Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет50/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96

 

 

530 


 

Литература 

1.

 

Плаксина Л.И. Программа  специальных коррекционных  учреждений 



2.

 

Гаврина С.Е. Кутявина Н.А. Методические  рекомендации



3.

 

Мамайчук И.И. Психологическая помощь детям с проблемами в развитии. 



4.

 

Ермаков В.П.Основы тифлопедагогики. 



 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІЛЕРГЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН 



КӨРСЕТУ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 

 

Ибраева Куляш МуратбековнаАхметова Гульмира Байгунусовна 

«Еркетай»балабақшасы КМҚК 

 

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін оқу орындарына қойылатын талап – тәуелсіз 

еліміздің азаматын тәрбиелеу, жастардың ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке 

деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру. Ал ұлттық тәрбие берудің ең басты 

жолы  –  ұлттық  қадір-қасиетті  дәріптеп,  ана  тілімізді  сақтап,  мәдениетімізді  дамыту. 

Тәуелсіз еліміздің алдына қойған жаңа мақсаттар мен талаптардың  бірі – балалардың  

бойына патриоттік сезімді  қалыптастыру. Бұл тұрғыда мектепке дейінгі балаларға қазақ 

этнопедагогикасы арқылы патриоттық тәрбие берудің ерекшелігі маңызды орын алады. 

Жас ұрпаққа  патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының «Қазақстан 

-2030»  стратегиялық  Жолдауында  «Олар...  күллі  әлемге  әйгілі  әрі  сыйлы,  өз  елінің 

патриоттары  болады»  делінсе,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  

«Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттері:  азаматтық  пен  елжандылықты,  өз  Отаны  – 

Қазақстан  Республикасына    деген  сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді 

құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге,  әлемдік  және  отандық  мәдениеттің 

жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, 

әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» 

деп атап өтілген. 

Осыған  орай,  бүгінгі  күні  жас  ұрпақты  мәдени  мұралар  арқылы  патриоттыққа 

тәрбиелеу, өз халқының тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген, мәдениетті, адами 

қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп қалыптастыру – заман талабы, қоғам қажеттілігі. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  былай  деп  атап  өткен 

болатын:  «Қазақстандық  отаншылдық  сезімін  тәрбиелеу  –  білім  берудің  мектепке 

дейінгі  жүйесінен  жоғарғы  оқу  орнына  дейінгі  орталықтарда,  барлық  ұйымдарда 

көкейкесті  болып  табылады.  Балаларды  Отанды,  туған  жерді,  өзінің  халқын  сүюге 

тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды,            аса жауапты да қадірменді парызы». 

Сонымен  бүгінгі  күннің  жаңару  бағыты  –  жалпыазаматтық  және  ұлттық 

құндылықтардан  сусындаған,  ұлттық  дүниетанымы,  мінез-құлқы  қалыптасып,  жан-

жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеп шығару. Ұлттық дүниетаным мен мінез-

құлық, сезім ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс береді. Ата-бабаларымыз өздерінің сан 

ғасырлар бойы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, 

өзіндік  салт-сана  мен  әдет-ғұрпын,  дәстүр-рәсімдерін  қалыптастырды.  Бұлар  - 


 

531 


 

адамдардың  тұрмысына  сіңген    жөн-жосық,  жол-жоралғылары,  әр  адамның  іс-

әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан көріністері. 

Салт-дәстүрлер  халықтардың  тіршілік  кәсібіне,  наным-сенімдеріне,  өмірге  деген 

көзқарасына  байланысты  туып,  қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  өзгеріп, 

жаңарып  отырады.  Оның  жаңа  қоғамдық  қатынасқа  қайшы  келетіндері  жойылып, 

өмірге  қажеттілері  дамып,  жаңа  мағынаға  ие  болады.  Ұлттық  келбетімізді 

қалыптастыру  жолындағы  ұрпақ  тәлім-тәрбиесінде  біз  мұны  әрқашан  да  есте 

ұстауымыз керек. Өскелең ұрпаққа білім беріп тәрбиелеу халықтың  салт-дәстүрімен, 

сана-сезімімен  тығыз  байланыста  жүргізілетін  болса,  оның  нәтижесі  де  соғұрлым 

жемісті болмақ. 

Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фарабидің өзі: «Тәрбиесіз берілген білім апат әкеледі» 

деген.  Олай  болса,  «Тәлім  сөз  –  тәрбие  құралы»  деген  нақыл  сөз  өмірден  алынған 

шындық екені белгілі. Сондықтан да болар, халық тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар 

бойы  жалғасып  келеді.  Егер  біз,  адамды  адам  еткен  еңбек  десек,  сол  еңбекті  балаға 

үйретіп, адамгершілік қасиетке баулып, жол сілтейтін - халық тәрбиесі. Халқымыздың 

ұлттық  тәлім-тәрбиесіне  қатысты  сан  ғасырлық    тыныс-тіршілігінің  өзіндік 

ерекшеліктерінен туындаған салт-дәстүр,                          әдет-ғұрыптары мол. «Атадан 

бала  тусайшы,  ата  жолын  қусайшы»  дегендей  халық    атадан  балаға    жалғасып  келе 

жатқан жақсы қасиеттерін келер ұрпаққа сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан. 

Ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктерінің бірі – халқымыздың қайырымдылығына 

байланысты.  Ата-бабамыз  ұрпағын  қайырымды  жұртқа  қамқор  болуға,  кемтарларға 

әрдайым  көз  қиығын  салып,  қол  ұшын  беруге  баулыған.  Ата-анасының  алдында 

перзенттік  парызын  өтеуге,  имандылыққа  тәрбиелеген.  Халқымыздың  жазуы 

болмағанмен ұрпақты ата-баба үлгісімен тәрбиелеуге айрықша мән берген. Оларды жеті 

атасын білуге, салт-дәстүрін,                әдет-ғұрпын сақтауға үйреткен. 

Халқымыздың  патриоттық  үлгісін  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би,  Ақтамберді, 

Бұқар жырау және ХХ ғасырдың басында қалыптасқан А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, 

Ж.Аймауытов,  С.Торайғыров,  М.Жұмабаев,  Б.Сырттанов,  Ғ.Мұсағалиев  сынды  қазақ 

қайраткерлері жасап берді деуге негіз бар. 

Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп, халыққа қызмет етудің, 

патриотизмнің  айнасы  бола  білді.  Тәуке  хан  заманынан  бері  қазақ  қоғамында 

патриотизм байлықтан да жоғары бағаланды. 

Адамның  бойында  ұят  сезімі  қалыптасқан  күнде  ғана  Отан  алдындағы  парызды 

орындау үшін саналы түрде қауіп-қатерге бас тіге алады. Б.Момышұлы: «Әрбір азамат 

өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі 

арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті» деген. Бұны 

отбасында  өсіп  келе  жатқан  жас  буындарды  патриотизмге  тәрбиелеуде  ерен  үлес 

қосатын аса маңызды әлеуметтік  орта деп ой түюге болады.    Дала мінезді қазақтың 

көңілі шалқар, кейде сағымдай бұлдырап, жұмбақ болып қалатын сәттері де бар, өрлік 

пен кеңдік, батырлық рух, патриоттық сезім бойына дарыған қазақ халқы ешқашан өз 

рухын түсірмек емес. Көшпенді күй кешсе де, үлкен мәдениет тұрғызды, отырықшы күй 

кешсе  де,  далаға  тән  рухын,  өзіндік  болмысын  сақтап  отырды.  Орта  адамды 

қалыптастырады,  оның  даралық  қасиеттерін  айқындай  түседі.  Олай  болса, 



 

532 


 

халқымыздың  ұлттық  рухын,  этнопедагогикалық  құндылықтарын  қастерлеп, 

жастардың патриоттық  сезімдерін жоғарылата түсу керек деп есептейміз. 

Осындай халқымыздың асыл мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың зердесіне  

дарыту  –  ата-аналар  мен  ұстаздардың  еншісінде.Себебі,  бала  тәрбиесі  –  баршамызға 

ортақ. 


«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  деген  қағиданы  ескерсек,  өз  еліміздің  салт-

дәстүр,  әдет-ғұрпы  бай  қазына  деп  түсініп,  оларды  келешек  ұрпаққа  жеткізу  қазіргі 

таңдағы  педагогтардың  басты  борышы  деп  түсінемін.  Халқымыздың  тәлім-тәрбиелік 

мұрасына  үңілсек,  ол  адамгершіліктіі,  қайырымдылық  пен  мейірімділік,  имандылық 

пен  инабаттылықты  дәріптейді.  Ата-бабаларымыз  баланы  бесігінен  жақсы  әдетке 

баулыған. 

«Үлкенді  сыйла,  сәлем  бер,  жолын  кеспе»,  «Өтірік  айтпа»  деген  сөздердің  мәні 

ешқашан жойылмақ емес. «Жігітке жеті өнер де аз», «Қызға қырық үйден тыйым», - деп 

ұлдың да, қыздың да өнерлі, өнегелі жан болуына жол сілтеген. 

Ұлттық қасиет-ұлт ұйтқысы.Ұлттық қасиетті қалыптастыратын рухани құралдар: 

тіл, ойлау қабілеті, салт-дәстүр, тәрбие, психология. Бұл ұғымдар бір-біріне тәуелді. 

Халқымыздың  талайды  тамсандырған:үлкенді  сыйлау,  ата-ананы  құрметтеу, 

бауырмалдық қасиеттерін танып білуіне баулу – ұстаздың басты міндеті. Мың жылдық 

тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмірде, отбасында, тұрмыс-тіршілікте батылдық пен 

батырлыққа,  әділдік  пен  адалдыққа  махаббат  пен  ізгілікке,  иба  мен  иманға  үздіксіз 

тәрбиелеп отырған. Бұрын ата- әже тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, баланы отбасы ғана 

емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелеген. 

Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа  адамгершілік-

патриоттық тәрбие беру. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге 

болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған. 

Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни 

адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен 

тәрбиешілер  шешуші  роль  атқарады.  Еліміздің  болашағы  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 

бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. 

Патриоттық  тәрбие  –  бұл  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  адамгершілік, 

патриоттық  сезімдерін  мақсатты түрде  қалыптастыру үрдісі. Бүгінгі күні бұл жұмыс 

қиын  да,өзекті,өйткені  қазіргі  жас  отбастарында    патриоттық  тәрбиені  қажет  деп 

түсінбейді. Сондықтан біз бұл мәселеге бәріміз бірге жұмылуымыз қажет, сонда ғана 

айтарлықтай  қорытындыға  келеміз.  Сөзсіз,  патриоттық  тәрбие  жұмысын    мектепке 

дейінгі  шақтан  бастау  қажет.  Осы  жаста  балалар  үлкеннің  айтқанын    тыңдап 

қабылдайды, сондықтан  тәрбие үрдісінде балалардың Отанға, өз қаласына, үйіне деген 

қамқорлықтарын    нақты  түрде  қалыптастыру  қажет.  Оқу  іс-  әрекетіндегі 

қолданылатын    кейбір  ұғымдар  балаларға  түсініксіз  де  болып  келеді. 

Сондықтан  тәрбиешінің негізгі мақсаты — балаларға әрбір адамның  өз Отанына деген, 

үлкендерге, салт - дәстүрге деген сыйластық туралы   өзі жақсы білуі керек, түсінікті 

деңгейде түсіндіре білу. Балабақша балаларының сұрақтары көп болып келеді: «Неге 

зейінді  және  сыйлы  болу  қажет?»;  «Біздің  Отанымыз  қандай?»;  «Неге  елімізді 

қорғауымыз қажет?» — осы  сияқты сұрақтарға олар оқу іс-әрекетінде жауап ала алады. 

Біздің балабақшада биылғы оқу жылында балаларға адамгершілік  тәрбие сезімдерін 


 

533 


 

қалыптастыру  бойынша  ерекше  зейін  қойылады,  өйткені  бұл  сезімдерде  патриотизм 

негіздері  қалыптасқан.  Мектепке  дейінгі  жастағы  бала  өзін  қоршаған  ортаның 

әсемдігіне,  өзінің  отбасына  деген  сыйластық  сезімі    туындаған  жағдайда,  оның  өз 

Отанына  деген    сүйіспеншілік  сезімі,  яғни  патриоттық  тәрбие  қалыптаса 

бастайды.    Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  патриотизм  сезімін  тәрбиелеу  – 

күрделі  және  ұзақ  үрдіс.  Баланың  тұлға  ретінде  дамуына  жақындарына,балабақшаға, 

туған қаласына және еліне деген сүйіспеншілігі үлкен роль атқарады. Мектепке дейінгі 

мекемеде патриотизм сезімдерін тәрбиелеуде басымды бағыттың бірі, қазақ халқының 

салт- дәстүрі арқылы білім беру болып табылады. Балаларды өз елімен, ұлттық, тарихи 

мәдениетімен,табиғатымен  таныстырғанда,  олардың  өз  Отанының,  патриоты  және 

азаматы  болатындай  мінездері  қалыптаса  бастайды.  Балабақшада  көптеген  ұлттың 

балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді.Осының 

өзі-ақ  балалардың  бір-біріне  жолдастық,  достық  сезімін  тәрбиелеудің  ең  қолайлы 

жағдайы.  Адамның    балалық  шағында    алған    әдемі  табиғаты,  елінің  тарихы  туралы 

әсері, көбіне өмір бойы есінде қалады екен. Шындығында, біздің еліміз қандай болса 

да,  адам  өзінің  туған,өсіп  –  өнген    жеріне,  көшесіне,  алғаш  рет  ағаш  еккен 

ауласына   деген сүйіспеншілігін  өз Отанына деген сезімімен байланыстырады. 

Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес,  көрші-

қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той – думанның, 

қуанышты  хабардың  жаршысы  ретінде  «Сүйінші»  айтылады.  Сүйіншіні  жеткізуші 

адамның  көңіл-күйі  көтеріңкі,  ерекше  қуанышты  жағдайда  болады.  «Сүйінші  – 

қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз ат ұстар (ұл) 

тапты» деп хабар әкелген адамға «Қалағаныңды ал» деп, аяғын қуанышты қонақасыға 

айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар 

әкелетін  дәнекер.  Оның  қалағанын,  сұрағанын  беруге  той  иесі  міндетті.  Сүйінші 

дәстүрін «Шілдехана» жалғастырады. «Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне 

жасалатын  той.  Дастархан  жайылып,  жастар  ән  салып,  домбыра  тартып,  ұлттық 

ойындар  ойналады.»    Жаңа  туған  нәрестеге  азан  шақырылып  ат  қойылып  жөн-

жоралғысы  жасалады.  Бір  ескертетін  жайт,  салт-дәстүрлерді  үлгі-өнеге  етудің  басы-

қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ иесі. «Бесікке 

салу» рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. «Бесікке салу – халқымызда бесік – 

қасиетті, киелі,  құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Мұны «Туған жер 

– алтын бесік» деген сөз дәлелдей түседі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – 

халқымыздың  елеулі  үлкен  дәстүрі.  Бесікке  салу  жолы,  жасы  үлкен  немесе  елдің 

құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Бесіктің үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол 

заттардың  әрқайсының,  мысалы,  ел  қорғайтын  батыр  болсын  деген  сияқты  тілек-

жоралары бар. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.» 

Ретімен,  сәнімен  келетін  салт-дәстүрлердің  өзіндік  ерекшелігін,  рухани 

құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе 

жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын 

бойына  сіңіреді,  қоғамның  жеке  тұлғасы,  отбасының  бір  мүшесі  ретінде 

жауапкершілігін сезінеді. 

«Тұсау кесу  – сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп есіп (бұл  – 

біреудің  ала  жібін  аттамасын  дегені),  екі  аяғын  тұсап,  сүрінбей  ширақ  жүретін 


 

534 


 

адамға  тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып шашу 

шашылып, дастарқан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.» 

Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын беріп, ақ 

жол тілейді: 

                                            Қаз-қаз балам, қаз балам 

                                            Қадам бассаң, мәз болам. 

                                            Тағы-тағы баса ғой 

                                            Тақымыңды жаз балам 

                                            Қаз баса ғой қарағым, 

                                            Құтты болсын қадамың.  

Үлкендер  мен  балалардың  қатысуымен  болатын  салт-дәстүрлердің  мағынасы 

терең. Сәбидің тұсауын кесетін адам да еліне танымал, сыйлы, өз ортасында беделді 

адам  болуы  тиіс.  Бала  аяғынан  тұрып,  есін  білгеннен  кейін  әке-шешесі,  туған-

туыстары    «сенің  тұсауыңды  сол  адам  кескен,  сен  соған  тартып  ширақ  болдың,  ол 

білімді , ақылды адам», - деп өсіп келе жатқан балаға үлгі-өнеге көретеді. Өркениетті 

елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай, бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба 

дәстүрін  жалғастырып  келеді.  Баланы  бағып-қағып,  тәрбиелеу,  өсіру  –  ата-ананың 

қоғам алдындағы жауапкершілігі, отбасындағы міндеті.                                   

Біздің  балалабақшада    тәрбиешілер  балалармен  тақырыптық  оқу  іс-әрекеттерін 

өткізеді,  Отан  туралы,  туған  жер  туралы  тақпақ-өлеңдер,  мақал-мәтелдер  жаттатып, 

әңгімелеу  арқылы  бала  бойына  елге,  жерге,  Отанға  деген  сүйіспеншіліктерін 

арттырады.  Еліміздің  төл мерекелеріне   балабақшада  ертеңгіліктер  өткізіп  тойлайды. 

Әсіресе,  Наурыз  мерекесі  кезінде  қазақ  халқының  салт-дәстүрлерін  балалардың 

қатысуымен көрсетіліп, дәріптеліп отырылады. Ертеңгіліктерді  өткізуге тәрбиешілер, 

ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды адамгершілік-патриоттық 

сезімге  тәрбиелеуде    балабақша    мен    мектептің,  кітапханалар  мен  мұражайлардың 

сабақтастығыда әсерін тигізеді.                                                                                         

Бала - бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі.Тәлім-тәрбиені 

бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне деген мақтаныш сезімін 

ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс. Қазақ халқының 

этнопедагогикасы  «Халқым  қандай  десең,  салтымнан  біл  дегендей,  адам  баласы 

дүниеге  келгеннен  бастап,  дүниеден  өткенге  дейінгі  өмірі,  сенімі,  түсінігі,  тұрмыс-

тіршілік  әрекеті  мен  әдет-ғұрыптарының  туатындығы».  Осыған  орай,  қандай  пән 

болмасын оны оқу барысында тәрбиелік мәні бар, халық тәрбиесі үлгісімен патриоттық 

тәрбиеге  баулитын  жақтарын  көп  қарастырған  жөн.  Балабақшадағы  тәрбие  бала 

табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына 

лайық  тәрбие  білім  беру  жұмысын  кешенді  ұйымдастыру,  жаңа  технологияларды, 

идеялар  мен  шығармашылық,  инновациялық  жаңашылдықты  пайдалана  отырып 

халқымыздың  салт-дәстүрі  арқылы  балалардың  бойына  патриоттық  сезімді 

қалыптастыру әрбір педагогтың міндеті деп білемін. 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер: 



 1. Сәрсенбаев Н. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы, 

2010ж. 


 

535 


 

2.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі  жаңа 

Қазақстан» атты  халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру. Астана.2007ж. 

3. Б.Момышұлы. «Ел басына күн туса». Алматы. 2009. 

4. «Отбасы және балабақша» № 9,2008ж 

5.  Ә.Қалмырзаев.  «Қазақстандық  патриотизм  қалай  қалыптасады?».  Егемен 

Қазақстан,     

10 қаңтар, 2010. 

  

 

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫХ 



ТЕХНОЛОГИЙ В РАБОТЕ МУЗЫКАЛЬНОГО РУКОВОДИТЕЛЯ 

 

М.И. Ивко, Л.В. Куданова 



КГКП д/с «Балдырган» 

 

«Каждый участник образовательного процесса 

сам решает, идти в ногу с будущим 

или вышагивать пятками назад» 

Детский  сад  -  часть  общества,  и  в  нём,  как  в  капле  воды,  отражаются  те  же 

проблемы, что и во всей стране. Поэтому очень важно организовать процесс обучения 

так, чтобы ребёнок активно, с увлечением и интересом занимался на занятиях. Помочь 

педагогу  в  решении  этой  непростой  задачи  может  сочетание  традиционных  методов 

обучения и современных информационных технологий, в том числе и компьютерных.    

Информатизация сегодня рассматривается как один из основных путей модернизации 

системы образования. Это связано не только с развитием техники и технологий, но и, 

прежде всего, с переменами, которые вызваны развитием информационного общества, 

в  котором  основной  ценностью  становится  информация  и  умение  работать  с  ней, 

разработка  проектов  и  программ,  способствующих  формированию  человека 

современного общества.  

 Основной  целью  педагогических  коллективов  является  создание  условий  для 

выявления  и  развития  способностей  каждого  ребёнка,  формирования  личности, 

имеющей  прочные  базовые  знания  и  способной  адаптироваться  к  условиям 

современной жизни. 

Информатизацию образования следует рассматривать как одно из важных средств 

достижения поставленной цели.   

При этом имеется в виду решение ряда последовательных задач:  

1. Техническое оснащение. 

2. Создание дидактических средств.  

3.  Разработка  новых  технологий  обучения,  определяющих  этапы  процесса 

модернизации системы образования. 

Информатизация общества существенно изменила практику повседневной жизни. 

И мы, педагоги, должны идти в ногу со временем, стать для ребёнка проводником в мир 

новых технологий. 


 

536 


 

В практике информационными технологиями обучения называют все технологии, 

использующие  специальные  технические  информационные  средства  (ЭВМ,  аудио-, 

видео,  кино-).  Когда  компьютеры  стали  широко  использоваться  в  образовании, 

появился  термин  «новая  информационная  технология».  Компьютерные  (новые 

информационные)  технологии  обучения  -  это  процесс  подготовки  и  передачи 

информации обучаемому, средством осуществления которых является компьютер. 

Каковы функции компьютера в работе музыкального руководителя ДОУ?  

1. Источник учебной информации 

2. Наглядное пособие 

3. Средство подготовки текстов, музыкального материала, их хранение 

4. Средство подготовки выступлений. 

Информационные  технологии  на  музыкальных  занятиях,  помогают  решить    ряд 

задач:  


-    Делают  материал  доступным  для  восприятия  не  только  через  слуховые 

анализаторы, но и через зрительные. Таким образом, музыкальный руководитель может 

реализовать на практике идею индивидуализации обучения детей. 

-  Использование  компьютера  существенно  расширяет  понятийный  ряд 

музыкальных  тем,  делает  доступным  и  понятным  детям  специфику  звучания 

музыкальных инструментов и т.д. 

- Становятся базой для формирования музыкального вкуса, развития творческого 

потенциала ребёнка и гармоничного развития личности в целом. 

Для  формирования  и  развития  у  детей  устойчивого  познавательного  интереса  к 

музыкальным  занятиям  перед  музыкальным  руководителем  стоит  задача:  сделать 

занятие интересным, насыщенным и занимательным, т.е. материал должен содержать в 

себе  элементы  необычайного,  удивительного,  неожиданного,  вызывающий  интерес  у 

дошкольников  к  учебному  процессу  и  способствующий  созданию  положительной 

эмоциональной  обстановки    обучения,  а  также  развитию  музыкальных  и  творческих 

способностей. Ведь именно процесс удивления ведёт за собой процесс понимания. 

Музыкальный  руководитель  может  применять  различные  образовательные 

средства  ИКТ  как  при  подготовке  к  музыкальному  занятию,    на  занятии  (при 

объяснении нового материала, разучивании песен, танцев, повторения, для закрепления 

усвоенных знаний), так и на развлечениях и праздниках.    

Используя возможности программы Power Point можно создавать мультимедийные 

презентации.  Мультимедиа  презентации  –  электронные  диафильмы,  включающие  в 

себя  анимацию,  аудио-  и  видеофрагменты,  элементы  интерактивности    -  наиболее 

распространённый вид представления демонстрационных материалов.  

Использование  мультимедиа  презентаций  целесообразно  как  с  помощью 

компьютера, так и с помощью мультимедийного проекционного экрана. Использование 

такой    информационной  технологии  позволяет  эффективней  развивать  все  виды 

восприятия у детей: зрительного, слухового, чувственного. Задействовать на занятии 

все виды памяти: зрительную, слуховую, образную, ассоциативную и др.  

Подготовка  презентаций  -  серьёзный  творческий  процесс,  каждый  элемент 

которого  должен  быть  продуман  и  осмыслен  с  точки  зрения  восприятия  детей. 



 

537 


 

Используя  возможности  программы  Power  Point    можно  разработать  и  использовать 

презентации по всем видам музыкальной деятельности:  

Восприятие  музыки:  во  время  знакомства  с  творчеством  того  или  иного 

композитора  использование  портретов,    видеоряд  иллюстраций    к    музыкальным 

произведениям, знакомство с жанрами музыки и т.д. 

Музыкально-ритмические  движения  и  танцы:    использование  мнемотаблиц,  с 

помощью  которых  дети  смогут  выполнять  различные  перестроения  или  разучивать 

элементы танцев. 

Пение: по графическому изображению разучивать различные попевки, упражнения 

для развития голосового аппарата, по картинкам-подсказкам узнавать и учить песни. 

Музыкально-дидактические 

игры: 

 

развивать 



музыкально-слуховые 

представления,  ладовое  чувство  и  чувство  ритма,  используя  презентации  «Весело  –

грустно», «Три жанра музыки», «Определи ритм» и др. 

Знакомство  и  игра  на  детских  музыкальных  инструментах:    знакомство  с 

музыкальными инструментами, их звукоизвлечением.  

Создание  мультимедийных  презентаций  требует  от  музыкального  руководителя 

умения пользоваться компьютерной техникой и большого количества времени, что в 

итоге  оправдывается  повышением  познавательного  интереса  детей  к    музыкальной 

деятельности. 

На  развлечениях  и  праздниках  так  же  можно  использовать  слайды  как 

иллюстративный, анимационный фон мероприятий.  

На  современном  этапе  развития  информационных  технологий,  возрастают 

потребности  в  специалистах  более  высокого  уровня  профессионального  мастерства. 

Для  современного  педагога  должно  быть  обычным  делом:  поиск  необходимой 

информации,  работа  с  электронной  почтой,  используя  информационные  сети. 

Информационная  культура  становиться  частью  общей  педагогической  культуры. 

Профессионализм педагога включает в себя различные компетентности, в том числе и 

компьютерную.  Педагог  должен  использовать  в  повседневной  и  дальнейшей 

профессиональной деятельности  локальные и  глобальные компьютерные  сети:  уметь 

анализировать  полученную  информацию,  самостоятельно  находить  новых  друзей  и 

коллег в разных странах мира, вести переписку, даже слышать и видеть их.  

В  настоящее  время  большинство  педагогов  владеют  навыками  работы  на 

компьютере, но уровень владения этим очень различен. 

Наиболее распространенной коммуникационной технологией и соответствующим 

сервисом в компьютерных сетях стала технология компьютерного способа пересылки 

и обработки информационных сообщений, обеспечивающая оперативную связь между 

людьми. 

Электронная почта E-mail - система для хранения и пересылки сообщений между 

людьми,  имеющими  доступ  к  компьютерной  сети.  Посредством  электронной  почты 

можно  передавать  по  компьютерным  сетям  любую  информацию  (текстовые 

документов,  изображения,  цифровые  данные,  звукозаписи  и  т.д.).  Такая  сервисная 

служба реализует: 

- редактирование документов перед передачей,  

- хранение документов и сообщений,  



 

538 


 

- пересылку корреспонденции,  

- проверку и исправление ошибок, возникающих при передаче,  

- выдачу подтверждения о получении корреспонденции адресатом,  

- получение и хранение информации,  

- просмотр полученной корреспонденции. 

Электронная почта может быть использована для общения  участников учебного 

процесса  и  пересылки  учебно-методических  материалов.  Электронная  почта  может 

использоваться  педагогами  для  консультации,  отправки  контрольных  работ  и 

профессионального общения с коллегами.  

С  каждым  днем  все  больше  педагогов  начинает  заниматься  собственными 

разработками  информационных  ресурсов  и  других  средств  ИКТ,  многие  из  которых 

попадают  в  сеть  Интернет.  Если  даже  педагог  и  не  занимается  собственными 

разработками, то он может использовать уже созданные Интернет-ресурсы. 

Итак,  использование  средств  информационных  технологий  позволит  сделать 

процесс  обучения  и  развития  ребёнка  достаточно  эффективным,  откроет  новые 

возможности образования не только для самого ребёнка, но и для педагога. 

Использование ИКТ в музыкальном воспитании детей дает следующие результаты:  

- улучшается запоминание пройденного материала; 

- усиливается познавательный интерес воспитанников; 

 - развивается интерес ребенка к самостоятельному выполнению заданий.  

Благодаря  современным  технологиям  на  музыкальных  занятиях  воспитанник  из 

пассивного  слушателя  превращается  в  активного  участника  процесса,  занятие 

становится более насыщенным и интересным.  

Применение  компьютерной  техники  позволяет  сделать  музыкальное  занятие 

привлекательным  и  по-настоящему  современным,  осуществлять  индивидуализацию 

обучения,  объективно  и  своевременно  проводить  контроль  и  подведение  итогов. 

Использование ИКТ очень важно не только для усвоения музыкального материала, но 

и для воспитания у детей интереса к музыкальной культуре, формирования духовного 

мира. 


ИКТ сочетают в себе много компонентов, необходимых для успешного обучения 

детей.  Это  и  телевизионное  изображение,  и  анимация,  и  графика,  и  звук. 

Демонстрационный зрительный ряд выполняет функцию эмоционально-эстетического 

фона восприятия музыки. Основой развития музыкального мышления детей становится 

неоднозначность  их  восприятия,  множественность  индивидуальных  трактовок, 

разнообразие  вариантов  «слышания»  («видения»)  конкретных  музыкальных 

сочинений.  Это  позволяет  ребятам  устанавливать  разнообразные  интонационно-

образные связи музыки с историей, литературой, различными видами изобразительного 

искусства, архитектурой, скульптурой, художественной фотографией.  

 

Список используемой литературы: 



1.     Гулак, И.В. Использование компьютера //Управление ДОУ. – 2006. № 8 

2.     Новосёлова, С.Л. Компьютерный мир дошкольника //Новая школа.  – 

1997. - № 3. 

3.     Горвиц, Ю.,  Поздняк,  Л. Кому работать с компьютером в детском 



 

539 


 

 саду//Дошкольное воспитание. – 1991. - № 5. 

4.     Калинина, Т.В.Новые информационные технологии в дошкольном 

детстве // Управление ДОУ. – 2008. № 6  

5.        Тараева  Г.  Р.  Компьютер  и  инновации  в  музыкальной  педагогике.  Книга  1: 

Стратегии и методики. — М.: Издательский дом «Классика XXI», 2007. 

 

 

СОЦИАЛИЗАЦИЯ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ 



ПОТРЕБНОСТЯМИ НА МУЗЫКАЛЬНЫХ ЗАНЯТИЯХ В ОУД ПО 

МУЗЫКАЛЬНОМУ ВОСПИТАНИЮ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет