вербалды хабардың мән-мағынасын толықтырумен бірге, айтушы немесе жазушы адамның әлеуметтік жайы, жас мөлшері, мінез-құлкы т.б. қасиеттері туралы қосымша мәліметтер береді. Паралингвистикалық тәсілдер дербес, тұйық семиотикалық жүйе болып табылмайды. Олардың сөйлеу кезінде нақты қандай түрде қатысатындығын алдын ала болжау мүмкін емес. Аталмыш тәсілдердің кейбір түрлері ХХ ғасырдың 30- жылдарында Н. В. Юшманов еңбектерінде зерттелді. Паралингвистика ұғымын ХХ ғасырдың 40-жылдарында А. А. Хилл енгізген (AҚШ). Паралингвистиканың ғылым ретінде жан-жақты дамуы тіл білімінде тіл жүйесінен тыс құбылыстарды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 60- жылдарында іске асты.
13-практикалық сабақтың тақырыбы: Лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
1. Әлеуметтік лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
2. Этнолингвистиканың әдістері мен тәсілдері
3. Паралингвистиканың әдістері мен тәсілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет