Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет87/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96

 

(II- кіші тобы) 

Технологическая карта организационной учебной деятельности 

(II- вторая младшая группа) 

Білім беру  саласы/ Образовательная область: Познание 

Бөлімдері/ Разделы: ФЭМП 

Тақырыбы/Тема:  Домик для кошки и котенка 

Мақсаты/Цель:  упражнять  детей  в  использовании  математических  знаний  в 

игровых  ситуациях:  учить    подбирать  полоски  нужного  цвета  и  длины,  освоение 

понятий «больше», «меньше» 

Білімділік / Образовательные:Учить детей подбирать полоски нужного цвета и 

длины, учить составлять квадратный коврик из полосок определенного цвета, учитывая 

размер кошки, учить сравнивать коврики по размеру 

Дамытушылық/  Развивающие:  Развить  речь,  внимание,  память,  слуховое 

восприятие, развивать умение  подбирать полоски нужного цвета и длины 



Тәрбиелік/ Воспитательные: Воспитывать усидчивость и доводить начатое дело 

до конца,сострадание к персонажам. 



Қостілділік  компонент:    полоски-  жолақтар,  разноцветные-  әр  түсті,  красная- 

қызыл, желтая -сары, коврик- кілемше, квадратный- шаршы тәріздес 



Көрнекіліктер/Материал:  кошка,  цветные  полоски  Кюизенера  красного  и 

голубого цветов,  пособие «Веселые цветные числа», картинки № 11, № 11-а, 



Р\М:  у  каждого  ребенка  разноцветные  полоски:  4  красного    и  5  желтых, 

игрушечная кошка, картинки № 11 и № 11-а 

 

Іс- 

әрекет 

кезеңдері/Этапы 

деятельности 

Тәрбиеші 

 

іс- 

әрекеті/Действия 

воспитателя 

Балалардың  

іс- әрекеті/ 

Деятельность           

детей 

Мотивациялық-

қозғаушылық/ 

Мотивационно  - 

побудительный 

Круг приветствия: 

Я люблю свой детский сад 

В нем полным- полно ребят. 

1,2,3,4,5 

-

 

здорова



ются 

 


 

912 


 

Жаль, что всех не сосчитать 

Может 100 их, может 200 

Хорошо когда мы вместе! 

-

 

слушаю



т внимательно 

 

 



 

Ұйымдастыру  –

іздестіру/ 

Организационно 

- поисковый 

(читает стихотворение ) 

Для котенка и для мамы 

Коврики составим сами. 

Они будут разные: 

Голубые и красные. 

Но одной из мисок, 

Коврик маловат. 

Ей составим мы другой, 

Киска улыбнется нам с тобой. 



(показывает картинку ) 

Внимательно посмотрите на эту картинку. 

 

Скажите,  у  всех  ли  кошек  и    котят  есть 



коврики? 

- Ребята, я предлагаю составить коврик для 

кошки. 

( показывает игрушечную кошку) 



- Кошечке  неудобно без коврика: холодно и 

жестко. 


- Я предлагаю составить квадратный коврик 

желтого цвета. 

Но сначала  сделаем гимнастику для наших 

пальчиков. 



Физминутка: Пальчиковая гимнастика 

- Молодцы! 

Я  беру  полоски  желтого  цвета,  фиксирует 

внимание  детей  на    на  то,  что  все  полоски 

одинакового цвета и длины. 

Затем  раскладываю  полоски  одну  под 

другой, уравнивая их слева, по краю стола. 

-Посмотрите как я буду это делать. 

( показывает ) 

-А теперь попробуйте вы. 

( помогает, исправляет) 

-Жибек, 


покажи 

как 


ты 

будешь 


раскладывать полоски одну под другую. 

- Айбек, покажи как ты будешь уравнивать 

срезы. 

-  внимательно 



с 

интересом 

слушают 

 

 



 

 

 



 

 

-  внимательно 



смотрят 

 

- отвечают 



 

 

- слушают 



 

 

 



- выполняют 

- радуются 

-  внимательно 

слушают 


 

смотрят, 



наблюдают 

 

 



 

начинают 



выполнять 

 

-  показывает 



 

- показывает 

 

 

 



 

913 


 

-Вот 


посмотрите  у  меня  получился 

квадратный коврик. 

(наклеивает коврик на лист 11 а ) 

Рассматривая 

получившиеся 

у 

детей 



коврики, спрашивает у детей. 

-  Как  ты  думаешь  понравился  Кошечке 

коврик, который вы составили? 

-  Какого  цвета  коврик  она    «просила»? 

(красного или желтого ) 

- Какой формы ? ( квадратный) 

-  Ребята,  здесь  живет  Кошечка.  Но 

посмотрите для Котенка не осталось места! 

Котенок  тоже  хочет  квадратный  коврик 

только  голубого  цвета.  Давайте  поможем 

Котенку! 

-  Воспитатель  обращает  внимание,  что 

полоски одинакового цвета и длины. 

(выполняют аналогичные действия). 

Наклеивает коврик  над ковриком Кошечки, 

чтобы  было  видно как  они различаются  по 

размеру. 

Вниз  кладем  Кошкин    коврик,  а  на  него 

коврик Котенка. 

-  Дети,  посмотрите  чей  коврик  больше?  А 

чей меньше? 

-  Правильно.  Коврик  Кошечки  больше,  а 

коврик Котенка меньше. 

- Аделя какого цвета коврик у Кошечки? 

- Акния, какого цвета коврик у Котенка? 

- Самир, а чей коврик больше? 

- Меруерт, а чей коврик меньше? 

-  Ребята, молодцы. А  теперь пришло  время 

поиграть. 

Игра:  Спрячь мышку 

 

 

- отвечают 



 

- желтого 

 

- квадратный 



 

 

-  играют 



- отбирают три 

полоски 


голубого 

цвета 


 

- выполняют 

 

 

 



- отвечают 

 

 



 

 

 



 

 

-  с  интересом 



играют 

Рефлексивті-

түзетушілік/ 

Рефлексивно 



корригирующий 

Воспитатель подводит итог занятия: 

-Ребята, вам понравилось занятие? 

-Что вам было интересно? 

- Что было трудно делать? 

Хотите  на  следующем  занятии    построить  

пирамидку? 

Воспитатель оценивает активность детей на 

занятии, хвалит детей. 

 

Дети  деляться 



впечатлениям

и о занятии. 



 

914 


 

Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат: 

Нені  біледі/Знать:  основные  цвета,  группировать  полоски  по  цветам, 

ориентироваться в пространстве



Қандай  түсініктерді  игерді/Иметь:    иметь  навыки  работы  с  палочками 

Кюизенера, разноцветными  палочками, конструктивные способности 



Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері/Уметь:  Уметь  использовать 

математические  знания  в  различных  ситуациях,    раскладывать  полоски  по  длине  и 

цвету,уметь выравнивать срезы, уметь сравнивать коврики по размеру, используя в речи 

слова «больше», «меньше», отвечать на вопросы воспитателя 

 

 

ОҚУШЫ БОЙЫНА РУХАНИ — АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР 



 

Оспанова Гулнара Сагинтаевна 

Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы  

«№54  ЖББОМ» КММ 

 

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі 



қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана 

шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде 

оның  рухани-адамгершілік  қасиеттері  қалыптасады.  Рухани-адамгершілік  тәрбиені 

қалай  іс  жүзіне  асырамыз?  Олар  мына  қағидаларды  сақтағанда  нәтиже  береді.  Егер:  

тәрбие 

үрдісі 


оқушылардың 

рухани 


адамгершілік 

қасиеттерді 

игеруіне 

бағытталса;оқушылар  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру  мақсатында 

әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні 

бар  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  өз  іс-әрекетінде,  мінез-құлқы  мен  тіршілік 

әрекетіне  көрсете  алу  мүмкіндігін  ерікті  таңдаса.Демек,  рухани-адамгершілік 

тәрбиесіндегі  басты  мәселе  –  баланы  құрметтеу.  Сондықтан,  әрбір  оқушы  өзін-өзі 

рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін 

түсінуі  тиіс  деп  ойлаймын.  Өзінің  оқушысын  өз  бетінше  білім  мен  тәрбие  алуға 

үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал 

ету  объектісі  емес, ынтымақтаса  қызмет  ететін  тұлғаға  айналуы  тиіс.Халықта  «Ағаш 

түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны 

түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан 

ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-

өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде,  өзіндік  таңдау  жасауына  ықпал  етуде  отбасы  мен 

педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. 

Адамгершілік  тақырыбы  -  мәңгілік.  Жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік  қасиеттерді 

сіңіру  -  ата-ана  мен  ұстаздардың  басты  міндеті.Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл 

қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы-  халқында,  отбасында,  олардың 

өнерлерінде, әдет-ғұрпында.  

Әр  адам  адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс  —  тіршілігінен,  өзін  қоршаған 

табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш 

пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді.  



 

915 


 

Демек,  шәкіртке  жан-жақты  терең  білім  беріп,  оның  жүрегіне  адамгершіліктің 

асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік 

көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Қай заманда 

болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, 

өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 

Мен адам бойындағы рухани құндылықты, адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік, 

мәдениеттілік,  еңбексүйгіштік  секілді  қасиеттерді  жоғары  бағалаймын.  Бойынан 

осындай  қасиет  табылған  адамды  рухани  жағынан  бай  адам  деп  есептеймін.  1-11 

сыныптарда  «Өзін-  өзі  тану»  сабағы  жүреді.  Бұл  пән,  әсіресе,  баланың  ойлау 

қабілетінің  дамуына,  өзіндік  пікірінің  қалыптасуына,  өзін-  өзі  тануына,  сабырлы 

болуына көп ықпалын  тигізеді сабақ.Сабақта  тек  жақсылықтарды  үйретеді. Яғни ол 

балаларға жылуын шашқан күн нұры секілді. Бастауыш сыныпта «Өзін- өзі тану» пәні 

өткізіле  бастағаннан  бері  әр  оқушының  санасында  күрт  өзгерістер  бар  екенін 

байқадым. 

Мұндай  сабақтан  балалар  жан-  жақты  білімді,  саналы,  тәрбиелі  болып 

шығатынына еш күмәнім жоқ. Бұл пән ата- аналарға, мұғалімдерге  көмекші, ақылшы 

десек артық емес. Өйткені, бұл пәннің сабақ өткізу әдіс- тәсілдері кез келген баланың 

жүрек кілтін ашып, оның мінезінің жақсы болып қалыптасуына себепші болмақ.  

Адамгершілік  тәлімі  жүрекке  жан  шуағын  орнатып,  бұрыннан  бойымызда  бар 

жақсы  қасиеттерді  дамытады.  Жаман  әдет  пен  теріс  қылықтан  тазарып,  жаны  таза, 

көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу — өзекті мәселе. Мейірімділік 

жылудан  тарайды.  Жүрек  жылуынан  басқа  табиғат  жылуы,  күн  жылуының  да  әсері 

мол


.

 

Адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  —  еңбек  пен  ата-ана  үлгісі.  (Ыбырай 



Алтынсарин) 

Балаға берілетін адамгершілік тәрбие дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға 

болады? Ол не үшін қажет? – осындай сұрақтар жалпы білім беретін мектептің алдына 

қойылатын  мәселелі  сұрақ  болып  отыр.  Мектеп  бітіруші  әрбір  оқушыға  мектептік 

кезеңде  сәйкес  және  жеткілікті  түрде  адамгершілік  білім  берілуі  керек,  яғни  бала 

адамгершілік білімінің бастауларымен үздіксіз әрі жүйелі түрде сусындауы қажет.          

 Онсыз адамның қоғамда өмір сүруі, адамдар арасында өзін лайықты ұстай алуы 

қиынға       

 түсері  сөзсіз.Адамгершілік  -  Адамға  қойылатын  басты  талап  –  асыл  да  ізгі 

адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам 

–  өзінің  адамгершілігімен,  қайырымдылығымен,  адалдығымен  және  әділеттігімен 

ардақты.  Халқымыз  қайырымды  -  мейірімді  жанды  «адамгершілігі  мол  адам»  деп 

дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан  – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға 

қол  ұшын  беруші  жан.Ал,адамдардың  қамын  жеу  дегеніміз  адамгершілікке  келіп 

саяды.   

Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады. 

Адамгершілік болмай, 

Әділдік болмас. 

 

Адамның ұяты бетінде , 



 

916 


 

Адамгершілігі ниетінде. 

 

Асыңа тойғызбасаң да, 



Ақ ниетіңе тойғыз. 

 

 



Су бермегенге, сүт бер, 

Ақ ниетіңді білсін. 

 

Кең болсаң, кем болмайсың. 



 

Кішіпейілділік – кісінің көркі. 

 

Ақылың болса, арыңды сақта, 



Ар ұят керек әр уақытта. 

 

Ынсап, ұят, терең ой - 



Асыл зейнет ойлап қой. 

 

Ұлық болсаң, кішік бол. 



 

Өз қадірің – өз байлығың. 

Ары таза, нар жүгін көтереді. 

 

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар 



адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-

қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек 

ету,  өзара  көмек,  сондай-ақ  қоғамға  тән  адамгершіліктің  өзге  де  формалары,  бұл  – 

сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, 

олардың  негізінде  қоғамымыздың  қоғамдық-экономикалық  құндылықтары  жатады. 

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта 

әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің 

негізгі  мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік, 

мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер 

қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. « Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани 

ләззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін,  жас  баланың  рухының  өсіп  жетілуіне  қажетті 

нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен.«Жақсымен жолдас болсаң – 

жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң  -  қаларсың  ұятқа...»  «Жаман  дос, 

жолдасын  қалдырар  жауға»  —  деген  мақалдардан  көруге  болады.  Мақал-мәтелдер, 

жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер  адамгершілік  тәрбиенің  арқауы.  Үлкенді  сыйлау 

адамгершіліктің бір негізі.Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, 

әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.Адамгершілік – 

адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне 

жаңа қадам болып табылады.  


 

917 


 

Адамгершілік  тәрбиенің  нәтижесі  адамдық  тәрбие  болып  табылады.    Көрнекті 

педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай 

бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне 

адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның 

өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 

Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең 

бастысы  —  өзінің  ісін,  өмірін  жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. 

  Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік  білетін  ұстаз  халық 

педагогикасын  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлерді,  әдет-ғұрыпты  жан-

жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің 

барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.  

Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. 

«Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»дегендей,  ата-ананың  күн  сайын 

атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп 

негізі  отбасында  қалыптасатыны  белгілі.  Адамгершілік  қасиеттер  ізгілікпен 

ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін 

көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады. 

Ата-бабаларымыздың  баланы  бесігінен  жақсы  әдеттерге  баулыған.  «Үлкенді 

сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. 

Адамгершілікті,  ар-ұяты  бар  адамның  бет-бейнесі  иманжүзді,  жарқын,  биязы,  өзі 

парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. 

       Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. 

 Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — 

ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 



1.Жұмабаев  М. Педагогика –Алматы, 1992 ж. 

2. Төлеубекова Р.К. «Адамгершілік  тәрбиесінің  негіздері» - Алматы 1998. 

3.  Құрманбаева  М.  «  Тұлғаны  рухани-адамгершілікке  тәрбиелеу».  —  Бастауыш 

мектеп,№1.2005ж. 

4. Әмірәлиев Ш. «Рухани байлық-өмірден». – Қазақстан мектебі, 

№11-12.1992ж. 

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН 



БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ 

 

Оспанова Г.Ж. 

№68 МИББ кешені 

 

Бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі – көптілділік мәселесі. 

Бұл  Қазақстан  үшін  де  көкей  тесті  мәселе  болып  отыр.  «...  еліміздің  маңызды 

құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп 



 

918 


 

елбасы Әбішев Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей көптілділікті дамытуға үлкен назар 

бөлуде. Елбасының жолдауынан кейін осы төңіректе үлкен жұмыс атқарылып жатыр.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Назарбаев  салиқалы  үндеуімен 

«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға 

тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын 

тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай түсіну тілі» деп бастау алған болатын [1].  

Кез  келген  елде  көп  тілді  білу  жақсы  дамыған.  «Тіл  дегеніміз  қай  халықтың 

болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.» деп Б.Момышұлы айтқандай , 

Тіл – ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Ал үштілділік нақты тұлға, ұжым, халықтың 

белгілі бір қоғамда қарым  – қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді 

алма – кезек қолдану құбылысы.  

Қазіргі  кезеңде  үш  тілі  үйрету  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  міндеттерінің  бірі 

болып табылады. Сондықтан балабақшада бүлдіршінде кішкентай жасынан бастап қазақ 

тілін, сонымен қатар орыс тілін, ағылшын тілін үйренулері тиіс. Олардың шетел және 

басқа  да  тілдерге  қызығушылықтарын арттырып, үштілділік  арқылы  тәрбиелеу  қажет. 

Бүлдіршіндерді бір тілмен шектеу дұрыс емес.  

Мектепке дейінгі жастағы балалар шет тілін үйренуге қолайлы болып табылады. 

Себебі,  бұл  жастағы  балалар  лингвистикалық  құбылыстарға,  тілдерге  деген 

қызығушылықтары артады. Тағы бір себебі, бала жас болған сайын, оның ана тіліндегі 

сөздік  қоры  да  аз  болады.  Сондықтан,  шет  тілін  меңгеру  ересек  балаларға  қарағанда 

неғұрлым  жарқын  болады  және  ана  тілі  мен  шет  тілі  арасындағы  үлкен  алшақтықты 

сезінбейді [2].  

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  ауыз  екі  сөйлеуі,  сөздерді  дұрыс  пайдалануы, 

сөздік  қоры  көбейеді,  грамматикалық  сөйлеу  жүйесі  және  фонематикалық  есту 

қабілеттері  белсенді  дамиды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  шағын  іс  – 

қимылдармен, ойын арқылы шет тілін балалардың бойына тез сіңдіруге болады. Демек, 

мектеп жасына дейінгі балалар тіл меңгеру үшін психо – физиологиялық тұрғысынан да 

тиімді. Нәресте балалар кез келген тілде дыбыстарды дұрыс айтуға қабілетті. Егер балаға 

бір  тілде  ғана  сөздерді  тыңдататын  болса,  оның  сөйлеу  мәнері  де  осы  тілге  бапталып 

«қатты» болып қалады. 

Педагог мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде әрбір баланың 

жеке  тұлғалық  жалпы  даму  шеңберін,  физикалық,  зияткерлік  және  психологиялық, 

эмоционалдық сипаттамаларын білуі маңызды. Сондықтан, ойынды дұрыс пайдалану – 

оқытудың әдісі ретінде – балалар ойын барысында бір – бірімен және оқытушымен оңай 

тіл  табысады.  Ойындар,  музыкалық  сүйемелдеулер,  ән  пайдалану,  шет  тілінде 

мультфильмдерді  көру,  балалардың  қызығушылығын  арттыра  отырып,  оқу  процесін 

жеңілдетеді.Сонымен  қатар  ақпаратты  меңгерту,  шоғырландыруға,  есте  сақтауға  және 

қайталауға  көп  септігін  тигізеді.  Ең  қолайлысы  шағын  топтағы  балалармен  шеңбер 

сабақтарын  өткізген,  себебі,  әрбір  баланың  жеке  қабілеттігін  байқалып,  бір  –  бірімен 

қарым – қатынасы жақсара түседі [3].  

Сондықтан,  біздің  балабақша  жастарына  сай  физиологиялық,  лингвистикалық 

сипаттамаларға  негізделген  шағын  топтар  арқылы  жұмыс  істейміз.  Біздің  ойымызша, 

ағылшын тілін оқытуда мектепке дейінгі жастағы балалардың қатысымдық құзіреттілігі 

біртіндеп дамуы тиіс, сондықтан, баладан бірден жақсы нәтиже күтуге болмайды, мұндай 


 

919 


 

факторлар есепке алынуы қажет. Әрбір ұстаз үйірме жұмыстарын жүргізуде үш қағиданы 

басшылыққа алуы тиіс: 

 



Яғни,  қағида  фонетикалық  нүктеден  мұғаліммен  ілесе  ағылшын  сөздерін 

қайталау, фонетикалық естуін және дұрыс айтылуын біртіндеп қалыптастыру. 

 

Ағылшын тілі лексикасын шоғырландыру және жандандыру. 



 

Қарапайым  грамматикалық  құрылымдар  белгілі  бір  мөлшерде  құрылған  болуы 



тиіс. 

Мен өз сабақтарымда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге ағылшын тіліне деген 

қызығушылықтарын арттыру үшін әр түрлі мотивациялық жағдайлар тудырамын. Қазақ 

халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» 

деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Нәресте баланың өмірді тануы, 

еңбекке  қатынасы,  психологиялық  ерекшеліктері  осы  ойын  үстінде  қалыптасады.  Сол 

себепті де менің сабақтарымның басым бөлігі ойын түрінде өтеді. Мысалға: «Let`s lay the 

table» ойыны «Тағам. Meals» тақырыбына. 

Балаларға  «Let`s  lay  the  table»  ұсынылады.  Балалардың  алдына  жемістер, 

көкеністер,  тағамдары  бар  үстел  қойылады  және  көмекші  таңдалады.  Көмекші 

мұғалімнің айтқан бұйрықтарын орындайды. Take a banana. Put the banana on the table. 

Take a cheese. Put the cheese on the table. 

«What can you do?» ойыны «Хайуанаттар. Animals» тақырыбына. 

Балаларға әр түрлі хайуанаттардың суреттері беріледі, балалар сол суреттегі аңды 

келтіріп, «What can you do?» деген сұраққа олар: «I can run, I can jump, I can swim, I can 

fly»деп жауап береді. 



«Паровоз» ойыны «Сандар. Numbers.» тақырыбына 

Мұғалімге паровоз қажет. Мұғалім - көлік жүргізушісі. Сандар – жолаушылар. Әр 

аялдамадан  мұғалім  мұғалім  айтқан  сандар  вагонға  отыруы  қажет.  Балалар  мұғалім 

айтқан сандарды вагонға салады. 



«Бағдаршам» ойыны «Түстер. Colours» тақырыбына.  

Мақсаты:  түстер  тақырыбын  бекіту.  Бастапқы  және  мәре  сызықтарын  сызу. 

Балалар  бастапқы  сызықта  тұрады,  жүргізуші  мәре  сызығында  тұрады.  Жүргізуші: 

«Green color» (жасыл түс) –жүруге болады. «Red color» (қызыл түс) – қатып өалу керек, 

кім қозғалады сол ойыннан шығады. Жеңімпаз жүргізуші болады.т.с.с. 

Балдырғандарға  ағылшын  тілі  сабағын  қызықты етіп  өткізу  үшін мынадай  ойын 

түрлерін қолдануға да болады. 

 



Фонетикалық ойындар; 

 



Сөздік ойындар; 

 



Оқу ережесіне байланысты ойындар; 

 



Сөйлеу қабілетіне арналған ойындар; 

 



Сергіту ойындары, 

 



Сан есімге байланысты ойындар;  

 



Дидактикалық мақсаттағы ойындар. 

Ойындар  сабақтың  тиімділігін,  сапасын  арттырумен  бірге  балалардың 

белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін артады. Сондай – ақ ойын бүлдіршіннің 

сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыда ойын балалардың 



 

920 


 

жас  ерекшеліктерімен  мүмкіндіктеріне  сай  және  тәрбиелік,  дамытушылық  мәні  зор 

болуы тиіс. Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты 

түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол баланың санасында берік сақталатын болады. 

Ойын түрін қолдану бүлдіршіндерге ерекше әсер етеді және бүкіл бала ойынға қатысуы 

шарт.  


Ағылшын  тілін  оқытудың  формалары  мен  әдістеріне  тоқтала  кетсек.  Мұғалім 

ағылшын  тілін  оқытуда  фонетикалық  әдісті  белсенді  қолдануы  тиіс.  Бүлдіршіндерді 

дұрыс  айту  жаттығулары  зеріктірмеу  үшін  фонетикалық  жаттығулар  ойын  түрінде 

қолданылады. 

Балалар  ағылшын  мақал  –  мәтелдерін,  жаңылтпаштарын  қайталау  барысында 

ағылшын тіліндегі сөйлемдердің интонациясын дұрыс қоюға мүмкіндік алады. 

Кіші  жастағы  балалар  жаңа  сөздерді  ашық,  қанық,  түрлі-түсті  суреттер,  әсем 

көрнекіліктер арқылы өте тез меңгереді.  

Баланың сөйлеуін белсендету үшін, жиһаздар, ыдыс-аяқ, киімдер,қуыршақтар т.с.с. 

ойыншықтарды  пайдалану  үлкен  көмегін  тигізеді.  Жаңа  және  ерекше  ойыншықтар 

сабаққа жаңашыл элемент енгізеді. 

Ағылшын тілінің білім және тәрбие беру үрдісіне мына ойын формаларында жүзеге 

асады:  дидактикалық  ойындар,  драматизациялық  ойындар,  әуен  және  қозғалысқа 

негізделген ойындар. Драматизациялық ойындарға ертегілер, мультфильмдер, тақпақтар 

жатады. Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруға зор 

мүмкіндіктер алады. 

Әр түрлі марапаттаулар. Яғни, балалардың ойынға белсенді қатысуларына қарай 

еңбегі  бағалануы  қажет  және  жасыру,  шешу,  іздеу,  табу  сияқты  ойын  элементтерін 

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданудамын. 

Балалар  алған  білімдерін  балабақшалық  мереке  шараларда  ағылшын  тілінде 

тақпақ, өлең, ертегілерден үзінді көрсетіп, бір – бірімен диалог жүргізуде. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Әрбір Қазақстандық үш  тілді  жетік меңгеруі  керек.  

2020  жылға  дейін  ағылшын  тілін  білетін  тұрғындар  саны  біршама  көбеюі  керек»  - 

дегендей, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу балаларды тәрбиелейтін, білім беретін 

мекемелерге міндеттелген. Сондықтан бала балабақшаға келген күндерінен бастап шетел 

және басқа тілдерге қызығушылығын арттырып, еліміздің болашағы бүлдіршіндерге үш 

тілді қатар меңгертуіміз тиіс. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 



1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2012  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы 

2. Зекенова Мереке «Шет тілі сабағында» //Қазақстан мектебі. №12. 2006ж.  

3.  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2012  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет