Он үшінші апта №13-дәрістің тақырыбы:Лингвистиканың әдістері мен тәсілдері Әлеуметтік лингвистиканың әдістері мен тәсілдері Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Әлеуметтік лингвистика «тіл-қоғам» қатынастарын зерттейді. Қоғам – бір-біріне және сыртқы әлемге белгілі-бір қарым-қатынаста тұрып жатқан адамдардың әлеуметтік-мәдени тобы. Тілдік ортақтастық тілдесу, қатынасу мақсатында бір немесе бірнеше тілді қолданатын адамдар жиынтығы.
Әлеуметтіклингвистиканыңмақсаттары бірнешеу: 1) Тілдік жағдайды, оны сандық, сапалық мәліметтерін есепке ала отырып зерттеу (тілдік білім беруде, басқаруда, күнделікті өмірде қолдануда, сол сияқты біртілділік және көптілділіктің қоғамдағы ролі; 2) Ұлттық тілдердің өмір сүру формаларын зерттеу (диалект, ауызекі тілі, әдеби тіл; 3) Осы тілдерді әр түрлі қоғамдық топтардың өкілдері біліміне, мамандығына қарай қалай қолданатынын зерттеу; 4) Аталмыш тілдің қызметі мен рөлін мемлекеттің жүргізіліп отырған тіл саясатына талдау жүргізу: мемлекеттік және ресіми тілдер мәселелері. Аз ұлттар тілдері мәселесі, орта және жоғары оқу орындарында оқыту тілдері мәселесі; 5) Әлем тілдерінің бар генетикалық және морфологиялық классификациясына жаңа топ жасап енгізу.
Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көңіл аударған ХІХ ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт т.б. болды. ХХ ғасырда бұл мәселені КСРО-да зерттеген Л. П. Поливанов, В.В.Виноградов,Б.А.Ларинжәнет.б.ғалымдар.Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерде активті (белсенді) және пассивті (ырықсыз) әдістер бар. Активті (белсенді) әдістер эксперимент жүргізуші информанттардан толық әлеуметтік мәліметтер алу мақсатында тікелей қатынас, немесе тікелей әңгімеге қажетті жағдай туғызумен байланысты. Бұл жағдайда зерттеуші әңгімелесу орнын (жанұя, жұмыс немесе оқу орны, көше), әңгімеге қатынасушыларды, (жасы, жынысы, білімі, мамандығы) жәнеәңгіметақырыбынөзітаңдайды. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулердің негізгі әдісі – тест әдісі. Тест әдісінен басқа көпшілікке танымал анкета, интервью сияқты әдістер де кең тараған. Активті (белсенді) әдістердің ұтымды жағы информанттармен тікелей байланыс, қатынас болады, ал кемшілігі көпуақытпенкөпқаржынықажететеді. Әлеуметтік лингвистиканың пассивті (ырықсыз) әдістері жазбаша дереккөздермен (архив құжаттары, статистикалық мәліметтер, өкімет оындарының заңдары мен қаулылары т.с.с.) байланысты. Бұл әдістердің ұтымды жағы уақыт үнемдеу және респонденттерді көбірек қамту болып табылады.
Этнолингвистика «тіл-мәдениет» қатынастарын зерттейді. Этнос болмысын оның тілі арқылы зерттеп білу мақсатынан лингвистиканың бір саласы этнолингвистика туындаған. Этнолингвистика терминін алғаш рет Америка ғалымы Бенжамен Уорф қолданған. Б. Уорф ХХ ғасырдың 60-жылдарында этнография мен социология ғылымдарының шекарасындағы лингвистиканыңжаңасаласынқұруғашақырды.Қазақстанда этнолингвистиканың негізін салушы академик Ә. Қайдар десек, қателеспейміз. “Қазақ этнолингвистикасы“ атты ғылыми еңбегінде ғалым этнолингвистиканың мақсат, міндеттерін белгілеп, зерттеу обьектісін анықтап берді. Бұл саланың мақсаты – белгілі бір тілдің өзіне ғана тән мүмкіншіліктері мен байлығын зерттеу. Этнолингвистиканың зерттеу объектісі – этнос тілі, мақсаты – сол тіл арқылы этностың болмысынтаныпбілу. Академик Ә. Қайдар этнолингвистикаға төмендегідей анықтама береді: «Этнолингвистика – этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келгентілбілімініңқұнарлысаласы».Этнолингвистикалық зерттеулердің маңыздылығы туралы М. М. Копыленко: «Язык любого народа хранит увлекательную повесть многовековых усилий людей познать, осмыслить и подчинить себе окружающих их действительность. Отсюда проистекает важность этнолингвистических исследований, проливающих свет на формирование обозначений конкретных предметов и абстрактных понятий»дегенболатын. Шынында да тілдің барлық деңгейдегі этномәдени ерекшеліктерін есепке алмай оны әрі қарай зерттеу және түсіну мүмкін емес, өйткені тіл халықтың мәдени жадының сабақатастығығын қамтамасыз етіп отыратын «ұлттың мәдени шартты белгілер жүйесі (коды)»болыптабылады.Соныменэтнолингвистиканың мақсаттары төмендегідей:
1) Белгілі бір этностың мәдениет ерекшеліктерін тілдік бірліктерінің берілуін анықтау;
2) Этнос қоршаған ортаның заттар/құбылыстарға тілдік категорияларға (лексикалық, граммкатикалық) әр түрлі тілдік құралдар ерекшеліктерін анықтау;
3) Мәдени айырмашылықтардың (фондық білім, реалийлерді білу) әр түрлі жағдайларда мәдениет қарым-қатынасында әсерін зерттеу.