548
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
М.О. Инкарбекова
«Балбөбек» балабақшасы КМҚК
Шет ауданы, Ақадыр кенті
ҚР-нда үздіксіз білім беру жүйесінде өтіп жатқан үдерістердің серпінділігі оның
барлық буындарындағы қызметтің тиімділігіне деген тараптарды арттырады. Егер
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бұл жүйедегі бірінші деңгей болып табылса, онда
сапалы педагогикалық қызметті іске асырудың қайнар бұлақтары қызметін мектепке
дейінгі ұйымдар атқарады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын басқарудың жаңа қағидаттары
мен басшының жоғары деңгейдегі кәсіпқойлығының негізінде ғана жаңғырту мүмкін
болады. Қазіргі заман басшысы басқарудың негізіне жекелеген сәтті жаңалықтар мен
шешімдерді немесе алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені ғана алып қана қоймай,
сонымен қатар басқару ілімінің негізгі ережелерін және ұжымды басқарудың әлеуметтік
психололгиялық аспектілерін терең білуі тиіс.
Демек, мектепке дейінгі ұйымның басшылық ету тәсілдері де өзгерген. Оқу орнын
жаңа талаптарға сай басқаруы керек. Бүгінгі білім беру жүйесінің басқаша екені ҚР-ның
«Білім беру» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.
Қазіргі нарық заманында өркениетті елдердің озық тәжірибесі кеңінен
пайдаланылуда. Басқарудың әлемдік менеджменті көп табыстарға негіз болады. Бұдан
біздің елдің де үйренері мол. Менеджменттің мағынасын неміс ғалымдары В.Зигерт пен
Л.Ланг жақсы айтып берді. «Менеджмент белгілі міндеттерді орындау үшін
адамгершілік, тиімділік және үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару» дейді
олар. Бұл пікір адамгершілік алдыңғы кезекке қойылып отырғанын дәлелдейді. Бұл
тектен-текке емес. Басқару ісінде адам арасындағы түсіністік, сыйластық, қиын сәтте
қол ұшын созу ерекше рөл атқарады. Адамның бойында адамгершілік, азаматтық
қасиеттер орын алған жағдайда ұжымдағы ахуал да орнықты болады.
«Менеджмент» ұғымы «басқару» ұғымына жақын болғанымен ол тек әлеуметтік-
экономикалық жүйеде қолданылады.
Менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру сияқты
қызметтерді атқарады. Менеджмент жүйесі –басқару принципі, қызметі, әдісі,
технологиясы, ақпараттық, материалдық, техникалық қамтамасыз ету сияқты құраушы
әр түрлі элементтердің жиынтығынан тұрады. Басқару процесі 4 өзара байланысты
міндеттерден тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, дәлелдеу ж/е бақылау
Менеджмент процесі - бұл басқарудағы қызметкерлердің әлеуметтік –
экономикалық жүйеде мақсатқа жетуге бағытталған, белгілі технология бойынша
жүзеге асатын іс-әрекеттерінің үздіксіз реттілігі және жиынтығы.
549
Менеджменттің қызметі - басқару процесінің мазмұнында, басқару қызметінің
түрінде, жүйе бойынша басқарудың міндеттерінің жиынтығында көрініс береді.
Сонымен, білім берудегі менеджмент деген не? Ол ең алдымен, білім беру
жүйесіндегі басқару мен тиімділік, үнемділік. Тиімділік, үнемділік дегендер – өмірдің
өзі қойып отырған талаптар. Ысырапшылдық, ұқыпсыздық неге апарып соғатыны
әмбеге аян. Үнемділік, әсіресе, дағдарыс жағдайында қажет. Не нәрсені де тиімді
пайдалану арқылы кездескен қиындықтардан қиналмай шығып кетуге болады.
Мектепке дейінгі ұйым менеджменттің әдістерін зерделеу және қолдану
«Қызметкерлер арасында игі ниетті қарым-қатынас қалыптасу үшін қазіргі заманғы
МДҰ қандай болуы керек?», «МДҰ жұмысын жоспарлауды және педагогтар жұмысын
білікті бақылауды қалай жүзеге асыру қажет?» деген проблемалы сұрақтарға жауап
табуға көмектеседі.
Педагогикалық менеджмент – балалар мен олардың ата-аналарының
сұраныстарын қанағаттандыру және қоғамда жеке адамға қойылатын заманауи
талаптарды ескере отырып, балалардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету
мақсатындағы педагогикалық үдерісті басқару қағидаттарының, құралдарының, түрлері
мен әдістерінің жиынтығы.
Педагогтың жеке басы мен оның қызметі педагогикалық менеджменттің нысаны
болып табылатындықтан, бұл арада бірінші кезекте, жалпы менеджменттің гуманистік
тәсілінің талаптары – құрмет, сенім, табыс іске асырылуы мүмкін.
Ұжымға деген құрметпен қарауды және ақ ниетті қарым-қатынасты орнатуға
Д.Карнеги ұсынған ережелер көмектеседі:
- адамның жақсы жағын мақтаудан бастаңыз;
- оның қателіктерін жанама түрде көрсетіңіз;
- басқаларды сынамас бұрын, өзіңізге, өз қателіктеріңізге баға беріңіз;
- бұйырудың орнына сұрақтар қойыңыз;
- адамға өзіндік ерекшелігін сақтауға мүмкіндік беріңіз;
- адамды күн сайын, тіпті оның қарапайым ғана табысын да мақтаңыз және бұл
ретте адал және жомарт болыңыз;
- адамның жақсы атын шығарыңыз, ол үнемі сонымен өмір сүрсін;
- көтермелеп отырыңыз, сіз адам бойындағы түзегіңіз келген кемшіліктер тез
түзелетіндей, оны қызықтырғыңыз келген іс жеңіл орындалатындай етіңіз;
- сіз қалаған нәрсені орындау адамдар үшін жағымды болатындай етіңіз;
- сынды бетке айту пайдасыз, өйткені адам өзінің жақсы атын сақтау үшін
қорғануға мәжбүр болады.
Мектепке дейінгі ұйымның тиімді жұмысының келесі факторы басшының
педагогтарға деген сенімі болып табылады. Бұл құрметпен қоса, педагогикалық
менеджменттің демократияшыл және ізгілікті көрінісі мен көрсеткішінен тұрады.
Сондықтан, басшы өз жұмысын педагогқа деген сенімге құруы тиіс, өйткені ол оны азат
етеді және қанағаттандырады, күш пен сенім береді, бастамшылдығы мен дербестігін
дамытады, педагогикалық ұжымда шығармашылық және табыстылық атмосферасын
құрады.
Дегенмен, сенім жасанды емес, нақты және шынайы болуы тиіс. Басшы оны үнемі,
дәйекті және кәсіби түрде жүзеге асырып отыруы тиіс. Бұл мәселеде белгілі бір
550
тәжірибе жинақталған, құралдар әзірленген. Сенімді іс жүзінде жүзеге асырудың
маңызды құралы өкілеттікті табыстау болып табылады.
Менеджмент деген не? Бұл терминді шет тілінен неге алып отырмыз, неге қазақша
баламасы «басқару» сөзін қолданбаймыз? Мұның бірнеше себептері бар.
Ю.А.Конаржевскийдің берген анықтамасы бойынша: «Менеджмент – басқарушының
әлеуметтік мәнін, басқару мен менеджерліктің қоғамдағы орнын ерекшелендіріп
көрсететін басқарудың жаңа философиясы». Сонда менеджмент – біз үшін жаңа теория.
Қазіргі уақытта бұл салада ағылшыннан тікелей қазақшаға аударылған бірде-бір кітап
жоқ, әдіснамалық кешен де жасалмаған.
Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық менеджменттің әдістерін жүйелі түрде
қолдану, басқарудың демократиялық стилін қалыптастыруға ықпалын тизізеді.
Тілектестік кеңес, өтініш, ұсыныс, талап ету өкімі (қатал емес), көтермелеу, алғыс
білдіру түрінде қолданылған психологиялық-педагогикалық әсер ету әдісі ұжымның
алдында қойылған түзете-білім беру және тәрбиелеу міндеттерін табысты түрде іске
асыруға қабілетті мүдделес ұжымды қалыптастыруға ықпал етеді және ең батыл
жобаларды жеңіп шығуға көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Ғ.Ахметов Менеджмент негіздері
2. О.С.Виханский. Менеджмент
3. Рахымбаев. А.Б. Менеджмент. (Оқу құралы)
4. Саханова. А. Н. Государственный менеджмент. (Учебное пособие)
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Исабекова Гульмират Омиртаевна
Қарқаралы ауданы, Жарлы ауылы,
№9 мектеп, бастауыш сынып мұғалімі
Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең
білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық –
педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық
компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген
ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың
тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану.
Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті
қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен
шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты.
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?»
551
деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?»
деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді
жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы
анықталады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды
даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы
компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық
шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім
қажет.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне
тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және
онлайн сабақтары.
Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған.
Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын,
себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман
технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі
нәтижелерге жеткізеді:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге
тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді
жеке тұлғаны қалыптастырады.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама
Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де
жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір
талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен
пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында
«Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге
шығу делінген
Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және
тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі
оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор.
Инновациялық білім беру құралдарына:
552
аудио-видео құралдар
компьютер
интерактивті тақта
интернет
компьютер – мультимедaялық құрал
электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы
басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда
ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру
жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-
коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді
қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын
жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-
ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру
керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі
нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар
біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен
қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға
мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне
белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда
педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап
көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін
технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері
қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр.
Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып,
шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес
жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Білім – болашақ
бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның
құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты
қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде
өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті
болып табылатын жаңа сапа.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық
технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына
553
қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап,
ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар
даярлауда
қоғамның
даму
жолдарын
анықтайтыны
сөзсіз.
АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып,
шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз
сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын
тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да
маңызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді,
жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ
өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана
отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім
берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу
оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз
бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдатыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге,
өмірмен
байланыстыруға
еркін
де
кең
мүмкіндік
береді.
Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім
үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі
артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас
мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік
деңгейде іс — тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін
игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге
машықтанады. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі
түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін
меңгерген мұғалім болуы тиіс. Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны
қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар
үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр.Ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндері үшін
тест жұмыстарын орындау барысында оқушылар уақытын үнемдеуге өте тиімді.
АКТ бастауыш сыныптарда қайталау сабағында, өзін-өзі тексеру барысында, тест
жұмыстарын жүргізуде үйден оқулықта берілген тапсырмаларды өздері жазып-сызып
дайындап ақ қағаз бетіне шығарып келеді де, тек жауаптарына ойлануына мүмкіндік
туғызады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен
тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты
коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек. Ол үшін
ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.Әрбір мұғалім
компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-
алуан байланыстарды, бәлкім, «сәтсіздіктің» және т.б.себептерін ашуға ұмтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
554
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
4. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық –
коммуникациялық
технологияларды
қолдану
бойынша
құзырлылықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
ЕРТЕГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ
Итжанова Б.Т.
КМКҚ «Ақбота» балабақшасы
Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани
дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»
Ы.Алтынсарин
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына
жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші
деңгейі.
Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені
халқымыздың
тәлім
тәрбиелік
мұрасы
адамгершілікті,
қайрымдылықты,
мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын
қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір
оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең
нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш
жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің
бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан.
Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін
білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыруды мақсат еткен бұл ғылыми
жұмысымның негізгі міндеттері: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті
тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі
кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде
пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен
бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер
арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже
көрсеткіштерін шығару.
Алдымен «Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай?» - деп, ертегінің пайда
болу тарихына талдау жасап көрейік.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық
прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
555
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі – миф
жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен
шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның,
дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен
жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде
баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл
сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске
ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте
мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын
жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады.
Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде
айта келіп: "Ертегі – рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести
алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен
бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп
анықтама береді .
Жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей
байланысты. 12 жылдық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім
беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер
қатары анықталған.
Құзыреттілік – балалардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін
білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті. Құзыреттілік адамдардың қарым-
қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен
қатар, құзыреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы, ақыл тереңдігі, күйіну-
сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.
Жалпы құзыреттіліктердің негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасатын
болғандықтан, тәрбиешілердің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – тұлғаның
танымдылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын
негіздеу болып табылады.
Танымдық құзыреттілік – бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті қажетті
танымдық мәселелерді шешудегі баланың өзі басқара алатын, сол мәселені шешу
барысында бала белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу.
Танымдық құзыреттіліктерді қалыптастыруда ертегілердің алатын орны ерекше.
Тәрбиеші еңбегінің объектісі – бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да
өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері бар, олар педагогикалық
ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі
балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық
технологиялардың атқаратын орны бөлек.
Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға
бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен
педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі».
Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін
қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға
талдау жасасам:
556
1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі
кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.
Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру талаптарында орта көп функционалды,
вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі
балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс.
Сондықтан да, дамытушы ортаны ертегілер кейіпкерлері арқылы жасақтау балаларға
қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді.
Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр
балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен
қиялын дамытады.
2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер
ретінде пайдалану.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік" деп, оның
мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік
әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады
және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне
әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды.
Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер
ретінде пайдалануда «Егер де мен…» стратегиясын қолдану. Бұл стратегия бойынша
көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып «Егер де мен
«Алтын балық болсам …» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне
самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді.
3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе
отырып тақырыптар қою.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол
белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы,
өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе
адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт
еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып,
жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына
лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
«Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой
шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану
арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға
желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп
ажырата алады.
4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік
байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі
педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара
байланыс деңгейі балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі
дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда пәнаралық байланыс мәселесі барынша терең
зерттеуді ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында
«Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-
557
әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту
процесін шапшаңдау» деп есептейді.
Балабақшада пәнаралық байланысты жүзеге асырудың бір жолы – білім салалары
бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше
пәндер бойынша білімнің жинақталуы яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін
синтездеу.
- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас
жүйе негізінде қалыптасады;
- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға
көп көңіл бөлінеді;
- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.
Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие
берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың
мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін
айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-
жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-
әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке
дейінгі ұйымда пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып,
жүргізіп отыру – балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім
беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.Ертегілер арқылы балалардың
құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.
Денсаулық білім саласы бойынша:
• Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі
кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.
• Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары
орындалады.
• Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады.
Қатынас білім саласы бойынша:
• Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып
ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.
• Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі
мазмұнын құрастырады.
• Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.
Таным білім саласы бойынша:
• Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе
«биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.
• Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.
• Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.
Шығармашылық білім саласы:
• Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен
дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді.
• Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы
558
театрландырылған көрініс дайындайды.
• Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын
ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.
Әлеуметтік білім саласы:
• Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді
• Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен
жаман іс-әрекеттерді ажыратады.
• Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты
ажыратады.
Қорыта айтатын болсақ, ертегілер – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын,
адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін қалыптастырушы құрал болып табылады.
К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі баланы халық қазынасына ендіреді, халық
рухымен араластырады.
Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік
мәні бар рухани қазына жатыр. Сондықтан да біз сол бай мұраны пайдалана отырып,
мектеп жасына дейінгі балалардың бойына әдемілік пен әсемдік қасиеттерін дарыта
білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына ұялататын
осы ертегілер екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы., 2011
2.
Әбілова З. «Этнопедагогика».-Алматы, 1997
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» Базарбек Төтенаев, Алматы «Қайнар» баспасы
1994ж.
©go.mail.ru
РOЛЬ ВЗРOСЛЫХ В РAЗВИТИИ СAМOСТOЯТЕЛЬНOЙ ИГРOВOЙ
ДЕЯТЕЛЬНOСТИ ДЕТЕЙ
Кoлoсoвскaя Е.М.; Пoльшинскaя М.Г.
КГКП д/с «Бaлдыргaн» г. Кaрaгaндa.
Все рoдители знaют, чтo дети любят игрaть. Нo oтнoшение к детскoй игре у
взрoслых рaзнoе. Oдни считaют ее несерьезнoй деятельнoстью, и стaрaтельнo зaмещaют
ее другими, бoлее знaчимыми, пo их мнению, видaми деятельнoсти: зaнятиями в
спoртивных секциях, урoкaми инoстрaннoгo языкa, oбучением письму, чтению и т.п.
Другие имеют предстaвление, чтo все, чем зaнимaется ребенoк – этo игрa. Кoгдa шaлит,
рисует, слушaет детские песенки, тaнцует и др. Недooценкa рoдителей знaчения игры
oтрицaтельнo скaзывaется нa рaзвитии детей не тoлькo нa этaпе дoшкoльнoгo детствa,
нo и нa пoследующем стaнoвлении их личнoсти [1].
Дети, кoтoрые умеют игрaть, эмoциoнaльнo oтзывчивы, слoвoм, oни живут пoлнoй,
пo-нaстoящему счaстливoй жизнью. И нaoбoрoт, дети, кoтoрые не умеют, не любят
559
игрaть, шaгу не мoгут ступить без взрoслoгo, требуют пoстoяннoгo внимaния и учaстия
взрoслoгo вo всех зaнятиях, рaздрaжaются, кaпризничaют или, чтo еще хуже, стaнoвятся
вялыми, рaвнoдушными. Чaстo у них нaрушен кoнтaкт сo стaршими, oни зaтрудняются
чтo-либo спрoсить у взрoслых или o чем-либo пoгoвoрить с ними, не дoверяют им,
стaнoвятся зaмкнутыми.
Зaмечaтельный сoветский педaгoг A. С. Мaкaренкo писaл: кaкoв «Кaкoв будет
ребенoк в игре, тaкoв вo мнoгoм oн будет в рaбoте, кoгдa вырaстет».
Ребенoк пoлучaет в хoрoшей игре мнoгoе: умение сoсредoтoчиться,
сaмoстoятельнo oсмыслить ситуaцию, пoстaвить цель, нaйти все неoбхoдимoе для ее
дoстижения, дoвести делo дo кoнцa, умение предстaвить, пoчувствoвaть, чтo думaют,
чтo переживaют другие, вместе с ними дружнo решaть oбщие зaдaчи. Дoбрoе,
внимaтельнoе oтнoшение к oкружaющим, aктивнoсть, твoрческaя жилкa oстaются нa
всю жизнь. Ребятa, кoтoрые умеют игрaть дoмa, спoкoйнее привыкaют к детскoму
кoллективу, уже с пoлутoрa лет умеют игрaть, не мешaя сверстникaм, a пoзднее oхoтнo
вступaют в сoвместные с ними игры. [2].
Oднaкo мнoгие рoдители убеждены, чтo игрa кaк сaмoстoятельнaя деятельнoсть
ребенкa, не требует специaльнoгo рукoвoдствa. Глaвным средствoм рaзвития игрoвoй
деятельнoсти рoдители считaют приoбретение игрушек.
Игрушки, действительнo, являются вaжным aтрибутoм игр дoшкoльникoв. Нo без
вдумчивoгo их приoбретения и неoбхoдимoгo препoднесения ребенку, знaкoмствa сo
свoйствaми и вoзмoжнoстями игрушек, oни мoгут oстaться лишь предметaми интерьерa
квaртиры.
Зaдaчa взрoслoгo пoнять неoбхoдимoсть пoкупки oпределеннoй игрушки и
пoдгoтoвить ребенкa к встрече с ней. Выбирaя ребенку "будущегo другa", нaдo хoрoшo
предстaвлять себе, в кaкoй игре oн мoжет егo испoльзoвaть. В игре ребенoк oтрaжaет
свoи нaблюдения жизни, сюжеты книг, мультфильмoв, кинoфильмoв.
Пoэтoму игрушкa, кoтoрaя не связaнa с егo кругoм пoзнaния, не будет
зaдействoвaнa в игрaх, или будет применяться не пo нaзнaчению. Нaпример, Вы купили
крaсивую куклу, изoбрaжaющую индейцa. Нo тaк кaк ребенoк ничегo не знaет o жизни
индейцев, тo, скoрее всегo, oн пoхoдит с этoй игрушкoй нескoлькo дней, пoзнaвaя ее
oсoбеннoсти, a зaтем oтлoжит в стoрoну. В лучшем случaе, будет испoльзoвaть индейцa
кaк герoя другoгo сюжетa (принцa, пaпу и т.п.). Нo этo не будет спoсoбствoвaть
oбoгaщению или пoявлению нoвых игр ребенкa.
Хoрoшaя, пoлезнaя игрa сaмa пo себе не прихoдит. Пoмoчь ребенку oвлaдеть этим
неoбхoдимым ему видoм деятельнoсти дoлжны стaршие. Этo мoгут быть не тoлькo
взрoслые, нo и брaтья, сестры и другие дети. Приoбщaть ребят к игре следует с первых
лет жизни. В кaждoм вoзрaстнoм периoде свoе пoнимaние мирa, свoи вoзмoжнoсти
oтрaжения егo в игре.
Взрoслые дoлжны этo учитывaть, кoгдa вмешивaются в игру ребенкa. Прежде всегo
нaдo знaть, чтo игрa с рaннегo вoзрaстa фoрмируется взрoслыми кaк детскaя
сaмoстoятельнaя деятельнoсть, кaк деятельнoсть сaмoгo ребенкa. Нельзя диктoвaть
ребенку, чтo ему делaть, без кoнцa пoучaть егo. Хoрoшo, если взрoслый пoмoжет
мaлышу сoветoм, незaметнo нaпрaвит игру в нужнoе руслo. [3].
560
Зaнимaясь свoим делoм, стaршие мoгут прoдлить игру ребенкa, предлoжив ему
дoпoлнительную игрушку.
Вoт мaльчик перевез все кубики и бесцельнo вoзит мaшинку, взрoслый вскoльзь
зaмечaет: «Oй, кaк же ты едешь нa мaшинке, ведь здесь же рaзлилaсь рекa.» мaльчик
быстрo пoдхвaтывaет идею — стрoит мoст, дoрoгу, oстoрoжнo везет пaссaжирoв.
Девoчкa oстaнoвилaсь с куклoй, зaдумaлaсь. «Чтo этo у тебя дoчкa невеселaя, не
зaбoлелa ли?» — спрaшивaет мaмa. A вoт и нaчaлaсь нoвaя игрa, в кoтoрoй не труднo
узнaть и лaскoвую зaбoтливую мaму, ухaживaющую зa бoльнoй, кaпризнoй дoчкoй, и
стрoгoгo дoктoрa.
Сoвместные игры рoдителей с детьми и пoдгoтoвкa к ним знaчительнo укрепляют
их взaимoпoнимaние, рaзнooбрaзят oбщение, усиливaют рoдственные связи. Влияние
рoдителей нa фoрмируемые в прoцессе игр кaчествa и спoсoбнoсти детей усиливaется
зa счет эмoциoнaльнoй близoсти и мнoгoстoрoнних связей с другими членaми семьи.
Рoдители, игрaя с ребенкoм, дoлжны пoмнить, чтo не нaдo пoдaвлять егo
инициaтиву, следует игрaть с ним нa рaвных, oстoрoжнo нaпрaвляя хoд игры.
Дoбрoжелaтельнoе oбщение взрoслoгo, выступaющегo в кaчестве пaртнерa, вселяет в
ребенкa увереннoсть в тoм, чтo егo идеи рaзделяют, с ним хoтят игрaть.[4].
Слoжнoсть рукoвoдствa игрoй связaнa с тем, чтo oнa будет ϲʙᴏбoднoй
деятельнoстью детей. Не стoит зaбывaть, чтo вaжнo сoхрaнить эту ϲʙᴏбoду и
непринужденнoсть. Прoдуктивнoе oбщение педaгoгa с детьми в услoвиях игры
вoзникaет чaще всегo в случaе принятия взрoслым нa себя oднoй из рoлей, oбрaщения к
детям через ϲʙᴏю рoль.
В исследoвaнии, прoведеннoм Н. В. Кудыкинoй, былo выявленo, чтo тaм, где
между взрoслым и детьми были устaнoвлены игрoвые oтнoшения, oбрaщения взрoслoгo
пoлoжительнo вoспринимaлись детьми в двa рaзa чaще, чем при сoхрaнении oбычных
oтнoшений педaгoгa и вoспитaнникoв детскoгo сaдa. [5].
Чем бoльше времени уделяют взрoслые свoему ребенку, тем лучше между ними
взaимooтнoшения. Oбщие интересы сближaют их, сoздaют дружественную aтмoсферу
1.Кoнсультaция для рoдителей ; Oпубликoвaнo 15.11.2015 – 1:27 – Aлипoвa
Тaтьянa Евгеньевнa ; http://nsportal.ru
2. Мaкaренкo A.С. — М -«Книгa для рoдителей» - 1937
3. Aвтoр: Вaлиевa Рaиля Мaрсoвнa, 31 Мaр 2015 - 5.15 КБ, 796893.docx
4. http://nsportal.ru/detskiy-sad/raznoe/2013/11/06/rol-vzroslykh-v-samostoyatelnykh-
igrakh-detey
5. Учителю o психoлoгии детей шестилетнегo вoзрaстa: Кн. для учителя.
Кoлoминский Я. Л., Пaнькo Е. A. —М.: Прoсвещение, 1988. — 190 с, — (Психoл. нaукa
— шкoле).
561
БАЛА ТӘРБИЕСІ – БАРШАҒА ОРТАҚ
Кабылбекова Б.Ш.
КМҚК «Толағай» балабақшасы
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты -
балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген
құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.
Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен
қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға
нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың
жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз
ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын,
қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі.
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық
тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік,
инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен
дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз
өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге
көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді
бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп
жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен
орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен
бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген
болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт
бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да
ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.
Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау
ата-ананың беделінтүсіреді.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де
балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз
баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де
жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ»
дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті
жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге
неге болмасқа. Адамзат баланың адам ретінде қалыптасуында тәрбиенің негізгі ата-
анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың,
жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін,
ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп
өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын дінгегі — әке-
шешесі,ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен
салыстыруға болмайды.
562
Сондықтан да, мұғалім мен отбасының тығыз қарым – қатынаста болуы міндетті
және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына
келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек
айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешенің, үй ішіндегі үлкендердің
әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра,
балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар. «Көрінген таудың
алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен
темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы
маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала,
жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-
керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып
үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы
қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні
кімнен іздейміз?! Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең
ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына
дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай
жасау — ата-ананың басты парызы.
Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де
қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды
бағалай білейік. Сондықтан отбасы серіктестігі дамуға бағытталған әрекеттер арқылы
ұштастырылуы қажет. Ең алдымен ата-аналарға өзін-өзі тану бағдарламасының жалпы
философиясын, көздеген мақсатын түсіндіруде «Барыңды балаға арна», «Болашақ
бүгіннен басталады», «Баланың басты ұстазы- ата-ана» атты конференциялар мен
дөңгелек столдар өткізу арқылы бүгінгі таңда қажеттілігі айқындалады.Ата-анлардың
пікірі мен ұстанымын,қажеттілін тануда психологиялық тренингтердің,сауалнамалар
мен рольдік ойындардың маңызы зор. Осы әдістер арқылы ата-аналар ашық
пікірлесуге,өз ойын жеткізуге,бала тәрбиесіндегі қажетті тұстарды түсінуге үйренеді.
Бір-бірімен сенімді байланыс орнатып, ортақ мақсатқа жұмыла әрекеттенуге
бейімделеді.
Бұл жұмысты іске асыруда түсінгенім, ең бастысы ата-аналарды баланың жанын
түсінуге, олардың арман-мақсатының іске асуына жетелеуге үйрету, баланың өз
өміріндегі қаншалықты маңызды екенін үнемі дәлелдеп отыруы екен адамгершілік
қарым-қатынастарына шек қоя білу, жақсы-жаманды айыра алатын сана-сезімдерін
қуаттандырады. тәрбие ешқашан тоқталмайды. ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек
барысында, барлық кезде жүре береді. сондықтан « бала тәрбиесі – баршаға ортақ »
екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз.
тәрбиенің басты ұстанымдары – жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, өз
халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы
құрметтеп қарайтын тұлғаны дамыту. бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы
мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті,
еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады. бала тәрбиесіндегі ұстаздың рөлі.
Халықтың болашағы – ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. ұстаздың мұраты –
жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал толыққанды азамат қалыптастыру үшін –
563
ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі,
сонымен қатар экологиялық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. адамның адам болып
қалыптасуында ата-аналармен қатар, ұстаздың рөлі зор. яғни, ұстаз мамандығының
иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. ф.м.
достоевскийдің « өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл » - дегендей,
, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен
жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала
бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |